«Арзан» оптомаркетіндегі маркетингтік іс-әрекеттерді жетілдіру жолдары



«Арзан» оптомаркетіндегі маркетингтік іс-әрекеттерді қолдану деңгейі алдыңғы тарауда анықталған бойынша төмен болып табылады. Талдау нәтижесі бойынша көптеген мәселелер анықталды. Осыған сәйкес, сол мәселелерді шешу үшін келесі әрекеттерді қолдану арқылы жетілдіруге мүмкіндік бар:
1) Маркетингтік іс-әрекеттерді жетілдірушілер болып табылатын маркетинг бөлімін маркетолог мамандармен толықтыру. Яғни, әрбір шараға жеке жеке жауап беру үшін мамандардың қажеттігі. Себебі мұндай үлкен оптомаркеттің маркетингтік әрекеттер бойынша жұмысын тек қана 5 адамдардың атқаруы олардың бұл жұмыстардың барлығын қамтуына уақыт пен күштерінің жетпеуінен болуы мүмкін.
2) Теледидарлық жарнамаға «GOOD» жарнамалық агенттігіне тапсырыс бергені туралы мәлімет бар және ол роликтердің шыққандығы да белгілі, осыған сәйкес ол роликтерді теледидар арқылы және көптеген сауда-орталық орындарында тарату қажет.
3) Меншікті басылымдарын (жеңілдіктер, акциялар және т.б. мәліметтері бар) 20 000 тиражбен оптомаркет ішімен қатар мекен-жай бойынша таратуды жүзеге асыру.
4) Басты мақсаты әлеуетті тұтынушылардың (аудандар мен қала тұрғындары) назарына «барлық отбасыға арналған дүкен» секілді бейне тудыру үшін түрлі жарнамалық кампанияларды ұйымдастыру.
5) Жарнамалық, ынталандырушы акцияларды ұйымдастыру. Оптомаркет тұтынушылары үшін ғимарат ішінде демалып сусын ішіп алатындай орын дайындау оптомаркет тұтынушылары үшін жақсы қызметтердің бірі болып келеді. Сауда алаңында тез бағыт тауып алу үшін қосымша көрсеткіштерді орналатыру.
6) Үйге арналған тауарлар, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық химия және балалар ойыншығы тауарлық топтарының асортименттерін кеңейту керек.
7) Оптомаркеттегі мерчандайзингтің дұрыс қарастырылмауына сәйкес өзіндік мерчандайзер мамандары болуын қамтамасыз ету.
8) Сауда алаңындағы әуен мен жарыққа мән беріп өзгерту қажет.
9) Ресми сайттың дұрыс жасалуын қолға алу және осы сайтқа жауап беруші маркетолог маманның болуы.
10) Қала ішінде оптомаркеттер ашу.
1. www.stat.kz. ҚР-сының Ұлттық статистика агенттігі
2. www.arzanmarket.kz. «Арзан» оптомаркетінің ресми сайты
3. www.good.kz. «Good» жарнама агенттігінің расми сайты
4. http://retai.net/articles/central-asia-group/kazakhstan/8173/
5. С. Сысоева, Е. Бузукова. Мерчандайзинг: курс управление ассортиментом в рознице. Питер, 2010
6. http://www.brif.kz/blog/?p=2289. Новости ритейла рынка. Возвращение Арзана
7. http://yvision.kz/post/176099. История ритейла «Арзан». Блоггерское расследование
8. http://forbes.kz/finances/markets/tehnologii_v_roznitsu
9. «Эксперт Казахстан» №5 (284). Эксперт Казахстан - 07 фев 2011 23:29. Казахстанский бизнес
10. http://www.fingramota.kz/publication/show-28207. Продукты оптом
11. www.nur.kz
12. Аниськова О. Разработка стратегии деятельности предприятия торговли Маркетинг. . 2003. - № 3(70) . с. 91
13. Алексеев А.А. Маркетинговые принципы оптимизации глубины ассортимента продукции // Маркетинг и маркетинговые исследования. - 2001. - №6 - с.4-12
14. www.magnum.kz
15. www.ramstore.kz
16. http://www.inform.kz/rus/article/233256
17. www.vse.kz форум любителей

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

21 қаңтар мен 15 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Оптовый Клуб ЖШС, Арзан оптомаркетінің коммерциялық және маркетингтік бөлімінде өндірістік тәжірибе өтілді.
Өндірістік тәжірибе мақсаты оқу процесінде және тәжірибе алдында алған теориялық пәндердің білімін және практикалық қабілеттерді орнықтыру, сонымен қатар, кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдай отырып тәжірибе алу, бітіру жұмысы үшін қажетті материалдар жинау, алған теориялық білімді кәсіпорынның маркетингтік қызметінде іс жүзінде қолданып көру және оған шығармашылық белсенділік таныту арқылы тиімді маркетингтік шешімдерді ұсыну болып табылады.
Аталған өндірістік тәжірибе мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
oo Оптомаркеттің маркетингтік және экономикалық-ұйымдастырушылық жақтарын зерттей отырып, оптомаркеттің нарықтағы алар орнына талдау жүргізу және оларды тиімді орнықтыруды талдау;
oo Оптомаркетте жүргізіліп отырған маркетингтік і-шаралар мен бағдарламаларының бағыттарын талдау;
oo Оптомаркет тауарларын өткізу және ішкі нарықта олардың үлесін арттырудың тиімді тетіктері бойынша ұсыныстарды енгізу;
oo Әлсіз жақтары мен даму мүмкіндіктерін айқындау;
oo Оптомаркеттің бәекеге қабілеттілігін анықтау, жабдықтау-техникалық көрсеткіштеріне сипаттама жасау;
oo Жеке берілген тапсырмаларды орындау;
oo Оптомаркеттің маркетингтік қызметін жетілдіру мен ұйымдастырушылық құрылымына қатысты ұсыныс енгізу.
Өндірістік тәжірибеден өту кезінде негізгі мәселелер ретінде мақсатты нарықты талдау, ұйымның тиіді маркетингтік бақару процедурасын ұйымдастыру болып табылады. Өндірістік тәжірибе барысында ұйымның маркетингтік жүйесі, ұйымдық-құрылымдық масштабына байланысты ерекшеліктері қарастырылуы қажет.
Өндірістік тәжірибе есебін жазу барысында мен өндірістік практика бағдарламасын негізге алып, есепті маркетинг негіздерінің логикалық байланысы бойынша жазылған. Тәжірибе уақытысында аталған өндірістік тәжірибенің бағдарламасында келтірілген мәліметтер базасын жинай отырып, алдыға қойған мақсат, бітіру жұмысы үшін негізгі ақпараттардың көлемі жиналды.

I. Арзан оптомаркетінің қызмет ету негіздері

0.1 ҚР-дағы сауда-саттық орындары арасындағы Арзан оптомаркетінің рөлі және оның даму ерекшеліктері

Бөлшек сауда - жеке және отбасылық қолдануға арналған тұтынушыларға сатылатын тауар мен қызмет құндылығын жоғарылатушы қызмет түрлерінің жиынтығы болып табылады. Бөлшек сауда (ритейл) - түпкі тұтынушыға тауарды сатуды білдіреді. Бөлшек сауданың көтерме саудадан айырмашылығы тауарды одан ары қарай сатуға емес, жеке тұлғалардың түпкі тұтынуы үшін жүзеге асырылады және тауардың қай жерде бөлшектеніп сатылатыны маңызды емес, оған дүкен, базар, киоск және т.б. болуы мүмкін.
Ал көтерме сауданы - тауар партияларымен сауда деп айтса да болады. Көбінесе, көтерме саудагер сатып алған тауар қайта сату үшін арналады. Көтерме сауда - ұйымдар арасындағы, ұйым мен кәсіпкер арасындағы, кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы сауда болып табылады. Яғни, бұл тауар түпкі тұтыну үшін емес, кәсіп қажеттілігі (қайта сату үшін немесе өндірісте қолдану үшін) үшін сатылады[].
Осы екі ұғымды негізге ала отырып, Арзан оптомаркетінің қызметі сауданың екі түрін де қамтып отырғанын айта аламыз. Дегенмен оның негізгі бәсекелестері бөлшек сауда орындарының желілері болып табылғандақтын алдағы бөлімдерде оптомаркетті бөлшек сауда желілерінің бірі ретінде қарастырамыз. Ең алдымен, Қазақстандағы бөлшек сауданың үлесі мен еліміздегі экономикадағы бөлшек сауда нарығының рөлін және бұл нарықтағы негізгі қызмет етушілерге тоқталып өтейік.
Қазақстан қазіргі уақытта бөлшек сауда нарығының өсуі үшін үлкен потенциалы бар мемлекет болып табылады. Қазақстандық бөлшек саудадағы айналым жылдан жылға өсуде - 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының көрсеткіші бойынша 6,7%-ға өскен, яғни 1268,6 млрд теңгені құраған. Қазақстандық бөлшек сауда айналымын түрлі сауда кәсіпорындары мен көптеген базарлар өз араларында бөлуде. 2011 жылдың тамыз айындағы статистика бойынша түрлі сауда кәсіпорындарына 158,8 млрд теңге келсе, ал базар арқылы айналым 157,7 млрд теңгені құраған. Алғаш рет ресми түрде статистика Қазақстандағы бөлшек сауданың жартысын базарлар иеленіп отырғандығын көрсетті. Дегенмен, бақылаушылар пікірі бойынша, жалпы бөлшек саудадағы тауар айналымындағы базарлардың үлесі одан да жоғары - 70% -ға жуық. Ал қалған айналымды бөлшек сауда желілері (дүкендер желісі) - 20% және желі емес бөлшек сауда орындары (дүкендер) - 10% алып отыр. Қазақстандағы статистикалық агенттіктің болжамы бойынша, 2014 жылы бұл нарық айналымы - 6,8 трлн теңгені құрауы қажет және 2015 жылы нарық айналымының 50%-ын бөлшек сауда желілері алуы керек деп болжауда[8].
Қазақстанның сауда саласы жас сала болып табылады. Ритейл нарығының ойыншылары 2007 жылдан бастап, әсіресе аймақтарда, қарқынды түрде жұмыс істей бастады. Бөлшек сауда желілері аз, сондықтан да бұл салада бәсекелестік төмен деуге болады. Қазақстанда көбінесе жоғарыда атап өткендей, базарлар мен ұсақ үй жанындағы дүкендер дамыған. Бөлшек сауда нарығында негізініен келесідей ереже бар - кезеңдік даму. Бастапқыда нарық ұсақ дүкендермен толығады. Бұл кезеңнен біз өттік десе де болады. Екінші кезең - супермаркеттер мен гипермаркеттер желісінің дамуы. Қазақстанда келесі кезеңге өту үшін екінші кезеңді өтуі керек. Ірі сауда нүктелерінің даму кезеңін өткізіп алатын болсақ бөлшек сауда нарығының дамуы мүмкін емес. Осыған сәйкес, соңғы жылдарда бөлшек сауда желілері еліміздің ірі қалаларында дамып келе жатқанын байқауға болады. Соңғы 3 жылда Алматы қаласында 12 оптомаркеттер ашылды (ірі обьектілер - Магнум, Метро Кэш энд Кэрри, Арзан).
Бөлшек сауда желілер сегментінде қазіргі уақытта негізгі үлесті Magnum, Metro Cash & Carry, Green, Ramstore, Interfood, Arzan және белгіленген аймаққа бағытталған: Астыкжан (Астана), Южный (Карағанды), Рубикон (Павлодар) және т.б. Соның ішінде қарқынды түрде даму үстіндегі тауар айналымы жөнінен елімізде бірінші орынды алатын, 22 млрд теңге, супермаркеттер желісінің бірі - Magnum Cash&Carry[9].
Қазіргі уақытта Magnum бөлшек сауда желісі - Қазақстан бөлшек сауда нарығының бірден бір лидері болып табылады. Бірінші Magnum Cash&Carry саудалық кешені 2007 жылы 14-ші қыркүйекте Алматы қаласында ашылған. 5 жыл ішіндегі табысты жұмыс нәтижесінде 8 ірі саудалық кешендер ашылды: Алматы қаласында 5 дүкен, ал Қарағанды мен Астана қаласында 1 дүкеннен. Magnum компаниясының алғашқы дүкенінің ашылған күнінен бастап мыңдаған қазақстандықтар арасында сенім мен құрметке ие болды. Сонымен қатар жыл сайынғы Жыл таңдауы байқауында жеңіске жеңе отырып, Қазақстандағы №1 бөлшек сауда желісі номинациясын иеленді[14].
Тауар айналымы бойынша Қазақстандағы бөлшек сауда желілерінің арасында Magnum компаниясынан кейінгі екінші орынды Migros түрік компаниясының құрамына кіретін Рамстор супермаркеттер желісі алып отыр, тауар айналымы - 16 млрд теңге. Рамстор маркетинг бойынша департаментінің ауысуына байланысты қазіргі уақытта өте қарқынды түрде даму үстінде. Компания өз желілерін ел ішінде көбейтуде: қазіргі уақытта 22 дүкендері бар, соның ішінде екі Рамстор Гипер-ді қамтитын Алматы қаласында - 11, Астана қаласында - 5, Ақтау қаласында - 2 және Қарағанды, Шымкент, Орал, Атырау қаласында 1 дүкеннен. Соңғы жылдары Рамстор басшылығының шешімімен төменгі бағалық сегментке ауысуды жөн көрді, осы себептен де көптеген тауарларға бағаны түсірді. Дегенмен бұл әзiрше елеулi нәтижелердi әкелмедi, себебі халықтың көптеген бөлігі үшін Рамстор - бұрынғыша таңдаулы (элиталы) дүкен болып қала берді[15].
Тауар айналымы бойынша 2008 жылы 3-ші орында Арзан оптомаркеті тұрған болатын. Бірақ 2009 жылдары болған дағдарыс себебінен оптомаркет жабылып қайта ашылды. Арзан оптомаркеттер желісінің пайда болу тарихына тоқталып өтейік.
1992 жылы Раимбек атты коммерциялық фирма ашылған болатын, қазіргі уақытта бұл фирма көпсалалы Raimbek Group корпоративтік холдингіне айналды. Raimbek Group корпоративтік холдингі қазіргі уақытта нарықта шырын және сүт өнімдерін өндірумен қатар ритейл нарығында да жеткілікті деңгейде тәжірибелі компания ретінде елімізде атақты болып келеді. Холдинг бірнеше бағытта жұмыс атқарады: FMCG азық-түлiк дивизионы, retail және девелопмент. Сол бағыттарының бірі болып табылатын ритейл саласында да жұмыс атқару мақсатында 2005 жылы Қазақстан бойынша таралған оптомаркеттер желісін біріктіруші Оптовый Клуб ЖШС ашылды. Компания өз қызметін Өскемен қаласында жергілікті Аймар атты дүкендер желісімен бірге 7 дүкен негізінде бастайды. Осыдан кейін Риддер, Зыряновск, Костанай, Шымкент қалаларында дүкендер ашылып жұмыс атқаратын болады. Оптовый клуб президентінің алдына қойған мақсаты - отандық ритейл - өндірушілерді қолдау мақсатында шикізат базасы бар аймақтар мен мыңдаған дүкендерді біртұтас логистикалық тізбекке біріктіру болып табылды. Желі міндеті болып қаланың әрбір дүкеніне тауарларды жеткізу үшін отандық өндірушілердің өнімдерін әкеліп, оны минимальды бағамен сату мақсатында қала дүкендеріне жағдай жасау.
Оптовый клуб компаниясы осылайша ел арасында дүкендерді отандық өндірушілер тауарымен төменгі бағадағы өнімдермен қамтамасыз ете отырып өз оптомаркеттер желісін құруды алға қоя отырып, 2007 жылы Өскемен қаласында еліміздегі бірінші софт-дискаунтты форматты дүкен болып табылатын Арзан оптомаркетін құрды. Сол уақыттарда төменгі бағадағы дүкендер нарығы төменгі деңгейде дамуына сәйкес еліміздегі төменгі баға деңгейдегі форматты ашылған Арзанды бірден халықтық деп атап кетті. Бұл Қазақстанның басқа да қалаларында Арзан дүкендерінің ашылуына ынталылық білдіртуге негіз болды. Осыған сәйкес, 2008 жылы компания Алматы қаласында екі дүкеннің ашылуын жүзеге асырды. Содан кейін 2009 жылдың маусым айында Тараз қаласында ашылды. Бұл оптомаркеттердің ерекшелігі делдалдардан бас тарту арқылы және тауар өндірушісімен тікелей қарым-қатынас орнатты және өндірушілердің көбісі отандық өндірушілер болып табылады[6].
Қазақстандағы оптомаркеттер сегментінде бірінші болып Арзан оптомаркеттер желісі құрылуда, бұл Орталық Азия бойынша алғашқы осындай проект болып табылады. Оптомаркет терминінде алғаш болып енгізуші осы компания табылады, оптомаркет - көтерме саудалы гипермаркет деген мағынаны береді. Батыс стандарттарына сәйкес, оптомаркет - төменгі бағалы, көтерме және бөлшек саудаға бағытталған арнайы сату технологиясы бар гипермаркет. Төменгі баға сауда-саттықтың үлкен көлемімен масштабты түрде, яғни сауда технологияларымен дұрыс жұмыс істей отырып қол жеткізілді. Осыған сәйкес, операциялық шығындарға үнемдеу арқылы тұтынушыларға төменгі баға ұсынылды. Төменгі баға - бұл төменгі шығындар арқылы жоғары тауар айналым. Яғни, тауар айналымы жоғары болған сайын оған кететін шығындарда төмендейді, нәтижесінде төменгі деңгейдегі баға орнатылады.
Іс жүзінде Арзан оптомаркеті - дәл сол гипермаркеттер болып табылады, тек көтерме саудалы құрамы бар екенін ерекшелеу үшін солай аталған. Компания өзін көтерме және бөлшек саудамен айналысушы гипермаркет ретінде Арзан атты брендпен нарықта жайғастырды. Арзан деген сөздің өзі адамдар арасында осы дүкендегі тауарлардың бағасының арзан екендігі туралы ой тудыртады және адамдар арасында атына сәйкес ойланушылық сезімді тудыртпайды, яғни өздігінен түсінікті сөз болып табылады.
Сауда-саттықтың жаңа формасы болып табылатын оптомаркет көтерме қойманың төменгі бағасы мен гипермаркеттердің ассортиментінің кеңдігі мен түрлілігін біріктіре алды, сонымен қатар жеке сатып алушылар мен ұсақ мамандандырылған көтерме сатып алушылармен сатып алуды жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдай жасады. Арзан оптомаркеті екі сипаттаманы негізге алып отыр:
1. Гипермаркет - үлкен алаңы бар бөлшек саудамен жұмыс;
2. Cash and Carry негізі бойынша - B2B - бизнес үшін бизнес.
Арзан оптомаркетінің негізгі тұтынушылары болып келесілер табылады:
oo Мамандандырылған ұсақ көтерме сатып алушылар - кішкентай дүкендер, кафе, ресторан, және қонақ үй иелері;
oo Кеңселер мен мекемелер;
oo Отбасылар мен жеке тұтынушылар.
2008 жылы Арзан оптомаркеттерінің сату көлемі 18 млрд теңгеге дейін жетті, яғни сатудың орташа айлық көрсеткіші - 6 мың тонн немесе 11 млн өнім бірлігі[11].
Оптовый клуб бұл нәтижелерді көре отырып, одан ары оптомаркеттер желісін құру мақсатында кеңейтуді жөн көрді, 2009 жыл ішінде осы мақсатпен 4 оптомаркетті ашуды жоспарлады. Дегенмен, 2009 жылы Қазақстанда болған экономикалық дағдарыс өз әсерін Арзан оптомаркетіне де тигізді. Мамандардың салған күштеріне қарамастан, халық мойындауы болып табылған Арзан оптомаркетті дүкендер желісі отандық көптеген компаниялар секілді 2009 жылдағы әлемдік экономикалық дағдарыстың қатерлі әсеріне тап болды, соған сәйкес оңтүстік астанадағы екі оптомаркет қызметі уақытша тоқтатылды.
2009 жылы болған дағдарыс қазақстандықтардың орташа сатып алушылық қабілетін төмендете отырып, бөлшек сауданың дамуына да өзгерістер енгізді. Сарапшылар пкірі бойынша, 2008 - 2009 жылдары дағдарыс бөлшек сауда желілеріндегі сату көлемін 20%-дан 40%-ға дейін төмендетті. Сатып алушылардың көйбіреулері базарларға қайтып оралды немесе кейбіреулері сатып алудың көлемін қысқартты, ал кейбіреулері арзан өнімдерге ауысты. Бұл үрдістердің барлығы отандық желілерге белсенді экспансиялық бақылау жүзеге асыру кезінде орын алды. Қаржыландыру көздерінің бірден қысқаруы көптеген бөлшек сауда орындарына құрылымдарын қайта қарауға және бизнес-үрдістерді тиімділеуге мәжбүр етті. Ондай болмаған жағдайда операциялық қызметтерін тоқтатуға тура келетін болды.
Бөлшек сауда нарығындағы дағдарыс әсерінен болған қиындықтарға қарамастан нарықта өз орнын Магнум және Рамстор секілді ірі компаниялар сақтай алды. Бұл желілердің артықшылығы болып таңдаған стратегияларының сенімділігі мен дамуында болып табылады. Желілердің әрқайсысында қолдап, қорғап отыратын өз бірегей сауда артықшылықтары (УТП) болды.
Дағдарыс әсерінен банкрот болған компаниялардың ішінен 500-ге жуығы бөлшек сауда орындарына тиесілі болды. Солардың ішінде жаңадан ашылып қарқынды түрде даму үстіндегі Арзан оптомаркеттерінің жабылуына да себепкер болды. Осыған сәйкес, Арзан оптомаркеттер желісінің жабдықтаушылар алдындағы жалпы қарыздарының көлемі 1,5 орта айлық айналымға жуық, яғни жабдықтаушылар алдындағы қарыз - 500 млн теңгедей болды. Ал кеткен шығындар көлемі - 3 млрдтан асады. Жабдықтаушылардың тауарды жеткізу және серіктестіктің консигнациялық үлгілерінен бас тартуы қарыздарды жабуға мүмкіндік бермеді. Несие берущілердің талаптары мен арыздарының санының көп болуы салдарынан кассалық аппараттар мен есептерге тосқауыл қойылуынан Арзанның операциялық әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектеді. Нәтижесінде оптомаркет өз серіктестерінің алдында туындаған несиелік қарыздарын өтеу міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін жағдай болмады. Дәл осы туындаған мәселелер себеінен компания банкрот болып, өз дүкендерін жабуға мәжбүр болды[10].
Raimbek Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталовтың пікірі бойынша, туындаған мәселелердің барлығының негізгі 3 себебі болды деп түсіндіреді:
1) Басқару.
2) Теңгенің құнсыздануы, қарыздар валюталық негізде болғандықтан, компанияның несие берушілердің алдындағы қарызы 25%-ға жоғарылады.
3) Несие бойынша жоғары пайыздық мөлшерлеме.
Бірнеше жыл өткеннен кейін компанияның өткерген қиыншылықтарына қарамастан, нарыққа жаңа концепциясымен қайта ене бастады. 2011 жылы Арзан оптомаркеттер желісі ҚР-сы Үкіметі Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы шеңберінде қолдау жасаған қазақстандық кәсіпорындардың біріне айналды. Осыған сәйкес, мемлекет қолдауы арқасында, 2011 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында
Өтепова көшесінің бойындағы дүкен, ал 2012 жылы тамыз айында Райымбек даңғылында орналасқан оптомаркет желісі өз жұмысын қайта бастады[4].

1 - сурет. Арзан оптомаркеті

4 жыл өткеннен сон ашылған Арзан оптомаркеттер желісі өзінің тарихында Береке берсін концепциясын ұсына отырып жаңа бетті ашты деуге болады. Береке сөзі қазақ тілінде молшылық, жетісушілік деген мағынаны береді. Бірақ бұл сөзде терең мағына жатыр. Өмір сүруге керекті ресурстарды тиімді және үнемді пайдалану сұрағы Қазақстандағы ұшы-қиырсыз далада өмір сүрген көшпенділер үшін маңызды болып келді, себебі кең аймақтар және табиғат жағдайлары шаруашылықты дұрыстап жүргізуге мүмкіндік бермеді(2-сурет).
Береке берсін - бұл шаруашылықты тиімді және ақылмен жүргізу арқасында қол жететін молшылықты тілеу. Бұл сөздер терең халық даналығын, байлықтың иелену құпиясын - барлығына жақсы қарым-қатынаста болу дегенді бiлдiредi. Дәл осы себептен Арзан өзінің философиясын Береке берсін сөздерімен жеткізеді. Олар өздерінің сатып алушыларына және олардың жанұяларына, Қазақстанның көпұлтты барлық халықтарына молшылықты және бақытты тілейді[2].

2 - сурет. Береке берсін концепциясы

Арзан - халықтың өмір сүру сапасын және деңгейін жоғарылатуға бағытталған, сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық потенциалын қолдауға сәйкес қазақстандықтар үшін арнайы құрылған әлеуметтік жоба болып табылады.
Арзан көтерме дүкендер желісінің басты мақсаты - әрбір сатып алушыға Береке беру және қазақстандық жанұялардың бюджетін үнемдеу болып табылады. Бұл алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін Арзан сату сөрелеріне делдалдарсыз қойылатын жалпы сұраныстағы тауарлар мен өнімдерге төменгі баға деңгейін ұстауда.
Арзан оптомаркеттер желісі отандық өндірушілерді қолдауға өз назарын аударуда және болашақта отандық өндірістерді қолдауға бағытталған арнайы акциялар мен бағдарламаларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта Арзанның көтерме дүкендері үлкен алаңымен, кең тауар ассортиментімен - 13 000 атаудан жоғары ( азық-түлік өнімдері, азық-түлік емес өнімдер және тұрмыстық тауарлар, сонымен қатар отандық фермерлік шаруашылық өнімдері), қызмет көрсетудің жоғары стандарттарымен, көтерме сатып алушылар үшін тұрақты бағдарламаның болуымен ерекшеленеді.
Тауарларға үнемділік олардың категорияларына және жабдықтаушыларға байланысты 10% бен 50% арасында болады. Тауар құны дүкеннің өндірушілермен тікелей жұмыс істеуіне сәйкес қалыптасады. Жеке алғанда, негізгі азық-түлік өнімдерін - нан (ұн), сүт, май және басқаларын оптомаркет отандық зауыттар мен жергілікті өндіруші-компаниялардан сатып алады.
Сонымен қатар Арзанның өзінің меншікті нан өнімдерін пісіретін аспаздық бөлімі мен ет өнімдерін өңдеумен айналысатын цехы бар. Қазіргі уақытта Арзан торт, нан өнімдерін пісіреді, аспаздылық үшін етті тамақтар мен салаттар дайындайды, макарон шығарады, орамжапырақ пен саңырауқұлақтарды маринадтайды. Өз өнімдерін шығару үшін компанияның өндірістік қуаттылығы жоғары болмағанына қарамастан дүкен жоспарында ауыз суды дайындау цехын ашуды болжап отыр.
Оптомаркет еліміздің Алматы, Өскемен, Тараз қаласында таралуымен қатар сатып алушылардың сұранысын есепке ала отырып өзге де қалаларда ашу арқылы кеңеюді алға қойып отыр. Болашақта 15 дискаунтты дүкен ашуды жоспарлап отыр, оның бірнеше нүктелерін оңтүстік астанада және республиканың ірі қалаларында орналастыру. Осы жылы Алматы қаласында қаланың жоғарғы аймақтарын қамту үшін тағы да бір оптомаркетті ашуды жоспарлауда, жаңа Арзан Орбита, Таугүл және Алмагүл ықшам аудандарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуі қажет.
Арзан оптомаркеттерінің ішіндегі ең үлкен оптомаркет Алматы қаласы, Райымбек даңғылы 512а мекен-жайы бойынша орналасқан. Оптомаркеттің саудалық алаңы 10 000 шаршы метрді құрап отыр. Оптомаркет кең алаңды автотұрақпен қамтамасыз етілген. Ғимараттың екінші этажында Sulpak тұрмыстық техника мен электроника сатушы дүкен орналасқан.
Оптомаркеттің фирмалық түсі көк, сары және қызыл түс болғандықтан, сауда алаңы осы түстермен безендірілген және қызметкерлердің де киетін жұмыс киімі де үш түспен тігілген. Оптомаркет қоймаға кеткен шығынды қысқарту мақсатында келген тауарларды сауда алаңында сөрелерінің жоғарғы жағына үлкен көлемімен орналастырған. Сауда алаңындағы кассалар саны - 30. Сауда алаңы 2 аумаққа бөлінген азық-түлік өнімдері және азық-түлік емес өнімдер аймағы.
Оптомаркеттің басқару құрылымы иерархиялық құрылым бойынша жүзеге асырылады. Штаттық кесте келесідей: дүкен басқарушысы, тауарды сатып алуды жүзеге асырушы, тауарды қабылдап-тапсырушысы, сауда алаңының мененджері, оператор және аға оператор, гастрономия бөлімінің жетекшісі, сатушы-кассир, сауда қордың сатушы-операторы, сауда алаңының қызметкері, бөлшектеп өлшеуші, жүктер таситын оператор, аула тазалаушы, тазалаушы және аспаз.
Оптомаркеттегі ұйымдастырушылық-құрылым екі бағытта: біріншісі - кеңседегі қызметкерлер, екіншісі сауда алаңында жұмыс істеуші қызметкерлер. Ұйымдастырушылық құрылым келесідей бөлімдерден тұрады:
oo Коммерциялық бөлім - тауарларды сатып алу жөнінде жабдықтаушылармен келісімшартқа отыруды қамтамасыз етеді.
oo Маркетинг бөлімі.
oo Қызметкерлерді дайындау бөлімі.
oo Бухгалтерлік бөлім.
oo Заң бөлімі.
oo Сауда алаңындағы жұмыспен айналысушылар.
Компанияның алдағы жылдарға қойып отырған стратегиялары келесідей болып келеді:
oo еліміз бойынша 20 оптомаркетті салу жобаланып отыр;
oo аймақтар арасында мультиформатты желіде қызмет ету;
oo Алматы қаласында жыл соңына қарай тағы да бір үлкен алаңды оптомаркет ашу;
oo жыл ішінде 5 оптомаркетті ашуды жоспарлауда;
oo алдағы 3 жыл ішінде Қазақстан нарығын оптомаркетті форматты желімен қанықтыру арқылы компания қызметі тиімділігін жоғарылату.
Қорытындылай келе, еліміздегі сауда орындары арасындағы Арзан оптомаркеттер желісінің даму ерекшеліктері келесідей:
oo еліміздегі сауда-саттық нарығына жаңа форматпен енуші компанияның бірден бірі;
oo оптомаркет терминін енгізуші болып табылады - көтерме саудалы гипермаркет деген мағынаны береді. Яғни, төменгі бағалы, көтерме және бөлшек саудаға бағытталған арнайы сату технологиясы бар гипермаркет;
oo екі сауданы бірдей қамтуда - бөлшек сауда және көтерме сауда;
oo дүкен тұтынушылары болып жеке тұтынушылармен қатар тауардың үлкен көлемін қажет ететін кәсіпкерлер;
oo құрамына азық-түлік өнімдерін өндіру, логистика және тұтынушыларға тауарларды сатуды енгізуші тік интегралданған жүйе құрастырылған;
oo Cash and Carry форматында салынған - қоймаға кететін шығынды қажет етпейді, себебі қойма сауда алаңында орналасқан;
oo отандық өндірушілерге қолдау көрсетуде;
oo төменгі бағадағы дүкендер желісі болып келеді;
oo делдалдардың көмегінсіз тікелей өндірушілермен қарым-қатынас орнатылған;
oo жеке ет өнімдерін өңдеу цехы және нан мен тамақ өнімдерін пісіруші аспаздық бөлімі бар.
Арзан оптомаркетінің одан әрі қарай дамуын және бәсекелік ортада алдағы орынды алуы үшін қазіргі уақытта қарқынды түрде дамып жатқан маркетинг ғылымын қолдану оптомаркеттің бәсекелік артықшылықтарын алға ала отырып нарықта өз позициясын нықтауға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, келесі бөлімде Арзан оптомаркетіндегі маркетингтік іс-әрекеттерді талдауды қарастырамыз.

I.
II. Арзан оптомаркетінің маркетингтік іс-әрекеттерін талдау және жетілдіру жолдары

2.1 Арзан оптомаркетінің маркетингтік іс-әрекеттерін талдау

Сауда маркетингі саласы көтерме қайта сату және түпкі тұтынушыға тауарды бөлшектеп сатумен байланысты сауда-делдалдық қызметтер нарығының әрекеттерін қамтиды. Мұндай әрекеттердің ерекшелiгi уақытылы болумен, сенiмдiлiкпен және қол жетiмдiлiк секілді сауда қызметiнің мінездемесімен сипатталады. Сауда маркетингі - тауарды сатып алу және тұтынушылар сұранысына сәйкес тауар ассортиментін қалыптастыру, саудалық үрдістерді ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету, тұтынушыларды ақпаратпен және дүкен ішілік жарнамамен қамтамасыз ету, қосымша саудалық қызмет көрсету секілді жұмыстарды қамтитын саудалық қызмет маркетингі.
Сауда нарығында жетістікке жету үшін арнайы дайын әдістер жоқ болғандықтан табысты саудалық қызметтер мысалдарын қарастыру қызықты болып келеді. Нарықтың барлық көшбасшыларының екі негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады: біріншіден, маңызды мақсаттар қоюы, екіншіден, маркетинтік стратегияны дұрыс жасауы мен оны енгізуі. Стратегия дайындау - бұл табысты кәсіпкерлер иеленетін өнер деп айтса да болады.
Арзан оптомаркетінің нарықтағы қызметіне сәйкес стратегияны маркетинг бөлімі және сауда бөлімшелері мен оптомаркет басшылары бір-бірімен тығыз байланысу арқылы дайындайды. Стратегия дайындауда маңызды рөлді маркетинг бөлімі маңызды орын алады. Маркетинг бөлімінің мақсаты болып компанияның сатып алу және өткізу, қызмет көрсету саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру бойынша әрекеттерді дайындау.
Маркетинг бөлімінің құрылымы 5 қызметкерді қамтиды:
oo Маркетинг бөлімінің басшысы
oo Маркетологменеджер
oo Маркетологаналитик
oo Маркетологсатуды басқару бойынша менеджер
oo МаркетологPR және жарнамамен айналысушы.
Сауда бөлімшелері маркетинг жөніндегі менеджерге өздерінің атқарған қызметтерінің сипаттары мен нәтижелері туралы ақпараттарды тапсырады. Маркетинг бөлімі компаниядағы барлық бөлімшелерге олардың қызметтерін нарыққа бағыттау үшін керекті ақпараттарды ұсынып отырады.
Маркетинг бөлімінің қызметтеріне келесілер кіреді:
oo компанияның маркетингтік ортасын талдау;
oo бәсекелестерді талдау;
oo нарықты сегменттеу және мақсатты сегментті анықтау;
oo тұтынушылар қажеттілігі негізінде тауар ассортименттерін және қор көлемін анықтау;
oo баға саясатын талдау;
oo тұтынушыларды талдау;
oo тұрақты маркетингтік зерттеу жүргізіп отыру;
oo компания имиджін құру, жылжыту саясатын жүзеге асыру;
oo фирманың маркетингтік жоспарын жасау және т.б.
Осы қызметтеріне сәйкес, ең алдымен компанияның маркетингтік ортасына талдау жасап өтейік.

3 - сурет. Арзан оптомаркетінің микро ортасы

Кез келген кәсіпорынның маркетингтік ортасы 3 ортаны қамтиды (3-сурет):
1. Микроорта. Арзан оптомаркетінің микроортасының элементтері келесідей:
oo Тұтынушылары екі категорияға бөлінеді: отбасылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сатып алатын жеке тұтынушылар және кәсіп үшін пайдаланатын көтерме сатып алушы кәсіпкерлер (кішкентай дүкендер, кафе, ресторан, және қонақ үй иелері) (4-сурет). Компания көбіне өз назарын көтерме сатып алушыларға бөледі. Осы мақсатпен оларға көптеген жеңілдіктер ұйымдастырады. Ал Райымбек даңғылында орналасқан Арзан оптомаркетінің негізгі тұтынушылары болып сол аймақта орналасқан тұрғындар, яғни Ақсай ықшам ауданы тұрғындары мен Карсити тұтынушылары және қаланың шетінде орналасушы Қалқаман, Шамалған, Ұзынағаш және т.б. аудандар тұрғындары жатады.

oo
oo
oo
oo
oo

4 - сурет. Арзан оптомаркетінің жеке және кәсіпкер тұтынушылары

oo Оптомаркеттің басты бәсекелестерінің қатарына қазіргі уақытта көшбасшылық стратегиясын қолдана отырып тұтынушылардың назарын аударту мақсатында Алматы қаласында өз нүктелерін көбейту үстіндегі Магнум және Рамстор гипермаркеттері жатады.
Қазіргі уақытта Magnum бөлшек сауда желісі - Қазақстан бөлшек сауда нарығының бірден бір лидері болып табылады. Бірінші Magnum Cash&Carry саудалық кешені 2007 жылы 14-ші қыркүйекте Алматы қаласында ашылған. 5 жыл ішіндегі табысты жұмыс нәтижесінде 8 ірі саудалық кешендер ашылды: Алматы қаласында 5 дүкен, ал Қарағанды мен Астана қаласында 1 дүкеннен. Magnum компаниясының алғашқы дүкенінің ашылған күнінен бастап мыңдаған қазақстандықтар арасында сенім мен құрметке ие болды. Сонымен қатар жыл сайынғы Жыл таңдауы байқауында жеңіске жеңе отырып, Қазақстандағы №1 бөлшек сауда желісі номинациясын иеленді[14].
Тауар айналымы бойынша Қазақстандағы бөлшек сауда желілерінің арасында Magnum компаниясынан кейінгі екінші орынды Migros түрік компаниясының құрамына кіретін Рамстор супермаркеттер желісі алып отыр, тауар айналымы - 16 млрд теңге. Рамстор маркетинг бойынша департаментінің ауысуына байланысты қазіргі уақытта өте қарқынды түрде даму үстінде. Компания өз желілерін ел ішінде көбейтуде: қазіргі уақытта 22 дүкендері бар, соның ішінде екі Рамстор Гипер-ді қамтитын Алматы қаласында - 11, Астана қаласында - 5, Ақтау қаласында - 2 және Қарағанды, Шымкент, Орал, Атырау қаласында 1 дүкеннен. Соңғы жылдары Рамстор басшылығының шешімімен төменгі бағалық сегментке ауысуды жөн көрді, осы себептен де көптеген тауарларға бағаны түсірді. Дегенмен бұл әзiрше елеулi нәтижелердi әкелмедi, себебі халықтың көптеген бөлігі үшін Рамстор - бұрынғыша таңдаулы (элиталы) дүкен болып қала берді[15].
Сонымен қатар Арзан оптомаркетінің бәсекелестері қатарына Қазақстанның сауда нарығына оптомаркет форматына ұқсас форматпен енген германдық Метро кэш энд керри көтерме сауда орнын да айтуға болады. Ал Райымбек даңғылында орналасқан оптомаркеттің негізгі бәсекелестері болып Апорт сауда орталығында орналасқан Рамстор Гипер мен Алтын Орда базарын айтуға болады. Себебі қаланың шеткі аудандарындағы тұрғындардың көпшiлiгi үшiн келесiдей геометрия қалыптасқан: Райымбек көшесінің бойында 3 нүктенің бірден орналасуы - Арзан, Апорт және Алтын Орда - әр түрлі мақсатқа арналған орындар. Бірақ Арзанның кіру аймағында орналасқаны тиімді орналасу болып келеді.
oo Оптомаркет жабдықтаушыларының көп бөлігін отандық өндірушілер мен кәсіпкерлер алып отыр. Яғни, импорт - 30% болса, отандық өндірушілер - 70%-ды құрап отыр. Оптомаркеттің негізгі артықшылығы - делдалдардың көмегінсіз тікелей өндірушілермен қарым-қатынас орнату және отандық өндірушілерге қолдау көрету болып табылады. Оптомаркеттің ірі жабдықтаушыларының қатарына - Raimbek Group, P&G, RGB, Рахат АҚ және 300-ден аса компаниялар мен жеке кәсіпкерлер болып келеді. Жабдықтаушылармен келісім-шарт жыл сайын жүргізіліп отырады. Тауарлар өтімділігі төмен болған жағдайда оптомаркет жабдықтаушылармен келісе отырып, тұтынушыларға түрлі жеңілдіктер ұсынады.
Компания Ресей, Түркия, Чехия және өзге де еуропалық елдердің өндірушілерімен іскерлік қарым-қатынаста. Туркиялық кәсіпкерлер негізінен дүкенге киімдер мен тоқыма заттарды, қытайлық зауыттар - тұрмыстық тауарлар мен теңіз өнімдерін, ал ресейлік өндірушілер - консервіленген азық-түліктерді, чехиялықтар - қатырылған (замороженные) өнімдерді жеткізеді. Компанияның Пекин, Үрімші, Мәскеу, Стамбұл және Прага қалаларында меншікті өкілдіктері болуына сәйкес, өнімдерді жеткізу арзанға түседі.
oo Арзан оптомаркетінің негізгі артықшылығы - өндірушілермен тікелей қарым-қатынас орнатуында болып табылғандықтан оптомаркет делдалдар көмегін қажет етпейді.
2. Арзан оптомаркетінің қызметіне әсер етуші макроорта факторлары келесілер болып келеді:
oo Демографиялық. 2013 жылдағы мәлімет бойынша ҚР-дағы халық саны - 16 954 мың адам, оның ішінде Алматы қаласының халқы - 1 465 мың адам. Компанияның ірі оптомаркеті Алмалы ықшам ауданында орналасуына байланысты оның негізгі тұтынушылары болып осы аудан тұрғындары саналады. Алмалы ықшам ауданының тұрғындарының саны - 205 мың адамды құрап отыр. Алматы қаласындағы шағын бизнеспен айналысушы заңды тұлғалар саны - 224 029.
oo Экономикалық. 2012 жылғы дерек бойынша Қазақстандағы ЖІӨ көлемі 105%-ды құраған. Ал сауданың өсу қарқыны - 112,8%. Орташа айлық жалақы - 108 836теңге. Инфляция - 6,8%. Алматы қаласындағы жан басына шаққандағы бөлшек сауда 90 907теңге, қала тұрғындарының өмір сүруі үшін айына кемінде - 18 000теңге қажет[1].
oo Нормативті-құқықтық. Оптомаркет өз қызметін келесідей заңдар негізінде жүзеге асырады: ҚР-ның Конституциясы, "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңы, Саударыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы және т.б.
3. Арзан оптомаркетінің медиаортасы. Бір кездері дағдарыс әсерінен банкрот болып мемлекет қолдауы арқасында қайта ашылған Арзан оптомаркеттер желісі БАҚ үшін қызықты оқиғалардың бірі болды. Осыған сәйкес, түрлі журнал мен газеттерде және интернет-сайттарда оптомаркет қызметі мен дамуы туралы мақалалар жарияланған(5-сурет).

5 - сурет. Арзан оптомаркеті туралы БАҚ-да таралуы[17]

Ал қоғам пікіріне келетін болсақ, оптомаркет қызметінің жақсы жағын айта отырып, бағасының шынымен төмендігін, тауар ассортименттерінің кеңдігі мен орналасу орнының тиімділігі және басқа да ерекшеліктерін көрсете отырып, өз ұсыныстарын ұсынған тұтынушылар бар (6-сурет).

6 - сурет. Арзан оптомаркеттері туралы жағымды қоғамдық пікір[17]

Ал жағымсыз қоғамдық пікірлерге келетін болсақ, қайта ашылған Арзан оптомаркеттерінің жағымсыз жағын айтушы тұтынушылар саны аз болып келеді. Тек кейбір қызметтерінің уақытша істемей қалуына сәйкес, жағымсыз пікір айтқан тұтынушылар ғана бар (7-сурет).

7 - сурет. Арзан оптомаркеті туралы жағымсыз қоғамдық пікір

Ал қаржы ұйымдарына келетін болсақ, оптомаркеттің жұмысын қайта бастауға Центркредит банкі және мемлекет тарапынан да қолдау көрсеткен.
Сауда орындарындағы маркетинг ерекшелігіне сәйкес Арзан оптомаркетінің маркетингін талдап өтейік. Дәстүрлі маркетингтік тұжырымдама кешенді құраушы 4 элементті бөліп көрсетеді: тауар, баға, өткізу және жылжыту. Бұл тұжырымдама элементтерін аралық сатушыларда , яғни сауда нарығында қолдану алдында маркетингтік кешеннің бұл элементтерінің өзгеруін қарастыру керек. Бөлшек саудагерлердің түпкі тұтынушыға әсер етуінің өсуін олардың сауда белгілеріне тұрақты қарым-қатынас орнатуына сәйкес көруге болады. Бөлшек саудагердің мұндай нәтижеге өндірушілер жағынан қысым мен сауда орындары арасындағы бәсекелестікке қарамастан жетуіне өндірушілер алдындағы артықшылығын қарастыра отырып құрылған, бөлшек оператордың қабылдайтын маркетингтік бағдарламалары болып келеді, оның құрамына төмендегілер кіреді:
oo тауарлық белгілердің таралуына бақылау жасау;
oo сатып алушылармен қарым-қатынастарды басқару мүмкіндігі(СҚБ);
oo бұқаралық емес маркетингтік коммуникацияны қолдану (сыртқы және транспорттық жарнама, маркетингтік оқиғалар, СҚБ, тікелей пошталық тарату, сатуды ынталандыру, мерчандайзинг, қоғаммен байланыс, арнайы маркетингтік шаралар);
oo сатып алушылармен жақын қарым-қатынас және оның ұзақ мерзімдік сипатта болуы;
oo сату орнындағы шешім қабылдау үрдісіне әсер ету мүмкіндігі (сатып алудың 70%-ы аяқ астынан болуы мүмкін екендігі белгілі, оған әсер етушілер: мерчандайзинг, мамандандырылған кеңес беру мен қызмет көрсету, дүкен атмосферасы - иісі, әуен мен түсі, т.б.)
Бұл аспектілердің барлығы, сонымен қатар бөлшек саудагердің маркетингтік бағдарламасы мақсатты сегментті анықтау мен асссортименттік, бағалық және өткізу мен жылжыту саясатын анықтаумен байланысты.
Арзан оптомаркетінің мақсатты аудиториялары болып отбасылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлар сатып алатын жеке тұтынушылар мен кәсіп үшін тауарларды көтерме сатып алатын кәсіпкерлер табылады. Және тұтынушылардың табысы төмен, орташа, жоғары болуына аса назар аудармайды. Кез келген табысты тұтынушыларды қабылдай алатындығына тауар ассортименттерінің кеңдігі мен бағаларының түрлілігі көрсетіп отыр. Дегенмен оптомаркет өзін нарықта төменгі бағадағы форматты дүкен ретінде жайғастыруда. Төменгі бағадағы форматты дүкен ретінде жайғастыруын оптомаркеттің өз аты да айтып отыр - Арзан. Қазақстан сауда нарығындағы ең алғашқы оптомаркеттің құрылғанын және бұл форматтың жеке тұтынушылармен қатар кәсіпкерлерге тиімді бағаны ұсынушы екендігіне байланысты нарықта өз қызметін ұсынуда. Төменгі баға сауда-саттықтың үлкен көлемімен масштабты түрде, яғни сауда технологияларымен дұрыс жұмыс істей отырып және өндірушілермен делдалдардың көмегінсіз тікелей қарым-қатынас арқылы қол жеткізілді.
Кәсіпорынның тауарлық саясаты - бұл оның тауарды дайындаумен және басқарумен байланысты әрекеттер мен шешімдер жүйесі болып табылады. Кәсіпорында ойластырылған тауарлық саясаттың болуы тауар ассортиментін дұрыс қалыптастыруға, керек емес тауарларды алып тастап, табысты тауарды қолдауға және тауарлардан алатын пайданы көбейтуге, пайда әкелетін жаңа тауарларды уақытылы енгізуге мүмкіндік береді. Арзан оптомаркетіндегі тауар саясатының негізгі мақсаты сатылатын тауарлардың бір жағынан саны мен сапасы жағынан нарықтық сұранысқа сәйкес келуі, екінші жағынан фирманың ресурстарына сәйкес келуінде болып отыр. Осыған сәйкес, нарықтағы жағдайларды анықтау үшін және әрбір тауар бойынша тауарлық саясаттың нақты мақсаттары қойылады.
Кез келген сауда орының тиімді және табысты түрде жұмыс істеуі үшін оның тауарлық ассортименті көп болғаны дұрыс. Осыған сәйкес, ассортименттік саясатты құру кәсіпорын жұмысы үшін маңызды міндеттердің бірі болып келеді.
Арзан оптомаркетінің мақсатты сегменттерінің бірі болып күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлар сатып алатын жеке тұтынушылар болғандықтан, тауар ассортименті осы тұтынушылардың сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес қалыптастырылады. Ассортименттік саясатты құру үшін тұтынушылар қажеттіліктері мен сұраныстары жөнінде ақпарат жинауы қажет. Оптомаркеттегі тауарлық қорлар көлемі үлкен және тауар ассортименттерінің кеңдігіне сәйкес мұндай бақылауды жүзеге асыру үшін кассалық бақылау машиналарын қолданады. Кассалық-бақылау машиналары сатылған тауарлардың түрлері мен қорларын анықтап береді. Осыған сәйкес, менеджерлер қай тауарға тұтынушының сұранысы көп екендігін және тауарлық қордың қаншалықты қалғандығын бақылау арқылы ассортименттік саясатты жүзеге асырады.
Оптомаркетте ассортименттік тізімдерге сәйкес азық-түлікті және азық-түлік емес тауарлар ұсынады. Бұл тізімдердің болуы тауар ассортиментін тиімді реттеуге ғана емес, сонымен қатар оның толықтығы мен тұрақтылығын қадағалауға мүмкіндік береді.
Арзан оптомаркетінің тауарлар ассортименті кең - 13 000 атаудан жоғары ( азық-түлік өнімдері, азық-түлік емес өнімдер және тұрмыстық тауарлар, сонымен қатар отандық фермерлік шаруашылық өнімдері). Оны оптомаркеттегі азық-түлікті өнімдерінің ассортименттік тізімін көрсетуші келесі кестеден көруге болады[1-кесте]:

Кесте 1

Арзан оптомаркетіндегі азық-түлік өнімдерінің тауар топтары бойынша ассортименті


Асссортименттік топтардың атауы
Позициялардың жуық шамасы
1
Ет өнімдері
15 - 20
2
Шұжық және шұжық өнімдері
40 - 45
3
Тұшпара, варениктар
10 - 15
4
Балықтар
25 - 30
5
Сүт өнімдері
20 - 25
6
Балмұздақ
25 - 30
7
Йогуртар мен десерттер
2 - 10
8
Ірімшіктер
5 - 10
9
Май, майонез
20 - 30
10
Ұзақ сақталатын тәтті тоқаштар
7 - 11
11
Жаңғақ, чипсылар, сағыздар мен кәмпиттер
40 - 60
12
Печенье, сухарилар, пряниктер, вафли
25 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Концепциялардың алғашқысы - өндірістік концепция
Фирманың маркетинг жүйесін құрайтын элементтер
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
ПКФ ҮРКЕР – КОСМЕТИКС МАРКЕТИНГПЕН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және негізгі концепциялары
Маркетингпен басқару концепциясы
Маркетингтің мәні мен негізгі түсініктері
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама
Қазақстан Республикасының маркетингті жетілдіру жолдары
Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсері
Пәндер