Қазақ хандығы құрылған жылының зерттелу тарихы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Қазақ хандығы құрылған жылының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1.XIXғ.60ж.XXғ.30.40жылдардағы зерттеулер мен тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 XXғ 50.80жылдардағы зерттеушілердің ой.пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.6
2. М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінің негізінде жазылған деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.7
2.1.Ғалымдардың пікіріне арқау болған «Тарихи Рашиди» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.8

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ..11
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау туралы айтылуы ғылыми ізденістерге үлкен серпін берді. Қалың жұртшылықтың арасында әртүрлі ойлар айтылып, бұл тарихи оқиға үлкен қызығушылықпен талқылануда. Елбасымыз өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар.
1. Б.Б.Кәрібаев «З.Қинаятұлы және Қазақ хандығы құрылуының мәселелері».ҚазҰУ хабаршысы.Тарих сериясы, №3(62). 2011жыл 28-31б
2. «Қазақ хандығы тарихын зерделеудің кезеңдік ерекшелігі» 37-41бб
3. Б.Б.Кәрібаев «Қазақ хандығының құрылған уақытына байланысты пікірлер, оларды талдау» 2013жыл. Айбын «Қазақ хандығы құрылуының мәселелері» қараша 2014ж 2-5бб
4. Б.Аяған «Қазақ хандығы: құрылуы, негізін салушылар» Ана тілі газеті, 2015 жыл 5-11 акпан №5 (1263) 6-7бб
5. Есенғазы Қуандық «Қазақ еліне 550 жыл»
6. М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» 1995жыл, Алматы 9-бет
7. З.Қинаятұлы «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» 240б. Б.Б.Кәрібаев «З.Қинаятұлы және Қазақ хандығы құрылуының мәселелері».ҚазҰУ хабаршысы.Тарих сериясы, №3(62). 2011жыл 28-31б
8. Б.Аяған «Қазақ хандығы: құрылуы, негізін салушылар» Ана тілі газеті, 2015 жыл 5-11 акпан №5 (1263) 6-7бб
9. Б.Б.Кәрібаев «Қазақ хандығы құрылуының мәселелері» 2013 жыл
10. Нұрлан АТЫҒАЕВ «Ерліктін арқауы, елдіктің бастауы-Қазақ хандығы» Астана ақшамы. 11 сәуір 2015жыл

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Нұрлы жол-болашаққа бастар жол атты Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау туралы айтылуы ғылыми ізденістерге үлкен серпін берді. Қалың жұртшылықтың арасында әртүрлі ойлар айтылып, бұл тарихи оқиға үлкен қызығушылықпен талқылануда. Елбасымыз өз сөзінде: Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз-бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз деген болатын. Қазақ хандығының құрылуы тарих ғылымында тереңінен зерттелді дегенімен, әлі де болса зерттеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Алайда бұл тақырыпта сан түрлі сауалдар мен пікірлер туындап отыр. Мәселенің тарих ғылымында алғаш көтеріле бастағанына бір жарым ғасырдай уақыт өтті. Сол кезден бері әрбір тарихи кезеңде өмір сүріп мәселемен тікелей айналысқан зерттеушілер тақырыпты жан-жақты қарастыруда.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Тарих ғылымында әрбір тақырыптың, мәселенің өзіндік зерттелу тарихының болатындығы мәлім. Кейінгі ортағасырлық Қазақстан тарихындағы осындай мәселелердің біріне- Қазақ хандығының құрылған жылы мәселесі жатады. Осы түйінді мәселеге жан-жақты зерттеулер жүргізе отырып, нақты шешімін табу. Ғылыми айналымға енбеген тың пікірлерді ұсынып, әрбір ғалымның кемшіліктері мен артықшылықтарын таба отырып, жеке пікір қалыптастыру менің негізгі мақсатым. Мәселені толық қамтып, жаңа материалдармен танысу және тақырыпты ашу басты міндетім.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақ хандығының құрылған жылы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға. Сол себепті, оның зерттелуі де өзіндік мән-маңызға ие. Қазақ елі Қазақ хандығының 550 жылдығын ұлттық мереке деңгейінде атап өткелі отыр. Бұл өткен, бүгін және келер тарих алдындағы үлкен тарихи шара болғалы тұр. Осы мақсатта біз қазақ тарихының түп төркініне жете білуіміз керек. Осы талдау тарихнамалық ізденіс саласындағы Қазақ хандығының құрылған жылы туралы зерттеулерге назар аудартады.

1.Қазақ хандығы құрылған жылының зерттелу тарихы
Қазіргі таңда Қазақ хандығының құрылған жылы туралы жеке тарихнама қалыптасқан. Оның өзі бірнеше кезеңге бөлініп қарастырылған. Оның алғашқы кезеңіне-XIX ғасырдың 60-жылдарынан XX ғасырдың 20-жылдарының соңына дейінгі зерттеулер жатса, XX ғасырдың 30-40 жылдарындағы зерттеулер тарихнаманың екінші кезеңін құрайды. Ал осы ғасырдың 50-80 жылдарындағы тарихшыларымыздың осы мәселеге қатысты зерттеулеріндегі тұжырымдары мен ой-пікірлерін тарихнаманың үшінші кезеңіне жатқызамыз. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан қазіргі күндерге дейінгі Қазақ хандығының құрылуына қатысты зерттеу жұмыстары тарихнаманың соңғы немесе төртінші кезеңіне жатады.
Осы тақырыптың зерттелуіне өзіндік үлестерін қосқан ғалымдар: В.В.Вельяминов-Зернов, И.Крафт, Н.А.Аристов, М.Тынышпаев, Ш.Құдайбердіұлы, А.П.Чулошников, С.Асфендияров, М.Вяткин сынды тарихшылар өз еңбектерінде Қазақ хандығының құрылуы жөнінде ой-пікірлер айтып, мәселенің зерттелу тарихының алғашқы және екінші кезеңдеріне негіз қалады. Ал тарихнаманың үшінші кезеңінде А.А.Семенов, С.К.Ибрагимов, П.П.Иванов, Б.А.Ахмедов, В.П.Юдин және тағы басқа ғалымдар мәселені зерттеуде өзіндік үлестерін қосты. [1] Ленинградтық шығыстанушы Т.Сұлтанов, 1970 жыл. К.А.Пищулина осы жылдардың соңында- 1980 жылдардың ортасында М.К.Әбусейітова Қазақ хандығы тарихын шығыс деректемелері негізінде зерттеудің дәстүрін жалғастырды.[2] Хандықтың құрылған жылы ретінде 1456,1465-1466,1470-1471 жылдар деп көрсетіледі. Бұл жөнінде осы мәселемен айналысқан әрбір тарихшы өз дәлелдеулеріне сүйенеді.

3
1.1.XIXғ.60ж-XXғ.30-40жылдардағы зерттеулер мен тұжырымдар

Қазақ хандығы 1428 жылы құрылды деген пікірді тарихшы Ә.Хасенов дәлелдейді. Кейінгі жұмысында бұл автор 1428 жылдан бас тартып, 1445 жылды ұсынады. Қазақ хандығы 1456 жылы құрылды деген пікірді М.Тынышбаев, А.Чулошников және тағы басқалары атап өтеді.
1458 жылы құрылған деп Б.Б.Кәрібаев көрсетсе, 1465-66 жылдар шамасында құрылған деген пікірді Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегіне сүйеніп М.Қ.Әбусейітова және тағы басқалары ұсынады.Тарихшы Т.И.Сұлтанов болса Қазақ хандығының құрылуы 1470 жылы аяқталады деп қорытады.Қазіргі кезде осы көрсетілген даталар ішінде 1456 мен 1465-66 жылдар үстем пікірлер болып, тарихи әдебиеттерде жиі қолданылып жүр. Ә.Хасеновтың мақалалары баспасөз беттерінде жарық көрген бойда-ақ оның
пікірлеріне қарсы пікірлер айтылып, ғылыми орта оларды қабылдамай
қойды. Т.Сұлтановтың соңғы пікірлері тың болғандықтан көпшілік оны әлі игере қоймаған секілді. Сондықтанда көпшілікке кең тараған және Қазақ хандығы 1456 және 1465-66 жылдары құрылған деген тұжырымдарға тоқталамыз.

1.2 XXғ 50-80жылдардағы зерттеушілердің ой-пікірлері

Алдымен Қазақ хандығы 1456 жылы құрылды деген пікірді талдап көрелік.
В.В.Вельяминов-Зернов 1864 жылы Санкт-Петербург қаласында жарыққа шыққан "Исследование о Касимовских царях и царевичах" атты зерттеуінің екінші кітабын қазақ сұлтаны, XVII ғасыр басындағы Қасым хандығының билеушісі Ораз Мұхаммедке арнайды. Автор Ораз Мұхаммедтің Орыс ханға дейінгі шығу-тегін анықтау үшін көптеген шығыс деректерінің мәліметтерін қолданады. Кейбір дерек мәліметтері автордың пайдалануы арқасында алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп, ғылыми көпшілікке белгілі болады. Сондай деректердің біріне Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарих-и Рашиди" атты еңбегінің мәліметтері жатты. В.В.Вельяминов-Зернов "Тарих-и Рашидидің" екі нұсқасын пайдаланады. Біріншісі-парсы тіліндегі нұсқа болса, екіншісі-Ш.Уәлихановтың Қашғарға барған сапарынан алып келген Қашғарлық нұсқасы болды.Автор осы екі нұсқаны бір-бірімен салыстыра отырып, мәліметтерінің шынайылығын тексереді. Ораз Мұхаммедтің ата-бабалары туралы деректерді іздестіре келе, "Тарих-и Рашидиден" Керей мен Жәнібек хандарды кездестіреді. Бұл екі ханның Қазақ хандығының негізін салушылар екендігіне көз жеткізіп, соған қатысты мәліметтерді орыс тіліне аударады. "Бұл кезде Дешті Қыпшақта Әбілхайыр-хан билік құрып тұрды, одан жошылық сұлтандар көп қысым көрдік сол себепті де Жәнібек хан мен Гирей
4
хан екеуі Моғолстанға қашты...",-деп аударылады.[3] Ортағасыр авторларының жазбаларына қарағанда, 1465 жылға қарай, қазақтардың мемлекеті жан-жақтағы елдерге танымал болған. Кейбір зерттеушілер Керейді көбіне Гирей деп атайды. Бірақ қазақша дыбысталуының дәл бейнелеп жазылуына сәйкес қазақ әдебиетінде оны Керей деп атайды. Қазақ тіліндегі дыбысталуына сәйкес Керей деп аталғаны жөн. [4] 1456 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар, Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болатын.Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, жаратылысынан еркіндік аңсаған қазақ жұртын бастаған Керей мен Жәнібектің жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған ерекше оқиға - қазақ деген атауды иемденген халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс, жаңғырған қазақ этносынан тұратын мемлекеттің дүниеге келген мезгіл болды.[5] Кейінгі жылдардағы "Тарих-и Рашидидің"
Ташкентте шыққан орыс тіліндегі, Алматыда жарық көрген қазақ тіліндегі аудармаларымен салыстырғанда В.В.Вельяминов-Зернов аудармасының ешқандай айырмашылығы жоқ. Мәтіндегі кейбір сөздер басқаша түрде, басқаша стильде берілгені болмаса, жалпы мазмұн бәрінде бірдей, ортақ боп келеді. Бірақ та көпшілік көп назар аудара бермейтін бір өзгешелік XIX ғасыр ғылымында ұшырасады. Осы өзгешеліктің біз қарастырып отырған мәселеге негіз боп қаланатынын автор аңғармаса керек. Ол мынау еді: В.В.Вельяминов-Зернов Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақта билеуші боп тұрғанын айта келе, оның қай кез, қай жылдар екенін оқырмандарға түсіндіре кету үшін "Бұл кезде" деген сөз тіркесінен кейін (шамамен 860-1456 ж.) деген датаны жақша ішінде өзі қолданады. XIX ғасырдағы тарихи зерттеулерде авторлар өзіндік түсіндірмелерін мәтіннің арасына кіргізіп, оларды жақшамен бөліп көрсеткен. В.В.Вельяминов-Зернов та осы әдісті қолданады. Сөйтіп ол, Әбілқайыр ханның хижра бойынша - 860 жыл шамасында, қазіргі жыл қайыру бойынша - 1456 жылы Дешті Қыпшақта билеуші боп тұрғанын түсіндіре кетеді. Және де "шамамен 860 жылы" деуі - хижраның 860 жылының төңірегін меңзейді. Ол жылдар - 1455-1458 жылдар шамасы. Шығыстанушы ғалымның сол кездегі ғылыми беделі, атақ-дәрежесі ол қолданған 1456 жылды - басқа зерттеушілер Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Қазақ хандығын құрған жылы деп түсінеді. Кейіннен бұл датаны Ш.Құдайбердіұлы, А.Чулошников, М.Тынышбаев ең дәлелденген, дұрыс дата ретінде қолданады. Ал олардан кейін 1456 жыл - басқа тарихшыларға ауысады. Соңғы жылдары бұл датаны М.Мағауин "Қазақ тарихының әліппесі" атты кітабында қолданып, одан әрі жаңғыртып жібереді. Кейінгі зерттеушілер 1465 жылды, тіпті, бұдан соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес
5
үстінде өткені есепке алынбайды. 1465-1470 жылдар - хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана[6] - деген Мағауиннің тұжырымы сол кездегі тарихи оқиғаларды зерттеген өзге де тарихшы-ғалымдардың пікірлерімен үндес.Қазіргі күнде мерзімді басылым беттеріндегі журналистер негізінен, М.Мағауиннің еңбегіндегі датаға негіздеп тұжырымдар жасап жүр. 1456 жыл -Әбілқайыр ханның қаһарына мініп тұрған кезі. Оның беделін түсіріп, сағын сындыратын Сығанақ түбіндегі Өзтемір тайшы басқарған қалмақтардан жеңілуіне әлі бір жыл бар. Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлінуі - 1457 жылғы жаздың соңы - күздің басында Әбілқайырдың қалмақтардан жеңілісінен кейін болғандығын басқа дерек мәліметтері дәлелдейді. Олай болса, Қазақ хандығы 1456 жылы құрылды деген пікірдің көмескі, анық, дәл емес екендігін бірден көруге болады.
2. М.Х.Дулатидің Тарихи Рашиди еңбегінің негізінде жазылған деректер
Енді Қазақ хандығы 1465-66 жылы құрылған деген пікір туралы айта кетсек. З.Қинаятұлы Қазақ хандығының құрылған жылы туралы пікірінде зерттеуші мынандай тұжырымдарды негіздеуге тырысады. 1455-1456 жылдары Шу бойына көшіп келген Керей мен Жәнібектің мақсаты-Жетісудағы қазақтың көлемді бөлігі Ұлы жүзбен табысу, ондағы жұртқа арқа сүйеп, шибаниліктер басып алған ел-жұртты азат ету болды дей келе, олардың қадамы 870 (1465-1466) жылы жүзеге асты, қазақтар саяси билігін өз қолына алып, іс жүзінде Ақ Орданың шаңырағын қайта көтереді. [7] Бұл пікірге Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарихи Рашиди" еңбегіндегі деректер негіз болып отыр. Екі бөлімнен тұратын еңбектің бірінші бөлімінде автор XIV ғасырдың ортасынан XVI ғасырдың ортасына дейінгі Моғолстан атты ортағасырлық мемлекеттің тарихын баяндайды. Бірінші бөлімнің 39-шы тарауында Мұхаммед Хайдар Дулати Есенбұға хан тұсындағы Моғолстан тарихын айта келе, Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан қашып Моғолстанға келгендігін, сол тұстағы моғол ханы Есенбұға екендігін, оның Керей мен Жәнібек хандарға Моғолстаннның батысындағы Шу өзені бойынан Қозыбасы жерін бергендігін жазады.Одан әрі Дулати: "Қазақ сұлтандарының билік жүргізуінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығын зерттеудегі деректік негіздер
Тақырыптың өзектілігі
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының тарихи маңызы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Пәндер