Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру туралы



КІРІСПЕ
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есептің ерекшелігі
1.2 «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамы қаржылық шаруашылық қызметінің жалпы сипаты
1.3 «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының ұйымдастырушылық құрылымы және есеп саясаты
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ («БТА БАНКІ» Акционерлік Қоғамы МЫСАЛЫ РЕТІНДЕ)
2.1 «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының депозиттері және депозиттік операцияларын ұйымдастыру
2.2 Депозит түрлері бойынша есебі
2.3 Депозиттер бойынша пайыздарды есептеу тәртібі
3. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының қаржылық қызметін талдау
3.2 «БТА Банкі» Акцонерлік Қоғамының депозиттік операцияларын талдау
3.3 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекемелер ерекше орын алады, себебі оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды өзіне тарту мүмкіншілігі шектеулі және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің ақша қаражаттарын салым түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекемелер ерекше орын алады, себебі оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды өзіне тарту мүмкіншілігі шектеулі және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің ақша қаражаттарын салым түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып: тұтынушымен жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (жинақ сертификаттары).
Дипломдық жұмыстың өзектілігі болып, коммерциялық банктің депозиттік операцияларының есебі мен талдауын ашып көрсету болып табылады.
Банктік саясаттың маңыздысы болып ресурс базасын қалыптастыру саналады. Банкпен пассивтік операцияларды жүргізу процесіндегі ресурстық базаны қалыптастыру оның активті операцияларға қатынасы бойынша тарихи маңызды және айқындаушы рольді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларды жүргізу барысында қалыптасады, несиелік ұйымның қызметтерінің тұрақтылығы осы операцияларды тиімді және дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай ресурстық потенциалды өсіру және оның тұрақтылығын пассивтарды тиімді басқару арқылы қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Салымдар банктер үшін ең негізгі өндіріс факторы болып табылады, себебі, олар банктердің несиелерін қаржыландыру мен бағалы қағаздарды сатып алуға қажетті қаражат көзін құраушы қаражат. Ал, банктер тарапынан жүргізілетін операциялар, яғни несие беру мен бағалы қағаздарды сатып алу банктің ұзақ мерзімді жұмысын қаржыландыруға қажетті пайда алуға көмектеседі.
Бұл жүйені өзара байланысты үзіліссіз механизм деп қарауға болады. Ашып айтқанда, банктер тарапынан берілетін несие кіші және орта бизнестің, жалпы өндірістің дамуына әсерін тигізеді, яғни өндірістің өсуі - ол экономиканың өсуі, нәтижесінде экономикасы тұрақталған елдің халқының жағдайы түзеліп, банктерге өз артық қаражаттарын салып, банктің ресурстарының көлемін арттыруға себепші болады.
Міне, салымдар есебін жүргізу мен оларды талдау банктің қаржылық жағдайына тигізетін әсерінің зор екенін ескере отырып, мен дипломдық жұмысымда осы мәселе төңірегінде қарастыруды жөн көрдім.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - БТА Банкі Акционерлік Қоғамының депозиттік операцияларының есебін ашып көрсету, депозиттің түрлері бойынша есебін көрсету, 2012 жылғы көрсеткіштерді ала отырып қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасау, әрине, депозиттік нарық басқа нарық сияқты қиындықсыз болмайды, осы қиындықтардан шығудың тиімді бағыттарын іздестіріп, мүмкіндігінше ашып қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті :
oo Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есептің ерекшелігін көрсету;
oo БТА Банкі Акционерлік Қоғамының ұйымдастырушылық құрылымы және есеп саясатын ашу;
oo БТА Банкі Акционерлік Қоғамының қаржылық шаруашылық қызметінің жалпы сипатын көрсету;
oo БТА Банкі Акционерлік Қоғамының депозиттері және депозиттік операциялардың есебін ұйымдастыру
oo БТА Банкі Акционерлік Қоғамының депозиттік операцияларын талдау
oo Депозиттік операцияларды жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну
Зерттеу объектісі БТА Банкі Акционерлік Қоғамының қызметтері табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектілері болып - депозиттік операциялар есебі мен оларды талдау және де келесі мәселелер табылады;
Банктік ресурстардың жіктелуі қарастырылған;
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының жіктемесі берілген және олардың ерекшеліктері қарастырылған;
Коммерциялық банктердің пайыздық саясатының теориялық негіздері зерттелінген, оның негізі және қалыптастыру принциптері, мақсаты мен бағыттары ашып қарастырылған;
Дипломдық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, онда дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есептің ерекшелігі

Бухгалтерлік есеп - бұл Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы Қазақстан Республикасының сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі. Бухгалтерлік есептің мақсаты - бухгалтерлің ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты көрсету. Банктердегі бухгалтерлік есеп басқа ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Фронт офистің мақсаты - банкілік өнімдер мен қызметтерді сата отырып барынша көп пайда табу. Бэк-офистің мақсаты - жасалған мәмілелерді есепке алу, бақылау жасау, басшыларға мәліметтер беру.
Фронт-офистің қызметтері:
- банктің клиенттерімен, серіктестерімен жабдықтаушыларымен мәміле жасау;
- жасалған мәміле мәліметтерін өзгерту және тіркеу;
- келісімшарттарды дайындау, ұзарту, бұзу;
- несиелер бойынша банктік қызмет үшін қаржыларды қамтамасыз ету;
- қаржыларды нарықта орналастыру.
Бэк-офистің қызметтері:
- тіркелген мәмілелердің мәліметтерін тексеру және толықтыру;
- мәмілелердің расталуын бақылау жасау;
- төлемдерді дайындау және нұсқауға сәйкес жүргізу;
- бухгалтерлік жазбаларды жүргізу;
- есептемелерді растау;
- пайыздарды есептеу;
- есептен шығару;
- есептілікті дайындау;
- оперативті талдау жүргізу.
Есептерге жауапты бөлім, Бас кітапты жүргізуші Бас бухгалтерия болып табылады. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына өту дегеніміз банк жұмысының технологиясын батыстық үлгіде ұйымдастыру.
Кітап ұғымында бухгалтерияның атқарымдық бөлімі алынған, мысалы, дебиторлар кітабы, кредиторлар кітабы, негізгі құралдар кітабы, әрбір кітап оның есеп объектісімен байланысты барлық операцияларды біріктіреді. Барлық ақпараттар ары қарай Бас кітапқа топтастырылады.
Көмекші бухгалтерлік кітаптар бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кітаптар қызметтің тиісті салаларына қатысты жан-жақты ақпараттарды сақтауға арналып, мәліметтерді біріктіре отырып, оны тұрақты түрде пайдалану мақсатына қызмет етеді.
Көмекші бухгалтерлік кітапта негізгі орынды құралдар жөніндегі жазбалар немесе клиенттер жөніндегі жазбалар алады. Көмекші бухгалтерлік кітапта сақталатын ақпараттардың сипаты кітаптың түріне байланысты және келесі ақпараттар талап етіледі:
- банкілік өнімнің типі жөніндегі ақпарат ( несие, депозит, бағалы қағаз, қымбат металдар, аккредитивтер);
- операцияның коды;
- операцияның атауы;
- бас бухгалтерлік кітаптың операциялар жүргізілетін шоттарының нөмірі;
- операциялар жүргізілетін шоттар нөмірі;
- клиент нөмірі.
Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар келесілер:
oo акционерлерді банктің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпараттармен қамтамасыз ету;
oo банк қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің объектілері - толық шаруашылық бірлік және оның құндылықтары, қорлары, құралдары және олардың құралу көздері болып табылады.
Бухгалтерлік есептің әдісі - осы пәннің оқытылуы және танылуындағы әдістер мен амалдар болып табылады. Олар экономикалық - математикалық, статистикалық, үлгілеу және т.б. әдістер болуы мүмкін.
Бухгалтерлік тәртіптің негізгі элементтеріне құжаттау, түгендеу, шоттар жүйесі, бухгалтерлік баланс, бағалау, калькуляция, есептілік жатады.
Құжаттау - операцияларды құжаттармен рәсімдеу үрдістері, ол бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы.
Бухгалтерлік құжат - шаруашылық операцияларды жүзеге асыруға немесе куәландыруғв байланысты жазбаша бұйрық.
Түгендеу - негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, ақша қаражатын, есеп айырысуларды тексеруді және оларды есеп мәліметтерімен салыстыруды білдіретін бухгалтерлің рәсімнің бір элементі.
Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпарттарды сақтаудың негізгі бірлігі.
Бағалау - бұл мүлік құнының және оның пайда болу көзінің ақшалай көрінісі.
Калькуляция - шығындарды топтастыруды қамтамасыз етеін және өзіндік құнды анықтайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.
Екіжақты жазу - бухгалтерлік есепшоттарында шаруашылық операцияларды тіркеу әдәсі.
Есеп беру - кәсіпорын қызметінің белгілі езеңдегі қорытындысын сипаттайтын, есептің қорытынды көрсеткіштерінің жүйесі.
Басқару есебі - басқарушылардың ішкі пайдалануы үшін өлшеніп, өңделіп берілетін есеп ақпараттарының барлық түрі.
Қаржылық есеп - банктің ішіндегі басшылықтан тыс, сырттағы қажет етушілер пайдаланатын есептік ақпартты қамтиды.
Басқару есебі мен қаржылық есеп арасындағы айырмашылықтарды қарастырайық. Басқару есебі тиімді ақпарат беруге тиісті қолданатын әдістер және амалдармен шектеледі. Қаржылық есеп беру банк операциясының нәтижесін толық және нақты ашу мен түсіндіруге арналған.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес банктер бухгалтерлік есепті Ұлттық банктің нұсқаулары мен талаптарына сәйкес, Қаржы министрлігі қабылдаған негізгі құжаттар мен нормативтік актілер талабына сәйкес жүргізеді.
Шоттардың барлығы инвентарлық деп аталады. Активті мүліктік құндылықтар актвиті инвентарлық шотта (активті шотта) есептеледі, ал пассивтік және капиталдық құндылықтар (меншікті капитал және қарыз қорлары) - пассивті инвентарлық шоттарда есептеледі. [3]
Барлық баланстық позициялар инвентарлық шотқа кіргізіледі:
- активті шоттарда бастапқы қалдық дебетке кіргізіледі (сол жағына);
- пассивті шоттарда бастапқы қалдық кредитке жатқызылады (оң жағына).
Шот жоспарының барлық шоттары 7 класқа бөлінеді:
1 класс - активтер;
2 класс - міндеттемелер;
3 класс - меншікті капитал;
4 класс - табыстар;
5 класс - шығындар;
6 класс - шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер;
7 класс - банк балансына меморандум шоттары.
Бухгалтерлік шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық шоттарға 1 -5 класс шоттары, ал 6-7 класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады. Баланстық шоттар өз кезегінде 2 бөлінеді: актив және пассив. Актив шоттарға 1 және 5 класс шоттары, пассив шоттарға 2,3,4 класс шоттары жатады.
Актвиті шотта дебет бойынша түсімдер (көбеюлер), кредит бойынша - шығындар (азаюлар) ескеріледі. Пассив шотта керісінше.
Банктегі бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық субъектілеріндегі сияқты аналитикалық және синтетикалық болып бөлінеді.
Аналитикалық есеп - есептің алғашқы түрі, синтетикалық есептің базасы болып табылады.
Банкте орындалатын барлық қызметтер бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол экономикаға салынған несие көлемін, жүргізілетін қолма-қол ақша айналымын, банкте сақталған ақша айналасындағы сандық өзгерістерді және ақшалай қаражат сомасын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын мен ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады.
Банктік шот бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас кезінде қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
oo клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;
oo мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;
oo жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі;
oo қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі.
Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы.
Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады. Есеп айырысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады: клиент аты, есеп айырысу шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспонденттік шот нөмірі, құжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі.
Қатысушыларға байланысты банктік есеп операциялары негізгі 2 топқа бөлінеді:
oo клиенттік есеп операциялары;
oo таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу операцияларында қолданылатын төлем құралдарына байланысты есеп айрысу операциялары келесідей жіктеледі:
oo төлем тапсырмалырымен есеп айырысу;
oo чектермен есеп айырысу;
oo вексельдермен есеп айырысу;
oo төлем карточкаларымен есеп айырысу;
oo қолма-қол есеп айырысу.
Төлем құжаты - ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берілген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:
oo құжаттың аты;
oo жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн санмен, ай - сөзбен, жыл - санмен көрсетіледі.
oo ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру- құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
oo төлем мақсаты;
oo санмен және сөзбен көрсетілген төлем сомасы;
oo салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.
Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, слнымен қатар оны орындаумен байланысты шығындар үшін ақша алу құқығы беріледі.
Корреспонденттік қатынас - бір немесе бірнеше несиелік мекемелер арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есеібінен төлемдерді және есеп айырыччуды, несие ұсыну, инвестициялық қызмет көрсету туралы келісім түріндегі қатынас.
Мемлекет банктерінің қазіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің филаиалдарында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі.
Корреспонденттік шот - жасалған корреспонденттік келісішшарт шот негізінде бір банкте екінші банктің тапсырысы және қаржысы есебінен жүргізілетін есеп айырысулар көрсетілетін шот.
Корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың екі нұсқасы бар:
oo орталықтандырылған - бұл кезде банктер арасындағы есеп айырысу міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған олардың корреспонденттік шоттары арқылы жүргізіледі;
oo орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды- коммерциялық банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады. [5]
Банкаралық ақша аударымдарының жүйесі (БААЖ) - қолданушылардың жоғары өрісті төлемдерін аударуды жүзеге асыратын банкаралық есеп айырысулар механизмі.
БААЖ - қолданушыларына қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығында пайдаланушыға қызмет көрсету туралы келісімшартқа отырған банктер немесе банктік емес мекемелер жатады.
Ұлттық банк БААЖ қызметін бақылап отырады.
Кассалық операциялар - бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар.
Екінше деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жүргізу тәртібі 2005 ж. № 394 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларын жүргізу ережеліріне сәйкес жүргізіледі. Онда келесілер қарастырылған:
oo кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
oo ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
oo ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау;
oo зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.
Банктерде клиенттерге кассалық қызмет көрсету, қолма-қол ақшаларды өңдеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі бөлімшілер құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкі касса.
Қолма-қол ақшаларды кірістеген кезде келесідей шоттар корреспонденциясы жаазылады:
1) Клиент - заңды тұлғадан кассаға ақшаны кірістеу:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары
2) Депозиторлардан ақша қаражаттарын кірістеу:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 2211-2223 Клиенттердің салымдары
3) Қолма-қол ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен комиссиялық табыс түскен кезде:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 4600 Комиссиялық кірістер
Кассадан қолма-қол ақшаны беру және жұмсау үшін келесі бухгалтерлік жазу жазылады:
1) Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
2) банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу кезінде:
Дт 2854 Банк қызметкерлерімен есеп айырысу
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
3) Несиене қолма-қол ақша түрінде касса арқылы бергенде:
Дт 1411, 1417 Клиенттерге қысқа және ұзақ мерзімге берілген қарыздар
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Қолма-қол ақша мен басқа құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін касса бөлмесі бөлек орналасып, бөгде адамдар ақша қоймаларының орналасуын бақылай аламайтындай болып жабдықталуы қажет.
Ақша қоймасы - ақша қаражаттары мен басқа құндылықтарды, құжаттарды сақтау мақсатында кассалық жұмыс үшін банктерде арнайы ұйымдастырылған бөлме. Кассалық қойма есігі ішкі жағынан жабылуы қажет. Әрбір кассирдің жұмыс орны кабиналармен бөлектенуі қажет. Кассирлердің столы құлыптталатын ұяшықтардан тұруы қажет. Кассирлерді кілтпен жабылатын сейфтермен, металл шкафтармен қамтамасыз ету қажет.
Ақша қоймасы ішіндегі ақша және басқа құндылықтар темір тордан тұратын және құлыппен жабылатын металл сөрелерде сақталуы тиіс.
Ақша қоймасында келесі заттар бөлек сақталуы керек:
oo операциялық кассаның қолма-қол ақшалары;
oo шетел валютасы;
oo алтын, платина және т.б. бағалы металлдар.
Касса меңгерушісі әрбір бөлек шкафтарды, сөрелерді кілтпен құлыптауға тиіс. Қоймадағы құндылықтар касса меңгерушісі құндылытарды есепке алу кітабында есептейді.
Құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін кассалық операциялар тексеріліп отырады. Банк кассасында сақталатын барлық банкноттар, монеталар және т.б. құндылықтар келесі жағдайларда тексеріліп отыруы тиіс:
oo тоқсанына бір реттен сирек емес, соның ішінде 31 қаңтарда жыл сайын;
oo материалдық және лауазымдық жауапты тұлғалар ауысқан уақытта;
oo банк басшылығының шешімімен.
Барлық құндылытарды тексеру - талан-таражға салу мен ақша және басқа құндылықтардың кем шығуын жасыру мүмкіндіктерінен айыру мақсатында жүргізіледі. Тексеріс кезінде барлық құныдылықтардың қолда болуы, олардың банктің есеп мәліметтеріне сәйкес келуі, сақтау тәртібі белгіленіп, сонымен қатар касса жұмысындағы жетіспеушіліктер анықталады.
Ақша және басқа құндылытардың кем немесе артық шығуын тексерушілер актіде көрсетуі қажет.
Артық шыққан сомаға:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 4920 Өзге де кірістер
Кем шыққан сомаға:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 1860 Банк қызметі бойынша өзге кредиторлар
Кез келген кәсәпкерлік қызметтің мақсаты - табыс табу. Ал бухгалтерлік есептің ең басты қызметі - осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету.
Пайда - шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі, бұл - толық табыстан толық шығыстарды шегерненге тең.
Таза табыс = табыс - шығыс
Табыс - есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе басқа қызметтің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған несиелік қарыздың азаюы нәтижесінде экономикалық пайданың көбеюі.
Шығыс - есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе қарыздардың пайда болуы.
Табыстар екіге бөлінеді: негізгі және негізгі емес қызмет түрлеріне байланысты.
Табыстар мен шығыстардың құрамын, оларды есепке алу және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі анықтайды және қаржылық есептіліктң халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес атқарылады.
Табысты қызмет көрсетілуі бойынша мойындау келесі әдістермен жүзеге асырылады:
1) нақты орындалу (бір операцияны орындау кезінде қызмет көрсеткені үшін алынған табыстар)
2) үйлесімді орындалу (көп сатылы табыстарды мойындау)
3) аяқталған орындалу (қызмет көрсетуден түсетін табысты олардың қорытынды актісі маңызды)
4) инкассолау (табыс ақшалай қаражат алынған кезде мойындалады, себебі белгісіздік өте жоғары).
Банк табыстарын есептеу теңгемен есептелдеі және келесідей жіктеледі:
1) Ұлттық және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы;
2) Ұлттық және басқа банктерде орналастырылған депозиттер бойынша сыйақылар;
3) Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
4) Клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйақылар
5) Сақтандыру операциялары бойынша сыйақылар
6) Акция және басқа бағалы қағаздар бойынша дивидендттер
7) Шоттарды және клиенттердің салымдарын жүргізу бойынша сыйақылар және т.б.
Банк шығындары екіге бөлінеді: операциялық, әр түрлі шығындар және басқару аппаратының шығындары.
Операциялық шығындарға: несие бойынша , мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар бойынша есептеленген және төленген пайыздар;
Басқару аппаратының шығындары: барлық қызметкерлердің екбекақысы және әлеуметтік шығындар жатады.
Банк шығыстары теңгемен есептелінеді және келесілерден тұрады:
1) алынған несиелер, депозиттре, бағалы қағаздад, лизингтік операциялар бойынша сыйақы төлеумен және комиссиялық төлемдермен байланысты шығыстар;
2) клиенттердің есеп айырысу, ағымдағы және басқа да шоттары бойынша шығыстар;
3) басқа тұлғалар көрсеткен әр түрлі қызмет көрсетулерден шығыстар
4) банк қызметін қамтамасыз ету шығыстары
5) жыл сайынғы және қосымша демалысты заңға сәйкес төлеу шығыстары
Банк шығындарының маңызды үлесін есеп айырысу, ағымдағы, корреспонденттік шоттар және ткәсіпорындар мен жеке тұлғалардың мерзімдік салымдары бойынша есептелген пайыздар құрайды.
Соңғы қаржылық нәтиже - пайда немесе шығын - есепті кезең аралығындағы банк алған табыстар мен шығыстарды салыстыру арқылы анықталады.
Бухгалтерлік баланс шоттары (актвитер, міндеттемелер, меншікті капитал) кезең аралығында жабылмайды, сондықтан оларды тұрақты шоттар деп атайды.
Табыстар мен шығыстар шоттарын жабу арнайы Салыққа дейінгі табыс деп аталатын 4999 шоты қолданылады. Кредит және дебеті бойынша қорытынды сомалардың арасындағы айырма кеіннен Бөлінбеген табыс (шығын) шотына аударылатын таза табыс немесе шығын сомасы болып табылады.
Табыс шоттары жабылған кезде келесідей корреспонденция жазылады:
1)Дт 4050 Банктің корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
Кт 4999 Салыққа дейінгі кірістер
1) Дт 4110 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
Кт 4999
2) Дт 4200 Бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
Кт 4999
3) Дт 4250 Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
Кт 4999
Шығын шоттарын жабу кезінде:
1) Дт 4999
Кт 5020 Корреспонденттік есепшоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
2) Дт 4999
Кт 5050 Басқа банктерден алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
4999 шоттың дебеті бойынша қалдық шығыстардың табыстардан асып кетуі нәтижесінде алынған шығынды көрсетеді, кері жағдайда 4999 шоттың кредиті бойынша табыс көрсетіледі. Шығын шеккен жағдайда:
Дт 3599 Бөлінбеген таза кіріс (өтелмеген шығындар)
Кт 4999 Салыққа дейінгі кіріс
Пайда алынған кезде:
Дт 4999
Кт 3599
Банкті ашу кезінде құрылтайшылар енгізген меншікті капитал банктің бастапқы қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезінде қосымша қаражат болып табылады. Сонымен бірге банктік капитал несиелік мекемелерді қаржылық тұрақсыздан және шектен тыс тәуекелдерден сақтайды, оны банкторттықтан қорғануын қамтамасыз етеді, ағымдағы шығындардың залалын жабады, банкке деген клиенттің сенімін арттырады. Тағы бір айтатын жай банктің айналымындағы қарыз капиталының үлес салмағы банктік емес саладағы кәсіпорынның айналымындағы қарыз капиталы айтарлықтай жоғары болуында. [2]
Меншікті капитал пассивті операцияларға жатқызылады және келесіні қамтиды:
1) акционерлік капитал - жай және артықшылығы бар акциялар
2) банктік резервтер - күтілмеген жағдайларға дивидендтер төлеуге, өтелмеген несиеолер шығындарын жабуға арналған резервтер;
3) қосымша төленген капитал - жай және артықшылығы бар акцияларды сату бағамы мен олардың номиналы арасындағы айырма есебінен құралады
4) қосымша төленбеген капитал - актвитерді қайта есептеу есебінен құралады
5) бөлінбеген пайда - банктің өз еркінде қалатын жиақталатын пайда сомасы
Меншікті капитал бірнеше қызмет атқарады: қорғау, оперативті, реттеуші, айналым және резервтік қызмет.
Қорғау немес кепілдік - банктің төлем қабілеттілігімен тікелей байланысты. Егер банк ресурстары тен қана меншікті капитал есебінен қалыптасқан болса, оны абсолютті өтімді деп санауға болады.
Оператитві қызмет - капиталдың бастапқы мөлшері қызметті жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде АК жерді, ғимаратты және т.б. күтілмеген шығындарды қаржыландыру көзі болып табылады.
Реттеуші қызмет - мемлекеттік органдар банк қызметін реттейді.
Айналым қызметі - АК ақша сала отырып, құрылтайшылар банктік айналымға активтерді авансылайды.
Резервтік капитал - шығындардың орнын толтыру үшін банк меншікті капитал резервін құруға мәжбүр.
АҚ жарғылық капиталы барлық акциялардың атаулы құны сомаларынан тұрады.
Акциялар шығырылған және айналатын болып бөлінеді.
Шығарылған - бұл басқа әдіспен сатылған немесе өткізілген акциялар.
Айналатын - бұл шығарылған және айналыста жүрген акциялар.
Тіркелген капиталдың мөлшері баланстық шоттарда есептеленеді. 3001 Жарияланған жарғылық капитал - жай акциялар бөлігі және 3025 Жарияланған жарғылық капитал - артықшылығы бар акциялар.
3002 - Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар, 3026 - Төленбеген жарғылық капитал - артықшылығы бар акциялар
Жарғылық капитал көлемінің өсуі :
Дт 3002, 3026
Кт 3001, 3025.
Резервтік капитал - бөлінбеген табыстан аударым есебінен қалыптасатын банктің меншікті қаражаттарының бір бөлігі.
ДТ 3599 Бөлінбеген табыс
Кт 3510 Банктің резервтік капиталы
Егер дивидендттер төлеуге қаражат жетіспеген кезде олар резервтік капитал қаражаттарынан төленеді:
Дт 3510
Кт - 1853 Акционерлермен есеп айырысу )дивидендттер бойынша).
Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.
Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:
1) негізгі құралды алу:
Дт 1656 Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар
Кт 2856 Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар
2) алынған негізгі құралдар үшін төлем:
Дт 2856
Кт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары
3)лизинг затын лизинг келісімшартына сәйкес лизинг алушыға уақытша ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:
Дт 1305 Басқа банктерге қаржы лизингі
1420 Клиенттерге берілген қаржы лизингі
Кт 1656 Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар
1) Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг бойынша сыйақыларды есептейді.
Дт 1730 Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген сыйақылар
1740 Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген сыйақылар
Кт 4305 Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4420 Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
6) Лизинг келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші келесі жазу жазады:
Дт 1050
Кт 1730, 1740
Қаржылық құралдардың алуан түрлерінің көбеюі мен санының өсуі кезінде жеке тұлғалар мен компаниялар бос ақша қаражаттарын басқару мәселелеріне душар болады. Осыған байланысты клиенттер қоржынын сенімді басқару кең орын алады. Көптеген елдерде сенімгерлік операцияларымен жеке тұлғалар, сақтандыру компаниялары және арнайы сенімгерлік копаниялары айналысты, дегенмен 19 ғасырдың аяғында сенімгерлік іс коммерциялық банктердің банктердің қолында шоғырлана бастады. Коммерциялық банктер сенімгерлік операциялардың арқасында келесілерге қол жеткізе алады:
oo банк тиімді орналыстыра алатын қосымша қаржылық ресурстарға қол жеткізу;
oo басқаратын бағалы қағаздардан пайда үлесін немесе траст келісімі бойынша коммисиялық ақына алады;
oo басқа біреудің капиталын реттей ортырып, банк тек траст келісімі шегінде ғана жауапкершікте болады;
oo сенімгерлік опреацияларының есебі банктің баланстық шоттарына әсерін тигізбейді, ал табыс оларды жүзеге асыру барысында банктің жиынтық табысына қосылады. [6]
Барлық банктік сенімгерлік операциялары 3 санатқа (категория) бөлінеді:
1) жеке тұлғаларға
2) коммерциялық кәсіпорындарға
3) коммерциялық емес ұйымдарға.
Жеке тұлғаларға банктердің сенімгерлік бөлімдері келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
oo мүлікке иелік ету;
oo сенімхат бойынша және қамқоршылықпен байланысты операциялар;
oo агенттік қызметтер.
Коммерциялық ұйымдарға сенімгерлік қызмет көрсетудіекі түрге бөлуге болады: агенттік және қамқоршылық.
Коммерциялық емес ұйымдарға зейнетақы, корпорациялық және үкімен қорлары жатады. Қазақстанда 1998 ж. 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы қорынан басқа мемлекеттік емес зейнетақы қорлары құрыла бастады, сондықтан банктердегі сенімгерлік қызметтердің даму клешегінің көбеюіне әкелді.
Сенімгерлік басқаруға берілген ақшаның есебін жүргізу үшін келесі шоттар ашылады:
1) 2203 клиенттердің ағымдағы шоттары Сенімгер заңды тұлғаның ағымдағы шоты және Сенімгер жеке тұлғаның ағымдағы шоты ашылады.
2) 4605 Сенімгерлік операциялар бойынша банк қызметінен түскен комиссиялық табыс
3) 7500 Сенімгерлік басқаруға алынған клиенттердің ақшасы
4) 7520 Сенімгерлік басқарудағы бағалы қағаздар
5) 7530 Сенімгерлік басқарудағы тазартылған қымбат металдар
6) 7540 Сенімгерлік басқарудағы басқадай актвитер
Банктің сенімгерлік басқаруына ақшаны аудару үшін клиент - жеке тұлғаның сенімгерлік шоты ашуы.
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Кт 2860 Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар баланстан тыс шотқа кіріс 7500 Сенімгерлік басқарудағы ақша
Банкке сенімгерлік басқаруға ақшаны аудару үшін клиент-заңды тұлғаның сенімгерлік шотын ашу:
Дт 1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есепшоты
2203 Клиенттің ағымдағы шоты
Кт 2860 Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар баланстан тыс шотқа кіріс 7500 Сенімгерлік басқарудағы ақша
Сыйақы есептеу:
Дт 5921 банктік қызметтен басқалай шығыстар
Кт 2860 Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар
Сенімгердің ақшаны басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есепшоты
2203 Клиенттің ағымдағы шоты
Кт 4605 Банктің сенімгерлік операцияларында көрсеткен қызметі бойынша комиссиялық табыстар.
Негізгі қарызды қайтару кезінде келісімшарт бойынша комиссия ұстап қалады:
Дт 2860 Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар
Кт 4605 Банктің сенімгерлік операцияларында көрсеткен қызметі бойынша комиссиялық табыстар.
Ақшаны орналасу кезінде:
Дт 2860 Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар
Кт 1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есепшоты
Баланстан тыс шоттар бойынша :
Кіріс 7500 Сенімгерлік басқарудағы актвитері
Шығыс 7500 Сенімгерлік басқарудағы активтері
Егер кәсіпорынның дебиторлық қарызы жинақталып, сол кезде қолма-қол ақшаға қажеттілік пайда болса, онда бұл кәсіпорын өзінің қаржылық қызметін жақсарту мақсатында коммерциялық банктерден немесе мамандандырылған факторингтік компаниялардан көмек сұрауларына болады.
Факторинг - коммерциялық несие шартына сәйкес факторингтік компанияның тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болатын төленбеген борыштық талаптарды қайта табыстау.
Факторингтік қызметтерді коммерциялық банктер немесе мамандандырылған факторингтік компаниялар ұсынады. Банктер бұл қызметті 90- жылдардан бастап атқара бастады.
Факторингтің артықшылығы:
1) клиенттің төлем қабілеттілігмен байланысты тәуекелді төмендететін төлем мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар кәсіпорынның айналымын жылдамдатады;
2) факторинг өздерінің клиенттерінің төлем қабілеттілігн тексеру және талаптарға қатысты бухгалтерлік есепті жүргізу жұмысын азайтуға мүмкіндік береді және барлық мәселелерді шешуді компания немесе банк өз мойнына алады;
3) ірі банктер иеленген фактор-фирмалар шоттарды уақытында төлеткізеді.
Ережеге сәйкес факторингтік операцияға 3 жақ қатысады. Факторингтік компания немесе банктің факторингтік бөлімі; клиент (тауар жабдықтаушысы, кредитор), кәсіпорын (қарыздар) - тауарды сатып алушы фирма. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде факторингтік компаниялар ірі банктердің жанындағы еншілес фирмалар ұсынады .
ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес ақшалай талапты беріп қаожыландыру шарты бойынша қызмет атқарады.
Банктік тәжірибеде факторинг - дебиторлық борышты табыстау орнына банктің клиентке көрсеткен қаржылық қызметі. Оның мәне келесіде: банк клиенттен қарызды қайтару құқын алып және оған борышкерлердің талабын бөліп төлейді, яғни борышкерлерге олардың төлем мерзімі басталғанға дейін қарыздың 70-90 пайызын қайтарады. Сыйақыны шегергенннен кейінгі соманың қалған бөлігі қарызды толық өтегеннен кейін барып қайтарылады. Нәтижесінде банк клиентіне қарызды тезірек қайтарып алуға мүмкіндік туады, сол үшін банкке комиссия төлейді.
Банктің факторингтік бөлімі мен операцияларды жүзеге асыру бойынша жабдықтаушының арақатынастары келісімшартпен реттеледі.
Факторинг бойынша мәмілеге отыру барысында ең негізгісі міндеттеменің есебі мен шекті соманының есеп айырысу әдісін алдын ала анықтау қажет. Әлемдік тәжірибеде 3 әдіс бар:
a. Жалпы лимитті анықтау.
b. Жөнелтудің айлық лимитін анықтау.
c. Жекелей мерзім бойынша сақтандыру
Факторингтік қызмет көрсетудің бағасы қызмет түріне, клиенттің қаржылық жағдайына, борыштық талаптардың сапасына және операциялар көлеміне байланысты. Әлемдік тәжірибеде ол 2 элементтен құралады: комиссиялық және құжаттарға алдын ала төлем жүргізу кезінде өндірілетін пайыздар. Комиссия шот-фактураның сомасынан пайыз мөлшерінде белгіленеді (1,5-2,5 пайыз). Алдын ала төлем түріндегі несие үшін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы мөлшермелерден 1-2 пайызға жоғары болады (қысқа мерзімді несие нарығы). Жалпы айтатын болсақ, факторинг құнының жоғары болуына қарамастан клиенттер үшін артықшылықтары бар: капитал айналмын жылдамдату, сатып алушалыр жағынан төлемеу тәуекелінің жойылуы, баланс құрылымының жақсаруы, айналыс шығындарын азайту.
Факторингтік қарыздар баланстық операция болып табылады. Факторингтік операциялардың есебі келесі шоттарда жүргізіледі:
1407 - Клиенттерге факторинг
4608- Өзге де комиссиялық кірістер
2860 - банктік қызмет бойынша өзге де кредиторлар
1050 - Банктердің корреспонденттік есепшоттары
7339- Әр түрлі құндылықтар мен құжаттар
Мысалы:
ЖШС Алтай төлем мерзімі 30 күнге ұзартылған 1 млн.теңге құнымен тауарды жеткізу туралы келісімшартқа отырды. Сол кезде ЖШС Алтай банкпен факторитгтік келісімшартқа отырады. Келісімшартта сатып алушыға тауарды жеткізгеннен кейін банк сатушыға алдын ала төлем түрінде 80 пайызын төлеу жағдайы қарастырылады. Қалдық сатушыға дебитордан ақша түскен күні төленеді. Факторингтік операциялары бойынша БТА Банкі бойынша банктік комиссия 2 пайызды құрайды.
1) Тауардың жөнелтуін растайтын төлем құжаттары түскен күні банк 1 млн.теңге
Дт 1407 Клиенттерге факторинг
Кт 2860 Банктік қызмет бойынша өзге де кредиторлар
Сол уақытта 7339- Әр түрлі құндылықтар мен құжаттар шотында клиенттен қабылданған құжаттар көрініс табады.
2) 80 пайызын төлегенде
Дт 2860
Кт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары
3) 2 пайыз комиссиялық сыйақы есептейді
Дт 2860
Кт 4608 Өзге де комиссиялық кірістер
4) Борышкерден ақша түскен кезде
Дт 1050
Кт 1407
Сол уақытта 7339- Әр түрлі құндылықтар мен құжаттар шотынан клиенттен қабылданған құжаттар шығынға жазылады.
5) Ақша қаражаттарының қалған сомасын аударады (10 пайыз)
Дт 2860
Кт 1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты
Ақырғы уақытта Қазақстанда клиенттердің құндылықтары мен құжаттарын сақтау бойынша банктік қызметтерге сұраныс пайда бола бастады. Ол сейфтік қызмет.
Банктер клентерінің құндылықтары мен құжаттарын сақтау үшін арнайы қоймалар құрды. Олар арнайы сейфтер мен арнайы сейфтік ұяшықтармен жарақталған. Әрбір ұяшық кассетамен жабдықталады.
Құндылықтардың сақтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір ұяшықтың екі механикалық кілтті құлпы болады. Бір кілт банк қызметкерінде, екінші кілт клиентте болады. Яғни, сейфті тек банк қызметкері мен клиенттің қатысуымен ғана ашып, жабуға болады. Барлық ұяшықтар мен сейфтер нөмірленеді.
Қызмет жал келісімшарты негізінде жүргізіледі. Ол екі данада толтырылады: біреуі банкте сақталса, екіншісі клиентке беріледі. Сейф қызметіне ақы төлеу банктің бекіткен тарифіне сәйкес жүргізіледі.
Қызметтен түскен комиссиялық алым табыс есептеледі:
Дт 1050, 2211 Клиенттердің талап етуі бойынша салымдары
Кт 4802 Өзге операциялық кіріс
Осылайша Банктердегі бухгалтерлік сесп басқа ұйымдарға қарағанда ерекшеленеді. [6] ,36 бет

3.2 БТА Банкі Акционерлік Қоғамы қаржылық шаруашылық қызметінің жалпы сипаты

БТА Банкі акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды. Өндіріс Банкі: (1925-1991) Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды. ТұранӘлем Банкі (1997-2008) 1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің ТұранБанк Қазақ акционерлік банкін және ӘлемБанкҚазақстан акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес ТұранӘлем Банкі Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ТұранӘлем Банкінің акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында ТұранӘлем Банкі ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды. 1998 жылдың 1 қазанында ТұранӘлем Банкі Жабық Акционерлік Қоғамы ТұранӘлем Банкі Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді. 2003 жылдың 26 қыркүйегінде ТұранӘлем Банкі Ашық Акционерлік Қоғамы қайта тіркелуіне байланысты ТұранӘлем Банкі Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.
БТА Банкі туралы 2009 жылдың 2 ақпанындағы дағдарысқа қарсы шаралардың аясында Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 75,1 пайыз көлемінде БТА Банкі Самұрық-ҚазынаҰлттық әл-ауқат қорының акцияларының бақылау пакетін сатып алу жайындағы ұсынысын қабылдады. Өтеуді төлеу банктің қосымша эмиссиясы арқылы жүзеге асты. Соның нәтижесінде банк 251 319 485 теңге мөлшерінде қосымша капитал алды. 2009 жыл бойына БТА Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметінің нақты экономика секторын қолдауының аясында ШОБ-ты, агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру мен тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландыру сияқты тұрақты бағдарламаларды белсенді түрде жүзеге асыруға қатысты. Шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бағдарламасы бойынша банк 36,9 млрд. теңге Қазына-І, Қазына-ІІ және Қазына-ІІІ транш аясында қаражат иеленді.
2009 жылы БТА тобы ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруды табысты аяқтап, 37 млрд. теңгеден аса соманы игеріп, 10 300 заимшымен келісімшартты қайта жасады. Банк секторындағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен бөлінген 120 млрд. теңге сомасынан БТА-ның үлесі 37 млрд. теңге немесе жалпы сомадан 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан аймақтарының займшылары көп белсенділік танытты.
Астана және Алматы қаласы бойынша құрылыс бастамаларын аяқтауды қаржыландыру бағдарламасының аясында банк шотына төменде аталынған жобалар бойынша 20,4 млрд. теңге қаражат бөлінді:
* Гранд Астана ТК, Астана қаласы - 13 538 млн. теңге;
* Сәтті ТК, Отандастар ТК, Астана қаласы - 1 677 млн. теңге;
* Тау Самалы ТК, Алматы қаласы - 4 573 млн. теңге.
2010 ж. 28 мамырында БТА Банкі Акционерлік Қоғамының өзінің 2 442 млрд теңге (16,65 млрд АҚШ доллары) сомасындағы қаржылық берешегінің жалпы мөлшерінің 92,03 пайызын құрайтын 2 247,4 млрд тенге шамасындағы банктің міндеттеріне иелік ететін қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдады. Дауыс беруге БТА сыртқы және ішкі облигациялары бойынша, екі жақты және синдикацияланған займдар бойынша, исламдық және сауданы қаржыландыруды, сонымен қатар деривация бойынша борыштық құралдардың барлық түрлері бойынша кредиторлар қатысты. 2010 ж. 9 маусымында №83 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық ұйымдар мен нарықты қадағалау және реттеу агенттігі БТА Банктің ұсынған қайта құрылымдау Жоспарын бекітті. Банктің қайта құрылымдау саласында қаржылық кеңесшісі Deloitte LLP компаниясы, ал заңды кеңесшісі Baker&McKenzie компаниясы болып табылады. 16 маусым 2010 ж. БТА Банкі аймақтық кәсіпкерліктің Бизнестің жол картасы -2020 мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бизнестің жол картасының мақсаты - аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мен істеп жатқан жұмысты сақтау және жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
Коммерциялық банк операциялары
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру
Пәндер