Еңбекақы қорының қалыптасуын және пайдалануын талдаудың мақсаттары мен міндеттері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫ МЕН ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Еңбектің және еңбекақы қорының экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Ұйымның негігі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы ... ... ... ...13
1.3 Ұйымның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Еңбекақының түрлері бойынша қалыптасу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Еңбекақының түрлері, нысандары және жүйелері бойынша есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3 Орташа еңбекақы есептеу есебі және еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.4 Еңбекақы есебінің аналитикалық және синтетикалық есебі ... ... ... ... ..54

3. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 Еңбекақы қорын талдаудың мақсаттары мен міндеттері және әдістері ... ...60
3.2 Еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалануын талдау ... ... ... ... ... ..64
3.3 Еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалану есебі мен талдауын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .86

ҚОСЫМШАЛАР
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруге және жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі артуда. Ұйым жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландырылуы мен табыс табуы, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға сондай-ақ ұйымдардың қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық қаржылық есеп стандартын, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда.
1 Қазақстан Республикасының Конститутциясы
2 Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы
3 «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
4 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
5 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
6 Байболтаева Н. Ә, Әлібекова Б. А, Бухгалтерлік есеп принциптері, оқу құралы, Алматы «Агроуниверситет баспасы», 2006 – 279-294 б
7 Әпсәләмов Н.Ә, Оспанова З. Ә, Бухгалтерлік есеп негіздері, оқу құралы, Алматы «Қазақ қаржы-экономикалық институты», 2003 – 105-112 б
8 www.grossbuh.kz сайты

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫ МЕН ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Еңбектің және еңбекақы қорының экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Ұйымның негігі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы ... ... ... ...13
1.3 Ұйымның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

2. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Еңбекақының түрлері бойынша қалыптасу есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... 23
2.2 Еңбекақының түрлері, нысандары және жүйелері бойынша есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.3 Орташа еңбекақы есептеу есебі және еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.4 Еңбекақы есебінің аналитикалық және синтетикалық есебі ... ... ... ... ..54

3. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 Еңбекақы қорын талдаудың мақсаттары мен міндеттері және әдістері ... ...60
3.2 Еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалануын талдау ... ... ... ... ... ..64
3.3 Еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалану есебі мен талдауын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 86

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруге және жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі артуда. Ұйым жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландырылуы мен табыс табуы, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға сондай-ақ ұйымдардың қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық қаржылық есеп стандартын, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр. Бұл талаптар Республикамызда бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп беру жүйесін реттеуші Ұлттық стандарттар мен Бас шоттар жоспарын жасап бекітілуіне және олардың 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылыққа алынып, күні бүгінге дейін толықтырылып қолданылып келуіне септігін тигізді.
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің осы үлгі шот жоспары Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əзірленді жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтері нинвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, өзара сақтандыру қоғамдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының жəне Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының қаржылық есептілік элементтерін құндық көрсеткіш бойынша топтау жəне қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында ағымдағы көрсету үшін арналған. [1] Сонымен бірге, бухгалтерлік есептің Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына сәйкес жүргізіліп отырғанын да айта кету керек. [2] Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен ұйымды сақтап қалудың басты факторы болып, ұйымның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдын мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет. Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да бухгалтерлік есепті кейде бизнестің қаржылық тілі деп те атайды.
Еңбек және еңбекақының есебі бухгалтерлік есептің негізгі тақырыбы болып табылады. Еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Яғни, еңбек адам өмірінің ажырамас бөлігі, өйткені адамды адам қылған - еңбек. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республиканың әрбір азаматы еңбек етуге құқылы және әрбір адам өз ықыласына, қабілеттілігіне және арнайы дайындығына қарай мамандығын таңдай алады. Қызметкердің еңбегін дұрыс бағалау - еңбек төлемінің негізгі алғышарты болып табылады. Еңбекақы адамдардың өмір сүруінің негізгі көзі. Өйткені еңбекақы бүкіл әлемде жұмыс істейтіндердің кіріс көзі. Сонымен қатар, еңбекақы мемлекеттің өз азаматтарына деген қатынасын көрсетеді және экономиканы басқарудағы негізгі элемент ретінде қолданылады. Еңбекақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Еңбек ақы түсінігі жаңа мазмұнымен толықтырылды және сонымен қатар әртүрлі сыйақылар, қосымша төлемдер және әлеуметтік жеңілдіктер, ақшалай және натуралды түрдегі барлық ақы түрлерін құрап отыр. Еңбек және еңбекақы - дәл және оперативтік мәліметтерді талап ететін жұмыс орнының ең негізгі және күрделі бөлігі, онда жұмысшылар санының өзгерісі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылардың категориялары, өндіріс шығындары көрсетіледі. [3]
Еңбек ақы мәселелері тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан да маңызды болғандықтан, экономикада ерекше орынға ие. Сол себепті бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде өте маңызды болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында басты міндеттердің бірі - еңбекақы мен төлемдерді, зейнетақыны толық және уақтылы төлеп тұру екендігін айтқан.[4] Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан-2050 Стратегиясында біз еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз деп қарастырған. Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері - жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та - барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан, елбасы Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдың өзінде-ақ төмендегіні іске асыруды тапсырған:
Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру.
Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу.
Бұдан жарты жыл бұрын, Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты елбасы мақаласы жарияланған соң Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы Заң әзірлене бастады. Біздің мақсатымыз - еңбеккерлер мүддесін ескерген кәсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау. Күшіне еніп, барлық еңбеккерлердің мүддесін қорғауы үшін бұл заңның қабылдануын жеделдету қажет. Үкіметке еңбек төлеміне және ондағы сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа амалдар табу шараларын қабылдау қажет. [5] Әрбір жұмысшының еңбек ақысы оның жеке қосқан үлесімен және ұйым жұмысының нәтижесімен анықталады. Ол салықтармен реттеледі, жоғарғы шегі шектелмейді. Ал, барлық ұйымдық - құқықтық формалардың жұмысшыларының еңбек ақысының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен және жыл сайын Республикалық бюджет заңымен анықталады. Нарықтық экономика жағдайына көшуге байланысты еңбек ақы жүйесі түгелдей өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасының 15.05.07 Еңбек кодексі заңына сәйкес, мемлекет ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне араласпайды, сонымен қатар, еңбек ақының мөлшерін, формаларын, жүйелерін анықтамайды, яғни оны ұйымдастырумен айналыспайды. [6] Мемлекет тек халықты әлеуметтік қорғаумен айналысады, яғни еңбек ақының ең төменгі мөлшерін қояды, еңбек ақының салық салынбайтын мөлшерін бекітеді, еңбек кодексіне сәйкес жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібін бекітеді. Сондықтан, ұйымдар еңбекті және еңбек ақыны ұйымдастыру жұмыстарын өздері жүргізеді, бұл - олардан белгілі бір білім мен іс - тәжірибені талап етеді. Еңбек ақыны ұйымдастыру және төлеу саясаты ұйымның жұмыс нәтижесіне тікелей ықпалын тигізеді. Еңбек қатынастарының жарғылық заңды түріндегі реттеу, сонымен қатар жұмысшыларға еңбек ақы төлеу облысында ұйым компетенциясына кіретін еңбек ақы шарттары көрсетілген ұйымның ұйымдық келісім шарты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ұйымдағы еңбекақы қорының қаыптасуының және пайдалануының есебі мен талдауын ұйымдастыру жағдайын зерттеу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылады:
еңбекақыны зерттеудің теориялық негізін қарастыру;
ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебінің ұйымдастырылуын зерделеу;
орташа еңбекақыны есептеу тәртібін және еңбекақыдан ұсталымдарды қарастыру;
еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалануын талдау;
еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалану есебі мен талдауын жетілдіру жолдарын қарастыру;
Зерттеу пәні - ұйымдағы еңбек ақыны ұйымдастыру туралы мәліметтер, еңбекақының түрлері, жұмыс уақытын пайдалануды талдау, жұмысшылардың саны мен еңбекақы қорын талдау, Алматинская Академия проффесиональных бухгалтеров Paritet ЖШС - ның соңғы екі жылдағы негізгі технико - экономикалық көрсеткіштері.
Дипломдық жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫ МЕН ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

5.1 Еңбектің және еңбекақы қорының экономикалық мәні

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы еңбек етуге құқылы. Демек, республикамызда әрбір адамның өз ықыласына, қабілеттілігіне және арнайы дайындығына сәйкес жеке өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. [7] Қазақстан Репспубликасының еңбек кодексіне сәйкес, еңбек деп - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Республиканың азаматы қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына, сонымен қатар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану құқығына ие. [6] Еңбек - адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады . Еңбек бұл шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз керек. Обьективті жағынан, еңбек шынында да материалды және рухани игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі серігі. Ал, екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың мәнді күштерінің көрінуі. Яғни, еңбек арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда- шығармашылығына жол ашылады. Өндіріс факторын анықтайтынның бірі - еңбек. Еңбек жүргізуші, яғни адамның жұмыс күші адамдық фактор болып саналады. Елдегі халықтың еңбекке қатысу мүмкіндігі және қолынан іс келетін бір бөлігі еңбек ресурстарын құрайды. Еңбек ресурсына жақын үлкен мағынадағы ұғым "еңбек потенциалы". Еңбек потенциалы - бұл еңбек ресурстарын құрайтын, соның ішіндегі тұлғалардың еңбек ресурстарын осы немесе басқа бағытқа потенциалды өзгерте алатын елдегі халықтың бір бөлігін айтады. Қарастырылған үш категорияны бірге алғанда елдің еңбек факторын әр түрлі жақтан суреттейді. Басқа өндіріс факторларына қарағанда еңбектің негізгі ерекшелігі бар. Ең бастысы, еңбек адамнан, жұмыс күшінен де бөлінбейді, сондықтан әлеуметтік және саяси аспектісі болады. Тура осы жағдай экономистердің зерттеуін әр түрлі жолмен жақындатады. Батыс экономикалық әдебиетінде, еңбек тауар ретінде саналады. Маркстік теорияда еңбек тауар емес, адамның еңбекке қабілеті, оның жұмыс күші тауар ретінде иррационалды ұғым еңбек рыногын құрайды. Осыдан маңызды қорытыңды шығады: еңбек тауар емес, ол жұмыс күші - тауар, онда еңбек ақы формасында барлық өнім еңбегіне емес, тек бір бөлігіне ғана төленеді, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне керекті құн үлесі ғана. Еңбек өнімінің басқа бөлігін капиталист иеленеді. Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбекті ұйымдастыру мен басқару жағынан негізгі көзқарас ретінде қарастырылады. Кейбір зерттеушілер қолөнер, технологиялық, инновациялық деп еңбекті басқаруды бөледі, сәйкесінше индустрияға дейінгі, индустриалды, ғылыми-техникалық нұсқадағы экономикалық өсу. Бұл жұмыс күші ұғымын дене еңбегі және ақыл-ой, интеллектуалды еңбек түрлерін бөлудің ерекше жіктелуі ғана, ғылыми техникалық процесстің дамуынан туындайды. Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:
Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
Жұмысшы және қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану
Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
Еңбек және еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
Еңбекақы қоры - қызметкерлердің жұмсаған еңбектерінің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігінің сомасы болып табылады және құрылымы бойынша әр түрлі элементтерден тұрады. Ұйымның барлық қызметкерлерінің еңбекақысын тұтас алғанда, ол еңбекақы қорының көрсеткішін көрсетеді, ал еңбекақы қоры ұйым шығынының едәуір бөлігін құрайды. Ұйымның салалық тиістілігіне, ұйым қызметінің жеке ерекшеліктеріне және қызметкерлердің төлемақылар сомасын басқару саясатына байланысты, еңбекақы қорына байланысты шығын есесі бірнеше пайыздан ұйым шығындарының жалпы сомасынан жартысына дейін көтеріледі. Бұл едәуір көлем, сондықтан ұйым шығынның бұл баптарын талдау өте маңызды. Сондай-ақ, жұмыс уақыты қорын қызметкерлермен пайдалануды талдаудың да үлкен маңызы зор. Барлық жұмыс уақытын бірнеше категорияларға бөлуге болады:
жұмыспен өтелген төленген (әдетте кесте бойынша жұмыс күнінде жұмыспен өтелген уақыттан басқа, бұл мерзімнен тыс жұмыс уақыты, демалыс және мерекелік күндердегі, т.б. уақыт болуы мүмкін);
жұмыспен өтелмеген төленген (еріксіз тоқтап қалу, жыл сайынғы демалыс, уақытша жұмысқа қаблетсіздік және т.б.);
жұмыспен өтелмеген төленбеген (кешігу, себепсіз жұмысқа келмеу, т.б.).
Төлеу тәртібі және де, ең соңында бұл сомалардың қандай шығын түріне жатқызылатыны жұмыс уақыты қай категорияға жататындығына байланысты. Әдетте мұндай шығындардың есесі үлкен емес, бірақ ол да ұйым үшін пайдалы емес. Қызметкерлерге ақшалай және натуралды формада (оклад, сыйлық, жүйелі түрдегі сыйақылар, еңбектің зиянды жағдайларына компенсация төлеу, мерзімнен тыс жұмыстар үшін төлемдер және т.б.) төленетін еңбекақыдан басқа, еңбекақыға байланысты ұйым шығындарына жұмыспен өтелмеген уақытты төлеу және біржолғы төлемдерді, сонымен бірге, әртүрлі міндетті түрде аударылатын сомаларды жатқызады. Бұл шығындардың барлығы еңбекақы қоры көрсеткішін қалыптастырады. Еңбекақының екі негізгі түрлерін ажыратады: мерзімді төлеу, қызметкерлердің еңбекақысы жұмыс істемеген күн мөлшеріне байланысты және кесімді ақы төлеу, еңбекақы өндірілген өнім мөлшеріне байланысты.
Еңбекақы қорын талдау жоспары басқа да шығын түрлерін талдау жоспары бойынша жүргізіледі: нормативті немесе жоспарлы көлеммен салыстырғанда не өткен есепті немесе базалық кезеңмен салыстырғанда. Ұйым қызметінің ашық көрсетілген маусымдылығы кезінде өткен жылдардың ұқсас кезеңдерімен салыстыру пайдалы болады. Мысалы, ауылшаруашылықтық өнімді өндіретін ұйым үшін қызмет " шыңы" болып жазғы айлар және қыркүйек айы табылады, тау шаңғы курортындағы қонақ үй үшін қаңтар-наурызға дейінгі маусым. Талдау жұмысшы категориясы және бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Талдау нәтижесінде өзгеру тенденциясы және нормативті не жоспарлы мәндерге қатысты еңбекақы қорының артық шығын себебі немесе түгел жұмсамау себебі айқындалады. Еңбекақы қорына және жұмыс уақытын пайдалануға қатысты мәліметтерді талдау кезінде әртүрлі индексті көрсеткіштер кеңінен қолданылады.[8]
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін еңбекақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарыктық экономикаға бағдарландырылған еңбекақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында еңбекақының мәні төмендегі аспектілерден құралады:
еңбекақы - еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бағасы;
жұмыс күші бағасының материалдық, заттық көрінісі болып тұтыну заттарының бағалары (азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, салықтардың және басқа төлемдердің бағалары); олар жұмыс күшінің ұдайы өндірісін, олардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді (жұмыс күшінің өзінің және оның асырауындағы адамдардың жұмыс қабілетін қалпына келтіреді);
еңбекақы еңбектің саны, сапасы және нәтижесіне байланысты;
еңбекақы ұжымдық еңбектің нәтижесіне де байланысты.
Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде еңбекақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:
еңбекке қарай бөлу қағидасы (еңбек ақыны, сыйлықтарды және т.б. уақтылы төлеу);
өндіріс тиімділігінің артуы негізінде еңбек ақының деңгейін,жағдайын көтеру;
еңбек ақыны еңбек нәтижесіне және шығындарына қарай төлеу;
жұмысшыларды еңбек тиімділігін арттыруға материалдық жағынан ынталандыру;
еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының өсуіне қарағанда артық болуы.
Ұйымдар қазіргі жағдайда, өзінің ұйымдастырушылық - құқықтық формасына назар аудармастан, еңбекақының түрлерін, жүйесін және мөлшерін өзі анықтайды. Бірақ, жұмысшылардың жұмсаған еңбегі мен олардың санаттылық біліктілігін толық есепке алатындай нарықтық механизмдер әлі құрылған жоқ. Сондықтан, мемлекет еңбекақының ең төменгі мөлшерін заңды түрде белгілеу арқылы, ұйымның еңбекақыға бағытталған қаражаттарын салық салу арқылы реттеп, аудандық коэффициенттер мен пайыздарды (солтүстіктік қосылымдар) бекіту арқылы, мемлекеттік кепілді еңбекақыны бекітеді. Еңбекақыны ұйымдастыру ұжымдық келісім-шарттар негізінде құрылады, бұл келісім-шарттар, әдетте, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында, кәсіподақтың араласуымен 1 - 3 жылға жасалады. Келісім-шарттарда мынадай мәселелер реттеледі: еңбекақының мөлшері мен жүйелері, сыйақылар, төлемдер, қосымша төлеулер мөлшері және бағаның өсуі мен инфляция деңгейіне байланысты еңбекақының өзгеру механизмі, ұжымдық келісім-шарт көрсеткіштерінің орындалуы, жұмыспен қамту, қайта оқыту, жұмысшыларды жұмыстан босату талаптары, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, жұмысшылардың еңбегін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер.[9]
Еңбекақы мөлшерін анықтаушы элементтердің бірі - өмір сүру минимумы болып табылады. Ол адамның денсаулығын сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш. Адресті бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізудің базасы ретінде, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілеуге, жасына қарай зейнетақы мөлшерін белгілеуге, жұмыссыздарға төленетін төлемақы мөлшері мен білімгерлердің шәкіртақысы мөлшерін белгілеуге қолданылады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері бір айда қарапайым жұмысшыға (мамандығы жоқ) ақшалай төленетін еңбекақы, ол қарапайым жұмысты қалыпты еңбек жағдайында орындалады. Еңбек ақының ең төменгі мөлшері өмір сүру бағаларымен және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігімен анықталады. Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген есептік көрсеткіштер:
1. Еңбекақының ең төменгі мөлшері - 18660 тг.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері - 9330 тг.
3. Зейнетақының ең төменгі мөлшері - 19066 тг.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемақылар мен басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сонымен қатар, айыппұл санкцияларын қолдану үшін, салықтар мен басқа төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 731 т.
5. Базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін, өмір сүру минимумының мөлшері - 18660 тг. [10]
Біздің елімізде еңбекақы екі түрлі қызмет атқарады: бір жағынан, жұмысшылардың өмір деңгейін көтеретін табысының басты қайнар көзі болса, екінші жағынан - өндіріс тиімділігін арттырудың материалдық ынталандыруын қамтамасыз ететін басты тұтқа болып табылады. Қоғамдық өндірістің әртүрлі фазаларында: өндірісте, бөлуде, айырбаста және тұтынуда еңбекақының атқаратын қызметтері оның мәнін ашуға көмектеседі. Еңбекақы мөлшерінің төмен болуы, мемлекеттің экономикасының дамуына теріс ықпалын тигізеді. Жоғары сапалы, ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдерге сұранысты азайтады. Жұмыс күші арзан болған жағдайда, жаңа техника мен технологияларды қолдану, кадрлардың біліктілігін көтеру, техникалық қайта құру қажеттілігі болмайды. Өнеркәсіптің жеке салаларында жұмысшылардың мамандық-біліктілік топтарында еңбекақының дифференциациялануында үлкен айырмашылықтар пайда болды, олар жұмыстың маңызы мен объективті сипаттамаларын толық қамти алмайды. Еңбек ақының мәнін атқаратын қызметтерінен айқын көре аламыз. Ол: өндірісте, тұтынуда жүзеге асырылады. Еңбекақының атқаратын бес қызметі болады:
1. Ұдайы өндіру
2. Ынталандырушы
3. Өлшеулік-бөлуші
4. Ресурсты-орналастырушы
5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастырушы
1. Ұдайы өндіру қызметті. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақты өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін заңмен бекітілген оның минималды көлеміне байланысты.
2. Ынталандырушы қызметі. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты еңбек ақы белгілеу кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.
3. Өлшеулік-бөлуші қызметі. Бұл қызмет өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Еңбекақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.
4. Ресурсты-орналастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндігі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.
5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні - төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді. [9]

1.2 Ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы

Алматинская Академия Профессиональных Бухгалтеров Paritet жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметін Қазақстан Республикасының 27.12.1994ж. Азаматтық Кодексі (жалпы бөлімі), 22.04.1998ж. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктері туралы заңы мен 31.01.2006ж. Жеке кәсіпкерлік туралы заңы және өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Алматинская Академия Профессиональных Бухгалтеров Paritet жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңдары бойынша орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылады, өйткені оның жылдық активтерінің бағасы 325 000 айлық есептік көрсеткіштен және жұмысшыларының саны 250-ден аспайды, айлық есептік көрсеткіш осы қаржы жылының Республикалық бюджетіне сәйкес есептелінеді.
Серіктестіктің мекен-жайы: 050061, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, мкр. Орбита-3, 4а.
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласының Әділет департаментінде заңды тұлға туралы тіркеуге тұрғаны туралы куәліктің № 110989-1910-ЖШС, бизнес-сәйкестендіру нөмері - 110740014592.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Кодексіне сәйкес (Салық кодексі) салық тіркеушінің нөмері - 600400614834, ал қосылған құн салығы бойынша тіркеу нөмері - 600500000015.
Серіктестікте қызметкерлер саны - 120 адам.
Серіктестіктің өзінің ұсынуға тиісті негізгі статистикалық үлгілері бар. Аталған құжатта Серіктестіктің қай мерзімде, қандай құжатты өткізу мерзімі мен ескертулері көрсетілген.
Серіктестіктің басқару және бақылау органдары. Басқару органы - ҚР зағдарына сәйкес Қатысушы болып саналады. Қатысушы уәкілетті тұлғаларға өкілдік етуге сенім білдіре алады. Оның құзыретіне келесілер жатады:
серіктестіктің жарғысын, фирмалық атауын және орналасқан жерін, жарғылық капитал мөлшерін өзгерту;
серіктестіктің атқарушы органын құру және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
серіктестіктің жалдық қаржылық есеп беруін және таза пайда мен шығындарын бөлу;
серіктестіктің тексеру комиссияларының есептері мен қорытындыларын бекіту;
серіктестікті қайта құру мен тоқтату туралы шешім шығару және т.б.
Атқарушы органы - Бас директор, ол Қатысушыға есеп береді және оның шешімін орындалуын ұйымдастырады. Бас Директор тағайындалған сәтте, қатынас еңбек заңы мен келісім шарттпен реттеледі. Қатысушының ерекше құзыретін жататын мәселелерден басқа сұрақтарға Бас Директор құзыретті болып саналады, оның ішінде:
күнделікті жұмыстарды іске асыру;
қатысу шешімдерін орындалуы туралы есеп беру;
серіктестік атынан келісімдердің орындауын бақылайды және жасайды;
банктерде есеп және басқа да шоттарды ашады;
еңбек ұжымы орындауға тиісті бұйрықтар мен нұсқаулар береді;
жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа қабылдануы мен босатылуын жүзеге асырады;
басқа да өз құзыретіндегі қызметтерді атқарады.
Алматинская Академия Профессиональных Бухгалтеров Paritet ЖШС негізгі қызметтеріне келесілер жатады:
Ұйымның бухгалтерлік есебіне сараптама жүргізу. Қолданылатын бухгалтерлік есеп регистрлерін, есепке алу журналын, есептік және талдамалық кестелерін, басқа да бухгалтерлік құжаттамаларды тексеру. Бухгалтерлік есептің заңнамаға сәйкес жүргізілуін және ұйымның есептілігін салық органдарына және басқа да уәкілетті органдарға уақтылы тапсыруын тексеру.
Ұйымның бухгалтерлік есебін қайта қалпына келтіру. Қолда бар алғашқы құжаттарды жинап, өңдеу. Жетпей тұрған қажет құжаттарды қалпына келтіру. Өтіп кеткен мерзімге бухгалтерлік және салықтық есептілікті қалпына келтіру және дайындау.
Ағымдағы бухгалтерлік есепті жүргізу. (аутсоринг шарты негізінде).
Ағымдағы бухгалтерлік қызмет көрсету тәртібінде бухгалтерлік қызметтің жұмысын регламенттеу және процедураларды бақылау.
Бухгалтерлік есеп және салық салу бойынша заңды және жеке тұлғаларға заң нормалары негізінде кеңес беру. Бухгалтерлік есеп және салық салу аспектілеріне қатысты, клиенттерге сараптамалық кеңес беру.
ХҚЕС және Ұлттық стандарттарға сәйкес ұйымның есеп саясатын құру.
Қаржылық жүйедегі мамандардың біліктілігін көтеру, даярлау және қайта даярлау:
+ Кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау бойынша Ұлттық бағдарлама - CAPCIPA Халықаралық сертификаттау бағдарламалары
+ Білікті көтеру курстары мен семинарлары
+ Ұлттық стандартқа негізделген бухгалтерлік есеп
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлері.
Серіктестікте бухгалтерлік есеп жүргізудің келесідей әдістері қолданылады:
автоматтандырылған - синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері мен қаржылық есептіліктер персоналды компьютерлерде жүргізіледі;
автоматтандырылмаған (қолмен) - шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында бастапқы құжаттарды қағаз түрінде рәсімдеу.
Автоматтандырылған бухгалтерлік есепте бірыңғай бағдарламалық қамсыздандыру қолданылады. Технологиялық құжатайналымға, құжаттарды уақытылы және сапалы толтыруға, ондағы мәліметтердің шынайылығы мен бухгалтерлік есепте көрініс табу үшін құжаттарды уақытылы жеткізуге құжатқа қол қойған тұлға жауапты болады. Ұйымның технико- экономикалық көрсеткіштерін баланс мәліметтері негізінде талдауға болады. (А Қосымшасы) Сонымен бірге, мәліметтер ұйымның кірістер мен шығыстар туралы есеп беруінен алынған. (Б қосымшасы). Ұйымның 2011-2012 жылдардағы техникалық-экономикалық көрсеткіштері 1 - кестеде берілген.

1 - кесте
Ұйымның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткштер
2012
2011
Ауытқу

Сомасы
%
1.
Өнімді ткізуден түскен табыс, мың теңге
322990,35
655744,84
-332754
-50,74
2.
Қызметтердің өзіндік құны, мың теңге
30616,29
77442,12
-46825,8
-60,47
3.
Жалпы пайда, мың теңге
292374,06
578302,72
-285929
-49,44
4.
Салық салынғанға дейінгі табыс
-274744,47
-391973,48
117229
-29,91
5.
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам
125
100
25
25
6.
Табыс салығы
-
-
-
-
1 - кестенің жалғасы
7.
Таза пайда
-274744,47
-391973,48
117229
-29,91
8.
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге
3951075,4
3348977,8
602097,6
17,98
9.
Кезең шығыстары, мың теңге
-274744,47
-391973,48
117229
-29,91
10.
Еңбек өнімділігі, теңге
2583,9
6557,4
-3973,5
-60,60
11.
Қор қайтарымдылығы (18), теңге
0,008
0,19
-0,182
-95,79
12.
Қор сыйымдылығы (81), теңге
12,2
5,1
7,1
139,22
13.
Дебиторлық берешек
744483,6
976537,8
-232054
-23,76
14.
Сату рентабельділігі, % (31)
0,9
0,88
0,02
2,27
15.
Активтердің рентабельділігі,% (7активтер)
-0,04
-0,04
-
-
16.
Капиталдың рентабельділігі (3меншікті капитал)
0,05
0,1
-0,05
-50
Ескерту - Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet ұйымынан алынған мәліметтер

1- кестеде көріп отырғанымыздай кәсіорында өнімді сатып өткізуден кіріс 332754 мың теңгеге төмендеген, ал жұмысшылардың саны 25-ке көбейген, бірақ еңбек өнімділігі 3973,5 төмендеген. Сонымен қатар, негізгі құралдардың орташа жылдық құны 602097,6 тг. өсті, яғни 2011 жылы 3348977,8 тг. болса, 2012 жылы 3951075,4 тг. болды, яғни 17,98%-ға өсті.
Ұйымның қор қайтарымдылығы (1) формула бойынша есептеледі:

Қор қайтарылымы = өнімді өткізуден түскен табыс негізгі құралдардың орташа жылдық құны (1)
Қор қайтарылымы = 322 990.353 951 075.4 = 0.008 (2012 ж)
Қор қайтарылымы = 655 744.843 348 977.8 = 0.19(2011 ж)

Ұйымның қор қайтарымдылығы 2011 жылы 0,19 % болса, 2012 жылы 0,008 % құраса, бұл көрсетіштер 2012 жылы 0,182 % төмендеді. Себебі, ұйым өзінің өндірістік қуатын тиімді пайдаланбай отырғанын көрсетеді, яғни машина мен жабықтардың өнімділігін арттыру қажет, олардың босқа тұруын азайту керек, негізгі өндірістік қорлардың жұмысын жетілдіруді барынша оңтайлату керек. Қор сыйымдылығы (2) формуламен есептеледі:

Қор сыйымдылығы = негізгі құралдардың орташа жылдық құны өнімді өткізуден түскен табыс (2)
Қор сыйымдылығы = 3 951 075,4322 990,35= 12,2(2012 ж)
Қор сыйымдылығы =3 348 977,8655 744,84 = 5,1(2011 ж)

Қор сыйымдылығы 2011 жьлы 5,1 % құрады, ал 2012 жылы 12,2 %- ке өсіп, өсу қарқыны 7,1 % құраған
Ұйымның сату табыстары (3) формуламен есептеледі:

Сату рентабельділігі = Жалпы пайда Өнімді өткізуден түскен түсім (3)
Сату рентабельділігі = 292 374,06322 990,35 = 0,9 (2012 ж)
Сату рентабельділігі = 578 302,72655 744,84 = 0,88 (2011 ж)

Ұйымның сату рентабельділігі 2011 жылы 0,88% құраса, 2012 жылы 0,9 % болды, ал өсу қарқыны 0,02% құрады, яғни 2012 жылы ұйымның өнімінің өзіндік құны көбейіп, өнімді өткізу көлемі артқан, осыған байланысты жалпы табыс үлесіндегі сату табыстары да көбейді деуге болады.

1.3 Ұйымның есеп саясаты

ЖШС Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet заңды тұлға болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және ішкі ережелерге сәйкес жүргізеді. ЖШС Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet 2002 жылдың қыркүйек айында Әділет Министрлігінде тіркелген. Меншік түрі - жеке. Толық атауы - Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. ЖШС-ң орналасқан жері - мкр. Орбита-3, 4а. Құрылтай құжаттарына сәйкес ЖШС Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
Ұйымның бухгалтерлік есебіне сараптама жүргізу. Қолданылатын бухгалтерлік есеп регистрлерін, есепке алу журналын, есептік және талдамалық кестелерін, басқа да бухгалтерлік құжаттамаларды тексеру. Бухгалтерлік есептің заңнамаға сәйкес жүргізілуін және ұйымның есептілігін салық органдарына және басқа да уәкілетті органдарға уақтылы тапсыруын тексеру.
Ұйымның бухгалтерлік есебін қайта қалпына келтіру. Қолда бар алғашқы құжаттарды жинап, өңдеу. Жетпей тұрған қажет құжаттарды қалпына келтіру. Өтіп кеткен мерзімге бухгалтерлік және салықтық есептілікті қалпына келтіру және дайындау.
Ағымдағы бухгалтерлік есепті жүргізу. (аутсоринг шарты негізінде).
Ағымдағы бухгалтерлік қызмет көрсету тәртібінде бухгалтерлік қызметтің жұмысын регламенттеу және процедураларды бақылау.
Бухгалтерлік есеп және салық салу бойынша заңды және жеке тұлғаларға заң нормалары негізінде кеңес беру. Бухгалтерлік есеп және салық салу аспектілеріне қатысты, клиенттерге сараптамалық кеңес беру.
ХҚЕС және Ұлттық стандарттарға сәйкес ұйымның есеп саясатын құру.
Қаржылық жүйедегі мамандардың біліктілігін көтеру, даярлау және қайта даярлау:
+ Кәсіби бухгалтерлерді сертификатту бойынша Ұлттық бағдарлама - CAPCIPA Халықаралық сертификаттау бағдарламалары
+ Білікті көтеру курстары мен семинарлары
+ Ұлттық стандартқа негізделген бухгалтерлік есеп
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлері.
ЖШС Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet өз қызметін келесі құжаттар мен нормативті актілер негізінде жүзеге асырады:
Жарғы
Құрылтай келісімшарты
Құрылтай жиналысының №1 протоколы
Есеп саясаты
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасындағы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ережелер мен заңдар.
Ұйымдағы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі келесі нормативті-құқытық құжаттар негізінде ұйымдастырылады:
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңымен
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 22.12.2005 жылғы №427 Бұйрығымен бекітілген, қаржылық есептілікті дайындау және ұсынуға арналған концептуалды негізбен
Халықаралық Қаржылық есептілік стандарттарымен
ЖШС-ң бухалтерлік есебінің шоттар жоспарымен
Есеп саясатымен
ЖШС Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet бухгалтерлік есеп жүйесі ұйым басшысына ұйымды ұйымдастыруды жоспарлау мен бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында жүргізілетін ақпаратты жүйе. Ұйым өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады. Бас бухгалтерінің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады. Тауарлы-материалдық қорларға, есеп айырысу және кредиттік міндеттемелерге, ведомостволарға, материалды жауапкершілік туралы келісімшарттарға, төлем тапсырмаларына, ақша қаражаттарын беру және қабылдап алу құжаттарына Бас бухгалтерлер қол қоюға құқығы бар. Бухгалтерия келесілерді орындайды:
бухгалтерлік есеп формаларының құрастырылуын;
пайда және еңбекақы қорының есебін;
банк қызметкерлерімен есеп айырысу;
ақша қаражаттарының қозғалысының есебін.
ЖШС Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарына сәйкес бухгалтерлік есеп стандарттарының барлық келісілген тәртібі бойынша есебін жүргізеді және қаржылық есептіліктің дұрыс жүргізілуіне жауап береді. Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік. Бухгалтерлік есептің жүру жолы: алғашқы құжаттардың барлығы ведомостволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т.б. арқылы жиналады; есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетілуі керек. Бухгалтерлік есепті жүргізу процесінде ЖШС Ассоциация профессиональных бухгалтеровөзінің есеп саясатының дұрыс жеткізілуін сақтайды.
Алматинская Академия профессиональных бухгалтеров Paritet ЖШС-ң есеп саясаты - ұйымдардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, ұйымның таңдап алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлк есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығы. Есеп саясаты қаржылық, салықтық және статистикалық есептіліктердің дайындау процесінде құрылады. Есеп саясатының мақсаты - бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады. Алматинская Академия Профессиональных Бухгалтеров Paritet Жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты: - ұйымның өзінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерінің жиынтығы болып табылатын нормативті құжат. Серіктестік өзінің қызметі барысында бекіткен есеп саясаты бойынша жүмыс атқаруы тиіс, егер де қандай да бір өзгерістер болып жатса, олар қатысушының келісімімен енгізіледі. Алматинская Академия Профессиональных Бухгалтеров Paritet ЖШС-ң есеп саясаты 3 бөлімді қамтиды. Ал, ең басында есеп саясатының жалпы ережелер көрсетіледі. Оларға:
серіктестіктің қай заң негізінде өзінің бухгалтерлік есебін атқаруы;
қаржылық есеп берудің қандай талаптарға сай болуы ҚР бухгалтерлік және қаржылық есеп беру №234-ііі 27 ақпан 2007 жылғы заңына сәйкес;
қандай жағдайда есеп саясаты өзгеруі мүмкін.
1 бөлім. Ұйымдастырушы-техникалық бөлімі. Көрсетілетін мәліметтер:
серіктестіктің атауы;
серіктестіктің мекен-жайы;
серіктестіктің негізгі қызметтері;
серіктестіктің мақсаты мен міндеттері;
серіктестіктің шоттары;
серіктестіктік қызметкерлер саны басқару органдары;
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, яғни сол бөлімдегі жауапты тұлғалардың міндеттері (есепші мен кассир)
бухгалтерлік есеп жүргізілетін бағдарлама атауы;
бухгалтерлік құжаттар (олардың атауы, мақсаты, толтыру реті мен сақтау мерзімдері);
түгендеу (түгендеуге жататын мүлік, түгендеуді атқаратын комиссия құрамы, түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімі, түгендеу қорытындалырн көрсету тәртібі және одан шығатын жауапкершіліктер).
2 бөлім. Әдіснамалық бөлім. Аталған бөлімде ұйымда бүкіл шаруашылық құралдар мен олардың құрылу көздерінің есепке алу тәртібі, яғни әдіс-тәсілдерінің жиынтығы көрсетілетін бөлім.
ақша қаражаттары (сақтау орындары, жауапты тұлғалар, есеп берушілермен есеп айырысудың реті және шоттар);
тауарлы материалды құндылықтар (нелер жатады, қандай шотта жүргізіледі, бағалау тәртібі, есептен шығару әдісі таңдалынады, жауапты тұлғалар мен олардың құқытары, міндеттері, жауапркешіліктері, есепке алу және есептен шығару)
негізгі құралдар (нелер жатады, қандай шотта жүргізіледі, оларды тану, бағалау, амортизация есептеудің бір әдісі, оны жүргізу тәртібі, жалдау, жөндеу туралы мағлұматтар);
жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы (қандай кезде беріледі, есеп алу тәртібі және қандай шоттарда жүргізіледі);
капитал (құрамы, ашып көрсетуге талаптар және қандай шоттарда жүргізіледі);
кірістер мен шығыстар (оларды тану тәртібі, нелер жатады және қандай шоттарда есепке алынады, өнімнің өзіндік (атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құнын анықтау реті, яғни калькуляция, әкімшілік шығындарды бөлу;
алдағы кезең шығындары мен кірістері;
дебиторлық қарыздар мен міндеттемелер (пайда болу мен оларды тану, күмәнді қарыздар бойынша резервтің құрылу тәртібі және қандай шоттарда есепке алынады);
қаржылық есеп беру (құрамы, мерзімі және сақтау уақыты);
қателерді жөндеу;
бағалау және тану;
табысқа салынатын салық.
3 бөлім. Есеп саясатын бақылау. Аталған бөлімде жауапты тұлғалардың аты-жөндері мен қолдары қойылады.
Есеп саясатына бас директор мен бас бухгалтер жауапты. Есеп саясатын құрастыру барысында оған көптеген факторлар әсер етеді.
субъектінің құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық мәртебесі: меншік нысаны (мемлекеттік, меншікті); ұйымдастыру-құқықтық нысаны (АҚ, ЖШС және т.б.); қызмет түрі мен саласы (сауда, өнеркәсіп, құрылыс, көлік т.б.); қызмет ауқымы, персонал саны және т.б.
күнделікті және ұзақ мерзімді мақсаттар: қосымша қаржы ресурстарын тарту; инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру; нарықтағы бәсекелестік ұстанымды бекіту.
қызметтің ерекшеліктері: өнеркәсіптік (технологиялық құрылым, ресурстарды пайдалану); сауда (жабдақтау және өткізуді ұйымдастыру, есептесудің түрлері мен жүйесі, сатып алушылармен өзара байланыс); қаржылық (банктермен және басқа қаржылық институттрмен өзара байланыс, салық жүйесімен байланыс); басқару (құрылым, меншіктен тәелсіз болу, олардың алдында есеп беру, техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютер техникасы т.б.);
материалдық базасының болуы: (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
кадрлық қамтамасыз ету: персоналдың білітілік деңгейі (тәжірибені, машығы, алдында тұрған мақсаттар мен мәселелрді түсіну деңгейі, оларды шешу қабілеті);
шаруашылық ахуалы (жағдайы): инфрақұрылымдық нарықтың дамуы, шаруашылық, салық және бухгалтерлік заңнамалардың жағдайы, инвестициялық климаттың қолайлылығы т.б.
Субъектінің қабылдап алған есеп саясаты ұйымдастыру-өкімдік құжатқа сәйкес ресімделеді (бұйрықтар, өкімдер т.б.). аталған есепті жүргізу әдісі жылдық есеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ЕСЕБІ
«ВКТ Строитель» ЖШС-ндегі жүргізіліп отырған кадрлық саясатының ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйесінің әзірлемесін ұсыну
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Нақты бір ұйымдағы өнім өндірісі шығындарының есебін, оған әсер ететін факторларды анықтап, талдау жүргізу
ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Еңбекақының есебін ұйымдастыру
Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау
Еңбек және еңбек ақы төлемдерін ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты төлем
Пәндер