Абайдың қара сөздерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері



Кіріспе
1. Абайдың қара сөздерінің лексико.семантикалық ерекшеліктері аударма мәселесі
1.1 Абайдың қара сөздерінің лексико.семантикалық ерекшеліктері
1.2 Абай қара сөздерінің қытай тіліне аударылу тарихы
ІІ. Абайдың қара сөздерінің қытай тіліне аударылуының лексико.семантикалық мәселелері
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу қазақтың ұлы ақыны, философ-ойшыл Абай Құнанбайұлының «қарасөздерінің» қытай тіліндегі аудармаларына талдау жасау арқылы түпнсқамен салыстырулар жасау барысында бұл аудармалардың баламалық, адекваттылығын зерделеп әрі ондағы кездесетін лексико-семантикалық мәселелерді анықтау.
1. Абай . Энциклопедия Атамұра 1995 Алматы
2. Дәдебаев Ж. Тақырып және идея. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы 2010
3. Қазақша-қытайша сөздік. «Қайнар университеті» баспасы. Алматы 2010
4. С. Мұханов он алтыншы том (жарық жұлдыздар) жазушы баспасы Алматы 1980
5. С. Талжанов Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері алматы, 1975
6. Алауддин Мансұр. Құрани кәрім (қазақша мағына және түсінігі) из-басма баспасы
7. Абай тілі сөздігі, Ғылым баспасы, алматы 1968
8. Қазақ тілі түсіндірме сөздігі Дайк пресс баспасы, алматы 2008
9. Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі. Ғылым баспасы, алматы, 1966
10. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. 1 бөлім. Алматы 2003
11. Абай. мақсатым – тіл ұстартып өнер шашпақ. «Білім» баспасы. Алматы 2010
12. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.
13. Қазақша-қытайша сөздік. «Қайнар университеті» баспасы. Алматы 2010
14. Абай. мақсатым – тіл ұстартып өнер шашпақ. «Білім» баспасы. Алматы 2010

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу қазақтың ұлы ақыны, философ-ойшыл Абай Құнанбайұлының қарасөздерінің қытай тіліндегі аудармаларына талдау жасау арқылы түпнсқамен салыстырулар жасау барысында бұл аудармалардың баламалық, адекваттылығын зерделеп әрі ондағы кездесетін лексико-семантикалық мәселелерді анықтау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан республикасының сындарлы жүзеге асырылып келе жатқан ішкі және сыртқы саясатынан бастау алып отырған жәйттардың бірі - қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті нұсқаларын әлем халықына таныту, өз ел халқымызға да кеңінен нәсихаттау. Осы тұрғыдан қарағанда, халықымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының қытай тіліне аударылғанына бірнеше онжыл өткенімен, бұл аудармаларды толық әлі ешкім зерттеп-зерделеп тексерген жоқ. оның аударылу деңгейі мен аударма сапасына әлі толыққанды талдаулар мен зерттеулер жасалмай келеді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Абай Құнанбайұлының қарасөздерінің қытай тіліне аударылуының лексико-семантикалық мәселелері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - Абай қарасөздерінің қытай тілінде жасалған аудармаларындағы лексикалық бірліктердің түпнұсқамен баламалығы, адекваттылығын анықтау. Бұл лексикалық бірліктерді төмендегі бірнеше топтарға бөліп қарастырдық:
1. Абай қарасөздеріндегі концепті мәнге ие лексикалық бірліктер . Олардың қытай тіліне аударылудағы біркелкілігі мен жүйелілігі.
2. Абай қарасөздеріндегі ұлттық-мәдени мәнге ие лексиколық бірліктер. Олардың қытай тіліне аударылуындағы дәлдік.
3. Абай қарасөздеріндегі лексиколық бірліктер.
4. Идеологиялық жағдайға байланысты аудармада туындаған кейбір ауытқулары.
Сонымен қатар
5. Тілдік типологиялық айырмашылықтан туындаған сөйлем мағынасының ауытқуы.
Зерттеу жұмысының әдістері. Диссертацияға қорыту, баяндау, салыстырмалы талдау, мәнмәтіндік талдау, лексикографиялық талдау, семантикалық талдау, концептілік талдау әдістері пайдаланды.
Зерттуе жұмысының әдіснамалық негіздері. Негізгі нысанын жете зерттеу мақсатында осы мәселені тікелей және әдебиет ғылымы, компарастивистика, лингвистика салаларымен байланыстыра зерделеген әдебиеттанушы жән тілтанушылары - А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Ә. Сатыбалдиев, Г. Бельгер, Р. Сыздық, Э. Сүлейменова, Ө. Айтбаев, З. Ахметжанова, А. Алдашева, Н. Шаймерденовалардың көзқарасы мен тұжырымдары, сондай-ақ әлем әлемдік лингвистикада аударманың теориясын қалыптастырған ғалымдар - Jakobson R., Koller W., Nida E. A., Reinhold N., Л. С. Барходаров, В. С. Виноградов, Дж. Кэтфорд, К. Райс О. Каде, А. В. Федров, В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецгер, А. Лилова, А. Д. Швейцер, В. Г. Гак, Д. И. Ермолович, С. В. Тюленов, Л. Л. Нелюбин, Л. К. Латышев және т. б. аударматанушылардың, пікір-көзқарастары басшылыққа алынды. Қарасөздердің тілдік бірліктерінің философиялық мазмұнына байланысты филология ғылымы бойынша зерттеулердің тұжырымдары және ислам дінінің қасиетті кітабы Құрани кәрм негіз боды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу жұмысы қарасөздердің қытай тіліндегі екі нұсқасындағы лексикалық бірліктерге түрлі талдаулар жасай отырып ондағы баламалық, адекваттылық мәселесін сараптай отырып, аудармаларда кездесетін лексико-семантикалық мәселелерді талдап анықтаған алғашқы еңбек болып отыр.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы қол жеткізген нәтижелер қазақ аударматану саласында, копаративистика саласында және қытайша-қазақша лексикографиялық еңбектер түзеуге өзіндік маңызы бар.
Зерттеу жұмысының құрлымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қортынды үш бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының сипаттамасы, мақсат-міндеттері, зерттеу әдістері, әдіснамалық негіздері, ж.т.б. қарастырылады. Негізгі бөлім екі тарауға бөлініп, бірінші тарауында Абай қарасөздерін қытай тіліне аударған аудармашылардың шығармашылық лабораториясы жайлы мағлұматтар беріледі. Екінші тарауында қарасөздердің аудармаларына салыстырмалы талдаулар жасай отырып, ол аудармалардағы лексико-семантикалық бірліктердік аударылу деңгейі, дәлдігіне баға беріледі. Үшінші қортынды бөлімінде диссертациялық жұмысқа жалпылама қортынды жасалады.

1. Абайдың қара сөздерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері аударма мәселесі

Кез келген аударманы талдаудың негізгі принциптері, теориялық тұжырымдары болады. Қара сөздердің қытай тіліндегі аудармаларын талдап, таразылағанда біз Л. Бархударовтың мына тұжырымын басшылыққа алдық: Аударма теориясының объектісі - түпнұсқа мәтін мен аударылатын мәтін арасындағы эквиваленттілікті анықтау, қандай мәселелердің негізінде түпнұсқа мен аударылған мәтіннің бір біріне эквивалентті болып тұрғандығын сипаттау, бір тілдегі мазмұнның екінші тілде берілгеніндегі инвариантылықтың себептерін көрсету. [6,240]. Сонымен, төменде алдымен Абай қара сөздеріндегі лексико-семантикалық ерекшеліктерін қарастырамыз, сонымен қатар қара сөздердің қытай тіліне аударылу тарихынан да ақпараттар береміз.

1.1 Абайдың қара сөздерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері

Лексика, көне грек тілінде лексикос -- сөздік дегенді білдіреді. Тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады, мысалы Абай қара сөздерінде қазақтың төл сөздерімен қатар толып жатқан араб, парсы, шағатай срнымен қата орыс сөздері бар. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл лексика деп бөлінеді. Бейтарап лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу лексикасы жатады. Жазба тіл лексикасына көне дәуір кітаби лексикасы мен қазіргі кітаби лексика жатады. Мазмұнына қарай лексика: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Лексика атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мысалы, Абай тілінің лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің лексикасы, батырлар жырының лексикасы, т.б. [18,245]
Семантика, көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші дегенді білдіреді, тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі , сөйлем ) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұнын зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.
Лексикалкалық мағына - сөздің меншікті мағынасы. Сөз мағынасы заттық, логикалық мәнінен басқа айтушының дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін де білдіреді. Әрбір сөздің негізгі мағынасы басқа мағыналардың тууына себепші болады. Сөйтіп сөздің тура мағынасынан ауыспалы мағына, туынды мағына пайда болады. Мысалы, көзі көрмейді (тура мағына) - көз көрген (ауыспалы мағына). Қон (түпкі мағына) - қонақ (туынды мағына). Лексикалық мағынаның үш түрі бар: 1). Сөздің негізгі мағынасы: таза көйлек, таза блме, таза ыдыс; 2). Фрозеологиялық байлаулы мағына: жер аяғы кеңіді, жер ортасына келген, жер-көкке сиғызбады, жерге қаратты; 3). Синтаксистік шартты мағына: жас бала (еркін), бала бүркіт, бала көңіл (шартты). Сөз мағынасы тілдің дамуына байланысты өзгереді. Сыртқы және ішкі себептер әсер етеді. Сыртқы себептер деп қоғамда болатын әлеуметтік өзгерістердің тілге әсерін, нәтижеде сөз мағынасының өзгеруін айтады. Ішкі себептер тілдің ішкі мүмкіншіліктері, яғни сөздердің тіркесу қабілетімен мағыналарының кеңеюі, тарылуы, қызмет бірлігі заңы нәтижесіндегі мағыналық өзгерістер жатады. [18, 245]
Төменде Абай тілінің лексикалық ерекшелігіне назар аударып көрейік. Абай. Энциклопедияда Абай лексикасы былайша ой тарқатады:
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уазір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал өмірге келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де (шілдеха-на, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), көне киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына ұлық, кіші сөзінің орнына кішік, тұраның орнына тұғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар сөздердің көнеру дәрежесі қазіргі кездегіден әлдеқайда солғындау болғаны байқалады. Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс семантикалы алаш, әскери мағынасындағы қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе, оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы терминдік дәрежеге көтеріледі, енді бір алуанының қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі көзге түседі.
19 ғасырдың 2 жартысындағы қазақ қоғамы өміріндегі елеулі тарихи оқиғалардың бірі - ел билеу, әкімшілік, әлеуметтік құрылыс салаларындағы өзгерістер, жаңалықтар болса, Абай лирикасы осы өзгөріс - жаңалықтарды атайтын сөздерді молынан танытады. Олар қазақтың төл сөздері де, кірме сөздер де болып келеді. Мысалы, елбилеу, әкімшілік құрылысына қатысты болыс, старшын, жандарал, ояз, кандидат, сайлау, шар, тас, шабарман, атшабар, атқамінер, ұлық сияқты сөздер; заң, сот саласына қатысты заң, закұн, сот, содия, шариғат, куә, би, билік, жан беру, ант ішу, антқа салу, анттасу, айып, тоғыз, барымта, дүре, салауат, дау, даугер, теңдік, бітім, төре беру, жаза, шағым, арыз, арызшы, іс, қағаз, тергеу, кәтелөшке, түрме, дазнание, прошение сияқты сөздер термин дәрежесіне көтеріліп, әдеби тіл нормасына айналады. Бұл ретте кейбір әлеуметтік үғым атауларының мағынасы айқындалып, ішінара терминделу процесі Абай тілінде ерекше байқалады. Мысалы, жарлы мөнкедей сөздерінің ақын біріншісін сын есім ретінде жиірек қолданады да, сол кездегі әлеуметтік топ атауына кедей сөзін әлдеқайда жиі телиді. Сол сияқты байғұс сөзінің ертеректегі қоңсы, жалшы мағынасы солғындап, бұл сөз көбінесе бейшара, мүсәпір деген мағынадағы сын есім ретінде нормалана бастайды. Әрине, Абайда бір үғымды бір ғана атаумен білдіру барлық жерде бұлжымай жүзеге асырылған жоқ, өйткені, сөздердің барлық айналуы - едәуір ұзақ тәжірибенің жемісі және жеке қаламгердің еңбегін емес, көптің еңбегін, әсіресе баспасөз сияқты көпшілікке ортақ жазба дүниелердің қызметін қажет ететін қүбылыс. Осы себептен Абайда да кәсіп мағынасында кәсіп, өнер, харекет сөздері, еңбек мағынасында еңбек, бейнет, қызмет сөздері жарыса қолданылған және керісінше, бір сөз арқылы бірнеше мағынаны білдіру де орын алады. Мысалы, Абай тілінде ғылым сөзі осы күнгі мағынасымен қатар, білім, оқу семантикасын да қамти қолданылған. Өз тұсындағы қазақ қоғамының экономикалық күй-қалпына, сауда-саттыққа қатысты Лирика тобын өзінің кең тақырыпты шығармаларында молынан пайдаланып, мұнда да өмір суретін беретін сөздік қазынасын жасайды. Жалпы әдеби тілде, оның ішінде Абай тілінде базар, сауда, мәліш сауда, саудагер, бұл (пул), өсім, өсімқор, табыс, пайда табу, зиян шегу, несие, қарыз, борыш сөздерінің көпшілігі қазақ даласына келген жаңа ұғымдардың атаулары ретінде тұрақтала бастайды.
Абай шығармалары тақырыптарының бірі оқу-ағарту, білім-ғылым, мораль жайы болғандықтан, осы салаға қатысты Лирика тобы ақын тілінде молынан кездеседі. Бұл реттегі Абай тілінің ерекшелігі, біріншіден, ол бірқатар сөздерді ете жиі қолданып, олардан туынды тұлғалар жасап, белсенді қорға айналдырған. Мысалы, білім сөзін 30-дан аса рет қолданып, одан білімді, білімсіз, білімділік, білімсіздік деген туынды сөздер мен білім- ғылым, ғылым-білім деген қос сөз тұлғаларын жасаған. Ал, ғылым сөзін Абай 100-ден аса рет пайдаланып, оны осы күнгі орысша наука деген үғымнан гері білім, оқу сөздерінің баламасы ретінде алған. Мысалы, Хатта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе дегендегі мұсылман - мұсылманша оқу. Балаңа орыстың ғылымын үйрет дегендегі Абайдың айтпағы - орысша оқыту. Сондықтан Абай тілінде ғана қолданылған ғылым табу, ғылым оқу, ғылым іздеу тіркестері білім алу деген мағынада келеді. Сөйтіп, Абай лирикасы 19ғ-дың 2 жартысындағы қазақ әдеби тілінің тақырыптық серияларға қатысты саласының байлығы мен барын, өзгөрісі мен жаңалығын танытатын айнасы іспетті болды. Абай шығармашылығының дені поэзия болғанымен, оның жырлаған тақырыптарына орай және ақын жаңашылдығы мен шеберлігіне қарай өлеңдер тілінің өзінде де әлеуметтік терминология мен экономика, саяасат, оқу-ағарту, мәдениет салаларына қатысты сөздер кең орын алған. Лириканың бұл топтарын мол қамтуына Абайдың проза жанрына баруы да септігін тигізген. [1, 378]
Бұл сөздермен қатар Абайда көптеген Араб, пврсы, шағатай, және орыс тілдерінің сөздері де молынан кезесіп отырады:
Абай тілі лирикасының келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығы- на... мойын сұнып, инанмақ екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды. Мысалы, саниғ (өндіруші, жасаушы), салахият (жарамдылық), сәмиғ (тыңдаушы), тахмин (болжау, бағалау), хәсил (нәтиже) т. б. Тіпті кейде арабша тұтас тіркестерді қолданады (иман тақлиди, жәлиб мәнфағат, уәфқи музаррат т. б.). Бұл қолданыстар стильдік мақсатты көздеген. Шығыс сөздерін пайдалануда Абай ұстаған бір бағыт - сол кезде айтылуы мен жазылуы жағынан қалыптасып болмаған сөздер қатарының әрқайсысына дербес мағына төлу әдісі. Мысалы, Абай ғашық - асық, ғаділет - әділет, харекет - әрекет, хакім - әкім, қайла - айла сияқты жарыспалы варианттардың әрбір сыңарын жеке-жеке мағынада жұмсайды. Олар өлең техникасының талабын да (Мысалы, Сорлы асық сағынса да, сарғайса да деген жолда ғашық сыңарын қолданса, өлеңнің буын саны тура келмес еді), мағына саралау мақсатын да (Ғаділетті жүректің әділетін бұзыппын; Қылыпжүрген өнері әрекеті - харекет), стильдік мақсаттарды да(Мысалы, Отыз сегізіншісөзіндеараб сөздерінтөл нүсқада жазу: ғадалат, сифат, раст, хисап, харіф т. б.) етейді. Сөйтіп Абай шығыс сөздерін қазақ Лирикасын байытатын бірден-бір жалғыз және ең басты көз деп есептемеседе, қазақ әдебитінің лексикалық нормасында бұрыннан еніп, қалыптасқан араб-парсы сөздерінің мол қорының болуын құптаған, олардың қолданысын құбылтып, поэтик тіл айналымын қатыстыру, мағыналарын не тарылтып, терминге айналдыру (Мысалы, насихат, хат, кедей сөздері) не кеңітіп, полисемияға - көп мағыналы сөзге айналдыру (Мысалы, өнер, қызмет, ғылым, харекет, сипат сөздері), олардан синонимдік қатар түзіп, семантикалық үстеме реңктер беру (харекет, әрекет, ғашық-асық, ғаділет - әділет, заман - замана) стильдік мақсатта қолдану принциптерін ұстаған. Абайдың араб-парсы сөздерін пайдалануында түркілік жазба әдеби дәстүрдің әсері де жоқ емес. Мысалы, бір қыдыру жиі қолданылып, өлең текстеріне де енген хикмет, ғибрат, сухбат, Һәмише сияқты сөздерді немесе 38-, 13-сөздерінде халық тіліне енбеген араб сөздерін, кейде тіпті тұтас тіркестерді молынан келтіруі түркілік (шағатайлық) нормаға үндеседі. Бұл Абайдың кітаби тіл дәстүріне қүбыжық ретінде емес, белгілі бір стильдік қүрал ретінде қарағанын танытады.
Абай Лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болганымен, әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым түседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін тек жалпыхалықтық сейлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыс таналып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине. Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін біртоп орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор, началь- ник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер. Бұлар қолданылу мақсаты, тексте кездесу жиілігі жағынан біркелкі емес: басымтобы(адвокат, визит, монастырь, ладан, картечь, химия, трагедия, фабрик, электр т. б.) қазақша сөздермен беру мұмкіншілігіжоқболғандықтанпайдалан ылғандар, енді бір шағынтобы (образование, назначение, дезнание, посредник, прошение) қазақша баламасы бола тұра да, осы ұғымдардың орысша исін сақтау үшін стильдік мақсатпен әдейі қолданылғандар. Ал здравомыслящий, коренной, оязной, счет деген орысша түлғадағы сын есімдер мен занимайся прямотой тәрізді тіркесінің қолданысы да стильдік мақсат көздейді.Бұл сөздер Абайдың орысша оқып жүрген шәкірттерге арналған өлеңінде жұмсалған. Пошел, гуляттау, білетке сияқты сатиралық бояуы бар осы сөздерін Абай образ үшін қолданған. Орыс тілі элементтерінің тағы бір ете шағын тобы - штамп қыстырмалар. Арабша тұтас сейлем тіркестерді қолданғанысияқты, Абай прозасының тілінде бірді-екілі орысша кұрделі атауларды сол күйінде келтіреді. Олар: подвижный элемент, сила притягательного, однородного, впечатлительность сердца. Бұл ақын шығармаларын жазу үстінде орыс тіліндегі әдебиетті пайдаланғандығын танытады және бұларды аудармай алуының себептері, біріншіден, қазақша философиялық ғылыми терминдердің оларды жасау тәжірибесінің ол көзде жоқтығы, екіншіден, осы ұғымдарды бұрмаламай, шатастырмай атау ниетінің болуы, ұғымның атауын орыс тілінде ала отырып, әрі қараи осы ұғымның мәнін қазақшалап түсіндіреді. Бұл - қазақ әдеби тілінде бұрын-соңды болмаған соны тәсіл, Абай қолтаңбасы. Орыс тілі арқылы интернационалдық сөздерді ішінара қабылдау принңипінің алғашқы нышандары Абайдан басталған. Мысалы, такт, трагедия, элемент, визит, химия тәрізді атаулармен қатар сол тұстағы қазақтың әдеби тілінде орын ала бастаған партия, кандидат, губернатор, генерал, доктор, фабрика, электр, миллион сияқты халықаралық қор элементтерін қолдануды Абай батыл қостаған. Бұларды пайдаланудың мотивтері мен орындарын кеңейткен. Сөйтіп, Абай лирикасындағы орыс сөздерінің қолданысы - қазақтың жаңа жазба тілінің даму барысында орынтепкенбағыттардың бірі. Бұл бағытты ұстап, әрі қарай жылжытуда Абайдың көздеғен мақсаттары менұстаған принциптері мынадай: 1) орыс сөздерін өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне енген жаңа құбылыстарды, заттарды, ұғымдарды айырып атау мақсатымен қабылдау; 2) әзірге қазақ қауымына бейтаныс болса да, аударуға болмайтын ұғым, зат, құбылыс атауларын орыс тіліндегі түрінде беру; 3) орыс сөздерін образ жасау, әңгіме барысын белгілі бір оқырманға бағыштау сияқты стилдік мақсатта пайдалану. Бұл мотив, принциптер де жаңа жазба әдеби тіл дамуында Абай қаламына ғана тән жатсын бай қабылданған соны құбылыстар.[1, 378]
Төменде Абай тіліне байланысты ұлы ғалымдардың сөздерінен үзінді келтіріп өтейін:
С. Мұқанов - Абайдың қара сөздері де, өлеңдері де ақылды, шешен, көркем келуіне бір себеп - оның жасынан қазақтың шешен, көркем сөздерімен танысуы екендігінде дау болмасқа тиіс. Шешендер әдетте көп сөзді болмаған. Олар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар деген қазақтың мақалын өздеріне праграмма көріп, айтыста көп сөйлемеуге, ретін тапқан аз сөзбен үлкен мәселенің түйінін шешуге тырысқан және шешкен де. Абай да өзінің шығармаларында аз сөзді болған, азғантай бірақ ақылды, шешен көркем сөздер айтқан кісі. [8,309]
С. Талжанов - Қорыта айтқанда, Абайдың шеберлігі әр сөздің жанын дәл таба білуінен барып шыққан еді. Қалауы табылса қар жанатындай бар сәулетімен жарқырап контексте көрінеді.н, [9,205]

1.2 Абай қара сөздерінің қытай тіліне аударылу тарихы

Абай қара сөздері көптеген шет тілдеріне аударылғаны белгілі, солардың ішінде қытай тіліне де аударылған.
Абай қара сөздеріннің қытай тіліне аударылуын зерттеп зерделлегенде алдымен аудармашылардың аудармашылық шығармашылық жолдарын қарастырмай болмайды. Абай қара сөздері қытай тіліне аударыла бастағанына 30 жылға жуықтады. Ең алғаш Абай өлеңдері мен қатар Абайдың қара сөздерін қытай тілінде аударған Сібе ұлтынан шыққан Қытай жазушылар одағының мүшесі, аудармашы Қабай (Ха Хуанжаң) мырза еді. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары Қабай мырза Абайдың өлеңдерінің үзінділерін қытай тіліне аударып Абай шығармаларын қытай тілінде сөйлеткен ең алғашқы адам атанды. 1984 жылы Абай қарасөздерін толық аударып Ақылия деген атпен Шыңжаң ұлттар баспасынан бастырып шығарады. 1993 жылы Абай өлеңдерінің толық нұсқасын түгел қытай тіліне аударып ұлттар баспасынан -Абай өлеңдерінің толық жинағы деген атпен шығарады. Қабай мырза аударма ісімен қатар зерттеу жұмысын да қатар алып жүреді.1987 жылы Абай және оның өлеңдері деген сын мақалалар жинағы жарық көрсе, 1995 жылы Абай зерттеу шығармалар жинағын ұлтар баспасынан шығарады. Қазірде Қабай мырза Қытайдағы абайтану саласына ең алғыш жол салған адам болып есептелінеді.
Абай қара сөздерін қытай тіліне екінші рет Қытайдағы Туң ұлтынан шыққан жазушы, аудармашы, Қытай жазушылар одағының мүшесі Су жоушион мырза мен Қытай Қазақтарынан шыққан жазушы, аудармашы, Қытай жазушылар одағының мүшесі Әкбар Мәжит мырза бірлікте аударып 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына қарсы баспадан шығарады. Әкбар Мажит мырза Абай ақылиялары (阿拜箴言录) деген атпен шыққан қара сөздерге алғы сөзі ретінде жазған Абайдың тартымдылығы деген мақаласында былай дейді: Ұлттар баспасы қазақ редакция бөлімі Су Жоушион мырзаның (қара сөздің) аударма нұсқасын тапсырып алып әрі оны түп нұсқамен салыстырып көрген соң, менен түп нұсқадан қайтадан аударуды сұрады, ... ... олар маған уақыт шектеп, үш ай ішінде аударманы бітіріп алты ай ішінде кітаптің басылып шығуын өтінді.
Әкбар Мажит мырза ұзақ жылдар бойы қытай тілінде әдеби шығармашылықпен шұғылданып жүр, қазір де Қытай Жазушылары Жұрналының редакторы. Оның үстіне ұлты қазақ болғандықтан қазақ тіліндегі кез келген шығарманы қытай тіліне аудару ол кісіге аса қиынға туспейтіні айқын. Дегенмен қазақ редакция бөлімінің Абайдың 150 жылдығына үлгереміз деп асығып 3 ай ішінде аударманы бітіруді өтінгені ол кісінің аударманы өз сапалы деңгейіне жеткізе білуіне кері әсерін тигізбедіме деген аз алаңдауымыз да бар.

Абай қара сөздерінің қытай тіліндегі алғашқы аудармасы 1984 жылы Шин жаң халықтар баспасынан жарық көреді, әрине бұл Қабай (Ха Хуән жаң) мырзаның ұзақ жылғы табан ет маңдай терінің жемісі еді. Қабай мырза жастайынан қазақ ауылында өсіп қазақ балаларынмен ойнап күлген, қазақы тәрбиесінің қандай болатынынан, қазақ өмірінің қандай екендігінен хабардар екені даусыз. Хабардар емес-ау, онымен етене болатын. Әрі осы балалық шақтағы бастан кешкендері оның бұдан былайғы шығармашылық өміріне аса зор ықпал етеді. Оның қазақ өміріне деген, қазақтың өмір философиясына, және ұлы Абайға деген сүйіспеншілігі дәл осы бала шығында қылыптасады. Орта мектеп оқып жүргенде-ақ Абайдың айттым сәлем қалам қас өлеңін естіп содан бері Абай шығармаларына бар ынтасымен ғашық болып, Абай есімі Қабай жүрегінде мәңгілік өшпес із қалдырады. Бір берген сұқпатында өзінің Абай өлеңін алғаш естігені жайлы былай деп еске алады, қарт қаламгер: Абай өлеңін алғаш естігенде жүрегім аттай тулады. Мың құбылып тамылжыған әуені мені балқытып әкетті. Содан бастап менің жүрегімнің терең түбінде Абай ғашықтық жырының әуезі қалды. Қабайдың ұлы Абайға деген сүйіспеншілігі оны әрдәйім алға жетеледі, Абай шығармаларының қытай тіліне аударылмағаны оны бей-жай қалдырмады. Ол Абайды оқыды, жүрегімен сезінді, оған ғашық болды, әрі оны сүйте жүре қытай тіліне аударды. 1958 жылы Абайдың ертегі-поэмалары деген аударма еңбегін Халық әдеби баспасынан шығарады. 1982 жылы Шин жаң халық баспасы оның Абай таңдамалы поэмалары атты аудармасын шығарады. 1984 жылы Абай қара сөздерін аударып 阿克利亚-Ақылия деген атпен шығарады. тоғыз жылдық үздіксіз ізденістен кейін Қабай Абай шығармаларын толық қытай тіліне аударып Абай шығармаларының толық жинағы деген атпен ұлттар баспасынан басып шығарады. Дегенмен қаламгер тек аудармамен ғана шектеліп қоймай, Абайды зерттеумен де шұғылданады. 1987 жылы Абай және оның поэмалары атты зерттеу мақаласын шығарса, 1995 Абай зерттеу мақалалар жинағын шығарып Қытайға Абайды едәуір толық зерттеп жеткізген алғашқы адам болады. Абай және оның поэмалары 1979-1989 жылдардағы Қытай аз ұлттар әдеби зерттеуінің үздік шығарма силығын және 1993 жылғы Қазақстан республикасының Абайдың 150 жылдығына арнаған әдеби өнер силығын алады. Ал Абай зерттеу мақалалар жинағы 1997 жылғы Қытай жазушылар одағының тұлпар силығын жеңіп алады. Бұл марапаттар ол кісінің Абайтану ғылымына деген үлесінің жоғары бағаланғандығын көрсетеді, әрі оны бұдан былайғы зерттеу жұмыстарына одан әрі ынталандыра түседі.
Еш қандай еңбектің өзіндік машақатынсыз, қиындығынсыз бітпейтіні баршамызға мәлім. Қабай мырза да Абай зерттеуінде көптеген қиындықтарды бастан кешті, алайда ұлы Абайға деген адал жүрек пен ыстық махаббат ол кісіні еш қашан қиындықтар алдында жасытқан емес. Бұрын ол Қытай классикалық поэмаларын оқып қытай әдебиетінен алғашқы білімдерді де алған еді, ал Қазақ өлеңдерінің Қытай поэмаларыныан басқаша сарындағы әуезділігі, әсіресе айтыстағы ақындардың өлеңімен іс баяндайтын суырып-салма шеберліктері оны басқаша бір әлемге жетеледі. Ал Абай өлеңдері бұл жаңа әлемді тіптіде тұңғиық сырға бөлеп оны онан ары елітіп әкетті. Сол алғаш Абай өлеңдерін естіген мектептегі өлеңді дауысдап оқу жарысынан кейін, ол дереу әлгі айттым сәлем қаламқасты оқыған баланы тауып өлеңді сұрап алып, қайта қайта оқып оның көркемдігіне тәнті болады. Сол-ақ екен Қабай базарға арнайы барып Абайдың сол кездегі бір өлеңдер жинағын тауып сатып алады. 1949 жылы Қабай Шинжаң универмитетінің орыс тілі факультетіне оқуға түседі. Талантты жастың алдында асқақ армандар жатқан еді, алайда бір жылдан соң сол кездегі жағдайлардың себебінен ол оқудан төте жұмысқа шақырылып орыс тілі аударма ісіне кірісіп кетеді. Дегенмен жұмыс оны білімнен әсіресе қазақ өміріне терең бойлайтын орайдан алшақтаппайды. 1955 жылы ол Іле Қазақ автономиялы обылысының партия комитеті ауыл-қыстақ қызметі бөліміне жұмысқа келеді. Осы кезден бастап, ол кісі қалың қазақ ауылдарын аралап, тау-тасты кезіп, жайлым-шабыстарды көріп қазақ өмірімен терең таныс болады. Қабай шығармашылығын зерттеп жүрген ғалым, қаламгер Дұң Жұңмиң былай дейді: Қабай Іле ауылдарында жиырма жылдай жұмыс істеді, жастайынан бастап қытайша және қазақша өлең жазумен шұғылданды. Абай шығармаларын аудару үшін ол тіптіде қажырлықпен еңбектеніп қазақ тілін, салт-дәстүрін, тарихын, әдебиетін (оның ішінде фольклорлық әдебиетті де) үйренді. Осылайша ол Абайды аударуда өте жоғары деңгейдегі дайындыққа қол жеткізді. Қазақ тілі мен қытай тілі екі басқа топтағы тіл болғандықтан әрі екі ұлт та мәдени жақтардан көп айырмашылықтары болғандықтан, Қабайдың Абай шығармаларын аударуда өте байсалды әрі ұқыпты болуына тура келді. Сонымен қатар бұл еңбек одан жасампаздықты да талап етіп отырды.[,44] Осылайша Абайдың өлеңдерін аударып, өзі де бір шетінен поэзиялық шығармамен шұғылданды. Алайда өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы Қытайдағы мәдениет зор төңкерісі Қабайды да айналып өткен жоқ, үйі тінтілді, кітаптары өртелді. Астаң-кестеңі шыққан үйден Қабай қалған кітаптарын қайта жинастырды, қанша тінтіп ақтарғанымен алайда әлгі Абай өлеңдерінің жинағы жоқ болып шықты. Дегенмен үмітсіз сайтан ісі, Қабай мойымады. Бір жөні болар деген сеніммен ақырын ғана күрсінді. Келесі күні таң ата, босағадан аттап шыға бере, Қабайдың көзі терезенің алдында жатқан бір кітапқа түсті. Қараса сол баяғы Абай өлеңдерінің жинағы екен. Қабайдың жүрегіне қайтадан үміт оты ұялайды. Бір сұқбатында ол бұл оқиғаны Абайдың аруағы жебеген болар деп жориды.
Құдайға шүкір, Қабай мырза сол бір зұлматты жылдардан аман-есен өтті, әрине, өзі ғана өткен жоқ, Қытайдағы Абайтану ісін де аман алып өтті десек қателеспеспіз.
1981 жылы, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының ұлттар әдебиетін зерттеу кеңсесінде жұмыс істеп жүрген Қабай мырза Мемлекеттік аз ұлттар әдеби шығармашылық силығының бірінші реткі марапаттау рәсіміне қатысады. Сол арада Қазақтың бір туар жазушысы Күнгей Қабай мырзамен танысқаннан кейін оған қарап қатты иіліп бір сәлем береді. Қабай бұны өзіне емес, қайта Абайға деген құрмет деп біледі әрі осыдан Абай рухының Қазақ халықы жүрегінде қаншалықты маңызды орын алатынын сезінеді. Мінеки, осы бір кішкене іс ол кісіге қатты әсер етеді де, оның бұдан былайғы Абайды зерттеу ісіне ықпал етуші факторға айналады. 1981 жылы Абай және оның поэмалары атты зерттеу мақаласын аяқтайды. Қытай тіліндегі нұсқасы әлі баспа бетіне шықпай жатып Қахарман Мұқан деген аудармашы жігіт алдын орып қазақша аудармасын баспаға беріп үлгіреді. Абайдың туып өскен елі Қазақстанға деген құрметін білдірмек үшін, Қабай мырза жаңағы Абай және оның поэмалары мен екі нұсқа Абай поэмаларының таңдамалы аудармаларын Қазақстан республикасы жазушылар одағына жолдап жібереді. Әрине, жазушылар одағы бұл іске таңқалысады, Қытайда Абайтанушы бар екені ойларына кіріп шықпағанын айтысады. 1989 жылы Қазақстан республикасы жазушылар одағы Қабайды сол кездегі Семей обылысы Абай ауданына шақырып, оған ауданның құрметті азаматы атағын береді. Сонымен қатар астына тұлпар мінгізіп, үстіне тон жабады. 1995 жылы ол кісі Абайдың 150 жылдық мерей тойына да шақырылады. Алайда бұл жолы сәті түсіп келе алмай қалады. Дегенмен бір жыл өтісімен тағы шақырылады, бұл жолы Абайдың туған ауылынан дәм татып қайтуды бұйырған екен. Осылайша, Қабай мырза Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігімен таныс болады, әрі өзі сонша қастерлеп ардақтайтын Қазақтың ұлы ақыны, Философ Абайдың туған жеріне де атбасын тіреп, оның өмірімен, ортасымен, туған заманымен терең танысуға мүмкіншілік алады. Бұл оның Абайтану ісіне зор көмегін тигізген деп сенеміз.
Қабай мырза Абай шығармаларын аудару барысында өзі де шығармашылықпен шұғылданғаны жайлы айтып өттік. Шығармаларын айтар болсақ, мысалы: сәлем бердік, кішкене киіз үй, қайта айналып көш жолында, малшының мінезі, сахараның шын келбеті, Іле тұлпарына арнау, бәйге, қыз қуу, көкбар секілді бір қатар өлеңдері бар. Дегенмен бұлардың баршасы дала өмірі және қазақ тіршілігімен тіке байланысып жатыр. Кейбір ақын, жазушылар секілді том томдап шағарма жазбаса да, Қабай мырза өзіне етене жақын қазақ өмірін терең түсіне білді, Абайды жақын қашықтықтан зерттей білді, сондықтан ол көктемнің алғашқы қарлығашындай, миллиард қытай халықына Абайды алғашқы болып, сазды сыңғыр әуенмен жеткізе білді.

Қара сөздер 1995 жылы екінші рет қытай тіліне аударылды. Бұл жолы бір адам емес, екі қаламгер біріге аударды. Олар Су Жоушиоң мен Әкбар Мәжит еді. Су Жоушиоң мырза Қытай жазушылар одағының мүшесі, шебер аудармашы. 1964 жылы Сычуән университеті шет тілдері факультетінің орыс тілі мамандығын бітіреді. Сосон Қытай филология ғылымдары қоғамдық ғылымдар бөлімінің халықаралық құжаттар кеңсесіне жұмысқа тұрады. Кейін ұлттық кітапханаға ауысады, әрі кейін келе аталмыш кітапханың газет-журналдар бөлімінің орынбасар бөлім бастығы қызыметін атқарады. 1996 жылдың ақпанынан 1998 жылдың мамырына дейін Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшіханасының бірінші хатшысы қызметін атқарады. Қызмет істей жүре бір қатар шығармалар жариялайды.Совет шығармаларына сонша қызыққан Су Жоушиоң совет шығармаларын қытай тіліне аударуды жанына балайды, әрі көптеген шығарманы аударып баспа бетіне де беріп үлгіреді. Мысалы, Қара құлақ ақ Бим (Троепольский, Г.), менің генералым (Лиханов А.), және меруертгүл, сиқысыз, шегіргү, ақ ниет, қабылданбаған махабба, шет ел хайуанаттар аңызы, Абай қара сөздері, Шыңғыс таудың үш алып шыңы ж.т.б..
1989 жылы Өзбекстан республикасы жазушылар одағы оған Сергей Бородин атындағы әдебиет силығын беріп, оның өзбек әдебиетін жоғары сапада қытай халықына таныстырғанын бағалайды. 1998 жылы сәуірде Семей университеті оған университеттің құрметті профессоры атағын беріп, оның Қазақстан Қытай елдері арасында өнер мен мәдениет байланыстарын арттырғаны үшін әрі Қазақтың үш алыбы Абай, Шакәрім, М. Әуезовтерды зерттеп Қытайға таныстырғанын жоғары бағалайды. Қазақстанда қызметте жүргенде Су Жоушиоң мырза елдің біраз жерлерін қыдырып, қазақ өмірі мен де таныс болады. Аудармамен қоса көптеген прозалық шығармаларды да жаза жүреді, мысалы Алматыда болған кезінде Алматыдағы ағаштарды тану деген бір шағын прозалық шығарма да жазады. Төменде ол кісінің өзінің бір естелігінен алынған үзіндіні назар аударайық:
1989 жылы қазанда мен Өзбекстан жазушылар одағының Сергей Бородин атындағы әдеби силығын алдым. Ташкентке сапарымда мен сол кездегі Қазақстан жазушылар одағының қызметкері Мұрат Әуезовпен таныстым, әрі дос болып та қалдық. 1992 жылы желтоқсанда Мұрат Әуезов Қазақстан республикасы тәуелсіздігінен кейінгі Қытайдағы бірінші елшісі болып тағайындалды, бұл біздің достығымызды тіпті де тереңдетіп дамытты. Сонымен елші мырзаның араласуымен 1993 жылы мен аталмыш елге барып олардың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының әдеби мұраларын 3 ай бойы зерттедім. Абай Құнанбайұлы бұл елдің рухани көсемі, ЮНЕСКО 1995 жылы ақынның туылғанына 150 жыл толуына орай оны еске алу шараларын өткізбекші болды, сондықтан менің бұл сапарым Қазақстан мен Қытай екі елдерінің де назарында болды. Біздің Қазақстандағы елшілік мен Алматыға барған ертесі күні-ақ Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне хат жолдап, менің қызметіме олардың қолдау көрсетуін сұрады. Қазақстан жақ менің келіп Абайды зерттеуім ұлы көрші Қытайдың достық іс-әрекеті деп біліп, қызу қарсы алатынын білдірді. Бірінші вице-пример министр Қуаныш Сұлтанов, сыртқы істер министрі Тоқаев (Қазіргі Қазақстан пример министрі) мен ақпарат бөлімінің бастығы бәрі мені қабылдап, менің зерттеу қызметіме қолдау білдіретінін әрі үлкен үміт күтетінін білдірді.
Елге оралғаннан кейін, сыртқы істер министрлігі де менің зерттеу жұмысымды қолдап, қатысты органдарға хаттама жіберіп менің аудармамды басуыма қолдау көрсетуін сұрады, әрі сыртпен достық байланыс бөлімі және мен жұмыс істейтін мемлекеттік кітапханамен келісіп, кітапхана ішінен Абай зерттеу орталығын құруды қарастырды. Орталық кейбір себептермен құрылмай қалды, дегенмен басшылық менің докладыма кітапзанамыздың жағдайына сәйкес бұл жөніндегі зерттеулерді күшейтеміз деген хаттама берді, бұл маған үлкен қолдау болды. Сондықтан мен екі жылдай ынталы жұмыс істеп, арып-шаршаудан талмай, осы аралықта Абай өмірімен шығармашылығы жайлы жиырмаға жуық мақала жаздым, Шыңғыстаудың үш алып шыңы - Абай, Шакәрім және Мұқтар (Шакәрім бөлімін Еркінмен бірге жаздым) және аударма шығарма Абай қара сөздерін (Акбар Мәжитпен бірлесе аударылған). ... баспаға табыстадым.
Су Жоушиоң мырза Қытайдағы орыс тілінің маманы, жоғарыда айтып өткен көптеген орыс тіліндегі әйгілі шығармаларды қытай тіліне аударған шебер аудармашылардың бірі. Сол себептен Абай қара сөздерін ол кісі орыс тілінен аударды, өз зерттеулерін де түгелімен орыс тіліндегі материалдарға негізделе жасады. Дегенмен қара сөздердің аударма нұсқасы бірден баспаға жол алған жоқ, қайта Әкбар Мәжит мырзамен келісіп қайта бір аударып шыққаннан кейін баспа бетінен жарық көрді. Бұл аудармашының сенімсіздігінен емес, қайта ұлы Абайға деген шексіз құрметінен, Қазақ халықына деген шексіз құрметінен екені даусыз.
Әкбар Мәжит Қытай қазақтары арасынан шыққан бір туар азамат, Қазақтың әдебиетін қытай тілінде сайратып жүрген арқалы жазушы, шебер аудармашы. Әкбәр Мәжит жастайынан қытай тілді мектепте оқиды, орта мектепті бітіре салысымен, төменге жіберіледі. Қабай мырза секілді ол кісі де мәдениет зор төңкерісінің біраз қиыншылықтарын көрді, жас білімпаз ретінде төменге түсіріліп (Қытайдағы мәдениет зор төңкерісінде білімді жастарды ауыл-қыстаққа жіберіп еңбекпен тәрбиеулеу үдерісі) оқуды әрмен қарай жалғастырудың орнына біраз жылдарын ауылда халық арасында өткізеді. Дегенмен бұл оның халық арасынан өз шығармашылығына көптеген тақырыптар жинауына үлкен септігін тигізді. Ол малшаруашылық ройондарында қой да бақты, ағашшебері де болды, малдәрігері курсында да болды, төмендегі аудармашылық қызметтерін де атқарды, коммунаның ақпарат қызметкері де болып жұмыс істеген. Бұлардың барлығы оның әдеби шығармашылықпен айналысуына мол тақырыптық материял болды[]. 1973 жылы Ләнжоу униаерситетіне оқуға түседі. 1976 жылы оқуын бітіре салысымен Іле Қазақ автономиялы обылыстық үгіт-нәсихат бөліміне жұмысқа тұрады. Кейін келе Қытай жазушылар одағы ұйымдастырған әдебиет дәрістеріне қатысып үйренуде болады. Арада біраз шығармалар жариялап үлгіреді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармашылығының зерттелуі
Сапалық сын есімдер
Парадигмалық және синтагмалық мағына
Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрмыстық етістіктердің лексика - семантикалық ерекшеліктерінің теориялық аспектісі
Қазақ тіліндегі антропонимдер
Корей тіліндегі сөзжасам жұрнақтары
Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың мағыналық құрылымы мен лексикографиялану ерекшеліктері
Қазақ тілінің семантикасы
Тілді үйретуде семантикалық топтардың алатын орны
Пәндер