Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сақтандыру түсінігі, мәні және сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сақтандырудың жіктелуінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Сақтандыру қызметінің нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы ...27
2.2 «Казкоммерц.Полис» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.3 «Казкоммерц.Полис» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамының негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының даму мәселелері ... ... .52
3.2 Отандық сақтандыру нарығын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60


ҚОРЫТЫҢДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 22 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір саланың, соның ішінде сақтандыру саласының мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Сақтандыру нарығы – бұл ерекше әлеуметтiк экономикалық құрылым және де ақша айналыс шеңберi. Сақтандыру сату-сатып алу кезеңдерiнде объектi ретiнде түседi, сондықтан да осы мақсатта сұраныс және ұсыныстың жүзеге асуын iс-әрекет көрсетедi. Сақтандыру нарығының пайда болуы мен дамуы, бұл ойламаған әр түрлi стихиялық апаттардан және қауiп-қатерден сақтау мақсатында, нысанға көмек көрсетуде, сонымен қатар ақшалай қамтамасыздандыруға арналған бағыт. Басқаша айтқанда, сақтандыру нарығы – бұл ақшалай қамсыздандыру ұйымдары және де ақша айналысының негiзiнде құрылады [2, 49 б.].
Сақтандыру нарығы қазіргі кезде экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Қазақстанда сақтандыру нарығы даму кезеңінде болғанына қарамастан, бұрын қалыптасқан. Содан бері ол дамып, сақтандыру жүйесі арқылы адамдарды кездейсоқ қауіп – қатерден қорғау мен әр түрлі мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде.
Қайта өндіріс үрдісі табиғи күштер мен қоғамдық сипаттарды өзара әрекеттестіреді. Адам мен табиғат арасындағы қоғамдық қайшылықтар кездейсоқ сипатты жағымсыз салдар көрінісін туғызады.
Қоғамдық өндіріс пен әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға қатысты қауіп төндіреді. Осы фактілердің барлығы барлық әлемде сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына әсер етті. Елуінші жылдардағы экономика қоғамдық өндірістің өсу қарқынымен қоса сақтандырудың өркендеу екпінімен сипат алды. Барлық қоғамдық өндіріс құрылымдарының іскерлік саласына төнген қауіп-қатер Қазақстанда сақтандыру нарығының дамуына әкелді. Технологиялық апаттар мен өндіріс саласында туындаған қауіптер, өзінің болашағына деген сенімсіздік республиканың көптеген тұрғындары үшін және де Қазақстан үшін ерекше маңызды.
Мүліктің жойылуы мен табыстың құлдырауына қатысты залалды қалпына келтіру кепілдігі адамдарды өмірдегі әр түрлі жағдайлардан сақтау мен қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Сақтандыру компанияларының резервтері республикадағы экономиканың дамуын қаржыландыру үшін ірі масштабты инвестициялардың сенімді көзі болып табылады.
1. Бельгибаев А.К., Рахимбаев А.Б. «Теория и практика страхования» 2-е издание, Алматы, 2010 г.
2. Жуйриков К., Жуйриков Р., Назарчук И. «Страхование: теория, практика, зарубежный опыт» Алматы, 2000 г.
3. Г.И. Маянлаева «Сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі», Алматы қ., 2011 ж.
4. Өсербайұлы С., Арзаева М.Ж. «Сақтандыру пәні бойынша оқу құралы», Алматы, 2011 ж.
5. «Қаржы» под. Редакции Ильясова К.К., Мельникова В.Д.
Алматы 2009 ж.
6. Жуйриков К.К. « Страховой бизнес» Алматы 2007 г.
7. О.Лер. «На пути к цивилизованному страховому рынку» журнал «Экономика Казахстан» 2010 г.
8. Микаэль П.Т. « Экономическое развитие» Москва 2009 г.
9. Страховое дело Москва 2007г. под.ред. Рейтмана Л.И.
10. Закон о страховании в РК Указа Президента РК. Имеющая силу закона «О Страховании» № 2475 от 3.10.2007 г.
11. Журавлев Ю.М. «Страхование во внешнеэкономических связях» М.2008 г.
12. Камынкина М.Г., Солицева Е.Е. « Перестрахование: практическое руководство для страховых компании» М.2009 г.
13. Рудницкии В.В. «Экономика организация страхового дело» М. 2003 г.
14. Аленчев В.В., Аленчева Т.Д. «Страхование валютных рисков банковских и экспортных коммерческих кредитов» М.2008 г.
15. Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. «Страховой портфель» М.2009 г.
16. Шихов А.К. «Страхование» 2010 г.
17. Зубцев А.Н. «Страховой маркетинг» М. 2008 г.
18. ҚР Президентінің 2010 жылғы 27 қараша №491 жарлығымен бекітілген бағдарлама Егеменді Қазақстан газеті 02.12.2010 ж.
19. ҚР –сы Президентінің «Сақтандыру туралы» заңы Егеменді Қазақстан газеті 22.12.2010 ж.
20. «Рынок страхования» журнал №2 2007 г.
21. 2004-2006 жылға арналған қаулы №729 01.06.2008 ж.
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.
23. Сумароков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования. – М.: Финансы и статистика, 2006-224с.
24. Глущинко В.В., Глущинко И.И. Факторы развития современных финансы. М.: Рук. деп. В ВИНИТИ № 3067-В97 от 15.10.2011 г.
25. Қазақстан Республикасы Бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми сайты, http://www.minplan.kz/kz
26. Қазақстан Республикасы Статистикалық агенттігінің ресми сайты, http://www.kaz.stat.kz/Pages/default.aspx

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Күндізгі бөлім
Қаржы мамандығы
3 курс (қысқартылған), Ф10К2С тобының студенті
Бирбаев Б.О.

Ғылыми жетекшісі:
оқытушы
_________________ Кукиев А.Ж.

Пікір сарапшысы:
Алмалы ауданының басқармасының, Қазынашылық департаментінің бастығы
_______________ Ақылбеков Б.Б.

Жұмыс қорғауға жіберілді:
__________________2013 жыл

Кафедра меңгерушісі
э.ғ.к., доцент
_________________Арзаева М.Ж.

Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сақтандыру түсінігі, мәні және сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Сақтандырудың жіктелуінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Сақтандыру қызметінің нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы ...27
2.2 Казкоммерц-Полис сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
2.3 Казкоммерц-Полис сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамының негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 47

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының даму мәселелері ... ... .52
3.2 Отандық сақтандыру нарығын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

ҚОРЫТЫҢДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..72

Кiрiспе

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 22 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір саланың, соның ішінде сақтандыру саласының мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Сақтандыру нарығы - бұл ерекше әлеуметтiк экономикалық құрылым және де ақша айналыс шеңберi. Сақтандыру сату-сатып алу кезеңдерiнде объектi ретiнде түседi, сондықтан да осы мақсатта сұраныс және ұсыныстың жүзеге асуын iс-әрекет көрсетедi. Сақтандыру нарығының пайда болуы мен дамуы, бұл ойламаған әр түрлi стихиялық апаттардан және қауiп-қатерден сақтау мақсатында, нысанға көмек көрсетуде, сонымен қатар ақшалай қамтамасыздандыруға арналған бағыт. Басқаша айтқанда, сақтандыру нарығы - бұл ақшалай қамсыздандыру ұйымдары және де ақша айналысының негiзiнде құрылады [2, 49 б.].
Сақтандыру нарығы қазіргі кезде экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Қазақстанда сақтандыру нарығы даму кезеңінде болғанына қарамастан, бұрын қалыптасқан. Содан бері ол дамып, сақтандыру жүйесі арқылы адамдарды кездейсоқ қауіп - қатерден қорғау мен әр түрлі мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде.
Қайта өндіріс үрдісі табиғи күштер мен қоғамдық сипаттарды өзара әрекеттестіреді. Адам мен табиғат арасындағы қоғамдық қайшылықтар кездейсоқ сипатты жағымсыз салдар көрінісін туғызады.
Қоғамдық өндіріс пен әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға қатысты қауіп төндіреді. Осы фактілердің барлығы барлық әлемде сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына әсер етті. Елуінші жылдардағы экономика қоғамдық өндірістің өсу қарқынымен қоса сақтандырудың өркендеу екпінімен сипат алды. Барлық қоғамдық өндіріс құрылымдарының іскерлік саласына төнген қауіп-қатер Қазақстанда сақтандыру нарығының дамуына әкелді. Технологиялық апаттар мен өндіріс саласында туындаған қауіптер, өзінің болашағына деген сенімсіздік республиканың көптеген тұрғындары үшін және де Қазақстан үшін ерекше маңызды.
Мүліктің жойылуы мен табыстың құлдырауына қатысты залалды қалпына келтіру кепілдігі адамдарды өмірдегі әр түрлі жағдайлардан сақтау мен қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Сақтандыру компанияларының резервтері республикадағы экономиканың дамуын қаржыландыру үшін ірі масштабты инвестициялардың сенімді көзі болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшу бірқатар маңызды құрылымдық өзгерістерді туғызып, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жүйесіне ықпалын тигізді. Мемлекеттік монополиядан сақтандыру нарығындағы сақтандыру опрацияларына көшуі жүзеге асырылды. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілерінің сақтандыру мүддесін есепке алып, жұмыстарын орындайтын жаңа сақтандыру компанияларының қалыптасу үрдісі белсенді атқарылуда.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі, қоғамдық экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі сипатымен байланысты, бұл қатынастардың кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын ойда болмаған сипаты болады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы тәрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан сақтану және басқа жағынан, бұл құбылыстардан болған шығыстарды өтеу қажеттігін тудырады. Сондықтан өндірістік үдерістерді жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының жеке және мүліктік мүдделерін қорғау зор маңызға ие болып отыр. Қысқаша айтқанда, адам өміріне, қоғамдық өндірістің жүргізілуіне қауіп-қатердің төнуі барысында сақтандыруға деген қажеттілік зор. Дәл осы себепке байланысты отандық сақтандыру нарығының дамуы, мемлекет және қоғам тарапынан қолдауға ие болған жағдайда ғана әр түрлі стихиялық немесе техногендік апаттардың болуы салдарларынан пайда болатын шығындардың орнын жабу маңызды бағыт.
Әрбір адамның өмір сүруінің маңызды бір жағдайы, ол өмірдің тыныштығы мен қауіпсіздігі. Алайда, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибе, қоғамдық өндіріс үдерісінің бір уақытта табиғаттың стихиялық күштері әсерінен немесе жазайтайым жағдайлардың пайда боулынан тоқтап, бұзылуы мүмкіндігін көрсетіп отыр. Осындай жағдай барысында объективті түрде үлкен тәуекелділік пайда болып, сақтандыруға деген қажеттілік туындайды. Тек қана сақтандырудың көмегімен әр түрлі адам өмірінің қызметтері көптеген апаттық жағдайлардан қорғануға мүмкіншілік береді [1, 3 б.].
Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі отандық сақтандыру нарығының даму болашағы мен еліміздегі сақтандыру ұйымдарының заман талабына сай жұмыс атқаруы болып табылады. Қандай сапада отандық сақтандыру ұйымдарының жұмыс істеуін және сақтандыру нарығының дамуын осы дипломдық жұмысты қарастыру барысында түсінуге болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - сақтандыру және сақтандыру нарығы ұғымының мәні мен Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қазіргі кездегі даму қарқыны мен мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынадай міндеттер жүзеге асырылады:
oo ұлттық экономикадағы сақтандырудың экономикалық мәні мен түрлерін сипаттап талдау;
oo сақтандырудың қалыптасуына шолу жасап, сақтандыру белгілері мен функцияларын анықтау;
oo Қазақстан Республикасында сақтандыру компанияларының қажеттігін көрсетіп жетілдіру;
oo Қазақстан Республикасында сақтандыру компанияларының қызмет ету жағдайын бағалау;
oo Қазақстан Республикасында сақтандыру компанияларының кемшіліктерін анықтап, артықшылықтарын баяндау;
oo Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының қызметіне шетелдік тәжірибені енгізілуін талдау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы мен Казкоммерц-Полис сақтандыру компаниясының компаниясының қызметі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - ұлттық экономикалық жүйедегі сақтандыру компанияларының дамуы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және практикалық негізі ретінде құқықтық және ақпараттық материалдар, Қазақстан Республикасының нормативтік актілері және заңнамалары, ҚР статистика агенттігінің ақпараттары, Қаржы нарығын қадағалау комитетінің және Казкоммерц-Полис сақтандыру компаниясының мәліметтері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 24 суреттен, 15 кестеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің теориялық негіздері қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы мен Казкоммерц-Полис сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамының қызметіне талдау жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының негізгі мәселелері мен жетілдіру жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудін нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің методологиялық негіздері

0.1 Сақтандыру түсінігі, мәні және сипаты

Сақтандыру - азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің мүлкін сақтандыратын жүйе ретінде өркениетті қоғамның барлық қызметтерін, сондай-ақ өмір деңгейін қамтиды. Ол қоғамның барлық қажетті қызмет түрлерінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді және сақтандыру жағдайлары болған кезде азаматтардың табысына, өмір деңгейіне қолдау көрсетеді [3, 3 б.].
Сақтандыру - бұл сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру нарығында белгіленген, сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының сақтандыру нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығын қамтиды [3, 4 б.].
Экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық Университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебінің доценті Сейсенбай Өсербайұлының және Арзаева Маия Жеткергеновнаның сақтандыруға қатысты еңбегінде, сақтандыру - сақтандырылған мүліктік мүдделерге зиян келтірілген уақытта сақтандыру резервтерінің құрылуы мен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жарналарының шоғырлануын қамтамасыз ететін мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылатын және сақтандыру қызметіне қатысушылар арасында тәуекелді қайта бөлумен байланысты экономикалық қызметтің ерекше түрі деп дәл анықтама берілген [4, 5 б.].
Сақтандыру нарықтық қатынастар жүйесінің маңызды элементінің бірі ретінде экономикада ерекше функцияларды орындаумен байланысты қаржылық қатынастар жиынтығын көрсетеді. Сақтандырудың кәсіпкерліктің түрі ретіндегі ерекшелігі - сақтандырушының алдын-ала келісілген себептері бойынша күтпеген қолайсыз жағдайлардың залалын және мөлшерінің орнын толтыру міндетімен байланысты кәсіпкерлік тәуекелділігі.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақшалай қорларды құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн.
Сақтандыру қызметі - Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес мемлекеттік өкілетті органының лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттарын жасау және орындаумен байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі [3, 4 б.].
Сондықтан да, сақтандыру түсінігінің мағынасы келесі бір немесе бірнеше белгілерді қамтиды:
oo қоғамдық қатынастың жүйесін;
oo қызмет түрін;
oo субъектінің бизнес түрін;
oo субъектінің экономикалық мүддесін қорғау әдісін (1-сурет).

1-сурет. Сақтандыру түсінігінің жіктелуі

Сақтандыру

Қоғамдық қатынастар жүйесі
Қызмет түрі
Субъектінің бизнес түрі
Субъектінің экономикалық мүдделерін қорғау әдістері


Мемлекеттік реттеу, заңнама, арбитраж, мемлекеттік бюджет, салықтар, сақтандырушылар қоғамы, кәсіби одақтар мен ассоциациялар, халықаралық қатынастар және т.б.
Қауіпсіздік, сақтандыру қажеттілігі, мүліктік мүдде, зиян, сақтандыру жағдайы, мен төлемдер, сақтандыру ренталары, сақтандырушының сенімділігі және т.б.
Сақтандыру мүддесі, менеджмент және маркетинг, бәсекелестік, андеррайтинг, тәуекелдікті басқару және талдау, тұсаукесерлер, табыс, нарықтар, келісімшарттар, сақтандыру өнімдері, аннуитеттер, технологиялар, басқарудың автоматтандырылған жүйелері және т.б.
Сақтандыру ісін ұйымдастыру, лицензиялау, сақтандыру бақылауы, сақтандырушы және сақтандыру мекемесі, қайта сақтандырушы, объектілер, сақтандырудың салалары және нысандары, өзіндік сақтандыру тарифтері, жанрналар мен төлемдер; сақтандыру резервтерінің қалыптасуы және орналасуы, сақтандыру брокерлері мен агенттері және т.б.



Дерек көзі: Г.И.Маянлаева сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі [3, 5 б.]

Сақтандыру қатынастарының қалыптасу алғышарттарына сақтандыру тәуекелі жатады, ол күтпеген қолайсыз жағдайлар нәтижесіндегі зиян келтірумен байланысты (2-сурет).
Сақтандырудың рөлі қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін, кідіріссіз және теңдестірушілігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
2-сурет. Субъектінің мүліктік мүддесі мен сақтандыру қажеттілігі арасындағы өзара байланыс
Мүліктік мүдде
Мүліктік зиян (залал)


Сақтандыру мүддесі (сақтандыру тәуекелі)

Сақтандырулық қорғау (сақтандыру)

Дерек көзі: Г.И.Маянлаева сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі [3, 5 б.]

Сақтандыру мәні оның функцияларынан көрініс табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің бөлігі ретінде ерекшеліктерін даралауға көмектеседі. Қаржы категориясы өзінің мәнін, негізін қайта бөлу функциясы арқылы танытады. Ал, бұл функция сақтандыруға лайық - тәуекелділік, ескерту және жинақтау функциялары арқылы өзінің нақты, ерекше көрінісін табады (3-сурет).
3-сурет. Сақтандырудың функциялары
Ескерту функциясы сақтандыру қоры қаражатының бір бөлігін тәуекелдің деңгейін және салдарын төмендетуге бағытталған.
Тәуекелділік - сақтандыру тәуекелі сақтандырудың негізгі бағытына сәйкес зардап шеккен азаматтарға және шаруашылықтарға ақшалай көмек көрсетумен байланысты залалдың мүмкіндігін анықтау қызметі.
Тәуекелділік функциясының шегінде кездейсоқ жағдайлардың салдарына байланысты сақтандыру құнының ақшалай нысанын қайта бөлу жүзеге асырылады.



Инвестициялық функциясы сақтандыру резервтерін (активтерін) орналастырумен байланысты қызмет.
Жинақтау функциясы - отбасының игіліктерін сақтандыру қажеттілігне байланысты өмірінің соңына дейін ақшалай жинақтауын сақтандыру.
Сақтандырудың функциялары


Бақылау функциясы - сақтандыру қорының мақсатты қалыптасуын және пайдалану қасиетін білдіреді.


Дерек көзі: Г.И.Маянлаева сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі [3, 6 б.]

Сақтандыру экономикалық категория ретінде келесі элементтерден тұрады: қауіп-қатерлі жағдай, қауіп-қатер оқиғасы, сақтандыру объектісінің құны (бағасы), сақтандыру оқиғасы, сақтандыру сомасы, сақтандыру жарнасы, сақтандырушының зияны, сақтандыру төлемі.
Осы элементер арасындағы қарым-қатынас сақтандырудың ұйымдастырушылық құрылымын құрайды (4 сурет).

4-сурет. Сақтандырудың ұйымдастырушылық құрылымы
Тікелей
Жанама

Сақтандыру оқиғасы
Тәуекелді жағдайлар
Тәуекелдің құнын бағалау
Тәуекелділік
Сақтандыру жағдайы
Зиян (залал)

Субъективті
Объективті
Сақтандыру сомасы
Сақтандыру құны (сақтандыру объектісінің сақтандыру бағасы)
Зиянды бағалау




Сақтандыру төлемдері
Сақтандыру жарнасы (төлемдер)

Тариф
Көлемді көрсеткіш
Жеңілдіктер үстемелер
Сақтандыруды қамтамасыз ету
Сақтандыру шығынын төлеу
Франшиза


Шартты
Шартсыз

Дерек көзі: Шихов А.К. Страхование [16, 20 б.]

Философия көрсеткендей, принциптер дегеніміз - ол орталықтанған түсінік, барлық жүйенің негізі, ол белгілі бір ереженің барлық жүйеге әсерін таратушы және қорытушы ретінде қолданылады. Осыны ескере отырып, сондай-ақ сақтандырудың генезисін, оның ерекшелігін, осы саладағы қаржылық қатынастардың ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып, осы категорияның болмысын белгілейтін принциптерді айқындайық [3, 7 б.].
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде қолданылатын ағылшын құқығындағы сақтандырудың басты принциптерінің 5 түрі бар (5-сурет).

5-сурет. Сақтандырудың принциптері
Екі жақтың бір-біріне деген жоғары сенімділігінің болуы
Мүліктік мүдденің болуы

Сақтандыру принциптері



Суброгация - сақтанушының құқығын сақтандыру төлемінің орнын толтырған сақтандырушыға беруі
Залалдың (зиянның) нақты көлемінде сақтандыру төлемдерін жүргізу
Залал (зиян) мен оқиғаның себеп-салдарының байланысты болуы

Дерек көзі: Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. Страховой портфель [15,28 б.]

Іс жүзінде бұл принциптер клиент пен сақтандырушы арасындағы қарым-қатынастың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді:
oo сақтанушы мүдделі болмаса, қарым-қатынас болмайды;
oo сақтандыру объектісі жайлы клиентке толық мәлімет берілмесе, тиімді келісімшартқа қол жеткізе алмайды;
oo шығынның себебін түсіндірмей, орнын толтыра алмайды;
oo орнын толтыру төлемақылары алдын-ала келіскен сома көлемінде, бірақ нақты залал сомасында ғана төленеді;
oo сақтандыру төлемін төлегеннен кейін сақтандырушы клиенттің барлық құқығын алады және кінәлі үшінші тұлғалардан өндіріп алады.
Сақтандырудың өз ерекшеліктері бар, сондықтан сақтандыру қызметі төмендегі ережелерге негізделеді:
oo инвестициямен реттелген, сақтандыру қауіп-қатерінің бағасымен байланысты, табыстар мен шығындар арасындағы тепе-теңдіктің анықталуымен сақтандыру экономикасына негізделген сақтандыру компаниясы оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе алады;
oo сақтандыру және қаржылық математикаға негізделген, қажетті сақтандыру тарифі және сақтандыру тарифінің есебі, сақтанушылардың зияндарын өтеуге жеткілікті қаражаттың бағасы және де басқа ақпараттарды сақтандырушы мен сақтанушыға жеткізетін статистикалық мәліметтерді беру;
oo сақтандыру келісімшарты мен нарықтың басқа да субъектілерінің арасындағы қарым-қатынасты реттейтін сақтандыру құқығына негізделген құқықтың ерекше саласы ретінде (6-сурет).

6-сурет. Сақтандырудың негізгі сызбасы
Сақтандыру сыйақысы (сақтандыру жарнасы)
Сақтанушы (сақтандыруға ынтасы бар жеке және заңды тұлға)

Сақтандырушы (сақтандырушы делдал, сақтандыру компаниясы, ұйым)

Сақтандыру оқиғасы
Сақтандыру төлемдері (залал (зиян) шегушіге төленетін сома)

Актуарлық есеп
(тәуекелді бағалау)
Сақтандыру сомасы (мүмкін болатын залады бағалау)
Сақтандырылған тұлғаға (сақтанушы немесе оның пайдасына келісім жасаған үшінші тұлға)

Бүгінгі таңда сақтандыру көбін қызықтырады. Әсіресе, өздерінің кірісін ұлғайту мақсатында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қызықтырады. Ал басқа жағынан, сақтандыру халықтың сан алуан түрлі топтарын да қызықтырады - кәсіпкерлерді, тауар өндірушілерді, тұтынушыларды және т.б. Бұл топтардың көздейтін мақсаты қолайсыз коммерциялық жағдайға ұшырағанда өз қызметтерінің пайдасын (табысын) сақтап қалу (7-сурет).

7-сурет. Сақтандыру - бизнестің түрі концептуалдық моделі

Сақтандыру (бизнес түрі)

Сақтандырушы
сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия алған ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға
Сақтандыру келісімі
(сақтандыру келісімшарты)
міндетті, ерікті
Сақтанушы сақтандырушымен келісімшартқа тұрған әрекеттілік қабілеті бар заңды және жеке тұлға, немесе заңға сәйкес сақтанушы

Сақтандыру делдалы
агенттер,
брокерлер

Сақтандыру төлемдері - мүліктік сақтандыру жағдайында іске асырылатын сақтандыру орнын толтыру төлем-ақылары; адамдармен сақтандыру жағдайында сақтандыруды қамсыздандыру.
Сақтандыру оқиғалары - сақтандыру келісімшартымен немесе заңмен белгіленген оқиғалар. Ол бойынша сақтандырушы сақтанушыға міндетті түрде сақтандыру төлемақысын төлеп беру керек.
Сақтандыру жағдайы - орындалған сақтандыру оқиғалары.
Сақтандыру жарналары мен тарифтер.
Сақтандыру жарнасы - сақтандыру келісімшарты б-ша сақтанушы сақтандырушыға заңға сәйкес төлейтін ақшасы.
Сақтандыру тарифтері - сақтандыру объектісінің немесе сақтандыру сомасының бірлігінен төленетін сақтандыру жарнасы.
Сақтандыру сомалары - сақтандыру келісімшартында белгіленген немесе заңмен белгіленген ақша сомалары, осыған байланысты сақтандыру жарналары мен төлемақылары белгіленеді, егер келісімшартта немесе заңнамларда басқа нұсқа қарастырылмаса.
Сақтандыру объектілері - мүліктік мүдде:
- сақтандырушының өмірімен, денсаулығымен, еңбекке бейімділігімен және зейнет жасымен байланысты (жеке сақтандыру);
- меншікті иелену, игеру, қолданумен байланысты (мүліктік сақтандыру);
- жеке тұлғаның мүлкіне немесе жеке басына келтірген зиянды және де заңды тұлғаға келтірген зиянды сақтандырушының қайтаруы (жауапкершілікті сақтандыру).

Дерек көзі: Жуйриков К.К. Страховой бизнес [6, 9 б.]

Сақтандырудың объективті түрде дамуы мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесіне сәйкес келетін, қоғамның әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығының жәрдемімен анықталады. Сақтандыру ісі өзінің даму тарихында қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттерімен және мемлекеттің саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болды.
0.2 Сақтандырудың жіктелуінің сипаттамасы

Сақтандыруды жіктеудің барлық буындары сақтандырудың екі нысанын қамтиды, олар - міндетті және ерікті сақтандыру (1-кесте).
Сақтаныру нарығында сақтандырушы компаниялардың қызметіне жалпы сипаттама беру, талдау және бағалауды мынадай бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады [3, 25 б.]:
oo сақтандырушының сақтандыру қызметінің аумақтық таралуы;
oo сақтандыру компаниясы құрылатын меншік нысаны;
oo сақтандырушының ұйымдық-құқықтық нысаны;
oo сақтандырушы қызметінің мақсаттылық сипаты;
oo сақтандырушының ірі қауіп-қатерлерді сақтандыруға қатысуының ұйымдық-экономикалық нысаны.
Біздің республикамызда сақтандыру салаларға, кластарға және түрлерге бөлінеді.
1-кесте. Қазақстан Республикасындағы міндетті және ерікті дәрежесі бойынша сақтандыру ісінің бөлінуі
Міндетті сақтандыру
Ерікті сақтандыру
-егінді, көпжылдық өсімдіктерді, ауыл шаруышылығы жануарларын, қозғалмалы және қозғалмайтын мүлікті, ауыл шаруашылығы, өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларынан, індеттен (жұқпалы аурулардан) және басқа апаттардан сақтандыру;
-автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-соттарды сақтандыру;
-туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-үшінші біреулерге зақым келтіру мүмкіндігі бар объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-халықтың салымдарын сақтандыру.

Екі жақтың ынта білдіруіне байланысты жасалатын сақтандыру.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттарыжәне тәртібі екі жақтың келісімі бойынша анықталады.
Дерек көзі: Г.И.Маянлаева Сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі [3, 26 б.]

2-кесте. Қазақстан Республикасында сақтандыру компанияларының қызметі Өмірді сақтандыру және Жалпы сақтандыру салаларынан тұрады

Өмірді сақтандыру саласы
Жалпы сақтандыру саласы
1
2
Өмірді сақтандыру - ол сақтандырылған адам

1
Жазайтайым жағдайдан немесе аурудан сақтандыру

2
қайтыс болған жағдайда немесе оның сақтандыру
мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруіне я болмаса сақтандыру келісімшартында көрсетілген жасқа жетуіне байланысты сақтандыру төлемін төлеуді жүзеге асыратын, жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
- сақтандырылған адам қайтыс болған, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан (толық немесе ішінара) жағдайда немесе жазатайым оқиғаға немесе ауруына байланысты денсаулығына зақым келтірген ретте оған атап көрсетілген сомада немесе қосымша шығындарын ішінара немесе толық көлемінде өтеу үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Аннуитеттік сақтандыру - сақтанушының еңбекке қабілеттілігін (жалпы немесе кәсіби) жоғалтқан, жұмысынан айырылған немесе асыраушысын жоғалтқан жағдайда, жеке тұлғаның табысын төмендетуге әкеліп соғатын жағдайларда жүйелі түрде зейнетақы немесе рента түрінде сақтандыру төлемдерін төлеуді жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралын сақтандыру - көлік құралын иелену, пайдалану, басқарумен байланысты сақтанушының мүліктік мүддесіне зиян (ұрлау, жоғалту) келтірген жағдайда шығындарының бір бөлігін немесе толық өтеуді жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Медициналық сақтандыру - сақтанушының медициналық мекемеге медициналық қызмет көрсетуге өтініш беруі жағдайында шығындарының бір бөлігін немесе толық өтеуді жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Жүк тасымалдауды сақтандыру - сақтанушының мүліктік мүддесіне жүк тасымалдау кезінде зақым келтірген жағдайда шығындарының бір бөлігін немесе толық өтеуді жүзеге асыруды көздейтін, сақтандыру төлемдерін өтейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Мүлікті сақтандыру - сақтандырушы келісімшартта көрсетілген оқиғасы болған жағдайда сақтанушыға немесе шарт пайдасынан жасалған басқа бір адамға сақтандырылған мүлікке келген шығындарды немесе сақтанушының шартта белгіленген ақы шеңберінде өзгелей мүліктік мүдделеріне тигізген залалдарды өтеуге бағытталған сақтандыру түрі.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 810-бабында көрсетілген жағдайларда сақтандыру төлемдерін өтеуге бағытталған сақтандыру.

Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру - сақтандырушы келісімшартта көрсетілген оқиғасы болған жағдайда, үшінші тұлғаға көлік құралын пайдалану кезінде келтірген шығындарды немесе сақтанушының шартта белгіленген ақы шеңберінде өзге де мүліктік мүдделеріне тигізген залалдарды өтеуге бағытталған сақтандыру.

Келісімшарт бойынша АҚЖС - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 812-бабында көрсетілген жағдайларды сақтандыру төлемдерін өтеуге бағытталған сақтандыру.
Дерек көзі: Г.И.Маянлаева Сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі [3, 27 б.]

Залал тигізгені үшін АҚЖС - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 811-бабында көрсетілген жағдайларда сақтандыру төлемдерін өтеуге бағытталған сақтандыру.

Жеке сақтандыру - азаматтардың жеке табыстарын қорғау немесе жеткілікті тұрмыс деңгейіне жеткен жағдайды сақтандырушылық қорғау көмегімен жүзеге асыратын сақтандыру саласы. Жеке сақтандырудың объектілері ретінде адамдардың өмірі, денсаулығы және еңбек қабілеттілігі қарастырылады. Болу мүмкіндігіне байланысты оқиғасы нәтижесінде келісімшарттың аяғына дейін өмір сүру; сақтанушының қайтыс болған немесе сақтандыру мерзімі біткенге дейін сақтандыру оқиғасының болуы [5, 19 б.].
Жеке сақтандыру бойынша сақтанушылар болып жеке тұлғалар және заңды тұлғалар да бола алады, ал сақтандырушылар болып тек жеке тұлғалар қарастырылады. Үшінші тұлғаның - сақтанушының пайдасына келісімшарт жасағанда мүдделі сақтандырушы болу қажет: ата-ана балаларын сақтандыруда, жұмыс беруші жұмысшыларды сақтандыруда.

3-кесте. Жеке сақтандырудың түрлері

Сақтандыру түрлері
Келісімшарт мерзімі
Сақтандыру оқиғасы
Өмірді сақтандыру
1 айдан 20 жылға дейін, әдетт 1 жыл
Мерзімі біткен жағдайда, сақтанушы қайтыс болғанжағдайда, денсаулығына зиян келуі жағдайында
Жазатайым жағдайдан сақтандыру
1 айдан 5 жылға дейін, әдетт 1 жыл
Келісімшартта көрсетілген жағдайларда сақтанушының қайтыс болуы, жазатайым оқиғада денсаулығына зиян келтірілген жағдайда
Жұмысшыларды жазатайым жағдайдан ұжымдық сақтандыру
1 айдан бастап
Жазатайым жағдайда денсаулығына зиян келтірілсе, қатты уланған жағдайда, жазатайым жағдайлардан қайтыс болуы
Әр түрлі қауіп-қатерді сақтандыру
1 айдан бастап
Келісімшартта көрсетілген оқиғаларнәтижесінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, қатты уланған жағдайда
Дерек көзі: Бельгибаев А.К., Рахимбаев А.Б. Теория и практика страхования 2-е издание [1, 13 б.]
Жазатайым жағдайдан балаларды сақтандыру 1 жыл
Жазатайым оқиғада баланың денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, қатты уланған жағдайда, жазатайым жағдайлардан бала қайтыс болғанда

Өмірді сақтандыру - сақтанушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру келісімшартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады [2, 11 б.].
Өмірді сақтандыру жеке (бір тұлғаны сақтандыру) немесе ұжымдық (бірнеше адамды немесе коллективті сақтандыру). Ол қайтыс болуына және өмірдің аяғына дейін өмір сүрумен ғана емес, жазатайым жағдайлардан сақтандырумен құрамдастырылады. Сақтандырудың мұндай нысаны өмірді аралас сақтандыру деп аталады және қосымша мақсаты бар - жазатайым жағдай болған жағдайда денсаулыққа немесе еңбек қабілеттілігіне нұсқан келген жағдайда оның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді. Өмірді сақтандыру сақтандырушының сақтандыру түрлерінің түрлері үшін бөлек-бөлек өңделген сақтандыру ережелеріне сәйкес және де жазатайым жағдайлардан сақтандырумен құрамдастырылады.
Өмірді сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Өмірді сақтандыру келісімшарты сақтандыру оқиғасы болған жағдайда сақтандырушының белгілі бір ақша сомасын сақтанушының сақтандыру сыйақысына айырбас ретінде төлеуі туралы екеуінің арасында ресми түрде бекітілген келісімнен тұрады. Келісімшарттың бекітілуі сақтандыру полисін рәсімдеу арқылы расталады [2, 15 б.].
Сақтандыру келісімшарты төменде көрсетілген жағдайларда күшін жояды:
oo сақтандыру оқиғасы болған жағдайларда;
oo келісімшарттың күшінде болу мерзімі аяқталғанда;
oo сыйақылар төленбеген жағдайда;
oo сақтандыру келісім шартын сатып алған жағдайларда.
Өмірді сақтандыру келісімшартын сатып алу сақтанушының ырқымен ол мерзімі бұзылған жағдайда орын алады. Бұл ретте, сақтанушы сақтандырушының істі жүргізуге жұмсаған шығындарын шегергенде келісімшарт бойынша сақтандыру жарналарының есебінен жинақталған қор сомасын алады. Жинақтауды көздемейтін сақтандыру келісімшарттары үшін сатып алу операцияларының жүргізілуі мүмкін емес.
Сөйтіп, өмірді сақтандыру келісімшарттарының өзіне тән экономикалық мүдделері бар [2, 16 б.]:
1) өмірді сақтандыру сақтандырудың ұзақ мерзімді түріне жатады, сақтандыру полистерінің күші 15-20 жылға дейін және одан әрі мерзімге созылады;
2) өмірді сақтандыру сақтандырушы компаниялардың қаржылық жағдайы мен тұрақтылығына елеулі талап қояды, өйткені оның негізіне сақтанушылар төлейтін сыйақылардың капиталдану процесі қолданылады;
3) өмірді сақтандыру негізінен алғанда табысы шығысынан біршама артатын және соның біраз бөлігін мұрагерлерге сақтап қалдыруды немесе қосымша табыс алу үшін инвестициялауды көздейтін халықтың орташа жігіне арналады;
4) өмірді сақтандыру өзінің жинақтаушы және сақтаушы функциясы арқылы инвестициялар нарығын қалыптастыра бастайды;
5) халық пен жұмыс берушілерді өз өмірлерін немесе жұмысшыларының өмірлерін ипотекалық несие алу немесе несиелер алу арқылы сақтандыруға мәжбүрлейтін заңнамалық және экономикалық тетіктер жоқ.
Елдегі жеке басты сақтандыру нарығын дамытуға ең мүдделі субъект мемлекет болуы тиіс.
Біріншіден, мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қаржы табу мәселесі бірінші кезектегі қажеттілік.
Екіншіден, жеке басты сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері тапшылығының орнын жабады.
Үшіншіден, сақтандыру саласы еңбекті көп қажет ететін және ғылыми негізделген салалардың бірі ретінде жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады.
Жеке басты сақтандыруды дамыту - қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды элементі, экономика үшін инвестициялық ресурстардың көзі, бюджеттің әлеуметтік бағдарламаларға арналған шығыс бөлігін азайтудың тетігі және тағы бір маңызы - сақтандырушы компаниялар зейнетақы мен әлеуметтік бағдарламаларға белсене ат салысатын болады.
Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметінің түрлерін жіктеуге сәйкес, жазатайым жағдайлардан сақтандыру жалпы сақтандыру саласына жатады.
Сақтандырудың осы түріне қатысты жазатайым жағдай деп ойда жоқта болған, сақтандырылушының денсаулығына нұсқан келтірген немесе оның өліміне әкелген нақты жағдайды айтады [3, 39 б.].
Жазатайым жағдайдан сақтандыру келісімшарты кез-келген мерзімге немесе сақтанушының белгілі бір жұмысты орындаған уақытқа, жол сапарда болған және т.б. жағдайларда жасалуы мүмкін. Нақты келісімшарттың күшінде болу мерзімі екі жақтың келісімі бойынша белгіленеді.
Сақтандыру келісімшарты күшінде болған кезеңде сақтанушының негізгі міндеттері:
oo сақтандырушыға қауіп-қатер деңгейін айқындау үшін маңызы бар сенімді ақпаратты хабарлау;
oo сақтандыру жарналарын уақытында төлеу;
oo сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, болған жағдайды бұрмалаусыз тіркеуге мүмкіндік беретін өзіне мәлім кез-келген әдіспен белгіленген уақыт шеңберінде сақтандырушыны хабардар ету.
Жазатайым жағдайлардан сақтандыру келісімшарты мынадай жағдайларда тоқтатылады:
а)келісімшарттың әрекет мерзімі біткен уақытта;
ә)сақтандырушы өз міндеттерін толық көлемінде орындаған жағдайда;
б)сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда;
в)сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеген жағдайында сақтандырушының талабы (ықыласы) бойынша;
г)сақтандырушының сақтандыру ережесін бұзуына байланысты сақтанушының талабы (ықыласы) бойынша;
д)екі жақтың келісімі бойынша;
е)егер сақтандырылған адам сақтандыру жарнасын төлеуді өз міндетіне алмаса, сақтандырушы заңды тұлғаның жойылуына байланысты.
Жазатайым жағдайлардан сақтандыру кезінде сақтандыру келісімшарты күшінде тұрған уақытта болған оқиғалар сақтандыру оқиғалары деп танылады:
а)сақтандырылған адамның жалпы еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтуы;
ә)сақтандырылған адамның жалпы еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалтуы;
б)сақтандырылған адамның жарақат алудан, қатты уланудан немесе басқа жазатайым оқиғадан қайтыс болуы.
Сақтандыру оқиғалары болып есептелмейтіндер:
а)сақтандырылушының қасақана қылмыс жасап, сақтандыру оқиғасына себепші болуы;
ә)пайда алушының сақтандыру оқиғасын көздегенжәне себепші болған қасақана қылмыс жасауы;
б)үшінші біреулерінің заңға сыймайтын әрекеттерімен сақтандырылушыны сондай халге душар еткен жағдайлардан басқа оқиғалардың бәрінде оның өзін-өзі өлтіруі;
в)сақтандырылған адамның өзіне-өзі қасақана жарақат жасауы.
Сақтандыру жарнасының бір бөлігін алу үшін келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу үшін сақтанушы сақтандырушыға төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:
oo сақтандыру полисі;
oo сақтандыру жарнасының бір бөлігін төлеу жөніндегі өтініш;
oo жеке басын куәландыратын құжат.
Сақтандыру оқиғасы бола қалған жағдайда сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандырылған адамның жалпы еңбекке қабілеттілігінің қаншалықты жоғалтқанына қарай анықталады.

8-сурет. Жазатайым жағдайдан сақтадыру түрлері

Жазатайым жағдайлардан сақтандыру

Ерікті
Міндетті

Ұжымдық
Жеке
Жолаушыларды сақтандыру
Өндірісте және кәсіби аурулардан, жазатайым жағдайдан сақтандыру
Мемлекеттік қызметкерлер-ді мемлекеттік жеке сақтандыру





Дерек көзі: Г.И.Маянлаева Сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі [3, 41 б.]

Медициналық сақтандыру - халықтың денсаулығын сақтаудағы мүліктік мүдделерді әлеуметтік қорғаудың бір нысаны [3, 45 б.].
Медициналық сақтандырудың мақсаты - сақтандыру оқиғасы бола қалған жағдайда азаматтардың жинақталған нысаналы қаржы есебінен медициналық көмек алуына кепілдік беру, сондай-ақ алдын алу шараларын қаржыландыру. Заңнамаға сәйкес медициналық сақтандыру міндетті және ерікті түрде жүргізіледі [3, 45 б].
Жүзеге асырылуының ұйымдық, экономикалық және құқықтық негіздері бойынша міндетті медициналық сақтандыруға (ММС) мемлекеттік сақтандырудың мынадай сипаттары тән:
oo елдің бүкіл халқын қамтиды;
oo медициналық көмек көрсетудің шарттары және көлемі кепілдік беретін бағдарламалар негізінде жүргізіледі;
oo ММС арнаулы қорларының қаржысын қалыптастыру мен пайдалану заңнама негізінде жүзеге асырылады;
oo ММС-ті сақтандырушы коммерциялық емес медициналық ұйымдар негізінде жүргізіледі.
Сақтандыру оқиғасы - сақтандырылған адамның аумақтық ММС бағдарламасында көзделген медициналық көмек (қызмет) көрсетуді қажет ететіндей ауруға шалдығуына, денсаулығының бұзылуына немесе оның белгілі бір жағдайына байланысты ММС жүйесіне енгізілген медициналық мекемелердің бірінен көмек сұрауы [3, 45 б.].
ММС бағдарламалары осы сақтандыру субъектілерінің қарым-қатынасын ұйымдастыру бойынша негіз болып табылады және тиісті сақтандыру полисі және медициналық қызметті пайдалану құқығы бар әрбір азаматқа кепілдік ретінде берілетін ең аз мөлшердегі қажетті медициналық қызмет тізбесін айқындайды.
Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) ММС бағдарламалары негізінде жүргізіледі және сақтандырылған адамдардың ММС бағдарламаларында көзделгеніне қосымша медициналық қызмет пен басқа да қызметті пайдалануын қамтамасыз етеді.
ЕМС-тің мақсаты - сақтандырылған адамдар ауырған, денсаулығына зақым келген жағдайда оларға ММС бағдарламасына енгізілмеген, бірақ ЕМС бағдарламаларында көзделген медициналық көмек пен қызмет көрсетілетініне кепілдік беру [3, 46 б.].
Бұл ретте медицина мекемелерінен көмек сұрауы кезінде жеке тұлғаның шеккен шығындарын сақтандырушыларға толық немесе ішінара қайтаруға кепілдік беріледі. Алайда сақтандырушыларарасындағы бәсеке оларды ЕМС бағдарламаларын жасағанда медициналық қызмет тізбесі мен оның әр түрлі құрамын неғұрлым кең қамтуға мәжбүрлейді.
Олардың бір бөлігі ММС бағдарламаларынан да көрініс табады.
Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі түрлері:
1) Экономикалық салдары бойынша:
oo емдеумен, денсаулықты қалпына келтірумен байланысты шығындарды сақтандыру;
oo ауруға душар болуға байланысты табыстың шығысын сақтандыру.
2) Әдістемелік-сақтандырушылық салдары бойынша:
oo үй (отбасы) жандарын амбулаториялық емдеуге;
oo ауруханада емдеуге;
oo стоматологиялық қызмет көрсетуге;
oo мамандандырылған анықтамаға (диагностика);
oo дәрі-дәрмек алуға;
oo маман дәрігерлерге көрінуге;
oo протездеуге;
oo көзілдірік, жанаспалы көзәйнек алуға;
oo екіқабат болуға, босануға байланысты шығындарға;
oo қызмет көрсету шығындарына;
oo науқасқа қарауға байланысты шығындарға.
3) Сақтандыру өтемінің көлеміне байланысты:
oo медициналық шығындарды толық сақтандыру;
oo медициналық шығындарды ішінара сақтандыру;
oo бір тәуекел бойынша шығындарды сақтандыру.
4) Қолданылатын сақтандыру тарифтерінің тұрпаты бойынша:
oo толық (құрамдас) тариф бойынша;
oo сақтандырудың өзі қатысатын тариф бойынша;
oo сақтандырушы жауапкершілігінің шектелімі бар тариф бойынша;
oo серпінді тарифтермен.
5) Медициналық сақтандырудың екі түрін - міндетті және ерікті сақтандыруды бір сақтандыру қатеріне үстемелеудің болу-болмауына қарай былайша жіктеуге болады:
oo қосымша дербес сақтандыру;
oo өз алдына дербес медициналық сақтандыру;
Медициналық сақтандыру субъектілері арасындағы ерекше қарым-қатынастың 2 тәсілі бар [3, 48 б.].
Медициналық мекеме клиентке есепшот ұсынады. Клиент есепшотты төлейді де оны өзінің емделуіне кеткен шығындарын өтейтін сақтандыру компаниясына береді немесе есепшотты алысымен клиент оны төлеу үшін сақтандырушыға жөнелтеді (9-сурет).

9-сурет. Сақтандырылған клиенттің қатысуымен болатын қарым-қатынас процесі
Сақтандыру компаниясы

Есепшот
Клиенттің Есепшотты
Сақтандырылған мекеме
Медициналық мекеме
есепшотын төлеу төлеу Есепшот
Есепшотты төлеу
Дерек көзі: Г.И.Маянлаева Сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі [3, 46 б.]
Медициналық мекеме көрсеткен қызметіне ақы төлеу есепшоттарын тікелей сақтандырушы компанияға жіберген жағдайда медициналық қызмет үшін ақы төлеу сақтандырылған клиенттің қатысуынсыз-ақ жүргізіледі. Әрі есепшоттар осы компанияда сақтандырылған клиенттердің емдеуден өткен бүтіндей бір топтары бойынша сақтандырушы мен медициналық мекеме арасында келісілген кезеңдер үшін ұсынылуыда мүмкін (5-сурет).
Зейнетақыны сақтандыру - сақтандыру келісімшарты бойынша сақтанушы келісімшартта көрсетілген жасқа жеткен жағдайда сақтанушы міндетті түрде дәйектелген сомадағы сақтандыру төлемін белгіленген жүйелікпен жүргізіп отыру міндетін мойнына алатын сақтандырудың түрі [3, 50 б.].
Зейнетақыны сақтандыруда сақтандыруды қамтамасыз етудің негізгі төлемдері сақтандырылған адам зейнеткерлікке шығатын жасқа жеткенде жүргізіледі, сондықтан сақтандырудың бұл түріндегі сақтандыру төлемдері зейнетақы деп аталады [3, 50 б.].
Зейнетақыны сақтандыруда сақтандырылған адамның келісімшартта көрсетліген жасқа және сақтандыру төлемдерінің басталу мерзіміне дейін, сондай-ақ сақтандырумен қамтамасыз етудің мерзімді төленуі үшін одан кейін белгіленген мерзімдеріне дейін жету сақтандыру оқиғалары деп аталады.
Зейнетақы төлемдерінің түрлері:
1) Ғұмырлық зейнетақы - әдетте қорға қатысушы қайтыс болған жағдайда зейнетақы сомасының мұралануы ескерілмейді. Дегенмен кейбір ықтимал нұсқаларында ерлі-зайыптылардың тірі қалғаны зейнетақы төлемдеріне мұрагерлік етуі мүмкін.
2) Ескерілген біраз жылдарға созылатын зейнетақы төлемдері - қатысушы қайтыс болған жағдайда төлем мерзімі аяқталғанға дейінгі зейнетақы сомасының қалдығы мұрагерлеріне бір мезгілде төленеді немесе зейнетақы түрінде төленіп отырады.
3) Қатысушының дербес есебіндегі қорланым біткенге дейінгі зейнетақы төлемдері - қатысушы қайтыс болған жағдайда бұл да мұрагерлікке жатады.
4) Зейнетақы сомасын бір мезгілде төлеу - келісімшарт мерзімі аяқталысымен есептегі жинақталған барлық сома төленеді.
5) Зейнетақы қорланымының бір бөлігін (әдетте 40%-дан артық емес) бір мерзімде төлеу және одан кейін алғашқы үш схеманың біреуі бойынша төлеп отыруы.
Зейнетақыны сақтандыру келісімшарты бойынша өз пайдасына немесе басқа біреудің пайдасына келісімшарт жасасқан сәтте мерзімдік төлем мөлшеріндегі белгіленеді. Бұл төлемдердің мөлшерін сақтанушы өзінің сақтандыру сыйақыларын төлеу жөніндегі қаржылық мүмкіндіктеріне қарайды белгілейді де, сақтандырушы компаниямен келіседі. Жекелеген жағдайларда зейнетақыны сақтандыру келісімшартын сақтандырушы компания сақтандырудың осы түрін бойынша сақтандыру жарналарын инвестициялау арқылы алатын пайдаға сақтандырылған адамның қатысуы да көзделуі мүмкін. Бұл ретте сақтанушының сақтандыру төлеміне де, сондай-ақ сақтандырушының пайдасына қатысуына байланысты төлемге де құқығы бар.
Әдетте мұндай төлемдердің мөлшерін сақтандырушы жыл сайын сақтандырушыға хабарлап отырады.
Мүлікті сақтандырудың келісімшарты бойынша сақтандырушы шартта көрсетілген оқиға болған жағдайда сақтанушыға немесе келісімшарт пайдасына жасалған басқа бір адамға сақтандырылған мүлікке келген шығындарды немесе сақтанушының келісімшартта белгіленген ақы шеңберінде өзгелей мүліктік мүдделеріне тигізген залалдарды (шартта белгіленген сома шегінде) өтеуге міндеттенеді (10-сурет).
Мүлікті сақтандырудың экономикалық мақсаты - сақтандыру оқиғасының болуына байланысты пайда болған шығынды өтеу. Сақтанушының өз мүлкі де, оның иелігіндегі, пайдалануындағы, биілігіндегі мүлік те сақтандырылуы мүмкін [3, 56 б.].

10-сурет. Сақтандыру келісімшарттары бойынша мүліктік мүдделер

Мүлікті сақтандыру келісімшарты бойынша мынадай мүліктік мүдделер сақтандырылады
Белгілі бір мүліктің жоғалу, кем шығу немесе зақымдану қаупі
Басқа бір адамдардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге байланысты пайда болатын міндеттемелерге қатысты қатер, сондай-ақ шарт бойынша жауапкершілікке қатысты қатер, азаматтық жауапкершілік тәуекелі
Контрагенттердің өз міндеттемелрін бұзуына немесе кәсіпкердің іс-әрекетіне қатысты жоқ жағдайлардың өзгеруіне байланысты кәсіпкерлік қызметтен келетін шығындардың қатері, соның ішінде ойлағандай табыстың болмауы, кәсіпкерлік тәуекелі




Дерек көзі: Г.И.Маянлаева Сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі [3, 56 б.]

Нақты сақтандыру келісімшартынан сақтандыру объектілерімен келісімшарт жасасуға, себепші болатын ықтимал қатер түрлерінің қисындасуын да, сақтандыру объектілерінің нақтылануын да байқауға болады.
Мүлікті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылатын мүлік дегеніміз оны сақтауға мүдделі болатын азаматтық құқық объектісін, яғни белгілі бір жағдайларда толық немесе ішінара жойылуы немесе бүлінуі мүмкін объектіні айтады. Әрі бұл ретте ықтимал нұқсанның нақты ақшалай бағасы болады. Мұндай объектілер қатарына кез-келген зат, сондай-ақ ақпарат жатады. Материалдық емес игіліктерден сақтандыру объектісі болып ақшалай құны бар және ұйымдар мен кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында бейнеленетін іскерлік бедел саналады. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде іскерлік беделге нұқсан келтірілу мүмкіндігін сақтандыру мүлікті сақтандырудың мейлінше кең тараған түрі (11-сурет).
Мүлікті сақтандыру мерзімі сақтанушының мүддесіне қарай әдетте 1 айдан 1 жылға шекті және одан да ұзақ уақытқа белгіленеді (ерікті сақтандыру жағдайында). Мүлікті сақтандыру келісімшарты сақтандыру сыйақысы немесе алғашқы сақтандыру жарнасы төленген сәттен бастап күшіне енеді. Мүлікті ерікті түрде сақтандыру келісімшарты сақтандыру мерзімі бойынша сақтандыру мерзімі келісімшартты уақытынан бұрын бұзған жағдайда немесе мына жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін:
а)сақтандырушы сақтанушының алдыңғы міндеттерін толық көлемде орындаса;
ә)сақтанушы сақтандыру сыйақысын немесе кезекті сақтандыру жарнасын төлемесе;
б)сақтандырушы (заңды тұлға) жойылса немесе сақтанушы (жеке тұлға) қайтыс болса;
в)сақтандырушы компания жойылса.
Сақтандыру құны - сақтанушының өз мүлкін бағалау құны. Ол сақтандырушы мен сақтанушының өзара келісуі арқылы анықталады, әрі сақтандыру құны сақтандыру келісімшарты жасалған шақтағы оның нақты құнынан артық болмауы керек. Сақтандырылған мүліктің құны келісімшарт мерзімі күшінде болған кезде өзгеріп отыруы мүмкін. Әдетте бұл өндірісті жаңғыртудың, күрделі жөндеу жүргізудің, жабдықтарды ауыстырудың нәтижесінде немесе тіпті сақтандырылған млік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Экономиканың дамуындағы банктердің ролі туралы
Экологиялық сақтандыру туралы
ҚР қаржы нарығының дамуы
Сақтандырудың теориялық негізі
ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларды жүзеге аcыру барыcы
Қаржы нарығының инфрақұрылымы
Кәсіпорынның қаржы қатынасы
Пәндер