Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ШВЕЙЦАРИЯҒА ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
1.1 Географиялық орны, қалыптасу тарихы, саясаты ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Швейцарияның саяси жағдайы және елдің әлемдік саясаттағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Табиғат жағдайлары мен ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4 Қорғалатын аумақтары және экологиялық жағдай ... ... ... ... ... ... ..17
2 ПОСТИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2.1 Постиндустриялық дамудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Швейцарияның халқы және әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3 Швейцарияның білім беру жүйесі . дамудың негізі ... ... ... ... ... ... ... 33
2.4 Швейцария экономикасы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

3 ШВЕЙЦАРИЯНЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Швейцарияның Қазақстанмен қарым.қатынасының дамуы ... ... ... .55
3.2 Швейцария мемлекетін орта мектепте оқып.үйренудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77
Швейцария — жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылықты, жеті миллионнан астам халқы бар өте бай мемлекеттердің бірі.Швейцария дүние жүзінде капиталды шетке шығарудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Швейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. Өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі ұлтаралық монополиялар үстемдік жағдайға ие.
Каймулдинова К. Д. Қазіргі дүние географиясы: Оқулық. – Алматы: 2011. – 312 б.
2. Орлов С. Вся правда про Швейцарию: http://www.archive.travel.ru-Switzerland-ski.html
3. Общая и прикладная политология: Учебное пособие / Под общей редакцией В.И.Жукова, Б.И. Краснова. – М.: МГСУ; Изд-во “Союз”, 1997. – 992 с.
4. Страны мира: Краткий политико-экономический справочник /Под общей редакцией И.С Иванова. – М.: Республика 1997. – 480 с.
5. http://www.swissworld.org/ru/politika
6. http://www.swissworld.org/ru/politika/gumanitarnye_tradicii/
1. Географический атлас мира / Гл. редактор Янис Тургайс, “Яня сета” - “Росмен”, Рига - Москва, 1997. – С.119-128.
2. Географический атлас мира. Гл. редактор Янис Тургайс, Яня сета - Росмен, Рига - Москва, 1997. – С. 248-249.
3. Габриэлян Г. До встречи. Вся ваша Швейцария.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Елтану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері

Алматы, 2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Елтану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
__ _____________ 2012 жыл
Елтану кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.д., профессор
________________ Каймулдинова К.Д.

Ғылыми жетекшісі:
География ғылымдарының докторы,
профессор К.Д. Каймулдинова
Оқытушы Н.М. Тургумбекова

Орындаған:
050116-География
мамандығының " география және
экономика" бөлімінің 4 курс студенті
Алибекова Дария

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 ШВЕЙЦАРИЯҒА ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
1.1 Географиялық орны, қалыптасу тарихы, саясаты ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Швейцарияның саяси жағдайы және елдің әлемдік саясаттағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Табиғат жағдайлары мен ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...14
1.4 Қорғалатын аумақтары және экологиялық жағдай ... ... ... ... ... ... ..17
2 ПОСТИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
1.1 Постиндустриялық дамудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... .20
1.2 Швейцарияның халқы және әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.3 Швейцарияның білім беру жүйесі - дамудың негізі ... ... ... ... ... ... ... 3 3
1.4 Швейцария экономикасы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

2 ШВЕЙЦАРИЯНЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Швейцарияның Қазақстанмен қарым-қатынасының дамуы ... ... ... .55
2.2 Швейцария мемлекетін орта мектепте оқып-үйренудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77

КІРІСПЕ
Швейцария -- жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылықты, жеті миллионнан астам халқы бар өте бай мемлекеттердің бірі.Швейцария дүние жүзінде капиталды шетке шығарудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Швейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. Өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі ұлтаралық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Елдер мен аумақтардың ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Швейцария дүние жүзінде 1-орынды иеленеді.
Швейцария - тіл мен мәдениеттің араласқан аймағы. Сондықтан да білім алу мерзімінің ұзақтығына қарамастан, Швейцариядағы білім өзге елдердегі біліммен салыстырғанда жоғарғы тәжірибе беруімен құнды. Сондықтан да оқу бағдарламаларының көп түрлілігіне байланысты әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі.
Швейцария елін зерттеу негізінде, елдің физикалық географиясы, әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде қалыптасқан шаруашылық салаларына талдау жасау, саяси жағдайы мен елдің әлемдік саясаттағы орнына талдау жасау арқылы оның оң тәжірибесін Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктерін қарастыру аса маңызды болды. Швейцария мен Қазақстанның байланыстарын қарастыру осы екі елдің жалпы дамуына ықпал ететін факторлар ретінде бағаланады. Осы аталған мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты - Швейцария мемлекетінің географиялық орны мен табиғи-ресурстық әлеуетіне баға беру, қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайына нақты деректер негізінде талдау жасау арқылы елдің даму тенденцияларын анықтау және Қазақстан мектептеріндегі география курсында осы елді оқытуды әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Бұл мақсат жұмыстың мынадай міндеттерін анықтап берді:
oo Дамуға ықпал ететін факторлар ретінде Швейцарияның қалыптасу тарихына талдау жасау, географиялық орны мен табиғи-ресурстық әлеуетіне өзіндік баға беру;
oo Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, елдің экономикалық және әлеуметтік географиясына талдау жасау;
oo Болашақ география пәнінің мұғалімі ретінде Швейцария Конфедерациясын Қазақстан мектептеріндегі география пәні аясында оқытудың әдістемелік мәселелерін негіздеу.
Зерттеу объектісі: Швейцария Конфедерациясы
Ғылыми зерттеудің жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Швейцария елінің географиялық жағдайы зерттеліп қазақ тілінде жазылды. Елдің физикалық және экономикалық жағдайына сипаттама беріледі. Халқының саны, демографиялық жағдайларына, шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері беріледі.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысының кешенді географиялық сипаты зерттеу барысында тарихи, салыстырмалы-географиялық, баламалау, статистикалық, картографиялы әдістер қолданылды.
Зерттеудің бастапқы материалдары. Зерттеудің деректемелік материалдары Ұлттық кітапхана қорындағы ғылыми және әдістемелік басылымдарды, ресми ұйымдардың сайттарындағы ақпаратты, баспасөз құралдарындағы жарияланымдар мен картографиялық деректерді қамтыды.
Жұмыстың қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін география мұғалімдері мен педагогикалық практика өтетін студенттер 10 сынып оқулықтары Материктер мен мұхиттар географиясы, Дүниежүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы, 11-сыныпқа арналған география оқулықтарында Швейцария мемлекетін оқып-үйренуде, сондай-ақ өлкетану жұмыстарында, туризм, экономика саласында, Швейцария жайлы анықтамалықтар құрастыруда пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттелген аймақ жайлы мәліметтерді жоғарғы оқу орындарында кеңінен қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Жұмыстың негізгі бөлігі 76 бетті құрайды, қосымшалар 7 бетті қамтыған. Жұмыс мәтіні 9 кесте, 24 суретпен жабдықталған. Пайдаланған әдебиеттер саны - 35.

1 ШВЕЙЦАРИЯҒА ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
1.1 Географиялық орны, қалыптасу тарихы
Швейцария Конфедерациясы -- Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 41,3 мың км2. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі (1-сурет).

1-сурет. Швейцария Конфедерациясының физикалық картасы

Физикалық-географиялық тұрғыдан алғанда, Швейцария аумағы Еуразия материгінде орналасқан. Оған Пеннин Альпісі, Юра тауы, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві, Үлкен Сен-Бернар, Симплон, Сен-Готард, Бернина асулары, Рейн, Ааре, Рона, Инн, Точино өзендері, Женева, Тунн,Фирвальдштет, Цюрих, Невшатель мен Биль көлдері тәрізді физикалық-географиялық бірліктер енеді. Швейцария Конфедерациясы 46050′ с.е. және 8020′ ш.б. аралығында, Еуропаның дәл орталығында орналасуы қолайлы климатты қалыптастырып қана қоймай, экономикасының да тиімді дамуына өз септігін тигізеді.
Экономикалық-географиялық орнының ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады:
* Швейцарияның Еуропаның күшті дамыған елдерімен (Германия, Франция, Италия, Австрия, Лихтенштейн) көршілес орналасуы, бұл фактордың оның дамуына қолайлы ықпал ететіндігі;
* Швейцарияның Еуропаның батысы пен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігіні байланыстыратын халықаралық қатынас жолдары бойында орналасуы оның дамуына оң әсер ететін фактор болып табылады;
* Еуропаны дәл орталығында орналасуы мен бейтарап саясат ұстануының арқасында маңызды халықаралық конференциялар мен дипломатиялық кездесулер жиі өтетін орын болып табылады.
* Швейцарияның тікелей теңізбен шектеспеуі оның ұзақ уақыт бойы сыртқы байланыстарын қолайсыз әсер етті.
Геосаяси жағдайы. Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы оның тарихи тағдырына, дамуына ықпал етеді. Мысалы, Британдық ғалым, саясаткер сэр Хэлфорд Джон Маккиндердің (1861-1947) геосаяси тұжырымдамасында көрсетілгендей, орталықта, яғни құрлықтың орталық бөлігінде орналасқан мемлекеттің географиялық орны ең ұтымды болып табылады деген пікір келтірілген [1]. Ғалым әлемнің жүрегі (хартленд) деп атаған орталық жерлер әлемді бақылау жасауға қолайлы географиялық плацдарм болып табылатынын айтқан. Осындай геосаяси теориялар тұрғысынан алғанда, Швейцария мынадай артықшылықтар мен қолайсыздықтарға ие болады:
* Еуропаның орталығындағы орны елдің жалпы саяси қауіпсіздігіне қолайлы әсер етеді;
* Қазіргі кезде елдің Еуропалық Одаққа енетін елдермен, соның ішінде бейтарап саясат ұстанатын елдермен көршілес болуы оның геосаяси жағдайын нығайтады;
* Елдің бейтарап саясат ұстануы оның халықаралық аренадағы беделін арттырып, көптеген халықаралық маңызы бар ұйымдардың штаб-пәтерлерінің осы елде орналасуына себепші болады. Мұның өзі дамуға қолайлы фактор болып табылады;
* Елдегі саяси жағдайдың тұрақтылығы мен құқықтық заңдылықтың қатаң сақталуы оның әлемдегі аса ірі қаржы, қызмет көрсету орталығына айналуына жағдай жасады.
Қалыптасу тарихы. Швейцарияны ежелгі заманда мекендеген адамдардың көптеген қоныстары сақталған (Драхенлох, Бирзек, т.б. палеолиттік үңгірлер, мезолиттік қоныстар, сырғауылды құрылыстар, т.б.). Швейцария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазбаша деректер б.з.б. II ғасырға жатады. Бұл кезде Швейцарияның көпшілік бөлігін кельттердің гельвет, шығысын рет тайпалары мекендеді. Б.з.б. 58 жылы Бибракт түбінде гельветтерді Г.Ю. Цезарь әскері талқандап, Римге тәуелді федераттарға айналдырды. Кейінірек б.з.б. 15 жылы рет тайпалары да Рим империясына толық бағындырылды. V ғасырда ел аумағын алеманн, бургунд, остгот тайпалары басып алды. VII ғасырда Швейцария жері франктер корольдігінің бір бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындар христиан дінін қабылдады.
X-XI ғасырларда Швейцария "Қасиетті Рим империясының" құрамында болды. XIII ғасырда Габсбургтер Орталығы Еуропаны Италиямен байланыстыратын тау асуларын бақылап отырған "тау кантондарын" (Швиц, Ури, Төменгі Унтервальден) өздеріне толық бағындырмақ болды. Габсбургтермен күрес қызған кезде 1291 жылы тамызда бұл кантондар Швейцария одағының (конфедерациясының) негізін қалаған "мәңгілік одақ" құрды. 1315 жылы Моргартен түбіндегі шайқаста австриялықтарды жеңу нәтижесінде Швейцария конфедерациясы өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 1499 жылы Швейцария "Қасиетті Рим империясынан" толық тәуелсіздік алды, бұл 1648 жылы Вестфаль бейбіт келісімінде ресми түрде бекітілді. XVI ғасырда елдің экономикасы жағынан дамыған қалаларында Ж.Кальвин, У.Цвингли бастаған Реформация орталықтары пайда болды. 1798 жылы ел аумағына француздардың баса-көктеп кіруі нәтижесінде Швейцарияда Гельветия қуыршақ республикасы құрылды. Н.Бонапарттың жеңілуіне байланысты 1814 жылы Швейцария егеменді кантондардың тәуелсіз конфедерациясына айналды. 1815 жылы Вена конгресі Швейцарияның "Мәңгілік бейтараптығын" жариялады, яғни ел соғыстарға қатысудан, әскери одақтарға еніп келісім жасасудан, өз аумағын кеңейтуден бас тартатындығы жөнінде мәлімдеме жасалды. Вена конгресінде Швейцарияның қазіргі шекарасы да анықталды.
1848 жылы қабылданған конституция бойынша Швейцария астанасы Берн қаласы болған біртұтас конфедерациялық мемлекетке айналды. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда Швейцария өзінің бейтараптығын сақтады. XX ғасырдың 2-жартысында Еуропа елдерінің саяси және экономикалық интеграциясы барысында Швейцарияның рөлі біршама артты. Дегенмен, 1986 жылғы референдумның нәтижесінде халық Швейцарияның БҰҰ-ға кіру ұсынысына өз келісімін бермеді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде ел көптеген халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатыса отырып, бейтараптық саясатты ұстап келеді. [2]
Саяси құрылымы. Швейцария ресми түрде Конфедерация деп аталады. Конфедерацияны әдетте федерациялық құрылымның бір түрі ретінде қарастырады, мұнда мемлекетті құрайтын бірліктер құқықтық жағынан дербес мемлекеттер сияқты болады. Швейцария кантондары осындай дербестікке ие болғанына қарамастан, біртұтастығын сақтап отыр. [1]. Конфедерация ұғымы өзіндік билік құрылымы бар, кей жағдайларда ішкі және сыртқы саясаттағы мәселелерге байланысты бірігетін егемен мемлекеттік одақ дегенді білдіреді.
1848 жылы қабылданған Конституция негізінде Швейцария бір орталыққа бағынған федеративті республика болып белгіленді. Конституция қабылданған сәттен бері кантондар конфедерация құрамынан шығу құқынан айырылды. Конституцияның тиімді қорытындысы автономды кантондар мен мемлекеттің қызығушылығын әділетті түрде қанағаттандыру болып табылады. Мемлекет билігі (Федералдық Кеңес) парламент сайлаған 7 адамнан тұрады. Швейцар билігінің өзгелерден ерекшелігі билік мүшелері кезегімен президент тағына бір жылдық мерзімге тағайындалады.
Демократияның тікелей қалыптасқан үлгісіне байланысты швейцар азаматтары мемлекеттегі және әр кантондағы заң шығаруға тікелей қатысады. Швейцария шынымен де өзінің гуманитарлық дәстүрін мақтан етеді. Мемлекеттің бейтараптық мәртебесі өз кезегінде даулы жағдайларда делдал болуына мүмкіндік береді. [3]
Әкімшілік-саяси бөлінуі: Кантондар.Швейцария Конфедерациясының құрамында бір кантон, Тичина - италян тілдік, бірнеше неміс тілдік және бірнеше француз тілінде сөйлейтін 20 кантон мен 6 жартылай кантонға бөлінеді (1-кесте, 2-сурет):

Кесте1 - Швейцарияның әкімшілік-саяси бөлінуі

Кантон
Ірі қаласы
Көлемі, мың км²
Халқы
Цюрих
Цюрих
1,7
1351
Берн
Берн
5,9
974
Люцерн
Люцерн
1,5
372,9
Ури
Альтдорф
1,1
35
Швиц
Швиц
0,9
144,6
Обвальден
Зарнен
0,5
35
Нидвальден
Штанс
0,3
40,8
Гларус
Гларус
0,7
38,4
Цуг
Цуг
0,2
110,8
Фрибур
Фрибур
1,7
273
Золотурн
Золотурн
0,8
252,7
Базель-Штадт
Базель
0,04
187,8
Базель-Ланд
Листаль
0,4
272,8
Шаффхаузен
Шаффхаузен
0,3
75,6
Аппенцелль -- Ауссерроден
Херизау
0,2
53
Аппенцелль -- Иннерроден
Аппенцелль
0,2
15,6
Санкт-Галлен
Санкт-Галлен
2,0
474,6
Граубюнден
Кур
7,1
191,8
Ааргау
Аарау
1,4
600
Тургау
Фрауэнфельд
1,0
244,8
Тичино
Беллинцона
2,8
335,7
Во
Лозанна
3,2
701,5
Вале
Сьон
5,2
307,4
Нёвшатель
Нёвшатель
0,8
171,6
Женева
Женева
0,3
453
Юра
Делемон
0,8
70

2-сурет. Швейцария Конфедерациясының әкімшілік-саяси бөлінуі

Кейбір кантондарда екі тіл қолданылады, яғни неміс және француз тілдерінде сөйлесе, ал Граубюнден кантонында бірден 3 тіл қолданылады (неміс, ретороман және итальян).
Кейбір кантондар іс жүзінде бір ғана қаладан тұрса (Женева кантоны), кейбір кантондардың көп бөлігін таулар мен жазықтардан (Ури кантоны) құралған. Кантондар аумақтары бойынша ғана емес, халқының тығыздығы бойынша да айырмашылық жасайды. Кантондардың бірі мемлекет құрылғаннан бері, енді бірі кейін қосылса, кейбірі ертеден қалыптасқан кантондардан бұрын бөлініп кеткен. Ең жас кантон болып Юра есептелінеді. Ол 1978 жылы күзде Берн кантонынан бөлінуге байланысты жалпы халықтық сайлау нәтижесі бойынша 1979 жылы құрылған.
Үш Швейцар кантоны жартылай кантондарға бөлінген:
- Унтервальден: Обвальден және Нидвальден жартылай кантондары;
- Базель: Базель қаласы және Базель жері жартылай кантондары;
- Аппенцель: Аппенцель Ауссерроден және Аппенцель Иннерроден жартылай кантондары.
Кантондардың автономдығы.Федерация құрамындағы кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік Конституциясы, федерация заңына қарсы келмейтін сот және заң жүйесі бар. Кантондар өз бетімен заң қабылдап, әкімшілік-шаруашылық және басқарушылық шешімдерді қабылдай алады. Салық жүйесі де әр кантонда әртүрлі.
Әкімшілік-саяси бөлінуі: Қауымдар. Әр кантон бірлестіктерден құралады (3-сурет). Бірлестіктер де кантондар сияқты өзіндік басқаруға ие. Бірлестіктердің құқықтық ұйымдастырылуы әртүрлі және ол аумағының көлеміне байланысты. Заң шығарушы билік тұрғындардың жиналысы арқылы (кіші бірлестік) немесе парламент арқылы (үлкен бірлестік)

3-сурет. Швейцарияның әкімшілік бөлінуі
ұйымдастырылуы мүмкін. Кіші бірлестіктерде тұрғылықты халық жылына бір реет жиналыс ашып, өзекті мәселелерді қарастырады. Ал, үлкен бірлестіктерде маңызды мәселелер жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады [4]. Қазіргі таңда Швейцариядағы бірлестіктердің саны 2900. Бірлестіктердің аумағы 0,3 км2-282 км2

1.2 Швейцарияның саяси жағдайы және елдің әлемдік саясаттағы орны
Швейцария азаматтары елдің саяси өміріне тікелей өзгерістер енгізе алады. Ол екі түрлі мүмкіндік арқылы: халықтық бастама және референдум арқылы жүзеге асады.
Халықтық бастама. Швейцар азаматтары бірнеше қол жинау арқылы жаңа заңның кіріспесін талап ететіп оны іске асырмауға немесе бұрынғы заңға өзгеріс енгізуіне құқығы бар. Қол жинау жолы арқылы сонымен қатар Конституцияны қайта қарауды талап ете алады. Ол тек кемінде дауыс беруге құқығы бар 100 000 тұрғынның қолын жинау арқылы орындалады. Қол 18 айдың көлемінде жиналуы тиіс. Осындай жүйенің арқасында демократияның көріністерін айқын байқауға болады. Мысалы, 1989 жылы армиясыз Швейцария, 2000 жылы халық құрылымындағы шетелдіктердің санын 18%-ға кеміту мәселелері көтеріліп, халық инициативасы бойынша жүзеге асырылмады.
Референдум. Егер парламент тарапынан қабылданған заң жобасына халықтың бір бөлігі келіспесе, онда заң күшіне енбегенінше халықтың қолын жинау арқылы шешім шығаруға әсер ете алады. Ол үшін 100 күндік мерзімде жиналған 50 000 қол талап етіледі. Қазіргі таңда Швейцарияда Конституцияға өзгеріс енгізу үшін немесе халықаралық ұйымға мүше болып енуі үшін міндетті түрде бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) өткізіледі. Бұл ешқандай қол жинауды қажет етпейді, ол тек тікелей кантондардың басым бөлігінің дауыс беру арқылы орындалады. Кантондар өз кезегінде сайлау округі ретінде қатысады. Әрбір жеке кантондарда сайлаудан кейін дауыстар саналады. Егер дауыс санының қорытындысы бойынша көпшілік иә деп дауыс берсе, онда кантондық көпшілік дауысқа қол жеткізгендік болып есептеледі.
Тарихқа жүгінсек, әлемде ең алғашқы референдум 1449 жылы Швейцарияда өтті деп саналады. Швейцария Конституциясында жоғарғы заң шығарушы билік - халықтікі деп жазылған. Бұл құзырет бүкілхалықтық референдумдарда дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
Дауыс беру және сайлауға қатысу. Швейцарияда сайлауға қатысу құқығы жақсы дамыған. Швейцар азаматтары жылына 4 рет бүкілхалықтық дауыс беруге қатысады, бір жыл ішінде федералдық деңгейдегі 20-дан астам әртүрлі мәселелерге байланысты қол жинайды. Кантон әкімшілігіндегі және бірлестіктер басқармасындағы сайлау тұрғындардың уақытын үнемдеу мақсатында федералды сайлаумен бір мезгілде өткізіледі. [5]
Швейцария және әлемдік қауымдастық. Бейтарап саясат ұстанатын Швейцарияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына енетін Бүкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның және Халықаралық пошта одағының штаб-пәтерлері шоғырланған.
Швейцария мен Лихтенштейн Еуропалық еркін сауда ассоциациясына біріккен. [1].
Әлемде болып жатқан өзгерістерге қарамастан, Швейцария сыртқы саясатта мемлекеттің ішкі сұраныстарына сай қызмет етуге күш салуда. Сыртқы саясаттағы ұстанымдары 4 - суретте берілген.

4-сурет. Швейцарияның сыртқы саясаттағы ұстанымдары
oo
oo Тұрғындардың бейбіт өмір сүруі. Швейцария күш көрсетуге байланысты даулы мәлелелерді шешуге белсене араласуда. Бұл өз кезегінде демократияны жетілдіріп және қадағалауға, құқықтық жүйені сақтауға бағытталған.
oo Азаматтардың құқығын қорғау және құрметтеу Швейцарияның алдына қойған алғашқы кезектегі мақсаты болып табылады. Ұзақ жылдар бойы дүние жүзі азаматтарының құқығын баұылауға белсене араласуда.
oo Табиғи қоршаған ортаны сақтау. Швейцария әлемдік деңгейде қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде климат, биоәртүрлілік, химиялық заттар, су және орман ресурсын қорғау мәселелеріне өз үлесін қосуда.
oo Басқа мемлекеттегі Швейцария экономикасын қорғау. Швейцария билігі ел экономикасының дамуы үшін барлық жағдайларды жасауда. Саясатта экспорт көлемін арттыру, ғылыми-зерттеу орталықтарын дамыту үшін басқа мемлекеттермен екі және көпжақты келісімдер жүргізуде.
Әлемдегі кедейшілікпен күрес. Экономикасы дамушы елдердегі кедейшілікпен күрес ел саясатының өзекті мәселесі. Негізгі көрсеткіштерге: кірісті ұлғайту, жақсы басқару, жеке секторларды дамыту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, әлемдік сауда байланысындағы интеграция, әлеуметтік теңдік, дағдарысты шешу және оның алдын алу жатады.
Швейцарлықтар еш қиындықсыз ел аралай алады және бірнеше шет тілдерін меңгерген, әрі елдің егемендіне қол сұғушылықты болдырмауға бар күш-жігерін салуда. Сол себепті де швейцар халқының көбісі халықаралық ұйымдарға күдікпен қарайды.
Бейтараптық және оқшаулану. 500 жылдан астам бойы сыртқы саясатта Швейцария қасиетті Никлаус фон дер Флюдің (1417-1487) Өзгелердің ісіне араласпау саясатын ұстанады.
1515 жылы Швейцария өзінің бейтараптығын Вена конгресінде жариялады. Тұрғындарының 83%-ның дауыс беруі бойынша Швейцарияның бұдан әрі де бейтарап саясатты ұстануын қолдайды.
Бітімгершілік мәртебесі. Бейтараптылық саясатының арқасында Швейцария бітімгершілік қызметті жиі атқаруда. Швейцарияның бейтарап территориясы әлемдік маңызды кездесулер мен келісім-шартқа келудің негізгі куәсі болуда. Мысалы, 1985 жылы Кеңес Одағының президенті Михаил Горбачев пен АҚШ-тың президенті Рональд Рейган, ал 2000 жылы америка президенті Билл Клинтон мен Сирия президенті Хафез Ассад арасында маңызды кездесулер өткен.
Швейцарияда бірнеше рет Индонезия мен Колумбия, Испания мен Шри-Ланка оппозицияларының басшылары мен ұйымдастырушыларының өзара бейбіт келісімдері, сонымен қатар Кипрдегі даулы мәселелерді реттеу жөнінде дискуссиялар жүргізілген. Женева - Швейцарияның бүкіл әлемдік астанасы және бірнеше халықаралық ұйымдардың штаб-пәтері (Қызыл Крест Комитеті, БҰҰ т.б.)
Швейцария және халықаралық ұйымдар. БҰҰ. 2002 жыл наурыздағы жалпыхалықтық сайлау бойынша швейцар азаматтарының көпшілік бөлігі БҰҰ-на кіру мәселесін қолдады. Бұған дейін Швейцария БҰҰ-ның түрлі бейбіт жобаларына қатысқанымен, ресми мүшесі болмаған. 2002 жылдың 10-қыркүйегінен бастап Швейцария Конфедерациясы ресми түрде БҰҰ-ның 190-шы мүшесі болып ұйым құрамына енді.
Eуропалық Одақ. Қазіргі таңға дейін Еуропалық Одақ құрамына ену мәселесі бойынша әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. 2001 жылы болған дауыс беруде Еуропалық Одақ құрамына енуден бас тартты. Алайда ЕО елдерімен экономикалық-саяси байланыстарда жақындауды көздегенімен, одаққа мүше болуға асықпайды.
Басқа да халықаралық ұйымдар. 1960 жылдан бері Европалық бейбіт сауда ассциациясына бақылаушы мәртебесіне ие,1963 жылы Еуропалық Кеңеске, 1975 жылы Еуропалық Қауіпсіздік және Ықпалдастық уйымына мүше болды. Сонымен қатар, Экономикалық қызметтестік және даму ұйымының мүшесі болып табылады [6]. 1992 жылы Швейцария Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық валюта қорына енді.
1.3 Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Швецария - таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі аумағында орналасқан, таулар ел аумағының 60%-ын құрайды. Оңтүстігінде Пеннин Альпісі (ең биік жері - Дюфур шыңы, 4634 м), Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві орналасқан ( 5-сурет ).

5-сурет. Швейцарияның физикалық картасы
Бұл таулар бір-бірінен Жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Негізінен кристалдық жыныстардан қалыптасқан биік, тегіс емес, қармен жабылған таулар терең шатқалдармен бөлшектенген. Таулардың басында көптеген фирндік алаңдар мен мұздықтар бар (ел аумағының 10%-ы). Негізгі асулары (Үлкен Сен-Бернар, Симплон, Сен-Готард, Бернина) 2000 м-ден биік орналасқан. Солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай Альпі аласара түсіп, мұздықтар сирей бастайды. Альпіден солтүстік-батысқа қарай ел аумағының 13-іне жуығын алып жатқан Швейцария қыраты орналасқан. Ол 1000-1200 м-ден 400 м-ге дейін аласарады (Рейн мен Ааре өзендерінің аңғарлары). Мұнда ел халқының басым бөлігі шоғырланған, ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Сондай-ақ мұнда ең құнарлы ауыл шаруашылық жерлер мен жайылымдар бар. Елдің солтүстік-батысында қатпарлы Юра таулары (Швейцария шегіндегі ең биік жері -- Мон-Тендр тауы -- 1679 м) жатыр [7].
Швейцария пайдалы қазбаларға кедей. Темір рудасының қоры көп емес. Темір рудасы Базельге жақын аумақтарда ғана біршама көп кездеседі. Тас көмір мен қоңыр көмірдің де қоры аз. Тек графит, тальк және асфальттің ұсақ орындары кездеседі. Рона мен Рейн өзендерінің жоғарғы ағыстарында табылған тасты тұз ел қажеттілігін қанағаттандырады. Құрылыс материалдарына қажетті шикізат көздері - құм, саз және қиыршық тастар көп орналасқан [8].
Швеqцариядағы климаттық ерекшеліктер биіктікке, күн мен желдердің әсер етуіне байланысты қалыптасады. Климаты негізінен ылғалды, қыраттарда қоңыржай жылы, тауларда суық. Жазықтардағы тәуліктік орташа температура жыл бойында - 10 С-қа дейін көтеріледі. Ең ыстық айы шілдеде жазда 27, неғұрлым суық болатын кез қаңтар айына тура келеді. Альпінің ең биік шыңдарын мәңгі қар жамылған. Қар сызығы батыс беткейлерінде 2700 м, шығыс беткейлерінде 3200 метрге дейін көтеріледі. Қыста елдің барлық аумағындағы температура төмен түседі, неғұрлым жылырақ ауа райы бір бөлігі Италияға тиісті 0 Лугано мен Лаго-Маджоре көлдері мен Женева көлінің жағалауларында ғана сақталады, өйткені таулар солтүстіктен соғатын суық желдің өтуіне бөгет болады.
Қаңтар - ақпан айларында Альпідегі жоғарғы қысымның басымдығы жағдайларында қысқы спорт түрлерімен айналысуға қолайлы айқын суық ауа райы орнығады. Бұл кезде оңтүстік беткейлер күн жылуын мол алады. Елдің төменгі аудандарындағы қар жамылғысы орнықты емес, 700 м биіктікте қар- 3 айдай, 1000 м-де- 4,5 ай, 1800 м-де 8 ай, 2500 м-де 10,5 ай бойы жатады. Швейцарияда жауын-шашын мен қар алып келетін күшті желдер жиі соғады. Көктемде, жаз бен күзде шығыс пен оңтүстік-шығыстан соғатын жылы, құрғақ желдер басым, бұл температураның шұғыл өзгеруіне, қар көшкіндерінің жүруіне себепші болады. Жерорта теңізі жағынан келетін ылғалды ауа ағыны Альпі беткейлерімен жоғары көтеріліп, одан кейін Швейцария таулы жазығына өтеді. Қыраттарда жылына орташа 800 - 1200 мм, жел жиі соғатын беткейлерінде - 2500 мм-ге (кейбір жекелеген шыңдарда 3000 мм-ден астам), елдің оңтүстігіндегі терең аңғарларда 1000- 1500 мм-ге (Жоғарғы Рона аңғарының кей жерлерінде 500-600 мм) дейін жауын-шашын түседі.
Швейцарияға суы мол өзендердің жиі тармағы тән (Қосымша А). Негізгі өзендері: Рейн (Швейцариядағы бөлігі -- 375 км), Ааре (маңызды салалары -- Ройс пен Лиммат), Рона, Инн, Точино өзендері Альпі тауларынан басталып, еріген қар және жауын-шашын суларымен толығады. Өзендерінде су құламалары көп. Көптеген өзендерінде СЭС каскадтары салынған. Швейцария өзендері негізінен кемемен жүзуге қолайсыз. Тек қана Рейн өзенімен Базельге дейін кеме қатынасы жасалады.
Швейцария өзінің көлдерімен әйгілі. Олардың ең көріктілері Швейцария таулы жазығының шеткергі аймақтарында орналасқан: оңтүстігінде -- Женева, Тунн, шығысында Фирвальдштет, Цюрих, солтүстігінде Невшатель мен Биль. Бұл көлдердің көпшілігі ірі мұздықтар таулардан Швейцария таулы жазығына қарай жылжыған дәуірде пайда болған. Көлдердің көбі қазаншұңқырларды толтырып тұр, өте терең. Мұзданудың қазіргі жалпы ауданы 1950 км2, 140-тай ірі мұздықтар бар. Су ресурсы - Швейцария шикізатының қайнар көзі. Ол ең алдымен энергия өндіру үшін қолданылады. Осы мақсатта ірі өзендерде, соның ішінде Рейн сен оның тармақтарына көптеген гидроэлектростанциялар тұрғызылған. Қазіргі таңда елде өндірілетін гидроэнергияның 23-і Граубюнден, Тичино, Ури және Валлис сияқты таулы кантондарда өндіріледі. Гидроэнергия - атмосфераға ластаушы заттарды шығармайтын, қайта жаңғыртуға келетін энергия көзі.
Швейцария таулы жазығы еуропаның жалпақ жапырақты ормандар аймағында орналасқан. Ормандар ел аум-ның 14-ден астамын алып жатыр. Швейцария қыратында 800 метрге дейінгі биіктікте мәдени өсімдіктер басым, жалпақ жапырақты ормандардың (емен, шамшат, үйеңкі, жөке) шағын массивтері сақталған. Альпінің оңтүстік беткейлерінде талшын көп өседі. 1000 -1500 м биіктікте аралас ормандар (шамшат, шырша, қарағай, самырсын), одан жоғарырақта (1800- 2400 м) қарағай, шырша, самырсын мен бал қарағайдан құралатын қылқан жапырақты ормандар басым. Жазықтарда қандыағаш тоғайлары бар. Биіктігі 2800 м-ге дейінгі жерлерде субальпілік және альпілік шалғындар, рододендрон, арша өседі. Елде пайдалы қазбалардың жоқтығына қарамастан, орман қоры көп және су ресурстарына бай.
Швейцария орман ресурсымен жақсы қамтамасыз етілген. Ормандар ел аумағының 31%-ын жатыр. Орман шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 80 000 адамнан жоғары. 800 м биіктікте жалпақ жапырақта ормандар (емен, қайың,жөке т.б.). 1000-1300 м биіктікте аралас ормандар (май қарағай, шырша, қарағай), 1900 метрден жоғары биіктікте қылқан жапырақты шырша, қарағай өседі. Талшынды ормандар тек Альпі тауының оңтүстігінде ғана кездеседі.
Орманның су ресурсы мен биоәртүрлілікті, ауаның тазалығын сақтаудағы және топырақты эрозиядан қорғаудағы маңызы зор. Ғасырлар бойы сақталған ормандыр Швейцарияның коммерциялық құндылығы. Орман ағаштарының сапасы жағынан, әрі кеме жасауға қолданылыуы бойынша Нидерландыдан кейінгі орынды иеленеді. Швейцарияның жануарлар дүниесі адамның шаруашылық қызметінің ықпалын күшті сезініп отыр [9]. Қар құры мен ақ қояндар кең тарағанымен, таулардың жоғарғы бөлігіне тән елік, бұғылар мен альпі суырлары сирек кездеседі. Жабайы жануарлар дүниесін қорғау жөнінде көп жұмыстар атқарылуда. Австриямен шекарада орналасқан Швейцария Ұлттық саябағын еліктер мен бұғылар, тауешкі мен түлкі мекендейді, сондай-ақ ақ құр мен жыртқыш құстардың бірнеше түрі кездеседі.

1.4 Қорғалатын аумақтары және экологиялық жағдай
Швейцарияда тек бір ғана ұлттық саябағы жұмыс жасайды. Ол Швейцарияның шығысында, Энгадин жазығының аумағында орналасқан. Ол 1914 жылы құрылған, Еуропа бойынша алғашқы парктердің бірі болып табылады. Граубюнден кантонында орналасқан. Саябақ көлемі 73 км ², Швейцария аумағының 0,42%-ын алады. Саябақ аумағының құрылымы біркелкі емес (6-сурет). Шынайы қайталанбас альпі пейзажын бейнелейтін ландшафтының биіктігі теңіз деңгейінен есептегенде 1400 метрден 3173 метрге дейін жетеді. Адам қолы тимеген тау ормандары, көгал мен жылғалар аңдар, құстар мен балықтардың, тіпті сирек кездесетін жануарлардың тұрағына айналған.
Саябақ аумағын қорғаудың бірден-бір түрі - бақылау туризмі болып табылады. Тек соқпақ жолдар арқылы ғана жүруге болады. Велосипедпен жүруге, палатка құрып, от жағуға, аң және балық аулауға, гүлдер мен өсімдіктерді жинауға қатаң тиым салады. Заңды бұзған жағдайда айып төленеді. Қазіргі таңда жылына 150 мың адам саябаққа келіп демалып қайтады.

6-сурет. Саябақ аумағының құрылымы

Женева ботаникалық бағы. Женева аймағындағы көлемі 28 гектар болатын ботаникалық бақ 1904 жылы құрылған. Ол ағартушылық мақсатта және қала тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін қызмет етеді. Парк аумағында өсімдіктер, ағаштар, гүлдер, арнайы биотоптар, жылыжайлар мен зоопарк орналасқан. Бақта дүние жүзінен 16 000 өсімдіктің коллекциясы жиналған. Мұнда жоғалып кету қауіпі бар жануарлар мен аңдар кездеседі.
Давос Альпілік бағы. Альпі бағы - 2 гектар аумақты алып жатқанымен, ландшафтысының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ормандардың бірнеше түрі, тау жылғалары, арналармен сығанаған тастар, альпілік жайылым, құз массивтері кездеседі. Ботаникалық бақта өсімдіктің 3500 түрі өсіріледі. Бақты аралаушыларға маршрут сақиналық жобада жасалған. Толық мағлұмат беру үшін түрлі семинарлар мен экскурсиялар ұйымдастырылған.
Экологиялық жағдай. Швейцария климаттың өзгеруіне ерекше назар аударады. Ауа райының жылынуы әсіресе тауларда анық байқалады. Альпі тауында температура әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда бір градусқа жоғарылаған. Жаһандық жылыну су басу мен сел көшкіндерін болдырып қана қоймай, қысқы туризм мен ауыл шаруашылығына да кері әсерін тигізді. Ал Альпі тауының жылынуы флора мен фаунаның құрып кету қаупін туғызады.
Ғаламдық жылынуға байланысты жүргізілген іс-шаралар. Швейцария климаттың өзгеру мәселесіне байланысты 2003 жылы Киото протоколын ратификациялап, 1990 жылмен салыстырғанда CO2 10%-ға төмендетуге міндеттеме алды. Климатқа қамқорлық көрсетуші мемлекеттердің көшбасшысы Швеция, одан кейінгі орынды Ұлыбритания алса, Швейцария 10-орынды иеленеді [10].
Ауаның ластануы. Атмосфераның ластануы әрдайым адамзат назарында. Ол адам денсаулығына теріс әсерін тигізіп қана қоймай, қоршаған ортаны да өзгертеді. Атмосфераны негізгі ластау көзіне автокөліктер мен өндіріс орындарынан шыққан түтіндер жатқызылады. Соңғы жиырма жылдықтағы техникалық жетістіктерге байланысты, өндіріс орындарындағы қалдықтар мен ауаны ластаушы заттардың көзін азайтуға мүмкіндік туды. Алайда, автокөліктер санының өсуіне байланысты ауаның ластануы тиылмай тұр. Швейцариядағы ауа ластануының 31%-ы автокөліктердің үлесіне тиеді.
Қоршаған ортаны қорғау ведмостволарының мәлімдеуінше, ауаны ластаушы заттардың көбісі Швейцарияға көршілес елдерден келеді. Сондықтан да Швейцария Еуропалық Одақтан жедел түрде тиісті іс-шараларды қолдануын талап етіп отыр. Швейцар сарапшыларының есептеуінше, ауа құрамындағы ластаушы заттардың жоғарға концентрациясына байланысты жыл сайын 3,7 мың тұрғын уақытынан бұрын көз жұмуда. Шамадан тыс ластанған аудандарда өмір сүруші адамдар әр тыныс алғанда 50 миллион шаң-тозаң жұтады екен. Бұның салдарынан тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларына, бронхит, астма, жеңіл түрдегі ісік аурулары, қан айналымның бұзылуы және жүрек талмасына әкеп соғады [11].
Су қорын сақтау. Швейцария тұрғындарын ауызсумен, өнеркәсіп, электроэнергетика, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығын судың мол қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Су қорын қорғау Швейцария Конфедерациясының Конституциясымен бекітілген. Швейцарияда судың сапасын тексеру үшін жыл сайын бақылау жүргізіледі. Елдегі құбырдан ағатын ауызсудың сапасының өзі, бөтелкеде сатылатын минералды судан кем емес, әрі 500 есе арзан [12].
Қалдық заттар. Швейцарияда қалдықтар екі түрге бөлінеді - өндірістік-тұрмыстық және қауіпті. Алғашқысы өндіріс орындары мен тұрмыстық қолданыстан шыққан химиялық және токсинді қалдықтар. Қалдықтардың көзін жоюдың екі әдісі қолданылады - өртеу және жерге көму.
Өндірістік-тұрмыстық қалдықтар. Швейцарияда 2000 жылдың қаңтарында екінші реттік қайта өңдеуге келмейтін қалдықтарды арнайы зауыттарда қртеу туралы заң қабылданды. 2011 жылы өртелген қалдықтар 3,29 млн тоннаны құрады. Қалдық заттарды өртеу нәтижесінде энергия алынады. Швейцарияда қалдықтарды өртейтін арнайы 28 зауыт, 250 000 тұрғын үйді электр энергиясымен қамтамасыз етеді [13].
Тұрмыстық қалдықтар. Швейцарияда қоқыс пен қалдық заттарға үлкен көңіл бөлінеді. Екінші реттік қайта өңделетін қалдықтарға арнайы контейнерлер қойылған. Ал қалған қалдықтарды мөшектерге салып қаптап ақшаға өтікзеді. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мақсатында сұрыптау - қоршаған ортаның тазалығы үшін және ақшаны үнемдеу үшін өте тиімді.
Швейцарлықтар - қалдықтарды қайта өңдеу бойынша көшбасшы. 2011 жылы макулатура мен картонның 70%-ы, әйнектің 95%-ы, пластикалық бөтелкелердің 71%-ы, алюминиий банкілерінің 85-90%-ы және консерві банкісінің 75%-ы қайта өңделді.
Электронды қалдықтар. 1998 жылы Швейцарияда істен шыққан электронды заттарды қоқысқа тастауға тиым салатын заң қабылданды. Заң бойынша ескі компьтер, теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш және т.б. электронды заттарды дүкендерге қайта апарып өткізуі тиіс. Ол қайта өңделіп қолданысқа шығарылады.
Заңның аясында 2011 жылы электронды қалдықтардың 80 - 93%-ын құраған 35 000 тонна тұрмыстық электр құралдары, 30 000 тонна электр жабдықтары қайта өңделді [14].

1 ПОСТИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2.1 Постиндустриялық дамудың теориялық негіздері

Постиндустриялық даму ұғымын ғылыми айналымға XX ғасырдың басында Азия елдерінің индустриялануға дейінгі кезеңіне дейінгі дамуын зерттеген ғалым А. Кумарасвами енгізген. Ресейлік ғалым В. Л. Иноземцев постиндустриялық қоғамның мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
1. Технологиялардың жетілдірілуі, өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру материалдық өндірісте жұмыс істейтін адамдар санын қысқартады.
2. Қазіргі заманғы экономиканың дамуы онда жұмыс істейтіндердің басым көпшілігінің жоғары білімді болуы міндетті болатындай деңгейге жетті.
3. Тұрғын халықтың едәуір бөлігінің тұрмыс деңгейі көрсетілгені соншалық, қоғамның құндылықтары арасында ақыл-ойды дамыту мен шығармашылық қабілеттерді жетілдіру маңызды орын алатын болды.
4. Негізгі материалдық қажеттіліктері қамтамасыз етілген, ой еңбегімен айналысатын адамдардың қызмет көрсетуге деген сұранысы артты.
5. Жоғары біліктілікті қажет ететін еңбектің үлесі артқандықтан, жұмыс істейтіндердің біліктілігі негізгі өндіргіш күшке айналды.

7-сурет. Постиндустриялық қоғамның алғышарттары
(К.Д.Каймулдинова бойынша)
Постиндустриялық өркениеттін даму сипатын анықтап беретін тенденциялары (дамудың жалпы бағыты) қатарына К.Каймулдинова мына мәселелерді атап өткен:
Біріншіден, постиндустриялық қоғамда ғылыми зерттеулердің қолданбалы маңызы күрт артады, яғни ғылыми жетістіктердің өндіріске енгізілуі технологиялық жетістіктердің негізгі қозғаушы күшіне айналады. Ғылымға негізделген, ресурстарды үнемдеуші өндірістер басым дамып, ақпараттық технологиялар қоғам өмірі мен тұрмыстың барлық саласына енеді. Әсіресе, микроэлектроника, телекоммуникациялар, бағдарламалармен қамтамасыз ету, робот техникасын жасау, айрықша қасиеттерге ие жаңа материалдарды өндіру, биотехнологиялар жетекші маңызға ие болады.
Екіншіден, постиндустриялық қоғамда білі қаржыдан артық бағаланды.
Үшіншіден, білім, білім қорын жинақтау және алмасу, оны толықтыру постиндустриялық өркениет дамуының қажеттілігіне айналды. Постиндустриялық қоғамның ақпараттық өркениет атануының өзі осыдан келіп шығады.
Төртіншіден, постиндустриялық экономикада қаржының шоғырлануы көбінесе жинақталған ақша қоры есебінен емес, меншік құқығын көрсететін әртүрлі құнды қағаздар (лицензия, патент және т.б.) арқылы жүреді.
Бесіншіден, мемлекеттік, әлеуметтік және ұлттық қатынастарда жаңа күрделі өзгерістер болады. Іс жүзінде экономиканың ынтымақтасуы мемлекетаралық интеграцияға алып келеді.
Алтыншыдан, көптеген мемлекеттерде ізгілік және демократиялық ұстанымдардың дамуы, жоғары дамыған елдерде адамның ірі өндіріс кешені немесе әлеуметтік құрылымның тетігі болудан құтылуы, өндіріс технологияларының қарыштап дамуы және ақыл-ой еңбегінің жоғары бағалануы адамды тәуелсіз етіп, оның экономикалық және әлеуметтік тұрғыда қорғанысын қамтамасыз етеді. Постиндустриялық қоғамда әлеуметтік жіктелу тереңдей түседі, әлеуметтік қарама-қайшылықтар сақталады.
Жетіншіден, постиндустриялық қоғамда интеграциялық және дезинтеграциялық процесстер өте күрделі сипат алады. Бұрынғы өнеркәсіп алпауыттары кетіп, оның орнын қарқынды даму үстіндегі шағын және орта бизнес басады, экономиканың көп укладтылығы сақталып қалады, үй маңы және қосалқы шаруашылықтың рөлі артады [1].

2.2 Швейцарияның халқы және әлеуметтік жағдайы
Демографиялық тенденциялары. 2009 жылда жүргізілген халық санағының ресми деректері бойынша, Швейцарияның халық саны 7,8 млн адам (Қосымша Б). Ал Швейцария Конфедерациясының Ұлттық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 2012 жылдың 1 қаңтарында халық саны шамамен 7 870 100 адамды құрады деп есептеледі. Швейцарлықтардың саны 6 071 802 (77.9%), шетелдіктердің саны 1 714 004 (22.1%) адамды құрады.
Швейцария табиғи өсімі төмен елдердің қатарына жатады. Халық санының қысқаруына ықпал ететін негізгі фактор - өлгендер санының туғандар санынан асып кетуі.Соңғы жиырмадан астам жыл бойы туу төмендеп кетті. Табиғи өсу 2010 жылы - 0,2%-ды құрады, яғни ел бойынша туудың орташа көрсеткіші - 10000, ал өлім 8000 шамасында болды. Халық тығыздығы - 190 адамкв.км. [1]
Швейцар тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтығы 82 жас, бұл көрсеткіш ерлерде - 80 жас, ал әйелдерде 84 жасты құрайды. Жас-жыныстық пирамида бойынша, ел халқының негізгі бөлігін 20-55 жас аралығындағы жас топтары құрайтындығы анықталды (8, 9-сурет).

8-сурет. Швейцария халқының жас құрылымы (% есебімен)

9-сурет. Швейцар халқының жас-жыныстық құрылымы

Халық санының өсу динамикасы 1950 жылдары белсенді түрде 5 миллион адамға көбейді. Соңғы 50 жылдағы ұлттық өсім баяу - 0.21% (10-сурет).

10-сурет. Елдегі халық санының соңғы 50 жылдағы өзгерістері

1993 жылдан бері Швейцария азаматтарының саны шет елден келушілірдің есебінен артып отыр.
Ұлттық қартаю. Соңғы кездері Швейцарияда өмір жасы ұзақ қарт адамдардың саны өсіп, туудың кемуіне байланысты балалар мен жастардың саны азаюда. 2011 жылдың соңында 65 жастан жоғары қарттардың саны жалпы халықтың 16 құрады. Ер адамдарға қарағанда әйелдердің орта жасының ұзақтығы байқалады.
Отбасы және неке. Еуропаның көптеген мемлекеттері сияқты швейцар отбасыларына да кеш тұрмыс құру салты тән. Олар бастапқыда кәсіби білім алып, мансап қуып, белгілі бір жетістіктерге жеткеннен кейін барып отбасы құруға шешім қабылдайды. Алғашқы некеге тұру жасы әйелдерде - 29 жас, ерлерде - 31 жас. Швейцарияда көп балалы отбасылар сирек кездеседі. Экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты швейцар отбасындағы бала саны бір немесе екі баладан көп болмайды. 2011 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша,
oo Ажырасу саны 52.6%
oo Бір әйелге келетін орташа бала саны 1.42
oo Алғашқы сәбиін өмірге әкелетін аналардың орташа жасы 29.5
Бала күтімі мен жұмысты қатар алып жүрудің қиындығына байланысты, көптеген әйелдер бала тәрбиелегенді жөн санайды. Алғашқы сәбиінен кейін жұмысын жалғастырушы әйелдердің саны өткен жылмен салыстырғанда күрт өсті. Мектеп жасына дейінгі балалары бар әйелдердің саны 2011 жылы 74%-ды құрады (2010 жылы 61%). 2005 жылдың 1-маусымында қабылданған заңға сәйкес декреттік мерзімдегі әйелдерге әр ай сайын айлық жалақысының 80%-ы төленеді.
Тұрғын үй. 2010 жылғы санақ бойынша Швейцарияда бір адамға келетін тұрғын үй көлемі 44 кв.метр. Швейцарлықтардың 13-нің ғана жеке үйі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандырудың теориялық аспектілері
Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымы туралы
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мәселелері
ҒТР туралы жалпы мағлұмат
Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді құрылымдаудың теориялық негіздері
Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Негізгі экономикалық мәселелер
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
Пәндер