Алты ғасыр іздеген баласағұн



Тарихи, аты аңызға айналған Баласағұн қаласы жөнінде көбірек, нақты мағлұматты Махмуд Қашқаридың «Түрік сөздігі» еңбегінен кездестіруге себебі, оның әкесі Ыстыққөлге жақын орналасқан Барысған қаласынан шыққан. «Барсған: Афрасиабтың ұлының есімі. Барсған қаласын салдырған сол. Бұл Махмудтың атасының шахры» (1). Махмудтың өзі Қашқар қаласында туылғанмен Баласағұнда және басқа да түрік қалаларын, елді мекендерін түгел аралап, осы еңбегін жазу үшін ғылыми деректер жинағанын, аталмаш еңбегінің басында жазған. 1077 жылы Таяу Шығыс елдерін, Түркістанды тегіс аралап, өзінің өте құнды еңбегін түркі тілінде жазып қалдырған. Ол бауырлас түркі тілдес халықтардың данышпан ғылыми ретінде дүниеге белгілі. М. Қашқари заманында Баласағұн өзінің шарықтап дәуірлеген кезеңінде жасаған. Ол қалада жиі-жиі болып, өзінің естігенін, көргенінн және білгенін жазып кеткен. Оның жазғандарына дұрыс қарап, қалдырған мұрасын дәріптеуіміз қажет. Өйткені М. Қашқаридың бізге қалдырған мұрасы, ертедегі ортағасырдағы тарихымызды шынайы мәнде жазуда көп мағлұмат беретінінде дау жоқ (2).
Енді Ақтөбе қаласының Баласағұн екенін дәлелдейтін ономастикалық және археологиялық деректерге тоқталайық.
Баласағұнның этимологиясы. М.Қашқаридың еңбегінен Баласағұн қаласының этимологиясын анықтадық: «Сағұн: Қарлұқ жұртының мықтыларына берілетін ат, лақап. Түрік тәуіптеріне Ата сағұн дейді» (3).
Қаланың атының алғашқы екі буынынан құралған «Бала» - деген түрік сөзі баршаға мәлім болса, «сағұн» - хақан, хан, князь. Олай болса, Бала + хакан; Бала + князь; Бала – хан – болып, Баласағұн деген ұғымды құрайды яғни жас түргеш, әйтпесе қарлұқ хақанының қаласы – деген сөз. Белгілі шығыстанушы ғалым В.В. Бартольдте бұл қаланың этимологиясын «Бала + князьдың» атымен аталғанын айтқан болатын (4). Бұл айтылған Баласағұн шаһарының келіп шығуын тайға таңба басқандай М.Қашқари жазған: «… түріктердің » ___ - Шу «есімді бір жас хақаны болған. Ол үлкен қосының иесі болған. Баласағұн жанындағы» ______ - Шу» қаласын салдырған. Баласағұндағы сарайының алдында күн сайын бектер мәртебесіне үш жүз алпыс рет дабыл қағылып тұрған. Сонан соң өзінің атымен аталып кеткен Шу қаласын салдырады. Сол жерді ырымддап тылсымдатады. Күні бүгінге дейін ләйектер сол тылсым сиқырлы қала маңынан асып кете алмайды. Шаһар тұсына келіп тоқтап тұрып қалады. Әрі қарай өте алмайды. Сол тылсым күні бүгінгі дейін бұзылмай сақталып келеді» (5).
Ғұламаның еңбегінен келтірілген үзінді де, жас Шу атты хақанның болғанын, Шу және Баласағұн қалаларын салдырғанын, Баласағұнды мемлекетінің астанасына айналдырып, қол астындағы бектердің мәртебелерін құрметтегенін, бұл қаланы тысылымды (загадочный), қасиетті жерге орналасқанын баяндаған. Бұл екеуін де өзінің есімімен атап, Баласағұн және Шу – деп ат қойған. М. Қашқаридың бұл айтқандарына дәлел болатын археологиялық және этнологиялық деректерді Баласағұннан таптық. Енді сол деректерге тоқталайық.
Көп жылдар бойына Баласағұн қаласын археологиялық зерттегенде еліміздің белгілі нумизматик маманы, ғалым Р.З. Бурнашева зерттеген болатын. Оның нәтижесін 1986 жылы мақала ретінде жариалаған (6).
Шу өңірінен табылған тохсилер мен түргештердің (түркештердің) монеталарын зерттеген, оларға талдау жасаған нумизматик О.И.Смирнованың айтуы бойынша, алғашқы монеталарды бұл аймақты мекендеген тохсилар, онан кейін түргештер деген пікірге келген (7). Бұл монеталардың бетінде соғдыларша тохсилардың лауазым (титул) адамның аты «YWBW», әйтпесе, «YWSS YWBW» сөзі жазылып, сөздің ортасына __y__ таңба қойылған. Қытай иероглифі бойынша бұл жазу «Шу» деген білдіреді (8). Бірақ, «Шу» сөзінің этимологиясы О.И.Смирнова да және басқа мамандар да біле алмай, әртүрлі жорамалдаумен шектелген. Біреулер «өзен» десе, В.В.Бартольд соғдыларша су (вода) деген пікірді қолдаумен келе жатыр (9). «__y__» таңбасы тохсы монеталарды Шу өңіріндегі Ақбешім, Красноречин және Ақтөбе (Баласағұннан) табылды. Бұл монеталарды О.И.Смирнова үш түрге бөлген: «Тип І на лицовой стороне имеет надпись согдийским полукурсивным письмом, как на монетах тургешей: «небесного тюргеш – хакана деньги». На обратной стороне – знак «Чу» «__y__» тухусов и надпись «тухусский YWPW», указывающая, что носитель этого титула является главной тухусских племен. Однако, надпись на лицевой стороне этого типа указывает на зависимость этих племен от тюргешкого каганата.
1. Қашқари М. Түрік сөздігі. Т.З. Аллматы, 1998. Б. 555.
2. Сонда. Т.1.Б. 91.
3. Сонда. Б. 462.
4. Бартоьлд В.В.
5. Қашқари М. Т.3. Б. 554.
6. Бурнашева Р.З.Монетные находдки о городище Актобе (Чуйская долина)//Средневековые города Южного Казахстана. Алматы, 1986. С. 71-87.
7. Смирнова О.И. Сводный каталог согдийских монет. Бронза. М., 1981. С. 60.
8. Сонда.
9. Бартольд В.В. Соч. Т. ІV. М., 1966. С. 47.
10. Бурнашева Р.З. Сонда. С. 14-78.
11. Сонда. Б. 73-74.
12. Қашқари М. Түрік сөздігі. Т.1. Алматы, 1997. Б. 534-535.
13. Унивнрситеттің археологиялық есебі. 1989. (Қолжазба АЭУ) 1990. Б. 7-25.
14. Шалекенов У.Х. Баласағұн // Қазақ әдебиеті. 12 мамыр, 1989.
15. Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1986. Б. 124.
16. Қашқари М. Түрік сөздігі. Т.1. Алматы, 1997. Б. 553.
17. Южный Казахстан. Полезные ископаемые. Геология СССР. М., 1977. Т.ХІ. Б. 118-120; Чу-Илийский рудный пояс. Рудные полезные ископаемые. Алматы, 1980. С. 73-78.
18. ҚР тарих және мәдени ескерткіштер жиынтығы. Жамбыл облысы. Алматы, 2002. Б. 323.
19. Кожемяко П.Н. Раннесредневековые городища и поселения Чуйской долины. Фрунзе, 1959. С. 127.
20. АЭУ. Есеп. 1990. Б. 15-25.
21. Материалы по истории Средней и Центральной Азии Х-ХІХ вв. Ташкент, 1988. С. 241-242.
22. Бартольд В.В. Отчет о поездке а Среднюю Азию с научноюцелью 1893-1894 гг. //Соч., Т. ІV. М., 1966. С. 42.
23. Елуов М. Тастұмсық қалашығы // Қазақстан Республикасының тарих және мәдени ескерткіштер жиынтығы. Жамбыл облысы. Алматы, 2002. Б. 322.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
АЛТЫ ҒАСЫР ІЗДЕГЕН БАЛАСАҒҰН

У.Х. Шалекенов
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.

Тарихи, аты аңызға айналған Баласағұн қаласы жөнінде көбірек, нақты мағлұматты Махмуд Қашқаридың Түрік сөздігі еңбегінен кездестіруге себебі, оның әкесі Ыстыққөлге жақын орналасқан Барысған қаласынан шыққан. Барсған: Афрасиабтың ұлының есімі. Барсған қаласын салдырған сол. Бұл Махмудтың атасының шахры (1). Махмудтың өзі Қашқар қаласында туылғанмен Баласағұнда және басқа да түрік қалаларын, елді мекендерін түгел аралап, осы еңбегін жазу үшін ғылыми деректер жинағанын, аталмаш еңбегінің басында жазған. 1077 жылы Таяу Шығыс елдерін, Түркістанды тегіс аралап, өзінің өте құнды еңбегін түркі тілінде жазып қалдырған. Ол бауырлас түркі тілдес халықтардың данышпан ғылыми ретінде дүниеге белгілі. М. Қашқари заманында Баласағұн өзінің шарықтап дәуірлеген кезеңінде жасаған. Ол қалада жиі-жиі болып, өзінің естігенін, көргенінн және білгенін жазып кеткен. Оның жазғандарына дұрыс қарап, қалдырған мұрасын дәріптеуіміз қажет. Өйткені М. Қашқаридың бізге қалдырған мұрасы, ертедегі ортағасырдағы тарихымызды шынайы мәнде жазуда көп мағлұмат беретінінде дау жоқ (2).
Енді Ақтөбе қаласының Баласағұн екенін дәлелдейтін ономастикалық және археологиялық деректерге тоқталайық.
Баласағұнның этимологиясы. М.Қашқаридың еңбегінен Баласағұн қаласының этимологиясын анықтадық: Сағұн: Қарлұқ жұртының мықтыларына берілетін ат, лақап. Түрік тәуіптеріне Ата сағұн дейді (3).
Қаланың атының алғашқы екі буынынан құралған Бала - деген түрік сөзі баршаға мәлім болса, сағұн - хақан, хан, князь. Олай болса, Бала + хакан; Бала + князь; Бала - хан - болып, Баласағұн деген ұғымды құрайды яғни жас түргеш, әйтпесе қарлұқ хақанының қаласы - деген сөз. Белгілі шығыстанушы ғалым В.В. Бартольдте бұл қаланың этимологиясын Бала + князьдың атымен аталғанын айтқан болатын (4). Бұл айтылған Баласағұн шаһарының келіп шығуын тайға таңба басқандай М.Қашқари жазған: ... түріктердің ___ - Шу есімді бір жас хақаны болған. Ол үлкен қосының иесі болған. Баласағұн жанындағы ______ - Шу қаласын салдырған. Баласағұндағы сарайының алдында күн сайын бектер мәртебесіне үш жүз алпыс рет дабыл қағылып тұрған. Сонан соң өзінің атымен аталып кеткен Шу қаласын салдырады. Сол жерді ырымддап тылсымдатады. Күні бүгінге дейін ләйектер сол тылсым сиқырлы қала маңынан асып кете алмайды. Шаһар тұсына келіп тоқтап тұрып қалады. Әрі қарай өте алмайды. Сол тылсым күні бүгінгі дейін бұзылмай сақталып келеді (5).
Ғұламаның еңбегінен келтірілген үзінді де, жас Шу атты хақанның болғанын, Шу және Баласағұн қалаларын салдырғанын, Баласағұнды мемлекетінің астанасына айналдырып, қол астындағы бектердің мәртебелерін құрметтегенін, бұл қаланы тысылымды (загадочный), қасиетті жерге орналасқанын баяндаған. Бұл екеуін де өзінің есімімен атап, Баласағұн және Шу - деп ат қойған. М. Қашқаридың бұл айтқандарына дәлел болатын археологиялық және этнологиялық деректерді Баласағұннан таптық. Енді сол деректерге тоқталайық.
Көп жылдар бойына Баласағұн қаласын археологиялық зерттегенде еліміздің белгілі нумизматик маманы, ғалым Р.З. Бурнашева зерттеген болатын. Оның нәтижесін 1986 жылы мақала ретінде жариалаған (6).
Шу өңірінен табылған тохсилер мен түргештердің (түркештердің) монеталарын зерттеген, оларға талдау жасаған нумизматик О.И.Смирнованың айтуы бойынша, алғашқы монеталарды бұл аймақты мекендеген тохсилар, онан кейін түргештер деген пікірге келген (7). Бұл монеталардың бетінде соғдыларша тохсилардың лауазым (титул) адамның аты YWBW, әйтпесе, YWSS YWBW сөзі жазылып, сөздің ортасына ____ таңба қойылған. Қытай иероглифі бойынша бұл жазу Шу деген білдіреді (8). Бірақ, Шу сөзінің этимологиясы О.И.Смирнова да және басқа мамандар да біле алмай, әртүрлі жорамалдаумен шектелген. Біреулер өзен десе, В.В.Бартольд соғдыларша су (вода) деген пікірді қолдаумен келе жатыр (9). ____ таңбасы тохсы монеталарды Шу өңіріндегі Ақбешім, Красноречин және Ақтөбе (Баласағұннан) табылды. Бұл монеталарды О.И.Смирнова үш түрге бөлген: Тип І на лицовой стороне имеет надпись согдийским полукурсивным письмом, как на монетах тургешей: небесного тюргеш - хакана деньги. На обратной стороне - знак Чу ____ тухусов и надпись тухусский YWPW, указывающая, что носитель этого титула является главной тухусских племен. Однако, надпись на лицевой стороне этого типа указывает на зависимость этих племен от тюргешкого каганата.
Тип ІІ вотличие от 1-го имеет на лицовой стороне надпись также согдийским полукурсивом тухусский YWPW со знаком Чу, а оборотную сторону - гладкую (10).
Баласағұнды (Ақтөбені) архелогиялық зерттеу кезінде табылған 35 дана тохсы мен түргештердің монеттеріне Р.З. Бурнашева талдау (анализ) жасады: Они предсавлены одним металом - бронзой. 17 экземпляров является подъемным материалом, остальные найдены в культурных слоях рабада, шахристана и цитадели. Материал разделяется в следующих хронологических рамках: VII-VIII вв., ХІ-ХІІ вв.
Монеты VII- VIII вв. лучшей сохранности и представлены чеканом тюрков - тухусов (тохсы - У.Ш.) (7 экз) и тюргешей (тургеш - У.Ш.) (3 экз). Известно, что тухусы в Х веке представляти одно из богатейших племен живших Чуйскую долину (11).
1978 жылы Баласағұның цитадельінің солтүстік жағынан кесу жұмысын жүргізгенде, тохсылардың 7 дана монеті (теңгесі) шықты. Р.З.Бурнашева оларды зерттеп, О.И.Смирнованың көрсеткен бірінші түріне жататын анықтады. Оның сыртқы бетінде: небесного тюргеш-хакана деньга деп жазылса, ішкі бетінде тухусский YWPW жазудың қасында ________ таңба лоуазым (титул) YWP (W) жазуы бар. Осы жылы шахристанда стратиграфиялық қазба кезінде 12 ярустан түргештердің 3 монеті шықты. Олардың сыртқы бетінде түргештердің таңбасы салынса, оның ішкі бетінде небесного тюргеш - хакана деньга жазу бар. Бұл монеталардың хронологиясы VIII-ІХ ғғ. жатады.
Баласағұннан табылған тохсы мен түргеш монеталарды талдаудың нәтижесі, Баласағұн қаласын салушы, оны Түргеш (Сарыүйсін) мемлекетінің астанасы еткен жас хақаған Шу екенін дәлелдейтін деректердің бірі. Бұл пікір М.Қашқаридың жоғарыдағы айтқанына толық дәлел. Сөйтіп, Шудың этимологиясы Түркеш хақанның аты. Астанасына жас хақанның, яғни "Баласағұн" - деп ат қойса, Шу қаласына өзінің нақты есімін берген. Сол кезде Баласағұнда монеталарды шығаратын орны болған. Ол цитадельдің оңтүстігіндегі шахристаннан табылды. Ол жерде Түргештер мен Қарахан мемлекеттері кезінде ақша шығаратын сарайдан 5000-дей Қарахандықтардың теңгесі мен мөрі табылғанына жоғарыда тоқталғанбыз.
Түркеш монетіндегі Шуды білдіретін белгі (знак) салынған хұмның және құмыраның қақпақтарының сынықтары табылды. Олардың ішінен хұмның қақпағының бетінді үш тармақты (шанышқы) тәрізді белгінің қастарына ай мен жұлдыздар мен мүйіз сияқты белгілер салынған. Құмыраның қақпағының үстіне үш тармақты белгі берілген. Соған қарағанда, бұл таңбалардың Шу хақанның қасиеті атыменбайланысты бар деген пікірді ойға салады.
Сонымен, жоғарыдағы келтірілген жазба және археологиялық деректерге қарағанда, Баласағұн мен Шу қалаларын теңгеде жазылған "тұргеш Тәңір - хақанның ақшасы" деген Шу жас хақанның салдырғанын анықтайды. М.Қашқари өзінің "Түркі сөздігі" еңбегінде Түркеш (Сарыүйсіндердің) мемлекеті Іле өзенінің орта ағысынан Мойынқұмға дейінгі жерді жайлап жатқаны туралы жазған сөзін жоғарыда келтіргенбіз. Тарихи деректердегі Түркеш мемлекеті қуатты феодалдық мемлекет болып, оны бір басқару жүйеге салып, қармағындағы жерлерді 20 әкімшілікке бөліп басқарып, оның әрқайсысында мың тұрғындары болған болса, барлық бағынған адамдардың саны 140-150 мыңдарға жеткен. Осындай күшті мемлекетті басқарып тұрған әкімдердің (бектердің) құрметіне Шу хакан Баласағұндағы сарайының алдында күн сайын таңертең 360 рет дабыл қақтырып тұруды, оның құдіреті күшті бастық екенін байқатады. Іле өзенінен Мойынқұмға дейінгі ұлан байтақ жерде қазірдің өзінде де Ұлы жүздің Сарыүйсін руларының ұрпақтары жасайды. Түркеш мемлекетіне Шу өзенінің алқаптарындағы басқа да рулар кіргенге ұқсайды. Сөйтіп, бұрыннан келе жатқан тұрақты мекеді Шу хақан өзінің астанасына айналдырып, өзіне лайықты Баласағұн атын берсе, оның қасына жаңа қала салып, оған өзінің нақ есімін - Шу- деп атын берген. Осы күнге Шу қаласы (станциясы) өзінің алғашқы атын сақтап келе жатқан тарихи ортағасырлық қалалардың бірі. Тілекке қарсы, бұл қаланың қалдықтары археологиялық жақтан әлі зерттелген жоқ.
Біз айрықша тоқталып отырған Түркеш хақанының теңгесіндегі таңба, қазіргі сарыүйсін руының ________ абақ-ашамай таңбасы мен шапырашты руының таңбаларына жақын екені байқалады. Соңғы екі рудың таңбаларының бір-біріне жақын екенін С.Аманжолов өзінің "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" атты белгілі еңбегінде және "Қазақ шежіресі" кітапшада жазылған. Біздіңше, бұндай ұқсастықтың төркінінде генеологиялық туыстық жатқан сияқты. Сарыүйсіндер М.Қашқари жазған тохси, шігілердің ұрпақтары болуы керек.
2. Ономастикалық - тарихи жер атамалары. М. Қашқари және басқада ортағасыр оқымыстылары еңбектерінде Баласағұнның Арғу екі таудың арасында орналасқаны айтылады. Оңтүстіктен солтүстік-шығысқа созылып жатқан Алатаудың батыс-солтүстік жақтарымен қатарласып шығысқа қарай созылған Қаратау, Жайсан тауы, Қордай таулары орналасқан. Осы таулардың арасындағы өзендердің алқаптарында ертеден түріктер елді мекендер мен қалалар салған. М.Қашқаридің заманында "Арғу", яғни таулардың араларында орналасқан қалалар деп атағанын аңғарамыз. Осы екі таудың арасындағы Талас және Шу алаптарындағы орналасқан қалаларды Арғу, яғни екі таудың арасындағы қалалар деген. "Ұлұш қала, қыстақ (шігілше). Балас ағұн мен оның жағындағы Арғу шаһарларында тұратын халықтар тілінде "иіш" сөзі "шаһар" - дегенді білдіреді. Содан барып Баласағұн шаһарын "Киз иіш" - "Құз ұлш" деп атаған". Бұл пікірге Ақтөбе қаласының орналасқан жері тура келеді. Жамбыл қаласы жағынан келе жатқанда, Ақтөбе екі таудың арасындағы жазық жердегі өзендердің жағасына орналасқан. Ақтөбенің оңтүстігінде қараулы төбе бар. Қаланың оңтүстігінде және биік төбе бар, оны тұрғындар Бозжорға (төбесі) деп атайды. Осы қаланың солтүстік-шығысында Тасөткелден шығысқа қарай созылып жатқан тау жотасы бар. Қазіргі кезде ол Жайсан (Бақылық тау) тауы деп аталған. Сөйтіп, бұрын Баласағұн екі таудың арасында орналасқан болса қазіргі Ақтөбе де сол орында, сол жерге көміліп, үлкенді-кішілі сансыз төбе болып жатыр.
М.Қашқаридың Баласағұнды тысылым (қасиетті) орны болып, онда аққұтан (ләйлек) келіп тұрақтайтын еске алып, этнологиялық деректерді жергілікті тұрғындар арасынан жинадық. Баласағұн қаласын аққұтан (ләйлек) жыл сайын ұялап, одан әрі ұшып кетпейді деген. Ақтөбе маңайын мекендеген тұрғындарынан сұрастырсақ, шындығында да, аққұтан бертінгедейін Калинин атындағы колхоздың орталығындағы биік теректерінің басына ұя салып, күзде қайтатынын көптеген тұрғындар айтты. Бұл құсты истам дініндегі жергілікті тұрғындар киелі құс деп білген. Оның ел арасында келуі адамдарға куаныш, бақыр әкеледі деген сенімде болған. М. Ноғайбаев, Ж.Болатқұлов және т.б. тұрғындардың айтуынша "аққұтанды соңғы көруіміз 1976 жылы болды. Содан кейін келмей қойды" - дейді. Оның себебінбілмейді. Біздіңше, 1972 жылдары Тасөткел, 1984 жылы Ақсу су қоймалары салынып, соның нәтижесінде Ақтөбенің атырабының экологиясы бүтіндей өзгеріп, жер асты сулары көтеріліп, бұрынғы шабындықты жерлер батпаққа, көпшілік жерлер қу тақырға айналып жатқанын көріп жүрміз. Міне, осыдан аққұтан тіршілігіне қолайсыз жағдайлар пайда болған соң, олар да басқа жаққа жер ауған болса керек. Ғасырлар бойы аққұтандарға жазғы мекені болған, Баласағұнға олар енді келмей қойған.
Баласағұнтауы (Әулиетау). Қазіргі Ақтөбенің Баласағұн екенін дәлелдейтін тағы бір айғақ М.Қашқари: "Құлбақ". Түріктердің үлкен діндар, әулие адамдарының біреуінің есімі. Ол Баласағұн тауларында тіршілік етті. Айтуларға қарағанда, ол қара тасқа: "Тәңірі құлы Құлбақ - Тәңірдің құлы Құлбақ" деп жазса, ақ жазумен жазылып шығады екен, ақ тасқа жазса, қара жазумен жазылып шығады екен. Оның іздері күні бүгінге дейін сақталған деседі" (12).
М.Қашқаридың осы сөзі бойынша зерттеу жүргізсек, Баласағұнтауы (Әулиетау) жоғарыдағы аты аталған Тасөткел су қоймасының солтүстік - батыс жағына орналасқан екен. Бұл тауда қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар Әулиетау десе, орыс тілдестер Святой гора деп айтады. Осы атпен жергілікті тұрғындар Әулиетауды жақсы біледі және киелі тау деп құрметтейді.
Баласағұнтауы (Әулиеата)-дың Ұлы жібек жолы өтетін жері.
Әулиеата Тасөткел су қоймасының солтүстігінде 600 метрдей жерде, Шу өзенінің сол жағасына орналасқан биік тау жотасы. Ол бірнеше биік-биік төбелерден құрылған. Соның арасында Шу өзенінің сол жағында тиіп тұрған биік төбе бар. Оны жергілікті тұрғындар Әулиетау - деп ардақтайды. Сондықтан біз ол төбені арнайы зерттедік. Оның үстінен болжау ретінде шұңқыр қазып, оны 2м. тереңдеттік. Қазған жерден мәдени қабат шықпай, төбенің үстінде құрылыс болмағанын анықтадық. Төбенің шығысында ой жер бар. Оны қазғанда, ол да табиғи жер екенін байқадық. Соған қарағанда, Әулиетаудың үстінде құрылыс болмаған. Оған қажетті уақыттарда елді басқарушылар жиналыс және оның үстінде той-думан өткеріліп жатқанға ұқсайды. Осы жиындар кезінде Әулиетаудың етегіне киіз үйлер тігліп, той-думандардың болып жататынын жергілікті тұрғындардың естерінде әлі күнге дейін сақталған. Оның биіктігі 120-130 м., көлемі 4-5 гектар. Сол жерден Әулиетау басталып, батысқа және оңтүстікке қарай созылып жатыр. Олар ойлы-қырлы сиыр бүйректеніп, көп жерде алып жатыр. Жалпы, осы жер Әулиетау деген атпен аталады және оның бір шеті Ақтөбенің солтүстігіне келіп тіреледі. Әулиетаудың үстінен Ұлы Жібек жолы Тасөткел арқылы Шу өзенінің оң жағына өткен. Көптен бері сол жерді мекендеген Т.Шөмішбаев, А.Е.Хмелев, С.Битов басқа да қариялармен сөйлестік. Олардың айтуынша, Әулиетауда М.Қашқари айтқан тасқа жазылған жазу бертінге дейін сақталып, 1972 жылы Тасөткел су қоймасының астына кеткенін бірауыздан растайды. Сөйтіп, жоғарыдағы аты аталған Құлбақтың жазған тасты жақынға дейін сақталып келген (13).
Әулиетауды анықтайтын тағы бір дәлел - Тасөткелдегі Тасқаладан 1962 жылы табылған түйенің жауырынына жазылған жазу (14). Осы сүйектің екі бетіне қара сиямен жазылған жазуларды Өзбек ССР Ғылым Академиясының Шығыстану институтының профессоры Бөрі Ахметовке оқытқанда, мынадай сөздердің бар екені анықталды: 1-қатардағы сөздер: Құлұқтың қызы Мийан Қабар, 2-қатарда- Құлұқтың баласы Чунисі оның екінші бетінде Мухаммед Қази; 4-қатарда- Бар Мухаммед Құлұқ; 5-қатарда- Бар Құлұқ Әлидің ұлы; оның екінші бетінде- Құлұқ Махр; 6-қатарда- Құлұқ Әлидің бір баласы және тағы солай жалғаса береді. Жазуы бар түйенің жауырыны.
Осы сөздерге сүйенсек, Баласағұнда өмір сүрген, өз заманында әулие деген атты иелеген, Құлұқ деген әйгілі дербіш болған. Соған қарағанда, осы жауырынға, Құлұқ әулиенің тегі баян етілген деп болжауға болатын тәрізді. Құлұқтың есімі Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік еңбегінде Күлік деп дәл аталса, Махмуд Қашқаридің Құтты білік еңбегінде Күлік деп дәл аталса, Махмуд Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрігінде Құлбақ деп берілген. Бұл деректердің айтуы бойынша, ол кісі Баласағұн тауларын мекендеп, сол кісінің құрметіне бұл тауды әулиелі жер деп атап кеткен. Өйткені, Күліктің сүйегі Баласағұн тауына жерленген. Жергілікті түрғындардың айтуына қарағанда, Баласағұн қаласының негізгі үлкен моласы (мүрдесі) осы Әулиетауда болған. Тұрғындардың моласы Тасөткел су қоймасының астына қалған.
Баласағұндатуған, әлемге аты кең тараған энциклопедист ғалым Жүсіп Баласағұн өзінің Құтты білігіне Еліктің Айтолдыға айтқан жауабынан үзіндік келтірейік:
Елік айтты: - Ұқтым енді сөзіңді,
Қуант мені, ықтият бол өзің де.
Мен айтайын, жаман атты білгейсің,
Жақындамай, одан аулақ жүргейсің.
Зорлық етіп, қара күшке салғанды...
Ісі - олақ, өсек-өтірік тергенді,
Өзі ұшқалақ, көзі ұятсыз пендені.
Дөрекілік, қызбалық тағаттық -
Құлық болса қу құлқын мен шараптың.
Ондай жандар шығыса алмас менімен,
Айттым ашық: тең ғой әркім теңімен.
Адал қызмететкің келсе, кел біліп...
Мұндайлардан тый өзіңді ей Күлік!
Жақын тартып, бұл көңілің тоғаяр,
Менің де ізет, ықыласым молаяр! (15).
Бұл келтірілген шумақтан Жүсіп Баласағұнидің Күлік әулиеге сыйынғанын байқау қиын емес. Ж.Баласағұни ХІ ғасырда жасаған ғалым. Оның өмір сүрген кезінде Күлік әулие ретінде түрік тайпаларының арасында әйгілі адам болған көрінеді. Сондықтан, ғалым Құлұқтың өтініш ретінде адамдарды жаман әдеттен тыйым сала көр, сонда менің де ізет-құрметім баиды деген пікірді білдіреді. Сөйтіп, М.Қашқаридің жазған Құлбақ әулиесі мен М.Баласағұнидің Күлік қасиетті деген бір адам, Күлік Баласағұтауын мекенеткен және Ислам дінінуағыздаған алғашқы батыс түріктерінің бірі болған. Күліктің атымен Баласағұнтауы Әулиетау деп аталып кете берген. Міне, сол тау осы күнге ортағасырлық Баласағұнның солтүстік-батысында орналасқан. Сөйтіп, Махмуд Қашқаридің жазған Баласағұнтауы, бұрынғы Баласағұн, қазіргі Ақтөбе ортағасырлық қаланың арасында екені анықталды.
Біздің сөйлескен қарияларымыз Әулиетау Шу өңіріндегі қазақ және қырғыздарға белгілі жер. Барлығы бұл тауды құметтеп, оған тәжім етеді. Керек десеңіз, ертеде қазақ пен қырғыздардың және осы өңірді жайлаған тұрғындарды ақсақалдары жылына бір рет Әулиетауға жиналып, таудың басына шығып кеңес құрып, халықтар арасындағы шешілмей жатқан келелі мәселелерді талқылап, бір шешімге келіп отыратындары әлі күнге дейін адамдардың естеріне сақталған. Бұл тауға жиналып, үлкен мәселелерді дұрыс шешуге Әулиетау жәрдемдеседі деген сенімнен туған болса керек.
Бақыртау Тағы бір Ақтөбенің Баласағұн екенін дәлелдейтін М. Қашқаридің еңбегінде жазылған. Бақырлықтау Баласағұнға жақын бір жердің атауы. Мысты тау-мыс көп тау (16). Сонан кейін Бақырлықтау мыстың кені деп түсінік берген. Осы М.Қашқаридің айтуынша, Бақырлықтауды да таптық. Бұл тауды қазір Жайсан тауы деп атайды. Ол үшкеп бөлініп аталады: Салажайсан, Ортажайсан және Қадыржайсан. Жайсантауының шығысы Қордай тауымен жалғасып жатыр. Оның батыс түстігі Тасөткөл су қоймасымен шектеседі. 1989 жылы Жайсан тауын аралап, оның бұрынғы Бақырлықтау (Мыстауы) екенін анықтадық. Мұндай жұмысты іске асыруда жергілікті азаматтаркөп жәрдем көрсетті. Олардың осы қызметіне рақмет айтамыз. Баласағұнтауы (Әулиетау), Юн-Арик (Жонарық) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман Ренессансы және түрік халықтары мәдениеті
Қазақ ойшылдарының қоғам туралы ой-пікірлері
Қазақ философиясының тарихы
Түркі халықтарының философиясы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Қазақ елінің ежелгі ғалымдары
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме
Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті
Мәңгілік ел идеясы
Пәндер