Кәсіпорынның қаржылық жағдай



Кіріспе

І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны жоспарлаудың мақсаты.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлаудың ақпараттық негізі.
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау және талдау әдістері.

ІІ. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау және қаржылық жағдайының жоспарлануын ұйымдастыру құралдары.
2.1 «Қазақфильм» АҚ.ның жалпы сипаттамасы.
2.2 «Қазақфильм» АҚ.ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау.
2.3 «Қазақфильм» АҚ.ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау.

ІІІ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің жолдары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс.шаралар.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдау. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алу.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін мемлекеттегі атқарылған жұмыстар көз жеткізе далелдейді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің жалпы экономикадағы негізгі буыны кәсіпорын болып табылады.
1 Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. - Алматы:Экономика. 2001 ж.-5,61 б.
2 Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.-48 б.
3 Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 4, 32-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 12 наурыз N 63-64.-11-13,20 б
4 www.kazakhfilm.kz - 28 б.
5 Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ның жарғысы,2006ж.-29 б.
6 Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.- 48 б.
7 Н.Ә.Назарбаев «Бұл киножоба бабалар туралы»// Егеменді Қазақстан,2000 жыл 18 қазан. - 31 б.
8 Хажиев Т.Ы.,«Фильм өндірісін жоспарлау»/ Оқу құралы. -Алматы: «Волкова» ДҚ баспасы, 2010ж. - 31 б.
9 www.zakon.kz – 11 б.
10 Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 1996.-52 б.
11 Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 06.-3.1998 г., http://www.minfin.kz -17,20б.
12 Хажиев Т.Ы. Қазақстандағы киножүйенің экономикалық жағдайы// КАЗЭУ хабаршысы,№3, 2007 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны жоспарлаудың мақсаты.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлаудың ақпараттық негізі.
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау және талдау әдістері.

ІІ. Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау және қаржылық жағдайының жоспарлануын ұйымдастыру құралдары.
2.1 Қазақфильм АҚ-ның жалпы сипаттамасы.
2.2 Қазақфильм АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау.
2.3 Қазақфильм АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау.

ІІІ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің жолдары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдау. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алу.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін мемлекеттегі атқарылған жұмыстар көз жеткізе далелдейді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің жалпы экономикадағы негізгі буыны кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорын қаржыларының меншік иелерін ең алдымен меншікті капитал үлесінің өсуі немесе кемуі, кәсіпорын әкімшілігі мен ресурстардың тиімді пайдаланылуы қызықтырады. Кредиторлар мен инвесторлар несиенің ұзартылуының дұрыстығына, несиелендіру шарттарына, ақшалардың қайтарылу кепілдігіне, өз капиталдарын салудың табыстылығына көңіл бөледі. Жеткізушілер мен клиенттер кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне, өтімді активтердің бар болуына мүдделі.
Қаржылық жағдай-бұл кәсіпорынның сыртқы ортадағы қызметіне маңызды мінездеме. Ол кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін болашағын аңықтайды. Сондықтанда ұсынылатын көрсеткіштер жүйесінің мақсаты, кәсіпорынның қаржылық жай-күйін көрсету болып табылады. Нарықтық қатынастар дамыған сайын оның қаржылық жағдайы туралы мәлімет алғысы келетін тұлғалар көбейе түседі.
Технология, қаржы, өткізілім мен өндірісті жаңарту аймағында тиімді және нәтижелі шешімдер қабылдау үшін басқарушы қызметкерлерге кәсіпорынның ағымдағы жағдайы туралы тұрақты және үздіксіз мониторинг керек. Қаржылық-экономикалық жағдайды талдау шаруашылық жағдайға қас қағымдағы жағдайын бейнелеп, бар ресурстарды пайдаланудың ең күрделі проблемаларын бөлуге, сөйтіп қалыптасқан нарықтың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне мақсаттар мен ресурстарды ұйымдастыруға сәйкес келтіру күшін азайтуға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Қоғамда қаржылық талдау, жоспарлау және болжау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастыруды жоспарлау және оны жетілдіру жолдары бойынша мәлімет көздерін әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
экономика,қаржы саласында алған білімімді қолдану;
өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың міндеттері - қаржылық жағдайдың мәнін және оны жоспарлаудың мақсатын зерттеу; кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау және оның ақпараттық негіздерін талдау; Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама жасау; Ш. Айманов атындағы Қазақфильм АҚ-ның мүліктік жағдайына және төлем қабілеттілігіне талдау жүргізу; Ш. Айманов атындағы Қазақфильм АҚ-ның қаржылық тұрақтылығына, табыстылығына және қызметтерінің іскерлік белсенділігіне талдау жасау; Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шараларын талдап, ұсыныстар әзірлеу.
Диплом жұмысының объектісі - Ш.Айманов атындағы Қазақфильм Акционерлік қоғамы көрсетілген. Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясының негізгі қызметі-көркем, деректі және анимациялық фильмдері өндіру, сонымен қатар шетел фильмдерін қазақ тілінде сөйлету саласындағы қызметі.
Диплом жұмысының пәні - Ш.Айманов атындағы Қазақфильм Акционерлік қоғамы киностудиясының қаржылық жағдайы, оның ішінде қаржылық жоспарлау, ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары.
Дипломдық жұмыс үш тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, жұмыс көлемі 84 бет, 10кестеден, 4 қосымшадан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері зерттеліп, қаржылық жоспарлаудың мәні мен мақсаты анықталды.
Бұл тарауда қаржы саласындағы белгілі ғалымдардың жұмыстарындағы теориялық зерртеулері негізге алынған. Атап айтқанда, А.Д.Шеремет, В.С.Сайфуллин, В.Т.Артеменко, М.В.Беллендир, В.М. Радионова және М.А.Федотова
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау және қаржылық жағдайының жоспарлануын ұйымдастыру құралдары, яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табыстығына мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында кәсіпорыннның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар көрсетілген. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бұдан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірленген.

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлаудың теориялық негіздері

1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны жоспарлаудың мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын жоспарлауды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жоспарлау" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен си-патталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баян-дайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен си-патталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауға болады:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтай-ды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық-бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта кететін болсақ, біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Менің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді: 1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі -активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;
шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Ендігі қарастыратын мәселе қаржылық жоспарлау дегеніміз - белгілі бір мақсатты, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін нақты әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, құрылатын шаралар жиынтығы. Жоспарлау экономикалық сфераны ғана қамтиды.
Жоспарлау түрлері:
1) Директивті жоспарлау - жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерді міндетті түрде орындау. ССРО экономикасына тән болған.
2) Индикативті жоспарлау - дамыған елдерде 50-ші жылдардан бастап қолданылды, Қазақстанда 1993 жылы жасалды. Жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерді шаруашылық субъектілердің орындауын ынталандыру.
Индикативті жоспарлау - нарықтық экономиканың тиімділігін арттыратын негізгі құрал болып саналады. Индикативті жоспарлау өнеркәсіптердің дербестік жағдайындағы макрожоспарлау. Экономикалық мүдделі болжамдар негізінде құрылған индикативті жоспарлау жүйесі: қысқа, орта және ұзақ мерзімді, индикативті жоспарлар перспективті мақсаттарды шешуге мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Сонымен қатар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1)экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажетілігін білдіреді) сипаталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелермен пайдаланылады:
автоматтық өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі.инфляция кезінде деректер инфляцияның коеффиценттеріне көбейтіледі.бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей,уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып,өткен жылдардың санына бөледі);
нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажетіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айрбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сүраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизімі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелер және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырылады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдйында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлаудың ақпараттық негізі

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаттары болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістерді) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамассыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болап табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министірліктердің, ведомостволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғаластан тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министірлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс.Жиынтық қаржы баланысында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субъвенциялар); сыртқы экономикалық оперыциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.
Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтың қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштерінің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік-эконмикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамассыз етудың тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-кредит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдынала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойнша оларды министірліктер мен ведомстваларға нақтылы бекітусіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстын сомасын субъектілер, яғни мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстар да сондай. Бұл баланстың көмегімен мемлекеттік бюджет пен шарушылық жүзгізуші субъектілерін қаржы жоспарларың жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.
Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ақумын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігінен туындайды.
Мемлекеттік бюджет қаржы жоспорлары мен болжамдарының жүйесінде бастысы болып келеді, өткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен өз ара қатыныстарын айқындай отырып, оларды үйлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпымемлекеттік эконкмикалық және әлеуметтік бағдармаларды орындауда, демек, мемлекеттің функцияларын, онгың ішкі және сыртқы саясаттын асыруда маңыздырөл атқарады.
Бюджет баланс нысанына жасалады, онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына,бюжет қаражаттарының ұтымды бөлуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне басқа назар аударылады.
Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылады мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы баланысынан бірқатар елеулі айырмашылығы бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес, тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы баланысында мемлекеттің кірістері мен шығстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдердің нақты атауларымен оларды төлеушілер, арналымы және олрардыалушылар көрсетілген.
Шарушылық жүргізудің социолисттік жүйесі мен қаржы жүйесінің барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалады. Мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдерімен тиісінше стихиялық апаттарды ескерту мен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті (түгелдей КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне қамтылатын) әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық ақша ресурстарын, кәсіподақтардың ,республикалық және облстық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС - тің орталықтандырылған қаражаттарыен біріктіреді.
Кей жылдары бүкіл ұлттық шаруашылықтың,жеке республикалардың жиынтық қаржы жоспарлары да жасалады. Оларда бюджет ресурстарына, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарынан басқамемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттары есепке алынады.
Дамыған нарық экономикасы бар елдерде бюджеттен басқа жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамассыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Жұртқа мәлім,көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арнылымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар. әдеттегідей, жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Содықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес,оснымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейлері бойынша да: жалпы мемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.
Салалық (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материялдық өндіріс салалары министірлектерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарын баланысын, өндірістік емес салалар министірліктерінің (ведомстволарының) шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.
Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық қаржы баластары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.б. жоспарлары.
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомствоға қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарларының бөлігі болып келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді.Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.
Шаруашылық байланыстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.
Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландыруы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке - дара айналымын негіздеу қабілеттігінде болып келетіндігі, осыдан барып олардың айрықша арналымын - бұл объектінің кірістері мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерінің және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын қатынастарды анықтау.
Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізінен кірістердің, шығыстардың құрамы мен олалды есептеудің әдәстемесіне, сондай-ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестың барлық қатысушыларымен қаржылық өз ара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтың түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгерлік, кооперативтік кәсіп орындардың, жеке меншікті фирмалардың, қоғамдық ұйымдардыың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.
Бұл топтардың әр қайсысының кәсіп орындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өдіріс өзгешілігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысанымен мазмұны жағынан айырмашылықтары. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай-ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (білестіктер, концерндер, ірі, орта, шығын кәсіпорындар және т.с.с.) топтастырған орынды.
Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.
Бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалыныды. Ұжымшылар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі денгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық) есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарладың құрлымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондая-ақ бірлістіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі, шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатың шығындар анықталады. Баланстың "Кәсіпорындардың бюджеттен өз ара қарам қатынастары бөлігі" (алғашқы екі бөлімді - "кірістерді" және "шығыстарды" теңестіруші) бюлджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен қаржыландыруды көрсететің.
Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық жүргізуші субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен бөлінетін қаржы кірістердың құрамына, ал бюджетке төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.
Кәсіпорынның кірістері мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық - қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер - ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.
Есептеулер мен ақща қаражаттарының айналымдарын тіркеу (бекіту) арнаулы қаржы жоспарында - төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. "Түсімдер" бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс банктердің қысқа мерзімді кредиттерінің, мерзімі өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. "Шығыстар" бөлімінде тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбек ақыға, салықтарды төлеуге, банк несиелерінөтеуге, кредит үшін пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдарыдың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде (бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылыды. Төлем күнтізбелігі есеп айырысулар мезгілдерін нақтылау мен олардың дәйектілігі жайында кірістер мен шығыстар балансын толықтырады, бұл олардың уақыттылығын қамтаассыз етеді.
Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржы мен қамтамассыз етуде маңызды орын алатын бизнес - жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес - жоспар - бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізінде сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімінің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілеті, өтім рыногы бағалауды (рынок болжамы), маркетинг стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және заңдық жоспарларды, тәуекелдікті бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды - өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің баланысын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің баланысын және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру және қаржылық көрсеткіштер болып табылады.
ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №234 "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 2007 жылдың 12 наурызынан бастап мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлiк баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
5) түсiндiрме жазба.
Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiк көлемiн, оны жасау нысандары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Қаржылық есептiлiкке ұйымның басшысы және бас бухгалтерi, дара кәсiпкер қол қояды. Бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiби бухгалтер жүргiзетiн ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлiк ұйымның басшысы немесе кәсiби бухгалтер қол қояды.Қаржылық есептiлiктi жасауды ұйымдар Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетi Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.Еншiлес ұйымдары бар ұйымдар негiзгi ұйымның қызметi жөнiндегi қаржылық есептiлiктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға және ұсынуға мiндеттi. Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтiзбелiк жыл болып табылады.Жаңадан құрылған ұйым үшiн бiрiншi есептi жыл ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.

Қаржылық есептiлiктi табыс ететін ұйымдар:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға);
2) Қазақстан Республикасының статистика органдарында тiркелу орны бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика органдарына;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттерiне сәйкес қаржылық есептiлiктi ұсынады.
Қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiлiп ұсынылады.
Ұйымдар жылдық қаржылық есептi есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей ұсынады.
Жария мүдделi ұйымдар (қаржылық ұйымдардан басқа) жылдық қаржылық есептiлiктi уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге, нысандарға сәйкес мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi. Қаржылық ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiктi Қазақстан Республикасының заңдарын-да белгiленген тәртiппен жариялайды. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жария мүдделi ұйымдар үшiн депозитарий құрылуы мүмкiн, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi өткiзуге мiндеттi.
Сонымен қатар кәсіпкерлік ұйымдағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті мемлекеттік реттеу туралы айта кетейін. ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №234 "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік" заңның 21 бабына сәйкес кәсiптiк ұйым мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
1) кәсiби ұйымның құрамында бухгалтерлiк есеп немесе аудит саласында кемiнде екi жыл расталған жұмыс тәжiрибесi бар кемiнде үш жүз мүшесiнiң болуы;
2) халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген кәсiби бухгалтерлердiң әдеп кодексiнiң болуы;
3) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы; 4)аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк.
Кәсiби ұйымға аккредиттеу туралы куәлiк берiлген кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн оның құрамында кемiнде елу кәсiби бухгалтер болуға тиiс.
Кәсiби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.
Кәсiби ұйым:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;
2) консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мөлшерде кәсiби ұйымның мүшелерiн жiберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;
3) уәкiлеттi органға белгiлеген тәртiппен оған өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
4) халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi сауалдарды қарауға мiндеттi.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді. Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсатьі
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Кәсіпорынның қаржысына әсер ететін негізгі факторлар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау туралы
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Қаржылық талдаудың маңызы және мақсаттары
Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары
Пәндер