Сатира жанры



РЕФЕРАТ 2

КІРІСПЕ 5

1 САТИРА ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ


1.1 Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының даму тарихы 9

1.2 Қазақ баспасөзіндегі сатира жанрының қалыптасуы және тақырыптық
ерекшеліктері 19

2 БАСПА БЕТТЕРІНІҢ САТИРА ЖАНРЫНЫҢ ДАМУЫНА
ЫҚПАЛЫ


2.1. ХХІ ғасыр қоғамдық проблемаларының қазақ сатирасындағы көрінісі 26

2.2 Жас сатириктер шығармашылығы және сатира жанрының болашағы 35

3 ҚАЗАҚ САТИРАСЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ҚУАТЫ

ҚОРЫТЫНДЫ 45

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 50
Сатира, әзіл, сықақ деген ұғымдарды әр адам сан қырлы сипатта, түрлі мән-мағынада түсінсе керек. Кей жандарға сатира жәй ғана жеңіл әзіл, ал өзгелер үшін күлкі арқылы астарлы ойды меңзейтін таптырмас құрал.
Сатира тeрминінің шығу төркінін, этимологиясын әркім өзінше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, ежелгі гректер жүзім өсірушілердің жүзім шарабын жасаушылардың құдайы – Дионистің ән салып, би билеп, күлдіріп, көңілдендіріп жүретін жол серіктерін «Saturos» деп атаған. «Сатира» атауы сол сөзден шыққан.
1Эльсберг Я. Вопросы теорий сатиры. – М., 1957, 271 б.
2 Квятковский А.П. Поэтический словарь. Сов. Энциклопедия. – М., 1966, 253 б.
3 Стрелъникова И.П. Птроний и Апулей// В кн: Петроний Абитр. Апулей. – М., Правда, 1991. 400 б.
4Бейісқұлов Т. Ол әзіл-сықақ, бірқағарлар жазудың шебері // Кітапта: Бейісқұлов Т. Бес томдық жинағы. Бейбіт тану белестері: зерттеу, мақалалар, монографиялар. – Алматы: Тоғанай Т, 2008. 448 б.
5 Қожакеев Т. «Сатиралық жанрлар». – Алматы: Мектеп, 1983. 214 б.
6Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М., 1963. 327 б.
7 Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – А., 1970. 313 б.
8 Николаев Д. Смех – оружия сатиры. – М., 1962. 30 б.
9 Николаев Д. Смех – оружия сатиры. – М., 1962. 215 б.
10 Ершов Л.Ф. Из истории советской сатиры. – М., 1973. 33 б.
11 «Лениншіл жас» газеті, 6-қаңтар, 1984.
12 Мүсірепов Ғ. Тандамалы, үш томдық, 2-том, – А., 1980. 242-243 б.
13 Теория литературы «роды и жанры литературы. – М., 1964. с. 364.
14 Мүсірепов Ғ. Тандамалы, үш томдық, 1-том, – А., 1980. 376 б.
15 Никулин Ю.В. Почти серьезно... – М., «Молодая гвардия» 1982. 570 б.
16 Мүсірепов Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы, 3-том, – А., 1974. 106 б.
17 Қожакеев Т. Сатира негіздері, – А., 1996. 65 б.
18 Қазақ ертегілері. – Алматы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, I-том, 1957, 21б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

РЕФЕРАТ 2

КІРІСПЕ 5

1 САТИРА ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ

1.1 Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының даму тарихы 9

1.2 Қазақ баспасөзіндегі сатира жанрының қалыптасуы және тақырыптық
ерекшеліктері 19

2 БАСПА БЕТТЕРІНІҢ САТИРА ЖАНРЫНЫҢ ДАМУЫНА
ЫҚПАЛЫ

2.1. ХХІ ғасыр қоғамдық проблемаларының қазақ сатирасындағы көрінісі 26

2.2 Жас сатириктер шығармашылығы және сатира жанрының болашағы 35

3 ҚАЗАҚ САТИРАСЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ҚУАТЫ

ҚОРЫТЫНДЫ 45

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 50

КІРІСПЕ

Сатира, әзіл, сықақ деген ұғымдарды әр адам сан қырлы сипатта, түрлі мән-мағынада түсінсе керек. Кей жандарға сатира жәй ғана жеңіл әзіл, ал өзгелер үшін күлкі арқылы астарлы ойды меңзейтін таптырмас құрал.
Сатира тeрминінің шығу төркінін, этимологиясын әркім өзінше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, ежелгі гректер жүзім өсірушілердің жүзім шарабын жасаушылардың құдайы - Дионистің ән салып, би билеп, күлдіріп, көңілдендіріп жүретін жол серіктерін Saturos деп атаған. Сатира атауы сол сөзден шыққан.
Басқа зерттеушілердің пікірінше, бұл терминнің тарихы латынның Satira - смесь - аралас, әр нәрсенің қосындысы деген сөзінен бастау алады. Кейінірек ежелгі Рим әдебиетшілері сынап-мінеуші, әшкерелеуші сипаты бар шығармаларды Satura деп атаған.
Қазір сатира атауы әр түрлі мағынада қолданыла береді. Біреулер оны әдебиеттің бір тегі деп түсінеді. 1941 жылы шыққан Шетел сөздерінің сөздігінде былай делінген: Сатира- болмыстың жағымсыз құбылыстарын ащы күлкіге айналдыратын көркем әдебиеттің тегі.
Қанша адам бар болса сонша ой болады демекші, енді біреулер сатираны нақты бір өмір елестерін, болмыс сәттерін суреттеп, жазып, айтып берудің әдіс-тәсілі ғана деп түсіндіреді. Мысалы, сатираның сойылын соққан, бұл түрдің үлкен теоретигі Я. Эльсберг: Сатира- болмысты әдебиет пен өнерде көрсетудің бір әдіс-тәсілі деп жазды. Үлкен совет энциклопедиясында да осы анықтама айтылған.
Тағы біреулердің ұғымынша, сатира - жағымсыз болмыс, құбылыс атаулыны сынап-мінеп, әшкерелейтін әдеби шығарма. А.П. Квятковский: Сатира- болмыстағы жағымсыз құбылыстарды сынап, әшкерлеуді, күлкі етуді мақсат етіп, қарасөзбен немесе өлеңмен жазылатын көркем әдебиеттің түрі деп анықтайды.
Сөйтіп сатираның қоғамдағы жағымсыз болмыс, құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез-қылық, әдеп-тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу, келемеж ету ниетімен жазылатыны жөнінде әдебиет зерттеушілерінің пікірлері бір арнаға саяды, бәрі де оның осы пафосын мойындайды. Бірақ олардың бірі үшін сатира - әдебиеттің бір тегі, екіншісі үшін - өмірдің жеке елестерін суреттеп берудің әдіс-тәсілі, үшіншісі үшін - әшкерелеуші әдеби шығарма, төртіншісі үшін - көркем әдебиеттің өзіндік түрі.
Саралай келсек, жоғарыда сөз етілген пікірлердің бәрі де жат емес. Олардың әр қайсысы сатираның әр қырын, қасиетін айтып отыр. Расында да сатира- алымды да шалымды, оның өмір сүру, көрініс табу мүмкіншілігі мол, болмыс- құбылыстарға үңілу, араласу, суреттеу дәрежесі де әр қилы.
Сатира әдебиеттің бір тегі ретінде де көріне алады. Ақын, жазушыларымыздың бастан-аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп, сықақтық пафоспен жазылған, таза сатиралық шығармалары әдебиеттің дербес бір тегін құрайды. Өйткені оларда өмірді зерттеп білудің, суреттеп берудің өзіндік эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс-тәсілдері қолданылады. Болмыс- құбылыстарды бағалап, түсінудің ерекше формалары пайдаланылады. Яғни сатира қиялдауға, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірлеуге негізделсе керек. Шаржға, карикатураға, гротеск, сарказм, иронияға сүйенеді.
Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, үкім айту, адам қиналысын аңдау, адам жүрегенің түкпіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп сатира қарама-қайшылықтардың бірлігінен туындайды. Белгілі бір сатирик шығармасының ерекшелігі осылардың қайсысын қай тұрғыда, қай планда пайдаланғанына қарай аңғарылады. Аристофанның сатирасында қайғылы үн, Щедринде өмірді трагедиялық тұрғыдан сезіну, Гогольде күйзеліс, Чеховта күрсініс басым дейтіні де сондықтан болар.
Таза сатиралық туындылардың эпосқа да, лирикаға да, драмаға да жатпай, әдебиеттің өзіндік дербес тегін құрайтындығының басқа да сырлары бар. Сатирада, эпостық туындылардағыдай, авторға, оқушыға деген қатыссыздық, бейтараптық, объективтілік бола бермейді. Мәселен, Л.Н.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік, М.Әуезовтің Абай жолы сияқты эпостық шығармаларды оқығанда, автор да, оқушы да көрінбейді, олардың қатысы, көзғарасы, күрсініс-күйзелісі сезілмейді. Оқиға оларға тәуелсіз түрде өтіп жатады. Осы эпостық объективтілік, сырттай суреттеліп, баяндаушылық сатирада болмайды. Онда сыналып отырған факті мен құбылысқа автордың қатысы, пікірі белгілі дәрежеде білдіріледі. Сондықтан сатира эпос бола алмайды.
Сол сияқты таза сатиралық шығармаларда автор мен лирикалық кейіпкердің сөз етіп отырған жағымсыз құбылыстар жөніндегі жан дүниесі, ішкі сезімі лирика туындыларындағыдай барынша ақтарыла ашылмайды, тек реніші, кейісі аңғарылады да қояды. Осы жағынан ол әрі лирикаға да жатпайды. Сатираны драмаға да теңей салуға болмайды. Эпостағы объективтілікті, лирикадағы жан терезесін айқара ашуды ұштастыра келіп, характерлер қақтығысына құрылатын, сахнада ойнауға лайықталатын драма белгілері де сатирадан түгел табыла бермейді, сондықтан ол драма да емес.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қоғамдағы үнемі ұшырасып отыратын көптеген келеңсіздіктерге тұсау салып, тосқауыл қояр сатира жанры - өмірдің өткір қанжары іспетті. Сатирадай өткір қанжарды екінің бірі батылы жетіп ұстауға дәті бармағандықтан, оны ілуде біреулер ғана ұстауға дәрмен танытады. Ондай адамдарды бүгінгі күн тұрғысынан сатириктер деп атап жүрміз. Қазақ баспасөзіндегі сатираның өрлеп, өркендегеніне біраз уақыттын жүзі болды. Баспасөздегі сатира Әлі де кемелденіп, көкжиекті кеңіту керек. Осы аралықта сатира садағын асынған бірнеше сатириктерді өмірдің өзі тәрбиелеп шығарды.
Сатираны көп зерттеген, бұл түрдің үлкен теоретигі Я. Эльсберг: Сатира - болмысты әдебиет пен өнерде көрсетудің бір әдіс-тәсілі, - дейді [1,61]. Ал, А.П. Квятковский: Сатира - болмыстағы жағымсыз құбылыстарды сынап, әшкерелеуді, күлкі етуді мақсат етіп қарасөзбен немесе өлеңмен жазылатын көркем әдебиеттің түрі, - деп бағалайды [2,48].
Бұл бағдарда әрине, қазақ сатирасы қашанда алдыңғы саптан көрініп отырды. Сатираның тақырыптық диапозоны аса өрісті: тұрмыс, мінез көріністері, қоғамдық өмір мен саясаттағы келеңсіздік, адамшылықтан ауытқу, т.б. оның қырағы көзінен қашан да тыс қалмайтын. Жалпы сөз өнерінің, оның ішінде сатираның негізгі өзекті мәселесі қоғамдағы келеңсіздіктер мен адам бойындағы мінез-қылықтарындағы кемшілікерді уақытында тауып, емдеп отыратын құдіреттілігінде дей аламыз. Сондықтан кезең-кезеңімен, дәуір-дәуірімен сатираның даму бағытын зерттеп, ондағы ірі сатирик тұлғалардың шығармашылығын жан-жақты саралап отыруы отандық ғылымның да, қоғамның да талабы деп түсінеміз.
Қазақтың тұңғыш сатиралық журналы - Садақ Верный қаласында (қазіргі Алматы) 1915 жылдан бастап шыға бастады. Редакторы Бейімбет Майлин болды. Қазақ баспасөзіндегі сатираның алғашқы жыл құсы қол жазба журнал Садақтан бастау алып, біртіндеп дами бастады, қарапайым жанр түрлерінен күрделі, көлемді жанрларға қалам тартқан сатириктердің еңбегінің арқасында талай жолды артқа тастаған қазақ баспасөз сатирасы бүгінде өз кеңістігін қалыптастырған іргелі жанрға айналды.
Бір ғасырлық тарихы бар қазақ баспасөздегі сатираның даму кезеңдерін зерделеп, басып өткен жолдарындағы жетістіктерін ғылыми тұрғыдан таразылау қазақ ғылым үшін үлкен қажеттілік.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл бітіру жұмысында қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының алғаш қалыптасқан кезінен бастап, қазіргі салмағы мен алар орнын таразылап, келер болашағына ғылыми тұрғыдан тұжырым жасалды. Әсіресе әдеби жанрдың бір түрі- сатира жанрының өзіне тиеселі заңдылықтарымен ғылыми негізі кеңінен талданып, баспасөзде әр жылдары жарияланған материалдарға негізделе отырып танымал сатириктердің ұлт сатирасына қосқан үлесі мен, өзіндің қолтаңбасын анықтап бердік. Қандай да бір шығарма ең әуелі өз оқырманымен көп жағдайда баспасөз арқылы жүздесіп, оң бағасын алып жатады. Қазақ сатирасының да кемелденіп дамуына қазақ мерзімді баспасөзі үлкен үлесін қосты. Жас сатириктердің қаламын үштап, қанатының қатаюына қолдаушы болды. Сондықтанда қазақ баспасөзіндегі сатираның тарихын түгендеп, өзіне тән артықшылықтары мен жеткен жетістіктерін ғылыми- теория тұрғыдан талдау, әрі әділ бағасын беру қазақ сатирасының өткеніне іздет, құрымет, ертеңіне бағыт болары сүбәсіз. Біз жазып отырған дипломның да өзектілігі осы.
Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, шолу, салыстырмалы талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды. Бітіру жұмысының негізгі бағыттары - сатиралық, журналистік және публицистік сипатта өрбіді. Сатираның жанрларына анықтама бергенде ғалымдардың теориялық еңбектеріне негізделдік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиетіндегі сатира- тарихы терең, ұлт руханиятына қосқан үлесі салмақты. Қалыптастырған аудиториясы ауқымды, болашағы нұрлы жанр. Кезінде Алаш Арыстары бас болып ірге тасын қалаған баспасөздегі сатираның қалыптасып дамуын жазу барысында бұған дейін қорғалған ғылыми еңбектермен ғалымдардың тұжырымдамасына негізделдік. Өткен ғасырдың басындағы сатираның қарлығаштары Садақ қол жазба жураны мен, Ай, қап журналындағы сатиралардың жанрлық ерекшелігін ашуда белгілі ғалым Темірбек Қожакеев пен танымал зерттеуші Тұрсынбек Кәкішов еңбектеріне негізделдік.
Сатриа жанры бұған дейін көп зерттелседе баспасөздегі сатира әліде болса жүйелі қарастырылмаған күрделі тақырып. Біз диплом жұмысында баспасөздегі сатираның тарихын жүйеліліеп, бір ізге түсіруге күш салдық.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Ғалымдардың бізге дейін жазған құнды еңбектеріне негізделе отырып, қазақ әдебиетіндегі сатира жанрын бір арнаға түсіріп жинақтадық. Уақыт кеңістігіндегі түрлі кезеңдерді салыстыра қарастырдық. Әр дәуірдегі қазақ баспасөздегі сатираның тақыптық және жанырлық ерекшеліктеріне баға бердік. Даму болашағына ұсыныстар айттық.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 САТИРА ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Қазақ әдебиетінде прозалық сатира да XX аяғы мен XXI ғасырдың басында қарқындап дамыды. Прозалық сатираның жанрлары әдебиет жанры болуымен қатар, публицистиканың, яғни көсем сөздің де жанры ретінде көрініс табады. Прозалық сатираның да бастауы антикалық дәуірден бізге жеткен. Басқасын айтпағанда атақты Петронийдің Стириконы мен Апулейдің Метаморфозы атты екі сатиралық романы да тарих тезінен өтіп бізге жеткен. Ол туралы И.П.Стрельникова мынадай пікір айтады: Если число дошедших до нас из античности так называемых греческих романов или фрагментов настолько значительно, что можно говорить даже о каких-то их разновидностях то из всех произведений римской литературы к роману могут быть отнесены только два: Сатирикон Петрония и Метаморфозы Апулея. Роман Петрония иногда называют сатирико-бытовым, роман Апулея сатирико-фантастическим; оба вполне могут быть определены и как романы эротические, и, уж бесспорно, как авантюрные, стоящие у истоков этого жанра в мировой литературе [3,92]. Әрине, әдебиеттану ғылымында сатира туралы ғылыми көзқарастар жан-жақты, әр бағытты. Белгілі қалыптасқан ғылыми бағыт сатираның жанрларының барлығын айтып, одан жанрлық ерекшелік іздейді. Екінші бір бағыт сатира элементінің сөз өнері жанрының барлығына тән екенін айтып, одан жанрлық емес, керісінше стильдік болмыс іздеген жөн деген тұжырым айтады. Ал, ғылымда бұның қайсысы болмасын өз танымын айтуға құқылы. Сатирада жанрлық та, стильдік де қуаттың барлығын ескере отырып біз осы екі қырын да зерттеу барысында қамтып отыруды мақсаттадық. Егер классикалық әдебиеттану ғылымының тү_жырымына сүйенсек сатираның прозалық жанрларына мыналар жатады: фельетон, памфлет, сатиралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть (хикаят), сатиралық роман. Осының ішінде ең шағыны, журналистік жылдамдықта жазылатыны да әрине фельетон. Белгілі қазақ жазушысы Бейімбет Майлиннің шығармаларын үзақ жылдар зерттеуші Т.Бейісқүлов бұл мәселе турасында мынадай пікір айтады: Жазылу тәсіл-түріне қарай Бейімбеттің фельетондарын прозалық жэне поэзиялық деп бөлуге болады. Басымы, негізгісі, көбі қара сөзбен жазылғандары. Оларда бейнелеу, суреттеу, баяндау, диалог, метафора, нақыл сөздер, мақал-мәтел сияқты көркемдік элементтер, конфликт, айтыс, қорқытып-үркіту, сюжет, штрих сияқты эсерлі компоненттер молынан кездеседі. Енді тақырыптық және проблемалық маңызы мен мазмүнына келер болсақ, ол жағы сан алуан. Ол жазбай кетті дейтін мәселе, кемшілік жоқ сияқты [4, 181]. Міне, зерттеуші Бейімбет Майлиннің фельетондарына баға бере отырып, осы шағын жанрдың тақырып аясының кеңдігін атап өтеді. Сондықтан да фельетонның жанрлық қасиеті оның шағындығында ғана емес, оның мәнділігінде екен. Дер кезінде элеуметтік, басқа да адамзат қоғамындағы келеңсіздіктерге тез үн қоса алатындығында болса керек. Фельетон жанры бүгінгі танылуына дейін көптеген өзгеріске түсіп, түрлі жолдардан өткен. Фельетонның осы тарихын толық ашып берген белгілі ғалым Темірбек Қожакеев болды: Фельетон деген термин өткен ғасырдың бірінші жартысында баспасөз тәжірибесіне енген.
Француздың Журналь де деба газеті өзінің шығарған қосымша жеке парақшаларын фельетон деп атаған. .. .Соңынан бүл терминнің мағынасы тағы да өзгерді. Енді газет, журналдардың етегі (подвалы) фельетон деп аталды. Сонда орналастырылған мақала, роман, повестерге дейін фельетон деліне берген. Осы мағынада фельетон Германияға, одан Россияға ауысқан. Орыс, неміс баспасөзінде газеттің, журналдың белгілі бір бөлімін фельетон деп атаған. Онда қоғамдық-саяси, әдеби шолулар, сын мақалалар, айтыс еңбектер, тарихи очерктер жарияланған. Қазақ топырағында да фельетон әр кез әр түрлі Мағынада пайдаланылған. Мысалы, алғаш Айқап журналы өзінің негізгі бір бөлімін фельетон деп атаған [5, 107]. Бұдан шығатын қорытынды, қазақ сөз онеріне, қазақ баспасына фельетон ұғымы XIX ғасырдың аяғында еніп кеткен екен. Әрине, фельетон деп аталмағанымен сол жанрдың мазмұнын беретін сөз қазақта ертеден бар екені белгілі. Фельетон жанр ретінде Журналистикаға ғана тән жанр емес, бүгінде сөз өнерінің толыққанды өзіндік стилі бар жанр деп айта аламыз. XX ғасырда қазақ әдебиетінде фельетон жанры толық қалыптасты. Бұл жанрда көптеген журналистер, кейіннен Б.Майлин, І.Жансүгіров, А. Тоқмағанбетов, Ғ.Қабышев, У.Уайдин, С.Төлешов, Адамбеков, М.Рашев, С.Әлжіков, Т.Қүлиясов, Қ.Аманжолов, Ш.Смаханүлы, Ж.Алтайбаев, О.Әубәкіров, М.Садықбаев, Д.Еркінбеков, Ғ.Қалемов, Ь.Қыдырбекүлы, Т.Әлімбекұлы тағы басқалар қарқындата дамытты.
Сатира - болмысқа эстетикалық қатысының өзіндік ерекшеліктері бар, өмір құбылыстарын зерттеу, бағалау, көрсетуде өзіндік әдіс-құралдары, өзіне тән табиғаты, сыр-сипаты бар дербес әдебиет тегі.
Сатираның жеке бір іс, құбылысты зерттеп білудің әдіс-тәсілі ретінде көрінетіні де рас. Бұл сапада ол эпостық, лирикалық, драмалық шығармалардың бәрінде, барлық түр, жанрында пайдаланыла береді. Солардағы белгілі бір елестер мен образдарды суреттеп берудің құралы, поэтикалық әдісі түрінде ғана қолданылады.
Сатираның көркем шығармалар ішіндегі өзіндік бір түр екені де даусыз. Әр жанрда жазылған сатиралық дүниелерді бір жерге үйіп қойып, бұл не? Десек, бұл - сатира, бұл - әдебиеттің сатира түрі деген жауапты естір едік. Яғни, сатира-көркем шығармалардың бір түрі, сатиралық туындылардың жалпылағыш,жиынтық аты.
Сатира деген атаудың бұлардан басқа да мағынасы бар.Кейде ол стильдік ағым атын білдіреді, әр стильдік тенденция өзіне тиімді,өзіне үйлесімді,үндесімді түрді қалайды. Мысалы, гротекст, гиперболаны, шарж, карикатураны, сарказм, иронияны басты құрал етіп пайдаланатын ағымдағылар сатираны таңдайды. Сондақтан да олар сатира ағымындағылар деп те айтылады. Сатира нақты жанрлар түрінде де көріне алады.Белгілі бір сықақ туындылар өзінің бітіь-сипатымен, көркемдік ой-пікірінің берілу ерекшелігімен, әшкерелеудің тілдік, стильдік құрал-әдістерін қолдану деңгейімен сатираның нақты бір жанрының сипатына ие болады да, сол жанр деп танылады.Қазіргі біздіңфельетон, памфлет, пародия, мысал, сықақ әңгіме, сатиралық роман, повесть деп жүргендеріміз - сатираның осы жанрлық көріністері.
Кейде сатираның өзі жанр деп те танылады. Кейде зерттеушілер сатира жанр емес, оны сатира жанры деп атауға болмайды дейді. Шындығында, сатира термині сияқты жанр деген атаудың да ұғымы көп. Ол да әр қилы мағынада қолданыла береді.Бір орайда сатираны жанр деп ұғынуғада болады. Өйткені әдебиеттің әр тегін (род) кейде жанр деп те атайды.
Жанр термині - дейді әдебиеттану ғылымының үлкен теоретигі, профессор Л.И. Тимофеев, - кейде әдебиеттің тегі деген мағынаны, яғни эпос, лирика, драма дегенді білдіреді [6, 221]. Осы мағынада З.Қабдолов: Эпос, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр деп жазады. [7, 72]. Демек, әдебиеттің әр тегін жанр деп атауға, эпос жанры, лирика жанры, драма жанры деп жазуға болатын болса, әдебиеттің дербес тегі деген мағынада қолданылатын тұста сатираны да жанр деп тануға, сатира жанры деп жазуға болады.
Сатираның көрнекті орыс зерттеушілері Д.Николаев та, Л.Ф. Ершов та, У.Гуральник те сатира сырларын осылай түсіндіреді. Бірінші аталған автор сатира - маңызды, пайдалы нәрсе, бірақ бұл өнердің айқындаушы жанры емес деп, сатираны жанр ретінде қарайды, енді бірде оны типтендіру әдісі дейді [8, 85]. Мұның үстіне ол да біреулер сатираны жанр деп біледі, біреулер болмысқа көзқарастың бір көрініс деп санайды, енді біреулер оны типтендіру әдісі деп атайды, тағы біреулер әдебиеттің тегі, түрі ретінде таниды деп ашық айтады [9, 60].
Л.Ф. Ершов Сатириконда күлкілі новелла, фельетон, юмореско, анекдот және жеке шумақ жетекші жанрлар болды деп жазады [10, 25]. Сол сияқты әлгі Д.Николаевтың ескіден келе жатқан әдеби сатиралық жанрлардың бірі- мысал(басня). У. Гуральниктің ...дүркінді баспасөз қазір жол-сапар очерк, ашық хат , қағаз шетіндегі ескертпелер(заметки на полях), сын түсіндірме (критический комментарий), шолу-пародия сияқты жаңа деректі сатиралық жанрларды нәтижелі дамытып келеді деген сияқты пікірлері де - осыған айқын дәләл. Енді юмор туралы. Юмор да, сатира атауы сияқты бірнеше мағынада қолданылады. Ең алдымен ол да - өмірдегі күлкілі болмыс,құбылыс,факті, оқиғаларга эстетикалық қатыстың бір типі. Кез келген күлкілі нәрсені сатиралық тұрғыдан, сатиралық пафоспен бағалай салуға болмайды. Кейбір қоғамға жалпы моральға зиянсыз күлкілі жайлар, жеке адамдардың қайырыммен, кешіріммен қарауға болатын әпенділік әрекеттері,әлсіз жақтары болады. Мысалы,Чапаевтың әлем әскеріне командир бола алмаймын-ау,өйткені барлық тілді білмеймін ғой деген өкініші, бір мәселе туралы өз пікірін,өз көзқарасын сұрағанда, Ленин қай жағында болса, мен де сол жағындамын деуі - күлкілі жайттар. Бірақ, батырдың осы аңғалдығы,түсінбестігі сатираға негіз бола алмайды, сатиралық тұрғыдан талдап бағалауды көтермейді. Осы сияқты 1920 жылы Одессаны жаудан босатқан Қызыл әскерлердің кейбірі әлгі Антанта деген қатыны қайда,соны құртып, біржола тынышталайық деп оны іздепті. Бұл да - кемшілік, білімсіздік, күлетін комизм. Бірақ, мұны да сатира пафосымен тепкілеуге болмайды.
Өмірдегі негізінен жағымды объектілер мен болмыстың осындай жеке бір мінін,әттеген-ай!дегізерлік әлсіз, жөнсіз жағын жеңіл күлкі, әзіл-оспақпен көңілді,симпатиямен тәлкек етудің, бағалаудың түрін юмор дейді.
Мысалы, О.Әубәкіров: Түкпірдегі дүкендеген өленіңде сауда қызметкерлерінің бір жағы Қызылқұм, бір жағы Қарақұм, шалқар көлі жоқ, самал желі жоқшөлде жатқан ауыл дүкеніне шілдеде сазан, қайық кеме түсіргенін жеңіл юмормен тәлкек етеді. Осы ойланбай істелген істер шөлдегі ел шөлдеп өлсін дегенің бе?, Шөлдегі елге кеме неменеге керек? деп іліп шалады[11, 102].
Күреңкөз қожа Омбыдан олжалы қайтқан Байжанның үйіндегі екі жас баланың піштірілмеген шөтейлерін басқа бір надан қағып кете ме деп, әдейі бұрылып келіп еді. Шөтейлер әзір аман сақтаулы екен. Қожекең көңілденіп, Байжанның аса діндар адам екеніне қоса, Жұбайдың қою құла торы шайын да мақтап алды[12, 96].
Міне, мұндағы юморда болмысқа қатыстың ерекше әдісі, түрі, нақты бір оқиға, фактіні объект- нысананы суреттеп, бағалап берудің тәсілі ретінде көрініс тауып отыр. Өмірлік болмыстың әдгідей күлкі келтіретін ерекше құбылыс, көріністері болады. Сол комизмдер юмор арқылы күлкі етіледі.
Юмор да бір сара шығармалардың жалпылауыш аты мағынасыда қолданыла береді. Жоғарыда аталғандар сияқты сатиралық уыт-зілмен жазылмаған, алдына әшкереушілік мақсат қоймаған, жеңіл күлкіге ғана негізделген әзіл-оспақтық шығармалардың жиынтық аты - юмор.
Енді бірде өмір, болмыс құбылыстарының күлкілі қырын, күлкі етуге болатын белгілерін іздеп тауып, көріп біле қоятын адам қабілетін юмор дейді. Әрине, бұл қабілет- қасиет тек юмористке ғана емес, сатирикке де тән, қажет. Юморлық сезім, юмористік қабілет дарыған кісі ғана өмір қайшылықтарын, болмыстағы үйлесімсіздіктерді көре біледі, көрсете біледі. Күлкілі құблыстарды, тұрмыс-тіршіліктің жағымсыз жақтары мен жарамсыз белгілерін келемеж ете алады.
Максим Горький: Мен кімді жазсам да, мейлі дәуірдің ұлы адамын жазсам да, міндетті түрде оның ерекше, тіпті бір қарағанда таңқаларлық әдет-дағдысын табуға тиістімін. Соны сығалап көру арқылы мен оқушыны іштей жымиюға мәжбүр етемін деген [13, 40]. Осы шығармашылық принцип Ғабит Мүсіреповте де бар. Ол да сыртына күлкі шығып тұрмаған болмыс-құбылыстардың езу тартқызарлық белгілерін іздеп тауып, көрсетіп жіберіп, оған оқушыны күлдіре қоюға өте бейім болған.
Сатиралық жанрлардың сан-алуандығын тілге тиек етпес бұрын, жанр деген не, оның түрлерлінің бір-бірінен немен ерекшеленетінін біліп алған жөн болар.
Жанр - белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы [14, 49]. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.
Сатира жанрлары алға қойған нақты міндет, мақсатымен, идеясымен ажыратылады. Егер жазғанымызда адам басында кездесетін әлеуметтік зияны жоқ, кешіріммен қарауға болатын әлсіздіктерді әзіл-ажуамен сынап-мінеп түзетпек, жоймақ міндетін қойсақ, онымыз юмореска, юморлық әңгіме болмақ. Егер жеке адамның биік моральдық қасиетін, жоғары табысын қуанышты күлкімен мақтана паш етсек, жазғанымыщ достық шарж болып шығады.
Жалпы, әр жанр таза қалыпта кездeсе бермейді.Бір туындыда бірнеше жанр элементтері тқғысып жатады.Кейде олар өмірді барлық күрделілігімен, көп қырсықтылығымен көрсету үшін, творчестволық ой - ниетті әсерлі етіп беру үшін әдейі тоғыстырылады. Сонда қай жанрдың белгілері мол болып, бірінші қатарда тұрса, туынды сол жанрға жатқызылады. Яғни шығармаларды белгілі бір жанрға жатқызу - шартты нәрсе.
Әр дәуір, әр кезең авторлары сол тұстың талабына, мазмұнына, айтар ой - идеяларына қарай, өздерінің өмірге көзқарастары мен идеялық-саяси позициясына қарай тың белгілер тудырып,оны жаңаша қолданып жатады.Осының бәрі жанрларға жаңа сипат,жаңа сапа береді.Әр кезде әр тап өкілдерінің жанрлар құрылымын,жанрлар өрнек - айшығын өз ниетін жүзеге асыру,өз идеясын тиімді насихаттау мақсатымен әр тұрғыда қолданып отыруының сыры да, міне,осында.
Жанрлар өзінің ішкі заңдылықтарына орай да жаңа сапаға ауысып жатады. Әдебиеттің,баспасөздің дамуына байланысты жаңа жанрлар туады.Олардың белгі-шарттары тарихи даму барысында айқындалып,қалыптаса,жетіле түседі. Белгілі бір дәуірдегі пафосқа,рухқа,идеялық-саяси міндеттерге орай күрес құралдарының өзгеріп отыратыны сияқты,жанрлардың өзі де,қасиет-белгілері де жаңғырып,толығып, молығып отырады,кейбір элементтері жойылып,жаңа шарт-белгілер пайда болып жатады. Жанрлық саралаудың үлкен мәні бар. Бұл белгілі бір болмыс-құбылысты,оқиға,фактіні жазып,суреттеп айтып берудің тиімді формасын табуға, таңдауға мүмкіндік береді, жазушыға, публициске оперативті болуға, аудитория талғамын, ерекшелігін ескеруге,туынды әсер-ықпалын арттыруға жағдай жасайды. Белгілі бір шығарманың, баспасөз, телевизия, радио материалының күші, оқушыға эстетикалық саяси әсер ету дәрежесі оның жанрлық сипатына, жанрлық сипатына, жанрлық сапасына да тікелей байланысты. Жанрлық саралау әрі әрбір автордың өзіндік бетін, творчестволық қабілетін, ерекшелігін танытуға мүмкіндік туғызады. Жанрларды саралау, жанр молдығы өмір-болмысты, тұрмыс-тіршілікті бүкіл бітімімен, даму тенденциясымен ашып көрсетуге, қоғамдықпікір мен миллиондардың салт-санасына,коммунистік құрылыстың тәжірибесіне алуан-алуан әдіс-тәсілмен, әр қилы жолмен ықпал жасауға мүмкіндік туғызады. Жанрларды желпіндіре, құбылта қолдану нәтижесінде барлық шындық тұтастай, жан - жақты ашылады. Сатиралық жанрлар мынадай екі салаға топтастырылып қарастырылады: сатираның поэзиялық жанрлары (мысал,эпиграмма,пародия, сықақ өлең, шарж, карикатура ), сатираның прозалық жанрлары (фельетон, памфлет, сатиралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман).
Мысал - қоғамдағы немесе жеке адамның басындағы кейбір жағымсыз жайттар мен кемшіліктерді, ұнамсыз мінез - қылықты ашық, тура сынамай, астарлап сынау. Аллегория - грекше астарлап айту, басқаша айту (иносказание) деген сөз. Яғни мысал өмірдегі жағымсыз құбылыстарды көбінесе адамның емес, басқа бір айуанаттың, құстың, немесе бір заттың басында болған ққиға етіп суреттейді. Өзінің айтар идея, ой - пікірін жасырып, жұмбақтап айтады. Әңгіме бір жәндік , бір зат туралы болғанмен, оның ар жағында адам бейнесі, адам ісі, адам характері тұрады.
Кейде мысал бір адамның басында болған хикая деп те жазыла береді. Бірақ мұндай адам туралыжазғанымыз мысал болу үшін оның екінші мағынасы, астарлы пікір болу керек. Мысалы әлгі адамның теріс әрекет - қылығын көрсету арқылы басқа біреулердің басындағы, немесе соның табына, әлеуметтік табына тән жөн - жосықсыздықты сынап - мінеуге тиісті.Яғни адам туралы жазылған мысалдарда пікір дәл сол адамның өзі туарлы емес, басқа біреулер, басқа бір типтер туралы болады.Осылайша пікірді астарлап, мысалдап айтқандықтан, олар да мысал деп саналады.
И.А.Крыловтың Музыканттар, Суайт, Бақшашы мен философ, Диірменші, Екі кісі, Екі бала, Малшы, Бай мен батырақ деген сияқты көптеген мысалдарында персонаж ретінде кәдімгі адамдар алынған. Бірақ солардың іс - мінезін көрсету арқылы автор жеке бір таптар мен топтардың іс - әрекетіндегі, психологиясындағы ұнамсыз жайлардыәшкерлеп отырған.Мысалы, жоғарыда айтылған мысалдардың ең соңғысындакүні бойы пішен орап, тоғай арасымен қайтып келе жатқан бай мен батыраққа бір аю тап болады. Аю байдың желкесіне міне түсіп, оңы дөңгелетіп ала жөнеледі.
Оның Өлдім, құтқар мені! деген жан даусы шығады.Сонда батырақ аюды балтамен шауып, айырмен түйреп өлтіреді. Соңынан жанының аман қалып, пәледен құтылғанына қуанудың орнына, бай батыраққа аюдың терісін бүлдірдің деп ұрысады.
Міне, мұнда үлкен астар, аллегория бар. Автор байдың осы қылығы арқылы жалпы үстем таптың дүниеқоныздығын,жалайқайлығын,жақсы лықты білмейтінін,басына қауіп төнгендебастан құлақ садағадеп, қауіп бұлты арылған кезде дүние деп жылайтынын әшкерелеген. Автор осы пікірді әлгідей етіп мысалдап айтқан.
Осы тұста бір ескертер нәрсе:ойды астарлап айтқан,басқаша айтқан нәрсенің бәрі мысал бола бермейді. Мысал бар да, мысалдап жазылған өлеңдер,шумақтар эпиграммалар болады.Жазғанымыз мысал аталу үшін онда, біріншіден, оқиға, сюжет болуға тиісті.
Мысал - сатира мен юморды ең ежелгі, ең көне, ең ерте пайда болған жанрларының бірі. Ол біздің эрамызға дейінгі VIII ғасырдың ежелгі грек әдебиетінде көрінген.Әрине, ол тұстағы мысалдың көрінісі, мазмұны қазіргі біздің мысалымыздағыдай болмаған. Дегенмен бұл жанрдың қазіргі кейбір сипат - ерекшеліктері мен белгілері сол тұстағы мысалдарда - ақ кқрініс тапқан.
Мысал қазақ әдебиетінде де ерте пайда болған. Оның алғашқы нұсқалары халық фольклорынан орын тепкен. Академик М.Әуезов пен профессор Е.Ысмайлов былай деп жазады: Хайуанат жайындағы әңгіме - аңыздардың екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез - құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез - құлыққа бейне, тұспал, мысал есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылықпен алысу үшін мысал етіп алу болған [15, 27].
Мысал жанры кейін қазақтың жазба әдебиетіне ауысты. Ол алғаш өз өрнек, өз айшығымен Дулат жырау творчествосынан көрінді. Ақын елге үлгі - өнеге беру, дидактикалық ақыл айту ниетімен үш - төрт мысал жазған. Ой - иДеяларын ашық, айқын жеткізу үшін өз мысалдарын түсінікті, қызықты сюжеттерге құрады.
Мысал жанр талабына сай, сәтті шығуы үшін бір - сыпыра шарттар керек. Біріншіден, мысалдағы персонаж - аң, құс, хайуанат, зат, ұсақ жәндік өз қалпында, өз бойына лайық іс - қимыл, әрекетпен көрінуге тиіс. Оларды жаратылыс, табиғатынан басқаша етіп көрсетуге, қолынан келмейтінді істей алатын етіп суреттеуге болмайды. Жансыз заттардың жүріп кетуі, көріп қоюы, естіп қоюы ертегіге ғана сыйымды. Оның ерекшелігі солай, онда бәрі де мүмкін. Ал мысалда мұның шегі болады. Бұл жанр адам мен айуанды, жанды мен жансыз затты мүлде ұқсатып жіберуді көтермейді.
Пародия - гректің para (против - қарсы), edo ( песня - өлең) деген сөздерінің біріккен, кіріккен түрі, яғни қарсы өлең , өлеңге қарсы өлең деген сөз . Бұған қарап пародия поэзия түрінде ғана жазылады екен деп ұғынуға болмайды.Кең мағынасында ол шығармаға қарсы жазылған шығарма деген ұғымды білдіреді. Демек.пародия проза түрінде де жазыла береді.
Пародия, негізінен , белгілі бір автордың, немесе бүтіндей бір әдеби ағымның, әдеби мектептің творчестволық сәтсіздіктері мен жеке туындыларының мінін іліп-шалып, келемеждеу үшін жазылады. Әдебиеттің бағытын дұрыстап, мазмұнын байытуға оның жеке өкілдерінің шеберлігін ширатып, творчестволық бетін қалыптастыруға , жалпы сөз өнерін биікке көтеруге қызмет етеді.
Мәселенки, сатирик Көпен Әмірбек бір кездері қоғамымыздың белгілі қайраткерінің қатарында аты аталатын Заманбек Нұрқаділовке жазған пародиясында автор кейіпкерінің тілімен былай сөйлейді:
Көз таныстың көбісі
Мені саясаткерге санап,
Алматының бұрыңғы мэрі ғой дейді.
Ал, білмейтін пәтшағарлар
Мақпал Жүнісованың ері ғой! дейді.
Мэр болғаным да рас,
Ер болғаным да рас [19,52]. Аталмыш пародия барысында өмір шындықтарын, кейіпкердің болмысын, тынысын көреміз. Кейіпкер сөзі оқырманға эмоциялық жылылық әкелетін күлкімен көмкерілген
Пародия - әрі әдебиет тарихы. Ол арқылы қашан, қайда, қандай ақын, жазушы болғанын, оның нендей шығармалар бергенін, оларға өз замандастары мен қазіргілердің қалай қарайтынын аңғарамыз. Әдебиет тарихынан орын ала алмай кейбір ақын-жазушыларды, олардың туындыларын пародиялардан естіп білеміз. Жақсы пародия әрқашан жаман оригиналдан ұзақ өмір сүреді.
Пародия сын обьектісіне, мақсатына қарай екі түрлі - юморлық, сатиралық болып келеді.Юморлық пародиялар өз ақын-жазушыларымыздың творчествосындағы ағат пікір, әлсіз жайларды аңғарту, олардың творчестволық ерекшелігін ашып, стилін қалыптастыру мақсатымен, игі ниетпен жазылады.
Ал сатиралық пародиялар идеялық жағынан бізге жау әдебиет өкілдері туралы жазылады. Бұл тақілеттес пародияларда алынып отырған объектінің бүтін мазмұны, бағыт - идеясы жоққа шығарылып, оның зияндылығы әшкереленеді. Үн, үкім қатал болады. Пародияның бұл түрі одақ көлемінде, буржуазиялық әдебиет өкілдерін әшкерелеуде ғана пайдаланып жүр. Біздің қазақ әдебиетінде көрінбейді.
Әрбір пародияның сәтті, әсерлі болуы үшін де бірсыпыра талап, шарт керек. Бұл үшін, ең алдымен, онда әлеуметтік, эстетикалық, айқын ой, нақты идея болуға тиіс.Ал біздің пародияларда осы шарт жетпейді.
Пародия сәтті шығуы үшін оның шығармаға айтар дауы, қарсы қояр пікірі мейлінше орынды, дәлелді, сенімді болуы қажет. Рас, пародия - белгілі бір адамның белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарасынан туатын субьективтік жанр. Бірақ пародист өзіне түсініксіз, өзіне ұнамаған нәрсенің бәріне пародия жаза беруге, өз талғамын, өз мүддесін жоғары қоюға ерікті деген сөз емес. Ол жалпы жұртшылықтың пікірімен, талғамымен, әдебиеттің мүддесімен есептесіп, жөнімен ұрыну керек. Пародия да - қисық айна. Қисық айна объектіні оптика заңына сай ғана қисық көрсетеді. Сол сияқты, пародия да шындықты қалай болса солай бұрмалай салмай, объектінің жағымсыз белгісін дәл тауып, оны жанр заңына сай келемеж етеді.
Эпиграмма: Әр жанрдың өзіндік қалыптасу тегі болады. Эпиграмманың қалыптасу жолындағы төркіні - эпитафия. Эпиграмма грекше надпись деген сөз екен. Антикалық дәуірде гректер атақты адамдардың ескерткіштеріне, салтанатты сарайына, пайдаланған тарихи мүлік-заттары, ыдыс-аяқ, ер-тұрман, қару-жарағына жазылған ескерткіш жазуды эпиграмма деп атады.
Эпиграмма (грек. epіgramma - қолтаңба) - белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры. Сондай-ақ Эпигондар қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы. Эпигондар фактісі мен нысанына қарай нақты және шартты; сынап-мінеу, суреттеу дәрежесіне қарай сатиралық, юморлық және жағымды Эпигондар болып бөлінеді. Ал қозғайтын тақырыбына қарай әдеби, саяси және тұрмыстық Эпигондарлар болып 3 топқа жіктеледі. Эпигондар алғаш ертедегі Грекияда сентенциялық қысқа өлең түрінде пайда болып, кейін элегия жанрымен бірікті де, элегиялық дистих деген атауға ие болды.
Эпиграмманы құрылымдық-типологиялық тұрғыдан топтағанда оның әр түрлі сапа-сипатынан, әр қыры, әр белгісі жағынан келіп қарастырамыз. Мысалы, эпиграммалар арналған объектісіне қарай екі топқа бөлінеді. Олардың бір тобы адамдарға, екінші тобы болмыс-құбылыс, заттарға арналып жазылады. Фактісі мен объектісінің адресіне қарай бұлар нақты және шартты эпиграммалар болып жіктеледі. Мысалы:
Ғ.Мұстафинге
Дейсіз ғой: Қыстау-жайлау- Қарғалыда,
Өкінбен оған көшіп барғаныма,
Сөз тергендер суысып алыстады,
Көз көргендер ілінер қармағыма [17,71]. Міне, бұл - белгілі бір адамға бағышталған, дәл адресі бар, нақты эпиграмма.
Бір редакторға
Түзет дедің, әкеп бердім түзетіп,
Кетті міне одан бері күз өтіп.
Сол өлеңді жоқтауды да ұмыттым,
Жатыр ма әлі жамбасынан сыз өтіп?
О. Әубәкіровтің бұл эпиграммасының да объектісі- адам, бірақ нақты аты-жөні, дәл адресі жоқ. Бір редакторға деп жазыла салған.
Карикатура - итальянша әсерлеу дегенді береді. Өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, жеке адамдардың бойындағы кемшіліктерді әшкерелеу мақсатында әзіл-оспақ, сын-сықақ, әжуа-мазақ, шарж, гротеск құралдарын қолданатын көркем бейнелеу тәсілі, бейнелеу өнерінің (негізінен, графика) жанры. Қазақ халқының карикатура өнері Ш.Уалихановтан басталады. Оның көптеген графикалық суреттері уытты әзілге, қуақы-күлкіге арналған Салпаң мұртты қарт, Балдан кейін, Қоғалдай мен Тоғолдай, тағы басқа. Қазақстанда карикатура, негізінен, 1920 - 30 жылдары В.И.Антощенко-Оленев, Ә.Ысмайылов, Қ.Қожықов, Б.А.Чекалин сынды тұлғалар қалыптастырды. 1956 жылы республикалық Ара - Шмель сатиралық журналының шығуына байланысты, қазақтың ұлттық әзіл-оспағы мен уытты шешендігін негіз еткен карикатурашылар А.Р. Ахметов, П.Бейсенов, Н.М.Казанцев, Е.Қалиасқаров, Ж.Қанапиянов, А.И.Латинин өсіп жетілдірді. Қанапиянов Сатира бейбітшілік жолындағы күресте атты халықаралық көрмеге бірнеше рет (1976, 1979, 1980, 1983) қатысып, Американша көмек (1980) Карикатурасы үшін медальмен марапатталды. 1983 жылы оның Бейбітшілік үшін күрес деген карикатулар альбомы жарық көрді. Қоғамдық өміріміздегі барлық жетістік пен кемшілікке үн қосатын карикатура суретшілерінің әр алуан тақырыпта көрмелері өткізілді. Соның бірі - 1988 жылы Алматыда Огни Алатау газеті мен Қазақстан Мәдениет министірлігі ұйымдастырған бүкілодақтық Карикатура - қайта құру қаруы атты көрме. Оған 250 көркем туынды қойылды. Суретшілер бюрократтық іс-әрекеттерді, парақорлықты, тамыр-таныстықты және тоқырау кезеңінің басқа да жағымсыз құбылыстарын батыл сынға алды.
Сатираның поэзиялық жанрларының тағы да бір түрі - шарж. Шарж француз тілінде әсерлеу деген ұғымды білдіреді. Ол екі элементтен - сурет пен текстен тұрады. Шарж суреті орындалу жағынан карикатураға жақын. Ол да композициялық құрылысы жағынан карикатураға ұқсайды. Онда да әсерлеу, бұрмалау, гипербола, сырттай теск элементтері болады. Бірақ мұның бәрі сырттай ғана ұқсастық. Ал мәні, мақсаты жағынан шарж карикатураға мүлдем ұқсамаса керек.
Карикатура өзінің уыт, пафосын жауға, жағымсыз жайттарға, сатиралық тұрғыда әшкереленетін объектіге бағыттаса, шарж өміріміздегі жағымды, жайсаң адамдарға, солардың игі де ізгі қасиеттерін паш етуге арналады. Осыдан келіп екеуіндегі үн-сарын, кекесін-мысқыл, интонация екі түрлі, екі сипатты болып келеді [21,10].
Достық шарж суретінде кейіпкерлер бейнесі тым бұрмаланбайды. Бет-әлпетін аса өзгертпей, сол қалыпында сақтап, басқа дене мүшелерін ғана сәл оғаштау етеді. Яғни, шаржда әсірелеп бұрмалау, көптіріп үлкейту шеберлікпен, шегімен ғана қолданылады.
Шарждың екінші элементі- текстке де биік талап қойылуында. Ол да ойнақы, үйірімді, айқын идеялы етіп жазылуға тиіс. Бірде ол эпиграмма түрінде, енді бірде мақал-мәтел, қанатты пікір және бірде әдемі әзілді жолдар болып келе береді.
Шарж көрсететін, сөз ететін жағымсыз болмыс-құбылыстың сипатына, зияндылық дәрежесіне қарай достық шарж және сатиралық шарж болып екі топқа бөлінеді. Достық шарждың өзі объектісіне, ол туралы айтылар пікір сыңайына қарай екі түрлі болады.Бір қилы достық шарждар жеке адамның жақсы бір қасиетін паш ету, еңбектегі жоғары табысын жұртқа таныту мақсатында, яғни таза мақтау, мадақтау ниетте жазылады. Онда зіл, сын, кекетіп-мұқату болмайды.
Достық шарж симпатиядан туса, сатиралық шарж - объектіге деген антипатияның жемісі. Ол белгілі бір типтердің мүлде жағымсыз, зиянды мінезқылығын, іс-әрекетін, ұрлық-қарлығын, көз бояушылығын, қулық-сұмдығын келемеждеу мақсатында жазылады.
Поэзиялық сатираның мысал, пародия, эпиграмма, шарж сияқты жанрларынан басқа, жай сықақ өлеңдер түрінде келетін көріністері де көп. Бірақ олардың бәрін бірдей сықақ өлеңдер деп атай салуға болмас. Оқып, мән-мазмұнына зерделе ой салсақ араларында ерекшеліктер де жоқ емес. Сол белгілеріне қарай сықақ өлеңдердің өзін бірнеше топқа жіктейміз.
Сықақ өлеңдердің бір тобы сатиралық шолулар болады. Онда бірнеше кемшілік санамалана сыналады. Авторлар оқушыны ертіп алып өмірге экскурс, шолу жасатады. Оны тұрмыс-тіршіліктегі, салт-санадағы әр түрлі кемшіліктермен таныстырады. Бірақ өлеңнің әр кемшілікке арналған бөліктері арасында өзара ішкі байланыс, нақты бір идея, композияциялық тұтастық болады.
Сатиралық шолудың айқын бір мысалы - Сейіт Кенжеахметовтің Мен айтты деме! атты сықақ өлеңі [21,17]. Ол төрт бөлімнен тұрады. Төртеуінде де өмірде кездесетін төрт түрлі жағымсыз жайт туралы айтылады. Біріншісінде кейбір көңілшек мал мамандарының араққа тойғызғандарға кой өңгерте салатынын, сөйтіп, қоғам есебінен мырзалық жасайтының меңзейді. Екіншісінде құрылыс материалдарын қоймашы мен күзетшіге бірдеме қыстыра қою ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ поэзиясында бірқақпай өте дамыған шағын жанр
Көпен Әмірбек- сатирик
Драмадағы тарихи тұлға.Қазіргі қазақ комедиясы
Фельетон - сатиралық жауынгер жанр
Комедия. Драмадағы тарихи тұлға
Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы туралы ақпарат
Ақпараттық жанрлар
Сатира сипаты және белгілері
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
Ілияс жансүгіров - сатирик
Пәндер