Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру



КІРІСПЕ


І. Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудің теориялық негізі
1.1 Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудің сипаттамасы
1.2 Шетел тіліндегі жазу әрекетін жүргізу тәсілдері мен түрлері
1.3Жазу әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері
1.4 Жазу әрекетін үйретудегі жаттығулар топтамасы

Тұжырым

ІІ. Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік.ақпараттық біліктілігін қалыптастыру әдістемесі
2.1 Ізденушілік.ақпараттық біліктіліктің сипаттамасы
2.2 Ақпараттық ресурстарының мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудегі рөлі
2.3 Ақпараттық ресурстарының мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудегі үлгісі
2.4 Ізденушілік.ақпараттық біліктілікті мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету барысында қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы

Тұжырым

ІІІ. Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік.ақпараттық біліктілігін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін бағалау мақсатында тәжірибелік.эксперименттік жұмыс
3.1Тәжірибелік.эксперименттік жұмыстың міндеттері мен болжамдары
3.2 Тәжірибелік.эксперименттік оқытудың негізгі сатыларына сипаттама
3.3 Тәжірибелік.эксперименттік оқытуды жүргізу
3.4 Тәжірибелік.эксперименттік жұмыс нәтижелерін қорытындылау

Тұжырым

ҚОРЫТЫНДЫ
Елімізде білім саласында үлкен жетістіктерге жету мақсатында, білім сапасын арттыру негізінде, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында алға қойған мақсаттардың бірі ретінде: “...жоғары білім берудің негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметі мен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру мен ақпараттық технологияны жетілдіру болып табылады”[1].Яғни, шеттілдік білім беру саясатын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орындары мекемелерінің алдына қойған мақсаттарының бірі – білім саласына ақпараттық-коммуникативтік технологияларды іске қосу. Айталық, мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыру мақсатында осы технологиялардың атқаратын маңызы зор деп білеміз.
1. Кунанбаева С.С. Теория и практика современногоиноязычного образования. Алматы, Изд.: Дом печати “Эдельвейс”, 2010г. 51с.
2. Пассов Е.И. Коммуникативные упражнения — М.: Просвещение, 1967. — 96 с.
3. Вейзе А.А. Теория и практика порождения вторичного текста в курсе вузовского обучения иностранным языкам (на материале английского языка): Дис. д-ра пед. наук. Минск, Вестник МГОУ 1993. - 351 с.
4. Гальперин П.Я. Текст как объект лингвистического исследования. М.: Наука, 1981.- 139 с.
5. Антонова И.Б. Методическая эффективность использования письма как средства обучения аргументированию: Дис. .канд. пед. наук. М., 1994. -220 с.
6. Сидоренко О.Н. Использование интернет-ресурсов на занятиях иностранного языка. Журнал Вестник КАСУ№2, 2005
7. Колкер Я.М. Теоретическое обоснование последовательности обучения письменному выражению мыслей на иностранном языке: Дис. канд. пед. наук. М., 1975. - 242 с.
8. Солдатова Н.В. Лингвистические основы тестирования письменной речи (на материале экзаменационных сочинений): Автореф. дис. .канд. фи-лол. наук. -М., 1997. 16 с.
9. Фоломкина С.К. Обучение чтению на иностранном языке в неязыковом вузе. М.: Высшая школа, 1987. 205 стр.
10. Полат Е.С. Интернет в преподавании иностранных языков. М.: Владос, 2001. Стр. 95
11. Крундышев А.А. Сочинение как вид самостоятельной работы. — М., 1987.
12. Бендецкая М.Е. Практика письменной английской речи. Издво: ТетраСистемс, 2010 г.
13. Гец М. Г. Обучение студентов языкового ВУЗа творческой письменной речи в контексте межкультурной коммуникации. Автореф. дис. канд. пед. наук. —1. Брест, 2003. 20с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Магистратура

Мамандығы: 6МО11900 - Шетел тілі: екі шетел тілі

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру

Орындаған:
Мұханова Ш. С.

Ғылыми жетекші:
п. ғ.к., профессор
Артықбаева А.Қ.

Қорғауға жіберілді
ЖООКББ бастығы
__________________________
Білім беру бағдарламасының жетекшісі:
п.ғ.к., профессор____________ Кузнецова Т.Д.
___ _________ 2013 ж.

Алматы, 2013

РЕФЕРАТ

Магистрлік диссертацияның көлемі: бет

Қолданылған әдебиеттер саны:

Кілттік сөздер тізімі: мәдениетаралық қатысым, шеттілдік білім беру, ақпараттық-коммуникативтік технология, жазу әрекетін ұйымдастыру мен үйрету тәсілдері, ізденушілік-ақпараттық біліктілік, Интернет-ресурстары, веб сайттар және т.б.

Зерттеу жұмысының мақсаты: тілдік жоғары оқу орындарының студенттерін мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуді дамытуда ізденушілік-ақпараттық біліктілікті қалыптастырудың әдістемесін жасау.

Зерттеу материалдары: мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, оқу бағдарламасына сәйкес Интернет-ресурстарын дұрыс пайдалану туралы әдістемелік зерттеу жұмыстары мен материалдары.

Зерттеу жұмысының әдістері:
Зерттеу барысында мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыру мақсатында шетел тілін үйрету таралы ғылыми-педагогикалық, әдістемелік зерттеулер мен арнайы әдебиеттерді талдау;
Шетел тілінде студенттердің жазу әрекетін жақсарту мақсатымен тақырыпқа сай материалдарды сипаттау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту, тәжірибеден өткізу және бақылау әдістерін қолдану;
Ақпараттық-ізденушілік технологияларды пайдалану арқылы шеттілдік білім алып жатқан студенттердің жазу әрекетін қалай жақсарту мәселесімен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізіп, нәтижелерін қорытындылау.

Алынған нәтижелер:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудің теориялық негізі
1.1 Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудің сипаттамасы
1.2 Шетел тіліндегі жазу әрекетін жүргізу тәсілдері мен түрлері
1.3 Жазу әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері
1.4 Жазу әрекетін үйретудегі жаттығулар топтамасы

Тұжырым

ІІ. Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру әдістемесі
2.1 Ізденушілік-ақпараттық біліктіліктің сипаттамасы
2.2 Ақпараттық ресурстарының мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудегі рөлі
2.3 Ақпараттық ресурстарының мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудегі үлгісі
2.4 Ізденушілік-ақпараттық біліктілікті мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету барысында қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы

Тұжырым

ІІІ. Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін бағалау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
3.1Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың міндеттері мен болжамдары
3.2 Тәжірибелік-эксперименттік оқытудың негізгі сатыларына сипаттама
3.3 Тәжірибелік-эксперименттік оқытуды жүргізу
3.4 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелерін қорытындылау

Тұжырым

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

КІРІСПЕ

Елімізде білім саласында үлкен жетістіктерге жету мақсатында, білім сапасын арттыру негізінде, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында алға қойған мақсаттардың бірі ретінде: "...жоғары білім берудің негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметі мен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру мен ақпараттық технологияны жетілдіру болып табылады"[1]. Яғни, шеттілдік білім беру саясатын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орындары мекемелерінің алдына қойған мақсаттарының бірі - білім саласына ақпараттық-коммуникативтік технологияларды іске қосу. Айталық, мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыру мақсатында осы технологиялардың атқаратын маңызы зор деп білеміз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Заман талабына сай, шетел тілін жетік меңгерген мамандарды даярлау мақсатында, жоғары оқу орындарында оқу әдістемесін дұрыс ұйымдастыруға бағытталған үрдістерді қолдану кеңінен жүзеге асуда. Айталық, Құнанбаева С.С. өз еңбектерінде мәдениетаралық қатысымның мәнін айқындап, студенттердің шетел тілін оқып отырған елдің мәдениетімен таныс болып, өз ана тілімен салыстыруы дұрыс болады деп көрсеткен. Сондықтан, студенттердің шеттілдік білім алуда жақсы нәтижеге жету мақсатында олардың сол ел өкілдерімен тығыз байланыста болуына жоғары оқу орындары тарапынан көп еңбек жасалуда деп ойлаймыз. Оқытушылар тарапынан студенттердің болашақ маман ретінде дұрыс білім алып ел болашағы ретінде өз білімін еліміздің дамуына бағыттауы және олардың "мәдениетаралық қатысымның субъектілері"[2], яғни тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау білім мекемелерінің алға қойған міндеттерінің бірі деп ойлаймыз. Алайда оқу барысында студенттер оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай болашақ маман ретінде көптеген қиындықтарға кездесіп отырады. Сол қиындықтардың бірі - өз ойын жазбаша жеткізу, сөз әрекеттерінің бірі жазу әрекетін дұрыс ұйымдастыру деп ойлаймыз. Туындаған мәселе бойынша мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыруға негізделген әдістемені жасау және оның тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу керек деп тұжырымдаймыз.
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету негізінде жоғары оқу орындарын ақпараттық технологиялық құралдармен жабдықтау және оларды пайдалану кезінде қандай үрдісті пайдалану керек екені және қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болытыны туралы әдістемелер көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеуші-әдіскерлер мен оқыту-тәжірибешілер назарында болып келеді осы ғалымдардың еңбектерінде оны қарай дамыту мақсатында қандай Интернет-ресурстарын қолдану керек екені туралы көп әдістемелер, еңбектер жарық көрді деп ойлаймыз. Мысалы: шетелдік және отандық әдістемелерде бұл мәселемен Фоломкина С.К., Полат Е.С., Щукин А.Н., Подопригорова Л.А., Клычникова З.И. Құнанбаева С.С., Нұрғалиева Г.К., Қараев Ж.А. және басқада ғалымдар айналысқан сонымен қатар, осы мәселе төңірегінде көптеген теориялық мағлұматтар жиналған және баспа беттерінде жарық көрген.
Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындары студенттерін мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде білім саласында көптеген жаңалықтар енгізілді.мысалы: заман талабына сай студенттердің жазба жұмысының лингва-әдістемелік зерттеулері мына талаптарға бағытталған деп есептейміз:
а) жазу әрекетін тестілеудің лингвистикалық негіздері (Солдатова Н.В.) [3];
ә) жазуда өз ойын жеткізудің жалпы қағидасы (Антонова И.Б.) [4];
б) әр түрлі жанрдағы мәтіндерді жазуға үйрету (Вейзе А.А., Заева Л.К.) [5] және т.б.
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету туралы мағлұмат алатын болсақ, шетелдік ғалымдардың бірі Т. Хедждің жазу әрекетінің төрт түрін атағанын көрсете аламыз. Мысалы:
1. Академиялық жазу (academic writing) - конспекттер және мақалалар (notes), рецензиялар және шолулар (reviews), эссе (essays) және т. б.;
2. Кәсіби жазу (professionalbusiness writing) - іс хаттары (business letters), жарнама (advertisementspublic notices), іс жазулары (memos), мақала (articles) ж.т.б.;
3. Жеке хаттар (private letters), электрондық хаттар(e - mails) ж.т.б.;
4. Жеке дара хаттар (personal writing) - мекен-жай мағлұматы (addresses), рецепттер (recipies) ж.т.б. [6]. Осы көрсетілген топтамадағы жазба жұмыстары бүгінде кең ауқымда жүргізілуде және заман талабына сай күрделенуде деп ойлаймыз.
Студенттердің жазу әрекетін ұйымдастыру негізінде біз оқу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз, мысалы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы студенттердің ізденушілік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыруға ықпал ететінін айта аламыз. Ізденушілік-ақпараттық біліктілік туралы анықтамалар көптеген ғылыми әдебиеттерде басылып шығады және осы мәселемен көп ғалымдар айналысады. Айталық,
Зайцева О.Б. өз еңбегінде ақпараттық біліктілікке жалпы түсініктеме береді және оны жеке-дара-психологиялық білім деп көрсетеді[7]. Сонымен қатар, осы мәселемен Семенов А.Л., Пекшева А.Г. және тағы басқа ғалымдар айналысқан және өз еңбектерінде ақпараттық біліктілікті дамыту туралы ойларын дәлелдеген.
Шеттілдік білім беру ордаларында мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету кезінде студенттердің білімін ары қарай жетілдіру мақсатында, сонымен қатар олардың ізденушілік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды сабақ бағдарламасына енгізу олардың білім сапасын арттыратынына күмәніміз жоқ. Айталық, сабақ үстінде немесе сабақтан тыс үй тапсырмасы ретінде Интернет-ресурстарын пайдаланудың ғылыми негізделген әдістемесін құру әр студенттің тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді деп ойлаймыз, өйткені Интернет халықтардың көпұлтаралық, мәдени аралық қоғам, яғни әлемнің миллиондаған адамдарының электронды түрде қарым-қатынас жасауы кезінде студенттер нағыз өмірлік жағдайларға тап болады. Мысалы, компьютер студенттердің жұмысына сын айтпайды, керісінше өзіндік қабілеттерін дамытып, олардың сенімін арттыра отырып қолайлы әлеуметтік психологиялық атмосфера құрайды деп тұжырымдаймыз.
Шеттілдік білім беру ордаларының алға қойған мақсаттарының бірі - студеттердің мәдениетаралық және кәсіби қатысымдық біліктерін қалыптастыру болғандықтан, заман тапсырысы бойынша оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану маңызды, себебі осы технологиялар арқылы студенттер алған білімін ары қарай жетілдіріп, сол елдің тілі иен мәдениетін кызыға оқуына көп ықпал болады және студенттердің шығармашылық өсуіне әсер етеді деп көрсетілген [8]. Ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу арқылы студенттер өз білімін шыңдайды, сөз әрекеттерін меңгеруге талпынады. Жазба әрекетін дамыту арқылы шетел тілін жақсы меңгеруге тырысады, өз ойын нақты және жүйелі түрде қағаз бетіне түсіруді, мәтіндік, сандық және графикалық ақпаратты көп мөлшерде жіберу және қабылдау, өздеріне берілген мәліметті зерделеуге дағдыланады. Студенттер таңдауды, мәліметті пайдалануды, болжам жасауды және шешім қабылдауды үйренеді. Студенттер чаттар, видеоконференциялар, форумдармен электронды пошта арқылы тілдесе алады. Олар өмір жайлы жан жақты мәліметтер алады. Мысалы; тарих, әдебиет және басқада құндылықтар. Бұл әсіресе студенттер үшін маңызды, себебі бізде шетел тілін күнделікті қолдану мүмкіншілігі өте аз. Ізденушілік-ақпараттық жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда біздің зерттеу тақырыбымыз бойынша студенттер жазу әрекетін оңтайлы меңгеруге мүмкіндік алады.

Зерттеудің нысаны:
Тілдік жоғары оқу орындарындағы шетел тілі сабақтарында мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне ақпараттық ресурстар негізінде үйрету үрдісі.

Зерттеу пәні:
Тілдік жоғары оқу орнындағы ақпараттық ресурстарын мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде пайдалану әдістемесі.

Зерттеу мақсаты:
Тілдік жоғары оқу орындары студенттерін мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуді дамытуда ізденушілік-ақпараттық біліктілікті қалыптастырудың әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:
Шығыстану факультетінің мәдениетттану бөлімінің 2 курс студенттеріне мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудің сипаттамасын беру
Шетел тіліндегі жазу әрекетінің түрлерін анықтау, ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін белгілеу
Ізденушілік-ақпараттық біліктілікті қалыптастыру сипаттамасын беру
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудегі ролін анықтау
Ізденушілік-ақпараттық ресурстарының мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретудегі үлгісін жасау
Ұсынылатын әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу

Зерттеудің әдіснамалық негіздері ретінде шетел тілінде білім берудің мәдениетаралық қатысымның теориясы (Құнанбаева С.С.), жазу әрекетін ұйымдастырудың теориясы, негіздері (Колкер Я.М., Солдатова Н.В.), шетел тілін оқыту психологиясы (Зимняя И. А.), жазу әрекетіне арналған еңбектер (Крундышев А.А., Бендецкая М.Е., Гец М. Г.), ақпараттық ресурстарды пайдалану туралы еңбектер (Сидоренко О.Н., Полат Е.С.)
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру Аталған ғалымдардың осы мәселеге қатысты жазған қағидалары, тұжырымдары жинақталды. Зерттеу жұмысында жазу әрекетінің теориялық заңдылықтары, қазіргі отандық және шетелдік шетел тілдерін оқытудағы әдістемелелер, психология, педагогика, лингвистика жетістіктері негізге алынды.

Зерттеу әдістері:
Зерттеу барысында тақырып бойынша ғылыми-педагогикалық, әдістемелік зерттеулер мен арнайы әдебиеттерді талдау
Жұмыс барысында сонымен қатар сипаттау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту, тәжірибеден өткізу және бақылау әдістерін қолдану

Зерттеудің ғылыми болжамы:
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыруға үйрету тиімдірек болады егер шетел тілінде білім берудің оқыту үрдісі студенттердің тұлға ретінде қалыптасуына қарай бағытталса, оларға өздігінен креативті жұмыс жасау барысында жазу әрекетінің ұйымдастыру тәсілдері көрсетілсе, әдістемелік үлгісі жасалынса, онда студенттердің мәдениетаралық қатысымның тұлғасы ретінде қалыптасуына мүмкіндік беріледі, олардың өз бетінше ақпараттық ресурстарды пайдаланып жазу әрекетін дамытуына жағдай жасалады, үйрету әдістемесі нәтижелі болады, себебі, шетел тілінде білім алып жатқан студенттердің кәсіби тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасалынып олардың ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыруна бағытталған тапсырмалардың маңызы зор болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми мәні:
Ізденушілік-ақпараттық біліктіліктің мәдениетаралық қатысымның жазбаша түрін үйретудегі үлгісі жасалады.
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түрін үйретуде студенттердің ізденушілік-ақпараттық біліктіліктілігін қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы беріледі.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы:
Шетел тілін оқыту әдістемесінде жазу әрекетінің атқаратын қызметі мен түрлеріне байланысты тұжырымдалған қағидалар тілді үйрену теорияларын жетілдіреді. Студенттердің жазу әрекетін үйренуде ізденушілік-ақпараттық ресурстарын пайдаланудың психологиялық ерекшеліктерімен әдістемелік негіздері беріледі. Жазу әрекетін жақсарту үшін жасалған әдістеме, ұсынылған жаттығу тапсырмалары оқыту сапасын арттырады. Әдістемелік тұрғыдан студенттердің өз бетінше білім алуына мүмкіндік жасап олардың ізденушілік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыруға бағытталған үлгісін жасау.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
Зерттеу жұмысы мәдениетаралық қатысымның жазбаша түрін үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыруға жасалған үлгі студенттердің жазу әрекетін дамытуға және жетілдіруге жәрдемін тигізеді. Жұмыстағы берілген тапсырма түрлері тіл үйренушілердің тілге деген қызығушылықтарын арттырып, ынта-жігерлерін оятады. Зерттеу барысында студенттердің ізденушілік-ақпараттық біліктілігін қалыптастырудың тиімді жолдары олардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, креативті жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Зерттеу бойынша қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

Апробация:

Диссертацияның құрылымы: магистрлік диссертация кіріспе, үш бөлім, қорытынды, ғылыми әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады

І Тарау. МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМНЫҢ ЖАЗБАША ТҮРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

0.1. МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМНЫҢ ЖАЗБАША ТҮРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ СИПАТТАМАСЫ

Елімізде жоғары оқу орындарында алға қойылған міндеттердің бірі - студенттерге жоғары деңгейде білім алуына мүмкіншілік жасап, бағыт-бағдар беру және олардың өздігінен білім алуына көмек бере отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажетті жағдай жасау болып табылады. Ел Президенті Назарбаев Н.Ә. "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" атты Қазақстан халқына Жолдауында "Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді толық компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. "Өмір бойы білім алу" әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс" делінген[1]. Осы мәселе төңірегінде білім сапасын арттыру мақсатында әр бір оқу ордасында білімді сапалы түрде беру үшін барлық жұмыстар жүргізілуде деп ойлаймыз.
Заман талабына сай білім саласында көптеген оңтайлы өзгерістер болып жатыр. Жоғары оқу орны студенттерін мәдениетаралық қатысымның жазба түріне үйретудің маңызы зор, өйткені кәзіргі жас буын ертеңгі ел болашағы ретінде алған білім іс-жүзінде көрсетуге дайын болу керек деп ойлаймыз. Мысалы, шеттілдік білім алған студент болашақ жас маман ретінде өзге ел мәдениетін, тілін толық меңгеріп алдағы уақытта жұмыс барысында немесе басқада жағдайларда сол елдің өкілдерімен қарым-қатынасқа түсуіне толық дайын болу керек деп тұжырымдаймыз. Сондықтан шетел тілін меңгеру кезінде олар сөйлеу, жазу, тыңдау және тағы басқа да әрекеттерді жақсы игергені жөн.
Мәдениетаралық қатысымның жазба түріне үйрету мақсатында мәдениетаралық қатысымға түсініктеме бергеніміз жөн болар, яғни "мәдениетаралық қатысым" дегеніміз әртүрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасы, атап айтсақ, адамдар арасындағы қарым қатынас. Бұл анықтаманы 1950 жылы американдық мәдени антрополог Эдвар Т.Холл енгізген. Мәдениетаралық қатысымның сипаттамасы бойынша қарым-қатынасқа түсетін адамдар арнайы тілдік нұсқалар және дискурсивті стратегиялар қолданады. 1972 жылы Самовар Л. мен Портер Р.-дің "Коммуникация между культурами" ("Communication between Сultures") атты оқулығында мәдениетаралық қатысымға анықтама беріледі[2].
Шеттілдік білім беруде мәдениетаралық қатысымның маңызы туралы зерттеп жүрген отандық ғалымдардың бірі Құнанбаева С.С. "Қазіргі шеттілдік білім беру теориясы мен практикасы" атты еңбегінде шетел тілін меңгеру барысында, сол елдің мәдениетін білу керек екенін айқындаған. Яғни, осы аталған еңбекте "Қарым-қатынасқа түсуші әріптестің әлеуметтік-рухани және ұлттық ерекшелігінің мәнін білудің маңызды екеніне дау жоқ, осы этнос мәдениетіндегі қайталанбас ерекшеліктердің тіл өкілінің сөзінде бейнеленуі тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді және ол мәдениет өкілдері мен қоғамның бірін-бірі түсінуінің алғышарты болып табылады. Тілдер мен мәдениеттер арасында қаншалықты айырмашылық болса, шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру соншалықты күрделі екені аян ... "Қарым-қатынас" ұғымы онтогенезде тарихи тұрғыдан мәдениетаралық қатысым теориясында мәдениетаралық қарым-қатынас ретінде өзінің ғылыми интерпретациялық анықтамасында кеш қол жеткізеді, өйткені мәдениетаралық қатысым теориясы дербес ғылыми сала ретінде Америкада ХХ-ғасырдың ортасында ғана көрсетіле бастады" делінген[3]. Осы берілген анықтама негізінде өзге тілде қарым-қатынасқа түсу мақсатында білім ордасында оқытушылар мен студенттердің алдында көптеген мәселелер тұрады және мақсатқа жету үшін көп еңбек қажет етіледі деп ойлаймыз.
`Мәдениетаралық қатысымның" білім саласында пайда болуы мемлекетаралық қарым-қатынасты жақсартуға және экономикалық тұрғыдан үлкен жетістіктерге жетуіне ықпалын тигізеді деп ойлаймыз, өйткені мұндағы негізгі мақсат шеттілдік білімді жетілдіру кезінде тек ауызша ған тілдеспей сонымен қатар жазу арқылы да қарым-қатынасты жүргізуге болады. Сондықтан студенттер ресми хат, сауанамаға дұрыс жауап беруге немесе тест сияқты жазба жұмыстарды дұрыс меңгергені жөн.
Жазба тілдің мәдениетаралық қатысымда алатын орны ерекше деп ойлаймыз сондықтан жазба тір туралы ақпарат бергеніміз дұрыс деп есептейміз. "Энциклопедиялық анықтамада" берілген анықтама бойынша жазба тіл адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған байлығын сақтауына және оны ары қарай жетілдіруге мүмкіндік берді. Жазудың пайда болу тарихына көз салатын болсақ, ол - адамның ой-пікірін, басқа адамға хабрлап айтқысы келген ақпаратын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі болып есептелінген.
Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды және ол қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамадар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын кадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда пайдаланылған. Мысалы, үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе - соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз-балшықтан жасаған тақтаны ағаштың қабығын және тағы басқада заттарды пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған және сол таңбалар тұтас хабарды, немесе сөзді, буынды, дыбысты белгілеген. Сонымен қатар, әр таңбанынң графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болған деп көрсетеді деректер.
Адамзат тарихында жазу төрт түрге бөлінеді:

Пиктографиялық жазу - жазудың ең көне түрі болып есептелінеді және зерттеушілер жазудың бұл тұрін неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу, сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды. Бұл жазудың ерекшелігі ол әртүрлі суреттерден құралады және әр бір сурет бүтіндей бір хабар береді және бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге бөлінбейді. Осыған орай пиктограммалар тілдік форманы емес, оның мазмұнын бейнелейді. Бұл жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады, өйткені бұл тіл басқа тілдерден гөрі поллисинкретикалық тілге біртабан жанасымды. Пиктограммалық жазудың таңбалары питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады;
Идеографиялық жазу - жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді және онда әр сөздің графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың мысалдары ретінде иероглиф жазу және цифрлар жатады. Бұл жазу түрінің таңбалары қазіргі дыбыстық жазуда қолданылады. Мысалы: цифрлар, математикалық және химиялық және т.б. ғылыми-техникалық шартты таңбалар;
Буынды жазу - сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді және бұл жазу түріне финикия, көне семит, тибет, бирма, жапон және үнді жазулары жатады. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған.
Дыбыстық жазу (әріп жазуы) - жазудың дамыт жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері - финикий, арамей және грек жазулары. Көне түркі жазуы дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Қазақ халқының жазу тарихи көне түркі жазуынан басталған. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан. Әріптер белгілі жүйеде қолданылған. Түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы кейін мұсылман діннің таралуымен бірге келген араб әліпбиін ұзақ қолданбалы. 1926 ж. Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиін қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес жеңілдетіп, "төте жазу" әліпбиін жасады. 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллица көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде латын әліпбиіне негіделген жазуға көшу үрдісі қайтадан жаңғыруда[4].
Әр бір тұлға өз ойын тек ауызша ғана емес, жазбаша да жеткізе білсе, онда ол өте жоғары ойлау әректіне ие болады деп есептеймін. Бұны сауаттылық деңгейінің санаға, ойлауға әсерін зерттеген ғалымдар дәлелдеген екен (Ч.Темпл, 2001)[5]. Сол себепті басты бағытты оқу әрекеті арқылы жаза білуге, жазуды оқыту әдісі ретінде қолдануға мүмкіндік жасау керек екен.
Жазба сөз - сөз әрекетінің ерекше түрі, себебі ол ақпаратты графикалық түрде қарастырып, сөз тудырады және оның ерекшелігі ретінде жазба жұмыстарды біз есту немесе оқу арқылы жүзеге асырып отырамыз және өз ойымызды жазбаша жеткізе аламыз. Алайда шетел тілін үйренуде жазу әрекетінің рөлі төмен деген ойдан аулақпыз, себебі студенттер төменгі курстардан бастап ағылшын тілінде хат арқылы тілдесу немесе диктант және шағын эссе жазуға бейімделеді. Сонымен қатар, медициналық деректерге сүйенетін болсақ, жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығында анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал жүйесінің жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады және қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есту қабілеттері кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді екен.
Қорыта айтқанда, мәдениетаралық қатысымның жазба тіліне үйрету кезінде біз студенттерге жазу әрекеті қалай пайда болғанын, мысалы, жазба тілдің ауызша сөйлеуден кейін шыққаны туралы айтуымыз керек және осы тұрғыда, жазба тілдің үнемі ауызша тілге сүйеніп отыратыны туралы түсіндіруіміз керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар, жазудың құрамына алфавит, графика және орфография кіреді және жазба тілдің өзіне тән ерекшеліктері бар.

0.2. ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕГІ ЖАЗУ ӘРЕКЕТІН ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Шығыстану факультетінің студенттерін мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде кезінде жазу әрекетін жүргізу тәсілдері мен түрлеріне тоқталған жөн, өйткені жазу әрекеті басқа сөз әрекеттеріне қарағанда күрделірек деп есептелінеді. Жазу әрекетін дамыту мақсатында жазу техникасы мен орфографиялық дағдыларды жетілдіру үшін әртүрлі жазба жұмыстары беріледі, мысалы: көру арқылы қабылдаған сөздерді, сөйлемдерді жазу, бақылау диктанты, шетелдік досына хат жазу, белгілі бір тақырыпқа эссе жазу және тағы басқа көптеген тапсырмалар кездеседі. Сонымен қатар оның дұрыс ұйымдастырылуы әр бір оқу орындары құжаттарында белгіленіп отырады, мысалы типтік оқы бағдарламасында. Шетел тілін оқытудың алғашқы жылдарында студенттерге сөз әрекетін игерудің негізі қалыптасады. Шетелдік білім алу кезінде бірінші оқу жылында жазба әрекетін меңгеру кезінде студенттерге төмендегі талаптар қойылады:
шетел тілі әліпбиін дұрыс жазуға дағдылану;
сөздік қор, тыныс-белгілері және сұхбат ретінде сұрақтардың әр деңгейін меңгеру;
суреттерді сипаттау және шетелдік досына хат жазу әрекетін меңгеру және т.б. талаптар.
Сонымен қатар, осы жылда оқытушылар тарапынан студенттердің жазба әрекетін меңгеру деңгейін тексеру мақсатында жазу қабілетін бағалай параметрлері белгіленеді. Айталық: коммуникативті ойға сәйкестігі, мәліметтілігі, қисындылығы, тілдің дұрыстығы және ликсикалық толыққандылығы.
Екінші оқу жылында студенттер жазба әрекетін дамытуды ары қарай жетілдіріп, өздері үйреніп жатқан тілдің мәдениетін меңгеріп өз ойын еркін қағаз бетіне түсіруге дағдыланады деп ойлаймыз. осы жылдың соңында олар мәдениетаралық қатысымның жазбаша түрін меңгеру барысында төменде көрсетілген нәтижелерге қол жеткізе алады деген ойдамыз:
лексикалық минимумның барлық сөздерін орфография тұрғысынан дұрыс жазу;
оқыған мәтінге байланысты жоспар құры және соның мазмұндамасын беру;
тыңдалған мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді суреттеу және өз ойын білдіру;
шетелдік досына хат жолдау немесе шетелдік компанияға ресми хат жіберу дағдыларын меңгеруге талпынуы.
Ал үшінші оқу жылында студенттер алған білімін жоғары деңгейде көрсетіп күрделі шетел тілінде өз ойын еркін қағаз бетіне түсіруге бейімделіп, эссе, реферат немесе жоба жұмыстары сияқты жазба жұмыстарын игеруге талаптанады[5]. Мәдениетаралық қатысымның жазу әрекетін меңгеру мақсатында осы аталған типтік бағдарламада көрсетілген мәселелер жоғары оқу орынадарында толығымен атқарылады десек болады.
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету кезінде жоғары оқу орындарында жазу әрекетін ұйымдастыру мақсатында оңай жазба жұмысынан күрделіге қарай әртүрлі тапсырмалар беріліп отырады. Мысалы:
+ көру арқылы қабылдаған сөздерді жазу - тақтаға жазылған сөзді қайта жазып беру;
+ шығармашылық диктант - жекеше берілген сөздерді көпше тұрге ауыстыру;
+ жат жазу - үй тапсырмасы ретінде берілген қысқаша мәтінді немесе тақпақты сол қалпында жазу;
+ бақылау диктанты және т.б.
Жазу әрекетін меңгеру кезінде жазба жұмыстар тек сабақ кезінде орындалмайды соымен қатар үй тапсырмасы ретінде беріледі, әриен төменгі курстарда тапсырмала жеңіл болады сосын күрделене береді деп ойлаймыз. жазба тілід дамыьу мақсатында төменде көрсетілген жазбаша тапсырмалар кездесіп отырады. Айталық:
+ суреттерге жазбаша түрде сұрақ қою;
+ мәтін бойынша сұрақ қою;
+ әңгімеге жоспар құру немесе мәтіннің қысқаша мазмұнын жазбаша түрде жеткізу;
+ шетелдік досына хат жазу;
+ мазмұндама жазу;
+ белгілі бір тақырыпқа байланысты эссе жазу және т.б. тапсырмалар кездесіп отырады[6]. Әрине осы көрсетілген тапсырмалар жоғары оқу орындарында әр бір курс деңгейіне қарай өзгерін отырады және жазуды дамыту әдіс-тәсілдері құжаттарда көрсетіліп отырады.

0.3. ЖАЗУ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету кезінде оқытушылар тарапынан үлкен жауапкершілік болу керек деп ойлаймыз, өйткені студенттердің жазба жұмысын ұйымдастыруға деген қабілетін арттыру керек. Осы тұрғыда жазу әрекетін ұйымдастыру барысында оқытушылар жазба жұмыстары тапсырмаларын жеңілден күрделіге қазай бағыттау керек. Жоғарыда атап өткендей диктанттың жүргізілу тәілдері көрсетіледі. Енді ары қарай мазмұндаманы жазу барысында олардың психикалық үрдістерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекеттерін тудырады, өйткені мәтінді алдын-ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын мәтінді жобалап алудың, қате жібермеуүшін де тигізер пайдасы мол деп тұжырымдаймыз.
Жазу үрдістерінің аналитикалық жағы неден көрінеді десек, ол әңгімелеңгелі отырған оқиғаға сай келетін сөздерді таңдап алу, аналитикалық үрдіске жатады, ал осы сөздерді мәтіннің ішін енгізу синтетикалық үрдіс болып есептеледі. Субъектілер мен предикаттарды және заттың белгілерін көрсететін сөзді іріктеп алу анализ болса, ал синтез - осыларды сөйлемнің ішінде орын-орнына қойып оррналастыру болады. Мәтінді бірнеше бөлімге бөлу анализ болса, ал синтез - сол бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру деп есептелінеді. Мәтінге жоспар жасау жұмысы кезінде анализ іске асса, синтез сол жасалған жоспар бойынша, құрастырып айту, не жазып беру жұмысы болып саналады.
Мазмұндама студенттердің білім-деңгейлеріне қарай бірте-бірте күрделене береді. Жоғары курстарда мазмұндама жұмыстары көп жүргізілмейді, өйткені жұмыстың бұл түрі кең көлемді шығарма жазуға дайындық ретінде қолданылатындықтан, ендігі жерде шығарма жазуға ауысады. Яғни, студенттер жеңіл жазба жұмысынан күрделіге қарай аяқ басады деген тұжырым.
Студенттерге шетел тілін үйрету барысында олардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру әрбір оқытушының алға қойған міндеттерінің бірі екені айқын. Осы тұрғыда студенттерге ағылшын тілі сабағында эссе жазу басты тапсырмалардың бірі болып табылады. Эссе дегеніміз (француз тілінен essai - тәжірибе, латын тілінен exagium - құрау дегенді білдіреді) - философиялық, әдеби тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
Қазіргі уақытта эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді. Студенттерге әртүрлі шығармашылық байқауларда эссе жазу тапсырылады. Ойды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөз айқын түсінікпен сәйкес келіп, ой, сезім, идея дәл бейнеленуі тиіс автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай және стилі жеңіл болу керек деп ойлаймыз.
Эссені жазу кезінде, студент алдымен өзі таңдап алған тақырыптың өзекті мәселелерін қарастыру керек, сонымен қатар эссе не туралы хабарлайды, жазады, талқылайды деген сауалдарға жауап таба білу керек, сонымен қатар, осы эссені жазуға не себеп және оны кім оқиды деген деген сұрақтарда көтеріліп отырады. Студент эссе жазғанда, көңіл-күйін жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, дұрыс сөздерді таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет - тілді еркін меңгеру, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл және анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу. Әрине осындай күрделі тапсырмаларды орындау барысында студент өзінің әдеби тіл байлығын жеткізуге тырысады және көмекші құрал ретінде Интернет-ресурстарын пайдаланып, оңтайлы жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз.
Эссені жазар алдында студент алдымен өзіне жоспар құрады және төменде көрсетілген сұрақтарға өзі жауап беруі дұрыс болады. Мысалы:
эссені жазудың мақсаты қандай?
эссе кімге бағытталған?
эссенің негізгі идеялары қандай?
эссеге деген оқырманның пікірі қандай болады?
Студенттердің эссе жазудағы басты мақсаттарының бірі - белгілі мәселе бойынша өз пікірін жазбаша түрде еркін жеткізуі және дәлелдеуі, өзінің түсінігін, ойын жеткізіп, қойылған мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу болып табылады [8]. Өз білімін жетілдіру мақсатында шеттілдік білім алып жатқан студенттер ғылыми жазба тіл әрекетін меңгеруге үшін оқытушыларының көмегіне сүйенеді және үлкен еңбектің арқасында олар университеттік, халықаралық конференцияларға ғылыми жобалары төңірегінде мақала береді немесе Интернет-ресурстарын пайдаланып Интернет арқылы өз еңбектерін әлемде болып жатқан олимпиада, ғылыми хат алмасу немесе ғылыми конференцияларға өз материалдарын жіберіп отырады. Осындай еңбектің өзі өз жемісін беріп студенттер өз қабілеттерін бағалайалады және өзіне-өзі сенімділігі артады және үлкен аудиторияға қорықпай шығып өзі жазған мақаласын еркін жеткізуге мүмкіншілі алады. Алайда, ғылыми жазба жұмысы оңай деген ойдан аулақпыз, өйткені кей жағдайда студенттер біраз қиындыққа тап болады, мысалы:
+ белгілі бір тақырыпқа дұрыс мақсат-міндеттерін көрсете алмауы және дұрыс болжам жасай алмауы;
+ ғылыми терминологияны түсінбеуі;
+ өз ойын еркін жеткізе алмауы немес өз еңбегін сыни тұрғыдан бағаламауы. [8]. Тамар Даинловна
Қорыта келгенде, мәдениетаралық қатысымынң жазбаша түрін меңгеру мақсатында жазба жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру білім саласының бірден-бір мәселелерінің бірі.

0.4. ЖАЗУ ӘРЕКЕТІН ҮЙРЕТУДЕГІ ЖАТТЫҒУЛАР ТОПТАМАСЫ

Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету кезінде студенттердің ізденушілік-ақапараттық қабілетін дамыту барысында жоғары оқу орындарындарында жазу әрекетін жақсы меңгеру үшін жаттығулар топтамасы беріліп отырады. Жазба жұмыстарын жүргізу мақсатында оқытушылар әр бір жазба тапсырмасына жеке тоқталады және жазба жаттығуларды сабақ үстінде немесе сабақтан тыс үй тапсырмасы ретінде береді және оқытушы өз тарапынан бағдар беруші рөлін атқарады. Интернет-ресурстары арқылы жазу әрекетін дамыту барысында біз студенттерге қай интернет-ресурстарына сүйенгені дұрыс екенін жеткізуіміз керек. Әр бір сайттың білім сапасын жақсарту мақсатында өзіне тән ерекшелігі бар: ағылшын тілін меңгеруге қолайлы жаттығулар түрлері, мысалы: грамматикалық-лексикалық жаттығулар, тесттер және сөз әрекетін дамытудағы тренингтер. Студенттер өздерінің ізденушілік-ақпараттық біліктіліктілігін арттыру мақсатында Интернет желісі арқылы елтанушылық ақпарат немесе грамматиканы тексеру үшін белгілі бір сайттарға кіріп өзіне керек материалдарды алады. Жоғарыда айтылған ғылыми мақалаларды жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында Интерент желісіне сүйенген дұрыс болады. Оқытушылар өз тарапынан дұрыс бағыт-бағдар жасап алдын-ала қандай дерек көздерін пайдаланғаны жөн екенін студенттерге жеткізу керек. Мысалы:
анықтамалық каталогтар (Yahoo!, InfoSeekUltraSmart, LookSmart, Galaxy);
іздеу жүйесі (Alta Vista, HotBob, Open Text, WebCrawler, Excite).
Студенттер өздеріне керек мағлұматты мына сайттар арқылы таба алады:
http:www.britannica.com Британника энциклопедиясы. Ағылшын тілін үйренушілерге барлық мүмкіндіктегі ақпарат.
Ағылшын тілінде шығарма табуға болатын электрондық кітапханалар.
http:libfor.rureadiuepoe.html
http:www.multikulti.ruEnglishin foEnglish_info_113.html
http:www.dadoda.ru
http:www.knigka.info
http: www.readbookonline . net
http:www.fluent-english.ru Грамматика, лексика, мақал-мәтелдер және т.б.
www.uk.ru Ұлыбритания туралы ақпарат (Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия) - оның тарихы, географиясы, экономикасы, саясаты, білімі, мәдениеті, діні және спорт.
Russian NewYork - Нью-Йорк шығармашылық жастары туралы жаңа сайт.
http:www.usaforyou.net
http:www.americanlife.ru
http:grbr.ru
http:velikobritaniya.org [9].
Осы аталған сайттар Ұлыбритания мен АҚШ туралы толық ақпарат береді. Бұл сайттар арқылы студенттер үй тапсырмасы ретінде ресми немесе ресми емес хат жазуға, жарнама беруге немесе өз білімін шыңдау мақсатында тест тапсырмаларын орындауға ат салысады. Бұл жаттығу түрі әрине емтихан кезінде өз нәтижесін береді деген ойдамыз. Сонымен қатар, студенттер тек сабақ немесе емтихан кезінде ғана емес сонымен қатар оқытушымен бірге Интернет класстарында немесе өз бетінше үй тапсырмасы ретінде тесттер жасауға мүмкіндік алады. Тесттер студенттердің білім деңгейін тексереді, ағылшын грамматикасы мен сөздік корды молайтады және олар әр түрлі формада келеді. Мысалы:

Тесттер түрлері

1
Деңгейлік тест
Білім деңгейін анықтайды (beginner, elementary, pre-intermediate, intermediate, upper-intermediate және advanced).
2
Грамматикалық тесттер
Белгілі бір грамматикалық мәселеге немесе бірлескен грамматикалық мәселелерге байланысты білім деңгейін тексереді
3
Лексикалық тесттер
Белгілі бір тақырып бойынша вокабулярды жетілдіреді
4
Лексикалық-грамматикалық тесттер
Жалпы лексикалық - грамматикалық тілдік материалдар қарастырылады
5
Сөз әрекетінің даму деңгейін тексеретін тесттер
Тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын қалыптастырады

6
Біріккен тесттер
Оn-line емтиханы ретінде болуы мүмкін: ағылшын тіліне ҰБТ және халықаралық емтихандар, мысалы: YLE, KET, PET, FCE, CAE, CPE, BEC және т.б.

Сонымен қатар, тесттер әр түрлі деңгейде келеді және оларды жасау жөнінде нұсқаулықтар беріледі. Кейде, қате жіберілген жағдайда студенттерге оны қайта жасауға компьютер тағы мүмкіндік береді. Әрине осы арқылы студенттердің өзіне сенімділігі артады, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беріледі және өз білімін сыни тұрғыдан бағалауға, жіберген қателерін өз бетінше сараптауға студенттердің мүмкіндігі зор, өйткені комьютер студенттердің қателеріне сын айтпайды, керісінше дұрыс шешімін табады.
http:njnj.ru Жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ға дайындық тесті, Matrix Upper - Intermediated Tests, Advanced Grammar Tests.
http:englishschool12.ru Еlementary-Аdvanced деңгейін тексеру тесттері.
http : www. efl. ru Грамматика мен сөздік қорды тексеруге арналған тесттер.
http:www.exams.ru KET, PET, FCE, CAE, CPE деңгейін тексеруге арналған тесттер.
Test Your English
Academia Boston - English Level Tests
Cambridge University English Language Examinations
English tests and quizzes: practice for students of English
English Tests
Online English Tests
http:www.edufind.comtest
Golden Errors in Tests Mistakes Студенттер тарапынан жиі қате жіберілетін тесттер топтамасы.
Сонымен қатар, тесттердің өздері де бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Мысалы, ағылшын деңгейін тексеруге арналған тесттер:
http:www.study.ruonlinetestsen glish.html
http:www.bkc.rutest
http:news.bbc.co.ukhirussianle arn_english
http:www.reward.ruplacement.htm
http:www.efl.rutests
http:eng.hut.rutesttests.php
Осы тесттерді орындау арқылы студенттер ағлшын тілін меңгерудің деңгейін тексере алады.
Ағылшын тілінен әр түрлі сөз әрекеттерін тексеруге арналған тесттер сайттары:
http:www.study.ruonlinetestsen glish.html#grammar
http:www.study.ruonlinetestsen glish.html#answer
http:www.study.ruonlinetestsen glish.html#collection
http:www.better-english.comgramm ar.htm
http:www-koi8.machaon.ruquizqui z
http:www.lang.ruteststest4.asp
http:www.lang.ruteststest2.asp
http:www.lang.runew_wordstest1. asp

Жоғары курс студенттері үшін ағылшын тілінен халықаралық емтихандарға дайындау үшін жасалынған тесттер топтамасы:
http:education.kulichki.netlang ielts.html
http:www.toefl.rum_test.shtml
TOEFL тесті (Test of English as a Foreign Language) http:www.wordskills.comlevelcpe form.html
CPE емтиханын тапсыруға арналған тест (Certificate of Proficiency in English).
http:www.wordskills.comlevelcae form.html
Certificate in Advanced English (CAE) емтиханын тапсыруға арналған тест.
http:www.wordskills.comlevelfce form.html
FCE (First Certificate in English).
http:www.languages-study.comengl ish-tests.html Әртүрлі тесттер топтамасы.
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйрету барысында студенттердің ізденушілік-ақпараттық біліктілігін арттыру мақсатында интернет желісінде жазу әрекетін жақсарту мақсатында көп пайдалы сайттар бар. Мысалы:
http:www.english.ruletterletter .html "Ағылшытн тіліндегі кәсіби және жеке хаттар түрлері" атты Ольга Азарованың тиімді курсы. Материалдар төмендегі жоспар бойынша беріледі:
1. Стандартты хаттардың жасалуы. Мекен-жайы, күні, мазмұны, соңы, қолы, қосымша, көшірме. Кейбір арнайы пошталық таратулыр.
2. Хаттың мазмұны. Хаттың мәтіні. Жалпы талаптар. Кәсіби хаттар түрлері. Резюме.
3. Резюмеге қосымша хатты қалай жазуға болады?
4. Кәсіби хат алмасудың кейбір мысалдары.
5. Факстер, телеграммалар. Қабылданған қысқартулар.
6. Электрондық пошта. Жалпы талаптар.
7. GB және US жобасындағы сөздіктер.
8. Жеке хаттар.
9. Жеке хаттар түрлерінің мысалдары. [9]. Классификация интернет - ресурсов для преподавания английского языка Кожаева Наталья Георгиевна, учитель английского языка МОУ Комсомольской СОШ Кинельского ОУ, Самарской област

Сонымен қатар, Интернет желісі арқылы студенттер мен оқытушылар on-line түріндеде сабақ өтуіне болады.

ТҰЖЫРЫМ

ІІ Тарау. МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМНЫҢ ЖАЗБАША ТҮРІНЕ ҮЙРЕТУДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ІЗДЕНУШІЛІК-АҚПАРАТТЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. ІЗДЕНУШІЛІК-АҚПАРАТТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІҢ СИПАТТАМАСЫ

Заман талабына сай білім беру жүйесіндегі мекемелердің алдында тұрған мақсаттарының бірі ретінде қазіргі заманғы ақпараттарды білім саласында қолданудың пайдасының маңызы зор, өйткені студенттердің білім сапасы арттырылады және олардың болашақ маман ретінде ізденушілі-ақпараттық біліктілігі қалыптасады деп ойлаймыз. Елімізде білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беруді ақпараттандыру қарастырылған және осы бағдарлама ақпараттандыру блогын іске асырудың негізгі бағыттарын қарастырған. Мысалы:
+ ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқу жүйесіне енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
+ компьютер техникасымен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін орта білім беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениетаралық қарым –қатынас және аутенттік мәтіндер
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың теориялық сипаттамасы
Төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі
Кәсіби қазақ тіліндегі психолингвистика
Оқушылардың мәдениетарлық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Пәндер