Қазақстандағы гендерлік саясат



КІРІСПЕ
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ
2.1 Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың әлеуметтанудағы рөлі
2.2 Гендерлік саясаттың қалыптасуындағы әйелдерге қатысты зорлық.зомбылық мәселесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі социология ғылымында гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу затына әсері мәселесіне айрықша назар аударады. (мысалы, сайлаушылардың мінез-құлығы, тәрбие, еңбек және т.б.). Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы (әйелдер мер ерлер) айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс/гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.
1. Введение в теорию гендера: Учебное пособие. Вып. І. /Ответ. Ред. Б.Ж. Матаев. Алматы, 1999. – С 30- 40
2. Брайсон В. Политическая теория феминизма. Пер. с англ. О.Липовской и Т.Липовской. Под общ.ред. Т.Гурко. М., «Идея-Пресс», 2001; С.302.
3. Силласте Г. Женщины, политика, власть.// Материалы круглого стола. Информационно-аналитический бюллетень клуба «Реалисты». - М., 1996; № 18; С.5-14.
4. Айвазова С. К истории феминизма // ОНС. Общественные науки и современность. – Минск, 1992, № 6, С.153-168.
5. Klein E. Gender politics: from consciousness to mass politics, Cambridge: Harvard university press, 1984.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ
2.1 Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың әлеуметтанудағы рөлі
2.2 Гендерлік саясаттың қалыптасуындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕҢДІК ЖӘНЕ ТЕҢСІЗДІК МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТ

2.1 Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың әлеуметтанудағы рөлі
Қазіргі социология ғылымында гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу затына әсері мәселесіне айрықша назар аударады. (мысалы, сайлаушылардың мінез-құлығы, тәрбие, еңбек және т.б.). Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы (әйелдер мер ерлер) айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жынысгендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.
Бұл мәселе Қазақстанның тәжірибесі тұрғысынан да үнемі зерттелуді. Шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, халықаралық қорлардың ұйымдастыруымен елімізде де осы мәселеге арналған семинарлар мен конференциялар өткізілуде. Сондықтан да біз осы жұмысқа гендер мәселесінің әлеуметтану ғылымында қарастырылу жай-күйін, оның түп мәнін талдау нысанына айналдыруды жөн көрдік.
Сондай-ақ соңғы кезде кейбір зерттеулерде исламның әйелдердің құқығын шектейді деген сыңаржақ көзқарас та үстемдік етіп келеді. Осы пікірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын да нақты мысалдар негізінде зерттеп көруге тырыстық.
Адамдар әйел немесе еркек жынысында туғаннан кейін, әйелдерге пассивтік, ал еркектерге активтік рольдарға бөлінген қиын жүйеге кез болады. Сонымен иерархиейлық қатынас негізінде активтің (еркек) мәні әрқашан пассивтен (әйел) жоғары тұрады (С.Де Бовуар). Еркектің әлемі - бар әлем, әйелдің әлемі - үй деген мағынада көрсетілгендей, социумде патриархаттық парадигма қалыптасқан (парадигма грек. сөзі - мысал, үлгі, модель). Әйел мен еркектің әлеуметтік қажеттілік (полезные) рольдері өздеріне сәйкес тағайындалып қойған (гендерлік ролдары).
Гендерлік рөл - қызметтің, статустың, құқықтың дифференциациясы және олардық жыныстық айырмашылықтарына байланысты индивидтердің міндеттері. Гендерлік рөлдер - әлеуметтік рөлдердің түрлері, олар қалыпты, нақты әлеуметтік экспектацияларда және іс-әрекеттерінде көрінеді. Гендерлік ролдер нақты қалып жүйемен байланысты.[17]
Зерттеушілер, гендер - қатысушысы әйелдер мен еркектер болып табылатын тұрақты даму үстінде болатын қарым-қатынас жүйесі деп тұжырым жасайды. Сонымен олардың іс-әрекеттері қоғамдағы мәдени, психология, педагогика, этнодіни қағидаларының әсерімен қалыптасады.
Әрбір қоғамда әр түрлі жынысты балалардан неше түрлі іс-әрекетті көруге болады және олармен әр түрлі қарым-қатынас жасайды. Жыныстықтың дамуы әрқашан салт-дәстүрге, мөлшерге және қоғамдық мәдениетке байланысты болған. Қоғам жыныстық моральды, секстік жол-жораны нормаға салады. Секстік ауытқуларды да норма сияқты есептейді.
Балаларда өздерінің жыныстық айырмашылығын психологиялық тұрғыдан анықтай бастауы екі жасынан басталып, үш жасқа аяқ басқанда бекиді. Алғашқы рет ұқсас жыныстардың өзгермейтін кристаллизациясы екі және жеті жастар шамасында болады.
Психоаналитиктердің зерттеуінше бастап кезде ұл бала да, қыз бала да өздерін аналарына ұқсастырады екен. Өсе келе қыз балалар анасына деген жақындығын жоғалтпайды да, ал ұл балалар әкесіне немесе еркектер ішіндегі күштілерге жақындай түсседі екен. Гендерлік ұқсастықтың қалыптасуына баланың тәртібіне сай сыйлық тарту немесе жағымсыз қылықтарына қарай жазалаулар да әсер етеді екен.
Егерде ұл бала апасының баласы сияқты көрсетсе, ал қыз бала тентек болса ата-анасы тынышсызданады. Бір мезеттерде ұл баланың дербестігін кінәласа, ал қыз баланың біреуге тәуелді болғанын жақтайды. (Смелзер Н.) Отбасы тәрбиешісі болса, құрбылары тән социализциасының негізгі агенті болып табылады. Орта жастағы бала қоршаған ортамен араласу арқылы тәннің айырмашылығы және оның ролі жайлы деректер жинап, өзінің тәсілдерімен салыстырады. Еркек ұқсастығы "еркек қандай болу керек" гендерлік миф арқылы қалыптасады. Мұндай жағдайда пайда болған ұқсастық диффуздық, осал және бірмезетте өте ригидтық болып келеді.
Социумдық талаптардың қатаңдығы қоғамдық тәрбиелеу жүйесіне (балалар бақшасы, мектеп) ауысуға орай күшейе түседі, бұл 8-12 жас аралығында "әйелдер әлемінен" "бойын аулаққа салуын" және қатарластырының "еркектер одағына" жақындауын ынталандырады. Соңғысы еркектік рөл үлгісінің бастауы және маскулиндік (еркектік) қасиетін іске асыру аясы болады.
Гендерлік рөлдің дамуында БАҚ, әсіресе, бала күні-түні көретін теледидар қалыптастыратын стереотиптердің маңызды рөл атқарады. Әиелдік және еркектік телебейнелерді зерттеу еркектердің тапқыр, агрессивті болып, әйелдердің - әлсіз, тәуелді болып көрінетінін көрсетеді, олар үшін бастысы сыртқы әлпет болып табылады. Балалар журналы мен кітаптары да дәстүрлі стереотиптерді нығайтады. Көптеген ертегілердің, тарихтың басты кейіпкерлері ер текті персонаждар болып келеді. Кейіпкер әйелдер әдеттегідей қорғанышқа мұқтаж болып, тек қана тұрмыс құруды армандайды.
60 жылдардың соңында американдықтар әйгілі болған "сексизм" терминін енгізді. Нәсілшілдік ұғымына ұқсас тәсілмен жасалған ол тұлғаның жыныстық белгісі бойынша қаналу жүйесі мен тәжірибесін білдіреді. Сексизм - әйелдердің әлеуметтік теңсіздігін әйел табиғатының туа бітті әлсіздігі ретінде ақтайтын, яғни әйелді мәдени, ғылыми және әлеуметтік шығармашылыққа қатысуға қабілетсіз деп танитын ұстаным жүйесі. Жасырын лингвинистикалық сексизм формасы тілдік кеңістікте мәдени субъекті ретінде әйелдерде болмауынан байқалады. Мысалы, 1992 жылы Мәскеуде шыққан (Просвещение) бірінші сыныпқа арналған оқу кітабында әйелдің өмірлік кеңістігі 35 проценттен аспайды; сипаттамалық үзінділердегі 88 кейпкердің тек бір оқиғасында ғана әйел негізгі тұлға болады, ал қалған 10 оқиғада әйел эпизодтық кейпкер ғана болып табылады.
Социологиялық зерттеулер психологияда белгілі болған "Кун тестінің" "Мен кіммін?" деген сұрағына қыздар мен балалардың (10 жастан 16 жасқа дейінгі) жауаптары іс жүзінде бір-бірінен тым алшақ болып келетінін көрсетті. Барлық үш жастағы қыздар "айналасындағыларға ұнауды қалайтыны", әсіресе еркек жынысты достарына ұнайтыны (63 пайыз), "ата-анасына ұнағысы келетіні" небәрі 36,9 пайыз екендігі анықталды. Жауаптарға талдау нәтижесі қабілеттілік және интеллект секілді қасиеттер олар үшін, ең алдымен, маңайындағылармен жақсы қарым-қатынас орнату, ақыр соңында оларға барынша көбірек ұнағысы үшін ерекшелену құралы екендігін көрсетті. Балалар үшін - оларды социумның қалай қабылдайтыны және олар онда маңызды орын иелене алуы өмірлік маңызы бар мәселе болды (92,3 пайыз).
Орта мектеп бітірушілеріне медициналық жоғары оқу орнының екі бітірушісі Аня деген қыз бен Сергей деген жігіттің тағдырын "болжау" ұсынылды. Олардың екеуі де - оқу озаттары, екеуі де өздерінің болашақ жұмыстарын сүйеді. Алайда, респонденттердің болжамдары бойынша, олардың тағдырлары әр түрлі болып қалыптасады.
Аня тағдырының негізінен ықтимал нұсқалары былайша көрінеді (проценттерде көрсетілген):
- ол кәдімгі қарапайым дәрігер болады (53);
- тұрмысқа шығып, бала табады (82);
- мамандығы бойынша мансап қуады (29);
- кәсібін ақшасы көбіректеу кәсіпке ауыстырады (5,8);
- шетелге кетеді, күйеуге шығып, мамандығы бойынша табысты жұмыс істейді және үлкен табыстарға жетеді (17,6);
- тұрмысқа сәтті шығу арқылы материалдық жағынан алға басады (17,6);
- кәсіптік тағдыры дұрыс болады (23,5);
- ол "отбасы жағдайына байланысты" жұмыс істеуін қояды (29,4).
Мектеп оқушыларының Сергейдің өмірлік жолы жайында болжаған нұсқалары (мұндайда қыздар мен ұлдардың жауаптары іс жүзінде бір-бірінен алшақ болған жоқ) басқаша болды. Ешкім де "ол кәдімгі қарапайым дәрігер болады" деп жазбады, 60 пайызы дерлігі ол "өз мамандығы бойынша жақсы мансапқа жетеді" деп болжады, 70 пайызы оның отбасын құратынына, бірақ мансапқа жетіп алған соң құратынына сенімділік танытты; 30 пайызы дерлігі оның "дәулетті адам болатынын" атап көрсетті және ешкім де ол "кәсіби табысқа жетпейді" немес "жұмыссыз қалады" деп жазған жоқ. Сонымен, Сергей, мектеп оқушыларының пікірі бойынша, табысқа жетеді деп "есептеліп қойды", ал Аняның тағдыры, мансабы, табысы мұнда баынша "күрделі".
Осындай зерттеулердің осыны немесе басқа да талдаулары 1969 жылдың өзінде американ социологы Мартин Хорнер жасаған тұжырымды растайды. Ол қазіргі әйел "табыстан үрейленетіндей" тәрбиеленген, бұл олардың ішіндегі әлеуметтік танымалдылықты қалайтын және жетуге тырысатын ең қабілеттілерінің өзіне кедергі жасайтынын, олардың мансапқа ұмтылуына, тіпті осындай әрекет жасауына кедергі жасайтынын айтқан болатын.
Неліктен ғұламалар әйелдерге қарағанда еркектердің арасында көбірек кездеседі деген сұрақтың жауабы осында жатса керек. Біздің дәстүрлі патриархиалды қоғамда жауап берілетін белгілі-бір тұжырымдама болса да. Мысалы, Еуропа Кеңесінің жанындағы Дарынды балалар мен жастарға білім беру жөніндегі Еуропа комитеті - "Еуроатлантаның" вице-президенті Д. Ушаков еркектер интеллект шкаласы бойынша шашыраңқы деп тұжырымдайды: "жай ғана ақылдылардың" арасында әйелдер басым түседі, ал "өте ақылдылардың" және "өте ақымақтардың" арасында - еркектер басым түседі. Мұнда, әрине, ортаның әсерін де жоққа шығаруға болмайды дейді, ол.
Сонымен бірге, әйелдердің интеллекті негізінен вербальді (сөз арқылы) мықты дамиды, еркектікі - кеңістіктік ойлауда жақсы дамиды.Сондықтан да осы көзқарастың жақтаушылары, суретшілерге, сәулетшілерге, математиктерге, қолбасшыларға қарағанда, яғни бұлар негізінен еркекетердің ісі, белгілі ақындардың, жазушылардың, саясатшылардың қыздар арасынан шығу ықтималдылығы жоғары деп тұжырым жасайды.
Зерттеушінің стратегиялық міндеті жекелеген тұлғаның әлеуметтену деңгейін егжей-тегжейлі анықтау емес, қазіргі күндегі ақыл-ойдың жағдайын, яғни гендерлік сезімді, жастардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы гендерлік саясат ұғымы
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаты
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Әйелдердің саясаттағы рөлі мен орны
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл дар жоспары
Гендерлік саясат
Әйелдердің саясаттағы рөлі
Гендерлік саясат қазақты қайда апарады
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс- қимылдар жоспары
Пәндер