Туристік бизнес



Кіріспе
1. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1 Туризм түсінігі және оның түрлері
1.2 Туристік бизнестің дамуы
1.3 Туризмнің халық шаруашылық саласындағы орны
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК БИЗНЕСІНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Қазақстандағы туристік сала
2.2 Қазақстандағы туристік бизнестегі экономикалық көрсеткіштерге талдау
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
3.1 Қазақстандық туристік бизнесті дамытуға Азия . 2011
3.2 ДТҰ Бас ассамблеясының тур саласын дамытудағы Қазақстанның орны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Б.з.б II ғасырда адамдар алысқа және үнемі саяхат жасап отырған, тіпті туристік мақсатпен де саяхат жасау, өзге елді және қалаларды көру көбісін қуантып отырған. Бірақ сапар шегуге және жорықтарға бастама берген туризм емес. Мұндай сарын антикалақ мемлекеттер тұрақтанған кезде, жолдар жетімді және қауіпсіз болғанда, сонымен қатар саяхатшылыардың тілек – талаптарына және қызығушылығына ақша қаражаттарының қарым - қатынас психологиясы әсер еткенде, ал мәдениет деңгейі кең талапты ізденіске және жаңа білімге негізделгенде пайда болған.
1. Ө.Ж. Үстенова. Туризм маркетингі – Алматы 2009
2. Ж.Н.Алиева . туризмология негіздері – Алматы «Қазақ университеті» -2004
3. О.Б. Мазбаев, Б.Н. Атейбеков, Б.К. Асубаев. «Туризм және өлкетану негіздері» оқу құралы
Алматы ҚазҰПУ 2006.
4. С. Р. Ердавлетов «География туризімі» оқу құралы. Алматы 2001ж
5. Ердавлетов С.Р. История туризма.развитие и научное изучение – Алматы, 2003
6. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – Невский фонд, 2003
7. Қазақстан республикасының мемлекеттік бағдарламалары
8. Квартальнов В.А. Теория и Практика - турист 2004
9. Квартальнов В.А. Туризм – Финансы и Статистика, 2004
10. Www.googl.kz
11. WWW.Almaty.kz

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Б.з.б II ғасырда адамдар алысқа және үнемі саяхат жасап отырған, тіпті туристік мақсатпен де саяхат жасау, өзге елді және қалаларды көру көбісін қуантып отырған. Бірақ сапар шегуге және жорықтарға бастама берген туризм емес. Мұндай сарын антикалақ мемлекеттер тұрақтанған кезде, жолдар жетімді және қауіпсіз болғанда, сонымен қатар саяхатшылыардың тілек - талаптарына және қызығушылығына ақша қаражаттарының қарым - қатынас психологиясы әсер еткенде, ал мәдениет деңгейі кең талапты ізденіске және жаңа білімге негізделгенде пайда болған.
Курстық жұмыстың мақсаты - туристік бизнестің теориялық мәнін және Қазақстан Республикасы бойынша туристік бизнестің даму келешегі және туризмнің қазіргі кездегі орны жөнінде толық талқыланады. Мен бұл жұмыстың әр бөлімінде түрлі тақырыптарды қамтыдым, яғни оларға тоқтала кетсек бірінші бөлімінде - туристік бизнестің теориялық мәні қарастырылады, ал, екінші бөлісмінде - Қазақстандық туристік бизнестің бүгінгі жағдайына талдау жасау болса үшінші бөліміміз - Қазақстандағы туристік бизнестің даму келешегіне арналады.
Tourist сөзі ағылшын тілінен XX ғасырда шыққан және ағылшынша аудармасы - Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында саяхаттау деген мағынаны білдіреді. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша турист - бұл , өзінің тұрақты орнынан бір түнге немесе бір жылға басқа елге орнын ауыстыратын тұлға.
Туризмнің ХХ ғасырда бастау алуына төмендегідей себептерді жатқызуға болады:
1. туризм табыс көзі бола бастады;
2. Туризм өз алдына сала ретінде қалыптасты;
3. Туризм адамдар іс - әрекетінде кәсіби мамандыққа ие болды;
4. Қоғамдағы еңбек бөлінісі процесінің күрделенуіненжәне де ғылыми техникалық ревальюциядан кейін адамдардың еңбектік іс-әрекетінде жаңа сипат пайда болды - еңбек мерзіміндегі апта, еңбек демалыстарының пайда болуы;
5. Халықаралық шаруашылықта өзара ынтымақтастықтың дамуы жүрді;
6. туризмнің осы ХХ ғасырдан бастап толық әлеуметтік сипатқа ие болуы;
Туризм және саяхат жөнінде Бүкіләлемдік кеңес қазіргі туризмге төмендегідей мінездеме берген:
- бұл шамамен 3,5триллион доллар айналым капиталын ұстанатын және өзіне саяхат(круиздар, автобус, самолет, автомобиль, темір жол),орналасу (отель және мотель, конференция, көрме,кездесу), тамақтану(ресторан, кафе, бар), демалу және көңіл көтеру( ойындар, парктер, аттракциондар) сияқты компоненттерді қосатын әлемдік ірі индустрия;
халықаралық өнімі 6,1% құрайтын өнім өндіру жүргізушісі.
Салық төлеуші жүргізушісі;
127 млн адамға жұмыс беруші, яғни шамамен барлық жұмысшылардың әрқайсынан 15 адам;
Тек еуропалық экономика жағынан ғана тез дамитын сала емес ол әлемдік әлемдік экономика жағынанда тез дамиды;
Қазіргі туризм ХІХ 40 жылдары бастау алған. Осы кезде алғаш рет ағылшын кәсіпкері Томас Кук ішкі елдерде бірнеше саяхаттар мен жорықтар ұйымдастырып, содан кейін 1885ж Парижде Бүкіләлемдік көрмені ұйымдастырады. Бір жыл өткеннен кейін ағылшындықтардың Еуропа елдеріне ұйымдастырған саяхаттары басталады, ал 1868 жылы осы саяхат АҚШ мемлекетіне ұйымдастырылады. 1882 жылы Кук ұйымы алғашқы әлемдік саяхатты ұйымдастырады. Жаңа бизнес Т.Кукқа жаман табыс әкелген жоқ және бұған көптеген басқа кәсіпкерлердің қызығушылықтары артты. Уақыт өте келе біршама елдерде Бүкіләлемдік саяхатты және жорықты ұйымдастырумен айналысатын туристік компаниялар құрыла бастады.
ХХ ғасырда транспорттық облстардың жетістіктері туризмнің дамуына үлесін тигізді. Саяхат жасауға ең алдымен параходтарды және темір жол транспорттарын қолданып отырған, кейіннен автомашина транспорттары қолданысқа енген. Қозғалыс жылдамдығы, ұзақтығы, комфорттығы үнемі өсіп отырған.
Туризм практикалық өзіндік шаруашылықтан индустрияға айналады. Ол көптеген елдерде маңызды экономикалық рөл атқарады. Оның дамуына ірі қаржы бөлулер әсер етеді. Кең байланыстағы көңіл көтеру мен демалуға мамандандырылған туристік орталықтар құрылуда . Қазіргі туризм барлық планеталарда дамуда яғни Еуропадан басқа ( салт-дәстүр туристік оталықтарынан басқа) елдерде Америкада, Африкада, Азияда, Австралияда және Океания қалалары белсенді түрде қатысуда.
Туризмнiң әлеуметтiк сипатын айтқанда оның ең басты әлеуметтiк функциясы ретiнде қайта қалпына келтiру мүмкiншiлiгiн атап өткен жөн. Бұл дегенiмiз адамның еңбек ету барысында немесе күнделiктi тiршiлiкте жұмсаған күшi мен iшкi ресурстарын орнына келтiрумен тiкелей байланысты. Туризммен айналысқан адамның демалысы қозғалысымен ерекшеленiп, айналысатын қарекет түрiн, қоршаған ортасын өзгертуге және басқа адамдармен, таңсық жаңа мәдениетпен, әдеп-ғұрыптармен танысуға, сондай-ақ табиғаттың бұрын беймәлiм құбылыстары мен ерекшелiктерiне баса көңiл аударып бiлуiне мүмкiншiлiк туғызатын сауықтың нешеме түрiн қамтиды. Сондықтан қазіргі Қазақстан жағдайында туризм индустриясын дамытуды дендеп қолға алып, жобалар жасалуы қажет. Бұл мәселеге жастарды да араластырса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз

1. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1 Туризм түсінігі және оның түрлері

Әлемде капиталистiк қарым-қатынастардың орнауы мен одан әрi дамуы ұйымдасқан туризмнiң пайда болуына әкеп соқты. Халықаралық туризмге ауадай қажет экономикалық, саяси және әлеуметтiк алғышарттардың қалыптасуында капиталистiк қоғамның маңызы ерекше. Буржуазиялық төңкерiс жеңiске жетiп, капитализмге алғаш аяқ басқан ел Англия болатын. Нақ осы елде алдымен iшкi маршруттарға, кейiнiрек шет елдерге жол сызған алғашқы туристiк ұйымдардың пайда болуы кездейсоқтық емес. Осы заманғы туризмнiң басы 1841 жылы iшiмдiктен сау адамдар ұйымының 570 мүшесiн Лейстерден Лафобороға Т.Кук ұйымдастырған туристiк сапардан басталады. Сол жолғы сапар барысы баяндалған жолнама бiздiң күндерiмiзге бәз қалпында жетiп отыр. Осы тарихи оқиғаның өмiрге келуiне жол салған сол замандағы өндiрiстегi соны жаңалықтар мен темiр жолдың пайдалануға берiлуi нәтижесiнде халықтық орын ауыстыруға деген артқан белсендiлiгi едi. Ашылған ұлан-ғайып мүмкiншiлiктердi Т. Кук пайдаланып қалуға тырысты. 1851 жылы Лондонда бiрiншi халықаралық өнеркәсiп көрмесi ашылғанда ол тек қана Йоркширден 165 мың адамды аттандыруды ұйымдастырды. Ал 1854 жылы Англияда саяхатшылар мен туристерге арналған 8 мың қонақ үй жайында мәлiметтер беретiн алғашқы анықтама баспадан жарық көрдiЕл iшiнде туристiк бизнестiң қарқынды дамуы Т. Кукке шет елдерге сапар ұйымдастыру мүмкiншiлiгiн қарастыруға ой салды. Сөйтiп ол 1855 жылы Францияға, Париждегi Дүниежүзiлiк көрмеге туристiк сапар ұйымдастырады. 1856 жылдан бастап Еуропаның басқа да елдерiне туристiк саяхаттар жасауды ұйымдастырады. XIX ғасырдың 50-70 жылдары Еуропаны аралаған шет елдiк туристердiң басым көпшiлiгiн ағылшындар құрайды. Осы уақытта Еуропа елдерiнде "Англегер", "Британик", "Лондон", "Виндзор" деп аталатын қонақ үйлер, ал тiлдерiне "экспресс", "лайнер", "комфорт", "бой" тәрiздi ағылшын сөздерi бiржолата енедi. XIX ғасырдың екiншi жартысында Еуропадағы темiр жолдың ұлғаюы туризмнiң дамуына зор әсер еттi.1888 жылы континентте болып қайтқан ағылшын туристерiнi саны 500 мыңға жетiптi. 1838 жылдан Лондон мен Нью-Йорк арасында пароход маршруты ашылды. "Грейт вестерн" атты дөңгелеквинттi пароход Америкадан Еуропаға ең алғашқы 68 жолаушыны жеткiздi. Жолаушылар саны үнемi өсiп отырды, егер 1840 жылы шамамен 8 мыңды құраса, 1860 жылы бұл көрсеткiш 26 мыңға дейiн көтерiлдi. 60-шы жылдардың орта шенiнен Англия мен АҚШ арасында туризм дами бастайды. Бұл жерде де Т.Куктiң еңбегi сiңедi: 1865 жылы Америкадан Англияға және керi бағыттағы туристiк саяхаттардың ұйытқысы болады. 1866 жылы ағылшындық туристердiң алғашқы тобы Америка жағалауына аяқ басады. 1867 жылдан туристiк теңiз саяхаты басталады. 1882 жылы Кук алғашқы жахандық саяхатын жасайды. Туристiк фирмалар қонақ үйлер мен ресторандардың иелерiмен, темiр жол, пароход компанияларымен ғана келiсiм шартқа отырып қойғанды мiсе тұтпай қоғам тарапынан түсетiн сұранысты зерттей бастады, болашақ сапарлардың маршруттарын қағазға түсiрiп, бағдарламаға туристерге ұсынылатын сан алуан шараларды енгiзудi жөн көрдi. Ресейдегi алғашқы туристiк компанияны 1885 жылы Санкт-Петербург қаласында Л.Липсон ашты. Ресейдегi туризм индустриясының дамуына айрықша тоқталған жөн. XIX ғасырдың екiншi жартысында мұнда экскурсиялық сапарларға көп мән берiледi. Осы кездерi Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Тифлис, Екатеринбург және империяның басқа да қалаларында филиалдары бар жаратылыстану әуесқойлары қоғамының, Одессада орын тепкен Қырым тау клубының, Пятигорскiде жұмыс iстейтiн Кавказ тау қоғамының аттары ел ауызын шуылдатады.
Туризм дегеніміз - ұлттық экономиканың ерекше секторы болып табылатын және әлемдегі табыс көзінің бірден - бір қайнар көзі болып келетін адамдардың рекреациялық процестерін жүзеге асыру санасы болып табылады.Ал, туризмологияның дамуы туризм туралы жүйелі түсініктердің пайда болуын және оның қалыптасу түрінің жолы болып табылады.
Туризм - экономикалық категория ретінде өзінің негізгі 5 тұжырымдамасына сәйкес келеді:
1)туризм адамдардың әр-түрлі туристік бағыттар бойынша қозғалысының нәтижесі.
2)туризмнің әрбір түрлері 2 негізгі элементтерден тұрады:
а) жоспарланған бағытқа саяхат жасау;
б) саяхат орнында аялдау;
3)саяхат жасау кез-келген ел ішінде немесе елден тыс шығу арқылы туристік жорықтар жасау және де турист ретінде сол жерлерде тұру;
4) туристердің әр-түрлі туристік орындарға барулары уақытша болып табылады, яғни туристтер өзінің тұрғылықты жеріне бір күн, бір ай немесе бірнеше айлардан кейін міндетті түрде қайтып оралуын білдіреді.
5)саяхаттарға тұрақты тұру және пайда алу мақсаты және талабы кірмейді.
Сонымен, туризм диверсификацияланған сала аралық әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылым кешені.
Туризм индустриясы дегеніміз - бұл қонақ үйлердің және де басқа орналастыру құралдарының, көліктердің, қоғамдық тамақтандыру кәсіборындарының, көңіл көтеру құралдарының танымдық, іскерлік сауықтыру спорттық және басқада ұйымдардың
жиынтығы, осы аталған салардың барлығының бір-бірімен байланыстылығы және де тур операторлық, тур агенттік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесе жұмыс жасауын айтамыз.
Туризм жыл сайын өріс алып келе жатқан экономиканың ең ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Қазіргі таңда әлемдегі әрбір 7 - ші жұмысшы туристік салада жұмыс жасайды. Ол жедел даму үстіндегі ең жас экономикалық сала. Болашақта біздің еліміз әлемдік стандартқа сай туристік қызмет көрсете алатын елдер қатарына қосылады деп сенемін. Ол үшін бізде көптеген мүмкіндіктер ( қолайлы географиялық жағдайы, тарихи - мәдени обьектілер, рекреациялық аудандар, ең маңызды факторлары - саяси тұрақтылық пен бейбітшілік және т.б.) бар. Ең бастысы сол құндылықтарды ел жастары тек біздің елде бар ерекше турөніммен жұмыс жасай білуі, табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдалана білуі тиіс.

1.2 Туристік бизнестің дамуы

Туризм бұл біздің күнделікті өмірде кездесіп жүргне жай ғана сөз сияқты . бір жағынан солай шығар , себебі еліміздегі қалталы адамдар үшін өмірде жиі кездесетін құбылыс, бірақта бұл құбылыс емес.
Саяхат туризмнің басты тақырыбы. Уақыт мерзімі, арақашықтық, тұрғылықты орны, келудің ұзақтылығы мұның бәрі туризмнің айрықша ерекшелігі. Бүтіндей алғанда туризм көп мақсатты киномен болып табылады. Мысалы әртүрлі оқиғалар, алыс сачхаттағы романтикалар, белгілі бір құпиялар, экзотикалық жерлерді көре және осылармен қоса жүретін денсаулық, жеке қауіпсіздік, мүлікті қорғау, кәсіпкерлік жұмыстарды және т.б сұрақтарды қамтиды.
Туризм - бизнестің ең табысты да қарқынды дамып келе жатқан түрі. Бұл индустрия түріне әлемдік тауарлар мен қызметтер экспорттың 8% сәйкес келеді. Туристік ресурстарымыз мол болғаны мен сол өнімдерді шет елдерге насихаттамаған және жарнаманың дұрыс деңгейінде болғандығы оны экспорттауға кедергі жасайды. Бұл бағытта бірлік тарапынан көптеген шаралар асырылуда. Атап айтқанда әртүрлі халықаралық жәрмеңкеге қатысу өз еліміз шеңберінде көрмелер мен жәрменкелер ұйымдастыру сонымен қатар экологиялық туризмді насихаттайтын туристік фестивальдармен ауыстырады. Жоғарыда аталған проблемалармен қатар саланың өнімдерін шығаруға ықпалын тигізетін келесідей проблемалар бар.
Индустриядағы менеджмент әлсіздігі материалдық, технологиялық базаның жеткіліксізщдігі инфрақұрылымның ескілігі. Мамандар біліктілігінің төмендегі және тағы сол сияқты кішігірім проблемалар.
Қазіргі туризм бұл әлемдік логиканық құлдыорауды мамандардың есебі бойынша бір шетелдік туристік табысын табу үшін барабар 9 тонна тас көмір, 15 тонна мұнай, 2 тонна жоғары сорт бидайды шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шет елдік экономистің есебі бойынша 100 мың турист белгілі бір қалада 2 сағат болғанда, кемінде адам басына 1 сағатта 17,5 миллион доллар жұмсайды. Сөйтіп шикізат көзі тығырыққа тіреу болса, ал туризмді дамыту ұзақ мерзімді жаңартуға тиімді.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасының 3 оң нәтижесін береді:
1. Шетел валютасын құйылғанын қамтамасыз етеді.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі БҰДТҰ мен дүние жүзілік саяхат өндірісінде басқа салаларды 5 - 9 дейін жұмыс орнынан келеді. Туризм тура және жанама түрде 32 саласының дамуына ықпал жасады.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдем етеді.
Туристiк бизнес кәсiпкерлерi үшiн гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткiзу қамтамасыз етiлген. Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерiн шетелде көрсету үшiн инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткiзушiлердегi басқа да жарнамалық-ақпараттық өнiм шығарылды.
Қазақстанның оң туристiк имиджiн қалыптастыруға және туристiк индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемiн тигiзедi, оның шеңберiнде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделi мүшелерi қатарынан туризм жөнiндегi шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2006 жылдан бастап ШИК веб-сайтында "Қазақстандағы туризм" Интернет-парағын ашу туралы шешiм қабылданды.
Бүгiнде республика iс жүзiнде туризмнiң қолданыстағы барлық түрiн ұсынып отыр. Туристiк кластердi дамыту шеңберiнде республикада туризмдi дамытудың iскерлiк, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлерi сияқты басым бағыттары айқындалды.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылына бір келетін демалыстарында Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге аттанып, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, жан рахатын бастарынан өткереді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде, оның ішінде Алматы облысында мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынғаны. Дамудың басым бағыттарының бірі - бәсекелестікке қабілетті туристік индус­трияны қалыптастыру мақсатында елімізде 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленсе, облыс көлемінде осыған орай атқарылатын іс-шара жоспары жасалған. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында биылғы жылы жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге қаржы бөлінсе, 2007-2009 жылдарға облыстық бюджеттен жалпы 59 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

1.3 Туризмнің халық шаруашылық саласындағы орны

Туризм ең алдымен гографиялы ғылымымен байланысты, өйткені география ғылымымен байланысты , өйткені география жеке ерекшеліктерді, оның ішінде туристік ресурстар мен объектілердің белгілі бір аумақта таралу ерекшеліктерін зерттейді. Одан басқа география ғылымы жалпы географиялық заңдылықтарды(зоналық, температураның жер беті бойынша таралуы, күн радиациясының жер беті бойынша таралу мөлшері т.б.) зерттеумен айналысады. Ал мұның туризм үшін, әсіресе рекреациялық немесе курорттық туризм үшін маңызы зор. Екінші, туризм тарих ғылымымен байланысты, өйткені туристер, туристік топтар саяхаттар, экскурсияларкезігнде тарихи ескерткіштермен, нысандармен танысады, халықтық тарихи кезеңдермен таныс болады. Экскурсиялар, саяхаттаркезінде өнер туындыларымен, құрлыс өнерімен туристерді таныстыруға тура келеді. Сондықтан туризм ішінара, белгілі бір дәрежеде өнертанумен байланысты. Келесі кезекте туризм өлкетанумен байланысты. Бұған себеп туризм мен өлке танудың кейбір мақсаттары( мысалы танымдық мақсат) ортақ. Екеуіне де бірдей жұмыс істеу формалары бар (экскурсия, туристік жорық, саяхаттар) және туризм мен өлке тануға бағытталған жұмыстар көбінесе бірігіп атқарылады(туристік - өлкетану жұмыстары).
Туризм сонымен қатар белгілі бір дәрежеде этнографияменқатысты , өйткені туристер өздері болатын елдерде, жерлерде сол жерлерді түпкілікті, тұрақты тұрғындардың, халықтардың ұлттық, этнографиялық(тілі, діні, салт - санасы, тарихы, мәдениеті, музыкасы, әдебиеті т.б.) ерекшеліктерімен танысады. Этнографиялық мұражайларды аралап, адамдардың өмір салтымен танысады.
Туризм қоғамдық құбылыс және сала ретінде экономикамен, экономика ғылымымен байланысты . Себебі туризмнің өзі шаруашылықтың, экономиканың бір саласы болып есептеледі. Туризм мен ақша , өндіріс, сауда қатынастары байланысты. Туризм арқылы мемлекеттік бюджетке пайда түседі, бағаның қалыптасуы жүреді. Туристік сфера бойынша жарнамалық қызмет жүзеге асады және туристік фирмалар, туристік операторлар, туристік агенттер жұмыс атқаратын өзіндік кәсіпорындар болады.
Спорттық туризм өз кезегінде физиология ғылымымен байланысты. Туризмнің активті түрлеріне, туристік жорықтарға, әсіресе категориялы немесе спорттық жорықтарға дайындық кезінде және жорықтардағы энергия шығыны мен тамақтануды ескеру, есептеу кезінде энергия шығыны мен тамақтанудың физиологиялық негізін түсіну, білу ескеру қажетті жүние. Туристік жорықтар кезінде жай күндерге қарағанда тамақ, азық - түлік көбірек мөлшерде қабылданады және энергия шығыныда артық болады. Осы жағдайда және жорықтарға дайындық кезінде организмнің жеке жасқа, жынысқа, дене саулығына т.б. байланысты ерекшелігі мен оргнанизмде жүретін физиологиялық процесстер : ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, зат алмкасу, зәр шығару, шаршау табиғатын есепке алу қажет.
Жоғарыда айтылған мәселелерден көрініп отырғандай туризмнің кез - келген қоғамдық өмірде алатын орны жоғары. Туризмді жанжақты қарауға болады. Туризм - шаруашылықтың бір саласы. Туризм - спорт ретінде де көрінеді. Туризм - жергілікті халықты жұмыс орнымен, кәсіппен қамтамасыщз ету құралы. Туризм - халықтар, мемлекеттер арасындағы мәдени т.б. қатынастар құралы. Туризмді бұл жерде өлкетанумен шатастыруға болмайды. Өлкетанудың мақсаты, атқарылатын қызметі бөлек. Біз жоғарыда туризмнің өлкетанумен ұқсас, ортақ жақтарын айттық. Алайда екеуінің арасында үлкен айырмашылық бар. Ең бірінші айырмашылықтар: туризмнің белгілі бір қоғамда алатын орны жоғары, туризмнің атқаратын қызметі мен алдына қояр мақсаты көп. Бірақта туризммен өлкетану бірбірінсіз ұтымды жұмыс жүргізі алмайды. Сондықтан да туристік - өлкетану, соңғы жылдары экологиялық іс - әрекеттер термині кеңінен қолданып жүр.
Елде әр түрлi туристiк қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдiк азаматтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға кең мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк кешеннiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасалуда, ұлттық туристiк өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету үшiн стандарттар әзiрленiп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнiң материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшiн жағдайлар айқындалды.
Қазақстан экономикасының орнықты дамуы, елдiң индустриялық-инновациялық дамуы жөнiндегi iс-шаралар кешенiн iске асыру шетелдiк капиталды белсендi түрде тартуға ықпал етедi. Сондықтан да туристiк бизнесті дамытуға шетелдiк және iшкi инвестицияларды тарту, орталық және өңiрлiк билiк деңгейлерiнiң iс-қимылын нақты үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында жоғары деңгейлi туристiк менеджмент қалыптастыру, жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету, саланың ақпараттық кеңiстiгiн құру, қазақстандық турөнiмнiң сыртқы және iшкi нарыққа жылжуының тиiмдi жүйесiн әзiрлеу, инвестициялау және салық салу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл әзiрлену үстiндегi өңiрлiк шебер-жоспарлар шеңберiнде iске асыру жоспарланып отырған туризмнiң кластерлiк дамуының негiзгi бағыттары.

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК БИЗНЕСІНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Қазақстандағы туристік сала

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылына бір келетін демалыстарында Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге аттанып, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, жан рахатын бастарынан өткереді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде, оның ішінде Алматы облысында мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынғаны.
Облыс экономикасына тигізер мүмкіндігі мол саланы дамыту мақсатында өткен жылы атқарылған игі істер қатарына - ақпараттық-жарнамалық өнім шығару, халықаралық, республикалық туристік шараларға қатысу арқылы облыстың туристік имиджін қалыптастыру бағытындағы ұйымдастыру жұмыстарын жатқызуға болады. Мәселен, 2001 жылдан бастап Қазақстан қатысқан халықаралық туристік шаралардың бәрінде, яғни Берлин (Германия), Утрехт (Нидерланд), Мадрид (Испания), Мәскеу (Ресей), Лондон (Ұлыбритания), Шанхай (Қытай) және Сеул (Корея) қалаларында облыстың туристік әлеуеті көрсетілсе, биылғы жылы Берлин, Шанхай қалаларында өткен биржаларда Қазақстанның стенді арнайы номинациялар бойынша бірінші жүлдеге ие болған. Онда Алматы облысының сапалы туристік өнімдерінің орын алуы да үлкен іске өзіндік септігін тигізгенін айтқан жөн.
Туған өлкенің таңғажайып тамашасын алыс-жақынға жеткізу, жарнамалау бағытында Алматы және Астана қалаларында өтетін халықаралық, респуб­ликалық туристік көрмелер саланың дамуына берік негіз қалауда.
Отандық және әлемдік туристік қызмет көрсету рыноктарында облыстың туристік мүмкіндіктерімен таныстыратын жолсілтеме, облыстың туристік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы буклеттер, плакаттар, өзгеше табиғат нысандары мен көруге тұратын орындардың көріністері бар ашық хаттар және тағы басқа жарнамалық-ақпараттық өнімдер жарнамалануда. Осының бары­сында облыс бойынша арнайы туристік карта жарық көріп, болашағынан көп үміт күтетін жайлар жасалуда.
Жетісуды өзен-көлдер өрнектеп, аспан таулар асқақтатса, орман-тоғайы көздің жауын алады. Осы орайда шағын және орта бизнес өкілдеріне әдістемелік жәрдем көрсету арқылы туристік инфрақұрылымды дамыту, оның мониторингін және талдауын жүргізу мақсатында Орталық Азия университеті, облыстық спорттық туризм федерациясы, "Тұран" университетімен бірлесіп, туризм саласындағы мамандарды дайындау мен кәсіби біліктілігін арттыру жөнінде бірқатар жұмыс атқарылса, кәсіпкерлерді әдістемелік-құралдармен қамтамасыз ету мақсатында нормативтік-құқықтық актілердің жинағы жарық көріп, оң бастамаға жан-жақты қолдау жасалған.
Аймақтағы туризмнің жай-күйін көрсететін материалдар 2003 жылдан бастап жинақталған. Жұмыс қорытындысы бойынша облыс аудандары мен қалала­рындағы туризмді дамытудың басым бағыттары анықталып, туристік марш­руттардың реестрі дайындалған. Оның ішінде танымдық, экологиялық, орнитологиялық, саяжай-сауықтыру, этнографиялық туризм түрлерін қамти­тын жүзге тарта маршруттар енгізілген.
Туризм саласының балалар мен жасөспірімдерді саламатты өмір салтын қалыптастыруға баулудағы маңызы да ерекше. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдер арасында туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында экскурсиялардың, сонымен қатар, балалар мен жастардың арасында туризмнің белсенді түрлерін дамытуға арналған облыстық ашық чемпионаттың өткізілуі осының дәлелі.
Ішкі туризмді дамыту мақсатында сайыстар, слеттер, экспедиция жорықтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар - Дүниежүзілік Туризм күніне арналған облыстық туристер слеті, авторлық (бардтық) ән фестивальдері, "Джунгария" туриадасы, "Бұрқан-Бұлақ" туристік фестивалі, туристік көпсайыс, жаяу, тау туризмі бойынша сайыстар, ақпараттық және тұсаукесер турларының да әр адамның өмірінде қалдырар әсері мол екенін атап айтқан ләзім.
Шетелде тұратын қазақ диаспорасы үшін "Ата жұртқа саяхат" атты туристік бағыт әзірленсе, Ш.Уәлиханов экспедициясының бағыты бойынша ұйымдастырылатын туристік саяхаттардың берері мол. Ал облыста Орталық Азияда теңдесі жоқ экологиялық туризм жөніндегі халықаралық жоба - Іле-Балқаш регатасы жыл сайын жалау көтеріп, оның тәрбиелік, тағылымдық мән-маңызы тереңдей түсуде.
Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы №34-258 шешімімен туристік кластерді құру мен дамыту бағдарламасы бекітіліп, іс-шаралар жоспарын орындау толығымен қолға алынған.
Орталық Азия университетімен бірігіп, 2006 жылы аудандық және қалалық әкімдік мамандары "Экологиялық туризм - Алматы облысының туристік кластері буындарының бірі" деген тақырыпта өткізілген семинарды да осы бағыттағы игі істердің қатарына жатқызуға болады.
Мемлекеттік ұлттық парктер мен қорықтарды кластерлік дамыту мәселесі бойынша "Алтынемел" ұлттық табиғи паркінде кеңес өткізілсе, қазіргі кезде оның пилоттық жобасы әзірлену үстінде екен.
Қапшағай су қоймасы, Балқаш және Алакөл көлдерінің жағалауында демалыс орындарын ашудың негізгі жоспарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, іске асыру мақсатында ұйымдастыру жұмыстары басталған.
Аймақтағы туризмнің дамуын тежейтін негізгі мәселе - тартымды туристік объектілерге және әдемі ландшафтарға апаратын автокөлік жолдарының нашарлығы. Дегенмен, туристік нысандарға апаратын жергілікті маңызы бар жолдар біраз жөндеуден өткен.
Жетісудың қай аймағын алып қарасаңыз да тұнып тұрған әсем табиғатымен, мәдени-тарихи орындарымен құнды. Іле және Жоңғар Алатауы, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және басқа көптеген сулы, таулы, сондай-ақ тегістік жерлердің артериялары, минералдық су және балшық көздері, табиғат ескерткіштері, атап айтқанда қайталанбайтын флорасы мен фаунасы, соның ішінде эндемикалық және реликталық, қорған кешендері, петроглифтер (тастағы суреттер), мұражайлар (тақырыптық және атақты адамдардың), мавзолейлер, мазарлар және бұрынғы кездегі сәулет (архитектура) ғимараттары туристердің қызыға қарап, таңданыс білдіретін жәдігерлері. Осы ресурстар облыстың туристік инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөлігі екенін көрсетеді.
Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи ашық аспан астындағы "Тамғалы" қорық мұражайы, бір спорт-көңіл көтеру кешені, үш мавзолей, екі аквапарк та туристік әлеуеттің бағалы нысаны. Экологиялық туризмнің негізін "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі", "Алтынемел", "Шарын", "Алакөл және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары" сияқты экологиялық жүйелерді сақтаудың аса маңызды дәрежесіне ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрайды. Сонымен бірге облыстағы туристік саяхаттардың мақсаттарына қарай туристерге курорттық-емдеу, соның ішінде климаттық ем, бальнео­логиялық ем, балшықпен емдеу, экологиялық туризм, соның ішінде оның маман­дандырылған флора мен фауна өкілдерін бақылауға негізделген түрлері, спорт-сауықтыру туризмінің (жаяу жүру, тауға шығу, шаңғы тебу, жағажайда суға шомылу, судағы спорт, мотоциклмен жарысу, желкенесу, альпинизм түрлері, мәдени-танымдық), соның ішінде табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлермен танысу, діни, этникалық мамандандырылған туризм, сонымен қатар аңшылық-кәсіпқойлық, белгілі жағдайларға байланысты экскурсиялар уақытын мәнді өткізем деген демалушының талап-талғамына жол ашады.
Сонымен бірге жаз-күз, қыс айларында "Алтынемел", "Іле-Алатау", "Шарын", "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи парктеріне экскурсиялық турлар, Тамғалы тасқа, Аңырақай шатқалына, Іле өзеніндегі Тамғалыға, Жаркент мешітіне және басқа жерлерге экскурсия, Іле және Жоңғар Алатауының таулы өзендері бойынша рафтинг, тауға жаяу шығу турлары; облыс аумағында орналасқан курорттарда ("Алатау", "Қапал-Арасан", "Аққайың", "Жаркент-Арасан", "Керімағаш") тынығу және емделу, Алакөл көліне ұйымдастырылған сауықтыру турлары, Қапшағай су қоймасында тынығу туристердің көңілінен шығып, денсаулығын түзеп, күш беретініне, рухани жан рахатына бөлейтініне еш күмән жоқ.
2.2 Қазақстандағы туристік бизнестегі экономикалық көрсеткіштерге талдау

Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Курстық жұмыста бүгінгі таңдағы мемлекеттік және жеке меншік секторлардың өзара әрекеттерінің кластерлік моделі өзін өзі ақтағаны баяндалған. Мұның нақты факторы ретінде Туризм кластерінің пилоттық жобасын іске асыру болып табылады.
Дамудың басым бағыттарының бірі - бәсекелестікке қабілетті туристік индус­трияны қалыптастыру мақсатында елімізде 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленсе, облыс көлемінде осыған орай атқарылатын іс-шара жоспары жасалған. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында биылғы жылы жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге қаржы бөлінсе, 2007-2009 жылдарға облыстық бюджеттен жалпы 59 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Аймақтағы туризмнің жай-күйін көрсететін материалдар 2003 жылдан бастап жинақталған. Жұмыс қорытындысы бойынша облыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ТАЛДАУ
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Іскерлік туризм жайлы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Бизнес - жоспар құру
Aidana tour турфирмасы қызметтері
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
Пәндер