ҚР инфляцияға қарсы мемлекеттік саясаты



Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері.
Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері.
Инфляцияның түрлері.
Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
Қорытынды
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .
Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады;
Айналысқа ақшаның артық шығуы
Қолайсыз төлем балансы
Үкіметке сенімнің жоғалуы
Инфляцияның көріну нысандары;
Тауарлар мен қызметкерлерге бағаның өсуі, оның үстінде бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;
Ұлттық ақша бірлігіне қатысты бағамның төмендеуі;
Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көрінуі.
Инфляциялық процестің қуаттылығы бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:
-Баяу-баға жылына 10 пайызға өскенде.
-өшірмелі-баға 100 пайыз шегінде өскенде
-әсіре –баға жүздеген пайызға өскенде
Инфляцияның нәтижелерін қысқаша атап өтейін:
Инфляция еңбек ету ынтасын азайтады,
Бағаның өсу шарттары кезінде, халықтың әлеуметтік дифференциялауын күшейтеді
Жиналу қаблетін азайтады, ликвидті формадағы жинаулар қысқарылады,олар натуралды түрге айналады, жинау және жұмсау қатынасы тұтыну жағына қарай жылжиды.
Ұлттық табыстың тепе-тең емес өсуі халықтың шын табысының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Инфляциямен басқару эканомикалық және ақша-несие саясатының ең басты қиыншылығы болып табылады. Сонымен қатар инфляцияның көп қырлы, көп факторлы мінезін қарастыру керек. Оның негізінде тек монетарлық қана емес, сонымен біргеде басқа факторлар кіреді. Мемлекеттік шығындар толық мағынасындағы қысқарылуы, ақша эммиссясының бірте-бірте таратылуы кең көлемдегі антиинфлияциялық шараларды өткізуді талап етеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР инфляцияға қарсы саясаты 

Тексерген:Қуантхан Биболат

Орындаған:Абдрахова А.А

Семей 2015
Жоспары:
Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері.
Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері.
Инфляцияның түрлері.
Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
Қорытынды

Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны
тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына
қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .
Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен
салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып
кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен
қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп
кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық
көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады;
Айналысқа ақшаның артық шығуы
Қолайсыз төлем балансы
Үкіметке сенімнің жоғалуы
Инфляцияның көріну нысандары;
Тауарлар мен қызметкерлерге бағаның өсуі, оның үстінде бір қалыпты емес
өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының
төмендеуіне ұрындырады;
Ұлттық ақша бірлігіне қатысты бағамның төмендеуі;
Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көрінуі.
Инфляциялық процестің қуаттылығы бағалауды және инфляцияның түрлерін
мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:
-Баяу-баға жылына 10 пайызға өскенде.
-өшірмелі-баға 100 пайыз шегінде өскенде
-әсіре –баға жүздеген пайызға өскенде
Инфляцияның нәтижелерін қысқаша атап өтейін:
Инфляция еңбек ету ынтасын азайтады,
Бағаның өсу шарттары кезінде, халықтың әлеуметтік дифференциялауын
күшейтеді
Жиналу қаблетін азайтады, ликвидті формадағы жинаулар қысқарылады,олар
натуралды түрге айналады, жинау және жұмсау қатынасы тұтыну жағына қарай
жылжиды.
Ұлттық табыстың тепе-тең емес өсуі халықтың шын табысының төмендеуіне
әкеліп соқтырады. Инфляциямен басқару эканомикалық және ақша-несие
саясатының ең басты қиыншылығы болып табылады. Сонымен қатар инфляцияның
көп қырлы, көп факторлы мінезін қарастыру керек. Оның негізінде тек
монетарлық қана емес, сонымен біргеде басқа факторлар кіреді. Мемлекеттік
шығындар толық мағынасындағы қысқарылуы, ақша эммиссясының бірте-бірте
таратылуы кең көлемдегі антиинфлияциялық шараларды өткізуді талап етеді.
Солардың ішінде өндірістік стабилизация мен стимуляциясы, салық жүйесінің
қайталанбастығы, ақшаның айырбастау курсының өзгеруі.
Экономикасы ауыспалы мемлекеттерде инфляциялық процестер өсу темпімен
өзгереді. Осы өзгерістер инфляцияның ең ауыр, әрі басқарылмайтын қасиеті.
Қазақстан Республикасының президенті өзінің жолдауында былай деп кеткен:
Ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты –инфляцияны тежеуді қамтамассыз
ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен үкіметке
жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың басында ҚР тоқырау болды.Бұл тоқыраудың
себебі азық-түлік, жеміс жидектің бағасы бір сәтте өсіп кеткені. Мұндай
жағдай әлемдік рынокта болып жатқан құбылыстар Қазақстанға да әсер етпей
қоймасы анық. Міне осы жағдайда Қазақстан бірнеше шаралар қолданып инфляция
деңгейін төмендетті. Алдыңғы жылы инфляция деңгейі 8,4 пайызды құраған, ал
сол дағдарыс кезінде 80,2 пайызды құраған.
Инфляцияның өрістеп, күшеюі эканомикалық және қарама-қайшылықтарды
асқындырып жіберетіндігінен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын
тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1. Бейімделу саясат жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде
табыстарды, жалақыны, компаниялар мен фирмаларды қысқа мерзімде жобаларды
өткізеді.
2. Инфляцияны төмендету немесе басу жөнініде инфляцияға қарсы шаралардың
кешенін жүргізу.
Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері.
Инфляция түсінігі 1861-65 жылдары азаматтық соғыс кезінде пайда болған.
Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі
Рим мен Ежелгі Қытайда болып тұрған. Алтын мен күміс ақша айналымында
инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал
қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша
айналымы өзін - өзін реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни
толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде
инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика
мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана
қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен
салыстырғанда қағаз ақша мен арттық шамада толып кетуі, олардың бағасының
төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтеріліуін, ақшаның
сатып сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік –
экономикалық феномент. Инфляция – табиғи апаттар мен қоғам сіліністерінің
жиі серігі.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің
үкімет бірлігі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші
бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен
салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет, өз шығыстарын тежеп, салықтар
деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны
төмендейді, алайда, солармен бірге өндіріс те қысқартады, Экономикада
дағдарыс пен тоқырлау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл
инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік
саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік
қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылады, салықтардың деңгейі
төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға
салынад, әдетте олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге
және тұтұну тауарларына сұранысты ұлғайтады.
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру
экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.Инфляцияға
қарсы стратегия ақша-кредит, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын
өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
-Дефляция (латынша deflatio, үрлеп шығару деген мағына береді) саясаты
ақша жиынының, кредиттердің, жалақылардың шектелуімен байланысты.
-Табыстар саясаты стагдефляция кезінде қолданылады,мемлекеттің бақылауымен
жалақылармен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін анықтап
көрсетеді.
-Инфляцияға қарсы саясаттың түрлері елдегі жағдайларға және осы немесе
басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты
таңдалады.
-Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен директивті
нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті.
Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша реформалары да
бағытталған.
Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.
Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және
реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңғыртылуын
көрсетеді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация,
девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.
Латынның nullificatio сөзінен нуллификация шығады және ол жою деген
мағынаны білдіреді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте
құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары негізілді.
Девальвация латынша de-төмендеу, valko- тұрмын дейтін сөздерден
туындайды.
Ревальвация латынша re-жаңару және valko- тұрмын дейтін сөздерден
туындайды.
Латынның denominatio сөзін аударғанда деноминация қайта атау дегенді
білдіреді және ара-қатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру жолымен
ақша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді көрсетеді.
2003 жылдың 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы өзінің 10 жылдығын
атап өтті. Бұл уақыттың ішінде ол дүнйежүзілік ақшалардың ортасынан өзінің
елеулі орнын алды.
Теңге- біздің экономикамыздың күре тамыры, оның күйі экономикамыздың
жағдайын толық сипаттайды. 10 жылдан астам уақытта балалық ауруларынан аман
өтіп басқа валюталардың жүзден астам жыл өткен жолын өтіп тұрақтанды,
барлық елдер мойындады.
Инфляцияның түрлері.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше
жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшінкөп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға
мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол ұдайы
өндірістің тұрақты факторына айналды.
Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі:
а) баяу немесе сұлама инфляция, б) қарқынды инфляция , в) ұшқыр инфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де, ақша негізінде өз құнын сақтап
қалады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20 дан 200%-ке дейін
өседі. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астропологиялық
қарқынмен 1000%-тен жоғары. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай
адамдардың (өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің ) да тұрмыс тіршілігі
қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфляцияның тепе-теңдік формаларына байланысты
инфляциясы ашық және Басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу
экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы
артуы түрінде көрінеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар
қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында , өтімнің сапасының
нашарлауында, амалсыздап ақша жинақтауда, бартерлік айырбастың дамуында
көрінеді .
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен ақшаның амалсыз жиналуымен,
астыртып экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Инфляция күтілетін және күтілмейтін инфляция болады.
Күтілмейтін инфляция – бұл белгілі бір уақытқа, болжалайтын инфляция.
Күтілмеген инфляция – бұл кенеттен өсуімен сипатталады. Бұл ақша
айналымына, салық жүйесіне нұсқан келтіреді.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке
бөледі:
а) сұраным инфляциясы,
б) өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының
нәтижесінде болатын инфляция.
Сонымен, инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары болады:
1.Бағаның өсу қарқынына қарай:
- Баяу инфляция – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан төмен
болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция.
- Орташа инфляция – баға өсінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды
құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция.
- Қарқынды инфляция – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляцияы,
бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады.
2. Пайда болу сипатына қарай:
- Әкімшілік инфляция - әкімшлікті басқарулы бағалардан туындаған бағаның
өсуі мен пайда болатын инфляция.
- Шығын инфляциясы – ресурстар мен өһндіріс факторларына бағаның өсуі мен
көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың
бағалары өседі.
- Сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен, яғни
тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық
табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.
- Ұсыным инфляциясы - өндірісті к ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда
өнджіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын
инфляция.
- Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция.
- Кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған
инфляция.
3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша.
- Ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен
болатын инфляция.
- Жасырын – мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса
жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.
Инфляцияның даму факторлары және оның салдары.
Инфляцияның даму факторлары әр-түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және
ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция
сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес- шығын инфляциясын білдіреді.
Бұл екеуі де ішкі факторға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі
т.б жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі,
экономиканың циклдік дамуы, директивалық бағаның түзелуі жатады.
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:
-ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе
өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.
-қазыналық факторлар- ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты жабу,
жанама салықтардың өсуі.
-ақшалай факторлар-ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі
сипат алып отырады.
-сыртқы факторларға- экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің
ұлғаюы.
Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары.
1992 жылға дейін Қазақстан Республикасында жасырын инфляция орын алып
келді, ол біртіндеп ашық сипат алып жоғарылай отырып гиперинфляция сипатын
алды. Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция динамикасы келесідей: 1992
жылы – 3060,8;
1993 жылы - 2417,4; 1994 жылы – 1308,5; 1995 жылы – 150,2;
1996 жылы – 128,4; 1997 жылы - 114,1; 1998 жылы – 99,1;
1999 жылы-121,3 %; 2000 жылы – 110,8 %:
Қарастыралған кезеңдегі облыстық ИПЦ көрсеткіші 1995жылы , 1996жылы және
1998 жылдары ғана Республикалық көрсеткіштен төмен болды. Инфляция
философиясы мынада, ұдайы өндіріс процесінің тежелуінде экономиканың бас
көтеруінің уақытша факторына айналатындығында. Экономикалық өсудің
қарқынына төмендеп, пропорциясы бұзылады, қаржылық валюталық және ақша –
несие механизмі босаңсады,әлеуметтік – экономикалық тұрақсыздық күшейеді.
Ол халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшінің ұдайы өндіріс
жағдайын қиындатады, экономикалық қылмыс пен көлеңкелі экономиканы және т.б
активтелді.
Инфляция жағдайында несие беруші банкілер мен мекемелер жоғалтулар
жүктейді. Әлеуметтік салдары ретінде ол ұлттық табысты қайта бөлуді
жүргізеді, және тауарлар мен қызметтерге бағаның кенеттен өсуінен нақты,
сондай – ақ номиналды еңбекақының өсу қарқынының қалуына мүмкіндік жасайды.
Инфляциядан жалдамалы жұмысшылардың барлық категориялары; бос маманды
тұлғалар, зейнеткерлердің табысы инфляция қарқынына қарағанда өз мөлшерде
жоғарылайтындықтан зиян шегеді.
Орталықтандырылған экономиканы реформалау жағдайында инфляцияны басқару
апробировалық сияқты инфляция табиғатын, оның болу себептері мен шараларды
қолдануды жөн көреді.
Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады, бағаның
жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады.
Экономиканың мұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Көптеген зерттеушілер
стагфляцияның болу себебін инфляциялық күтумен байланыстырады. Сұраным
инфляциясы жағдайында өндіріс факторларының қожайындары өздерінің
табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкін екендігін ескере отырып
өздерінің қызметтерінің құнын көтере бастайды.
Бұл өндіріс шығындарының өсіне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп болды.
Нәтижесінде стагфляцияға тән бір мезгілде бағаның өсуі және өндіріс
көлемінің төмендеуі орын алады.
Стагфляция себептері туралы теориялық даудың тәуелсіз Қазақстан мемлекеті
үшін де үлкен практикалық маңызы бар, себебі біз қазірде терең стагфляция
жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Мамандардың пікірінше, стагфляцияны
сәйкессіздіктер диспропорциялар, қалыптасқан басқару нысаны, тағы басқа
жағдайлар тудырады. Мысалы, ішкі сомдық аймақта төлем дағдарысынан
туындаған өнім өткізу дағдарысы халық шаруашылығының құлдырауына әкеліп
соқтырып отыр. 1992 - ші жылдың шілдесінен бастап Россияның орталық банкісі
мемлекеттер арасында төлем айыруларды ұлттық банктердің бір тұтас есебі
арқылы өткізуді жүзеге асыруы, шын мәнінде есеп айырысудың күрткідіруіл
туғызды және іс жүзінде сом аймағының ыдырауын бастап береді. Бұндай
жағдайда, дағдарыстан шығу үшін ақша бірлігінің теңгермелілігі мен
тұрақтылығы, оған деген сенімді нығайту қажет. Онсыз құнсызданған Ресейдің
ақша бірлігі – рубль барған сайын бартерлік айырбаспен немесе халықаралық
айналыс құралы қабілеті бар валюталармен ығыстырылады, ал рубльды ондай
валютаға айналдыру өте күрделі мәселе.
Қазақстандағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
ҚР инфляцияға қарсы саясаты жайлы
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
ҚР –ның инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция жайлы
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Пәндер