Арабша - қазақша құқық терминдері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Терминология және аударма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1 Араб терминологиясының қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... 10
1.2. Қазақ терминологиясы және даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Аударма теориясы және аударма түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

2. Араб құқық тілінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.1 Араб құқық тілінің қалыптасуына әсер еткен факторлар ... ... ... 33
2.2 Араб құқық тілінің орнауына фикхтың әсері ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3 Араб құқық тіліне Құран, хадистердің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.4 Араб құқық тіліне әсер еткен лингвогеографиялық фактор ... ...41
2.5 Араб елдерінің осы заманғы құқық тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

3. Қазақ тілінің құқық терминдері ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
3.1 Қазан төңкерісіне дейінгі құқықтық атаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
3.2 Құқық терминдерінің Кеңес өкіметі кезіндегі жай. күйі ... ... ... ... .88
3.3 Құқық терминдерінің жасалу көздері немесе шығу тегі ... ... ... ... .92
3.4Араб құқық терминдерінің қазақ тіліне аударылу мәселелері ... ...97

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .102

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .106

Қысқартулар мен белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 110

Қосымша (арабша . қазақша құқық терминдерінің сөздігі ... ... .111
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Өркениетке қадам басқан қазақ халқының алуан түрлі тіршілігінің бірі - тіл тағдыры. Ұлттық тілсіз тәуелсіздіктің ешқандай мәні де жоқ. Мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелері біршама. Академик Әбдуәлі Қайдаров айтқандай, «Ең алдымен оның тірек болатын үш тағаны - жазу сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірі), ономастикасы, терминологиясы (оның байуы, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет» деген пікірі орынды айтылған.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай тіліміздегі терминдер – бүгінгі үрдіс нәтижесінде едауір өзгерістерге ұшырап, қайта қаралып жатқан мәселе.
Сондықтан терминология мәселесіне, оның ішінде салалық термин проблемасына аса көңіл бөлініп, салиқалы да жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізу бүгінгі күннің зор талабы болып отыр.
1. Абдрахманов А. О принципах составления русско-казахских отраслевых терминологических словарей. Вопросы терминологии. -М.1961. – 195б.
2. Ағыбаев А., Баймурзин Ғ. Қылмыстық құқықтың орысша-қазақша терминдерінің сөздігі. -Алматы, 1994.
3. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. -Алматы, 1988.- 23-45б.
4. Алдашева А., Сарыбаев Ш., Уалиев Н. Жаңа атаулар. -Алматы: Ана тілі, 1992.
5. Әбдірахманов Ә. Терминдер мен атаулар. –Алматы: Қазақстан, 1990.
6. Базарбаев К. Экономикалық және әлеуметтік терминдердің орысша-қазақша сөздігі. -Алматы, 1993.
7. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. -Алматы, 1992.- 78б.
8. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру. - Алматы, 1997.
9. Дулатбеков Н.О. Заң терминдерінің қазақша-орысша, орысша-қазақшасөздігі. -Алматы, 1995.
10. Заң терминологиялық сөздігі. -Алматы, 1996.
11. Ибраева А. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. -Алматы, 1996.
12. Исанова А.Ш. Қазақ тілі заң терминологиясының қалыптасу тарихы (ҚазҰУ хабаршысы, филология сериясы, 3 саны).
13. Кенжалиев З., Даулетова С.О., Андабеков Ш.А. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 98-112б.
14. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 66б.
15. Rouland N. L’ Аntropoloie juridique. P., 1990.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 123 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Терминология және аударма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Араб терминологиясының қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... 10
1.2. Қазақ терминологиясы және даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Аударма теориясы және аударма түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

2. Араб құқық тілінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.1 Араб құқық тілінің қалыптасуына әсер еткен факторлар ... ... ... 33
2.2 Араб құқық тілінің орнауына фикхтың әсері ... ... ... ... ... ... ... .. .34
2.3 Араб құқық тіліне Құран, хадистердің әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ..36
2.4 Араб құқық тіліне әсер еткен лингвогеографиялық фактор ... ...41
2.5 Араб елдерінің осы заманғы құқық тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

3. Қазақ тілінің құқық терминдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ..70
3.1 Қазан төңкерісіне дейінгі құқықтық атаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
3.2 Құқық терминдерінің Кеңес өкіметі кезіндегі жай- күйі ... ... ... ... .88
3.3 Құқық терминдерінің жасалу көздері немесе шығу тегі ... ... ... ... .92
3.4Араб құқық терминдерінің қазақ тіліне аударылу мәселелері ... ...97

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...102

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...106

Қысқартулар мен белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..110

Қосымша (арабша - қазақша құқық терминдерінің сөздігі ... ... .111

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Өркениетке қадам басқан қазақ халқының алуан түрлі тіршілігінің бірі - тіл тағдыры. Ұлттық тілсіз тәуелсіздіктің ешқандай мәні де жоқ. Мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелері біршама. Академик Әбдуәлі Қайдаров айтқандай, Ең алдымен оның тірек болатын үш тағаны - жазу сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірі), ономастикасы, терминологиясы (оның байуы, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет деген пікірі орынды айтылған.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай тіліміздегі терминдер - бүгінгі үрдіс нәтижесінде едауір өзгерістерге ұшырап, қайта қаралып жатқан мәселе.
Сондықтан терминология мәселесіне, оның ішінде салалық термин проблемасына аса көңіл бөлініп, салиқалы да жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізу бүгінгі күннің зор талабы болып отыр.
Қоғам дамуында, адамдардың өз тіршілігінде материалдық игіліктер өндіруде қажетті қатынас жасау қандай қажет болса, тіл қызметінде терминология соншалықты қажет.
Салыстырмалы-тарихи және типологиялық тіл білімі, тікелей теоретикалық түрінен басқа қолданбалы өзгешелікке ие болуы қажет. Сондықтан, ізденудің объектісі саналатын тілдегі қазіргі істер күйіне жүгіну қажет. Қазіргі кезде Таяу Шығыс жайлы информацияны жеткізу туралы өткір сұрақтар туындап отыр. Әсіресе, араб елдерінің құқықтық жүйесі жайлы мағлұмат жоқтың қасы. Негізінен елімізге Араб әлемі жайлы информация, сол елдерде болып жатқан процестер мен өзгерулер үшінші қолдан, немесе толыққанды емес күйде, немесе кешігіп келеді. Бәріне мәлім, ізденушінің алдында әрдайым мәдени бөгем болады. Ол негізінен тілдік бөгемге байланысты. Аударма және құқықтық құжаттарды анализдеу кезінде қателер туындайды. Ол ең біріншіден араб құқықтық санасының ерекшеліктері жайлы мағлұматтың жеткіліксіздігінен болды.
Заңдық мәтіннің мағынасы оны оқу барысында көрінеді. Ол мәтінді мағынамен қамтамасыз ететін интерпретатор болу керек. Алайда, интерпретаторлардың интелектуалды қабілетінің ( білімі, мәдени деңгейі, соның ішінде құқықтық) әртүрлі болуына байланысты мағына әртүрлі болуы мүмкін. Заң шығару техникасының жалпы мақсаты болып, құқықтық нормалар мәтінінің қол жетерлігіне жету (олардың мағынасы жағынан). Алайда, ол заң мағынасына және заң дәлдігіне қайшы келмеуі керек.
Құқықтық акттың сыртқы түсіндірмесі және құқық (заң) адамдардың санасы мен еркіне тек тілдің көмегімен әсер етеді. Сол тіл арқылы құқықтық жарлықтар мазмұндары жайлы информация жеткізіледі. Тіл көмегімен заң шығарушының ойы сыртқы қолданысқа қабілетті.
Бұл бітіру жұмысы араб елдеріндегі заңдық техника тіліне, құқықтық терминдерге, араб және қазақ тілдерінің құқықтық тілінің дамуына, жалпы екі тілдегі терминдердің лексикада алатын орнына, араб құқық терминдерінің қазақ тіліне аударылу мәселесіне арналған. Бітіру жұмысы бірнеше ғылымдардың торабында жүргізіліп, жазылған. Олар: тіл білімі (оның салыстырмалы-тарихи, типологиялық контекстінде), заңтану (құқықтық теориясы жағынан), салыстырмалы заңтану ( әртүрлі елдердің құқықтық жүйелерін салыстыру жағынан), терминтану және жас ғылым саласы -- құқық антропологиясы.
Европа мен АҚШ- тың заңдық техникасы еліміздің тіл білімімен қалай болса да зерттелген. Алайда, Таяу Шығыстың заңдық техникасы елімізде мүлде зерттелмеді десек болғаны.
Қазіргі кезде Таяу Шығыс елдерінің тез арада дамуы және демографиялық жарылыстан кейін ол елдер жайлы (мұнайға бай араб мемлекеттері жайлы) тәуелсіз әрі барабар мағлұмат жеткізілу азаюда. Табылған деректерді талдау кезінде, араб құқықтық деректерін аударуда батыстық ғалымдардың, ізденушілерінің әжептеуір шабыты байқалады. Көрші жатқан Ресей ғалымдары олардан артта қалып қоймады. Батыстық ғалымдардың шабыты негізінен батыс елдерінің геополитикалық мүддесіне байланысты.
Бұл фактор батыс ғалымдарының (салыстырмалы заңтану саласымен айналысатын) Таяу Шығыс аймағындағы құқықтық тілдерге қызығушылығын туғызады.
Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шетел тілдерінің мамандары, аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында - логиктер мен математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа да сала ғылымдары жүйелі түрде шұғылданып келді.
Бұған дәлел соңғы шыққан түсіндірме сөздіктер мен екі тілдік сөздіктер, әр жылдары қорғалған диссертациялық жұмыстарды атауға болады. Атап айтқанда: Орысша-қазақша әскери атаулар (Қызылорда, 1927), Қазақ тілінің терминдері (Қызылорда, 1936), Орысша-қазақша қоғамдық-саяси терминологиялық сөздік (Алматы, Қазақстан баспасы, 1974), Ғ.Сапарғалиев Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі (Алматы, 1995), т.б.
Бұлайша терминология мәселесінің қолға алынуы себебі - ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердің, әдебиеттің жоғары дәрежеде даму жетістігі.
Қазақ жерінде де ғылымдар саласында термин сөздердің қалыптасуы, дамуы баяу жүрсе де тоқтаған емес. Оның Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары қарқынды дамуына біршама үлес қосқан, терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Рееформатскийдің, В.В.Виноградовтың, А.Н.Баскаковтың, Р.А.Будаговтың, О.С.Ахманованың, Т.Бертагаевтың, В.П.Даниленконың, т.б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің мәні зор болды.
Сонымен қатар, түркология ілімінде де үлкен талпыныстар, зерттеу жұмыстары жандана бастады. Олар: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ә.Қайдаров, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ш.Сарыбаев, С.Исаева, С.Бәйішев т.б. ғалымдардың еңбегі орасан зор болды. Бұл ғалымдардың еңбектерінде термин жасаудың принциптері мен шарттары белгіленіп, анықталып, олар сөздік жасауға қатынасты. Осыдан келіп салалық термин жасау мәселесі қолға алынды.
Терминология мәселесін зерттеудің бірнеше себептері болды. Атап айтқанда: әрбір өркениетті, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай оның терминологиясы да заман талабына орай дамуға тиіс. Екіншіден қазақ әдеби жазба тілі - мемлекеттік тілдің негізі болса, терминология мен ғылым тілі оның жон арқасы болуға тиіс. Үшіншіден, қазақ тілі терминологиясы әр түрлі жағдайларға байланысты қазіргі кезде үлкен дағдарысқа ұшырап отыр.
Қоғамдық дамудың жаңа кезеңдерінде еліміз егемендік алып, бүкіл халқымызды мәдениетті, білімді ету мәселесі күн тәртібіне қойылған кезде әдеби тілдің ғылыми терминологиясын бұрынғыдан да гөрі түпкілікті ету, әрі халық арасына батыл түрде баянды етіп сіңіру мәселесінің өте зор маңыз алып отырғанын көреміз. Халықтың мәдениеті көтеріліп, санасы өскен сайын тіл қадірі де арта түсуде.
Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға сапалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда болып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туды. Осындай жолмен туындайтын, халық тұрмысында өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі - заң терминдері.
Республикамызда заң мамандарын дайындау ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғында басталды. Демек, сол кезден бастап Қазақ мемелекетінде заң саласындағы терминдер қалыптаса бастады.
Ғылым мен мәдениеттің шарықтай өскен заманыңда басқа терминдер сияқты заң терминдерінің құрамында да көптеген өзгерістер болды. Бұрынғы терминдер құрамындағы бірқатар атаулар ескіріп, оның есесіне жаңа ұғымды білдіретін соны атаулар пайда болды. Мысалы, болыс, би, қазы, ұлық т.б осы сияқты көне атаулар архаизмге; кеңес, сот, прокурор, қорғаушы, тергеуші т.б сөздер осы кездегі әлеуметтік меншік пен мемлекеттік қорғаушы субъектілердің мазмұнын білдіретін терминдік мәнге ие болды.
Заң терминдерінің негізін халықтың әдет-ғұрыптарынан, заңдарынан, жол-жораларынан, қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдарынан, заң кодекстерінен, қылмыстық істер кодекстерінен кездестіруге болады. Мысалы, куә, халық соты, заң, шағым, бас бостандығы, қоғамдақ тәртіпті қорғау, бап, құқық, еңбек тәртібі, жауапкер, талап арыздары, айыпкер, жаза, қылмыс, айыптаушы, тағы басқа сөздер бірер жылдың жемісі емес, халықтық қолданыста бар, кейбірі бұрыннан-ақ терминдік мән алған сөздер. Тілді жаңа терминмен байытудың ең тиімді де өнімді жолы осы тілдің өзінің сөздік қоры мен диалектілерін пайдалану екенін көрнекті тіл мамандарының бәрі дерлік мақұлдаған.
Осы кезге дейін бізге мәлім болыған заң терминдерінің шығу тегі, жасалу жолдары да түрлі-түрлі болып келгенін білеміз. Бірқатар терминдер жалпы түркілік негізде жасалса, енді біреулері қазақтың жалпыхалықтық төл лексикасының негізінде, ал бір сыпырасы басқа тілден ауысқан кірме сөздердің терминдік қызмет атқарып қалыптасуынан пайда болды. Мысалы, әкімгершілік ұғымды білдіретін хан, тархан, бек сөздері көне түркі дәуірінен белгілі. Жала, құн, айғақ сияқты қылмыстық правоға қатысты сөздер байырғы қазақ тілінде бар атаулар. Ал адвокат, компетенция, куә, шара, айып сөздері - басқа тілден ауысқан кірме атаулар. Осындай пайда болу төркіні әртүрлі сөздердің де қай-қайсысының термин ретінде қалыптасу жолы, өз тарихы бар. Бұлардың бәрі де дүниенің әлеуметтік тынысымен, халық шежіресімен бірге астасып жатады.
Сондықтан, заң терминдерін бір ізге салудың, оларды қалыптастырудың маңызы зор. Бұл салада істелген бір шама жұмыстар да бар.
Алғаш рет заң терминдерін жүйеге салып, сөздік жасаған ғалым Т.Күлтелеев. 1962-1964 жылдар аралығында басылып шыққан заң кодекстері-заң терминдерінің қалыптасып, дамуына игі әсерін тигізді.
Мысалы, 1960 жылы шыққан С.Байсалов пен Ұ.Құдайбергеновтың орысша-қазақша терминологиялық сөздігінің үлкен пайдасы болды. Онда 2700-ге таяу заң терминдері қамтылды.
Бұл сөздік - қазіргі кезде заң терминінен хабардар ететін бірден бір лингвистикалық еңбек деп айтуға болады.
Заң терминдері ғана емес, жалпы терминология мәселесінің теориялық жақтары қазақ тіл білімінде әлі де толық шешімін таппай отыр.
Демек, К.Аханов, Қ.Жұбанов, С.Байішев, Ә.Сатыбалдин, Ә.Әбдірахманов т.б. еңбектеріндегі және оқулықтарындағы берілген анықтамалар негізге алынып, бүгінгі кезеңде арнайы зерртеу жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймыз.
Бүгінгі таңда Республикамызда заң терминдерін зерттеп білу міндеті өзінің көптеген шешімдерін күтуде. Солардың бірі - заң терминдерінің қалыптасу кезеңдерін анықтау, олардың шығу төркіні (генезисі), терминдік жүйе ретінде қалыптасуы арнайы зерттелген жоқ.
Заң терминдерін ғылыми жағынан зерттеудің маңызы зор. Әсіресе, жоғары оқу орындарындағы заң факультеттері студенттері, заң, сот мекемелерінде қызмет істейтін мамандардың күнделікті жұмыстарында пайдалануға аса қажет.
Демек, бұл айтылғандардың бәрі де зерттеп отырған проблеманың өзектілігін дәлелдейді. Сондықтан, қазіргі қазақ әдеби тіліндегі заң терминдері проблемасы арнайы зерттеуді қажет етеді.
Қазіргі кезде араб әлемі жайлы мағлұмат Қазақстанға агенттіктер арқылы немесе Ресей дерек көздері арқылы келеді. Араб елдерінің құқықтық тілінің ерекшеліктерін зерттеу практикада заңдық документтерді занды түрде аудару түсінігімен байланысты болып келеді.
Осы салада жазылған еңбектер жоқтың қасы. Қазақ тілінің немесе араб тілінің құқық терминдерін зерттеуге арналған жұмыстар аздап кездескенмен, екі тілді салыстыра отырып зерттеуге арналған жұмыстар жоқ. Бұл салада тек кішігірім диплом жұмыстары, мақалалар кездеседі.
Зерттеу жұмысы бір жылдың ішінде зерттеліп жазылды. Алдымен тақырып таңдалып, кейін материалдар жинастырылды. Жұмыстың тақырыбы бойынша бір мақала жарияланды. Әртүрлі құқық терминдері жинастырылып, сөздік құрастырылды.
Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін екі түрлі бағытта жұмыс істелді. Әуелі практикалық жақтан терминдер жинастырылды, кейіннен теориялық жақтан қарастырылып, екі тілдің терминдер жүйесі зерттелді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
* Біріншіден, араб және қазақ тілдерінің құқық терминдерінің, жалпы терминология жүйесінің қалыптасуы мен даму жолдарын білу;
* Екіншіден, араб елдерінің заңдық техника тілінің ерекшеліктеріне әсер ететін экстралингвистикалық факторларды зерттеу кажеттілігі;
* Үшіншіден; құқықтық араб тілін зерттеу еліміздің шығыстануының дамуына және араб құқықтық терминологиясын аударудағы эквиваленттілікке (ұқсастыққа) жету.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: араб және қазақ құқықтық терминдерін зерттеу, араб және қазақ құқықтық тілдерінің ерекшеліктерін анықтау, араб құқық терминдерінің қазақ тіліне аударылу мәселелерін қарастыру. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындау керек:
қазіргі құқықтық араб тілінің лексикалық құрамымен танысу;
араб тілінің құқықтық терминдерін қазақ тілінің құқықтық терминдерімен ара қатынасының жаңа тенденцияларын анықтау;
зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығын анықтау;
құқық терминдерінің лексикалық құрамын сипаттау;
екі тілдегі терминдер жүйесінің даму жолдарын көрсету;
араб терминдерінің қазақ тіліне аударылу ерекшелігін айқындау.
Зерттеу жұмысының нысаны.
Араб және қазақ тілдеріндегі құқық терминдері, олардың мағынасы мен ерекшеліктері, олардың тарихы.
Зерттеу жұмысының пәні. Араб және қазақ тілдерінің құқық тілі.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
1. Бітіру жұмысында қойылған сұрақтар салыстырмалы-тарихи, типологиялық тіл білімі, қолданбалы лексикология, терминтану және салыстырмалы заңтану ғылымдарының торабында шешілді.
2. Араб және қазақ тілдерінің құқық терминдерін салыстыра отырып зерттелген жұмыстар жоқтың қасы. Сондықтан да, қазіргі заман сұраныстарын ескере отырып, екі тілдің құқықтық термин жүйесіне талдау жасалды.
3. Терминтану мен құқықтық лингвистиканың негізгі күйі Таяу Шығыс аймағының лингвоелтануына бейімделген.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы.
Диссертацияның қорытындылары мен нәтижелері, ұсыныстары қазіргі кездегі терминология саласында, араб және қазақ терминологиясының, соның ішінде құқық терминдерінің даму, қалыптасу тарихын зерттеп, анықтауға өз үлесін тигізеді. Араб және қазақ тілдеріндегі құқықтық деректерді талдап, аударма эквиваленттілігінің теоретикалық негізін құрастыруға да септігі болады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Бұл еңбекте ғылыми дәлелденген, анықталған мәселелер жоғарғы оқу орындарында араб тілін оқитын студенттерге, оны оқытатын оқытушыларға көмегін тигізеді. Сондай-ақ, заң терминдерінің түсіндірме сөздіктері мен оқулықтарын жазуға практикалық тұрғыдан септігін тигізеді.
Бітіру жұмысы лексикографиялық, терминологиялық қызметке, терминдердің және термин жүйесінің унификациясына, терминологиялық мәліметтер банкін құруға ( ТМБ) көмектеседі.
Ізденіс кезіндегі жасалған қорытындыларды араб тілі мамандары, араб елдерінің құқық деректерімен жұмыс істейтін заңгерлер қолдануы мүмкін. Араб заңдық құжаттарының аудару барабарлығына көмек етеді. Араб елдері мен Қазақстан арасындағы болған халықаралық соттық істі қарау кезіндегі қазақ дипломаттары мен мамандарына, студенттердің Таяу Шығыс елдерінің мәдениеті, тілі, тарихын оқуда көмектеседі.
Зерттеу жұмысының дерек көздері ретінде хронологиялық және функционалды түрде классификацияланған заңдық деректер: араб тіліндегі құқықтық әдебиет (құқық теориясы жайлы оқулықта араб тілінен ағылшын тіліне аударылған құқықтық әдебиет, араб тілінен орыс тіліне аударылған әдебиет, түрік және босниялық тіліндегі мәтіндер, оларда араб тілінен енген сөздер проценттік жағынан көп).
Құқықтық араб тілінің үлгісі ретінде (орта ғасырда арабтар колданған) Фикх-ус-Сунна ﺃﻟﺴﻨﺔ ﻓﻗﻪ (араб тіліндегісі және ағылшын тіліндегісі). Осман империясының соңғы уақыттағы құқықтық араб тілінің анализі ретінде Маджалат-уль-ахкам-уль-адлия ﺃﻠﻌﺪﻟﻴﺔ ﺃﻷﺤﻛﺎﻢ ﻣﺟﻟﺔ кітабы алынды. Сондай-ақ, арабша-қазақша құқық терминдерінің сөздігін жасау үшін Мұхаммад Махмудтың معجم المصطلحات المترجم деген ағылшынша-арабша сөздігі пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеуде салыстырмалы әдіс, талдау әдісі, сипаттама әдісі, салғастыру әдісі қолданылды.
Талдау әдісі арқылы терминдер, сөз тіркестері талданып, олардың құрылымы, мағыналары анықталады.
Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар тілдік процесстерге сүйеніп, лингвистикалық, этнолингвистикалық тұрғыдан баяндалады, араб тіліндегі құқықтық институттар, терминология сипатталды.
Салыстырмалы әдіс арқылы құқық терминдері, олардың түрлері бір-бірімен салыстырмалы түрде зерттелінді, әртүрлі тілдегі заңдық мәтіндер салыстырылды.
Салғастырмалы әдіс арқылы екі бөлек тілдік семьяға жататын араб және қазақ тілінің құқық терминдері салғастырыла зерттелді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, ол үш тараудан құрылған, қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі және арабша-қазақша құқық терминдерінің сөздіктері берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Терминология және аударма

1.1 Араб терминологиясының қалыптасуы мен дамуы
Араб тілі - Құран тілі. Араб тілі ең көркем, ең қиын тілдердің бірі. 22 мемлекет сөйлейтін тілдің терминология жүйесі күрделі. Енді біраз араб терминологиясының тарихы мен даму жолдарына тоқталсақ.
Терминология жалпы әдеби лексиканың бір құрамдас бөлігі (жалпы әдеби тілдің бір жүйесі). Себебі араб терминологиясы өз бастауын жалпы әдеби тілден алады. Сондықтан да терминдік жүйе жалпы әдеби лексиканың даму үрдісі мен қызметінен алшақтай алмайды. Терминдер жалпы халық лексикасын дамытатын қайнар көздердің бірі.
Отаршылдық бұғаудан азат болған араб елдері елеулі ғылыми және техникалық прогресті өткізуде. Сондықтан осы кезде ұлт тіліндегі барлық терминдерді қамтитын арнайы терминологияның болу қажеттілігі туды. Араб тіліндегі терминология ілімінің қалыптасу тарихы екі үлкен: классикалық және қазіргі замандық кезеңнен өтті. Әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болса да, араб тілі өз тазалығын сақтап қалуға барлық кезеңде де ұмтылған. Тілдің даму механизмі бойынша тілдердің қайсысы да жаңа сөздер, атаулар қалыптастырып отыруға икемді. Тіл заңдылығы бойынша кез-келген жаңадан жасалған сөз не термин қалыптасу үрдісінен өту керек, сұрыпталуы қажет. Термин қалыптасу ісі бір күнде бола салатын іс емес. Ол - жоспарлы, саналы түрде жүзеге асырылатын құбылыс.
Араб әлемінде терминдер жүйесімен айналысатын үш мектеп бар. Олар: 1934 жылы құрылған Каир академиясы, 1919 жылы негізі қаланған Дамаск академиясы және 1947 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Бағдад академиясы. Сондай-ақ терминологияны жүйелеумен Арабизация Бюросы да (Рабат, Марокко) айналысады.
Араб терминологиясының құрылымы өте күрделі десе болады. Бұның себебі араб тілінде көп жылдық тарихы бар диалектінің болуы. Сондай-ақ, араб-ағылшын және араб-француз билингвизмінің әсері де үлкен. Араб тіліндегі кейбір сөздерді атауда терминдердің бірнеше түрі бар. Мұның мәні мынада: бұрын басқа тілден еніп қолданылып жүрген терминдерді қазіргі тіл мамандары араб тіліне, лексикасына лайықтап жаңадан шығарған терминдермен атай бастаған.
Араб тілінде терминді المصطلح деп атайды. المصطلح сөзі негізін اصطلح (аудармасы: жақсарту, түзету, қабылдау) етістігінен алады, бұл сөздердің түбірі صلح етістігі. Араб тілі сөздіктері бұл сөзді бұзылуға қарсы деген мағынаны беретінін анықтады. Араб мәтіндерінде бұл сөздер, сондай-ақ, الاتفاق - келісім сөзінің мағынасын беретіні де көрсетілді. Жоғарыда аталған сөздердің көбі Құран Кәрім мен Хадис шарифтерде кездеседі.
Ал اصطلح етістігі көптеген хадистерде өз қолданысын тапқан. Бұл сөз, сонымен қатар, көптеген араб ғалымдарының еңбектерінде кездеседі. Мысалы, Ибн Манзурдың (хижра бойынша 711 жылы қайтыс болған) Арабтың тілі еңбегінде, Аззибидің (хижра бойынша 1205 жылы қайтыс болған) تاج العروس еңбегінде көруге болады. Енді اصطلح сөзінің хадистерде кездесетін жерлерінен мысалдар келтірейік: اصطلحا على إن لنوح ثلثها, اصطلح اهل هذه البحيرة, اصطلحوا على وضع الحرب, اصطلحنا نحن و أهل مكة. Бұдан байқайтынымыз اصطلح етістігі اتفق етістігіне синоним болып келеді. اصطلح және مصطلح масдарлары Құранда немесе хадистерде, көне араб сөздіктерінде кездеспейді. Ислам өркениеті дами бастаған кезде اصطلاح сөзін көптеген авторлар өз арасында ғылыми атауларды атау үшін еңбектерінде қолдана бастады. Сондай-ақ, осы мағынада مصطلح сөзі де қолданылды. Содан бері көптеген ғасыр өтсе де бұл сөз өз қолданысын жоғалтпады. Мысалы, Жахиздың (хижра бойынша 255 жылы қайтыс болды) اصطلحوا على تسمية ما لم يكون له في لغة العرب اسم еңбегінде, сондай-ақ مصطلح الحديث, الاصطلاح, اصطلاح النحويين, اصطلاح اللغويين еңбектерінде өз орнын тапты. Сол кезде терминдер туралы Ахмад бн Хамданның الفاظ деген еңбегі жарық көрді.
Соңғы кездегі авторлардың көбі اصطلاح және مصطلح деген екі сөзден مصطلح сөзін көп қолданып, соған көп ықылас танытып жүр. Ислам өркениеті кезінде терминдерге арналған ең құнды еңбек 1745 жылы жарық көрді. Ол Аттаханидің كشاف اصطلاحات الفنون еңбегі.
Европаның әртүрлі тілдерінде бұл сөз бір-біріне ұқсайды. Мысалы, ағылшын, голланд, дат норвег, швед тілдерінде term, неміс тілінде terme немесе terminus, француз тілінде termo, италиянша terminе, испанша terminо, португалша termо, орысша термин деп атайды. Европа тілдерінің көбіне ортақ бұл сөз ұлттық тіл аумағына енбейді.
Уақыт өте келе ғылым, мәдениет дамып, елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажеттігі туындады. Ғалымдарда бір-бірінің тілін түсіну үшін, бір-бірімен байланыс орнату үшін ортақ сөздер пайдалану керек болды. Соның нәтижесінде термин ғылымын дамыту қажеттігі аса қажетті мәселеге айналды. Терминдерді пайдаланған ғалымның бірі Лине (1735ж). Ол биология саласына арналған еңбек болды. Сондай-ақ, Морвенің (1782ж) химия саласына арналған еңбегін атауға болады.
Әртүрлі ғылым салаларының ортақ терминдерін қалыптастыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып жатты. Мысалы, 1867 жылы биология ғалымдарының конференциясы, 1889 жылы жануартану саласындағы ғалымдар конференциясы, 1892 жылы химия ғалымдарының конференциялары өтіп, терминдер жүйесі дамып жатты. Осылайша жылдан жылға ғасырлар өте келе қазіргі терминдер пайда болып, қалыптасты. Терминдердің бәрі халықаралық дәрежеде талданып, қабылданды.
1979 жылы Терминком құрылды. Бұл комиссия терминдерді тұрақтандырып, бір жүйеге келтірумен айналысты. Терминкомның алдына мынадай міндеттер жүктелді: термин ғылымының теориясы, терминдерді оқыту, библиография және барлық тілдердегі терминдерді жүйеге келтірумен айналысты.
Араб терминдерінің дамуы мен зерттелуінің екі саласы бар. Олар: ерте кездегі араб терминдері және осы заманғы терминдер. Осы екі кезеңнің өзіндік маңыздылығы және талабы, басқада мамандықтармен, европа, шығыс тілдерімен қарым-қатынасы бар. Ерте кездегі араб терминдерінің зерттелуі нақты бір кезеңдерге бөлінбейді. Бірақ қажеттілікке байланысты ол араб тіліндегі барлық білім салаларын ислам дәуіріндегі ғылыми қозғалыстың пайда болуынан бастап осы заманғы батыс өркениетімен байланысқа түскенге дейінгі аралықты қамтиды.
Бұдан шығатыны терминдердің зерттелуі қазіргі кезеңдегі араб тіліндегі және аударылған кітаптарда кездесетін барлық жеке сөздер мен терминдерді қарастырады. Ол медицина саласындағы, химия, спорт, астрономия салаларындағы еңбектер, ғылыми журналдар және басқа да көптеген кітаптар. Бұл салалардағы еңбектер араб тіліне көне өркениет тілдерінен аударылған. Олардың басында грек тілі тұрады, ал кейіннен парсы, санскрит және латын тілдерінен аударылған.
Араб тіліндегі еңбектер мен аудармаларда кездесетін терминдерді зерттеу үшін соған байланысты көптеген баспа құралдарын қарастыру керек. Көптеген ғылыми еңбектер араб баспа ғасырында Европада тарала бастады. Олардың ішінде, мысалы, Ибн Синаның заңдарын, Наср ад-Дин Аттаусидің геометрия жазбаларын, Ибн Ғауамның ауылшаруашылық туралы еңбегі бар.
Тіл - өмірмен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік құрамы әрдайым өзгеріп, толығып дамып отырады. Әр дәуір, әр қоғам, әр халық өзіне қажетті жаңалықтарды туғызса, сол жаңа зат, құбылыс, ұғым, іс-әрекеттердің өз атаулары пайда болады. Қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени өміріміз бен ғылыми-техникалық дүниемізге қаншама жаңалықтар еніп жатыр. Осыған орай қаншама соны атаулар - жеке сөздер мен сөз тіркестері пайда болып отыр.
Әлеуметтік, шаруашылық, мәдени өмірімізде, халықаралық жағдайда пайда болып жатқан жаңа ұғымдар көптеген неологизм сөздерді дүниеге келтірді.

1.2 Қазақ терминологиясы және даму жолдары

Салалық терминдерді жан-жақты зерттеу және оның табиғатын барынша терең ұғыну үшін ең алдымен жалпы терминология мәселесін білу аса қажет. Әлемдегі заттар мен құбылыстар мазмұндық жағынан да, сыртқы көрінісі жағынан да бай. Оларды көптеген ғалымдар зерттейді, әр ғылымның өзіне тән тарамдары бар. Осыған сәйкес зерттеу объектісі, әрбір ғылымға тиісті өзіндік ұғымдары болады. Осындай ұғымдардың қасиеттері мен сырларын зерттеу арқылы дүниені танып білеміз. Әрбір ғылыми-техникалық ұғымды білдіретін сөз болады. Сондай сөздер жүйесі тіл-тілде терминдер жүйесін құрайды.
Термин латын тілінен алынған сөз. Бастапқы мәні шекаралық белгі, шекара, шек ұғымдарын білдірген. Бұл күнде осы сөз арқылы ғылым мен техника, саясат, дипломатия салаларындағы ұғымдарды атауы болып табылатын сөздердің жиынтығы деген мағынаға ие болған.
Терминдер, терминдер жүйесі, жалпы терминология мәселесі тілдің лексикалық құрамындағы бүтін бір проблема ретінде көптен зерттеліп келеді. Оларды түсіндіруге тіл мамандары да, логиктер де, басқа да ғылым салаларының өкілдері де өз еңбектерін арнады.
Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатскийдің, В.В.Виноградовтың, А.Н.Баскаковтың, Р.А.Будаговтың, Т.Бортогаевтың еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ, қазақ түрколог тілшілері: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, С.Исаев, Ә.Болғанбайұлы еңбектерін де зор деп айта аламыз.
Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымыныңтеориялық мәнін ашуға тырысады. Ол термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі түрлі бағытқа тоқталады: яғни терминді белгілі бір затпен байланысты затпен қарайтындар, екіншісі - терминді ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатскийдің байқауынша, терминді ұғыммен байланысты қарайтындар бағытының кең етек алып, дамып келе жатқандығын, яғни оның ғылымда анығырақ байқалатындығын көруге болады. А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталды: термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылуы керек те, ал термин сөздер контекстке тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналылық жат-дейді.
Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиіс деген пікір айтады. Яғни, термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс.
В.Н.Прохорова Актуальные проблемы современной русской лексикологии деген еңбегінде терминге мынадай анықтама берген: Термин бұл арнайы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дефинициясы бар сөз немесе сөздер тіркесі.
Термин - рим мифологиясында шекара құдайы. О.С.Ахманова Словарь лингвистических терминов деген еңбегінде: Термин дегеніміз - арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды да белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы сөздер мен сөз тіркестері деген пікірді айтады.
Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай келе, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағына береді,-дейді.
Академик І.Кеңесбаев пен профессор Т.Жанұзақов терминнің о баста латын тілінің шек, шекара деген сөздерінен пайда болғандығын айтады. Яғни: Ғылым мен техниканың, көркем өнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын тұжырымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз деген пікірге келеді.
Терминдік лексикадағы сөз тудыру мәселесі де лексиканың басқа топтарынан өзіне тән өзгешелігімен сараланады. Осы факторды, терминологиялық лексиканы айқындауды ескерусіз қалдыруға болмайды. Практикалық терминдер жасау барысын терминологияға қатысты, соған тән сөз тудыру механизмдерін жақсы білмей тұрып, оны жақсы түсіндіруге болмайды.
Жоғарыда айтылғандардан терминология жүйесін түсіндіруге біріне-бірі қарама-қарсы екі мәселенің бірлігін байқауға болады: 1) терминдік сөздерді жалпы әдеби тіл құрамына қосып, соған тән өлшемді қолдансақ, терминологияға тән функционалдық, басқа да қасиеттеріне нұқсан келетін сияқты; 2) керісінше терминологияны жалпы әдеби тіл нормасынан шығарып, оны белгілі бір тілдік жүйеден бөлек қарауға тағы да болмайды. Өйткені терминология тілдің лексикалық құрамының бір тармағы, оның ішінде әдеби лексиканың бөлшегі болып табылады. Терминдер әдеби тілдің ішіндегі ғылыммен байланысты ұғымдарды білдіретіндіктен, ғылымитілге материал болады, соған қызмет етеді, осы ортада дамиды. Сондықтан терминологиялық лексиканың тек өзіне ғана тән лингвистикалық ерекшелігіне байланысты мәселелерді тек лексика өмір сүретін табиғи орта - ғылым тілінің құрамында қарастырғанда ғана дұрыс шешуге болады. Термин сөздерді тек осы ортада ғана терминдік қасиетке ие болады, өзінің негізгі қызметінде номинативті-семасиологиялық функцияда жұмсалады, тек жеке ұғымның атауы бола алады, яғни терминдік моносемантизмнің жасалуына жағдай жасайтын бірден-бір орта ғылым тілі болу керек.
Тіл мамандары терминдер жүйесін теориялық және практикалық екі түрлі аспектіде қарастырады. Терминологияның тіл құрылымынан алатын орнын айқындау, ғылым тілінің лексикасына байланысты жалпы ерекшеліктерді ашу тілдік таңбаның ерекше бір түрі болып табылатын терминдердің лингвистакалық табиғатын түсіндірумен байланысты. Ғылым тілінің жалпы қызметін айқындай отырып терминдер қызметін және терминдерге тән ерекшелектірді даралау, терминологиялық лексиканың жалпы даму бағдарын белгілеу - осының терминдер жүйесін теориялық жағынан зерттеу болып саналады.
Терминдерды практикалық аспекті тұрғысынан зерттеу мына мәселелерді қамтиды: термин жүйесінде норма ұғымын қолдану мәселесі, салалы терминдер жүйесін тәртіпке келтіру, унификациялау мәселесі, терминологиялық сөз жасаудың жалпы бағытын айқындау, ғылым тіліндегі негізгі категорияларды білдіретін ұғымдар үшін жаңа атауларлың жасалу жолдары мен үлгілерін ашу.
Терминологияның теориялық және практикалық мәселелерінің ішіндегі ең негізгісі - тілдің құрылымдық жүйесінен лексиканың алатын орнын анықтау. Өйткені, тек осы мәселе өзінің дұрыс шешімін тапқанда ғана терминдердің жалпы табиғаты мен қызметі, даму тенденциясы мен жеке салаларының ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Тіл білімінде терминологияның тіл жүйесінен алатын орнын анықтау мәселесінде әлі күнге дейін бір ізді тоқтамға келген пікір жоқ. Бірқатар мамандар термин сөздерді әдеби лексиканың жеке бір қатарына жатқызады. Ал енді бір топ ғалымдар оларды әдеби тіл құрамы қатарынан алып, жалпы тіл құрамының бір тобына қосады да, лексиканың жергілікті говор, диалекті, кәсіби сөз, жаргон сияқты топтарымен қатар қояды. Біздің байқауымызша, терминдер жүйесінің лексикалық құрамындағы орны қазақ тіл білімінде де айқындалған жоқ. Қазақ тіл білімі жайындағы оқулықтар мен оқу құралдарында терминдік лексика жайында тиіп-қашып айтылғаны болмаса, оның қандай стильдік топқа жататындығы, басқа топтармен қарым-қатынасы айқындалмай отыр.
Арнаулы лексиканың әдеби тіл құрамында қаралуға тиісті екенін айта отырып, зерттеулердің көпшілігі осы топтағы сөздердің бір бөлігінің тек қана белгілі мамандық өкілдерінің тілінде қолданылатындығын айтады.
Сонымен, қазақ тіліндегі терминдер жүйесін тек қана ғылым тілі лексикасында қарастырамыз. Өйткені термин сөздер осы ортада ғана өзінің терминдік қасиетінеие болады, одан шығып қалған жағдайда терминдік қасиетін жоғалтады, ғылым мен техникалық ұғымдардың аты болудан айырылады. Сондықтан терминология өзінің негізгі қызметінде ғылым тілінен басқа тілдің лексикалық жүйесінің ешқайсысына жатпайды, жатуы мүмкін де емес. Рас, кейде бір сөз бірде мамандар тілінде қолданылса, бірде басқа ортада кездесуі мүмкін. Мысалы, хирургиялық термин операция сөзі әртүрлі жағдайда әртүрлі мағынада жұмсалуы мүмкін. Наркозбен операция жасау дегенде өз мағынасында жұмсалған, ал партизандардың бұл операциясы ойдағыдай болды дегенде басқа мағынада партизандардың әрекеті деген ұғымды білдіреді. Бір сөздің әртүрлі мағынада қолданылуына қарап, терминдер лексикасының кез-келген қатпарларында қолданыла береді, бір терминнің өзі бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін деген қорытынды жасауға болмайды. Сөздердің тек терминдік мәні тек кәсіптік ортада қолданылады, сондықтан олардың әрқайсысы бір ғана кәсіптік ұғымды білдіреді. Басқа жағдайда ол сөздер терминдік қасиетін жойып, жалпылама лексика тобына енеді. Терминдер өзінің негізгі қызметін атқару үшін негізінен моносемиялы болуға тиісті, сонымен бірге олар арнаулы ғылыми-техникалық, кәсіптік ұғымдардың атауы болғандықтан, адамның жеке басына қатысты әртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдірмейді. Олай болса терминдердің экспрессивтік, эмоционалдық мәні болмайды. Моносемантизм, эмоционалдық мәннің болмауы терминдер семантикасын айқындайтын негізгі факторлар болып табылады. Термин сөздің бір арнаулы ғана ұғымды білдіруі тіл элементтерінің таңбаға қатысы туралы мәселеге де жаңаша қараудың қажеттігін көрсетеді. Басқа сөздер таңба ретінде әртүрлі мазмұнда келсе, термин сөздердің әрқайсысы өздеріне тән мазмұнды ғана білдіреді. Мұнда мазмұн мен таңбаның сәйкестігі айқын. Оны, әсіресе, интернационалдық терминдерді талдағанда айқын байқауға болады. Мысалы, интернационал, интеркосмос, аналогия, грамматика, т.б. сөздердің дүние жүзінің барлығында немесе көптеген тілдерінде білдіретін мағыналары бірдей. Біздіңше тіл біліміндегі сөздер - өздері білдіретін зат пен құбылыстарды білдіру үшін оларға берілген шартты атау, таңба деген анықтаманы қайта қарап, толықтыруды қажет етеді.
Өйткені, интернационалдық терминдер әлемдегі тілдердің барлығына біркелкі мағынада жұмсалса, бұл арада аиауыш пен аталушының арасындағы қатынас табиғи қатынасқа айналып бара жатқаны емес пе? Олай болса, бұл арадағы терминдік таңбалар басқа лексикалық топтағы сөздердей емес, ерекше таңба болмай ма?
Термин - ерекше лексикалық құбылыс. Оны қолданушы топ сапалы түрде тәртіптеп, ретке келтіріп отырады. Сондықтан, бір сөзді белгілі бір ғылым өкілдері термині ретінде қабылдап, қолдана бастаса, ал ол сөздің мағынасы кәсіпке қарай ыңғайланады, сонымен шектеледі. Бұл сөзді қабылдаған ғылым ерекшелігіне қарай онымен тіркесетін сөздер де ерекшеленеді.
Терминдердің өзіне тән грамматикалық, сөз тудырушылық ерекшеліктері де бар: жаңа терминдерді жасау үшін сөздердің тіркесуі (жер правосы), жұрнақ жалғануы (міндеттеме), субстантивтену (тінту), қысқару (облсуд) осы сияқты жалпы тілдік грамматикалық механизмдердің қолданылатыны рас. Бірақ осы сияқты үлгілердің бір қатары белгілі саладағы терминдерді ғана жасайтын болып қалыптасады.
Мысалы, қазақ тілінде бұл күнде тіл ғылымы атауларын жасайтын болып - у, -ыш жұрнағы қалыптасқан (бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш), ал есім сөз арқылы жасалатын терминдер де өзінің тұрақты қызметін тапқан (зат есім, сын есім). Интернационалдық терминдер жасайтын - изм, -тст, т.б. жұрнақтар да қазақ тілінің грамматикалық құрылысынан өзінің тұрақты орнын тапқан. Осының өзі терминдерге тән грамматикалық ерекшеліктердің де болатынын аңғартады. Сондай-ақ, термин жасаушы грамматикалық механизмдер жалпы халықтық тілден алынғандықтан, ол тұйықталып қалмайды. Олардың дені термин емес, жай сөздерді жасауға қатыса береді. Ал термин жасауға қатысқанда олар ерекшеленеді, номинативтік мәндегі сөздерді жасайды, белгілі бір ғылымдық ұғымды білдіреді. Сөйтіп, олар бастапқы дериваттық семантикасынан бөлек, терминге қатысты дериваттық семантика жасайтын болады, ол семантика ұғыммен тікелей байланысты болады, яғни айтып отырған ұғым тек осы сөз арқылы ғана берілетін болады - бұл арада синонимдік параллель жүрмейді.
Терминология, біріншіден, тіл емес, белгілі бір ғылым саласындағы ұғымдарды білдіретін сөздердің жиынтығы болып табылады. Екіншіден, ол жалпы тілдің бір функционалдық тармағы - ғылым тілінде жасайды, соған қызмет етеді. Терминдердің бастауы халық тілінде жатыр. Терминология осы негізде болды, грамматикалық механизмді содан алады. Кері процестер де болады, яғни терминдердің кейбірі терминдік қызметінен айырылып, жалпыхалықтық лексикаға өтіп отыруы мүмкін, не болмаса терминдік ұғымда да, жалпы лексиканың құрамында да келе беруі мүмкін. Соңғы жағдайда ол сөздердің әрқайсысы бір сөздің қызметін емес, бірнеше сөздің қызметін атқарады, омонимденеді. Бұдан терминдік ұғымды және терминге қатысы жоқ жай ұғымды білдіретін бір сөзді екі түрлі аспектіде қарау керектігін айқындайды. Сондықтан терминді тіл жүйесінн бөліп қарауға болмайды.
Осыған байланысты соңғы кезде ғылым мен техниканың интенсивті дамуына байланысты ғылым тілінің, оның негізгі сөздік қоры болып табылатын терминдердің, ерекше мәнге ие болуына қарап бірқатар шетелдік тіл мамандары ғылым тілін жалпы ұлттық әдеби тілден бөліп, оны табиғи қарама-қарсы қояды, ерекше бір ұғымдық-таңбалық аппарат деп түсіндіргісі келеді. Осындай тұжырым америка тіл маманы Джордж Стейнердің Отступление от слова деген мақаласынан көруге болады. Оның ойынша бұл күнде табиғи тілде қазіргі ғылымдық ұғымдарды білдіру мүмкіншілігі сарқылған, сонықтан оның сөйлеу тілінен күннен-күнге алшақтап бара жатқан ғылым тілі болуы керек. Ол, әрине дұрыс емес. Ғылым адамдар әрекетінің бір түрі ғана, осы әрекеттің басқа да түрлері бар. Әрбір кәсіптік топ өз тілдерін жасап берсе, бір тілде сөйлейтін жүздеген кәсіптік топқа жататын адамдар өздерінің тілдерін жасап алуы қажет болар еді. Тілдің адам еркінен тыс өмір сүретін табиғи объективтік қасиеті оған жібермейді.
Жоғарыдағы пікірде терминологияның мәнін асыра бағалап, табиғи тілден оны бөлектеп, соңғысының қатынас құралдық дәрежесін жоққа шығарғысы келу болса, енді бір ғалымдар термин сөздердің өзіндік ерекшелігін ескермей, жалпы лексикадағы жеке бір топ екенін мойындамайды. Олар термин сөздердің халық тілі сөздік құрамы негізінде қалыптасатынын, осы тілдегі грамматикалық үлгімен жасалатынын негізге ала отырып, олардың ерекше тілдік ортаға қызмет ететінін, белгілі ғылым саласына байланысты арнаулы ұғымдарды білдіретін бөлекше тілдік таңба екенін жоққа шығаратын сияқты. Сөйтіп олар жалпы лексикаға тән полисемантизм, синонимия, экспрессивтік-образдық құбылыстар терминдік атауларға да тән дегенді айтады. Мысалы, Смирнова А.Г. өзінің Функционирования терминов медицинской науки в современном русском языке атты кандидаттық диссертациясында былай дейді: Семасиология учит, что термин в противовес обычным словам должен иметь только одно строго определенное значение, точно очерченный смысл. Исследуемая терминология, находясь на периферии терминологической системы, в особой близости к общеупотребительным словам, отражает лексико-семантические закономерности языка. Осы айтқандарын дәлелдеу үшін медициналық атаулардың тұрмыстық ортадағы, көркем әдебиеттегі, т.б. жерде қолданылғандарынан мысалдар келтіріп, олардың көпмағыналылығын, синонимдік қатар құрай алатындығын, антонимдік қолданысын және экспрессивтік образдық мәнді білдіре алатындығын айтады. Сөйтіп терминдер мен термин емес атауларды араластырып жібереді.
Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны да өз алдына бір сала.
Термин жасауда Ахмет Байтұрсынұлы екі принципке сүйенген: бірі - термин жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігін пайдалану, екіншісі - ана тілінің ішкі сырын жете білу. Тілді дәстүрлі ретпен фонетика, морфология, синтаксис деп бөле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген кейбір терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі
А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері
Абай заманынан халықтың қолданысына енген сөздер
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Араб – парсы тілінен енген кірме сөздер
Ахмет Байтұрсынов және әдебиеттану терминдері
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі
Ғылым тілі
Нәзір Төреқұлұлы және терминжасам мәселесі
Пәндер