Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы туралы



1. Әдебиеттің шығу тегі мен қалыптасу жолы
2. Өнердің қалыптасуы және дамуы
3. Пайдаланған әдебиеттер
Әдебиет ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетик. ұғымға көше берген. Эллада эстет-сы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 — 322 ж.) “Поэтикасына” келіп ұласады. Ал “Поэтика” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш филос.-эстетик. трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында — ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің (870 — 950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі — адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. әл-Фараби — дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның “Музыканың ұлы кітабы”, “Поэзия канондары” т.б. зерттеулері — бүкіл дүн. жүз. эстет-ға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында
Қазақ әдебиетінің ежелгі бастаулары б.з.б. 3 – 1 ғ-лар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбігендігі соңғы уақыттардағы ғыл. ізденістер барысында толық дәлелденді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері ұлттық әдебиетке тікелей қатысты үш түрлі мәселенің басын ашып берді. Біріншіден, қазақ жазба әдебиетінің түп-тамыры Түрік қағандығы тұсынан басталатыны белгілі болды. Екіншіден, өз дәуірінің кескін-келбетіне сай дамыған мәдениеті мен өнерінің болғанын айғақтады. Үшіншіден, жазба жәдігерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежірелік сипатымен және ой тереңдігі, мазмұн байлығы, көркемдік қасиеті жағынан түркі тайпаларында сөз өнерінің жоғары дәрежеге жеткенін көрсетті. Жазба ескерткіштерінде ауыз әдебиеті үлгілерінің мол орын алуы, кейін сопылық поэзияда фольклорлық түрдің қолданылуы – фольклорлық мұра қашан да жазба әдебиеттің қайнар көзі, өркен жаюына ықпал жасайтын үлкен арна болғанын аңғартады. Халықты тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс ретінде фольклор ұлттың көркемдік ой-көзқарасын, эстет. талап-талғамын, танымдық түсінігін қалыптастырумен қатар, түркі әдебиетіне ғана тән әдеби дәстүр туғызды.
1. Уэллек Р., Уоррен О. Теория литературы.М.: Прогресс, 1978.
2. Томашевский Б.В. Теория литературы. – М., 1996.
3. Қабдолов З. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1983. – 2 т. – 392 б.
4. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №5

Тақырыбы: Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы.

.

Орындаған:Иманбаева М.Е.
Тобы:Қ-317с
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.

Семей 2015жыл

Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы

Жоспар

1. Әдебиеттің шығу тегі мен қалыптасу жолы
2. Өнердің қалыптасуы және дамуы
3. Пайдаланған әдебиеттер

1. Әдебиеттің шығу тегі мен қалыптасу жолы
Әдебиет ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың "Ән кітабы", "Құбылу кітабы", ежелгі Мысырдағы "Ағалы-інілі екеу туралы ертегі", байырғы Вавилон жұртының "Көрмегені жоқ кісі туралы" дастаны немесе көне үнді халқының "Ригведа", "Махабхарата", "Рамаяна" жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 -- 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетик. ұғымға көше берген. Эллада эстет-сы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның "сәбилик" филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 -- 322 ж.) "Поэтикасына" келіп ұласады. Ал "Поэтика" -- күллі көркемөнер туралы тұңғыш филос.-эстетик. трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында -- ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің (870 -- 950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі -- адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. әл-Фараби -- дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның "Музыканың ұлы кітабы", "Поэзия канондары" т.б. зерттеулері -- бүкіл дүн. жүз. эстет-ға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында
Қазақ әдебиетінің ежелгі бастаулары б.з.б. 3 - 1 ғ-лар аралығында пайда болған "Алып Ер Тоңға", "Шу батыр" дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбігендігі соңғы уақыттардағы ғыл. ізденістер барысында толық дәлелденді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері ұлттық әдебиетке тікелей қатысты үш түрлі мәселенің басын ашып берді. Біріншіден, қазақ жазба әдебиетінің түп-тамыры Түрік қағандығы тұсынан басталатыны белгілі болды. Екіншіден, өз дәуірінің кескін-келбетіне сай дамыған мәдениеті мен өнерінің болғанын айғақтады. Үшіншіден, жазба жәдігерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежірелік сипатымен және ой тереңдігі, мазмұн байлығы, көркемдік қасиеті жағынан түркі тайпаларында сөз өнерінің жоғары дәрежеге жеткенін көрсетті. Жазба ескерткіштерінде ауыз әдебиеті үлгілерінің мол орын алуы, кейін сопылық поэзияда фольклорлық түрдің қолданылуы - фольклорлық мұра қашан да жазба әдебиеттің қайнар көзі, өркен жаюына ықпал жасайтын үлкен арна болғанын аңғартады. Халықты тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс ретінде фольклор ұлттың көркемдік ой-көзқарасын, эстет. талап-талғамын, танымдық түсінігін қалыптастырумен қатар, түркі әдебиетіне ғана тән әдеби дәстүр туғызды.
Қазақ хандығының мәдениеті, өнері, әдебиеті бұрынғы қазақ даласын жайлаған түркі тайпаларының ғасырлар бойы жасаған рухани қазынасының дәстүрлі жалғасы ретінде, көркемдік дамудың тарихи сабақтастығы принципіне сай дами бастады. Қазақтың халық ауыз әдебиеті ұлттық сипат алып, жанрлық түрлері көбейді, әсіресе жаугершілік заманның эстет. талап-тілегіне сай эпостық жырлар молая түсті. Ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін танытатын ақын-жыраулар поэзиясы кеңінен қанат жайды. Қазақ жыраулары ертедегі түркілердің жазба поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, жанрлық, көркемдік, образдылық, өлең құрылысы жағынан байытып, өркендетті. Жыраулар поэзиясы филос. ой-толғамды, дидактик. насихатты жалғастыра отырып, отаншылдық, патриоттық сарынды, лирик., реалистік суреттеудің алғашқы белгілерін, әдебиетке халықтық сипат әкелді, сөз өнерінің халық тарихы мен өміріне тығыз байланыстылығын, ел мұңын жырлау идеясын кіргізді (қ. Жыраулық поэзия). Қазақ әдебиетін кезеңдеу мәселесінде бірнеше ғасырлар бедерін алып жатқан осы жыраулық поэзия дәстүріне қатысты біршама талас-тартыстар туындап, 20 ғ-дың 80-жылдары соңына қарай ішінара лайықты бағасын алғанымен оның қазақ әдебиетіндегі орны мен идеялық бағыты кейінгі кезеңдерде ғана толық зерттелді. Алайда белгілі бір тарихи оқиғалар мен қоғамдық құбылыстар арасында пайда болған қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы сарындар мен ағымдарға, идеялық бағыт-бағдарға байланысты әдебиеттанушы ғалымдар арасында талас-тартыстар пайда болды.
Қазақ әдебиеті. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап әр түрлі саяси оқиғаларға байланысты қазақ жеріне аяқ басқан өзге ұлт өкілдері тұрақтап қала бастады. Олар 20 ғ-дың алғашқы жартысынан қазақ еліндегі саяси-әлеум., мәдени шараларға белсене араласып, өздерін этник. топтар ретінде көрсетті. Әсіресе, Қазақстанға орыстар көптеп қоныс аударды. Олардың арасында әдебиет пен мәдениет өкілдері де болды. Қазақстан жазушылар одағы құрамында 1933 жылдан орыс әдебиеті секциясы жұмыс істей бастады.
В.М.Жирмунскийдің пікі - ріне ден қойсақ: Әдеби туынды біз - ге кар - ти - на немесе музыкалық шы - ғар - ма сияқты көр - кем - дік-эстетикалық ләз - зат сыйлайды. Біз әдеби шығарманы оқы - ғанда оны қосымша құрал - дар - сыз-ақ түсіне - міз. Оған біздің сезім-күйіміз, қа - был - дауы - мыз, интуициямыз қатысады [1,17-б].
Көркем туындыларды өмірге әкелетін автор. Автор жасаушы, шығарушы деген ұғымды береді. Автор жасаушы, баяндаушы объективті әңгімелеуші ретінде көрінеді. Автор жасаушы өзінің шығармасын тудырады. Оның көзқарасы, идеясы, дүниетанымы - сол туындының негізін құрайды.
Автор кейде шығармашылық үдерісте өзінің жасайтын мәтініне билігі жүрмей де қалады. Ол сюжет жетегінде көркем шығармасын өзі күтпеген жағдайда дамытады, аяқтайды. Ал, автордың көркем шығармада көрінуі күрделі. Оқырман әрбір шығарманы оқу үстінде, одан авторды іздеп отырады. Әрине, автор көркем мәтінге өзінің ұстанымымен, көзқарасымен тікелей қатысады. Онда ол шығарманың кіріспе - сінде, эпиграфында, басталуы мен аяқ - талуында, арнауында, авторлық ескертулерде қатысады.

2. Өнердің қалыптасуы және дамуы
Өнер теориясы дәуір талабын, эстетикалық талғам-тілекті ескере отырып, қоғамдық пластикалық өнер және оның жеке түрлері жөніндегі әлеуметтік-философиялық көзқарастарды қорытып әрі дамытып отырады. Ол өнердің идеялық мазмұны, көркемдік тәсілі, көркемдік формалары, бейнелеу құралы, өнер техникасы мен технологиясы, түр мен жанр ерекшелігі т.б. мәселелерді өзара байланысты күйінде алып зерттейді.
Сонымен қатар өнердің жалпы заңдылықтарын, объективті логикалық дамуын, қоғаммен ара-қатынасын, ұжым мен жеке адамдарға әсерін жан-жақты қарастырады.
Өнер тарихы өнердің даму жолын дүние жүзі көлемінде тұтас, не кейбір елдің немесе жеке дәуірдің өнерін де зерттеп бағалайды, өнердің белгілі бір түрі немесе бүкіл бір бағыт пен ағымның пайда болу, жетілу-тоғысу себептерін түсіндіреді. Көркем сын замани көркем өмір құбылыстарын, қазіргі өнердің жанрлары мен түрлерін, бағытын, оның шеберлерінің шығармашылығы мен жеке көркем шығармаларды талдайды және бағалайды.
Өнер құбылыстарының өмір мен уақыттың қоғамдық идеалдарымен қатысын тап мүддесі тұрғысынаналып тексереді. Өнертану зерттеулерінің нәтижелері теориялық немесе тарихи проблемаларға арналған теориялық трактат, суреткер парызы жөнінде толғаныс, теориялық немесе тарихи зерттеу, жалпы немесе арнаулы еңбектер (монографиялар), мақала немесе баяндама, күнделікті көркем өмірдің аталған немесе басқа да мәселелерін қамтитын шолу-сын немесе этюд. т.б.болуы мүмкүн. Өнертанудың негізгі салалары мен жанрлары ретінде айтылмыш міндеттерді жүзеге асыру қызметін атқарады.
Көркемдік идея - шығармады суреттеліп отырған өмір құбылысы туралы автлрдың айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Идеясыз өнер шығармасы болмайды. Мазмұны мен түрдің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Суретші өмір жиынтығын көркем образдарға жинақтап, оны өз шығармасының идеялық - тақырыптық негізінде ғана суреттеп көрсете алады.Әрбір картинадаға көркемдік идеяның құрылымы сол туындыны жазған суретшінің дүние танымына, әлеуметтік таптың көзқарасына тығыз байланысты. Көркемдік әдіс белгілі бір дәуірде көптеген суретшілердің шығармаларында қолданылып, өмір жиынтығын суреттеу ерекшеліктерін белгілейтін негізгі принцип. Көркем өнердің барлық салаларында тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеуде өзгешеліктер байқалады.
Көркемдік әдістер - романтизм, реализм, австракционизм болып бөлінеді.Романтизм өне шығармалары арқылы адам бойындағы өршіл қасиеттерді білдірсе, реализм - өнер арқылы өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты ашып көрсетуді мақсат тұтады. Социалистік реализм коммунистік идеяларды уағыздау, өмірді даму үстінде көрсету, ескі мен жаңаның күресі тұрғысынан сараптау бағытын ұстанады.Австракционизм өмір шындығында бейнеленген көріністер бола бермейтін, суретшінің киялынан туындаған, бейнеленген көріністері бергілі бір идеяны білдіретін, суретшінің көркемдік іс әрекеті ретінде танылады.
Көркемдік өнердің сапасы мен оны жасайтын шығармашылықта анықтайтын ұғым. "Көркем" деген сөз өте маңызды. Өнер әрқашан көркем, яғни сәнді шығарма жазуға тиіс. Эстетикалық әсемдіктің өнерге тән ерекше түрін ажырату мақсатында оған көркемдік ұғымы тағылған. Көркемдік неғұрлым жоғары болса, өнер шығармашылығының маңызы арта түседі. Өнердегі көркемдік өмірді шынайы бейнелеуді талап етеді. Шындықты бұрмалауды көркемдік көтермейді. Көркемдік қоғамның дамып отырған талабына жауап беруі керек. Өнерге тән нанымдылық пен жағымдылық көркемдіктің негізі болып табылады.
Көркемдік өнердің барлық жақтарын қамтиды және әрбір элементтеріне байланысты шындықты бейнелеудегі өнердің басты құрылымы - образ толық мағынада көркемдік дәрежеге көтерілуі қажет. Шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, тілі мен әдісі - осының бәрі көркемдік заңына бағынады.Олар жеке алғанда ойға орамды, сезімге жайлы келіп, гармониялық бірлестікте шығармаға нәр береді, оны тартымды етеді, көркем дүниеге айналдырады.
Шығарманың мазмұны мен түрі бірлестікте болуы - көркемдік заңы. Өнер түрлерінің форма мен жанрларының көркемдік ерекшеліктері болады. Қашан да көркемдік - эстетикалық мөлшерді сақтау. Көркем бейне өнерде өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, нақты бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгіс. Көркем бейнеде көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, қорытындылап әрі даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде ғана көркем образ, көркем бейне туады, өмірдің көркем суреті жасалады.
Бейнелеу өнерінде адамның көркем бейнесін суретегенде, суретші оның кескін тұрғысын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытып, типтік сипаттармен қатар өзінің жеке басына тән ерекшеліктерін де анық байқалатындай етіп көрсетеді.
Адамның типтік бейнесін, типтік мінезін суреттеу қоғамдық өмірді жан-жақты терең зерттеп, білгенде ғана ұғымды болады. Мысалы: Абай ескерткіші (Қ.Наурызбаев), Амангелді отряды (Ә.Қастеев), Ж.Қуанышбаев портреті - мүсін (Б.Төленов) М. Рүстемұлы (Ш.Уәлиханов) портреті озық өнер туындылары.
Өнер теориясы мен тарихының көптеген маңызды қағидалары Ежелгі Грекияда қалыптаса бастады. Б.з.б. 4 ғ. эстетикасында өнерді Аристотель танымның шығарм. формасы деп есептесе, Платон оған бақилық хақиқат, ерекше идеялардың шұғылаланған көшірмесі деп қарады. Мүсінші Поликлет (б.з.б. 5 ғ.), кескіндемеші Евфранор, Апеллес және Памфил (б.з.б. 4 ғ.) трактаттарында негізінен иконография, стилистика мен тех. мәселелерге назар аударылды. Плиний (үлкені, б.з. 1 ғ-ы) көне өнер жөніндегі тарихи деректердің жинағын жасады. Осы тұста Азия елдерінде де өнер мәселелеріне арналған трактаттар жазылып, кең тарай бастады. Бұл трактаттарда құрылысшылар мен суретшілерге нақтылы нұсқаулар айтылумен қатар ішінара діни-мифол. аңыздар мен өнер тарихы да жасалды. Табиғатты танудың филос.-эстет. мәселелері, әсемдікке көзқарас және өнер тарихы жөнінде ортағасырлық қытай трактаттарында (Се Хэ, 5 ғ., Ван Вей, 8 ғ., Го Си, 11 ғ.) көптеген құнды деректер бар. Ортағасырлық Таяу және Орта Шығыс трактаттарында (Сұлтан Әли Мешхеди 16 ғ., Қази-Ахмед 16 ғ-дың соңы, Садиги-бек Афшар 16 - 17 ғ-лар) өнер иелеріне ұсыныстармен қатар ислам уағызы, ағартушылық мәселелері де қамтылды. 18 - 19 ғ-ларда Жапония өнері жөнінде трактаттар (Нисикава Сукэнобу, т.б.) пайда болды. Ортағасырлық Еуропа өнер теориясы теол. көзқарастың бір бөлігіне айналды. Ө. ілімінің дербес ғылым ретінде қалыптасуы Қайта өркендеу дәуірімен тығыз байланысты. Филиппо Виллани, Ченнино Ченнини (Италия, 14 ғ.) еңбектерінде өнердің көне принциптерін қайта жаңғырту концепциялары белгіленді. Қайта өркендеу дәуірінің шарықтау шегінде Леонардо да Винчи кескіндеме және оның ғыл. негіздері мен мүмкіндіктері туралы терең ой-пікірлер айтты. 16 ғ-дың басында Германияда А.Дюрер әсемдіктің табиғат пен кескіндемедегі көріністерінің көп қырлылығы жайына тоқталып, олардың өзара үйлесімі туралы ілім жасады, антропометрия әдісін болжады. Венецияда П.Аретино суреткерлер мен көрермендерге көркем сынның көшбасшысы есебінде танылды. 17 ғ-да Еуропада өнер мәселелеріне арналған әдебиеттер көптеп шығып, кең көлемде тарай бастады. 18 ғ-дағы Ағартушылық дәуірінде Ө. өзінің негізгі үш саласы бойынша дербес ғылым есебінде біртіндеп қалыптасып, филос. және тарихи негізделді. Қоғамдық-сыншыл ой-пікірлердің дамуына байланысты француз әдебиетінде сезім, талғам өлшемі (Ж.Д. Дюбо) пайда болды, көрмелерге арналып сын-шолулар (Лафон де Сент-Йенн) шығарылды.
Өнер 19 ғ-да өз алдына ғылым болып қалыптасты. Оның дамуында Ұлы француз революциясы, И.Кант, Ф.В. Шеллинг, ағайынды А. және Ф.Шлегельдер, әсіресе, Г.Гегельдің эстетикалық тұжырымдары елеулі рөл атқарды. Археологиялық зерттеулердің кең құлаш жаюы, өнердің дамуы жөніндегі аса құнды деректердің молынан жиналуы, көптеген көркемөнер мұражайларының ашылуы кәсіби өнер ғылымы тарихының тез қалыптасуына қолайлы жағдай жасады. Көрмелер мен журналистика табыстарына байланысты көркем сын да шапшаң дамып, өнердің дамуына, көрермендер көзқарасы мен талғамын тәрбиелеу ісіне жемісті еңбек ете бастады.
Ғылымның, оның ішінде археология, этнография, филология, мәдениет тарихының шапшаң дамуы, мұрағаттарды, көркемөнер ескерткіштерін зерттеу 19 ғ-дың ортасындағы Германия өнерінің жалпы тарихының дамуына (Ф.Куглер, К.Шназ, А.Шпрингер) мүмкіндік туғызды. Неміс Э.Колофф, бельгиялық А.Микинельс, швейцариялық Я.Буркхардт өнердің даму логикасын, оның құбылыстарының қоғамдық рухани және материалдық мәдениетімен байланыстылығын ашуға тырысты. Француздар
Э.Э. Виолле-ле-Дюк пен О.Шуази, неміс Г.Земпер архитектура мен сән өнерінің теор. және тарихи талдау ісіне зор еңбек сіңірді. Өнер тарихын зерттеуде Ресей ғалымдары И.В. Цветаев, Б.В. Фармаковский, В.К. Мальмберг, П.П. Семенов, Н.И. Романов, М.И.Ростовцев, А.Н. Бенуа, Н.Я. Марр, В.В.Воровский, М.С. Ольминский, А.В. Луначарский үлкен рөл атқарды. ТМД елдерінде Ө. өнерді археологиялық, этнографиялық тұрғыдан зерттеу, мұражай жұмыстарын жүргізу, реставрациялау, анықтамаларды, каталогтарды, мұрағат құжаттарын, хаттар мен естеліктерді бастырып шығару, т.б. жоспарлы түрде кең қанат жайған.
Қазақ топырағынан шыққан данышпан ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің "Музыканың ұлы кітабы" атты еңбегі дүниежүз. музыкатану іліміндегі бұрын-соңды жазылған озық туындылардың бірінен саналады. Бұл еңбек мұсылман елдері музыка мәдениетіне игі әсер етумен қатар Еуропа музыкасының ғыл. теориясы мен практикасының дамуына орасан зор ықпал жасады. Ш.Уәлиханов еңбектерінде Қазақстан аумағындағы кейбір балбалдар мен кемпір тастар және таңбалы тастар жөніндегі келелі пікірлер кездеседі. Қазақтың ежелгі мәдениеті мен өнерін (Ә.Марғұлан, Н.Нұрмұхамедов), сәулет өнері тарихын (Т.Бәсенов, Марғұлан, М.Меңдіқұлов), бейнелеу (И.А. Рыбакова, Г.Сарықұлова, Р.Ерғалиева), ұлттық музыка (А.В. Затаевич, Б.Г. Ерзакович, А.Жұбанов, П.В. Аравин, М.Ахметова, Ғ.Бисенова, Б.Ғизатов, Н.Кетегенова, С.Күзембаева, З.Қоспақов, Ж.Рсалдин, т.б.) мен театр өнерін (М.Әуезов, О.Беков, Ж.Шанин, І.Жансүгіров, С.Садуақасов, Ғ.Тоғжанұлы, Ш.Хұсайынов, А.Тоқпанов, І.Қуандықов, Б.Құндақбаев, Н.И. Львов, І.Мұқамеджанов, К.Нұрпейісов) жан-жақты зерттеу кеңес дәуірінде қалыптасты.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Арсланов В.Г.Западное искуствознание ХХ века, Мәскеу, 2005жыл.
2. З.Қабдолов, Сөз өнері, Алматы 1976жыл;
3. А.Байтұрсынов, Әдебиет танытқыш, "Ақжол" кітабында, Алматы 1991жыл
4. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі, Алматы 1996жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №6

Тақырыбы: Кейіпкер және көркем образ.

.

Орындаған:Иманбаева М.Е.
Тобы:Қ-317с
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.

Семей 2015жыл
Кейіпкер және көркем образ

Жоспар

1. Шығармадағы кейіпкер туралы түсінік
2. Көркем образ және оның ерекшеліктері
3. Пайдаланған әдебиеттер

Әдеби шығарманы талдау барысында кейіпкер бейнесін таныту- басты жұмыстардың бірі. Оның кейбір белгілері- сыртқы келбеті, іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері, автордың кейіпкерге, қоршаған ортаға қатысы, яғни, сынып жоғарылаған сайын әдеби образ табиғатын ашу мәселесі күрделене түседі. Олай болса, әдеби шығарманы талдау барысында кейіпкер бейнесін тану, таныта білу- жүйелі жұмыстар жүргізуді талап етеді. Әдебиет сабақтарында көркем шығарманы оқып, ондағы кейіпкерлер бейнесін ашуда оның сыртқы келбетін, іс-әрекетін, мінез-құлқын, ішкі психологиясын, қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыруды басты назарға алуды көздедім. Онда олар табиғат пен оның терең сырларын, жақсылық пен жамандықты, әділдік пен әділетсіздікті, әлеуметтік мәселелер мен адамдар арасындағы қарым-қатынастарын байқайды, жақсыдан үйренерлік, жаманнан жиренерлік үлгі-өнеге алады және заман талабына орай дүниетанымдары кеңейеді. Қай шығарманы талдамайық, алдымен ол шығарманың мазмұнын, тақырыбын нақтылап, айқындап алудан бастаған жөн. Өйткені шығарманың мазмұнымен оқушы толық таныспай, оны меңгермей тұрып, басқа мәселе туралы сөз қозғау мүмкін емес. Ол үшін күрделі, көлемді шығармаларды оқуды оқушыларға күні бұрын тапсырамын. Себебі бір романды немесе толық бір повесті сыныпта отырып түгелдей оқып шыға алмайсың. Ал оқушылардың өздігінен ізденіп оқуы үшін, ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін шығарманың кейбір қызықты оқиғаларын әңгімелеп берген дұрыс. Өйткені кейбір оқушылар көркем шығарма оқуға мүлдем қызықпайды. Бұл туралы әдіскер-ғалым Б.Сланов былай дейді: Кей оқушылардың көркем шығарма оқуға қызықпайтыны-оларда әдеби туындыдағы өмірді, адамдар қатынасын бейнелейтін сырлы суретті көз алдына елестету қабілеті жетіспейді. Оларға әйтеуір бір жерде адамдар сөйлейтін, күлетін, ренжитін сияқты көрінеді. Мысалы, 6-сыныпта Ә.Нұрпейісовтың Балықшылар әңгімесі беріледі (Қан мен тер романынан үзінді). Әңгіменің мазмұнын түсіндіру барысында романның кейбір оқиғаларынан үзінділер келтіремін. Осы сыныпта сол сияқты, Менің атым Қожа (Б.Соқпақбаев), Тұтқын бала (Ш.Мұртаза) әңгімелерін өткенде, Менің атым Қожа повесін, Қызыл жебе романын, оларға түсірілген кинофильмдермен сабақтастыра әңгімелеймін. Бұл әдіс оқушыларды повесть, романдарды толықтай оқуға жетелейді де, көркем шығарманы оқуға деген ынталарын арттырады.
Кейіпкер тілі - лингвистикалық стилистиканың зерттеу нысанына жатады. Кейіпкер тілін талдауда диалог, монолог, полилогтердің қызметі айырықша. Әсіресе, диалогтің табиғаты ерекше. Диалог арқылы шығарманың идеясы мен кейіпкер бейнесі көрінеді. Кейіпкер тілі көркем шығармада кейіпкер бейнесін жасауға ықпалды. Кейіпкер тіліндегі лексикалық элементтер: диалектизмдер, қаратпа және одағай сөздер, қарапайым және жарго сөздер мен варваризмдердің қолданылуына талдау барысында үлкен мән беріледі. Бұл жөнінде Р.Сыздық: Дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсіресе макоронизмдер кейіпкердің мінез - құлқын, алған білім - тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, оның образын жасауға көмектеседі. Бұл - стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы жазушының сөз құдіретін тану шеберлігіне алып барады - дейді[1]. Сондай - ақ шығармадағы кейіпкерлер бейнесін жан - жақты суреттеуде әлеуметтік тілдік құбылыстың қатысы бар. Бұл қазақ тіл білімінде соңғы кезде ғана айтыла бастады. Тілдік ортада әлеуметтік тілдік бөліністің болуы факт. Ендеше мұндай жағдайлар әдеби тілде өз ізін қалдыратынын көркем шығармада кейіпкерлер тілін талдауда кездесетін және бар, бола беретін құбылыс екенін мойындауға тура келеді.
Көркем мәтіндегі кейіпкер тілін талдағанда диалог мәселесіне соқпай кету мүмкін емес. Диалогтың қызметі екі адамның сөйлесуімен шектелмейді. Оның шығармадағы қызметі көптеген мәселелерді қамтиды. Мәселен, кейіпкерді мінездеу, шығарма оқиғасын дамыту мен идеясын көрсету - диалогке тән нәрсе. Диалогтың лексикалық құрамымен қатар, синтаксистік құрамына да назар аударылуы тиіс. Жай сөйлемдердің, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің мағыналық қызметіне қарай кейіпкер тілінің ерекшеліктері сараланады.
Диалог парадигмасы - қазіргі ғылымда неғұрлым мәнді бағыттардың бірі. Психологиялық механизмдердің диалогты интерпрентациясы М.М. Бахтиннің сананың кез келген өзара әрекетін диалог деп түсіну қажет деген идеясынан туындады: Өмір сүру дегеніміз, бұл диалогқа қатысу, яғни сұрау, алу, жауап беру, келісу т.б. Бұл диалогқа адам өмір бойы - көзімен, ернімен, қолымен, жолымен, рухымен, барлық тәнімен, әрекетімен - мәңгі қатысады[2].
М.М. Бахтиннің айтуынша, шығарманың сөзін қарым - қатынас өнімі деп түсінуге болады (сана диалогы), мәдениет лемімен кез келген түйісу әңгімелесуді сұрап алу болып табылады. Мұндай мағынада кез келген философиялық, әдеби сөздерді диалогты деп есептеуге болады. Диалог көркем шығармадағы монолог ұғымына қарама-қарсы мағынада болғанымен әрдайым бірге айтылуымен ерекшеленеді.
Монолог - тыңдаушы тікелей қабылдайтын бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән лексикалық бірліктерді тыңдауы мен сөйлемдердің синтаксистік құрылымы болады. Монологтың сипаттау, баяндау, сендіру, әңгімелеу сияқты функционалдық - коммуникативтік ерекшеліктері бар.
Полилог - шығармада оқиғаға қатысушы бір топ адамның образын жасайтын, яғни топты танытатын құрал. Мұнда автор ситуацияны баяндау кезінде бірнеше адамдардың қатысқан сөздерін береді. Сол арқылы әр кейіпкердің өзіндік бейнесін толықтырып нақтылай түседі.

2. Көркем образ және оның ерекшеліктері

Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.
Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.
Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
Әдебиет жанрлары
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдебиеттің тегі мен түрі. Эпос, лирика, драма
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МЫСАЛ ЖАНРЫ
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Пәндер