Қазіргі заманауи жағдайдағы жастардың экологиялық мәдениет деңгейін зерттеу



Еліміздегі экологиялық жағдайдың нашарлауы және табиғат ресурстарының сарқылуының бір себебі - қоғамның экологиялық мәдениет деңгейінің төмендігі болып табылады.
"Жер бетінде тіршілікті сақтау, адамның және табиғаттың прогрессивті дамуы жаңа экологиялық мәдениеттің қалыптасуынсыз мүмкін емес" деген тұжырыммен келісетін қоғам мен табиғат арасындағы мәселелерді зерттейтін ғалымдар мен мамандар саны күннен күнге артып келеді.
Жастар мен балаларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу халықтың барлығында экологиялық жауапкершілікті көзқарастың қалыптасуына тікелей байланысты.
Қоршаған ортаның жағдайының мәселесі бүкіл әлемде қоғамның үлкен назарының ортасында. Қазақстан Республикасында табиғатты қорғаумен айналысатын мемлекеттік, ғылыми, қоғамдық-саяси ұйымдар ауа, топырақ, су және басқа да тіршілік ортасына түсетін ауыртпалықтарды төмендетуге жыл сайын іс-шаралар жасайды. Сонда да қоршаған ортаның жағдайы мәз емес: зиянды заттар әсері шектік деңгейден асып кетуі, қоқыстану проблемалары, ормандардың азаюы, топырақтың, ауаның, судың ластануы, сонымен қатар энергетикалық ресурстардың сарқылуы секілді және тағы басқа да мәселелер байқалуда. Экологиялық тұрақсыздықтың ең басты детерминанты - адам және оның күнделікті жасайтын іс-әрекеті, ол тек экофильді жаққа өзгермей қана қоймай, сонымен қатар қоғамдағы сынның объектісі де болмайды, экологиялық мәселе шетте қалады. Осы проблемаларды шешу - өсіп келе жатқан жастардың алдында тұрған басты міндет.
Мұнда маңызды нәрсе - қойылған міндеттегі барлық өзектілікті және маңыздылықты жеке адам болып емес, бүкіл әлем болып түсіну, сондай-ақ энергоэкологиялық міндеттерді ортақ шешім қажеттілігін түсіну қажет. Міндетті түрде алға қозғалу үшін қазіргі таңға сай жаңа - энергоэкологиялық ойлау және мәдениет қажет. Қазіргі таңда дамыған әлемдік қоғамды экономикалық құрылыс энергетика мен экологияның қарым-қатынасы қарама-қарсы күресуде. Энергоөндірушілерге максималды түрде экономикалық жағы тиімді, ал экологиялық жағы артта қалып қояды. Бірақ та мемлекет, қоғам энергетиктер жұмыстарының антиэкологиялық жағдайына шектеу қойып, табиғатты қорғауды талап етуде. Қазіргі таңда бұл мәселе әлемдегі алдыңғы міндеттердің бірі және ол 30-50 жылдың ішінде шешілуі қажет. Олар - қазіргі таңдағы іс-әрекеттерді энергоресурстарды үнемдеудегі көзқарастардың дамуы және сәйкесінше ойлау жүйесінің қалыптасуы және оны экологиялық мәдениетімізге енгізу.
Ең алдымен, жастардың экологиялық мәдениетін дұрыс қалыптасуына ықпал жасау керек. Жастардың экологиялық қозғалысының дамуы үшін : бағыт көрсету және мүмкіндік беру қажет. Ол мүмкіндікті экологиялық білім мен тәрбиеге баулу арқылы беру керек. Сонда ғана біз "Мәңгілік Ел" бола аламыз. Осы жағдайды шешетін басты жолдардың бірі - экологиялық білім беру мен тәрбие. Бүгінгі таңда қарапайым тұрмыстық және өндірістік экологиялық мәдениеттің және халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың әлемге деген дұрыс көзқарасы қалыптасуы үшін жұмыс жасаудың сәті түсіп тұр!
1. Чильдебаев Ж. Экологияны оқыту әдістері. Оқулық. - Алматы: Экономика, 2002. - 105 б.
2. Торманов Н.Т. Биологияны оқыту әдісі. Оқулық. - Алматы: Қазақ Университеті, 2000. - Б.50-53.
3. Максимова В.Н., Груздева Н.В. Межпредметные связи в обучении биологии. Учебник. - Москва: Мир, 1987. - С.13-17.
4. Щепаньский Я. Элементарные понятия социологии. - Москва: Мир,1969. – 50 с.
5. Беркунова Л.А. Экологическая культура в аспекте становления ценностей современного общества. Дис. - Москва, 2004. – 4 с.
6. Гирусов Е.В. Природные основы экологической культуры //Экология, культура, образование (материалы и конференции). – Москва: Б.И.,1989. - С.11 – 19.
7. Жақсыбеков Ә.С. Экологиялық мәдениет. - Алматы: Рауан, 2009. - 33 б.
8. Афиногенов Д.В. Свобода, наука, природа //Общественные науки и современность.Омск:2001.-158 с.
9. Ноосфера - Жербесік. Экологиялық альманах. Алматы: АСН, 1996, №1.
10. Таукен Қ. Төтенше экологиялық жағдайларды құқықтық реттеу. Алматы: ҚазМУ, 1991. - 201 б.
11. Жақсыбеков Ә.С. Қазақстан Республикасының экологиялық ахуалы және оны мәдени қайта құру негіздері. Дисс., Алматы 1999.- 85 б.
12. Ұлт тағылымы. Алматы: №2/2008. - 25б.
13. Қазақстан географиясы және экология мектепте және ЖОО–оқыту. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал. №5// Астана: 2004. - 155 б.
14. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Жиырма томдық. 1-том. Аударма. Астана: 2005. -65б.
15. Қазақ мәдениетінің типологиясы. Мәдениеттану оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 1998. -23б.
16. Әл – Фараби әлеуметтік – этикалық трактаттар. Алматы:Ғылым баспасы, 1975. - Б.28 – 29.
17. Т. Ғабитов, Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов, Қ. Әлжан. Қазақ философия-сы (жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы). Астана: Аударма, 2008. - 57б.
18. Вамбери А. Путешествие по Средней Азии. - СПб, 1865. - 5 с.
19. Жанұзақ Ә.Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы. Алматы: Рауан, 2008. - 16б.
20. Молдабеков Ж. Ж. Тектілі тұрағы – тұлғалыққа тірек // Адам әлемі, №2 - 1999. – 87 б.
21. Анучин В.А. Основы природопользования. – Москва, 1978. -160с.

КІРІСПЕ

Еліміздегі экологиялық жағдайдың нашарлауы және табиғат ресурстарының сарқылуының бір себебі - қоғамның экологиялық мәдениет деңгейінің төмендігі болып табылады.
"Жер бетінде тіршілікті сақтау, адамның және табиғаттың прогрессивті дамуы жаңа экологиялық мәдениеттің қалыптасуынсыз мүмкін емес" деген тұжырыммен келісетін қоғам мен табиғат арасындағы мәселелерді зерттейтін ғалымдар мен мамандар саны күннен күнге артып келеді.
Жастар мен балаларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу халықтың барлығында экологиялық жауапкершілікті көзқарастың қалыптасуына тікелей байланысты.
Қоршаған ортаның жағдайының мәселесі бүкіл әлемде қоғамның үлкен назарының ортасында. Қазақстан Республикасында табиғатты қорғаумен айналысатын мемлекеттік, ғылыми, қоғамдық-саяси ұйымдар ауа, топырақ, су және басқа да тіршілік ортасына түсетін ауыртпалықтарды төмендетуге жыл сайын іс-шаралар жасайды. Сонда да қоршаған ортаның жағдайы мәз емес: зиянды заттар әсері шектік деңгейден асып кетуі, қоқыстану проблемалары, ормандардың азаюы, топырақтың, ауаның, судың ластануы, сонымен қатар энергетикалық ресурстардың сарқылуы секілді және тағы басқа да мәселелер байқалуда. Экологиялық тұрақсыздықтың ең басты детерминанты - адам және оның күнделікті жасайтын іс-әрекеті, ол тек экофильді жаққа өзгермей қана қоймай, сонымен қатар қоғамдағы сынның объектісі де болмайды, экологиялық мәселе шетте қалады. Осы проблемаларды шешу - өсіп келе жатқан жастардың алдында тұрған басты міндет.
Мұнда маңызды нәрсе - қойылған міндеттегі барлық өзектілікті және маңыздылықты жеке адам болып емес, бүкіл әлем болып түсіну, сондай-ақ энергоэкологиялық міндеттерді ортақ шешім қажеттілігін түсіну қажет. Міндетті түрде алға қозғалу үшін қазіргі таңға сай жаңа - энергоэкологиялық ойлау және мәдениет қажет. Қазіргі таңда дамыған әлемдік қоғамды экономикалық құрылыс энергетика мен экологияның қарым-қатынасы қарама-қарсы күресуде. Энергоөндірушілерге максималды түрде экономикалық жағы тиімді, ал экологиялық жағы артта қалып қояды. Бірақ та мемлекет, қоғам энергетиктер жұмыстарының антиэкологиялық жағдайына шектеу қойып, табиғатты қорғауды талап етуде. Қазіргі таңда бұл мәселе әлемдегі алдыңғы міндеттердің бірі және ол 30-50 жылдың ішінде шешілуі қажет. Олар - қазіргі таңдағы іс-әрекеттерді энергоресурстарды үнемдеудегі көзқарастардың дамуы және сәйкесінше ойлау жүйесінің қалыптасуы және оны экологиялық мәдениетімізге енгізу.
Ең алдымен, жастардың экологиялық мәдениетін дұрыс қалыптасуына ықпал жасау керек. Жастардың экологиялық қозғалысының дамуы үшін : бағыт көрсету және мүмкіндік беру қажет. Ол мүмкіндікті экологиялық білім мен тәрбиеге баулу арқылы беру керек. Сонда ғана біз "Мәңгілік Ел" бола аламыз. Осы жағдайды шешетін басты жолдардың бірі - экологиялық білім беру мен тәрбие. Бүгінгі таңда қарапайым тұрмыстық және өндірістік экологиялық мәдениеттің және халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың әлемге деген дұрыс көзқарасы қалыптасуы үшін жұмыс жасаудың сәті түсіп тұр!
Жұмыстың мақсаты: қазіргі заманауи жағдайдағы жастардың экологиялық мәдениет деңгейін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы экомәдениеттің дамуы, бағыты, жағдайына әдеби сараптама жасау арқылы баға беру;
- ҚазҰУ студенттерінің экологиялық білім дәрежесін анықтау.
- ҚазҰУ қалашығындағы энергоүнемді лампалардың алатын орны және оның адам денсаулығына әсері жайлы жастардың білімін анықтау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Әдебиетке шолу

1.1 Экологиялық білім және тәрбие

Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның санасы адамның негізгі құқықтарының бірі - денсаулықты және дамуының негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүрруін мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлықтың арнайы-әлеуметтік табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.
Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім, тәрбие беру үдерісінің мазмұнын, құрылымын, мақсатын анықтайтын бірнеше функциялар орындалу керек. Солардың ішінде мыналарды бөліп көрсету қажет деп табамыз:
oo табиғи ортаға қатысты заңдар туралы білімді қамтитын экологиялық - білімділік;
oo қоғамның қоршаған ортамен қарым - қатынасын меңгерудің негізіндегі тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған тәрбие беру функциясын;
oo табиғатқа деген өнегелілік - этикалық қарым - қатынастардың қалыптасуына жауап беретін гуманистік функцяны;
oo табиғатты қорғау қызметінің, іс - әрекетінің тәжірибесін игеру мен халыққа жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық функцияны.
Күнделікті өмірде экологиялық сауатсыздықтың көріністерін байқауға болады. Экологиялық сауатсыздықтың салдарынан Арал, Каспий теңіздерінің мәселесі, қаламыздың газбен ластануы т.б. мәселелер туындап отыр. Тек өндіріс саласында ғана емес, тұрмыста, демалыс орындарында да білімсіздіктің белгісін көруге әбден болады.
Экологиялық тәрбиелеу және білім беру барысында бірнеше функциялар жүзеге асырылу керек, солардың негізгісі:
oo тікелей экологиялық білім берушілік (қоршаған ортаның қызметі туралы заңдарды білу;
oo дүниетаным (экологиялық дүниетанымды қалыптастыру);
oo гуманистік (табиғатқа деген өнегелілік - этикалық қарым - қатынастың қалыптасуы);
oo тәрбиелеушілік (қоғамның қоршаған ортамен қарым - қатынасын меңгерудің негізінде тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуы);
oo қоғамның қажеттіліктері мен өндірісті экологияландыруда табиғатты пайдаланудың заңдық, қаржылық және саяси, ғылыми нормаларды бірыңғай жүйеге келтіру;
oo ақпараттық (табиғатты қорғау қызметінің тәжірибесін меңгере, оған анализ жасай отырып халыққа жеткізу).
Бүгінгі күні тек жеке әлеуметтік топтың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның экологиялық сауаттылығының төмен деңгейі туралы айтуға толық негіз бар. Осыған байланысты табиғатқа қатысты адамның жауапкершілік сезімін ояту, қалыптастыру, экологиялық тәрбие, білім басты мәселеге айналады. Экологиялық білім беру ерекшелігінің мәні, оның алдын алу принципіне негізделу керек екендігінде.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты. Өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.
Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі [1].
Экологиялық білім беру дегеніміз - әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялық ойлардың, принциптер мен көзқарастың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.
Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеді [2].
Экологиялық тәрбие және ағарту (экологическое воспитание и просвещение) -- адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру.
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.
Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп, экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.
Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.
Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың рөлі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.
Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.
Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау біліммен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да рөлі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.
Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.
Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мектептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуға болады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады [3].

1.2 Экологиялық мәдениет: түсінігі, маңызы, генезисі

Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.
Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі табылады деп сеніммен айтуға болады.
Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым - қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым - қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық - мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.
Ян Щепаньскидің пайымдауынша: Ұрпақтан - ұрпаққа берілетін белгілі бір идеялар болады. Бұл идеялармен құндылықтар жүйесі байланысты. Олар индивидтер мен топтың іс - әрекеті, мінез - құлқын, қабылдау және ойлау әдісін анықтайды. Бұл барлық жиынтық мәдениет деп аталады [4].
Мәдениет экологиясы терминін алғаш ғылыми айналымға енгізген Д.С.Лихачевтың пікірінше этикалық - рухани құндылықтарды ашатын экологиялық мәдениет сұрақтары зерттеуді аса қажет етеді. Экологиялық дағдарысқа қауіпті тудыратын тек сыртқы ортаның ластануы ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі әлемінің, мәдениетінің, санасының ластынуы да экологиялық қауіпті құрайды деген ғалымның ойына қосылуға болады.
Егер мәдениет түсінігінің бастауларына көз жүгіртсек, адамның табиғатқа қатынасы үнемі мәдениетпен өңделіп отырды. Ондай қатынастың бастапқы негізі ретінде қоғамның қарапайым қажеттіліктері болды, ал табиғатты адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың тәсілі ретінде қабылдады. Қоғам табиғатты құдайландырып, онымен диалогқа түсуге тырысты. Адамдар негізінен табиғаттың тұтастығын, өзінің табиғатпен байланысының үзілмейтіндігін жақсы сезе білді және қабылдаушы мәдениеттен өндіруші мәдениетке көшу арқылы әлеуметтік - мәдени экспансияның рычагі арқылы табиғатпен байланысын күшейтті.
Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс - әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз - табиғатты аялауға, қорғауға бағытталған білімі, іскерлігі, дағдысы, оны жүзеге асыруы. Яғни экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты - адам - қоғам - табиғат жүйесіне үйлесімдік орнату, табиғи байланысты сақтау, молайту, тиімді пайдалану, жуапкершілік сезімін арттыру. Экологиялық мәдениет бұл - адамдардың табиғатты қабылдау деңгейі және әлемдегі өзінің орнын бағалауы, адамның әлемге деген қарым - қатынасы.
Экологиялық мәдениет түсінігінің генезисін қарастырсақ. Бастапқыда термин әлеуметтік қарым - қатынастардың белгілі бір түрін бейнелейтін, нақтырақ айтсақ қоғам мен табиғат арасындағы қатынасты бейнелейтін табиғаттың бірыңғай сегментін, бөлігін білдірді[5].
Бұл ұғымға бірнеше зерттеушілер бірін - бірі толықтыратын әр түрлі анықтама береді:
В. Межжерин экологиялық мәдениетті ғылым, технология, дін, философия, астрология, әдебиет, өнер барлығы бірге адам өмірінің образын жасағандығын факт ретінде қарастырады. Ол арқылы шынайы әлеммен өзара байланысты орната отырып, адам өзіне қабілеттіліктің, икемділіктің жоғарғы формасы ретінде қарастыруға болатын қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз Жер планетасындағы экологиялық адамның пайда болуын білдіреді.
С.Н. Глазачев құрамына экологиялық іс - әрекеттің мотивациясы, экологиялық білім және табиғатты сақтау, оны қорғай алу кіретін экологиялық мәдениеттің негізін сендіру, экологиялық сана құрайды деп есептейді.
Ю.Л. Хотунцев экологиялық мәдениет феноменінің құрылымдық бөлінуін ұсынды. Оның көзқарасы бойынша табиғаттың сақталуын қарастыратын, сонымен шартталған адамзат іс - әрекеті тәсілінің жиынтығы деп көрсетеді, ол мыналарды қамтиды: табиғат өмірдің және сұлулықтың бастауы болып табылатындығын түсіну, оны сақтауға деген жауапкершілік, кез - келген іс - әрекет, қызмет түрін қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғаумен салыстыра білу қабілеті, табиғатты қорғау іс - әрекетіне, қызметіне аса қызығушылық таныту және оны жүзеге асыруды.
А.О. Лагутин бойынша экологиялық мәдениет - мақсаты адам қоғамының табиғи - әлеуметтік потенциалын дамыту мен сақтау, қоғамның тұрақты экологиялық кеңістігін қалыптастыру болып табылатын ашық жоғары өнегелілік құндылықтық құрылымдардың динамикалық жүйесі. Жалпы экологиялық мәдениет түсінігі қазіргі кезде табиғатқа деген жауапкершілікті қарым - қатынасты, табиғатты бағалауды білдіретін бастапқы мағынасына қайта оралады. Табиғат өзара әрекеттің тең құқылы серіктесі ретінде қарастырылады, ал экологиялық мәдениет болса адамзат мәдениетін құрайтынды әлеуметтік топтық және тұлғалық деңгейде белгілейді. Экологиялық мәдениет әлеуметтік деңгейде ноосфера жасау үдерісін басқаруды жүзеге асыратын, қоршаған ортаға қатысты тағылықтан арылуды іске асыратын адамзаттың іс - әрекеті арқылы көрініс табады. Топтық деңгейде экологиялық мәдениет өзіне, басқаларға, табиғатқа қатысты адамзаттық эгоизмді еңсеруге септігін тигізеді, тұлға аралық байланыс қалыптасуының іске асатын басқаша механизмдеріне көшуге мүмкіндік береді, ал олар арқылы дамудың коэволюциялық формасына көшуге мүмкіндік береді.
Экологиялық мәдениет - бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Қалыптасқан жағдайда сол арқылы ғана қоғам мен табиғи ортаның тепе - теңдігін ұстау мүмкін болады [6].
Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама - қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады. Адам табиғаттың билеушісі ретінде қарастырылады. Қоршаған орта адамға, оны бағындырып, техникалық әсер етудің объектісіне, сарқылмайтын ресурстар көзіне айналдыру қажет болған,қарама - қарсы фактор ретінде болды. Жаңа заманда табиғат адамның тілегін орындаушы ретінде қарастырылады және оны бағындырудағы жетістіктер табиғаттың күштерін жеңу деп түсінілді. Адамның табиғатқа шексіз билігін философия классиктерінің еңбектерінен Ф. Бэконнан бастап Л. Фейербахқа дейін табуға болады.
Мысалы, П. Гольбах табиғи ортаны бізге көрінетін заттарды өндіру үшін және әрекет ету үшін қажеттінің барлығын қамтитын үлен шеберхана ретінде қарауға шақырды.
Декарт біз қол өнершілеріміздің кәсібін білетініміз сияқты, оттың, жұлдыздың, судың, ауаның, аспанның, яғни бізді қоршаған денелердің барлығының әсерін және күшін біле отырып, солардың көмегімен практикалық философияны жасау туралы айтады. Сол білімдерді барлығына қолдана алатындығымызды және табиғаттың иесі бола алатындығымыз туралы атап көрсетеді.
М. Хайдеггер қазіргі экологиялық ахуалды тудырып отырған негізгі себепкердің бірі техникаға жан - жақты талдау берді. Ол техниканы адам іс - әрекеті, әрі соның құралы деп қарастырудан бас тартып, техниканы табиғи заттарда жасырын қалған құпияның ашылу түрі деп біледі. Машинаны ойлап табу арқылы адам табиғаттың жасырын күшін, құпиясын ашады, сөйтіп, оны өзіне қызмет істеуге мәжбүр етеді.
Адам техниканы дүниеге әкелуші, жаратушы болғанымен өзі де соның шырмауында қалып отыр. Техника өз - өзінен қауіпті емес. Ешқандай да техникалық сиқыр жоқ, бірақ техниканың мәндік, болмыстық құпиясы бар екені рас. Техниканың мәні - жасырын нәрсені ашу, жария ету, ал, ол дегеніміз, өзімен бірге қауіп - қатерді ала жүреді [7].
А. Хунинг техниканы адамның өмір мен билікке деген талпынысынан туындаған дүние деп қарастырады. Оның ойынша адам жаны мен адамзат рухы техника қарқынынан қалмай, одан да басым күйде дамуы қажет деп жазады. Солай істегенде ғана адам техникалық жаңашылдықтарға дайын болады. Тек солай болғанда ғана адам экологиялық мәселелерді шеше алатындай жағдайға жетеді, өз ұрпағының жарқын болашағын қамтамасыз етеді.
Табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады. Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:
oo Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.
oo Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан жұрдай, тек адам ғана оған мән, маңыз бере алады.
oo Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек [8].
Қарқынды нарықтық шаруашылық - тұтыну идеалдарының мәдениетіндегі басым мәдени құндылықтардың шкаласын түбірімен өзгертті. Табиғатты негізінен таусылмайтын қазына ретінде қарастыра бастады. Егер онда бір нәрсе жетіспесе, соған лайықты техникалық жобалар пайда болды, олардың іске асырылуы қоршаған ортаға зиянды әсерлердің болуын қарастырусыз жүзеге асырылды. Адамдар өздерінің іс - әрекетінің нәтижесі туралы енді ғана, техногендік мәдениеттің жаңа жетістіктерінің салдары аймақтық және ғаламдық деңгейде болғанда ғана ойлана бастады. Техника мен технологияға негізделген материалдық мәдениет тек өндірістік іс - әркетті ғана емес сонымен қатар экологиялыққа зиян келтіретін, адамды инженерлік, технологиялық ойлау стиліне бағыттады. Ондай стиль табиғат объектілерін зерттеуде, қоршаған ортаны техногендік сфераға қайта құруда пайдалы болды, бірақ ол тіршіліктің қайталанбайтындығын, оның бірегейлігін саналауға мүмкіндік бермеді. Ондай ойлау жүйесі Жаңа заман дәуірінде қалыптасты. Ол мәдениеттің техногендік типінің жасалуын қарастырды, онда табиғатқа тең құқықты, жетілген субъект емес, экспансия объектісінің рөлі берілді.
Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды. Табиғат ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланды. Бірнеше уақытқа дейін бұл үдерістер, радикалды экологиялық дағдарысқа әкелмегендіктен салыстырмалы түрде аса маңызды емес болып саналды. Осыған байланысты экологиялық көзқарасы, санасы дамыған қоғам қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Экологолиялық сананың экоцентрлік типі бұл - адамның өзін табиғи ортаның бір бөлшегі ретінде санау және қоршаған ортаның сақталуына бағытталу тән адамның көзқарастар жүйесі.
Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір - біріне және қоршаған ортаға қарым - қатынасы түсініледі.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап рухани мәдениеттің жағдайы қауіп туғыза бастады. А. Печчейдің пайымдауынша адамзаттың алдында оның эволюциясының өткен сатысындағы мәселенің мәні адамдар осы әлемге өздері әкелген өзгерістерге сай өздерінің мәдениетін бейімдей алмауында. Экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен адамның ішкі болмысының, адамның өзінің өзгеруінен басталу керек [9].
Экологиялық гуманизм өзінің дамуында өзінің әсер ету кеңістігін күшейте отырып, экологиялық идеологияға айналады, оның негізінде экологиялық мәдениет жасалады.
Экологиялық идеология - бұл өмір идеологиясы, адам мен табиғат арасындағы ынтымақтастық идеологиясы. Бәрінен бұрын бұл адамзат қызметінің барлық саласында табиғи ортаның оған енгізілген өзгерістерге деген реакциясын есепке алу.
Қоғамдық сананы экологияландыру үрдісін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады: біріншіден, адамның табиғатқа қарым - қатынасын әр түрлі сезім формасында көрсетуі(немқұрайлылық, үрей, байбалам т.б); екіншіден, экологиялық мәселеге аса қызығушылық таныту( биосферадағы эволюциялық өзгерістердің мәнін көрсету, оның тұтастығының детерминациясын көрсету); үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден әлеуметтік іс - әрекетке көшу, жағымды іс - әркетке көшу; төртіншіден, адамның табиғатқа қатысты жауапкершілік деңгейінің жоғарылауы, күнделікті өмір барысында көрініс табатын экологиялық сананың тұлғаның ішкі мәдениетінің элементі ретінде болуы. Бұл аспектіде экологиялық сана мен экологиялық мәдениеттің деңгейі бұл - қоғамның табиғатты әлеуметтік маңызды қызметке оны тану және дамуын практикалық пайдалану негізінде қаншалықты терең және жан - жақты қосуының көрсеткіші болып табылады.
Қазіргі кезде ауыр экологиялық тоқырауға технократиялық өркениеттің жолын таңдаған және сол мүмкіндіктер арқылы ондағы бар, бірақ қажетті деңгейде талап етілмеген әлеуметтік - мәдени дамуды ескермеген адам кінәлі. Соңында қазіргі адам өзі басқарып отырған құндылықтарды шынайы, өзінің құндылықтары деп санайды және олардың адамзатты, қоғамды, табиғатты жалаңаштандыра отырып, шынайы әлеуметтік - мәдениеттік құндылықтардың девальвациясына әкелетіндігін саналамайды.
Мәдениет адамның тұрмысының іске асуының құралы болып қана қоймай, сонымен бірге оның дамуының факторы болады. Адам әлеммен және барлық нәрселермен тікелей емес, мәдениет арқылы өзара әрекеттеседі.
Әлемдік қоғамдастық интеграциясы үдерісінде мәдениеттің экологиялық функциялары ерекше маңызға ие болды. Мәдениет мазмұнына, бағытына қарай халықтарды жақындастыра, бір - біріне жат қыла алады. Қазіргі кезде адамзаттың өмір сүруі көбінесе, өзінде төл ұлттық мәдениет пен жалпы адамзаттық құндылықтарды байланыстыратын бірыңғай әлеуметтік - мәдени кеңістіктің қалыптасуына байланысты. Адамзаттың тағдыры тәуелді болатын орталық факторлар экологиялық - мәдени доминанттар, тұлғаның гумандық қасиеті болады. Тек экономикалық дамуға бағытталған стратегияның орнына орталығында адам және тірі зат болатын стратегия келеді.
Адамзат дамуының ішкі логикасы адамзаттың өмір іс - әрекетін, оны ұйымдастыру тәсілдерін, әлемнің әр бұрышындағы мәдениеттерді реттеудің қажет екендігін анықтайды. Жердегі өмір, адамның мекен ететін ортасына деген құқығы сияқты құндылықтарға қатысты бірыңғай принциптер қажет бола бастайды. Мақсат ұлттық мәдениеттерді теңестіру (нивелирлеу) емес, олардың гуманистикалық бастауларын біріктіретінді іздеу. Бұл жағдайда құндылықтық экологиялық императивтер әлемдік экологиялық мәдениеттердің қалыптасуындағы маңызды интегративті фактор болады.
Мәдениет көбінесе интеллектуалдық деңгейдің көрінісі болып табылады, ал интеллект ғылыми - техникалық прогрестің әсерімен ойлаудың технизациясына душар болады. Экомәдениет адамның оны қоршаған ортамен қарым - қатынасын, сонымен қатар осы қарым - қатынастарды ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін де реттейді.
Экологиялық мәдениет білім берудің барлық салаларына енуі қажет және тұрғындардың барлық топтарын қамтуы абзал. Ол қоғамның табиғатпен тепе - теңдік ұстай алу қабілеті ретінде дамуы керек. Көптеген ғалымдар мен мамандардың ойынша экологиялық дағдарысты тек экологиялық мәдениеттің негізінде ғана еңсеруге болады, оның негізгі маңызы адам мен табиғи ортаның бірге үйлесімді дамуы, сондай - ақ қоршаған ортаға тек материалдық қана емес, сонымен бірге рухани құндылық ретінде қарау.
Экологиялық саясат алдын алу шараларын белгілеу принципіне, ластаған ақшасын төлейді принципіне, тұрақтылық принципіне, жеке жауапкершілік концепциясына негізделуге тиіс. Өйткені қоршаған орта және даму жөніндегі Рио - де - Жанейро декларациясына сәйкес, орнықты дамудың түпкі мақсатына қоғамның барлық тиісті топтарының келісімді іс - қимылы арқылы жетуге болады [10].
Қажетті экологиялық мәдениетті қалыптастыру қазақстандықтардың төл міндеті болып табылады, осыған қатысты кезек күттірмейтін мәселе еліміздегі табиғатты қорғауға бағытталған заңдардың заман талаптарына сай жүйесін қалыптастыру, яғни заңды күшейту.Сондықтан, экономикадағы сияқты экологияда да алдымен өз күшімізге, әлеуетімізге сүйенуге тура келеді. Республикада атқару билігі мен мемлекеттің өз азаматтары алдында олардың өсіп - өркендеп, толыққанды өмір сүру үшін жауапкершілік жүйесі енді - енді қалыптасып келе жатыр.
Дамыған елдерде осы мәселе бойынша иық тірестіре қимыл жасайтын қоғамның үш жетекші күшінің - мемлекеттік құрылым, кәсіпкерлік сала және үшінші сектор делінетін беймемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік мүдделестігіне қол жеткізуге бізде әлі ертерек. Алайда, өркениетті даму жолына біржола маңдай түзеген әрқандай ел жоғарыда аталған шаралар кешеніне арнап, соның ішінде әлем құлақ түріп, көз тігіп отырған экология саласында да берік құқықтық негізді бүгіннен бастап қалап қоюы тиіс [11]. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап өзінің статусын жан - жақты және белсенді көтере бастады, экологиялық қарама - қайшылыққа көп көңіл бөле бастады. 1997 жылғы 23 маусымдағы БҰҰның арнайы сессиясында ел басым ыз Н.Ә.Назарбаев әлемдік қоғамдастықты экологиялық мәселелерді күш біріктіре отырып, соның ішінде оның ойынша әлемдік маңызы бар Семей полигоны және Арал теңізі мәселелерін шешуге шақырды. Халықтың табиғи ортаны қорғауға белсенді қатысу қажет екендігін түсінбейінше салынған күш күтілетін нәтиже әкелмейді. Әрине экологиялық мәдениеттің қалыптасу процесінде мемлекет, мемлекеттік саясат қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен рөл ойнайды. Мемлекет экологиялық саясаттың субъекті ретінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек.
Жоғары мәдениетті елдерде экологиялық таза емес тұтыну тауарларынан халықты қорғау ісіне үлкен маңыз беріледі. Нарықтың бір тетігі жарнама зиянды өнімдерді насихаттаудан аулақ болуға тиісті. Мысалы экологиялық жағынан қауіпсіз өнім өндіру туралы өтінішті тексеру, тұтыну тауарлары жөнінде соны көрсеткіштерді пайдаланып, жүргізілген салыстырмалы тексерудің нәтижелерін жұртшылыққа хабарлап отыру керек. Осы жөнінде БҰҰ - ның қоршаған орта жөнінде комиссиясының Экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердегі табиғатты қорғау қызметін кешенді басқарудың басшылыққа алар принциптері атты құжатта былай делінген Экономикалық жұмыспен айналысатын субъектілердің төңірегінде оларды өндірістің экологиялық тұрғыда таза өндіруге мәжбүр ететін белгілі дәрежеде ықпалды қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында, экологиялық топтар мен тұтынушылар ассоциацияларына халықты хабардар етуді жақсарту жөніндегі науқанды қолдап отыру керек. Бұл үшін заңдарда үкіметтік емес ұйымдарға нақты заңдық құқықтар беру керек. Бұл үшін заңдарда үкіметтік емес ұйымдарға нақты заңды құқықтар беру керек, атап айтқанда мәліметтерді кедергісіз алуға, жеке адамдардың құқындай, сот жолымен анықтау құқын беру керек [12].
Адамзат тарихының дамуы, ғылыми - техникалық үдерістердің жеделдеуі қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты барынша шиеленістіріп, ғаламның экологиялық байланысының шұғыл бұзылуына алып келді. Адамзаттың ғылыми - техникалық прогресс жолында дамуы адам мен табиғат арасындағы өзара қарым - қатынасты өзгертті. Адамды табиғи ортаға қарама - қарсы қоятын, адам мен қоршаған ортаның табиғи байланысының бұзылуы орын алды. Адам іс - әрекетінің қоршаған ортаға әсерінен табиғи орта қалпына келу мүмкіндігінен айырыла бастады.
Барлығымызға белгілі, ғылыми - техникалық прогрестің жағымды жақтарымен қоса, жағымсыз жақтары да болды:
oo табиғи ортаға жағымсыз антропогендік әсер, адам өмірінің экологиялық жағдайының нашарлауы;
oo табиғи ресурс шығындарының көбеюі;
oo адамзат өркениетінің өміріне қауіп төндіретін қару жасау;
oo өнеркәсіптік - дамыған және дамушы елдер арасындағы әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіндегі теңсіздіктің күшеюі.
Әсіресе, бүгінгі экологиялық апат біздің елімізге қауіп төндіріп тұрғаны барлығымызға да белгілі. Ғасырлар бойы адам баласы өзін табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, одан өзіне керектің барлығын алды. Бірақ оған келтірілген зиянның орнын толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбеді. Экологиялық тәрбие беру - адамзат баласының әр бір іс - әрекетіне шек қоя отырып, экологиялық жағдайды жақсартудың бірден - бір жолы. Осыған қатысты Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасында берілетін пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар факторлармен толықтыру арқылы осы үдерісті жүзеге асыру керек екендігі айтылған. Ғылыми - техникалық даму кезінде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі - біздің өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажеттілігімізге қолданып отырған табиғатты қорғау, сақтау және оның сан алуан байлықтарын қолдан келгенше орынды да ұқыпты пайдалану болып отыр. Қоршаған ортаны шексіз игерудің себебінен табиғат тепе - теңдігі бұзылды, жер эрозияға ұшырады, судың тазалығы өзгерді, тірі организмдердің саны азайды және адам баласының денсаулық жағдайы өзгерді т.б.
Экологиялық мәдениетте адамгершіліктің алтын ережесі (өзіңе не тілесең, басқаға да соны тіле) экологияның алтын ережесіне (өзіңе не тілесең, табиғатқа да соны тіле) айналды. Экологиялық өркениетті қалыптастыру үшін табиғи ортамен қоса мәдени ортаны да орнықты және адамдық талаптарға сай құру керек.
Бүгінгі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан экологиялық сауатсыздықтан экологиялық мәдениетке өту қай жағынан болса да маңызды міндет болып табылады. Экологиялық мәдениет тек мәдени мұраларды қорғаумен шектелмейді, ол тек мәдени саладағы ластанулармен күресу жобаларын қабылдаумен аяқталмайды. Мәдениет экологиялық қорғау функцияларымен қоса парасатты - гуманистік мәдениетті пайдалану талаптарын өзіне қосып алуы қажет.
Табиғатты қорғау мәдениетінің қарапайым, әрі маңызды шарты - осы істегі төмендегідей қиындықтарды шеше білу:
1. Табиғатты қорғауды тек мамандандырылған арнаулы ұжымдардың міндеті деп есептеу; шын мәнінде экологиялық мәселелер жалпы, қоғамдық, әмбебапты сипатта болады.
2. Экономикалық даму мақсаттарын экологиялық мәселелерден бөлек қарастыру.
3. Табиғатты қорғау заңдарының төмен деңгейі, арнаулы мамандардың жетіспеушілігі.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде экологиялық тәрбиенің мынадай міндеттер мен мақсаттарды қамтуына көңіл бөлінеді:
1. Адамның қоршаған ортаға әсері және оның заңдылықтарының орындалуын анықтайтындай алдыңғы қатарлы ой, пікірлер мен ғылыми деректерді қамтуы;
2. Қоғамның материалдық және күштерінің қайнар көзі - табиғи және әлеуметтік ортаның жан - жақты бай құндылықтарын түсіну;
3. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану дағдыларын білім, таным мәселелерін меңгеру, өзін қоршаған ортаның жағдайын бағалай білу қабілетін дамыту, жақсартудың шараларын қабылдау, адам қызметінің табиғатқа тигізер зиянын алдын - ала болжай білу.
oo табиғатқа зиян келтірмеу бағытындағы тиісті ережелерді саналы түрде орындап отыру;
oo табиғи және әлеуметтік ортаны жақсарту қызметін, табиғатты қорғау идеяларын жетілдіру;
oo табиғи және әлеуметтік ортаға деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру - тәрбиенің құрамдас бір бөлігі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында :
oo табиғатты қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар өткізу;
oo табиғатты қорғауға бағытталған кештер өткізу;
oo ғылыми - көпшілік әдебиеттер көрмелерін ұйымдастыру;
oo табиғатты қорғауға бағытталған фильмдер көрсету;
oo табиғатты қорғауды жақсарту мақсатында тексеру жұмыстарын жиі - жиі жүргізу.
oo экологиялық бағыттағы ғылыми - зерттеу жұмыстарын жиі - жиі ұйымдастыру, жастарды ғылыммен айналысуға баулу.
oo оқушылар арасында әр түрлі сурет сайысын өткізу.
oo экологиялық негіздегі арулар арасында Жер сұлуы сайысын ұйымдастыру.
oo мектептерде, жоғары оқу орындарындарының көлемінде әр түрлі экологиялық бағыттағы лагерлер.
oo мекемелер арасында, соның ішінде өнеркәсіп орындары арасындажыл сайын ең экологиялық таза атты сайыс өткізу және оны мемлекет тарапынан марапаттап, сонымен қатар сол мекемеге салықта және т.б. жеңілдік беру.
oo тамақ өндірісінде экологиялық таза өнім номинациясын ұйымдастыру.
Табиғат - сұлулықтың қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына игілік пен ізгілікті дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы ғұлама ғалым К.Д. Ушинскийдің табиғаттың дауысын - дыбысын, үнін ата - аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу, оған зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды дегеніне құлақ асатын мерзім әлдеқайда жетті [13].
Экологиялық мәселелерді шешу экологиялық таза технологияларды енгізумен, адамда экологиялық мәдениеттің қалыптасуымен байланысты. Қазіргі уақытта өркениет ақпараттық, техногендік, компьютерлік болып сипатталады. Осыған байланысты өркениет өзіндік жеткілікті түсінік бола алмайды және оған гуманистік сипат тән емес, керісінше ол ой мен мәдениетті технизациялайды.
Қалыптасқан экологиялық мәселелер - қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың, адамның ішкі дағдарысының салдары. Жоғары технологиялар әлемінде өмір сүре отырып, адам өзінің әлемнің бір бөлшегі екенін сезіне бермейді, әлемнің бір бөлігі екендігін ұмытып кетеді. Жоғары техникалы қоғамда адамға табиғи ортамен қарым - қатынас жасауы қиынға түседі, ал бұл мүмкіндіктің болмауы адамды жалғыздыққа әкеледі. Соңғы жылдары көптеген елдерде моральдық сананың экологизациясы орын алды және құндылықтық бағыттыр өзгерді. Адам - қоғам - табиғат қарым - қатынасы саласындағы моральдық нормалар мен мінез - құлық өнегелілігі экологиялық этиканың негізі болады. Адамның қоршаған ортаға деген қарым - қатынасындағы өнегелілік позициясы гуманистік болу керек, оның негізінде адам игілігінің басым болуымен қатар табиғаттың игілігі де болу керек.
Экологиялық өркениет жағдайында экологиялық сананың маңызы үлкен. Қазақстанның экологиялық дағдарыстан шығуының маңызды бағыттарының бірі, тұрақты даму жолымен жүре отырып, мәні, мақсаты азаматтардың экологиялық білімін, экологиялық мәдениетін, экологиялық тәрбиесін дамыту болып келетін экологиялық - ағартушылық табылады, ондағы басты мақсат қоғамның экологиялық санасын өзгерту, адамның табиғи ортаға деген қарым - қатынасын түбірімен өзгерту болу керек.
Экологиялық өркениеттілік - бұл табиғи инстинктердің мәдени, жағымды іс - әрекет жағына сублимация үдерісі. Экологиялық мәселелер адамның мінез - құлқын белгілейді және оның санасының өзгеруін талап етеді. А.Д. Урсул экологиялық өркениеттің үш қалыптасу кезеңін атап өтеді. Бірінші кезең, экологиялық ахуалды жақсартатын заңдарды қабылдаумен байланыстырылады. Яғни, экологиялық қылмыс кодексін нығайту керек. Екінші кезеңде табиғаттың ластануы мүмкіндігінше азайтылып, биосфера ресурстары тұрақтандырылады. Үшінші кезеңде демографиялық мәселелер түбегейлі шешіледі.
Экологиялық мәдениет түсінігінің мазмұны материалдық және рухани жақтарды қамтиды. Материалдық жаққа адамның еңбек ету үдерісіне қатысты бөлігі жатса, рухани жағына адамның табиғат құндылықтарын, оның сұлулығын, табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарау жатады. Әлеуметтік экология мәселелерінің жүйесінде экологиялық мәдениет экологиялық сана, экологиялық ойлау, экологиялық білім, экологиялық тәрбиеге қарағанда кең ауқымды қамтиды.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде экологиялық тәрбиенің мынандай міндеттер мен мақсаттарды қамтуына көп көңіл бөлінеді:
1. Адамның қоршаған ортаға әсері және оның заңдылықтарының орындалуын анықтайтындай алдыңғы қатарлы ой, пікірлер мен ғылыми деректерді қамтуы;
2. Қоғамның материалдық және рухани күштерініңм қайнар көзі - табиғи және әлеуметтік ортаның жан - жақты байю құндылықтарын түсіну.
3. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану дағдыларын, білім, таным мәселелерін меңгеру, өзін қоршаған ортаның жағдайын бағалай білу қабілетін дамыту, оны жақсартудың шараларын қабылдау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Рухани - адамгершілік тәрбие
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
Мұражайлардың болашақ тарихы
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Психологиялық стресстің формуласы
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Поп - арт стильіндегі жастар киімінің үлгілерінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының кітапханашы мамандарының кәсіби құндылықтары
Пәндер