Ұжымдастыру (коллективтендіру) қарсаңындағы қазақ ауылы



Жаңа экономикалық саясаттан дәйекті түрде жүзеге асырылуы нәтижесіңде ауыл шаруашылығында елеулі өзгерістер болды, малы жоқ шаруалар саны күрт азайды, орташылар қатары өсті. Республика экономикасының басты саласы — мал шаруашылығы шапшаң дамыды. 1926 жылы мал саны 1913 жылғы 29,9 млн. деңгейіннен асып түсті. Жаппай ұжымдастыру қарсаңында 1929 жылы малдың жалпы саны 40,5 млн. басқа жеткен еді.
Халық шаруашылығының осы бір ауқымды да өмірлік мәні зор саласы — ауыл шаруашылығы қауырт қарқынмен өркендеген өнеркәсіп пен саудадағы социалистік сектордан тым артта қалып қойды. 20 - жылдардың екінші жартысында жүргізілген — кедейлерді жерге орналастыру арқылы оларды байлар мен кулактардың езгісінен құтқару көзделген науқан, шабындық пен егістік жерлерді қайтадан бөлу, ауыл мен деревняның барлық еңбекшілерінің шаруашылығын көтеру жөніндегі шаралар өлі де болса өз нәтижесін бере қойған жоқ еді.
Басшы қызметкерлердің, атап айтқаңда, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекиннің республикада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың табиғаты мен мәнін бағалаудағы теріс көзқарасы жағдайды одан әрі ұшықтыра түсті. Голощекин Қазақстанға келісімен қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бірқатар ерекшеліктерін дұрыс бағаламады, республика партия және кеңес органдарының 1925 жылға дейінгі атқарған онды жұмыстарының барлығын жоққа шығарды. Мысалы, республикада кооперативтік құрылыс жөнінде үлкен жұмыс жүргізілгенді, 1925 жылдың басына дейін қазақ және қоныс аударған орыс шаруалары шаруашылықтарының 27,1 пайызы кооперацияның түрлі нысандарымен қамтылған болатын. Бұлардан басқа осы кезде 1074 тұтыну кооперативі бар еді, олардың 312-сі кошпелі ауылдарда орналасқан. Оның үстіне қазақ шаруалары 1972 ұжымға бірікті, олардың 101-і коммуна, 77-сі ауыл шаруашылық артелі, 204-і мал мойынсеріктігі еді.
Республиканың жаңа басшылығы ұсақ шаруалар шаруашылығын қайта құруды одан өрі жүргізудің орнына орталыққа теріс ақпар беріп отырды. Бұл кездейсоқ емес еді. Голощекин өзін алысты болжайтын көреген өріскер ұйымдастырушы ретінде көрсетпек болды, ал Сталин істің мән-жайына көзін жеткізбей, жергілікті кадрлардың пікіріне құлақ аспады. Голощекиннің Қазан революциясы қазақ даласындағы әлуметтік-экономикалық қатынастарға тиіспей ауылдың жанынан

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҰЖЫМДАСТЫРУ (КОЛЛЕКТИВТЕНДІРУ) ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АУЫЛЫ
Жаңа экономикалық саясаттан дәйекті түрде жүзеге асырылуы нәтижесіңде
ауыл шаруашылығында елеулі өзгерістер болды, малы жоқ шаруалар саны күрт
азайды, орташылар қатары өсті. Республика экономикасының басты саласы — мал
шаруашылығы шапшаң дамыды. 1926 жылы мал саны 1913 жылғы 29,9 млн.
деңгейіннен асып түсті. Жаппай ұжымдастыру қарсаңында 1929 жылы малдың
жалпы саны 40,5 млн. басқа жеткен еді.
Халық шаруашылығының осы бір ауқымды да өмірлік мәні зор саласы — ауыл
шаруашылығы қауырт қарқынмен өркендеген өнеркәсіп пен саудадағы социалистік
сектордан тым артта қалып қойды. 20 - жылдардың екінші жартысында
жүргізілген — кедейлерді жерге орналастыру арқылы оларды байлар мен
кулактардың езгісінен құтқару көзделген науқан, шабындық пен егістік
жерлерді қайтадан бөлу, ауыл мен деревняның барлық еңбекшілерінің
шаруашылығын көтеру жөніндегі шаралар өлі де болса өз нәтижесін бере қойған
жоқ еді.
Басшы қызметкерлердің, атап айтқаңда, Өлкелік партия комитетінің бірінші
хатшысы Ф.И. Голощекиннің республикада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-
экономикалық қайта құрулардың табиғаты мен мәнін бағалаудағы теріс
көзқарасы жағдайды одан әрі ұшықтыра түсті. Голощекин Қазақстанға келісімен
қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бірқатар
ерекшеліктерін дұрыс бағаламады, республика партия және кеңес органдарының
1925 жылға дейінгі атқарған онды жұмыстарының барлығын жоққа шығарды.
Мысалы, республикада кооперативтік құрылыс жөнінде үлкен жұмыс
жүргізілгенді, 1925 жылдың басына дейін қазақ және қоныс аударған орыс
шаруалары шаруашылықтарының 27,1 пайызы кооперацияның түрлі нысандарымен
қамтылған болатын. Бұлардан басқа осы кезде 1074 тұтыну кооперативі бар
еді, олардың 312-сі кошпелі ауылдарда орналасқан. Оның үстіне қазақ
шаруалары 1972 ұжымға бірікті, олардың 101-і коммуна, 77-сі ауыл шаруашылық
артелі, 204-і мал мойынсеріктігі еді.
Республиканың жаңа басшылығы ұсақ шаруалар шаруашылығын қайта құруды одан
өрі жүргізудің орнына орталыққа теріс ақпар беріп отырды. Бұл кездейсоқ
емес еді. Голощекин өзін алысты болжайтын көреген өріскер ұйымдастырушы
ретінде көрсетпек болды, ал Сталин істің мән-жайына көзін жеткізбей,
жергілікті кадрлардың пікіріне құлақ аспады. Голощекиннің Қазан революциясы
қазақ даласындағы әлуметтік-экономикалық қатынастарға тиіспей ауылдың
жанынан құйындай өте шыққан деген сандырағын қабылдай салды. Ауылды
кеңестендіру, егістік пен шабындықты қайта болу және басқа да шараларды ол
өлкедегі революциялық қайта құрудың тек бастамасы ғана деп санады.
1926-1927 жылдары Кеңес өкіметі Қазақстанда шабындық және егістік
жерлерді қайта болу шараларын жүргізді. Оның қорытындысы бойынша өлкеде 1
млн. 250 мың десятина егіндік және 1 млн 360 мың десятина шабындық жер
қайта бөлінді. Бұл жүзеге асырылған аграрлық реформалардың басында кедей
шаруалар барлық шабындық жерлердің 61,6 пайызын, егіндік жерлердің 59,3
пайызын иемденді. Бірақ осы жүргізілген реформа алғаш кезден бастап-ақ
өзінің әлсіз жақтарын көрсете бастады. Өйткені егістік жерлерді қайта бөлу
барысында кедей шаруалардың және кейбір орташа шаруа топтардың шаруашылықты
жүргізу мүмкіндіктері, ондіріс қорлары жұмыс көлігі, ауылшаруашылық құрал-
жабдықтары, тұқым т.б. мүмкіндіктері ескерілмеді. Міне, осындай себептерден
келіп, жергс қолы жеткен көптеген экономмкалық әлсіз кедей шаруашылық одап
бас тартып, бұрынғы пелеріне яғни ауқатты балаларға қайтарып беруге мәжбүр
болды. Өлкеде шабындық жерлерді қайта бөлу ісінде де осындай колеңкелі
жағдай орын алды. Реформа шартына сәйкес, шабындықтарды қайта бөлу жан
басына қарай өткізілетін болды, ал қазақ қоғамындағы бұрынғы дәстүр бойыпша
жер мал саныпа қаран бөлініп келді. Осы жағдаймен байланысты байдыц
шабындығын ала қоятын кедсй топтары аз кездесті. Бұған қоса қазақ
қоғамындағы қалыптасқан ескі патриархалдық-рулық қатынастардың қалдықтары
да үлксн оссріп тигізді. Сол ссбептерден келіп, шабындық жерлер малдары көп
ауыл бапшонжарларының қолында сақталып калды. Сөйтіп, Кеңес өкіметінің
қазақ ауыл-селоларында жүргізген тағы бір аграрлық реформасы өзінің алдына
қойған мақсатын жүзеге асыра алмады.
Бұл кезде елде аграрлық саясатты іске асыру барысында кеңес өкіметі ірі
баилардың, "жартылай феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралып,
одан кейін олардың тұратып үйлерін тартып алып, жер аударып жіберуге бағыт
алды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-
ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін
комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды.
Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді.
1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республнка Халық Компс
сарлары Кеңесінің мәжілісінде торкілсу жөніндегі Заң жобасы қабылданып,
жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді
өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам
өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.
Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда Қаулыға сәйкес 400-ден аса малы бар
ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда малы-
300, ал отрықшы аудандарда малы 150 дсн асатып шарушылықты тәркіге салу
белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды.
Науқанпын қорытындысы бойынша іс жүзіндс 696 шаруашылық тәркіге салынды,
олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Таркіленгендерден ірі
қараға шаққанда 145 мыңдай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып
алынды.
Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар
орын алды. Көп бір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті
шаруалар қожалықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір жерлерде туысқан
жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты.
Тәркіленген малдың 80 мыңы кедейлер мен батырақтарға, 30 мыңға жуығы
ұжымшаларға берілді. Мал мен құрал сайманға ие болған кедейлер ауылдағы
орташалар тобы қатарына көтерілді. Бірақ олар мемлекетке қажетті мөлшерде
тауарлы астық бере алмады. Сондықтан бүкіл одақ бойынша және республикада
астық жетіспеді, ал оған деген сұраныс қала халқьшың өсуіне байланысты
барған сайын арта түсті. Бұл Қазақстанның ауыл мен село халықтарына алым-
салық мөлшерін көбейтуге алып келді және оған қоса өзара салық деген
енгізілді. Бұлардың барлығы әміршіл-әкімшіл әрекеттер іс-қимылы негізінде
жүргізілді.
1920-шы жылдардың аяғында Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі
қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған шаралар іске асырылды. Мұның өзі
бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы
беру, екі жылға астық, ет тапсырудан құтқару) арқылы бірте-бірте
жүргізілетін болып белгіленгснмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп
отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде кешпелі шаруашылықтар
бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15
күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тыңдамай қашуға, көшуге
мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына
ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам
шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Маңғыстау ауданы
(Батыс Қазақстан) халқының 50 пайызы Қарақалпаққа, Түрікменияға, Ресейге
көшіп кетіп оралмады. Ондағы малдың саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс
Қазақстан облысы бойынша ол 82,2, республика бойынша - 51,8 пайызға
қысқарды. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан
астам шаруа қожалықтары республикадап тыс жерлерге көшіп кетті. Ал бұл
көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар жаңа экономикалық саясатты іске
асыру барысында өздерінің малдарының самын көбейтіп, қалаларға ет, жұп,
т.б. шығарып сатып, жағдайларын біраз түзеп алған болатын.
Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы ірі өзгерістерге
халық шаруашылығын қалпыпа келтіруге, өонеркәсіп орындарын салып,
кәсіпорындардың жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа
экономикалық саясаттың әрекетін тежеп, өміршіл-әкімшіл басқару әдісіне
көшуге біржола бстбұрыс жасалды. НЭП жылдарында орташаламын қалған ауқатты
шаруалар, қаладағы жағдайын біраз түзеп алған қолөнершілер мен қызметкерлер
енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына бастады. Саясаттағы
солақайлық етек ала берді. Халықты ызғарымен ықтырып, тұманымен
тұншықтырып, отына күйдіріп Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл басқару
жүйесінің қызыл шоқтай тарғылданған күні туып келе жатты.

3.2. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары. 1932-1933
жылдардағы аштық.
20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойыиша
шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дорежесін
көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар
коолерациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, эконамикалық тиімділік
шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа
экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін
дәйектеп берді.
Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат
негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді оның орнына ұзақ та
азапты жылдарға созылған большевиктердің күштеу саясаты орнықты. Бұл
экономика сала сында бәрінен бұрын индустрияландыру жөне ұжымдастыру
саясатына көрініс тапты. Большевиктердің 20-30 жылдардағы елдің халық
шаруашлығындағы осынау шаралары бір-бірімен тығыз байланысты сабақтас құбы
лыстар, басқаша айтсақ, ұжымдастыру индустриялаңдыруды жүзеге асырудың
қайнар көзі ретіңде дүниеге келді. Еңдеше иңдустриялапдыруды (ауыр
индустрия мен қауіпсіздік өнеркәсібін дамытуды) қарқынды жүргізу үшін
қорлану, яғни қаржы мәселесін шешу қажет болды. Әкімшілік тәсілімен
жоғарыдан жүргізілген шаруаларды темен бағамен астыгынан жоис басқа
өнімдерінен айыру жолы табысқа жетпеді; бұл астық дайындауды дағдарысқа
ұшыратып қана қойған жоқ, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қарсылығынтудырды.
Бұдан шығудың қарапайым жолы нанды "сыға беру" арқылы алатың ұжымшарларды
ұйымдастьғру болып табылды. Сөйтіп, Кеңес жүйесі көшпеңділерді орлардың
мүддесіне түбірінен "Қайшы келетін" отырықшылыққа көшірді жәие еқі
міндеттің тез арадз шешілуіне қол жеткізді. 1-ден, астық өңдірісіне жаңа
жерлер (жайылымдар есебінен) "босатылды'' және 2-ден, жұмыс мәселесі күн
тәртібінен алынады, яғни кешегі көшпенділер егіншілер қатарына еніп, жерді
өздері жыртып, сеуіп, оның өнімін жинады. Ендеше ең басты нәрсе - оларды
ұжым шарларға қуып кіргізу болып есептелді. Сонымен, 1927 жылдан бастап ,
ұжымдастыру шарасы басталды.
1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Бірақ, шаруаларды күштеп
ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп, 1927 жылы
1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы - 4876-ға жетті. Бұлар
колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін,
құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдық
зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-
қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Рсспубликасы Жоғарғы
Кеңесіңің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсаиыидағы қорытындылары
жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың
қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.
Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш
жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп
аталатын мақаласыпың шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында бай-құлақтарға
шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын
тәркілеу аяқталған болатын. Енді жаңа экономикалық саясат негізінде
жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен
ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шарашаруа қауымының игілігін
ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана
көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалық саясатын дамыту бағыты
тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси
өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті.
Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы
саясаттың ең басты шарты - әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық
емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып
қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. "Ұлы бетбұрыс" селолық
құрылымдарды қатігез қаталдық пен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын
проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.
Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде
астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше
кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек көруге итермелеген екінші бір
үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатып еттің,
жүннің көлемі белгілі есептеп асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар
қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына
соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді.
Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай
айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның озі ауыл
адамдарын қорқыту үшін де істелінді.
Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік,
зорлық, күштсу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға
барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кіріс, 1931 жылдың күзінде
шаруаларды 70-тен 100 паызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-гс
жетті. Бұл тұста өлкеде 192 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде
ауыл-селоларда байқұлақтарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды.
Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқау бойынша жойылуға тиісті бай-құлақ
шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек
деп ескертілді. Бірақ, осығаи қарамастап әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра
сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар сапы кез келген жерде ең жоғарғы
көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс
жерге бай-құлақ деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар саны 6765 адамға
жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтеріпен республика ішінде басқа
жерлерге көшірілді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия
комптеті жергілікті белсенділер-мен бірге кәсіпорындардан сегіз мың
жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесеп-
екіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 жиырма
бесмыңынан келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні
мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін, бұл шартар аптап
жүздеген шаруашылықты бір жерге жайпау болды. Мұндай топтаудың салдарынан
шаруалар мал өрісімен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру
мүмкіндігімен айырылды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымеи Қазақстанның барлық аймақтарында
ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
Жетісу өңіріндегі ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылық (1929-1933 жж.)
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Алаш зиялыларына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін (ХХ ғ. 20-30жж)
Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылы
Ұжымдастыру жылдары
Солтүстік Қазақстанның өңірі ұжымдыстыру жылдарында
Мойынқұм ауданы
Ұлттық мемлекеттік құрылым жасаудағы тарихи алғы шарттар
Пәндер