Харажиттік діни наным



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Харажиттердің пайда болуының діни саяси алғышарттары ... ... ... ... ..11

1.1 Исламдағы алғашқы келіспеушіліктердің бой көрсетуі ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.2 Харажиттердің тарих сахнасына шығуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23


2. Харажиттік діни наным ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

2.1Харажиттік ілімнің негіздері және басты бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ...38
2.2 Қазіргі таңдағы харажиттік пікірдегі ағымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ислам діні орта ғасырдың кейінгі кезеңінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Ірі ағымдардың пайда болуымен қатар, олардың аясында бөлініске ұшыраған тармақтары да жіктеле түсті. Ондай бөлінушіліктің аспектілерін айқындау, талдау бірнеше факторлардың белгілерін ашып береді. Діни көзқарас пен пайым тұрғысынан өзара тармақталған тұжырымдарға қоса, әлеуметтік-саяси қатынастарда өз ықпалын тигізді. Ислам дінінің негізгі қағидаттарына айналған құран кітаптың сүрелері мен аяттарына күмән келтіретін адасушы ағымдар пайда бола түсті. Соңғы халиф Әлидің өмірден озуымен ислам дініндегі саяси-діни ахуалда қарама-қайшылық тереңдей түсті. Сүнниттер мен шейіттер ағымына харижиттер ағымы қосыла түсті.Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІV-V ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды.
1. Ақназаров Х.З. Ислам діні және өмір шындығы , Алматы, Қазақстан, 1977, 8б.
2. Кішібаев Д. Қазақ менталитеті, кеше, бүгін, ертең. Алматы, Ғылым, 1999, 160 бет.
3. Ислам әліппесі, - Азбука Ислама ЖШС Фараби – энцеклопедист. Алматы, 2000, 3 б.
4. Бес ғасыр жырлайды: екі томдық. Алматы 1989, том 1, 93-97 б.
5. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл», Алматы, 2003, 110б
6. Т.И. Юраскина. «Религия в истории мировой культуры»5.4.2. Ислам как мировая религия.
7. Мұхаммад Зариф. Хикматзада. Б.3.2. Біз неге мұсылман болдық? Алматы «Әуен». 2002ж.
8. Құран . Наср сүресі.
9. Бекташ А. Тілегенова А. Дінтану. Шымкент., 2004.
10. Ислам энциклопедиясы Бас редактор Р. Нұрғалиев-Алматы Қазақ энциклопедиясы» 285-б.
11. Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. Анкара, 1999ж. 144-б.
12. Мұхаммед пағамбарымыздың ғадистері, Алматы., «Жазушы» 1993. 64-б.
13. Религии мира. В2-хт. М. Аванта 1996.
14. Хрестоматия по исламу. М., Наука 1994.
15. Пол Оливер. Мировые религиозные верование. Пер.с англиск. О. Перфицева, М., Фаир –Пресс. 2003.
16. Сейфеддин Языжы. Негізгі діни мағлұматтар. Алматы 2004.
17. Фурқан сүресі, 53 аят.
18. Рахман сүресі,19-20 аяттар

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Харажиттердің пайда болуының діни саяси алғышарттары ... ... ... ... ..11

0.1 Исламдағы алғашқы келіспеушіліктердің бой көрсетуі ... ... ... ... ... ... ... ...11
0.2 Харажиттердің тарих сахнасына шығуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .. 23

2. Харажиттік діни наным ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 38

2.1 Харажиттік ілімнің негіздері және басты бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... .38
2.2 Қазіргі таңдағы харажиттік пікірдегі ағымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ислам діні орта ғасырдың кейінгі кезеңінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Ірі ағымдардың пайда болуымен қатар, олардың аясында бөлініске ұшыраған тармақтары да жіктеле түсті. Ондай бөлінушіліктің аспектілерін айқындау, талдау бірнеше факторлардың белгілерін ашып береді. Діни көзқарас пен пайым тұрғысынан өзара тармақталған тұжырымдарға қоса, әлеуметтік-саяси қатынастар да өз ықпалын тигізді. Ислам дінінің негізгі қағидаттарына айналған құран кітаптың сүрелері мен аяттарына күмән келтіретін адасушы ағымдар пайда бола түсті. Соңғы халиф Әлидің өмірден озуымен ислам дініндегі саяси-діни ахуалда қарама-қайшылық тереңдей түсті. Сүнниттер мен шейіттер ағымына харижиттер ағымы қосыла түсті. Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІV-V ғасыр дүниенің үш бөлігіне - Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі - Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы - бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық - мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым-салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік - экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді.
Сүниттер ислам дінін ұстанатын елдердің басым көпшілігінде қолдау тауып, осы күнге дейін озінің нақты принциптерін негіздеп келуде. Шейіттер ағымы Иран, Иракта негізгі сенімге айналып ол іштей тағыда салаларға бөлінді. Харижиттер ағымыда өзінің діни қағидалары мен сенім жолдары бойынша догмага себеп болды. Осындай ахуалдарға иек артқан ислам әлемі өзінің сыртқы дұшпандарына қарсы қорғаныстарында әлсіз тұсқа ие болды.
Діни ағымдардың адасушы бөліктері харижиттер, кубрайттар, каландарлар секілді ағымдары билік басындағы қауымдарға да әсер етіп олардың саяси рөлін айқындап отырған. Қарапайым халықты сол ағымға күштеп енгізу, өз сенім ағымынан бас тартқызу турасындағы үрдістерде орын алды. Осыдан келіп те батыс зерттеушілері ислам дінінің негізгі қағидаларына сын көз танытуға бой ұрды. Орта ғасырдың орта шенінде ислам дінінің гүлденге шағы болып есептелді. Оны алтын дәуір немесе ғасыр деп аталынды. Ислам дінінің ғылым мен өркениетке, білімге шақыратын қағидалары мен үндеулері өз жетістіктерін берді. Еуропа халқы Шығысқа қызығып та қызғанышпен де қарады. Осыған байланысты әйгілі крест жорықтарын да ұйымдастрды. Өздерінің тыңшыларымен іріткі әрекеттерін жан-жақты жүргізіп көрді.
Мұхаммед пайғамбардың жеке тұлғасы мен оның қалдырған өсиет сөздеріне (сүннет) сыни көзқарас танытушылардың пайда болуы, жеке мүдделердің орын алуы ағымдарға бөлінушілікке алып келді. Сүниттер мен шейіттер ағымы арасындағы күрес пен талас-тартыс осы күндерге дейін жалғасып жатқандығы белгілі. Оған Иракта осы ғасырдың басында өршіген діни-саяси қарама-қарсылықты атасақ та жеткілікті. Харижиттер ағымы туралы зерттеулердің аса жеткілікті болғанына қарамастан өз деңгейінде зерттелгенін атап өту қажет. Харижитер ағымының исламның басқа тармақтарынан ерекшелігін, өзіндік белгілерін отандық дінтану саласында дәйекті түрде жете тану белгілі мақсатқа айналып отыр. Халқымыздың осы ағым аясындағы діни түсінігін ашып нені саралап, бағдар алуына көз жеткізуде маңызды қадам болмақ. Осы мақсатта осы жұмыстың басты негізгі бөлігінде харижиттердің өмірге келуі мен алғышарттарына кең тоқталып өту бастамаға алынып отыр. Харижиттер ағымының діни аспектілері мен қағидаларын талқылау мен талдау діни сауаттылық пен мол хабардар болуды талап ететіндігі сөзссіз. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы "Қазақстан - 2030" деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси - экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мен діни ахуалдары мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ислам дінінің әлемдік діндер қатарындағы орны мен қалыптасуына салыстырмалы көзқарас танытып өзіндік пікір таныту. Ислам дінінде ағымдардың пайда болуына жағдай жасаған аспектілердің себеп-салдарын айқындау арқылы олардың теріс және оң ықпалдарын айқындау. Орта ғасырдағы ислам әлемінің саяси-әлеуметтік баға беру. Харижиттер ағымының пайда болу арғышарттарын тарихи негізде зерделеп оның қалыптасу кезеңдеріне, басқа ағымдармен қатынасына діни-философиялық методологиялармен анықтау да мақсатымыздың басты шарттарына ие болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Тақырыптың міндеттері ретінде келесідегідей критерилерді аламыз: Ислам дінінде ағымдардың пайда болуына негіз болған факторлардың маңызына ғылыми көзқарас тұрғысынан кең тоқталу; Ағымдардың арасындағы қарама-қайшылықтарға діни-тарихи аспектіде баға беру; Адасушы ағымдардың өмірге келуі және олардың догма мен фанатизмге, аскетизмге бой ұруларын ислам дінінің қағидалары бойынша сынға алу. Харижиттер ағымының өзіндік ерекше элементтерін айшықтау және құран кітабы мен пайғамбар сүннетінің талап-тілектеріне қаншалықты жауап беретін сабақтастығына кең мағынада тұжырым таныту.
Зерттеу жұмысының методологиялық құрылымы: Жұмысымызда діни-философиялық және тарихи-әлеуметтану концепциялары мен методологиялық әдістері кең қолданылады. Ретроспективтілік әдісін қолдану арқылы біз жұмыстың обьективтілігіне жол ашамыз. Салыстырмалы талдау әдісін қолдану арқылы ислам діні ағымдарының өзара сабақтастығына терең түрде көз жүгірте аламыз. Шариғаттың қағидаларын қолдана отырып ағымдар мен тармақтарды талдау-саралау әдісі олардың діни функцияларды қаншалықты атқарғандығы мен сенім-ілім аясындағы ықпал өрістерін айқындай аламыз.
Зерттеу жұмысының нысаны: Жұмысымыздың нысанына ислам тарихындағы негізгі ахуалы және оның ішкі құрылымдары болып табылмақ. Ағымдар тарихы мен олардың қалыптасу жолдары саяси күштерге ие болуы мәселелерін нысан көзі ретінде қарастырамыз. Харижиттер ағымының пайда болуы мен оның діни көсемдеріне жан-жақты тоқталамыз. Харижит ағымының ерекшеліктеріне және діни-саяси көзқарастарының ислам қағидаларымен терең байланысына көз жүгіртеміз.
Зерттеу жұмысының территориялық шеңбері: Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы Еуразия құрлығының Азия бөлігін қамтиды. Оның ішінде Таяу Шығыс пен Араб түбегі және Парсы тілді елдердің территориялық бірлігіне шолу жасаймыз. Жұмысқа отандық дінтанушылар мен тарихшылардың еңбектерін қолдану барысымен Қазақстанды да қамтып өтетітіндігімізді атап өту қажет. Елімізде қалыптасып жатқан діни ахуалды жүмыстың нысаны мен салыстырып зерттеу аса маңызды болмақ.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Диплом жұмысының тәжірибелік мәнін үш тұрғыдан көрсетуге болады. Біріншіден, зерттеу нәтижелерін діни-тарихи оқулықтар жазуға пайдалануға болады. Екіншіден, зерттеу материалдарын исламға қатысты іргелі монографиялық еңбектер жазу барысында қолдануға болады, себебі диплом жұмысы Азияның үлкен бір аймағында болған мұсылмандық үрдістерді қамтиды. Үшіншіден, зерттеу жұмысының нәтижелері қазіргі кезеңде діни-конфессионалды саясатты дайындау және жүргізуде пайдаға асады. Сонымен қатар, тарих және дінтану мамандығында оқитын студенттерге арнайы курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Хронологиялық шеңберіне ислам дінінің даму жолы басталған VII ғасырдың І-жартысынан бастап XXI ғасырдағы ислам дінінің діни-саяси ахуалына дейін қамтылады.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы мен зерттелу деңгейі: Тақырып ислам діні мен тығыз байланысты болғандықтан ең басты дерек көзі Құран кәрім және Мұхаммед пайғамбардың Хадистерін пайдаландық. Ислам дініндегі ахуалдарды білу мен халықтарының өміріндегі өзгерістерді зерттеу үшін бізге, ең алдымен исламтанушы отандық ғалымдардың еңбектері басты дерек болып табылады. Ислам синтезінің тікелей жемісі болғандықтан да бұл еңбектерді зерттеу арқылы сол дәуірдің тыныс-тіршілігін, исламның келуі мен түркілер өмірінде, олардың дүниетанымында, психологиясында орын алған өзгерістерді түсінуге болады. Бітіру жұмысында соны мен бірге араб-парсы, қытай деректерін кеңінен қолдандық. Арабтардың Орталық Азияға келуін оң салдарларының бірі араб ғалымдарының түріктердің тарихын мәдениеті мен географиясын түріктердің өз отандастарын және басқа да белгілі халықтар мен салыстыра отырып қарауға болады. V-VІ ғасырлардағы арабтардың экономикасы мен қоғамдық құрылысы, тұрмыс салты, мәдениеті мен діни нанымдары жөніндегі мәліметтерді біз исламдыққа дейінгі, яғни, ежелгі замандағы араб өлең жолдарынан аламыз. Яғни, ертедегі араб поэзиясы V-VІ ғғ. арабтар туралы деректер көзі жайында Крачковский И.Ю. былай дейді: Ол өлең - жырлардың құндылығы - сол кездегі араб тайпаларының өмірін, оның қоршаған ортамен қатынасын фотография дәлдігімен бейнелеуінд[3-84]. Сондықтан да мамандар бұл жырларды ислам дініне дейінгі араб халқын, оның тұрмыс салтын сипаттаудағы ең маңызды да беделді деректер деп есептейді.
Сопылық ағымдар мен харижиттер туралы зерттеу жұмыстарын белгілі батыс ғалымы Дж. С.Тримингэм Суфийские ордены в исламе атты еңбегінде негіздеген болатын. Оның еңбегінде харижиттер ағымының сопылық іліммен арасындағы өзара қатынасы өзекті түрде жазылған болатын.
Ежелгі замандағы, исламға дейінгі араб халқын, ақын - жырауларының шығармаларында бейнеленген V-VІ ғғ. Арабияның жағрафиялық ортасын зерттеуде жаңа заман кезіндегі саяхатшылар жинаған әртүрлі бай материалды да қоса пайдалану қажет. Ежелгі ислам дініне дейінгі Аравияның табиғи ортасы ХІХ ғасырға дейін айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Ислам діні қалыптасқанға дейінгі арабтар поэзиясын VІІІ - Х ғасырларда оларды жинаушылар мен редакторлар біраз толықтырып, өзгертті де.
Батыс Еуропалық оқымыстылардың арасында ХІХ ғасырдың 50 - 70 жылдарында ол поэзия шынымен Ү - ҮІ ғасырлардағы авторлардың шығармалары ма, жоқ әлде олардан кейін, халифат құрылғаннан соң, яғни VІІІ - ІХ ғғ. шығармалар емес пе деген күдіктен соң, болды. Әрине, бұл сұраққа жауап іздеушілер әртүрлі көзқараста болды. Бірақ, негізінен сол V - VІ ғғ. авторлардың шығармалары деген тұжырым жасалды.
Бұл мәселені ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ағылшын шығыстанушысы Маргомус С. Пен египеттік оқымысты Тахао Хусейн күн тәртібіне тағы қойды. Ол екеуі исламға дейін жазылды деп жүрген поэзияның авторлары халифат кезіндегі ақын - жыраулар деп жариялады. Бірақ, бұл пікір осы екі оқымыстылардың ғана пікірі болып қалды. Ғылым исламға дейінгі поэзияның шындық екенін, жәнеде сол кезде (ІV - V ғғ.) жазылғанын мойындайды. Дегенмен біраз осымшалар, толықтырулар, анықтамалар енгізілгендігін жоққа шығармайды.
Араб поэзиясы жөніндегі ең көрнекті маман Крачковский И.Ю. осы пікірді қолдайды. Оның дәлелі - орта ғасырлардағы авторларда шығармалардың кейіпкерлері, мінез - құлық, әрекеттері кездеспейді.
Айтылып отырған кезең туралы ең құнды деректердің бірі 1135 жылы қайтыс болған Шахрастанидің "Кітап ал - милал ва - нихал" (Діни секталар мен философиялық мектептер кітабы) деген еңбегі. Ол шығармада исламға дейінгі арабтардың діни нанымдарын, әдет - ғұрыптарын баяндайтын жеке тарауы бар.
Арабтардың алғашқы қауымдық құрылыстағы өмірі туралы мәліметтердің тағы бір құнды дерегі Ибн-Халдунның Мукамидимасы. Ол арабтардың шаруашылықтары мен қоғамдық құрылысына көп көңіл бөлген. Автор арабтарды көшпелі халықтар деп суреттейді. Оның еңбегінде ислам ағымдары туралы мардымды мәліметтер кездеседі. Харижиттер мен сопылық ағымдардың мінез-құлықтары мен өзара айырмашылықтары турасында әл-Макдиси жазып кетеді.
Исламға дейінгі арабтар туралы олардың көршілері де біраз мәліметтер қалдырды. Бірақ, оларды құнды деп айту қиын. Себебі, олар көршілері арабтарды жете білмеген. Тарихшылар үшін тек сириялық жылнамалар біраз құнды дерек көзі болып табылады. Арабтардың Ү - ҮІ ғғ. қоғамдық құрылысын зерттеушілердіңішінен бірінші орынға Робертсон Смитті қоюға болады. Оның Ертедегі Аравиядағы туыстық және неке атты еңбегі 1885 жылы Кембриджде басылып шыққан.
Айтылып отырған кезең туралы құнды еңбектің бірі Юлиус Вельхаузеннің Араб пұтқа табынушылығының қалдықтары деген шығармасын айта кетуге болады. Ол Берлинде 1927 ж. жарық көрген. Исламға дейінгі арабтардың өмірі, тұрмыс салты, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы туралы деректер Анри Ламменстің бірінші еңбегінде орын алған. V - VІ ғғ. арабтар жайында Леон Каэтанидің екі томдық "Шығыс тарихының очерктері" (Милан, 1911 ж.) атты еңбегінде келтірілген. Бірінші томында Исламға дейінгі Аравия, Ежелгі арабтар геологиялық-климаттық, әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы біраз мәліметтер береді. Ислам діні қалыптасуы қарсаңында арабтар туралы мәліметтердің тағыда бір құнды көзі - Джирджа Зейданның "Исламға дейінгі арабтар" деген еңбегі. Сонымен қатар Кассэн де Персевальдың 1847 жылы шыққан "Исламға дейінгі арабтар тарихы", А. Мюллердің Санкт-Петербургте 1895 жылы жарық көрген "Ислам тарихы", А.Е. Крымскийдің Москвада 1911 ж. басылып шыққан Арабтардың, араб әдебиетінің тарихы деген сияқты еңбектерді атап өтуге болады. Исламның шығуы туралы негізгі дерек Құран болып табылады. Оны Осман халиф (644 - 656 жж.) ауызшадан жазбашаға түсірген. Ол 114 сүреден тұрады. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77934 сөзі жазылған. Келесі маңызды дерек ҮІІІ ғасырдың екінші жартысында жазылған Мединалық Ибн-Исхактың "Алланың өкілінің өмірі - Сират расул Аллах деген шығармасы. Ол бізге ІХ ғ. өмір сүрген филолог Ибн ишамның өңдеуімен жеткен. Сиратқа қосымша болып табылатын Вакыдидің (747 - 823 жж.) әскери жорықтар кітабы - Китаб ал - Магази - Ислам дінінің шығуы жөніндегі тағы бір маңызды дерек болып табылады. Ислам туралы оның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар туралы еуропалықтар арасындағы алғашқы шығармаларды визаниялықтар жазды. Олар орта ғасырларды арабтармен әрі жиі соғысып, әрі экономикалық, мәдени қатынастарда болып тұрды. Византиялық ресми православие бағытын ұстанушы грек - византиялық тарихи және теологиялық шығармалардың авторлары жалған пайғамбар, исламның шығуына себепкер деп есептеген Мұхамедке дұшпандық сезіммен қарады. Сондықтан да византиялық әдебиетте ислам бұрмаланған түрде бейнеленген.
Батыс Еуропада ислам туралы мәліметтерді алғаш рет крест жорықтары кезінде өздеріне қас дұшпан болып көрінген дінге идеологиялық қарсылық көрсету мақсатымен католик миссионерлері тарата бастады. Бірінші крест жорығынан кейін ХІІ ғасырларда Испанияда тұрған, араб тілін жақсы білген Католик монахы Роберт Кетензис Құранды латын тіліне аударды. Бұл аударма исламды жоққа шығару мақсатын көздеген клюнилік аббат Петр Благочесивыйдың бастамасы бойынша жасалды. Мақсатқа сай Құран көптеген бұрмаланушылыққа ұшырады. Құранның осы алғашқы аудармасы тек 1543 жылы Швейцариядағы Базельде басылып шықты [1-112].
Ислам тек өткен ғасырда ғана ғылыми зерттеудің объеткісі бола бастады. Еуропалық шығыстанушылар сол кездегі тарихнаманың деңгейіне сай исламның шығуын Мұхаммедтің қызметіндегі оның жеке басының ерекшеліктерімен байланыста қарастырады.
Мұхаммедтің өмірбаянын алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеген австриялық дәрігер, әрі шығыстанушы Алонс Шпренгер (1813-1893 жж.) болды. Оның Мұхаммедтің өмірі мен ілімі бір дегеннен еңбек ескіріп, өз мән - маңызын жоғалтты. Шпренгер бірден - бір дүниежүзілік дін деген қате көзқараста болды. Сол себепті де оның шығуын әр қадамынан бастап талдай аламыз", - деп есептеді. Бұл арабистің мұндай қате көзқарасы оның мұсылмандық тарихи - діни материал - Сират расул Аллах пен хадистер жинағына сын көзбен қарамағандығының жемісі [14].
Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі келесі бір Еуропалық ғылыми еңбек - ағылшын Уильям Мюирдің Лондонда 1856 жылы жарық көрген Мұхаммедтің өмірі деген шығармасы. Шпренгерге қарағанда У. Мюир (1819 - 1905 жж.) отарлардағы христиан миссионерлігіне тән деректі айыптаушылық, дұшпандық пікір білдірді. Исламның шығуын ол Мұхаммедтің шайтанның азғыруына түсіп кетуінің нәтижесі деп түсіндірмекші болды. Орта ғасырлық түнек рухында жазылған Мюирдің бұл шығармасының ғылыми құндылығы жоқ.
Исламның шығуының әлеуметтік себептерін анықтауға бірінші болып неміс арабисі Губерт Гримме (1864 - 1942 жж.) өзінің Мұхаммед" атты еңбегінде әрекет жасады. Бірақ оның Мұхаммедтің меккелік қызметі кезінде туа бастаған ислам - дін емес, социалистік қозғалыс, әрі ілім болды, - деген тұжырымы сын көтермейді. Гриммнің еңбегінде келтірілген нақтылы материалдар назар аударарлық.
Монтгомери Уотт жазған өмірбаян Мұхаммед - Меккеде" және Мұхаммед Мединада деген екі кітаптан тұрады. Ол кітаптар Оксфордта 1953 - 1956 жылдары жарық көрген. Ф. Бульдің кітаптары жарық көрген. Ф. Бульдің кітабымен салыстырғанда М. Уоттың бұл екі кітабы өте бай материалды қамтыған. Ол материал тек хронологиялық тәртіпке ғана емес, жекелеген мәселелер бойынша да жүйеге (мыс., Мұхаммед және еврейлер, Мұсылмандық мемлекеттің сипаты, Қоғамдық құрылыстағы реформа т.с.с.) келтірілген. Бірақ бұл еңбектің ғылыми құндылығы төмен себебі, автор мұсылмандар арасындағы аңыздарға күмәнсыз иланып, араб - мұсылмандық тарихнама дәстүріне сын көзбен қарамаған.
ХХ ғғ. басынан бастап бері жарық көріп жатқан Мұхаммед жөніндегі әдебиеттің ғылыми құны өте төмен.
Араб мұсылман тарихшылары жазған Мұхаммедтің өмірбаяндары Ибн Исхактың Сиратын ғылыми сын тұрғысынан талдамай, сол күйінде баяндау ғана болып келеді [1-59].
Бұл еңбектердің ішінен Мұхаммед Хусейн Хейкеалдың Хайат Мұхаммед (Мұхаммедтің өмірі) деген шығармасын ерекше атап етуге болады. Ол 1947 жылы Кайрде басылып шықты. Құранға сүйене отырып Хейкал ислам діні іскерлік пен бәсекелесті (конкуренция) қолдайды деген тұжырым жасайды. Мұсылман өркениетін рухани негіз, ал батыс өркениетіне қарсы қылады. Оның пікірінше, мұсылман өркениетіне рухани негіз, ал батыс өркениетіне экономикалық негіз тән. Батыс пен мұсылман әлемі арасындағы тағы да бір ерекшелік - Батыс мемлекет пен шіркеу арасында тынымсыз күрес жүріп отырса, мұсылмандар әлеміне бұл екі институт бір - біріне толықтырып, тығыз ынтымақтастық өмір сүруде.
Хейкаль исламның социалистік сипатына да жағымды баға береді. Орыс авторларының ішінде В. Соловьевтің "Магомет" деген Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі шығармасы кең танымал болды. Ол Санкт - Петербурда 1896 ж. жарық көрген болатын (Алматыда - 1990). Сондай - ақ М.Н. Петровтың Магомет Пройсхождение ислама атты еңбегі де көңіл аударарлық. Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметін проф. А. Е. Крымский едәуір зерттеді. Ол "Источники для истории Мұхаммеда" деген деректер жинағын жариялады. Сонымен қатар "История мусульманства" және История арабов деген еңбектерінде ислам дініне көңіл бөлді. Вашингтон Ирвингтің Жизнь Магомета деген кітабы орыс тіліне аударылып, оған, Н. А. Добролюбов пікір жазған. В. Ирвингтің бұл еңбегі тарихи роман жанрына жақын, яғни ғылыми құндылығы төмен.
Ислам дінінің шығуына советтік ғылыми әдебиеттерде әжептәуір көңіл бөлген. Бірнеше теориялар қалыптасты. Оның біріншісі М.Н. Поеровскийдің тарихи концепцияларының ықпалы мен қалыптасқан. М.А. Рейснердің сауда - капиталистік теориясы дүрілдеп тұрған Марксизм - Ленинизм іліміне жат бұл тория 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында кеңінен жайылды. Сонымен қатар "көпшілік" және "егіншілік" теориялары да белгілі болды. Көпшілік теориясы бойынша ислам алғашында Аравияның бедуиндер бұқарасының мүддесін көздеді, солардың идеологиясы болды. Ал екінші теория шаруашылық өмірдегі диқандардың рөлін шектен тыс асыра көтермелеп, алғашқы ислам кедей шаруалардың идеологиясы болды деген пікірді дәлелдеуге тырысты. Мұхаммедтің өмірбаянын, ислам дінінің шығу себептерін белгілі орыс жазушысы В. Панова (1905 - 1973 жж.) мен оның ұлы, әйгілі арабтанушы Ю. Бахтин бірлесе зерттеген. Олардың 60- шы жылдары жазылған " Мұхаммед пайғамбардың өмірі: Тарихи толғау" атты еңбектері кезінде Жазыл рап сериясына арнайы жазылғанымен жарық көре алмай қалған болатын. Шын мәнінде бұл тарихи толғау әлем әдебиетіндегі тарихи деректерді ең мол қамтыған Мұхаммед Ғалаиһи С-Саламның толық өмірбаяны [2-25]. Бұл өмірбаянды Жазушы" баспасы қазақ тілінде 1993 жылы басып шығарды. Ислам әлемі баспасы дүниеге келіп, діни кітаптар шығаруды қолға алды (Егемен Қазақстан 21. 03. 1997ж.). Енді Мұхаммед пайғамбарға, арабтарға арналған әдебиеттер көптеп шығарылады деп сенеміз. Ол еңбектердің Қазақстан тарихын, байыта түсетініне күмән жоқ. Зерттеу барсысында Қазақстандық зерттеушілерінің көзқарастары өзара және басқа да зерттеушілерінің пікірлері мен қатар талданып салыстырмалы тарихи зерттеу әдісі қолданылды. Жұмысты жазуда Батыс пен Шығыстың өзара ықпалдастығы Еуразияшылықтың тарихи тамырлары жөнінде соңғы жылдары жаңаша тұрғыда көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Қазақстандық тарихшы Қ.Т. Жұмағұлов еңбектері бағыт- бағдар беретін әдістемелік теориялық негіз ретінде қолданылды.
Зерттеу барысында қол жеткізілетін нәтижелер: Тақырыпты зерттеу барысында орта ғасырдағы ислам діні мен қазіргі таңдағы ислам дінінің арасындағы өзара байланыстың сабақтастығы айқындалады. Ағымдардың пайда болуы мен оларға алғышарт болған факторлар айқындалады. Харижиттер ағымының өзге ағымдардан ерекшелігі мен діни-философиялық айырмашылықтары зерделенеді. Ең бастыларының бірі қазіргі өскелең ұрпақтың ойына діни нақты түсінік бере алатын зерттеу жүмыстарының бірі ретінде болашаққа із салады. Жұмыс алдағы уақыттар өзге де ғылыми-оқу сатыларында магистратурады жалғасын табатындығына сеніміміз мол.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысымыз кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер бөлімінен тұрады. Кіріспе бөлімі өзара бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар-жұмыстың мазмұны мен мақсат-міндетін айқындайды. Негізгі бөлім екі тараудан екі тарау өз кезегінде екі-екіден төрт тараушадан тұрады.

1.Харажиттердің пайда болуының діни саяси алғышарттары

1.1Исламдағы алғашқы келіспеушіліктердің бой көрсетуі

Қазақ халқы ерте заманнан бері ислам дініндегі халық. Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Біздің жеріміз ислам тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихында аса маңызды уақиғалар болған жерлер.
Өздеріңізге белгілі, Орталық Азия аймағында исламның таралуы VII ғасырдың екінші жартысынан, яғни бірінші омейяд халифі Мағауия Ибн Әбу-Суфянның билік ету кезеңіңде басталады. Өзбекстан, Тәжікстанмен салыстырғанда Қазақстан аумағында ислам дінінің орнығуы ұзақ және қиын болды да, бірнеше ғасырларға созыдды.
Ғалымдар (тарихшылар, дінтанушылар) Қазақстандағы исламның таралуын бірнеше сатыға бөледі.
Алғашқы сатысы - VIII-IX ғасырларда Еуразия даласына исламның енуі орын алса, екінші кезең (X-XVII ғасырлар) ортағасырлық мемлекеттерде ислам дінінің басым болуымен ерекшеленеді. Осылайша ислам X ғасырда Жетісудағы Қараханидтер мемлекетіне енді. Кейінірек Алтын Ордада, қазақ хандықтарында кеңінен таралып, орнықты.
Сонымен бірге Қазақстандағы исламнын екі ерекшелігін атап өту керек. Біріншіден, исламның өздігінен ену сипаты. Екіншіден, ұзаққа созылу үрдісі (VIII-ХМІ ғасырлар). Бұл өз кезегінде көшпелі ортадағы діннің синтетикалық сипатына әсер етті.
XVI ғасырда исламның терендеп енуі хандар билігінің (көшпелі қоғамға ғана тән) орталықтануына ғана емес, соған сәйкес қазақ тайпаларының біртұтас этникалық қауымдастыққа бірігуіне де ықпалын тигізді.
XVIII ғасырдың басында исламның орнығуы Тәуке ханның Жеті жарғы зандарында да айтылып, онда мұсылман дінін мемлекеттің қолдайтындығы туралы жазылған.
XVIII-XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы ислам тарихының үшінші сатысы - Ресей империясының құрамына ену, суфизм рөлінің, Ресей отаршыл әкімшілігінің исламға деген екі жақты саясатына қатысты татар молдаларының миссионерлік қызметінің томендеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ дінбасылары Орынбор мүфтиятының қарамағына енген болатын.
Исламнын күшеюіне этномиграция факторлары да әсер етті. XIX ғасырдың 70-ші жылдарының соңы 80-ші жылдардың басында қалыптасқан отырықшы егін шаруашылық дәстүрі бар екі ірі мұсылман қауымы - ұйғырлар мен дүнгендер Қытайдың Іле өңірінен Жетісу аумағында қоныстанды. Бұл Қазақстанның оңтүстігінде исламның бағытын күшейтті.
Қазақстан халқы этникалық құрамының қалыптасу ерекшеліктеріне әсер еткен көші-қон процестері, ендігі жерде жекелеген мұсылман институттары этникалық сипат алуына да ықпалын тигізді. Бұл исламға тән емес көрініс екенін атап откен жөн. Осылайша XX ғасырдың басыңдағы орыс әкімшілігінің арнайы құжаттарында Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) сегіз мешіттің болғандығы, олардың арасында татар, дүнген, ұйғыр, өзбек мешіттері тіркелген.
Мешіттердің этникалық таңбалау дәстүрі кейін де және қазіргі күнде де кездеседі, бұл Қазақстандағы этниқааралық тұрақтылықтың нығаюына кедергі болады.
Қазақстандағы ислам тарихының төртінші қезеңі - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басын қамтиды. XIX ғасырдың соңынан бастап Қазақстан аумағындағы ислам бағытының нығаюы Ресей үкіметінің, отаршыл әкімшіліктің талаптарына сай келмеді. Белгілі бір дәрежеде бұл сыртқы факторлармен орыстүрік қатынастарының шиеленісуі, мұсылмандық сепаратизмнен сақтану сылтауы, жергілікті мұсылмандардың Осман Түркиясымен байланысының өсуімен байланысты болды. Нәтижесінде әр түрлі діни ағымдардың пайда болуы панисламизмді насихаттау деп корсетілді.
Қазақстаңдағы ислам тарихының бесінші кезеңі - кеңес дәуірі. Исламға деген саясат жалпы дінге қатысты саясат аясыңда жүргізілді. Қазақ діни басқармасы 1923 жыддан кейін орталығы Уфа қаласы болып саналатын ішкі Ресей және Сібір мұсылмандарының Орталық діни басқармасының қарамағына еңді.
20-жыддардың екінші жартысынан бастап тоталитарлық жүйенің діңдерге, оның ішінде исламға қарсы қуғындау саясаты анық байқалды. Арнайы құжаттарда исламнын антикеңестіқ сипаты 1920 жылдардың соңында исламмен күрес еңбекшілердің тап жауымен күрес ретінде кең етек алды. Осылайша дінді, оның ішінде исламды бұрмалау бағыты күшейтілді.
1941 жылы орталығы Ташкент қаласы болған, Орталық Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы құрылды. Тоталитарлық саясат жүйесіндегі барлық діни ұйымдар секілді, бұл басқарма да толығымен мемлекеттік бақылауда болды.
Сонғы он жыддықтарда, яғни 80-жылдардың екінші жартысын толық, қамтыған аралықта мемлекет тарапынан діндер бостандығын шектеу жоспарлы түрде жүргізіліп, қоғамды діннен бездіру саясаты үстемдік етті.
Қазақстандағы ислам дамуының алтыншы (қазіргі) кезеңі. 1980 жылдардың соңынан бастап Қазақстандағы исламның қайта жаңғыруы жүрді. Дінге деген халықтың қызығушылығы арта түскені байқалады. Демократиялық қайта құрулар халықтың дінге сенуін ғана емес, догматикалық жағына да қызығуға жол ашты [1, 71-72-бб.].
Қазақстан тарихында алғаш рет 1990 жылы жеке мұсылман діни басқармасының (муфтият) құрылуы маңызды, айтулы оқиға болып саналады. Көптеген зерттеулердің пайымдауынша өте қатал кең көлемде жургізілген тоталитарлық, мәні жағынан кенестік саяси жүйенің исламға деген ұстанымының ектемдігін, 70 жыл бойы халықты діннен бездіру саясатын қолданғандығын, әрі қеңестік кезеңге дейінгі уақытта қазақтарда ислам институтының аса жетілмегендігін айта келіп, қазіргі Қазақстанда исламның дамуын тек қайта даму деп қана қарастырмайды, оның жаңа сатысы деп таниды. Сонымен қатар біздің піқірімізше, діни-рухани саладағы үрдістерді исламның қайта өрлеуі, оны дәстүрлі тамырына қайта оралудың табиғи жолы деп тану қажет.
Дін, көпдінділік анықтамасы ҚР Діни сенім және діни бірлестіктердің еркіндігі туралы Заңында айтылады [2]. Аталмыш Заң сарапшылардың пікірі бойынша, кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттердегі діни ұйымдардың ережесін жүйелеп отыратын зандардың ішіндегі анағұрлым либералды заң болып табылады.
1990 жылдан бастап, 15 жылдың ішінде, діни институттардың сандық және сапалық өсуі анық байқалады. Егер 1990 жылы небәрі 670 діни бірлестік болса, ал 2005 жылы - 3259 діни бірлестік болды. Демек 5 есе өсу байқалады. 2005 жылғы есеп бойынша Қазақстан Республиқасындағы діни бірлестіктер төмендегідей болған:
:: Ислам - 1766 (1990 жылы барлығы 46);
:: Орыс православиялық шіркеуі - 255 (62);
:: Рим-католиктік шіркеуі - 90 (42).
Басқа да бірлестіктер бойынша сенушілер санының өскенін байқаймыз. Бір ғана лютеран бірлестігіндегілердің қысқарғаны байқалады. Мұның себебі 1989-2005 жылдар аралығында Қазақстаннан неміс ұлтының Германияға көптеп көшуі себеп болды.
Діни бірлестіктерге 2369 ғибадат ететін орындар, соның ішінде мұсылмандар мешіті 1643, православтар шіркеуі 229, католиктер қостелі 74, синагогтар 10, бес жүзге жуық протестанттар және басқа да шіркеулер жатады. Тарихшы, политолог ретінде Қазақстан тарихындағы мұсылман діни басқармасының маңызын айтар едім. Ел билеуде әрі діни, зайырлы билікті бір ғана адам басқарған кейбір Шығыс мұсылман елдерінен біздегі айырмашылық, қазақ хандықгарында дін өкілдері зайырлы, саяси билікке араласпады. Имамдар, молдалар халықты адамгершілік діни тәрбиеге, діни білімге үйретіп, қоғамнын (әлеуметтік қатынастары мен құрылымында маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ XУІ-ХІХ ғасырларда мұсылман дін өкіддері тек ислам ілімін таратып қана қоймай, негізінен мәдениет пен білімнің таратушылары болып табылды.
Сол тұстағы қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымының құрамына мұсылмандық дінбасылары енді. Заманымыздың қажеттілігі мен талаптарына жауап бере алатын билік жүйесіңдегі өзара бөлісу айқын байқалды. Қазақ қоғамыңдағы жоғары билеушілер - хаңдар сайланбалы болды. Сот билігі сайланушылардын (заң өкілдері) қолында, яғни билердің қолыңда болды. Осылайша, билер (судьялар) немесе әлеуметтік-саяси институттардың өзіндік демократиялык сипаты болды.
Тамыры сонау тереңге кететін ежелгі түрік дәуірінен қалыптасқан дәстүрлі саясаттан бастау алған қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси даму ерекшелігі дала демократиясының негізгі тірегі екендігін баса айтқым қеледі. Қазақ сөзінің этнонимінің өзі азат адам дегенді білдіреді.
Біздің жеріміз ислам тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихында аса маңызды уақиғалар болған жерлер. Аллаһ тағала адамдарға Аллаһ тартқан желіден (діннен) бекем ұстанып, айырылмаңдар (әл-Имран сүресі, 103) деп, Ақиқатында Аллаһ алдында қабыл болатын дін - ислам діні (әл-Имран сүресі, 19) деп таза ақиқат дін - исламды жіберді. Бірлікке, ынтымаққа негізделіп, ізбасарларын имандылыққа ұйытатын, рух тазалығын уағыздайтын асыл дін идеясын ту еткен мұсылмандар осылайша ақырғы дінді қазақ даласына алып жетті.
Этномәдениеті алуантүрлілігімен ерекшеленетін бұрынғы Кеңестік мемлекеттердің қазіргі әлеуметтік-саяси дамуына әсер ететін факторлардың ішінде діннің маңызы зор. Ол қазіргі кезде өзіндік саяси күшке айналуда. Бір жағдайаларда конфессионалдық фактор, этникаралық қарама-қайшылықтар мен даулар туғызса, басқа жағдайларда ол саяси үрдістерде жетекші күшке айналу мүмкін. Кез келген жағдайда діннің әлеуметтік-саяси дамуға араласуы конфликтогендік факторлар санын көбейтеді. Мұнымен белгілі бір діни идеологиядан тәуелділік болады.
Сонымен бірге бұл территориядағы исламның қазақша нұсқасы туралы айтуға рұқсат ететін бір қатар ерекшеліктері бар. Олардың бірі - қазіргі Қазақстан территориясына исламның енуі мен оның территориясының исламизациясы арасындағы уақыттың ұзаққа созылуы. Бұл екі нүкте арасында ҮІІІ - ХҮІ аралығында бірнеше ғасырлар жатыр. Дегенмен ХҮІІІ ғасырдың өзінде исламның жаппай сана деңгейінде діни доктрина және өмір сүру қалпы ретінде қабылдануы әлсіз болды. Бұл кең дала зонасына белгілі бір діни дәстүрдің берік сақталуы тән емес. Қазақстан территориясында ислам эволюциясын талдау Орталық Азияның бұл аймағындағы исламизацияның ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.
Ислам дінінің келу тарихы Орталық Азияның бұл бөлігінде ислам діні таралуының деңгейі мен ауқымдылығына әсер еткен бірнеше маңызды сатылардан өтті. Исламның территорияға ену үрдісі бір уақытта жүзеге аспай, бірнеше ғасырларға, тіпті, ХҮІ ғасырға дейін созылды.
Бірінші саты - ҮІІІ-ІХ ғасырларда қазіргі Қазақстан территориясы кірген байтақ еуразиялық далалық зонасына исламның енуі. Бұл сатының ерекшеліктері кейінгі исламизациялау үрдістерінің табиғатына едәуір әсер етті. Біріншіден, көрші аймақтардың қалалық орталықтарымен (Мәуреннахр) салыстырғанда, Қазақстан аймағы көшпенді мал шаруашылықты зонасы болды. Тек оңтүстік-шығыс бөлігінде ғана егін шаруашылығы, қалалық мәдениет дамыды. Дәл осы аймақтарда ислам кеңінен таралды.
Екіншіден, Қазақстан территориясында исламның енуі кезеңінде рухани-діни өмірі алуантүрлілігімен ерекшеленген ежелгі түрік көшпенді тайпалар өмір сүріп жатты. Ежелгі дәуірлерден бастап, мұнда әртүрлі мәдени-идеологиялық жүйелер дамыды: табиғатқа табыну және аруақтарға сену, магия, аспанға (Тәңірге) табыну. Бұл сенімдерге, біріншіден, шығыс-ирандық зороастризм едәуір әсерін тигізді. Исламизациялау басында аймақта шығыс-христиандық ілімдер: несториандық, манихейшілдік кеңінен етек жайды. Келесі оңтүстік-шығыс қалаларда христиандық шіркеулер қызмет етті: Тараз, Сығанақ. ХІҮ ғасырдың аяғында көшпенді тайпалардың арасында несториандық шіркеудің түрік митрополит миссиясы болды. Әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара әсері исламға дейінгі мәдени таптқа тән синкретизмді туғызды. Бұл таптың ішінде ежелгі түрік сенімдері жақсы сақталды. Олар исламмен біріге отырып, нәтижесінде қазақ қоғамының дәстүрлік өмірінің мәдени негізін құрады.
Үшіншіден, көшпенді халықты исламға бағыттауда негізгі рөлді Мәуреннахр қалалық орталықтарынан, негізінен Бұхардан шыққан накшбандийа, яссауйа, кадирия секілді бірлестіктердің суффистік миссионерлері атқарды. Басқа бір қатар мұсылмандық аймақтармен салыстырғанда, бұл жерде суффистік ағайындар безгендік болып саналған жоқ, ресми және халық исламының арасында айырмашылық болған жоқ. Сөйтіп, аймаққа исламның әрі қарай енуінің және оның саяси өмірге әсері мұсылманға дейінгі дәстүрмен, монғол шапқыншыларынан кейін монғол идеологиясымен тығыз байланысты болды. Бұл үрдістер идеялардың соғысы нәтижесі емес, әртүрлі идеялардың бейімделу болды.
Кейінгі кезеңдерде ХҮІ ғасырда қазақ халқының түзіліп, исламның енуі жоғарғы биліктің нығайып, әртүрлі қазақ тайпаларының біртұтас этникалық қоғамға бірігуіне әрекет етті. Бұл кезде қазақтар діни ұқсастықтарын анықтап, өздерін мұсылман-сүнниттер деп есептеді. Дегенмен, ислам сенімінің синкретизмі толық жеңілмеді: құрамына исламға дейінгі сенімдердің элементері енген халық исламы формасында далада таралған діни көріністер мен салттарға бұрынғыдай аруақтарға сену, шаманизм, анимизмнің күшті элементтері кірді. Сәйкесінше, имам, кади, молда тұлғасында мойындалатын ислам өкілдері, мұсылмандық руханилықтың ұйымдастырылған құрылымдары әлсіз дамыды.
Бастапқыда ислам отырықшы түркілер арасында, қалалар мен ірі қоныстарда таралды. Ибн Хордадбехтің түркі қалаларының тізімінде Фараб қаласындағы мұсылман әскери топтарымен қатар түркі-қарлұқтардың әскери бөлімшелері де бар. Түркілердің барлық қалалар саны - 16. Көшпенділерге қалам алдымен Қазақстанда қалалық дін ретінде қалыптасқан. Ислам бұқара халыққа дүниедегі байлықтан, сараңдықтан, ақы алудан бас тартуға шақырумен ұнады. Біртіндеп идеологиялық және ұжымдық қауым қалыптасты, ол адам өмірінің тұрақтылығын, өмірін, денсаулығы мен игілігін қорғады. Тұрғындардың исламды қабылдауы қоғамның тұрақтылығы мен топтасуын арттыратын маңызды фактор болып табылады. Ислам бұл жерлерге бір құдай - Аллаһқа табынуды алып келді.
Ислам діні Қазақстанға кеш таралды. ІХ-Х ғасырларда ислам діні Қазақстанның тек оңтүстік аудандарын ғана, егіншілік аудандарының феодалдарын ғана қамтыды. Онда да бұл дінді байлар, үстем таптар қабылдады, ал еңбекші бұқара көп уақытқа дейін бұрынғы дінде қалып келді. Орталық және Солтүстік Қазақстан көшпелі қазақтары мұсылман дінін кейінірек қабылдады. Олар ХҮ ғасырға дейін өздерін мұсылманбыз деп санамады. Оған дейін руды ру басы феодалдар басып келді. Кейіннен рулық құрылыс ыдырай бастаған кезде үстемдік жүргізу тәсілдері өзгереді. Ру басылары, ақсақалдар, байлар мен билер ислам дініне табан тірейді, оны өздерінің идеологиялық құрылымына айналдырып, халық санасына мұсылмандық, діншілдік көзқарастарды сіңіруды мақсат етеді. Сол мақсатпен олар ислам дінін қазақ сахарасында таратуға ат салысады.
Исламизациялаудың келесі сатысы қазақ даласында ХҮІІ-ХІХ ғғ. Ресейдің ықпалымен тығыз байланысты. Ол турасында келесі тарауларымызда толығырақ тоқталатын боламыз.
Сөйтіп, ислам діні IX-X ғасырларда сүнниттік бағытта бірте-бірте нығая бастады. Әйтсе де ғылым мен білім, ізгілік пен игілік әкелген дініміздің қазақ жеріне түгел тарап, біржола орнығуына әлі де біраз уақыт қажет еді. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса, халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді - деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты.
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде дінді таратушылар да де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, құқықтық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714ж. ҮІІ ғ. басып кірді. Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністері
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Діни нанымдар
Тілдік бірліктердің сақталуы
Түркілердің сенім негіздері
Тас дәуіріндегі наным-сенімдер
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
Діндердің классификациясы
Зороастризм тарихы. Қазақ мәдениетіндегі зороастризм көріністері
Зороастризм тарихы
Пәндер