Қазақстанның су қорлары



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қазақстанның су қорлары
2) Су деңгейі, су қоймаларының типтері
3) Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
4) Аса ірі көл су қоймаларына сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОРЛАРЫ–Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азиямемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағындысының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан аумағын 8 су бассейніне бөлуге болады, олар:
1. Арал Сырдария су бассейні
2. Балхаш-Алакөл су бассейні
3. Ертіс су бассейні
4. Орал каспий су бассейні
5. Есіл су бассейні
6. Нұра Сарысу су бассейні
7. Шу Талас су бассейні
8. Тобыл Торгай су бассейні

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның су қорлары

Дайындаған: Болысбеков М.Н.
Тексерген: Сарсембаев Б.С.

Семей
2015 жылы

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қазақстанның су қорлары
2) Су деңгейі, су қоймаларының типтері
3) Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
4) Аса ірі көл су қоймаларына сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстанның су қорлары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОРЛАРЫ - Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азиямемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағындысының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан аумағын 8 су бассейніне бөлуге болады, олар:
1. Арал Сырдария су бассейні
2. Балхаш-Алакөл су бассейні
3. Ертіс су бассейні
4. Орал каспий су бассейні
5. Есіл су бассейні
6. Нұра Сарысу су бассейні
7. Шу Талас су бассейні
8. Тобыл Торгай су бассейні

Қазақстан аумағындағы су бассейндері

Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр. Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек. Бұлардың ішінде жер асты суларының біршама болашағы бар.
Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздақтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі - жер асты суы. Су қорлары кең байтақ аумақта біркелкі таралмаған.
Қазақстандағы қосымша су қорларының мөлшері.

Мұздық. Қазақстандағы жер беті ағын суының негізгі көзі - мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды. (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км²-), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында
(101,5 км²). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы - Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 117 км. Ауд. 38,0 км², мұзының жалпы көлемі 6,32 км³. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50-100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10-30 м. Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км³. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абс. Биіктігі солтүстіктен-оңтүстікке және батыстан-шығысқа қарай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіші 2500-2800 м. болса, Тянь-Шань тауында.
Қазақстан Республикасы: Су қоры. Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктсрі ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2 - 4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бірі - жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.
Мұздық. Қ-ндағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі - мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауд. 2033,3 км2-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км2), Теріскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы - Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауд. 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңд. 50 - 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10 - 30 м.
Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км3. Мұз басудың төм. шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғ. және еріп азаюы кезіндегі төм. бөліктері арасындағы шегі) абс. биіктігі солт-тен оңт-ке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіш 2500 - 2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500 - 3800 м. Бұның өзінде оңт. беткейлерге қарағанда солт. беткейлердің шекарасы 200 - 250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен темп-ралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12 - 15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, темп-расының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50 - 70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2 - 2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы - тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді.
Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұз. жылына 5 - 20 м-ге, ауд. 1000 м2, мұз қоры 0,05 - 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауд. 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төм. шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.
Өзен. Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500 - 1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары, 0,4 - 1,8 кмкм2 шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 кмкм2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал т-дерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен - Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен - Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы ірі өзен - Іленің республика шегіндегі ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.
Бат. Қазақстан жерін негізінен Жайық өз. суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
Су шаруашылығы, және оның салалары. Әлемнің, Қазақстанның су қорлары және оларды кешенді пайдалану
Минералдық қорлар
Топырақ - өсімдік қорлары
Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері
Өзеннің ластану деңгейі
Адамзат қоғамының табиғи ресурстары мен қамтамасыз етілу проблемалары
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
География сабағында табиғи көрнекіліктердің атқаратын рөлі
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Пәндер