Химияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану әдістемесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
ӘДЕБИ ШОЛУ
1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық
шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мазмұны мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1 Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда модульдік технологияны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Модульдік бағдарламаларды құрастырудың әдістемелік
ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3 Модульдік технологияны қолданудың нәтижелері, артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
3 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев қазақстандық мектептерді мүмкіндігінше толық технологияландыру міндетін білім беру саласының басты мақсатының бірі деп көрсетті. Бұл мәселе елбасының 2006 жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арналған Жолдауында білім беру саласының болашағы үшін маңызды фактор ретінде белгіленді [1]. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген [2]. Оны жүзеге асыру – мектептерде танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастыру болып табылады. Себебі, танымдық іс-әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл-ой әрекетi.
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» жолдауы. // Ана тілі, 2006. - №9.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Алматы,
1999. – 96 б.
3. Қараев Ж.Б. Танымдық белсенділік деңгейлері. // Қазақстан мектебі, 2004. - №3.
4. Омарова Р.С. Оқу – танымдық әрекетті белсендіру. // Қазақстан мектебі, 2006. - №12.
5. Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроке. - М.: 1961. - 239 с.
6. Қайыпова Ш. Танымдық шығармашылыққа баулу жолдары. // Қазақстан мектебі, 2005. - №7.
7. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика. - Алматы, 2003. - 368 б.
8. Скаткин М.Н. Активизация познавательной деятельности учащихся в обучении. - М.: Педагогика, 1965. - 198 с.
9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.Педагогика. - Алматы, 2002. – 369 б.
10. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе. - М.: Просвещение, 1979. - 160 с.
11. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. - Алматы: Білім, 1994. - 192 б.
12. Казмагамбетов А.Г. Научно-педагогические основы формирования системы оценочных притязаний старшеклассников в учебном процессе. Дисс.докт.пед.наук, Алматы, 1999. - 232 с.
13. Шамова Т.И. Проблемы активизации учения школьников. Дисс. конд.пед. наук. М.; 1977. - 368 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
ГЛОССАРИЙ
Білім беру технологиясы - оқу процесін жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құру.
Құзыреттілік - оқушылардың іс-әрекеттің жан-жақты тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Модуль - термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болды. Бұл термин латынның modulus (өлшеуіш) сөзінен шыққан. Модуль білім мазмұны және оны игеру технологиясы біріккен біртұтас функционалдық түйін.
Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Модульмен оқыту - толық немесе жекелей түрде модульге негізделген оқыту.
Модульдік бағдарлама - модульмен оқыту әдістемелік жүйесінің негізгі кешенді құралы.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
ӘДЕБИ ШОЛУ
1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мазмұны мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1 Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда модульдік технологияны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Модульдік бағдарламаларды құрастырудың әдістемелік
ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.3 Модульдік технологияны қолданудың нәтижелері, артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..64

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев қазақстандық мектептерді мүмкіндігінше толық технологияландыру міндетін білім беру саласының басты мақсатының бірі деп көрсетті. Бұл мәселе елбасының 2006 жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арналған Жолдауында білім беру саласының болашағы үшін маңызды фактор ретінде белгіленді [1]. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты - қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген [2]. Оны жүзеге асыру - мектептерде танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастыру болып табылады. Себебі, танымдық іс-әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл-ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Міне сол себептен, қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындары жаңа білім беру жүйесіне көшуде. Сондықтан да болашақ студент - бүгінгі оқушы жаңа тұрмысқа, жаңа оқу түрлеріне, жаңа қатынастарға тез бейімделуі тиіс. Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі технологияларын қолдана отырып, ізденімпаз, терең ойлайтын, өз бетінше нақты шешім қабылдай алатын әрі өз болмысын толықтай таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Ендеше, педагогикалық процестің тиімділігінің артуына жағдай жасайтын, сонымен қатар білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің өмірге үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның дербес ерекшелігін ескеріп, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың алдыңғы қатарлы қадамдарының бірі - модульдік оқыту.
Модульдік әдіс сапалы оқыту көзі бола отырып, мұғалім мен оқушының өзара ізгілікті қарым-қатынасы негізінде пәнді сапалы меңгеруде игі ықпалын тигізеді. Сонымен, қазіргі қоғам талабына сай ұрпақ дайындауда және әрбір тұлғаның танымдық түйсігін жоғары дәрежеде дамытуда туындайтын мәселелерді шешуде көмегі аса мол технологиялардың бірі - модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту технологиясы жайлы А.П. Юцявичене, В.М. Монахов,
Ж. Қараев, В.П. Беспалько, М. Жанпейісова, Г.И. Шамова [3-8] еңбектерінде аса мәнді жазылған.
Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше маңызды шешімдер қабылдай алу қабілеті мен өзіндік жеке жұмыстар орындай алу мүмкіндігі, оқытудың әдістері және тәсілдері бойынша білім берудің дербестігін қамтамасыз етеді. Сонымен модульдік оқыту негізінде басты мақсат-нәтижеге қол жеткізуге әбден мүмкін болады.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі әрі оқытудың тиімділігін арттырудың мақсатында жаңа білім беру парадигмасына сүйене отырып Модульдік оқыту технологиясын пайдалану арқылы химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесі атты тақырыпты таңдауымызға мүмкіндік берді. Ондағы көздейтін мақсатымыз химия пәнін оқытуда модульдік бағдарламалар дайындау, осы бағдарламалар негізінде оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің мақсаты: орта мектептің химия сабағында модульдік технология көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесін жасау.
Зерттеу пәні: орта мектептің 10-сынып оқушыларының танымдық белсенділігін модульдік технологияны пайдалану негізінде арттырудың дидактикалық шарттары.
Қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі зерттеу әдістері қолданылды:
:: зерттеу бағыты бойынша ғылыми-әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау;
:: оқушылармен, мұғалімдермен, мектеп басшыларымен, ата-аналарымен әңгімелесу, олардың арасында сауалнамалар жүргізу;
:: оқу процесіне енгізу жолдарын ұсыну, жинақтау, салыстыру;
:: модельдеу, жүйелеу, бақылау, сұрау (анкета, сұқбат) сияқты педагогикалық тәжірибе әдістері де қолданылды.
Зерттеудің жетекші идеясы: Химияны модульдік технологиямен оқыту білім сапасы мен маңызын арттырады. Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті, оқу үдерісінің шын мәніндегі сипаты анықталады, олардың осы технология негізінде білім қорының қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер жалпы білім беретін орта мектепте химияның теориялық негіздерін зерделеп, соған сай жасалған модульдік әдістемені тиімді қолданса, жеке модульдермен өз бетінше жұмыс жасай білсе, онда мектеп оқушыларына жаңа білім парадигмаларына сәйкес сапалы білім беруді белгілі бір дәрежеде дамытуға игі ықпалын тигізеді, өйткені модульдік технология оқушылардың өздігінен білім алуына, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасайды, әрі жоғары оқу орындарына дайындайды.
Зерттеудің теориялық құндылығы - орта мектепте химия пәні бойынша модульдік оқытудың тиімді әдістері мен сабақтардың әдістемелік жүйесі ұсынылды.10-сыныпқа химия пәнінен сабақ модульдік жүйемен жүргізілді.
Зерттеудің практикалық құндылығы - диплом жұмысында негізделген теориялық пайымдаулар мен практикалық ұсыныстарды жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға, оқу процесінің сапасын арттыруға, жоғары оқу орындарына химиядан дайындауға пайдалануға болатындығы дәлелденді.
Қорғауға жұмыстың төмендегі қорытындылары ұсынылады:
оқушылардың танымдық белсенділігін модульдік технология көмегімен қалыптастырудың теориялық негіздері;
оқушылардың танымдық белсенділігін модульдік технологияны қолдану арқылы қалыптастырудың деңгейлері және көрсеткіштері;
химиядан тақырыптық сабақтар үшін қажетті модульдерді қолдану әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу - эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Эксперимент Ө. Жәутіков атындағы республикалық дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектебінде жүргізілді. Сонымен қатар, дипломдық зерттеу жұмысының мазмұны мынадай ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалды: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ндегі Азаматтық қоғамының жарқын қалыптасуына Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ғылым әлемі атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясында, АТУ-дағы Білім. Ғылым. Жастар атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясында ж.т.б.
Теориялық бөлімінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық жүйедегі даму кезеңдеріне шолу жасай отырып, бұл мәселені Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері деп қарастыра отырып, танымдық белсенділіктің қалыптасуының ғылыми-теориялық негізделген деңгейлері және көрсеткіштері, түрлі инновациялық технологиялардың танымдық белсенділікті арттырудағы көмегін, әсіресе модульдік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған.
Химияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану әдістемесі және эксперименттік жұмыс нәтижелері атты екінші тарауда химия сабағында оқушылардың білім сапасын арттыруға негізделген технология түрлері, химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық жұмыстар және интерактивті әдістер арқылы арттыру, оқушылардың бейорганикалық химияны сапалы меңгеруге байланысты жүргізілген тәжірибелік (эксперименттік) жұмыстардың нәтижесі талданып берілген, химиядан тараулар бойынша арнайы модульдер жасауға қажетті талаптар айқындалып, оларды жүзеге асыру баяндалды.
Қорытындыда жүргізілген теориялық және практикалық жұмыстардың жалпы мазмұны сараланып, оқушылардың танымдық белсенділігін модульдік технология көмегімен арттырудың негіздері нақтыланып, зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған негізгі тұжырымдар келтірілген.
Қосымшада оқушылардың танымдық белсенділігін анықтау мақсатында жасалынған мектеп мұғалімдеріне және оқушыларға арналған сауалнамалар және тест сұрақтары беріліп, қолданылған 10-сынып химия пәнінен модульдік сабақ өткізу әдістемелері берілген.

ӘДЕБИ ШОЛУ
1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны, құрылымы
Танымдық белсенділік ұғымы және оны қалыптастыру мәселесін көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазған. Бұл мәселенің түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Көне құл иеленушiлiк құрылыс кезінде әсіресе Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болған, соның нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель еңбектерiнде өзінің даму жолын бастады [9,10].
Аталған тұжырымдамаларда ақыл-ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Тіпті Сократтың оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткендігі белгілі. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн-эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана беріп қоймай, шәкiрттерiмен пікірталас жүргізе отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын қорытындылай бiлуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырды [11].
Соңынан осы iзденiмпаздықтың дамуына көне Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай рөл атқарады деген пiкiр айтты. Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде-ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой-тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне айрықша көңiл бөлген.
Орта ғасыр кезеңінде дiннiң уағыздалуы нәтижесінде адамды алдағы келетiн о дүниелiк өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған.
Осыған байланысты орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай-ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ -жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны әбден белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң даму жолын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Өкінішке орай бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.
Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой-өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғам о дүниеге дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, маңызды шешімдер қабылдауға қабілетті, белсендi, ой-өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерiн қажет ете бастады.
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық белсенділіктің ғылыми-теориялық түсініктері Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк,
Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды [12-21].
ХVI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень: Тәрбиешi баланың бойындағы қабiлеттерін бастан-ақ еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың бір-бірінен алуан түрлі ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған бағыт беріп, мақсатын жалғастырып отыруын қалаймын, - деп, оқытудағы танымдық әрекеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзгіден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасауы қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы мен қызығушылығы дами түсетiнi сөзсiз, - деп жазған болатын.
Бұл ғалымнан кейiн танымдық іс-әрекет ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо,
И.Г. Пестолоцци және т.б. мұраларында өз жалғасын тапты.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн
Я.А. Коменский қалады. Ол: Таным бастамасы - сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой-өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек, - деп жазды. Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды-бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын, - деген болатын.
Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және соны қолдану нәтижесінде өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол Ұлы дидактика еңбегiнде: Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет, - деп ерекше атап көрсетті.
Ұлы ғалым Я.А. Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздық қабілеті туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотиві пен ұмтылысы туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы танымдық iзденiмпаздықтың аса қажеттiгiн атап өттi [22].
Белгілі ғалым Ж.Ж. Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.
Ж.Ж. Руссо идеясын И.Г. Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.
ХVIII - ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына
И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.
И.Г. Песталоции оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк - психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.
Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей танымдық белсендiлiк терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әртүрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:
* биологиялық (П.К. Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А. Бернштейн, А. Илиади, И.М. Сеченок т.б.) [23-27];
* психологиялық (Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, Б.Ф. Ломов т.б.) [28-31];
* педагогикалық (Ш.А. Амоношвили, Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина т.б.) [32-34].
Биологиялық аспект - белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. Ол өзiн-өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым-қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез-құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К. Анохин). Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс-әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.
Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым - қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк - адамның жаңа қарым -қатынасына айналады, бұл-адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым-қатынас иесi болған жағдайда болады.
С.Л. Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды [35]. Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:
- объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық;
- объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты;
- тапсырмаларды қою;
- iс-әрекетке объектiнiң қалыптасуы;
- мәселенi шешуге бағытталуы.
Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.
Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:
* белсендiлiк баланың таным iс-әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi;
* белсендiлiк субъектiнiң iс-әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив, ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi;
* белсенділік жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты -объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi. Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр-бiрiнен айырмашылығы бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу-орындау арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти отырып жүзеге асады.
Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И. Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа бағытталған iс-әрекет ретiнде ашады. Танымның жоғарғы деңгейi-өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.
Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл-ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.
Ақыл-ой белсендiлiгi қарапайым iс -әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi нағыз әмбебап iс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:
* ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы-зерттеу iс-әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;
* интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде [36].
Ақыл-ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процестер құрайды. Н.С. Лейтес балалық шақтың әр кезеңi - белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы деген қорытындыға келдi [37].
Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы
Д.Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.
Танымдық белсендiлiк - жалпы танымдық іс-әрекет феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады. Қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым-қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп-салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.
Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталады. Таным белсендiлiгiнiң мәселесi - педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар:
М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, М.А. Данилов, И.Л. Лернер, М.И. Махмутов және т.б. [38-42]. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi:
* адам зейiнiнiң белсендiлiгiнiң таңдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин,
* Т. Рибо) [43-44].
* таным субъектiсiнiң ақыл-ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л. Рубенштейн).
* әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер) [45].
* адамның iс-әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарылататын эмоциональды-ерiктiң және ақыл-ой процесiнiң ерекше қорытпасы
(А.Г. Ковалев) [46].
* бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс
(Н.А. Половников) [47].
* субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова) [48].
* тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай (Р.А. Низамов) [49].
* оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина) [50].
* таным мақсатына жетудегi құлықтық-ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова).
Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы таным процестерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде танымдық белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi.
Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттердің өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру - оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді. Сондықтан мұғалім оқушылардың қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай, өздерінің танымдық белсенділігін мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Оқу процесі оқушылардың танымдық әрекеті нәтежесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекет негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еқбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылады. Біреулері танымдылық белсенділікті іс - әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
Б.П. Есипов : Белсенділік - шәкірт ақыл-ойының ізденімпаздығының белгілі бір дәрежесін көрсетеді, - дейді [51].
И.Я. Лернер танымдық белсенділік пен танымдық ізденімпаздық ұғымдарының ара қатынасы жөнінде бұған қарама-қарсы пікірді ұстанады.
Б.П. Есиповтың пікірімен дауласа келіп, белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың дейді, яғни белсенділікті ізденімпаздық шартына жатқызады [52].
Ал Т.И. Шамова оларды бір-бірінен бөле жаруға болмайтындығын атап көрсетеді, Біз танымдық белсенділікті шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жәй ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа шәкірттің әрекет мазмұны мен процесіне көзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады,-деп атап көрсетеді [53].
Г. Вяткин мен Г.И. Железовский оқушылардың танымдық ізденімпаздығын дамытудың неғұрлым тұрақты жүйесін ұсынды [54,55]. Бірінші кезеңнің мазмұны белгілі бір пәндерді оқып-үйренуде оқушылардың оқу процесіне қатынасының жай-күйін таңдаудан, екінші кезең оқу қызметін жүйелеуден құралады, белгілі бір оқу пәніне ойластырылған танымдық әрекеттің үлгісі осы жүйелеудің нәтижесі болып табылады. Үшінші кезең даму үстіндегі кейбір оқыту құралдарын әзірлеуден тұрады. Төртінші кезеңде белгілі бір пәндерді оқытудың дамитын тәсілдерінің, әдістері мен нысандарының жүйесі белгіленеді және оның тиімділігі тексеріледі. Зерттеудің қорытынды кезеңінде олардың нәтижелері қорытындыланады. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын дамытудың ұсынылып отырған жүйесі тек ізденімпаздықты ғана емес, сонымен бірге белсенділікті де қамтитындығын оңай байқауға болады.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде В.И. Лазоваяның докторлық диссертациясында зерттеледі [56]. Ол әрбір көзқарасты қарастыра келе, белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін айтты, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет өз бетінше әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау.
Сонымен қатар Н.В. Бочкинаның докторлық диссертациясында да танымдық ізденімпаздық мәселесі өте тыңғылықты да жан-жақты зерттелген [57]. Ол жеке тұлғаның ізденімпаздығы белгілі бір мағынада: әрекеттің белгілі бір тұрғысынан, оқушының қарым-қатынасы аймағы тұрғысынан, тіршілік әрекетінің белгілі бір саласы тұрғысынан алғанда өздігінше жүзеге асырудың жүйелі процестерінің белгілеріне ие болады деген қорытындыға келеді. Таңдау әрекеті мен оны іске асыру тәсілдері жеке тұлға ізденімпаздығының көрсеткіштері болып табылады. Таңдау актысы мен оны жүзеге асыру жеке тұлғаның өз бетінше ізденімпаз болуының индикаторы болып табылады. Таңдау-объективті және субъективті жағдайлардың күрделі диалектикасы. Еңбекте ізденімпаздықтың қалыптасу жағдайы айқындалады. Келтірілген шолулардан белсенділік пен ізденімпаздық ұқсас категориялар емес, сонымен бірге бұл ұғымдардың ортақ белгілері де бар, ал ізденімпаздық белсенділік белгілерінен тұрады, өйткені, өмір шындығының белгілі бір жақтары қатынаспен сипатталады. Бейнелеп айтқанда, жеке адамның белсенділігі дегеніміз серпінді ізденімпаздық, ал ізденімпаздық- тұрақты белсенділік.
Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған
(1 сурет).

А.Е.Әбілқасымова
Оқу әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мотив, танымдық белсенділік арқылы ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылықтың қалыптасуымен анықталады.
Т.И.Шамова
Танымдық белсенділік жеке тұлғаның сапасы, . . . бұл сапа іс-әрекет мазмұнында... оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады.
И.Ф.Харламов
Оқушылардың белсенді оқу-танымдық әрекеті ғылыми білімдер мен біліктерді игеруге, шығармашылық қабілеттерді шыңдауға, адамгершілік-эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін ұштауға бағытталады.

А.Ғ.Қазмағанбетов
Өзіндік жұмыс- жеке тұлғаның белсенділігінің маңызды көрсеткіші. Белсенділік ол танымдық, құқықтық т.б. болуы мүмкін.
Танымдық іс-әрекет белсенділігі
А.Байтұрсынов
Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру керек...

Я.А.Коменский
... Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек. Өз бетінше бақылауын, практикада өз бетінше тұжырым жасауын дамытуды білім берудегі жетістікке жету құралы.
Ы.Алтынсарин
Маңыздысы - оқушының өз бетінше ойлана білуі... Оқыту әдістері - балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол.

Т.Сабыров
Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланы өз жұмысының мақсат - міндеттерін анықтауға үйрету және өздігінен белсенді жұмыс істеуге баулу.

1 сурет. Оқыту процесінде танымдық белсенділікті анықтау

Танымдық қажетсіну белсенділіктің және ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі болып табылады, ал танымдық қажетсінудің мынадай сипаттамалары бар.
* танымдық қажетсіну - ең алдымен жаңа ақпаратты қажетсіну, алайда жаңа ақпараттың өзі барынша алуан түрлі нысандарда: жаңа ынталандыруда, зат туралы жаңа білімде, дүние туралы түсініктің жаңа жүйесінде көрінуі мүмкін.
* танымдық қажетсінуге деген қанықпаушылық.
* танымдық қажетсіну нақты жағдайға бейімделу міндеттеріне тәуелсіз және ең алдымен, таным процесінің өзіне бағытталған.
* сезімталдықпен тығыз байланыс (Матюшкин, 1991).
Сонымен танымның негізгі және білімнің ақиқаттығының шарты - танымдық, тәжірибелік іс-әрекет. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттен тұрады.
Танымдық ізденімпаздықтың мазмұнына Г. Н. Кулагинаның көзқарасы неғұрлым нақты көзқарас болып табылады. Мұғалімнің танымдық ізденімпаздығын тек қажетсінуді, іс-әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке келтіруді ғана біріктіретін тек кәсіптік біліктілікті игеруге саю дұрыс емес, себебі, бұл ұғымның мазмұнын тарылтады, - дейді ол. Негізінен оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады:
1. танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы;
2. танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы;
3. іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы;
4. оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы;
5. оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы.
Бейнелеп айтқанда, жеке адамның белсенділігі дегеніміз серпімді ізденімпаздық, ал ізденімпаздық - тұрақты белсенділік. Жоғарыдағы шолудан танымдық ізденімпаздық мазмұнын бір аяда ғана ашуға болмайтынын, яғни оны жүйелі түсіндіруді талап ететін күрделі ұғым деп қарастыруымыз қажет екенін байқадық.


ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТ

Танымдық қызығушылық
Танымдық дербестілік
Шығармашылық әрекет
Танымдық белсенділік

Шығармашылық ойлау біліктілігі
Объектімен тереңірек танысуға ұмтылу
Білуге құмарлық
Жаңа фактілерге қызығушылық

Белгілі бір бағытты таңдау
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Зеректілік, саналылық
Ізденімпаздық

Даму сатылары
Бағдарланушы
лық
Жаңаны ойлап табу
Іс-әрекет нәтижесін болжау

Білуге құмарлық
Ізденімпаздық
Білімпаздық

Шешімпаздық

Іс-әрекет нәтижесін түйіндеу
Болжамды бақылаулармен, жаттығулармен, эксперименттер
мен тексеру

2 сурет. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің құрылымы

5.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
педагогикалық шарты
Бүгінгі қоғамда оқушының академиялық-энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанымен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарға икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзіреттіліктерінің қалыптаспағанын айғақтайды. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында Құзіреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі деп көрсетілген [58]. Әрине, бұл жердегі әрекет-танымдық әрекет. Танымдық іс-әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс- әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен және оның ұстанған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Қызығу - танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып- үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
К.Д. Ушинскийдің пікірінше, оқытудың алғашқы сатысында мұғалімнің басқарушылық және сөйлей білу қабілеті, сұрақтар қойып, оны оқушыларға жеткізу, оқыған кітабын шәкірттеріне әңгімелеп беру, сурет бойынша әңгіме-сұхбат өткізу сияқты іс-әрекеттер маңызды болып табылады. Бірақ мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігі мен ізденімпаздығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау және тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты өзіндік жұмыстардың маңыздылығына тоқталады.
Н.Г. Чернышевский еңбектерінде танымдық белсенді әрекеттің оқыту барысында алатын орнына мән берді. Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді боламын десе, білімді өз бетімен игере алуы, ізденуі керек, - деп жазды [59].
В.Г. Белинский жан-жақты адам тәрбиелеп шығарудағы ақыл-ой тәрбиесіне, оқытудың индуктивті әдісіне көңіл бөлді, соның нәтижесінде оқылатын материалды түсіну қабілеті дамиды деп есептеді. Анализден - синтезге өту, мысалдан ереже шығару-оқытудағы ең тиімді жүйе, - деп жазды ол [60].
А.В. Герценнің пікірінше, оқушылар білім көзі-кітапта екендігіне саналы түрде қарауы және көркем, ғылыми кітаптарды өздігінше оқуы керектігін айтты. Жан-жақты білімділіктің өте зор құралы-өздігінше оқу, -деді ол [61].
А.А. Кирсанов оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында оқу процесінің әр кезеңінде оқу тобына түрлі деңгейдегі тапсырма ұсынып, деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берген [62].
П.Ф. Каптерев педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының білім игерудегі белсенділігі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі мүмкіндіктерін зерттеуді бірінші орынға қойды [63].
Н.Ф. Талызина, психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып, шәкірттердің шығармашылығы, өзіндік жұмыстары оқушылардың ойлау өрісін кеңейтіп, ой қиялын қияға жетелейді, танымдық белсенділігін арттырып, білімдерін тереңдетеді деп түсіндіреді [64].
Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы. Алтынсарин үлкен үлес қосты [65]. Ол оқытудың жеке әдіс-тәсілдеріне мыналарды жатқызады:
* Оқыту әдісі - бұл оқушының білімге құштарлығын оятатын, алған білімін тереңдету мақсатында өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
* Сабақта оқушының белсенді ой-әрекетін жаттықтыру. Маңыздысы - оқушының өз бетінше ойлана білуі ... [66].
Қазақтың көрнекті педагог-ғалыидары М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Көбеев балалардың танымдық қызығушылығын тудыра отырып, танымдық белсенділігін дамытуда құнды пікірлер айтты [67-69].
А. Байтұрсынов бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек , мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек екендігін айтты [70].
М. Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді. Ол: бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін ..., жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек, көоіністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балағамысалдардан ереже-заң шығартқызып үйрету секілді істерден болады, - деп жазды .
С. Көбеев: Дегенмен, баланың оқуға ынталы болуы, оның оқу жасына дейінгі үйдегі тәрбиесіне де байланысты... Бала оқуға неғұрлым ынталы болса, соғұрлым жақсы оқиды. Мектепке барғаннан кейін де бала жақсы оқу үшін үй тәрбиесі де өз ықпалын тигізеді. Ал осы тәрбиені беретін оның ата-анасы, - деп жас ұрпақтың саналылығы, оқуға ынтасы үйдегі тәрбиесіне байланыстылығын айтты .
Р.С. Омарованың ғылыми зерттеулерінде Ресейде кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы көптеген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері еңбектерінде оқыту үрдісіндегі оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын дамыту мәселелері көтерілді (В.И. Ленин, А.В. Луначарский, М.И. Калинин,
Н.К. Крупская, П.П. Блонский, А.П. Пинкевич және т.б.), - делінген [71].
Ресейде 50-ші жылдары дейін мектептерде түсіндіру - иллюстративті оқыту догмалық сипатта болды. 50-ші жылдардан кейін ғылыми-техникалық прогресс оқу үрдісінің тиімділігін арттыру және өмір талабына сәйкес оқыту әдістемесін жасауда дидактар мен әдіскерлер оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесіне көңіл бөлді. Бұған оқушының танымдық әрекетін дамыту теориясына тоқталған Е.А. Голанттың оқу үрдісіндегі оқушының ойлау қабілетін дамытудағы тәрбиенің маңыздылығын дәлелдеп жазған монографиясы мысал бола алады [72].
Оқушылардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы және біліктігін қамтамасыз етуде өзіндік жұмыстың маңызы зор.
Е.Я. Голант білімдер жүйесін меңгерудегі баланың дербестігі мен белсенділігі - оның интеллектілік жан-жақты дамуына, шығармашылық ойлай білу қабілетінің артуына ықпал ететін құрал деп жоғары бағалады.
Танымдық белсенділік - бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан түрлі сипатын айқын көруімізге болады. Белсенділік деп адамның іс- әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Таным - бұл әр жақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалыстарының адам миында бейнеленуі (Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев) [73-74].
Белсенділік (қарқындылық, беріктік, төзімділік) - білім алушының іс- әрекет пәнімен тікелей араласу дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендіру - бұл оқытушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын, көзқарасын кеңейтетін , білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірбиеде қолдану әрекеті.
Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі-таным теориясы болып табылады. Танымның мақсаты жеке тұлғаның санасындағы обьективтік шындықтың бейнеленуі болып табылады. (Н.Д. Хмель, Г.Т. Хайруллин, Б.И. Муканова) [75-77].
Танымдық белсенділік деп мотивациялық -тұлғалық, мазмұндық - амалдық және процессуалды - жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады:
* мотивациялық - тұлғалық қызығуды тудырады, оқу-танымдық белсенділікті оятады;
* мазмұндық -амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
* процессуалды - жігерлік оның аяқталуын қамтамасыз етеді.
Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады. Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінін тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруды олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру керек.
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесін ажыратуға болады:
* 1-дәреже-жаңғыртушы белсенділік - материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, үлгі бойынша қолданып, меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің бірінші дәрежесіне тән көрсеткіш оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
* 2-дәреже -түсіндіруші белсенділік - оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. Екінші дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
* 3-дәреже-белсенділіктің шығармашылық дәрежесі - оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандығы.
Қазіргі кездегі педагогика өкілдерінің пікірі бойынша дидактикадағы негізгі мәселе оқу үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру болып табылады. Бұл үшін оқыту саналы, ерікті негізде жүргізіліп, оқытуда дайын білімді беру, есте сақтау, қабылдау ғана емес, оқушының білімі өз бетінше қызмет нәтижесінде кеңею керек. Осыдан оқушының жеке тәжірибесі мен іс жүзіндегі іс-әрекеті шығады. Білім, білік, дағды оқушыда өзіндік белсенділік негізінде, ал бұл қабілеттер оқушының психикалық белсенділігі нәтижесінде пайда болады. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру жұмыстары сабақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны кіріктірілген модульдік оқытудың тұжырымдамасы
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану
Галогендердің сутекті қосылыстары
Инновациялық оқыту әдістемесі
Топтап оқыту технологиясы
Химияны оқыту әдістемесі
Жеке оқыту технологиясы
Пәндер