Жануарлардың кейбір биологиялық ерекшеліктері. Комменсализм, симбиоз, паразитизм



I.Кіріспе
1.1. Жануарлардың кейбір биологиялық ерекшеліктері.

II.Негізгі бөлім
1.1.Жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі.
1.2. . Комменсализм, симбиоз, паразитизм.
1.3. Жануарлардың тыныштық, ұйқы, анабиоз кезеңдері.

III.Қорытынды
Ароморфоз — эволюция барысында ұзақ уакыт сақталып макроэволюцияда жаңа ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) пайда болуына әсерін тигізеді. Ароморфоз биологиялық прогреске жетудің негізгі жолы болып саналады. Өсімдіктердегі күрделі ароморфоздық өзгеріске — спора арқылы көбеюден тұқыммен көбеюге көшуін (ауысуын), гүлдің, жемістің пайда болуын мысал ретінде атауға болады. Ароморфоздың эволюцияның ең негізгі жолына: бір жасушалылардан көп жасушалыларға; екі қабатты организмнен үш қабаттыға; төменгі сатыдағы хордалылардан жоғары сатыдағы хордалыларға дейін дамуын атауға болады.Жануарлардың бүркеніш (жасырушы) реңі, өсімдіктердің тікенектері, безді түктері, скат пен камбала балықтарының су түбіне бейімделіп, жалпак пішіндінді болуы — идиоадаптация (аллогенез) мысалдарына жатады . Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте жапырақшалардың тәуліктік және физиолгиялық өзгерістері (күзгі жапырақ тастау, қыста өркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады. Ал жануарларда биологиялық ырғақ әр түрлі физиологиялық-биохимиялық процестер (температура ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың бөлінуі, т.б.) активтілігінің кезеңділігімен бейнеленеді. Жеке органдардың, тіндердің, клеткалардың тәуелсіз ырғақтары биологиялық құбылыстардың мерзімдік реттілігін құрайды, тірі организмдерде жүретін барлық процестердің үйлесуіне негіз болады. Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды және табиғи сұрыпталу мен организмдердің бейімделгіштігінің маңызды факторы болып табылады. Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.Экзогенді биологиялық ырғақ — организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Жануарлардың белсенді қозғалысы, тыныс алу мүшелеріндегі күрделі өзгерістер (желбезек, өкпенің пайда болуы), балықтардан бастап құстар мен сүтқоректілерде жүрек құрылысының күрделенуімен қатар жеке веналық қан тамырлар мен артериялық қан тамырларға бөлінуі, т.б. Мұның бәрі де жануарлардың белсенді тіршілік етіп, сыртқы орта жағдайларына бейімделуін арттырады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
1.1. Жануарлардың кейбір биологиялық ерекшеліктері.

II.Негізгі бөлім
1.1.Жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі.
1.2. . Комменсализм, симбиоз, паразитизм.
1.3. Жануарлардың тыныштық, ұйқы, анабиоз кезеңдері.

III.Қорытынды

Жануарлардың кейбір биологиялық ерекшеліктері

Ароморфоз -- эволюция барысында ұзақ уакыт сақталып макроэволюцияда жаңа ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) пайда болуына әсерін тигізеді. Ароморфоз биологиялық прогреске жетудің негізгі жолы болып саналады. Өсімдіктердегі күрделі ароморфоздық өзгеріске -- спора арқылы көбеюден тұқыммен көбеюге көшуін (ауысуын), гүлдің, жемістің пайда болуын мысал ретінде атауға болады. Ароморфоздың эволюцияның ең негізгі жолына: бір жасушалылардан көп жасушалыларға; екі қабатты организмнен үш қабаттыға; төменгі сатыдағы хордалылардан жоғары сатыдағы хордалыларға дейін дамуын атауға болады.Жануарлардың бүркеніш (жасырушы) реңі, өсімдіктердің тікенектері, безді түктері, скат пен камбала балықтарының су түбіне бейімделіп, жалпак пішіндінді болуы -- идиоадаптация (аллогенез) мысалдарына жатады . Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте жапырақшалардың тәуліктік және физиолгиялық өзгерістері (күзгі жапырақ тастау, қыста өркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады. Ал жануарларда биологиялық ырғақ әр түрлі физиологиялық-биохимиялық процестер (температура ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың бөлінуі, т.б.) активтілігінің кезеңділігімен бейнеленеді. Жеке органдардың, тіндердің, клеткалардың тәуелсіз ырғақтары биологиялық құбылыстардың мерзімдік реттілігін құрайды, тірі организмдерде жүретін барлық процестердің үйлесуіне негіз болады. Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды және табиғи сұрыпталу мен организмдердің бейімделгіштігінің маңызды факторы болып табылады. Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.Экзогенді биологиялық ырғақ -- организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Жануарлардың белсенді қозғалысы, тыныс алу мүшелеріндегі күрделі өзгерістер (желбезек, өкпенің пайда болуы), балықтардан бастап құстар мен сүтқоректілерде жүрек құрылысының күрделенуімен қатар жеке веналық қан тамырлар мен артериялық қан тамырларға бөлінуі, т.б. Мұның бәрі де жануарлардың белсенді тіршілік етіп, сыртқы орта жағдайларына бейімделуін арттырады.

1. 1.Жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі.
Жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі - дегеніміз тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті. Кезінде Ламарк тірі ағзалардың өздері өмір сүретін қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мәжбүр болатынын байқады. Дарвин теориясында бейімделгіштік дамытылып, толықтырылды. Тірі ағзалардың әркайсысы өз табиғи қоршаған ортасынан барынша көп пайда алуға, сондай-ақ әркайсысы оған қарама-қайшылық көрсетпеуге тырысады. Тіршілік иелерінің барлығының міндеті - тіршілік үшін қүресте онша шиеленіссіз өтетін өз экологиялық ортасын табу. Сонымен эволюция нәтижелерінің бірі - тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік. Қоршаған орта тек әлі табиғат қана емес, сонымен бірге өзара құрделі әрекеттесіп, біріне-бірі өзара ықпал көрсететін тірі және өлі зерзаттардың барлық құрамдас бөліктері. Орманда мекендейтін қоян өсімдіктермен немесе түлкімен тікелей өзара әрекеттеседі. Алайда ол өсімдіктер арқылы топырақпен, топырақ ылғалдығының мөлшерімен және тағы сол сияқтылармен өзара жанама әсерлеседі. Кез келген жануарлар және өсімдіктердің бейімдеушілікке мысал бола алады. Бейімделе алмағандардың барлығы өліп бітті. Мәселен, шөлде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ұсақ немесе тікен тәрізденіп өзгереді. Бұл буланудан сақтап, ылғал сақтайды. Көптеген бунақденелілердің реңі қоршаған ортаға сай келеді. Арамшөптердің түсі мен пішіндері көбінесе мәдени өсімдіктерге ұқсайды.
Жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі мынадай жағдайлар бойынша жіктелінеді:
1) Қорек талғауға байланысты бейімделу.
Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін құрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауысты. Үлкен шымшық ірі бунақденелілермен қоректенеді. Көкшіл шымшық ағаш қабығы астындағы ұсақ бунақденелілерді жейді. Айдарлы шымшық қылкан жапырақтылардың тұқымын қорек етеді. Ал шөжешымшық және шөрешымшық бунақденелілердің орташа мөлшері сан алуан түрлерін аулайды. Сөйтіп шымшықтардың әр түрі ормандағы өсімдіктердің бір белдеуқабатында өмір сүреді.
2) Климаттық бейімделу
Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу пайда болды. Жануарлар мен өсімдіктердің солтүстіктің суығына, ал шөлде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің ылғал және жоғары температураның тапшылығына бейімделуін жеке анықтап зерттеуге болады.
Бейімделгіштік нәтижесінде түрлердің әркайсысы арнаулы сапалар мен қасиеттерге ие болды. Қоршаған ортаның осы нақтылы жағдайларында сол қасиеттер олардың тіршілік етуін жеңілдете түсті.Әр түрлі отрядқа жататын құстардың (күндіз қоректенетін жыртқыш құстар, түйеқұстар, пингвиндер, ескекаяқтылар, казтәріздестер, коқиқаздар және т. б.) аяғы мен тұмсығына назар аударсаңдар, олардың өздері мекенететін жағдайларға бейім екенін көресіндер. Қағанақты сүтқоректілер отрядтарында да (тұяқтылар, приматтар, жыртқыштар, пілдер, қосқанаттылар, ескекаяқтылар) сондай бейімді- ліктерді байқауға болады. Дарвин бейімделгіштікті салыстырмалы мақсатқа сәйкестілік деп түсінді. Атап айтқанда сондықтан да су тереңінде өмір сүретін ағзалардын, көпшілігінің дене пішіні сүйір болып келеді (мысалы, акула, дельфин және сүйекті балықтар). Ал су түбіндегілердің (көзауық (камбала), жұпбалық (скат), теңіз жұлдызы) дене пішіні - қысыңқы, жалпақ. Бірдей жағдайларда мекендеу нәтижесінде құрылысы айтарлықтай ұқсас болып келетін rолибри және rолибритұлға қаңғы көбелегі бұған мысал бола алады. Бұл құс пен көбелек бір аумақта өмір сүрумен бірге өсімдіктердің дәл сол түрін ғана тозаңдандырады. Соның нәтижесінде гүл үстінде қалбалақтап жүргенде оларды бірінен-бірін ажырату мүмкін емес. Сөйтіп, бейімделгіштік тірі қалушылықты арттырып, биологиялық алға басуға жол ашады.

1.2. Комменсализм, симбиоз, паразитизм.
Комменсализм (фр. тілінен аударғанда commensal - бірге тамақтану). Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау. Мысалы, жабысқақ - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді. Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда (қиқоңыз, өлексе қоңызы және т.б.) гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі. Осындай әдіспен олар таралады.
Симбиоз (селбесу) дегеніміз - әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм, комменсализм
Паразитизм, оның таралуы және пайда болуы
Симбиоздық және антибиоздық қатынастардың пайда болуы мен эволюциясы
Түраралық қарым - қатынастар
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
Симбиоз еркін тіршілік ететін организмдсрдің бірге тіршілік етулерінің түрлері
Экология. Паразитология ғылым ретінде. Медициналық паразитология. Анықтамасы. Қарапайымдылардың медицинадағы рөлі
Популяциялар экологиясы туралы
Биотикалық факторлар
Пәндер