Латын тілінің шығу тарихы туралы



 1.Латын тілінің шығу тарихы.
 2.Латын тілі туралы мәләмет.
 3.Қазіргі ғылымдағы латын тілінің алатны орны.
 4. Қорытынды
Латын тілі - lingua latīna; lingua сөзі "тіл" ұғымын білдіреді) - Латиум және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі. Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді ежелгі Прото-Үнді-Еуропалық тілдің жалғасы. Этруск тілінің +ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апеннин түбегінде қалыптасуына әсер етті. Қазіргі Роман тілдері латын тілі диалектісінің (дөрекі Латын) жалғасы. Сонымен қатар латын тілін көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері пайдаланады, және әлем бойынша кейбір білім беру институттарында әлі күнге дейін оқытылады.
Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда және биологиялық таксономияда да қолданады. Латын және оның жалғасы болып есептелетін Роман тілдері Италик тіл семьясының сақталып қалған жалғыз өкілдері. Италик тобының басқа өкілдері жазба ретінде сақталғанымен де, кейін Рим республикасы кезінде латын тілімен жұтылып кетті.
Б.з.б. 6 ғасырда Рим сөйленісі ретінде пайда болып, Жерорта теңізінің батысындағы елдерді қамтыды. Римдіктердің Галлия,Иберия түбегін, Солтүстік Африка, Британия, Норик, Паннония және Дакияны жаулап алуына байланысты Латын тілі тарады. Ол үнді-парсы және хетт тілдеріне жақын. 9 ғасырдада Латын тілі сөйлеу тілі ретінде жойылды, дегенмен 15 — 16 ғасырларға дейін батыс еуропа қоғамының, католик шіркеуінің, ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі болды. Латын тіліиталия, сардин, провансаль, француз, каталон, испан, португал, ретороман, далмат және балқан-роман тілдерінің негізін қалыптастырды. Плавт (б.з.б. 254 — 184) комедиялары (20-ға жуық) ең көне туынды ретінде танылды. Цицерон мен Цезарь(“Commentarіі de bello Jallіco”) прозалары, Вергилийдің поэзиясы классикалық Латын тілінде жазылған.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
1. Азаматова А.Х. Латинский язык и основы научной терминологии.
Алматы, 2008.
2. Григорьян Е.Л. Пособие по латинскому языку для студентов
исторического, философского и юридического факультетов. Ростовский
государственный университет, 2002. - 44 стр.
3. Муканова З.А. Учебник «Латинский язык» (для гуманитарных
факультетов университетов. – Алматы, 2006.
4. https://kk.wikipedia.org//wiki

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Латын тілінің шығу тарихы

Орындаған: Тұрысбекова Ә
Тобы: ВМ-503
Тексерген: Билялов Е. Е.

Семей қаласы,
2015 жыл
Жоспар:
1.Латын тілінің шығу тарихы.
2.Латын тілі туралы мәләмет.
3.Қазіргі ғылымдағы латын тілінің алатны орны.
4. Қорытынды

Латын тілі - lingua latīna; lingua сөзі "тіл" ұғымын білдіреді) - Латиум және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі. Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді ежелгі Прото-Үнді-Еуропалық тілдің жалғасы. Этруск тілінің +ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апеннин түбегінде қалыптасуына әсер етті. Қазіргі Роман тілдері латын тілі диалектісінің (дөрекі Латын) жалғасы. Сонымен қатар латын тілін көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері пайдаланады, және әлем бойынша кейбір білім беру институттарында әлі күнге дейін оқытылады.
Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда және биологиялық таксономияда да қолданады. Латын және оның жалғасы болып есептелетін Роман тілдері Италик тіл семьясының сақталып қалған жалғыз өкілдері. Италик тобының басқа өкілдері жазба ретінде сақталғанымен де, кейін Рим республикасы кезінде латын тілімен жұтылып кетті.
Б.з.б. 6 ғасырда Рим сөйленісі ретінде пайда болып, Жерорта теңізінің батысындағы елдерді қамтыды. Римдіктердің Галлия,Иберия түбегін, Солтүстік Африка, Британия, Норик, Паннония және Дакияны жаулап алуына байланысты Латын тілі тарады. Ол үнді-парсы және хетт тілдеріне жақын. 9 ғасырдада Латын тілі сөйлеу тілі ретінде жойылды, дегенмен 15 -- 16 ғасырларға дейін батыс еуропа қоғамының, католик шіркеуінің, ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі болды. Латын тіліиталия, сардин, провансаль, француз, каталон, испан, португал, ретороман, далмат және балқан-роман тілдерінің негізін қалыптастырды. Плавт (б.з.б. 254 -- 184) комедиялары (20-ға жуық) ең көне туынды ретінде танылды. Цицерон мен Цезарь("Commentarіі de bello Jallіco") прозалары, Вергилийдің поэзиясы классикалық Латын тілінде жазылған.
Латын тілі (Linqua Latina) - бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация - сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі - Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, Одиссеяны аударған.
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары - рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары - Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы Анналы эпикалық (Жылнама) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы
Латын тілінің шығу тарихы жайлы
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы мәлімет
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын алфавитінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы орны
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Пәндер