Ішкі туризм туралы ақпарат



КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШІКІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Туризм туралы түсінік
1.2 Қазақстандағы ішкітуризмнің қазіргі жағдайы
1.3 Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің рөлі
1.4 Қазақстанда қазіргі таңда кездесетін туристік аймақтар
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТИЯСЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Ішкі туризм индустриясының даму мәселелеріне теориялық негіздеме
2.2 Қазақстан туризм индусриясының құрылымы
2.3 Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру
3 ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
3.1 Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
3.2 Халықаралық маңызы бар белседі жобаларды іске асыру
4 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ
4.1 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
4.2 Ішкі туризм . қазына байлығымыз
4.3 Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай.күйi
4.3.1 Шығыс Қазақстан облысындағы ішкі туризмнің жай.күйіне баға беру
4.3.2 Туризм саласын дамыту жолында Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009.2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы
4.4 Облыстың туристік мүмкіншіліктері және ішкі туризм көлемдерінің өсу қарқыны
4.5 Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi . iшкi туризмдi дамытудың және туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн қалаушы факторлардың бiрi
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ішкі туризм - мемлекет жарнамасы сонымен қатар ішкі туризм - қазына байлығымыз. Қазіргі таңда дүниежүзлік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт – дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түпкір – түпкірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдаң Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады.
1. Гуляев В.Г. Новые информационные технологии в туризме. – М.: Приор, 1998 – 123 б.
2. Квартальнов В.А. Туризм. - М., 2001 ж. – 88 бет.
3. Сенин В.С. Введение в туризм. - М., 1993 ж. – 80 бет.
4. Квартальнов В.А. Туризм. - М.: Финансы и статистика, 2002 ж. – 145 бет
5. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. – Алматы: Ғалым, 1992. –115 б.
6. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский. – Алматы, 1989 жыл – 134 б.
7. Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы заңы. – Алматы, 2001. – 36 б.
8. Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 499-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 1 қаңтар N 1
9. Жолдасбеков А.А. Пыхарев А.Н. Мамадиаров М.Д. Организационно - правовые основы туристской деятельности в РК. // Учеб. метод. пособие – Алматы: Ғылым, 1998 ж. – 87 б.
10. Карпова Г. А. Экономика современного туризма. – М.: 1998 ж. – 146 б.
11. Маринин М. М. Туристские формальности и безопасность в туризме. - М.: Финансы и статистика, 2004 ж. – 67 бет.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ішкі туризм - мемлекет жарнамасы сонымен қатар ішкі туризм - қазына байлығымыз. Қазіргі таңда дүниежүзлік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт - дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түпкір - түпкірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдаң Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын - ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкінішке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі - туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмнің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.
Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан қарастырдық:
- Ішкі туризм индустриясының даму мәселелері;
- Қазақсанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайы;
- Қазақсанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері;
- Ішкі туризмінің дамуының алғы шарттары;
- Қазақстанда қазіргі кезде кездесетін туристік аймақтар;
Осыған байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мынандай бөліктерден тұрады:
- Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктерін қарастыру;
- Қазақсанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайына шолу жасау;
- Ішкі туризм дамуының алғы шарттарын белгілеу;
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен мөлшерде зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның туризм индустриясын қалыптастырудың және дамыту мәселелерін қарастыру, туризмнің аз тексерілген аспектілерінің мүмкіндіктерін ашу және әлемдік туристік индустрияға ену болашағын зерттеу.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының ішкі туризм индустриясы.
Зерттеу нысаны: Қазақстандағы ішкі туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен болашағы.
Зерттеу міндеті:
- Ішкі туризмді дамыту мәселелеріне теориялық негіздеме жасау;
- Қазақстандағы ішкі туризмнің әлемдік деңгейге жету барысында қазіргі даму жағдайына сипаттама беру;
Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамытудың әлеуметтік - экономиканың алғы шарттарын қарастыру.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШІКІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

.1 Туризм туралы түсінік

Қазіргі кезде адам қызметінің әртүрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның шінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм.
Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік- сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%- ын, әлемдік инвестицияның 7%-ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір оптимум таңдау өте қиын.
1980 жылы Манила декларациясы Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданында, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі (Филиппин, қазан 1980 жылы) - деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комисииясы туризмге кең анықтама берді: Туризм - бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, бір жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі [1].
Халықаралық туристік Акдемия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло): туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір трнспорт түрімен жасалатын саяхат.
П.Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау - дейді.
Қазіргі күнге дейін туризм түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген.
Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдақ - экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрыңғы ҚСРО кезінде тіршілк деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманың өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір туризм терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы екі бағытта беріледі:географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік - территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г.А. Папирян,туризм ол қызметтер жиынтығы,оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.
П.В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерешеліктеріне байланысты болады. Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнініе нақты анықтама қазіргі туризмнің экономикасы жұмысында берілген: Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік нысандар, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай- ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие [2].
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші боатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар төмендегідей (сурет 1).

1 сурет. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына әсер ететін факторлар [2]

Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі фактолар статистикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статистикалық факторларға табиғи - географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтк - экономикалық, материалды - техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағасы, мағынасы болады [3-4].
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризм ңегізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс - сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағадайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындарының уақыт құрылымын анықтау керек.
Экзогенді факторларға:
oo экономикалық факторлар;
oo қаржылық факторлар жатады.
Алайда біздің ойымызша, бұл факторлар ерекшелініп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.
Сонымен қатар экзогенді факторларға:
oo саяси;
oo құқықтық бақылаудың өзгеруі;
oo технологиялық өзгерістер;
oo транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы;
oo саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие.
Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану, орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.
Туризмнің дамуын тежейтін факторлар қатарына төмендегі суретте көрсетілген факторлар жатады (сурет 2) [3].

2 сурет. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар [3]

.2 Қазақстандағы ішкітуризмнің қазіргі жағдайы

Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жеке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы жеке тәжірибеге негізделуі тиіс қызмет.
Туризм - әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9 жұмысшының орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және жоғары деңгейде дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің бірі. Халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады. Ішкі туризменен түскен табыс, табыс көлемі бойынша мұнда, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан кейінгі үшінші орынды алады. Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа мыңжылдақта да қала бермек. Ал туризмнінң өсуіне негізгі себеп болатын, ол туризм әлемдегі дәстүрлі аудандардан басқа, жаңа территориялардың пайда болуы. Осыған байланысты Қазақстанда әлемдік туристік нарықтағы өзінің орнын алып қалуға зор мүмкіншілігі бар. 1993 жылы Қазақстан Республикасы ДТҰ - ға нақты мүше болып кірді [3].
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым саласының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылығын жүргізудің субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Біздің ғасырымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек Жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан ішкі туризмнің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы ішкі туристік қызметті реттеумен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуің, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына, және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басты сала деп анықтады.
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату едлдің энергия көздері азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді.
Шетелдік экономистердің есебі бойынша 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.
Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді,экономикалық тиімді болашақ (сурет 3) [4-5].

3 сурет. Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді [5]

Қазақстанда ішкі туризмнің дамуы үшін нормативтік - құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы жаңа заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасының экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындайды. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады [8].
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылғы Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңдандыру. Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2000 жж жеке туризм инфрақұрылымын құру туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
Қазіргі уақытта 2000 - 2015 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бұл бағдарламаның басты мақсаты республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі жеке бәсекеге қабілетті туристік немен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету. Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі туристік бейнесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.
Мемлекет басшысының Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында атты халыққа Жолдауында туристік сектор шикізаттық емес саладағы ел экономикасының мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында экономикалық басымдықтардың бірі болып белгіленеді.
Қазақстанның мәдени - тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемені қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады [6].
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шауашылық жүргізуші субъектілердің құрылу және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық, тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Осындай көрсеткіштерге ие болып отырған туризм саласы Қазақстан Републикасында енді бой көтеріп келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Мемлекеттің экономикасына валюталық кірістің көзі ретінде туризмді перспективті салалардың бірі деп бірнеше рет атап өтті. Бірақ, бүгінгі таңда Қазақстанда туризм саласы қажетті әлемдік стандарттардан артта қалып отыр.
Бұл бір қатар төмендегі жағдайлармен анықталады, олар (сурет 4) [6].

4 сурет. Қазақстанда туризм саласы қажетті әлемдік стандарттардан артта қалып отыру себебі [6]

Сонымен қатар туризм индустриясын нарықтық бәсекелестікке сай құру үшін ұиымдастырушылық, инновациялық және экологиялық негіздің дамымағандығы, туризмнің ғылыми негізінің өңделмегендігі.
Туризм индустриясын үлкен көлемді бизнес негізінде дамытуды қалыптастыру және рекреациялық потенциалды, рационалды пайдалану Қазақстан 2030 стратегиясын, Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы, Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы заңын және басқада нормативтік - құқықтық актілерін жүзеге асыру мақсатында бағытталған [6-8].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірнеше кезектегі міндеттер қарастырған (сурет 5) [8].

5 сурет. Қойылған мақсаттарға сәйкес бірнші кезектегі міндеттер [8]

Мемлекеттік бағдарланы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамытудан, қазақстандық туристік өнімінің маркетингінен және ілгеріленуінен, экологиялық туризм - тұрақты даму факторынан, балалар мен жасөспірімдер туризмі - ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторларының бірінен, кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінен және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуден, туризмді ақпараттық қамтамасыз етуден, туристер қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтан және халықаралық маңызы бар туризм саласындағы "белсенді" жобаларды іске асырудан тұрады. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер және оның көрсеткiштерi
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысында туристер ағынының тұрақты өсiмiн былайша қамтамасыз ету көзделедi:
бiрiншi кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
iшкi туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2009 жылы 4,0 млн. туристке дейiн;
сырттан келушiлер туризмi бойынша 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2009 ж 6,0 млн. туристке дейiн.
екiншi кезеңде (2010-2011 жылдар)
iшкi туризм бойынша 2010 жылғы 4,1 млн. туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейiн;
сырттан келушiлер туризмi бойынша 2010 жылғы 7,0 млн. туристен 2011 ж 9,5 млн. туристке дейiн.
Шартты түрде орта есеппен бiр шетелдiк турист өзiнiң болуы уақытында бюджетке 63500-гe жуық теңге әкелсе, 2007 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы дейiнгi кезеңде сырттан келушiлер туризмiнен бюджетке түсетiн түсiм 603250 млн. теңгенi құрайды.
Сырттан келушiлер туризмi есебiнен сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейiн қамтамасыз етiледi [8].
Мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген шаралар кешенiн iске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушiлердiң де есебiнен одан әрi көбейтуге жәрдем ететiн болады. Ақырғы қорытындысында бұл ұлттық турөнiмнiң тартымдылығын елеулi арттыруға әкеледi және Қазақстанның қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы шеңберiнде халықаралық кәсiпкерлiк пен әскери ынтымақтастықтың маңызды саласы ретiнде әлемдiк туристiк нарыққа кiруiне жәрдем ететiн болады. Мемлекет экономикасының шикiзаттық емес секторы iшiндегi бiршама кiрiстi саласына айналуға мүмкiндiгi бар, дамыған бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның орталықазиялық өңiрдiң туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкiндiктер жасалады.

1.3 Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің рөлі

Қазақстанда сырттан келушілер барынша кең көлемі Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда, сондай - ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрылым сыртқа шығушылар туризімі дамыған (сурет 6) [8].

6 сурет. Шығу туризмінің үлесі - 55 пайызды, ішкі - 51 пайызды, келу - 3 пайызды құрайды [8]

Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, тұтастай алғанда Қарағанды туризімінде Алматы және Ақмола облыстарында байқалады, республика бойынша туризмнің барлық түрлері мен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген.
Бұл өңірдегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай - ақ шоп - турлар болып табылады (сурет 7) [8].

7 сурет. Қазақстан Республикасындағы туризм түрлері бойынша туристік ағын көлемінің өсу серпіні (мың. адам) [8]

2001 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға қажетті қаржылай қаражатты бөліп келеді, алайда, талдау көрсеткеніндей, облыстардағы туритсік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі жергілікті атқарушы органдардың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аударуы болып табылады. Айталық, ішкі туризмді дамытудың 2003 - 2005 жылдарға арналған өңірлік және республикалық бағдарламасын іске асыруға Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылы 329 мың теңге, Павлодар облысында жыл сайын бес жүз мың теңгеден және Қостанай облысында - 1,5 млн. теңге шегінде бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Статистка Агентігінің деректері бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект болды, оның ішінде: 273 мейрамхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий - профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу профилакорий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үй, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 таушаңғылық базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй ,1 балалар мен жасөспірімдер туризмнің орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5.
2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа орналастыру орынының 340 жекеменшік нысанында, 22 - сі мемлекет меншігінде және 23-і басқа мемлекеттердің меншігінде болды.
Елде үш, төрт, бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскерлік мақсатта болатыны және олар сапалы әрі қызмет көрсетулердің толық жиынтығын ұсынылатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынының көрсетті. Елдің іскерлік орталықтары ірі қалалардағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің одан әрі дамуы дәл осы іскерлік туризмге байланысты болады.
Алайда, қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қосалғанда орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторйлік-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегіне жетуіне сипатталады.
Қазаіргі ішкі туризм экономикалық құбылыс ретінде индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың жалдам дамуының катализаторы болып, ілгері басып, жаңа жұмыс орындарын бареді, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететді, жергілікті инфрақұрылымның дамуын және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтереді. Туризм индустриясы инвестицияның жылдам өтелуі мен жоғары дәрежелі тиімділікпен айқындалады. Яғни, туризм мемлекет экономикасына қолайлы жағдай тудырып, оның дамуына әсер етеді (кесте 1) [8].

1 кесте

Облыстар тұрғысынан туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны [8]

Облыстар
Туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны

Барлығы
Оның ішінде

Сырттан келушілер
Сыртқа шығушылар
Ішкі
Қазақстан Республикасы
1817402
304664
217961
1294777
Ақмола
58529
1377
480
56672
Ақтөбе
63733
9222
4765
49746
Алматы
152593
971
32080
119542
Атырау
91873
30963
5122
55798
Шығыс Қазақстан
168320
8434
3200
156686
Жамбыл
40101
2204
4416
33481
Батыс Қазақстан
36498
6333
7905
22260
Қарағанды
161477
14387
14164
132926
Қостанай
39148
4482
2424
32242
Қызылорда
15141
2020
746
12375
Маңғыстау
59050
8203
2487
48360
Павлодар
60353
2626
2900
54827
Солтүстік Қазақстан
53843
6237
8911
38695
Оңтүстік Қазақстан
55020
4172
1217
49631
Астана
251432
31090
31783
187749
Алматы
510281
171133
95361
243787

Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, тұтастай алғанда Қарағанды туризімінде Алматы және Ақмола облыстарында байқалады, республика бойынша туризмнің барлық түрлері мен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген.
Бұл өңірдегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай - ақ шоп- турлар болып табылады.
2000 жылы Қазақстанға 100 әлем мемелекеттерінің өкілдері келді. Зерттеген уақыт барысында Қазақстанға туристерін жіберетін мемлекеттер ішінен 1-ші орынды Германия, 2-ші орынды Ресей, содан кейін Туркия, АҚШ және Жапония елдері [8-9].
Көрсеткіштерді анализдеп, Германия азаматтарын резидент емес туристерге қызмет көрсету басымдылығы Қазақстанда үлкен неміс диаспорасының барлығымен түсіндіріледі: Ресей, екінші орында, бұл географиялық жақындалық және біздің мемлекеттер арасындағы ескі байланыстар (сурет 8) [8].

8 сурет. Туризмнің басым түрлері бойынша туристік ағымдар көрсеткіші [8]

Туркия үшінші орында тұр. Бұл тарихи тамырлардың, тілдің, мәдениеттің жалпылығы, сонымен қатар Түркияның Қазақстанға деген кәсіпкерлік ортаға қызығушылығы. АҚШ және Жапония Қазақстанға негізінен экономикалық тұрғыдан құштар.
Біз Қазақстанға туристерді жіберуші мемлекеттерді 6 категорияға бөлдік (сурет 9) [8-9].

9 сурет. Қазақстанға туристерді жіберуші мемлекеттердің 6 категорияға бөлінуі [8-9]
Осы категорияға сәйкес 2005 жылы бірінші категорияда Ресей, Германия, Қытай, Түркия. Екінші категорияда жіберуші мемлекеттер болған жоқ, үшінші категорияда Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея, төртінші категорияда Австрия, Бельгия, Үндістан, Австралия, Нидерланд және Франця, Италия және т. б. Бесінші категорияда Дания, Ирландия, Малайзия, Норвегия, Сингапур, Филиппин, Финляндия, Швеция жатады. Алтыншы категорияға қалған мемлекеттер яғни, Аргентина, Египет, Иордания, Жаңа Зелендия, БАЭ, Португалия, Тайланд және т. б. Жатқызамыз [10].
Шетелдік туризмді дамыта отырып, оның әсерінің нәтижесін үйрену керек. Әрине бүгінгі күнде шетелдік туризмнің дамуы Қазақстанға ешқандай әсер еткен жоқ. Сонда да жалпы қабылданған шетелдік туризмнің әсерін келтірейік. Н.Ю. Малашенко туризм дамуының дамушы мемлекеттерде экономикалық - әлеуметтік және экологиялық әсерін бөліп көрсетеді. Біз тек экономикалық әсерін шетелдік туризмге қатысты жағдайларды көрсетеміз (кесте 2) [10].

1 кесте

Дамушы елдерде шетелдік туризм дамуының экономикаға әсері [10]

Пайда
Зиян
Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудың ұлғайуы
Нақты валютаның ағып кетуі
Жергілікті ресурстарды пайдалану
Дәстүрлі жұмыстан кетуі
Нақты валютаны және шетелдік капиталды тарту
Жұмыссыздық қаупы
Жергілікті іскерлік айналымның өсуі
Маусымдылық жұмыс бастылық
Ұлттық тауар және қызмет өндірісінде құрылымды жылжуы
Инфляция
Жұмыс бастылықтың ұлғаюы
Шетелдік компанияларға басшылықтық узурпациясы (басымдылық )
Жеке табыстың өсуі
Халықаралық экономикалық коньюнктураға, сәнге, саяси жағдайға бағыныштылығы
Аймақтың диспропорция балансы
Экономикалық кризистердің және дамудың жөнге келтірілмеуі
Шетелде мемлекеттің экономикалық имиджін жасау

Дамушы мемлекеттерде туризм дамуының бір ерекшелігі ұлттық туризмнің болмауы және осы жерде қалыптасқан туризм индустриясы сыртқы сұранысты қанағаттандыруғы бағытталған. Бұл Қазақстанда да өз дәрежесінде байқалады. Жалпы менің ойымша шетелдік туристерді тарту негізінде туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту - жақын болашақтың жұмысы [1].
Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік ұиымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық - ақпараттық өнімнің сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды. Бүкіләлемдік туристік ұйымның іс - шаралары күнтізбесіне енгізілген KITF - Қазақстан халықаралық жәрмеңкесі алматы қаласында, Белуха халықаралық туритсік фестивалі Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізіледі. 2005 жылы KITF жәрмеңкесіне әлемнің 23 елінен 200-ден астам компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттері 30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар негізгі мақсаты туристер ағымының елдің орталық және солтүстік өңіріне тарту, ел ордасы - Астананың үшінші мыңжылдық қаласы ретінде имиджін қалыптастыру болып табылатын Астана - Демалыс халықаралық Қазақстандық туритсік көрме жыл сайын өткізіліп тұрады.
Бүгінде республика іс жүзінде туризмнің қолданыстағы барлық түрін ұсынып отыр. Туристк кластерді дамыту шеңберінде республикада туризмді дамытудың іскерлік, экологиялық, мәдени - танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлері сияқты басым бағыттары айқындалады.
Елде әртүрлі туристік қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалуда, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленіп қабылданды (кесте 3) [10].

2 кесте

Өндірілген өнім (жұмыстар мен қызмет көрсетулер) көлемі (млн. тең) [10]

Жұмыстар мен қызмет көрсетулер
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
БАРЛЫҒЫ
оның ішінде:
9055,0
22386,9
29944,0
Туристік фирмалар
2926,2
3204,2
5028,0
Қысқа мерзімде тұруға арналған қонақ үйлер және басқа да орындар, оның ішінде:
2181,4
14530,7
17737,5
мейрамханалары бар қонақ үйлер
1547,5
12886,4
15927,0
Жұмыстар мен қызмет көрсетулер
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
мейрамханалары жоқ қонақ үйлер
524,4
1297,5
1533,3
жастар туристік лагерлері және таулы туристік базалар
33,5
41,4
57,7
кемпингтер
-
148,9
0,7
басқа да тұрғылықты жерлер
76,0
156,5
218,8

Қазақстан Республикасында туризмнің материалды- техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды. Ішкі туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбіненсен автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын респуликалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік нысандарға апаратын жолдар бар.
Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлардың тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлереінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдауышы-Қазақстан Темір Жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы мен Жолаушылар Тасымалы акцоинерлік қоғамы туризм саласындағы уәкілетті органның қолдауымен 2002 жылдан бастап Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент - Самарканд- Үргеніш - Бішкек - Рыбачий - Алматы бағыты бойынша Жібек Жолы меруерті мамандырылған поезын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асырды.
Болашақта Тегеранға дейін екінші кезеңді, Қытайдың Шынжан Ұйғыр автономия округы арқылы Пекинге дейін үшінші кезеңді жүзеге асыру жоспарлануда.
2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативті - құқықытық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолдануда. Жапония, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауыд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Монғолиямен, Малазиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары конрагенттерге келісу үшін жіберілген. Қазіргі уақытта БҰҰ мамандырылған мекемесі болып табылатын ДТҰ - мен ДТҰ - ға мүше елдердің туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайтылды.
Резидент еместердіе ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде. 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатасумке республикада халықаралық туристік жәрмеңкелер өткізілуді қосалғанда, туристік қызмет жөнінде іс- шаралар ұйымдастыруға бөлінді.
2003 жылдан бастап туристік іс - шаараларды қаржыландыру көлемі бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлінген қаржы қаражат сомасы 39,5 млн. теңгені құрады [15].

1.4 Қазақстанда қазіргі таңда кездесетін туристік аймақтар

Қазақстандағы туризмдік аймақтар туралы сөз қозғағанда ойымызға келері тоғыз жолдың торабы - әлемге әйгілі Тау Түрген шатқалы. Алматыдан Шығысқа қарай тау бөктерлеп 90 километр жол жүрсеңіз, жаң - жағыңызды ылғи да бау - бақша мен терек, кайың, қарағаш, емен, шетеннің жасыл жапырағы орап отырады да шыңдары көкке қол созған асқақ таулардың қойнауына кіріп кетесіз. Шатқалға кіргеннен сізді жақпар - жақпар жартастар қоршап алады. Қожыр - қожыр қойтастар арасынан бой көтерген шыршаның түбіне назар салсаңыз. тамырлы тасты жарып шыққан ба деп таң қаласыз. 44 шақырымға созылған бұл шатқалдан көкорай шалғын майданды, мөлдірдеген көлдер мен көлшіктерді, тасты тесе, құмды қопара тесіп шыққан тау бұлақтарын көресіз. Ол - ол ма, сіз бұл шатқалда бұрын соңды көрмеген тау сарқырамаларын тамашалау бақытына ие боласыз. Сол сарқырамалардың ішінде биіктігі 30 метрден асатын тік жартастар мен құлама құздары, шыршалар мен қарағайларды аралап өтіп төмен құлаған Аюлы сарқырамасы сіздің есіңізде мәңгі қалуы сөзсіз. Тасты тіліп, тауды үңгіп жатқан Бозкөл сарқырамасы да сіздің қиялыңызға қанат бітіреді. Толқындары тастан тасқа секіріп барып омақаса құлап, қайта көкке шапши аққан Асы өзенін бойлай өрлесеңіз ежелгі қорғандарды, тақтатастардағы таңбаларды көресіз. Бәрінен де Асының ақбалығын аулап, дәмін татып қайтпасаңыз, Түрген шатқалында болдым дегеніңіз бекер.
Алматыға қайтар жолда Есік қорғанына тоқтайтыныңыз сөзсіз.Өйткені мұнда дүние жүзін аралап шыққан Алтын адам табылған қорған бар. Алтын адам ол алтын әшекейлермен тігілген сауатымен жерленген сақ көсемінің мәйеті. Есік қорғаны біздің дәуірімізге дейінгі 5-4 ғасырлардағы сақтар заманына жатады.
Колорадо штатындағы Гранд Каньомен салыстыруға әбден лайық Шарын каньонын көру бір ғанибет.(Қосымша А).
Шарын каньонын көру бір ғанибет болса, Шарын өзені құятын Іле жағалауын тамашалау да сондай бір тамаша құбылыс.
Шарынға жетпей онға бұрылсаңыз тақтақ жол сізді әйгілі Көлсайға бірақ апарады.(Қосымша Б).
Ал Шарыннан өтіп, Қулық тауын ары ассаңыз, алдыңыздан менмұндалап атақты Қарқара жайлауы қол бұлғайды. Бұл жайлаудан шығысқа қарай жүрсеңіз шалғаннан кілем төсеп Шәлкөде шақырады. Одан әрі Хан - Тәңірін бір көрмей қайтпайсыз.
Сонымен қатар еліміздің әйгілі мақтаныштарының бірі- солтүстіктегі, Астана мен Көкшетау қалаларының арасында Бұрабай алабы бар. Міне осы Бұрабай аймағы әрқашан өзектіжәне туризмнің қалыптасуына қазіргі кездегі тың мәселелердің бірі болып табылады. Көкшетау Бұрабай аймағы- Солтүстік Қазақстан аймағының ең әдемі жері, демалыс орындарының, шипа жайлардың спорт - сауықтыру лагерлердің өлкесі. Өзінің әсемділігімен, бірегейлігімен Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің түкпір - түкпір жерлерінен он мыңдаған адамдарды баурап алуда. Бурабай қымыз, балшық емдеулермен және арасан су тоғандарымен әйгілі. Дауалы жердің бір ерекшелігі оның таза ауасымен татырауындардың және қылқанда ормандардың қанық жұпар иісінде.
Бұрабай - халықаралық мәннің дауалы жері. Біртұтас дәрәгерлер мен демалушылардың айтуы бойынша Бурабайдың басты емшісі - табиғат. Оның негізгі бес кабинеті бар: орман, су, тау, ауа және күн.
Өсімдік және жануарлар әлемінің киелі орны, әсемдік пен көл молдығы Көкшетау Бұрабай аймағының тағы бір әсем аты - ол Қазақстанның інжу маржаны.
Еліміздің келесі інжу- маржаны болып табылатын Оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи ескеткіштері атап өтпеуге болмайды. Еліміздегі саусақпен санарлық туризм саласының мамандарының сөзіне құлақ түрсек, оңтүстік өңір туризмді қолға алу үшін таптырмайтын орын санатында. Тек, әттегенайы әлемге әйгілі орталықтардың қатарында қарастыруға болатын мұраны елеп - екшейтін жанның жоқтығы ғана. Айталық, Түлкебас ауданы мен Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігі арқылы жайылып жатқан шекарасын Өгем жотасының солтүстігіне дейін жалғайтын Ақсу Жабағалы қорығы кез - келген туристі тамсандыратын деңгейде екені анық. Аталмаш қорық өткен ғасырдың бастапқы ширегінде, атап айтсақ, 1926 жылдардың еншісінде құрылған Баиыс Тянь - Шань табиғи қойнауын қалайда сақтап қалу мақсатында қорық ретінде бекітілген бұл өңір еліміздегі тұңғыш қорық болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би, Түлкібас аудандарынаң жерінде жатқан теңіз деңгейінен 1500-5000 метр биіктікте жатқан қорықтың көріктілігін бір сыры Жетісудың жеті өзені аталатын бастауын Тянь-Шаньнан алатын Ақсу Жабағалы, Майдантал өзендерінің кесіп өтерінде жатыр [6].
Аталмыш қорықты туристер келетін орын деп айырықша атауымыздың себебі, бұл қорық ЮНЕСКО - ның әлемдік таңдаулы қорықтар қатарына кірген. Жерінің аумағы сексен мың гектар көлеміндегі жер жанатында таулы өңірінде сирек кездесетін шөптер болса, беткейінің қалың шырша мен арша екені көзге шалынады. Шыңдары шағылысып көз қаритын мұз басқан қорықты қар жарып Ақсу өзені ағып өтеді. Тағы бір айта кетекерлік жайт дәрі жасау өндірісі мен алға шыққан елдерді мұндағы өсімдіктер әлемі де қызықтырады екен. Қорықтың жануарлар әлемі де таңдай қақтырарлық, мұнда жоғалып кеткен динозаврлар мен ыстық өңірге ғана тән піл болмаса да қызыл кітапқа енген көптеген жануарларды кездестіруге болады.
Сүтқоректілердің 42 түрі: арқар, таутеке, елік, марал, барыс. Тянь-Шань қоныр аюы, борсық, сусар, құстардың 238 түрі: гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қарақ құтан, бозторғай, сары торғай, ителгі секілді;бауырмен жорғалаушылардың тоғыз түрі: алай жалаң көзі, сары бауыр кесіртке, қалқан тұмсықты қара шұбыр жылан, т.б.; қос мекенділердің екі түрі: жасыл құрбақа және көлбақа; сонымен қатар өзендерінде балықтың екі түрі тіршілік етеді.
Осы тәрізді жер санаты саналатын Оңтүстіктегі тағы бір - Қазығұрт. Кәдімгі сіз бен біз білетін Қазығұрттын маңында кеме қалған деп басталатын Қазығұрт осы. Талас Алатауының оңтүстік батысындағы мекен талайларды тамсандырғаны мен өзіміз үшін әншейін демалатын орын санатында ғана.
Шымкеттің маңындағы көлемі 55 шақырымға созылатын өңір діни әпсаналардың бірінде су басқа ғаламға азғындарды қалдырып, жақсыларды алып шығатын Нұқтың кемесі осы Қазығұртта тоқталған делінеді. Кей деректерде кеме Арабияның Жудды тауында, қай мәліметтерде Арарат тауында қалған делінгенімен, түркілік танымда жер етіндегі топан судан соңғытіршілік осы таудың баурайынан қайта басталған деген сенім бар. Таудың құлап ағатын Қаражансау өзені тау баурайының көркіне көрік қосуда.
Қазақ атаулының туристі тарта алуының бір көзі - бал қымыз екен. Осы Төле би ауданының Диханкөл ауылында туристер үшін қымыз тартылатын арнайы орын жасақталып, оған мемлекет тарапынан бір миллион қаржы бөлінген. Себебі, шет елден келген ғалымдардың көбі осы өңірінің қымызының денсаулыққа тигізген пайдасы барлығын зерттегені мен жариялағаны туристердің қызығушылығын оятқан.
Сонымен қатар, қазақ жерінде тек табиғи орталықтар ғана емес, тарихи жаухарларымыз да бар. Өңірдегі алқалы ғимараттардың бірі Яссауидің кесенесі. 16 ғасырдың еншісіне жататын ғимараттардың тарихының өзі тыңдаған жанның таңдайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR-технологиялар туралы ақпарат
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
АЛАКӨЛ-АҚШИ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АҚПАРАТЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Туризмдегі стандарттау және сертификаттау
Туристік фирмалардағы жарнамалық қызмет
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
Пәндер