Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат және инфляциялық таргеттеу



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Соңғы бiрнеше жылда Ұлттық Банк елдегi инфляция деңгейiн бiршама жақсартқанын және оны қз уысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның 6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi инфляция деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болып отырғанына көзiмiз жеттi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б.Мақыш / Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-шi басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
3. Р.Е.Джаншанло “Инфляция и обменный курс вэкономике Казахстана” // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3, - 2004 г.
4. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №12, - 2004 г. 2-4 стр.
5. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 2-3 стр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат және инфляциялық таргеттеу

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең
бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның
тұрақты деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Соңғы бiрнеше жылда
Ұлттық Банк елдегi инфляция деңгейiн бiршама жақсартқанын және оны қз
уысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық
инфляцияның 6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi
инфляция деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болып отырғанына
көзiмiз жеттi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы
төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң
анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және
салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз
кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және
елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006
жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп
жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды.
Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция
деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап
өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін
тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша
биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды
экономикалық тұрғыдан қолға алуда.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған
шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және
жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу
табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың
өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал
етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады.
Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне
монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық
банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне,
пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы
бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп
отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етудi көздейдi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы
төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң
анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және
салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз
кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және
елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Жалпы елiмiздегi инфляцияға қарсы саясаттың құралдарын және жүзеге
асуын келесi суреттен көруге болады:

Ақша массасының Ұлттық НесиелердiМемлекеттСалықтық
көлемiн азайту; банктiң тiкелей iк реттеу;
резервтiк реттеу; бюджеттiң
талаптарын шығыстары
өсiру; мен
тапшылығы
н
қысқарту;
Базалық инфляция орташа, % 4-6 3-5 3-5
Инфляция (ТБИ) орташа, % 6,5 5-7 4-6 4-6

1-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2004-2006 жылға арналған ақша-несие
саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4-6%
және 2005-2006 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.
Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының біріне ашық нарықтағы операция, оның ішінде РЕПО операциясы
және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық
банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің ролін нығайту үшін шаралар қолданбақ.
Бұл өз кезегінде биылғы жылдары және өткен 2004 жылдарда инфляциялық
таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.
2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде
базалық инфляцтяның көрсеткіштерін бағдарға ала бастады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық
инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық
инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен
(ТБИ) көкеністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып
тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін
көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5
компонентті алып тастау көзделеді.
2004 жылы қорытындылары бойынша осы екі әдіс бойынша тиісті
көрсеткіштерді салыстырғанда 6,7% және 5,9% құрады. Бұл көрсеткіштер ақша-
несие саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі
қаланған 2004 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа
алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2004 жылы инфляция деңгейі 6,7%
болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы
асқандығын көре аламыз.
Сонымен Ұлттық банктің ақша-несие саясатының биылғы және алдағы 2006-
2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары инфляцияның деңгейін тұрақты
белгіленген шамада ұстап тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция
таргеттеудегі көрсеткіштері:
• 2005 жылы 4,9%-6,5%-дан аспауы керек;
• 2006 жылы 4,8%-6,2%-дан аспауы керек;
• 2007 жылы 4,1%-5,5%-дан аспауы керек;
Алайда Ұлттық банктік және Үкіметтің бірігуімен белгілеген инфляцияны
таргеттеудегі инфляцияның 2005 жылғы 4,9%-6,5% көлемінде сақталады деген
болжамдары биыл орындалмайтын болды. Өйткені биылғы жылы ұлттық экономикада
жүргізіліп келе жатқан саясаттар нәтижесінде экономикаға берілген
несиелердің тым артып кетуіне байланысты экономикалық толқуларға алып келе
жатыр және елімізде шілде айынан бастап халықтың жалақыларының өсуі,
әлемдік рынокта мұнай бағасының рекордтық нәтижеге жетуінен бүгінде
инфляция деңгейі 10 айдың ішінде – 7,8% және 7,9% деңгейінде болып келеді.
Жалпы мамандардың айтуы бойынша 2005 жылы инфляция деңгейі 8%-ға дейін
жетуі мүмкін. Яғни 2005 жылы Ұлттық банктік белгілеген инфляция деңгейінің
коридоры 4,9%-6,5% деңгейінен нақты инфляция деңгейі асып кетіп отыр.
Сондықтан ендігі жерде Ұлттық банктің негізгі және басты міндеттерінің
бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып табылатын Ұлттық банктің
қысқа мерзімді қойылымдарын енгізу болып табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің
ақша-несие саясатын жүзеге асыруда рефинансирование пайыз қойылымын
өзгерту арқылы іске асырады. Биылғы жылы Ұлттық банк инфляцияның қарқынды
етек алуына байланысты қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі мәрте өсірді.
Оның бірінші жолғы өсімі 2005 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының
рефинонсирования қойылымының өсуімен көрініс тапты.
Инфляцияны төмендетудің тағы да бір шарасы неғұрлым қатаң ақша-несие
саясаты болып табылады. Бұл шараны Ұлттық банк экономикалық перегрев
кезінде қолданады. Бәрімізге белгілі алдағы жылдары біздер экономиканы
несиелеуді дамыту үшін банктердің несие қызметтерінің ынталы жүруі үшін
пайыз қойылымдарын азайтуды қолға алған болатынбыз. Экономикада несие
ресурстарының өсуі жалпы қарыз ресурстарының өсуіне алып келлі. Банктердің
экономиканы несиелендіру шамасы соңғы 5 жылда 9,2 есеге өсті. Ал оның ЖІӨ-
гі үлесі 27%-ға дейін жетті.
Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық
толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту
немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын
атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі
қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша
айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып
Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.
Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және
елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық
операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік
валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның
төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның соңғы жылдардағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және инфляциялық процесс
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
2003-2006 жылдардағы инфляцияны төмендету саясаты және инфляцияны таргеттеудің Қазақстанда қолданылуы
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты туралы
Инфляцияның себептері мен механизмдері
Қазақстан Республикасы экономикасында инфляциялық процестерді талдау
Бағаның инфляциядағы рөлі
Қаржы және инфляция туралы
Пәндер