Нарықтық экономика жағдайында несиелендіру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 Нарықтық экономика жағдайында несиелендірудің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Несиенің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Несиенің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Несиелік саясат . несиелендіруді жүзеге асыру құралы ... ... ... ... ... ... ... 24

2 Қазақстан Республикасындағы халықты несилеудің ұйымдастырылуы ("Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Қазақстан Республикасы несие нарығының ағымдағы жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының қаржылық қызметіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.3 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының халықты несиелеу бағдарламары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

3 Қазақстан Республикасындағы несиелендіру нысандарының проблемалары мен даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
3.1Қазіргі таңда несиені ұсынудың оптималды базалық шарттары ... ... ... ... .57
3.2 Несиені қайта рәсімдеу операциясы (реструктуризация) несиелендірудегі пайда болуы мүмкін қауіпті төмендету шарасы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады. Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
1. ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
2. «Қазақстан Халық банкі» АҚ –ның Басқармасының бөлшектік сату несие комитетінің 16 наурыз 2009 жыл бекітілген №164 қаулысы
3. «Қазақстан Халық банкі» АҚ –ның Басқармасының кіші бизнес қарыздары мен бөлшек несиелерінің құрылымын өзгерту бойынша 16 наурыз 2009 жыл бекітілген №164 қаулысы
4. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы. 30.08.1995 ж
5. «Банк ісі». Оқулық/С.Б. Мақыш, Алматы 2007 жыл
6. “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (соңғы өзгерістер мен толықтырулары есепке алғандағы). 30.03.95.
7. Ақша, несие, банктер. Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 Нарықтық экономика жағдайында несиелендірудің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Несиенің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Несиенің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Несиелік саясат - несиелендіруді жүзеге асыру құралы ... ... ... ... ... ... ... 2 4

2 Қазақстан Республикасындағы халықты несилеудің ұйымдастырылуы ("Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.1 Қазақстан Республикасы несие нарығының ағымдағы жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.2 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының қаржылық қызметіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.3 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының халықты несиелеу бағдарламары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

3 Қазақстан Республикасындағы несиелендіру нысандарының проблемалары мен даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.1Қазіргі таңда несиені ұсынудың оптималды базалық шарттары ... ... ... ... .57
3.2 Несиені қайта рәсімдеу операциясы (реструктуризация) несиелендірудегі пайда болуы мүмкін қауіпті төмендету шарасы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады. Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие болғандықтан, банкті несиелік мекеме деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының несиелік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс деп көрсетілген. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық несиелерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет. Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-несие саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болатындығы айтылды. Қазірігі кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығаюы бұрын болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің нәтижесінде Қазақстан банктері пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.
Банктер өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалы, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие қызметі үшін жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктің несие портфелі құрылымының төмендеуі, жіктелімді активтер бойынша резервтерді қалыптастыруға шығындардың тез өсуі, таза табыстың жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәтті несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.
Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында халықты несиелеудің ұйымдастырылуын сараптау негізінде халықты несиелендірудің заманауи нысандарын дамыту бағыттарын анықтау.
Қойылған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыстың міндеттері белгіленді:
1. Нарықтық экономика жағдайында несиелендірудің теориялық аспектілерін жүйелеу;
2. Қазақстан Республикасында халықты несиелеудің ұйымдастырылуын Қазақстан Халық банкі АҚ мысалында талдау жүргізу;
3. Қазақстан Республикасында несиелендіру нысандарының даму перспективаларын анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде екінші деңгейлі банктердің алды болып саналатын "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайы мен несиелеу бағдарламалары қарастырылып отыр.
Зерттеу көзі ретінде, несиелеуді ұйымдастыру мәселелеріне байланысты отандық және ТМД елдері бойынша ғалымдардың, ізденушілердің ғылыми еңбектері, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның мақалалары пайдаланылды.
Диплом жұмысының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етілуі ретінде Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызмет туралы заңы және "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамы консолидирленген есеп берулері қолданылып отыр.
Диплом жұмысының құрылымы диплом жұмысының тақырып өзектілігі мен негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген кіріспеден, жұмыстың тақырыбына сәйкес Қазақстан Республикасындағы несиелеуді ұйымдастырудың теориялық аспектілерінен, Қазақстан Халық Банкі АҚ қаржы-шаруашылық мәліметтерінің негізінде жасалған есеп беруін талдау жағдайынан, сонымен қатар, болашақта халықты несиелендіруді дамыту үшін жасалған перспективті іс-шаралар мен нақты ұсыныстар жасалған қорытындыдан тұрады.
1 Нарықтық экономика жағдайында несиелендірудің теориялық аспектілері
1.1Несиенің экономикалық мазмұны
Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар. Бірақ несиені зерттеу кезінде мынадай экономикалық түсініктер қалыптасқан: қарыз, жалға беру, несие. Бұл түсініктердің көбісі мағыналары жағынан синоним ретінде қолданылады.
Нарықтық экономикада несие - банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдері жүргізіледі. Ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырып, белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналып отырады. Сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Несие -- нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие -- бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.
Несие -- бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несиені пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен тұтымына және ақша айналымының салаына ықпал етеді.
Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік тұтыну және ипотекалық несиелерде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері неисиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады.
Несиелік қатынастардың жүйесінде несиелеу операцияларын орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақта ондай әрекет әр түрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану - нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады. Бұндай нәтиже банктік несиені қолдану - шаруашылықтағы материалды ресурстарды қайта бөлудегі мәнінде мінездеді:
Негізінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын мүлікті залогқа және тұрғын үй сияқты мүлікті құруда ипотекалық несиені қолдану кезінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мүмкін болады.
Бұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте маңызды екенін дәлелдейді. Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді.
Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі түрлерін өткізумен шартталған қаражатта уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен роль атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың пайда болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы несиені пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне ғана қолайлы жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды экономикада пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының менималды көлемінің жұмсалуымен іске асыра алады және резервтердің азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де санағанда.
Сонымен бірге әртүрлі қарызгрлердің арасында қаражаттың қайта бөлудің арқасында қарызгерге берілетін біркелкі қаражаттың көлемінің азаюы туады. Мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі үшін берілетін қарыз қаражатты беру кезінде керекті алғышарты болып қаражатта қажеттіліктің көлемі шығында да мезгілдік факторлармен шартталатындығы болып табылады.
Бұндай талаптардың сақталмауы қарыз қаражаттарын шамадан тыс берілуіне және мезгілсіз қайтарылуына әкеліп соқтырады.
Өндірісті кеңейтуде несиенің рөлі үлкен. Өндірісті кеңейту мен өнімді өткізу үшін керек. Қарыз қаражаттарды салыстырмалы қосалқылар аз уақытқа көбейту үшін шығындарды берілуі мүмкін.Сонымен бірге несие негізгі фонды көбейтудің қайнар көзі ретінде пайдалана алады, бұл ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтарды сатып алу және т.б.
Өндірістің үздіксіздігі мен оның дамуына әсер ететін несиенің тұтқа ретінде мінездемесі қарама-қарсы бағытта, себебі өндірістің және өнімді өткізудің жылдамдығының төмендеуіне әсер ете алатын несиені пайдалану мүмкін.
Қаражат айналым саласында несиенің рөлі маңызды. Бұл барлық қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мемлекеттердің қаржы-несие жүйесінің қатысты. Қазақстанда Қазақстанның Ұлттық банкі қолма-қол ақшаның әмиссиясы мен олардың айналымын ұйымдастыруын жүзеге асырады, яғни банктер арқылы. Соңғысы орындалады, бір жағынан, егер банктер шоттарында қалдықтары бар болса, банк кассаларынан айналымға оларға қолма-қолақшаны шығару кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке азаматтар қолма-қол ақшаны беру кезінде мүмкін. Бұндай қалдықтардың бар болуы несиелік қатынастардың бар болуын білдіреді.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие -- бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда -- бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші -- қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші -- бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы -- бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш -- бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы -- бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиеле уобъектісі не өндірістік шикізат қорларын сатып алады. Жартылай өнімдер, азық - түліктер және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне:
* өндіріс объектісінің құрылысы;
* өндіріс объектісін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
* техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
* жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыру.
Несиелеу принциптері негізінен несиелік процесс, яғни банктік несиенің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижесіндегі және т.б. анықталады.
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
* қайта бөлу;
* айналыс шығындарын үнемдеу;
* айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
* капиталдың шоғырлануын жеделдету;
* ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.
Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

1.2 Несиенің жіктелуі
Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несие нысаны -- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені -- коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені -- банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие -- бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді
Коммерциялық несие -- бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты -- тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
* қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
* коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
* қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
* коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
* қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие -- бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие -- бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты -- бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
макқатты қорларға;
банктерге;
қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
өнеркәсіп салаларына;
ауыл шаруашылығына;
саудаға;
дайындау ұйымдарына;
жабдықтау-сату ұйымдарына;
кооперативтерге;
жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 3 -- 5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
негізгі қорларға жұмсалатын;
айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
кепіл-хатпен;
кепілдемемен;
кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
сенім (бланктік)несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие -- қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Күмәнді несиелер -- қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер -- қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
* ұлттық валютамен;
* шетел валютасында.
VII. Берілу шартына қарай:
Тұтыну несиесі -- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алуүшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие -- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
2. түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер
Овернайт несиесі -- өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие -- кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Банкаралық несие -- банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Овердрафт (ағылш. оvеrdraft -- жоспардан жоғары) -- клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.
Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.
Маусымдық несие -- жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
Лизингтік несие -- банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі -- банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
Консорциалдық несие -- ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
Инвестициялық несиелер -- жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие -- банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие -- банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
Рамбурстық несие -- шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Контокорренттік несие -- клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
Ломбардтық несие -- тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.
Форфейтингтік несие -- сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалайміндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.
Факторингтік несие -- жабдықтаушынын, немесе банк клиентінің
жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие -- экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.
Несиелік желі -- келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
* меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
* материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
* сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
* азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
* ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
* театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;
* күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
* тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Несиелеу қағидаттары (принциптері) несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу қағидаттары негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу қағидаттарына байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа бөлінеді:
I топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі қағидаттар:
несиенің мақсаттылығы;
несиенің дифференциалдығы.
II топқа - несиенің мәнін бейнелейтін қағидаттар:
несиенің мерзімділігі;
несиенің қайтарымдылығы;
несиенің төлемділігі;
несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық қағидаттарының мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік қағидаттарымен байланысты, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондақтан да несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл қағидат несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында әлуетті қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілуі сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық қағидаты туындайды.
Несиенің қайтарымдалағы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенәі ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидатына ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағидатты сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаттары тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол берілмейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
* орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
* банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
* өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
* банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
* несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);
* несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
* еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай сыйақына есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
I=ixPxn360x100
мұндағы:
i - сыйақы мөлшері;
P - қарыз қалдығы;
n - сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
I - ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы:

I=Px1+in1200-1
мұндағы:
i - сыйақы мөлшері;
P - несиенің бастапқы сомасы;
I - несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомаы;
n - аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Егерде несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:

Ig=Qx1+ig1200t1-1+ig1200t2
мұндағы:
Ig - мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;
Q - мерзімі өткен қарыз сомасы;
Ig - мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айыппұл);
t1 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;
t2 - несие баргеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.
Несиелендірудің келесі бір қағидаты - берілетін ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл қағиданың мазмұны толығымен өзкерген.
Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін ссуда - бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды. Кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескері қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепілхат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепілхат - күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді.
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілхат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепілхат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке тұлғаларды, серіктестерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы - несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.
Несиелік қабілетті бағалау критерийлеріне и
Қарыз алушының несиелік қабілеті бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытында есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында көңіл аударатын ең бір формальді көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталды, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушы қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп - оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несие мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесінде байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:
* оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффиценті негізінде талданады;
* несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Неғұрлым меншік капиталының жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий - бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушы қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, Қаржылық қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына:
іскерлік тәуекелді бағалау;
менеджментті бағалау;
қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
қаржылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Нарықтық экономика жағдайындағы ипотекалық несиелендіру жүйесі
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Коммерциялық банктерде жылжымайтын мүлікті бағалау
Несиенің негізгі формалары
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
Несиенің мәні және оның айналым капиталын басқарудағы рөлі
Дамушы елдерді халықаралық несиелендіру және қаржыландыру
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің болашағы
Несие бойынша қарыз үлесі ретінде
Пәндер