Патшалық Ресейдің отарлау саясат және түркі халықтарының күресі



Патшалық Ресейдің отарлау саясат және түркі халықтарының күресі
Түркі халықтарының күресі
Шыңғыс хан империясы
Түркі-монғол мемлекеттің құрылуы
Шыңғыс ханнан кейін мемлекеттің ыдырауы
Оғыз және Селжүк мемлекеті
Оғыздардың тайпалық құрылымы
Ұлы Селжүк мемлекеті (1040-1157)

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Патшалық Ресейдің отарлау саясат және түркі халықтарының күресі
Түркі халықтарының күресі
Шыңғыс хан империясы
Түркі-монғол мемлекеттің құрылуы
Шыңғыс ханнан кейін мемлекеттің ыдырауы
Оғыз және Селжүк мемлекеті
Оғыздардың тайпалық құрылымы
Ұлы Селжүк мемлекеті (1040-1157)

Патшалық Ресейдің отралау саясат және түркі халықтарының күресі
Ресейдің қазақ жерін отарлауы екі үлкен кезеңге бөлінеді. Біріншісі —
Ресейдің төрт казак армиясының әскери шабуылдары арқылы қазақ жерін басып
алу жорықтары, ол XVIII ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырдың 70-80-
жылдарына дейін созылады. Бұл кезеңде қазақ жерінде бекіністер, қамал-
қалалар, тірек пункттерін салып және оларды жүйелі түрде шептермен
жалғастыру арқылы қазақ елін темір құрсауға алып, өзен, көл, құнарлы
жерлерге қазақтардың, ерікті шаруалардың орын тебуі, қазақ елінің
мемлекеттік билігін жойып, отаршылдық басқару жүйесін іске асыру болды. Бұл
кезеңде қазақ халқының азаттық соғыстары мен көтерілістері кең етек алды.
Отарлаудың бұл кезеңінде, яғни әскери-әкімшілік отарлау кезеңінде
тірек пункттері есебінде әскери қоныстардың шекаралық желілері (линиялар)
әрбіді. Біртіндеп әскери қоныстану Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр
жайды. Бастапқы кезде бұл мекендер Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын
қамтыды. Осындай қозғалыстың үдере жүргізілгендігін қала бекіністерінің тез
өскендігі дәлелдейді.
Екінші кезең - қазақ халқы Ресейдің отаршылдық бұғауында қалуы. Бұл
кезеңде 1891 жылғы 25 наурыздағы патшаның Далалық ереже (Степное положение)
деген жарлығы негізінде қазақ жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп шешім
қабылдауы; осы занды басшылыққа алып, ішкі Ресейдің украина губернияларынан
Қазақстанға келімсектерді қоныстандыруды ұйымдастыру, қазақтарды
атамекенінен кетіріп, ұлттық дағдарысқа ұшырату болды. Бұл қазақ халқының
жер үшін, мемлекет үшін азаттық соғыстарына әкеп тіреді. Бұл кезең XIX
ғасырдың 70-80-жылдарынан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі уақытты
қамтыды.
Енді осы бірінші кезеңде патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлауы қалай
іске асырылғанына тоқталайық.
XVIII ғасырдың соңына қарай қазақ даласы түс-тұстан қазақ қоныстарының
жүйесімен шырматылды. Ресей империясындағы он бір қазақ армиясының (әскери
тобының) төртеуі (Орал, Сібір, Орынбор, Жетісу) Қазақстан территориясында
құрьшып, қазақтар 80 жыл бойы қазақтарға жазалау соғыс қимылдарын жүргізді.
Осы қазақтардың 80 жылдан астам қазақ елін тонаушылық, отаршылдык, шектен
шыққан қатыгездігін жазбас бұрын, "қазақтар" кімдер, олардың шыққан тегі,
Қазақстанға қашан, қайдан келген, қалай қазақ жеріне орын тепті және
жоғарыда аталған Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу әскери құрамалары туралы жеке-
жеке қысқаша тоқталып өтелік.
Қазақтар құрамы этникалық жағынан бірыңғай таза емес-ті, кейін де
қазақтарға ұлттық белгі бойынша цензі берілмеді, яғни ұлттар санатына
қосылмады, әлеуметтік жағынан да солай қаралды (атамандарынын, өзі де
"ақсүйектер тұқымына" жатпады). Оған қоса қазақтардың өзін-өзі ретке
келтіріп отыратындай саяси құрамы болмады. Ол көшпелі тайпалардың әскери-
шаруашылық принциптерін бойына көбірек сіңірген-ді. Түркі лексиконынан
қабылданған "атаман", "көшпенді", "есауыл", "қарауыл" және басқа да
ұғымдарды білдіретін көптеген сөздердің күнделікті тіршілікте белгілі бір
мәні болды. "Қазақ" этнонимінін атауы да түркі тілдерінен тәржімалғанда
"кезбе", "еркін адам" дегенді білдіреді.
Ресейдің заң-законын жасаушы, XIX ғасырдың басында Сібір бас
губернаторы болған граф М.М.Сперанский күнделігінде (1812 жылғы 12
ақпанында) Орал қазақтары жөнінде мынадай пікір қалдырыпты: "Олар теңіз
(Каспий) қарақшылары болды, тонаудан түскен заттары мен әйелдерді қысқы
мекені Оралға (Еділ) апарды. Жорыққа шығар алдында әйелдер мен балаларды
өлтіреді және орнына басқаларын алып келіп отырады...
Олардың қосы Ермак болуы ықтимал, өйткені Строгоновтар олардан құтылу
үшін Сібірден жол көрсетеді, сол жолдағы Чусев Строгонов қалашығы Қама
арқылы өтетін қарақшылардың қысқы мекеніне айналды".
Казак қауымы XV ғасырдың екінші жартысынан бастап Польша-Литва, Орыс
мемлекеттерінен оңтүстік, оңтүстік-шығыстағы шеткі аймақтарға қашқан
шаруалар, посад адамдарынан бастау алады. Олар да өздерін ерікті
адамдармыз, казактармыз деп есептеді. Көршілес феодалдық мемлекеттерге және
жартылай отырықшы халықтарға қарсы үнемі күрес жүргізу қажеттігінен олар
қауымға бірікті. XV ғасырдың басында Дон, Еділ, Днепр, Гребень казактарының
қауымдары пайда болды. XVI ғасырдың аяғында Сібір және XVII ғасырдың
ортасында Украина казактарының қауымы құрылды. XVI ғасырдың орта тұсында
орыс мемлекеті Қазан және Астрахань хандығын жаулап алды да, Ресей мен
Қазақстан шекарасы Еділ мен Жайық арасында жүрген Кіші жүз қазақтары мен
Ноғай ордасы тайпаларына шектесті. XVI ғасырда Еділ бойында пайда болған
казактар осынау жерге дүркін-дүркін келіп, жергілікті халықты, сауда
керуендерін, қалаларды тонаумен айналысқан. Қарақшылар жорықтарында
Астраханьға дейін жетті. XVI ғасырдың екінші жартысында олардың орнын әлгі
әрекеттерімен жалғастырған казактар мен Ресейден қашқан шаруалар басты. Бұл
патшалық үкіметті жиі аландатты. Сондықтан бұзақы казактарға қарсы әскерлер
жіберіліп отырды.
Орыс патшасы қаһарлы Иван 1552 жылы Қазанды, 1556 жылы Астраханьды
алғаннан кейін, Иран және одан арғы жатқан елдермен дипломатиялық қарым-
қатынастар жасауға ұмтылғанда, казактар олардың да жолын кесіп, тонай
берген. Содан кейін 1577 жылы орыс патшасы казактарды бұрынғы құл қалпына
қайтару үшін оларға қарсы әскери күш шығаруға мәжбүр болды. Қаһарлы Иванның
қаһарынан қорыққан казактар бас сауғалап, жан-жаққа тым-тырақай қаша
бастады: Ермак бастаған тобы Орал тауына, одан әрі Сібірге, Нечай
бастағандары Жайық бойына, қалғандары Теректің Каспийге құяр тұсына барып
паналады. Осылай 1579 жылы Сібір, Жайық, Терек казактары деген қауымдар
пайда болған. Бірақ бұл жол торушылар бұдан әрі бұға қалды деген сөз емес
еді.
1577 жылы патша әскербасы Иван Мурашкин көпес керуендерін тонаумен
айналысатын казактардың торабын талқандады. Соққы жеген казактар ілгері
күндерде өмір сүрудің жолдарын іздестірді. Еділдің Самара өзені түйісетін
тік жағасында казактардың үлкен кеңесі өткізілді. Белгілі атаман Ермак
Тимофеевич онда: "Братцы, атаманы и казаки донские, яицкие, волжские и
терские, думайте думу, братцы: на Волге нам жить- ворами слыть, а на Дону
нам жить-казаками слыть, а на яик идти-переход велик, а добычи нет"—деді.
Бұл қызу талқылаудан кейін казактардың Ермак бастаған бір бөлігі
Оралдағы кепес Строгоновқа қызмет көрсетуге бел буды. Атаман Андрей
бастаған өзге бір топ Солтүстік Кавказға аттанды. Ал атаман Прохор
Рыжиченге ерген казактардың және бір шоғыры Жайыққа өтті. Сөйтіп, олар Кіші
жүз жеріне табан тіреп, қазақ даласында патшалық отарлау саясатын сенімді
жүргізушілерге айналды.
Жайық маңында мекен еткен қазақ және ноғай тайпалары көп ұзамай-ақ өз
маңайларында қатал да қанішер жаудың пайда болғанын білді. Жайық
казактарынын айуандығы шексіз болатын. Олар тіпті өз жақындарына да
аяушылық білдірмеді. Ресейдің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің бірі
М.М.Сперанский XIX ғасырдың басында казактардың ұзақ жорырар алдында
өзгенің жемі болмасын деп өз балалары мен әйелдерін ұдайы елтіргендігін
жазады. Олар сапардан бәріне ортақ болатын басқа әйелдер әкеліп отырады
екен. Мұның үстіне, казактар арасында өмір сүруге бөгет болмасын деген
желеумен, өз балаларын өлтіру дәстүрі ұзақ сақталған.
Казактар алғашқыда жергілікті халықтан таса, қамыс арасында тұрып,
балық аң аулаумен шұғылданды. Олардың қатары бірте-бірте Ресейдің түрлі
босқындары есебінен көбейген соң, елді тонаумен, жер жаулап алумен,
адамдарды тұтқындаумен шұғылданды.
1580 жылы Жайық казактары Ноғай ордасының Сарайшық қаласына шабуыл
жасаған (Ол Атыраудағы Махамбет ауданының орны). Тұтқиылдан жасаған шабуыл
Ноғай князі Урусқа қаланы дер кезінде қорғап қалуға мүмкіндік бермеді.
Сонау Алтын Орда кезеңінен сақталған әсем де сәулетті қала Сарайшық,
сөйтіп, жер бетінен жойылды. Қалада қазақтың талай айтулы ұландары
жерленген бейіттері болған. Онда Қасым ханның кесенесі сонадайдан көз
тартатын. Казактар байлық іздеп, қабірлерді талқандады, өлген адамдардың
сүйегін далаға шашты.
Сарайшықтың талқандалуы көшпенділердің жүрегіне өшпес із салды, жаңа
жаулаушыларға деген шексіз өшпенділік сезімін тұтаттьы.
1734 жылы Сенаттың Обер секретары И.К.Кириловтың (1689 — 1734 ж.ж.)
Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығайту үшін, осы елдермен
сауданы дамыту үшін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын
Сенат және сыртқы істер коллегиясы қабылдады, 1734 жылдың 1 мамырында Сенат
жарлығымен И.К.Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедициясы құрылды.
Экспедицияның мақсаты Қазақстан, Башкирия, Қарақалпақстанның
оңтүстік аудандарының шаруашылығын, олардың пайдалы табиғи қазбаларын
пайдалануға дайындау болды. Бұл уақытта қазақ халқы жоңғарлармен соғыстың
ауыр кезеңін бастан өткізген еді. Соны пайдаланып, Ресей империясы Ор
(Тобылдың бір тармағы), Жайық өзендері құйылысында бекініс шептерін сала
бастайды. Жайық өзенінің алдыңғы тұсында орыстын, бекініс сауда орталығы —
Орынбор (1735—1738 ж.ж.) қаласының іргесі қаланды. Хиуа, Бұқара, Ташкент
бағытында орыстың сауда керуендері жүреді, қалаға қарай ағылған орыс
көпестеріне үш жылға дейін алым алынбайтын сауда жүргізуге (1735 — 1738
ж.ж.) рұқсат етіледі.
XVIII ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық
қалашығынан бастап Звериноголовск бекінісінде 770 шақырымға созылған Уйск
шебі (әскери линия) аяқталды. 1752 жылы тоғыз қамал, 58 бекіністен тұратын
840 шақырымға созылған Жаңа Есіл шебін 950 шақырымға созылған Ертіс-Сібір
шебімен жалғастырды.
Алғашқы кезде қазақ жерін отарлау екі бағытта жүргізілді: Қазақстанның
батыс бөлігінде (Кіші жүзде), Солтүстік пен шығыста (Орта жүзде). Бұл
бөліктін барлығында да Ресейдің казак әскерлері бекіністі шептер, яғни
қамалдар тұрғызды. XVIII ғасырдың бірінші жартысында ұзындығы 1780
шақырымды қамтитын Гурьев қалашығынан басталып, Жайықтың бойымен Алабұға
шебіне дейін жеткен Жайық бекіністі шебі салынды. Содан соң Орск (1735 ж.),
Верхне-уральск (1745 ж.), Есіл (1735 ж.), Омбы (1705 ж.), Семей (1718 ж.),
Өскемен (1720 ж.) т.б. бекіністерінің іргесі қаланды. Сөйтіп, Жайық,
Орынбор және Сібір шептерінің бойында казак коныстарын салу көшпенді қазақ
елі пайдаланып келген жерлерді орыстардың тартып алуына мүмкіндік тудырды.
Соның салдарынан дәстүрлі көшіп-қону жолдары бұзылды.
Түркі халықтарының күресі
1756 жылы император Елизавета Жайық жағасына қазақтардын, мал жаюына
тыйым салу туралы, ал 1757 жылы Нарын құмының ішкі жағына өзен арқылы өтуге
болмайтындығы жайында үкім шығарды. Бұл қазақтардың мүдделеріне қайшы
келді. Осы жарлықты бұзушыларды қатаң тұтқынға алып, Прибалтика мен Сібірге
жер аударуға бұйрық берілді.
Жайық қалашығында қазақтарды "тәубеге келтіруге" 3300-дей казак дайын
отырды. XVIII ғасырдың орта тұсында Бородин, Мартынов, Мостовшиков сияқты
атамандар жергілікті халықты талай қан қақсатты. Олардың малдарын айдап
әкетіп отырумен шектелмей, адамдардың өзін тұтқындап, ұрып-соқты, отпен
күйдіріп қорлады.
1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы көшіп жүрген көпшілік қалмақтар
Жоңғарияға кетіп қалды. Осыдан соң, қазақтар патша билеушілеріне босаған
жерді иемденуге өтініш берді. Бірақ ол өтініш қанағаттандырылған жоқ.
Қазақтардың ата жұрты бұл жер тағы Жайық казактары әскерлерінің қол астына
берілді. Содан соң ашынған қазақ жасақтары Орск қамалын өтеп жіберді, көп
адамдарды тұтқындап, өз малдарын қайтадан алып кетті. Қыс айларына қарай
олар Орынборға, Теренцк қамалына, Таналыцк, Степная, Звериноголовская,
Самарская станцияларына шабуылдады. Қазақтардың мақсаты — патша үкіметі
тартып алған, Орынбор казактарына берген жерлерді, өз малдарын, өзендерді,
жайылымға жайлы аймақтарды қайтарып алу еді. Туған жер үшін күресті
қазақтар Пугачев көтерілісі жеңіліске ұшыраған соң да, 1776 жылға дейін
жалғастыра берді. Тіпті 1778 жылы да қазақтар Жайықтан өтіп, шұрайлы
жерлерін тартып алған казактарға маза бермеді. Патша үкіметі "қырғыздардың
(қазақтардың) ұрлықшы шайқасы" деп атағанымен, бұл қазақ халқының патшалық
Ресей күштеп тартып алған, ата жұрт аймағын азат ету жолындағы әділетті
күресі еді. Осы орайда, әсіресе, 1783 - 1797 жылдары өріс алған, Сырым
батыр жетекшілік еткен ұлт-азаттық қозғалысы жайында ерекше айтқан жөн.
Көтерілісшілер Илецк линиясын жиі-жиі шабуылдап, Жайық бойындағы
жайылымдарын қайтаруға күш салды.
Патша үкіметі көтерілісшілерді жазалау үшін жиі-жиі казак отрядтарын
пайдаланды.
Сырым өзінің ақыл-ойымен, шешендігімен ұрыстағы асқан ерліктерімен
халық сүйіспеншілігіне бөленген батыр болатын. Ол Орал казактарымен болған
бір кактығыста атаман Чагановичті қолға түсіріп, Хиуаға құлдыққа сатып
жіберді. Бұл қазақтардың мәртебесін есіргенімен, казактардың өшпенділігін
арттыра берді. 1783 жылы желтоқсан айында Орал казактары Сырымды тұтқынға
алады. Бірак Нұралы хан 1783 жылдың мамыр айында казактарға 70 жылқы мен
350 сом ақша беріп, батырды босатып алады. Сырым елге оралған соң да
казактармен ұрысты тоқтаткан жоқ. 1790 жылы атаман Донское бастаған
казактар 225 казак шаңырағын ортасына түсірді. Үйлерді тонап, 150 адамды
өлтірді, 57 кісіні тұтқынға алды, қыруар малды айдап әкетті. Бұдан соң
Сырым батыр соғыс тактикасын өзгертті. Ол партизандық әдіске көшті. Шағын-
шағын көлмен жер-жерде шапқыншылықты үдетті. Сырым Датовтың бұл әрекеті
1787 жылға дейін созылды. Ол ел санасында жаужүрек батыр, қарапайым елдің
жебеушісі ретінде сақталды. Ол туралы көптеген аңыздар пайда бодды. Батыр
қайтыс болған соң жұрт оған үлкен ас берді. Асқа 3000 қой, 300 жылқы
сойылып, 6000 шелек қымыз құйыдды.
1801 жылы наурыз айының 11-інде I Павел император Еділ мен Орал
аралығын, Нарын құмын қазақтардың мекендеуіне рұқсат берді. Ішкі орда
немесе Әбілхайырдың немересі Бөкей есімімен аталатын. Бөкей ордасы осылай
пайда болды. Алайда дербес хандықтың өмірге келуі де халықтың жағдайын
жақсарта алмады. 1813 жылы Орал әскери Кеңесі Кіші және Үлкен өзен
аралығындағы қыстауға жайлы мекенді алып қойды. Қазақтар малды аман сақтау
үшін қыстау басына - 15, әрбір қой басына 50 тиын, ірі кара мен түйе басына
80 тиыннан салық төлеуге тиісті болды. Әрине, бұл салықты екінің бірі төлей
алмайтын еді. Қазақтарға мұнымен қатар Орал, Қамыс, Самара кеддерінен балық
аулауға тыйым салды. Орал казактарына берілген жер 7 миллион десятинаны
алатын. Олар әр адам басына 500 десятина жерден иемденді. Бірақ казактар
бұған да місе тұтпай, жаңа жерлер жаулап алумен болды.
Қазақтарды Оралдың ішкі жағына жібергенде де патша билеушілері
ойларына келгенін істеп бақты. Мәселен, 1812 жылы қыста отарлау
әкімшілігінің Сазанович деген шенеунігі шеркеш руының казақтарынан 1000
қой, 167 сиыр, 49 түйе, 9 жылқы, адайлардан 44 сиыр, 2 түйе, табын руынан
400 қой, 5 жылқы, 4 түйе салықалды. Мұнымен де қоймай, ол 3 адамды тұтқынға
түсірді.
Мұндай заңсыздықты Ресей патшасы да қолдады. 1835 жылы 5 наурызда
Орынбор губернаторы В.Перовскийдің басшылығымен дайындалған Азиялық комитет
жөніндегі Ережені Николай патшанын өзі шынайы қанағаттанып бекітті. Бұл
құжаттың қысқаша мазмұны: Орскіден Троицкіге дейінгі қазақ жерімен өтетін
жаңа шекаралық бекініс шебін тез арада тұрғызу және қазақтарды атамекенінен
кетіру болатын. Жаңа шекара шебі Орскіден Троицкіге дейін тікелей қазақ
жерлері арқылы тартылды. Сөйтіп, бұрынғы және шекаралық бекініс шебі өткен
ресейлік ауданға тағы да 4 миллион 313 мың десятина казак жері қосылды.

Шыңғыс хан империясы
Шыңғыс хан XIII ғасырдың басында Ұлы Түркістаннан шығып, бүкіл Азия
мен Шығыс Еуропаны қамтитын үлкен бір империя құрды. Осыдан кейін бірқатар
саяси ұйымдар жойылып, қалалар қираған, отқа оранған және түркі әлемінде
жаңа бір кезең басталды. Монгол әрекеті бірқатар теріс тұстары мен
нәтижелері арқылы XIII ғасырға өз ізін қалдырып, назарды өзіне аудартқын.
Осы әрекеттің нәтижесінде осы аймақта бір-бірімен үнемі қақтығысып өткен
шағын саяси ұйымдардың орнына тікелей монғолдарға бағынышты мемлекеттердің
құрылуымен түркі елдері тарихында саяси және экономикалық байланыстар
тұрғысынан жаңа бір кезең басталды.
Шыңғыс ханнан бұрын бұл территорияда негізінен түркі мемлекеттерінің
қол астында өмір сүрген монғолдар Шыңғыс ханның ұйымдастырушылық және
көрегендік қасиетінің арқысында аз уақыт ішінде ішкі құрылымын нығайтып,
алдымен көрші елдерде, кейіннен алыс аймақтарда өз үстемдігін құрды. Шыңғыс
хан 1206 жылы жинаған құрылтайы арқылы әлемдік мемлекеттің негізін қалаған
және де келешектің жоспарын жасаған. Өйткені, 1206 жылдан бұрынғы басқару,
әскери, қаржылық және саяси әрекеттер мен кейінгі кезеңдегі әркеттерді
салыстырған кезде Шыңғыс ханды және ол құрған жаңа мемлекетті жақыннан
тануға мүмкіндік туады.
Шыңғыс ханның жеңіске жетуінде жақын және ұзақтағы көрші елдерінің сол
кезде бытыраңқы түрде және бір-бірімен қақтығысып жатқандығы да ықпал
еткен. Шыңғыс ханның ұстанған саясатының нәтижесінде қытайлар, ұйғырлар,
қырғыздар және қарлұқтар аз уақыт ішінде монғол билігін мойындаған. Осы
кезде Қытай империясының бір-бірімен қақтығысқан үш бөлек мемлекетке
бөлінуі Шыңғыс ханның айын оңынан тудырды. Бірінші болып батыстағы
таңғұттар 1209 жылы монғол билігін мойындады. Артынша
орталығы Пекин қаласы болған Кин мемлекеті мойындады және Пекин қаласы
монғолдардың қолына өтті. Шыңғыс хан Қытайды басқару ісін
атақты қолбасшысы Мухалиге тапсырып, астанасы Қарақұрымға қайтқан.
Ал батыста Аббасид мемлекеті, Хоремшахтар, Түркия Селжүктері мен
бірқатар бейліктер, атабейліктер орналасқан еді. Аталмыш саяси ұйымдардың
араларында бітпес даудың, қақтығыстың болуы саяси тұрақсыздыққа себеп
болды. Оңтүстікте, яғни, Үндістан мен Ауғаныстанда Дели сұлтандығы,
Гургулар мен Калач түркі сұлтандығы деп аталатын түркі мемлекеттері
болатын.
Шыңғыс хан аз уақыт ішінде шығыста Қытай, батыста Хорезмшахтар мен
басқа да саяси ұйымдарды қол астына алуында ықпалды болған факторлардың
бірі дұшпандардың саяси тұрғыдан бөлшектеніп кеткендігі. Сонымен қатар,
Шыңғыс хан құрған-басқару, әскери, зандық және қаржылық жүйенің де өзіндік
ықпалы болған.
Шыңғыс хан құрған бұл жүйе оның тарихи болмысын, құрған, мемлекеттік
жүйесін және монғолдардан бұрын сол аймаққа жүздеген жыл билік құрған
түркілермен байланысын көрсетеді. Өйткені, аталмыш мемлекеттік жүйе мен
Шыңғыс империясының басқаруындағы халықтың діни және ұлттық болмысына қарай
кейбір зерттеушілер бұл мемлекетті Түркі-монғол империясы ретінде таныды.
Осылайша, түркі-монғол мәселесін күн тәртібіне енгізді.
Тарихи кезеңдерде монғол империясы үстемдік құрған жерлерде Ғұн,
Көктүрік, Ұйғыр, Қараханид және басқа да түркі мемлекеттері құрылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патшалық ресейдің оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтың өрістеуі
Әдебиет - тарихтың айнасы
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның Қазақстан ғылымындағы және дәстүрлі қазақ қоғамындағы алатын орны мен ықпалын анықтау
Мұстафа Шоқай қоғамдық - саяси қызметі
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Әлихан Бөкейханов және Алаш партиясы
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Мұстафа Шоқайдың өмір жолы
Қазақстандағы білім беру және кәсіби мамандар дайындау саласында патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдарлары мен зардаптары
Пәндер