Біріккен Араб Әмірліктеріндегі туризм



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Біріккен Араб Әмірліктерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Туризм дамуының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2.БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Абу.Даби әмірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Дубай әмірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3 Қонақ үйлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

3 БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ САУЫҚТЫРУ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.1 Түйе жарысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.2 Шөлдегі сафари ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.3 Атқыштар клубы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.4 Шаңғы тебу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), әл-Әмирәт әл-Араби әл-Муттахида – Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Аравия түбегінің шығыс жағалауындағы жеті тәуелсіз мемлекеттердің федерациясы. Федерацияға Абу-Даби (Абу-Забу), Аджман, Дубай, Рас-эль-Хайма, Умм-эль-Кайвайн, Шарджа, Эль-Фуджайра әмірліктері кіреді. Мемлекет солтүстігінде Катармен, батысы мен оңтүстігінде Сауд Аравиясымен, шығысында Оманмен шектеседі. Солтүстігін Парсы Шығанағы, ал шығысын Оман шығанағы шайып өтеді. Жалпы көлемі 83600 км кв, халқы 2,6 млн. адам.
1. Интернет. www.org.un
2. Интернет .www.yandex.ru
3. БҰҰ мыңжылдық Декларациясы. – Нью-Йорк, 2000 ж.
4. БҰҰДБ. 2002 жылғы адам дамуы туралы Баяндама. – Нью-Йорк: Оксфорд Юниверсити Пресс, 2002.
5. БҰҰДБ. 2003 жылғы адам дамуы туралы Баяндама. – Нью-Йорк: Оксфорд Юниверсити Пресс, 2003.
6. БҰҰ Қазақстандағы жүйесі. Мыңжылдық табалдырығында Қазақстандағы даму саласы бойынеша БҰҰ Мақсаттары. – Алматы, 2002.
7. МДМ бойынша БҰҰ Интернет-сайты – http://www.un.org/millenniumgoals
8. Шокаманов Ю.К. Қазақстандағы адам дамуы: өлшеу əдіснамасы жəне талдау. – Алматы: ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 2003. – 372 б.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Біріккен Араб Әмірліктерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Туризм дамуының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2.БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Абу-Даби әмірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Дубай әмірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Қонақ үйлер ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

3 БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ САУЫҚТЫРУ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.1 Түйе жарысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.2 Шөлдегі сафари ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.3 Атқыштар клубы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
3.4 Шаңғы тебу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

КІРІСПЕ

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), әл-Әмирәт әл-Араби әл-Муттахида - Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Аравия түбегінің шығыс жағалауындағы жеті тәуелсіз мемлекеттердің федерациясы. Федерацияға Абу-Даби (Абу-Забу), Аджман, Дубай, Рас-эль-Хайма, Умм-эль-Кайвайн, Шарджа, Эль-Фуджайра әмірліктері кіреді. Мемлекет солтүстігінде Катармен, батысы мен оңтүстігінде Сауд Аравиясымен, шығысында Оманмен шектеседі. Солтүстігін Парсы Шығанағы, ал шығысын Оман шығанағы шайып өтеді. Жалпы көлемі 83600 км кв, халқы 2,6 млн. адам.
Біріккен Араб Әмірліктерінің жері Парсы шығанағының оңтүстік жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. БАӘ территориясының көп бөлігін шөл алып жатыр. Эль-Удайд шығанағынан шығысқа қарай құмдар, жағалауды бойлай жазық, өнім бермейтін сорлар орналасқан. Елдің шығысында Хаджар тауы (1127 м) етегі, батысында тасты шөл алып жатыр. Жағалау кішігірім айлақтармен тарамдалған және көлемі кіші аралдар мен таяз суда көрініп тұратын маржан рифтері көмкерген. Солтүстік-шығысында биіктігі орташа таулар орналасқан. Елдің ең биік нүктесі - Йибир (1934 м) тауы.
Климаты құрғақ, тропиктік климаттан субтропиктікке ауыспалы. Елдің шығысындағы Эль-Фуджейра әмірлігі басқалармен салыстырғанда қатты ыстық емес, ылғалды. Орташа айлық температура 20-35˚С аралығында (максималды температура 50 ˚С жетеді), қаңтар айында ауа-райының орташа температурасы 20˚С шамасында. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері шамамен 100 мм. Таулы аудандарда 300-400 мм. Әдетте жауын-шашын қыс мезгілінде түседі және ұзақтығы жылына 7-10 күннен аспайды.
Тұрақты өзендері жоқ. Оазистерде жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі.
Халқы: арабтар (42 %), ирандықтар, пакистандықтар, үнділер.
Тілі: араб (мемлекеттік), ағылшын.
Діні: мұсылман (80 %, соның ішінде шииттер - 16 %, қалғандары сунниттер), христиан, индуизм.
Астанасы: Абу-Даби (398 мың адам). Ірі қаласы: Бубай (1,4 миллион адам).
Ақша бірлігі: дирхам
Негізгі порттар: Аджман, Эль-Фуджайра, Дас аралы, Мина-Джабал-Али, Мина-Рашид, Мина-Халид, Мина-Сакр, Мина-Заид, Умм-аль-Кайвайн.
Мемлекеттік құрылымы: БАӘ 1971 жылдың 2 желтоқсанынан бастап біріккен әмірліктердің конфедерациясы болып табылады. Мемлекет басшысы - президент, сонымен қатар әр әмірліктің өз басшысы бар. Федерацияға кіретін әмірліктер өздерінің бірқатар өкілдіктерін сақтап қалған, ол әсіресе экономикалық мәселелерді шешуге байланысты. Елдегі жоғарғы билік әмірліктердің басшыларынан құралған Жоғарғы кеңестің қолында. Кеңестің басшылары болып БАӘ президенті болып табылатын Абу-Дабидің әмірі және вице-президент қызметін атқаратын Дубайдың шейх-басшысы табылады. Жоғарғы кеңеске көмек ретінде үкімет құрылған. БАӘ заң шығарушы органы - тек кеңесу қызметін атқаратын ұлттық Федералды кеңесу ассамблеясы.Оның құрамына Абу-Даби мен Дубайдан 8 өкіл және басқа әмірліктерден 24 өкіл кіреді.
Ұлттық мерекесі: 2 желтоқсан (Федерацияның құрылған күні)
Курстық жұмыстың мақсаты: Біріккен Араб Әмірліктерінің туристік орталықтарымен танысу, елде туристерге ұсынылатын сауықтыру түрлерін қарастыру және қазіргі туризм индустриясының даму жағдайын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Біріккен Араб Әмірліктерінің жалпы сипаттамасын беру.
2. Туризм даму алғышарттарын қарастыру.
3. Құрамындағы жеті әмірлік бойынша туристік орталықтарды таныстыру.
4. Туристерге арналған сауықтыру түрлерін қарастырып, олармен танысу.
Бұлар Біріккен Араб Әмірліктерінде демалатын қазақстандық туристер үшін ақпараттар беріп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Аталған міндеттерді шешу үшін жұмыста әр түрлі әдебиет көздері пайдаланылды: энциклопедияла, ағымдағы басылымдар, статистикалық мәліметтер, интернет көздері мен жол сілтеуіштер және оқулықтар мен анықтамалық басылымдар.


1 БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ

1.1 Біріккен Араб Әмірліктерінің жалпы сипаттамасы

Тарихына шолу. Қазіргі БАӘ жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Б.з.д. 6 ғасырда бұл жер Ахемен әулетінің қол астына қараса, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғасырдан бастап Араб халифатына біріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты. Бұл өңірде үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххабшылдар үнемі күрес жүргізіп келді. 18 ғасырда ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағына жүк тасымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір сүру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұртшылығы мен ағылшындар арасында жиі қақтығыстар болып тұрды. 19 ғасырдың басында Ост-Үнді компаниясы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 жылы жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 1883 жылдан бастап федерациядан құралған мемлекет келісімді мемлекеттер немесе Келісімді (шартты) Оман деп аталды. 20 ғасырдың 20 жылдарынан бастап ағылшындарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды. 1968 жылы Ұлыбритания лейбористік үкіметінің шешімімен ағылшын әскерлері БАӘ жерінен шығарылған соң, 1971 жылдың 2 жклтоқсанынан бастап толық тәуелсіздігін алып, Біріккен Араб Әмірліктері деп аталды.(сурет-1) 1971 жылдан президент болып сайланған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайни (Абу Даби билеушісі) әр 5 жыл сайын қайта сайланып келді. 1990 жылдан премьер-министр қызметін Дубай билеушісі шейх Мактум бен Рашид әл-Мактум атқарды. 1994 жылы ел президенті шариғат заңдарын келесідей қылмыс түрлеріне қолдануды іске қосты: адам өлтіру, ұрлық, ерлі зайыптың опасыздығы, есірткілік заттарды қолдану мен сату.
Біріккен Араб Әмірліктері БҰҰ, Дүние жүзілік банктің, ХВФ, ХСҰ, Араб мемлекеттерінің Лигасы, ОПЕК мүшесі болып табылады.
Өнеркәсіп. БАӘ әлемнің ең бай елдерінің бірі, оны тұрғындарының өмір сүру деңгейі бойынша Үлкен жетіліктің мемлекеттерімен салыстыруға болады. Адам басына шаққандағы табыстың мөлшері 18060 долларды құрайды (2000 жылы).
1966 жылы Абу-Даби мұнай экспорттаушы елдер Ұйымының мүшесіне (ОПЕК) айналды. 1971 жылы мемлекеттің бірігуі болған кезде ұйымдағы мүшелік автоматты түрде БАӘ көшті. Әмірліктер мұнайдың едәуір қорын (13,7 млрд.т.) және табиғи газ қорын (5,6 трлн.м.куб), ірі шетелдік инвестициялық капиталды және шетелде резервтік ақша құралын (20 млрд. доллардан астам) иеленеді. Мемлекет ОПЕК-ке тұтас түрде мүше болғанымен әр әмірліктің әмірі өзіне тиесілі территориядағы мұнайдың экспорты мен өндірілуін дербес жүргізеді. Елдегі мұнайды өндіру өнеркәсібінің көшбасшысы өндіріс дамуының және көршілес мемлекеттермен сауда тарихы ұзақ - Дубай әмірлігі. 1998 жылғы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі әмірліктердің экономикасына қауіп-қатер тудырмады, себебі соңғы жылдары ел басшылары мұнайдан басқа салаларға көңіл бөлді.

Сурет 1. Біріккен Араб Әмірліктерінің туристік картасы.[6]

Мемлекетте теңестірілген бюджет орнаған, 1999 жылдың шығындары 6,2 млрд. доллар, ал кірістің үлесі - 5,5 млрд. доллардан тұрып бюджет тапшылығы 3 % құрайды. 1998 жылмен салыстырғанда кіріс 4 %, шығыс 7 % өсті, ол тапшылықтың 200 млн. долларға өсуіне алып келді. Шығынның өсуі қорғаныс үшін жұмсалған шығындардың өсуі (1,6 млрд. доллар, немесе бюджеттің 26 % ), сонымен қатар әлеуметтік көмекке, оның ішінде алғашқы қатарда елдің жергілікті халқы үшін тегін тұрғын үйлердің құрылысына кеткен шығындар (1,22 млрд. доллар) арқылы түсіндіріледі.
1979 жылы Мина-Джабал-Али жерінде алюминий зауытының (қуаттылығы жылына 400 мың т.)ашылуымен Дубай әмірлігінде өнеркәсіптің дамуы басталды. Әмірліктегі тағы бір табыстың маңызды көзі әлемдегі ең ірі және жақсы жабдықталғандардың бірі болып табылатын - Дубай портындағы құрғақ доктар. Онда сондай-ақ кабель шығаратын өнеркәсіп (жылына 20 мың т.), цемент зауыты (жылына 8 млн.т.), көптеген тоқыма кәсіпорындары мен тамақ өнеркәсібі, болат прокаттау, құбыр және бояу мен құрылыс материалдарын шығаратын кішігірім зауыттар (130 мың т) бар.
Шарджа әмірлігінде жеңіл өнеркәсіп орындары шоғырланған. Мұнда жиһаз, ыдыс-аяқ, цемент, пластик бұйымдары шығарылады.
Абу-Даби мемлекеттік өнеркәсіп корпорациясының құрылысы Тавилде жүргізілді. Болат прокаттау зауытының қуаттылығы жылына 500 мың т. (негізінен құрылыс арматураларын шығарады) және бағасы 100 млн. доллар. БАӘ-не импортталатын болат прокаттаудың көлемі жылына 600 мың т. құрайды, негізінен Түркия мен Катар елдерінен. Жергілікті өндірушілер (кішігірім 9 цех) жылына 120 мың т. шығарып ішкі сұраныстың тек 10-15 % қанағаттандырады.
Рас-эль-Хайма әмірлігінде дәрі-дәрмек, жарылғыш заттар өндіретін зауыттар жұмыс істейді, бірақ негізгі күш құрылыс индустриясының дамуына бағытталған (цемент, құрылыс тастарын, асфальт өндіру).
Эль-Фуджайра ішкі саудаға мәрмәр, әктас, цемент, асбест, құрылыс блоктарын жеткізеді.
Умм-эль-Кайвайн артық өндіру дағдарысынан қатты зардап шекті: көршілес әмірліктердегідей мұнда да құрылыс материалдарының өндірісін дамытуға ставка қойылды, алайда нарық құрылыс мареиалдарына толы болатын. Әмірлік бірқатар шығынға ұшырады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің шамалы ғана пайызын құрайды. Басты өсірілетін өнім - негізінен оазистер мен жағалауларда өсірілетін пальма. Ауыл шаруашылығын дамытуға негізгі кедергілер: ыстық және құрғақ климат, құнарлы жерлердің жетіспеуі және оқтын-оқтын шегірткелердің өнімді басып алуы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі жеткізушісі болып Рас-эль-Хайма әмірлігі саналады.
1998 жылы ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімі 22 мың т. астық, көк өніс өнімі - 350 мың т.(ішкі сұраныстың 50 %), жеміс-жидек - 450 мың т. (50 %) көрсеткішін көрсетті. 20 млн. пальмадан жылына 230 мың т. құрма жиналады. Ірі қара және ұсақ малдардың саны 1,2 млн. жетті. Ет өнімі жылына - 30 мың т. (сұраныстың 30 %), сүт - 85 мың т.(70 %), жұмыртқа - 218 млн. (40 %),балық аулау - 100 мың т. көрсетті.
Электр энергетикасы. БАӘ орнатылған электр энергиясын өндірудің қуаттылығы 6 мың мвт. Құрайды. Қуаттылықты 8 мың мвт. жеткізетін жаңа ЖЭС қатарының құрылыстары жүргізілуде. Елдегі тұщы суды пайдаланудың үштен екісінен көп бөлігі теңіз суын тұщыландыру арқылы жүзеге асады. Тұщыландырудың қуаттылығы жылына 475 млн. м.куб және ол әдетте ЖЭС бірге қосылған.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жалпы ішкі өнімнің 2 % ауыл шаруашылығынан, 57 % өнеркәсіптен, 40 % қызмет көрсету салаларынан жиналады. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корея Республикасы және т.б.

4.2 Туризм дамуының алғышарттары

Жалпы Таяу Шығыста туризм экономиканың жақсы дамып келе жатқан секторының бірі болып табылады. Үкімет органдары тарапынан қолдау, туризм инфрақұрылымының бірқалыпты тұрақты дамуы, мемлекеттік және жеке инвестицияның көп бөлінуі, арзан әуе көлігі және аймақтағы елдер арасындағы кедендік рәсімдерге байланысты әріптестік қарым-қатынас ішкі аймақтық және ел ішіндегі туризмнің өсіп, өркендеуіне оңтайлы әсерін тигізуде.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аймаққа келушілердің саны 18 % өсіп, 35 миллионнан асты. Осылайша, 2004 жылы аймақ алғаш рет Африканың алдына шығып, төртінші орынға ие болды. Африкаға келушілер саны 33 миллион болды.
2005 жылы туризм саласы бойынша Таяу Шығыс қалыпты өсу жағдайын көрсетті. Осы жылы Дубайда қаңтардан қыркүйекке дейін келуш3лер саны 7 % өскен.
2008 жылы Дүние жүзілік Туристік Ұйымның статистикасы бойынша Таяу Шығыс елдері келушілер саны бойынша Еуропа (489 млн. адам, 53 %), Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы (188 млн. адам, 20 %) және Америка елдерінен (148 млн. адам, 16 %) кейінгі төртінші орынды алды. Оның үлесінде 53 миллион адам, яғни 6 %. Африка континентіне келушілердің саны 47 млн. (5 %) адамды құрайды.
Қазіргі таңда аймақ әлемнің басқа да аймақтарының ішінде жылдам қарқынмен өсуін жалғастыруда. Алдағы үш жылда Read Exhibitions ақпараты бойынша БАӘ, Бахрейн, Оман, Катар және Кувейт елдерінде 48940 номерлі 174 жаңа отель салынуы жобалануда. Отельдердің көбі бес жұлдызды болады.
Болжам бойынша 2020 жылы Таяу Шығысқа шамамен 68,5 млн. турист келеді. Дубай 2015 жылы 15 миллион туристі қабылдауды жоспарлауда. Жалпы Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмсақ климаты елдегі жағажайлық туризмнің дамуына өте жақсы әсерін тигізеді. Біріккен Араб Әмірліктерінің ең басты құндылығы - жылына 360 күн ашық, жайдарлы күн мен таза, жылы теңіз болып саналады. Елдің алдыңғы жылдарда туризм саласы бойынша жаңа жобалары әлем үшін ашатын жаңалықтары көп. Ол өзінің иеленетін ресурстарын тиімді пайдалануының арқасында туризм саласын әрі қарай дамыту жолдарын әрдайым табуда.
Әр әмірлік экономикалық тұрғыдан өзін-өзі басқарады. Бизнесте Дубай әмірлігі коммерциялық белсенділікті арттыруға жағдай тудырып, еркін сауда саясатын ұстанады да либералды тәсіл қолданылады. Аталған тәсіл инфрақұрылымды тұрақты түрдегі жеке инвестициялау және Джебел Али Еркін Сауда Зонасындағы жұмыстарға инвесторларды тартудан айқын көрінеді.
Инфрақырылымына келетін болсақ, жаңа заманға сай салтанатты отелдердің кең таңдауы ұсынылған. Көптеген халықаралық қонақ үй торлары: Crowne Plaza, Dusit, Hilton, Howard Johnson, Hyatt Regency, Inter-Continental, Le Meridien, Marriot, Ramada, Renaissance, Ritz-Carlton, Rotana, Sheraton жергілікті отелдермен қатар ұсынылады: the Burj Al Arab, City Center Hotel and Residence, Dubai marine, Metropolitan және Princeton.
Жағалаудағы ең жоғарғы деңгейдегі жағажайлық отелдер: Burj Al Arab, Dubai Marine Beach Resort & Spa, Hilton Dubai Jumeirah, Jebel Ali Hotel & Golf Resort, Jumeirah Beach Club, Jumeirah Beach Hotel, Le Meridien Mina Seyahi Beach Resort & Marina, Le Royal Meridien Beach Resort & Spa, Metropolitan Resort & Beach Club, Oasis Beach, Ritz-Carlton, Royal Mirage Jumeirah Beach, Sheraton Jumeirah Beach Hotel & Towers, таудағы отель Hatta Fort және экотуризмге арналған жалғыз Al Maha отелі бар.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 жылы танып, 1992 жылдан экономикалық, мәдени, достық қарым-қатынас орнатты. Ол қазақстандық туристердің Біріккен Араб Әмірліктеріне саяхаттауға визалық рәсімдеулерге оңтайлы әсерін тигізуде.
Дубайдың туризм және коммециялық маркетинг бойынша департаменті (ТКМД) Қазақстанда жыл сайынғы өтетін Туризм және саяхат жәрмеңкесіне (KITF 2009) биыл үшінші жыл қатарынан қатысты. Қатысушылардың ішінде туроператорлар мен қонақ үйлердің өкілдері болды. Дубайдың туризм және коммерциялық маркетинг департаменті Дубайдың стратегиялық жоспарына сай іскери, сонымен қатар демалыс мақсатында келетін туристердің ағымын көбейту үшін жеке компаниялармен белсенді түрде әріптестік жүргізеді. Алматы қаласындажыл сайын өтетін жәрмеңке барысында білікті мамандар дубайлық әріптестерімен кездесу кезінде өздері үшін жаңа қырларды игеріп, ары қарай өсу мен дамуға жаңа ақпараттармен алмасады.
Дубайда туризмге ерекше көңіл аударылады және оның дәлелі ретінде Дубайдың туризм және коммерциялық маркетинг бойынша департаменттің төрағасы болып Шейх Мохаммед бин Рашид аль Мактум, Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті мен Премьер министрі және Дубай әміршісі табылады. Дубайдың туризм және коммерциялық маркетинг бойынша департаменттің бас директор қызметін Халид А. Бин Сулайем мырза атқарады. Департамент дубайлық отелдердің классификациясын халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексереді. Оның негізгі қызметі болып әмірліктің барлық туристік, археологиялық және тарихи маңызы бар орындарын бақылау, туристік көрмелер мен конференциялар ұйымдастырумен қатар туристік ақпараттардың және гид жұмысын ұйымдастыру мен лицензиялау қызметтеріне қатысады. Ол туризм сферасында мамандар даярлауғакең мүмкіндігі бар, мамандандырылған оқу бағдарламалары мен семинарларды ұйымдастырып, туристік сервис қызметкерлерін халықаралық сертификат пен дипломдармен марапаттайды.

2 БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

2.1 Абу-Даби әмірлігі

Абу-Даби - көлемі бойынша жеті әмірлік ішіндегі ең үлкені (БАӘ көлемінің 66 %). Әмірлік ел астанасы қызметін атқаратын қаласы Абу-Даби және Аль-Айн мен Лива оазис-қалаларынан тұрады.
Абу-Даби қаласының негізі 18 ғасырдың 60 жылдары қаланды, ал 1795 жылы Абу-Даби әмірлігінің басшыларының резиденциясына айналды. Қаланың маңыздылығы 20 ғасырдың 50 жылдарының аяғы мен 60 жылдарының басында, мұнда мұнайдың айтарлықтай көзі табылғаннан кейін арта бастады. 1971 жылы ол Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу-Даби әмірлігінің астанасы аталды.
Мұнда көнелік пен өркениеттің соңғы жетістіктері көршілес орын тапқан, мұнай кенінің орындарының ашылуы қала инфрақұрылымының дамуына зор ықпалын тигізді. Экономикасының негізін мұнайды өндіру мен өңдеу, сонымен қатар балық аулау, болат пен цемент өндіру құрайды.
Астананың витрнасы қызметін көз шағылыстырар биік ғимараттар тізілген жағалау атқарады. Абу-Дабиде көрікті орындар көп. Соның ішінде қызықтыларының бірі болып қаланың дамуы аудиовизуалды түрде сипатталатын Мұнай көрмесі саналады. Мұнда арабтық доу құрастырылатын арнайы реконструкцияланған верфь - Корничи орналасқан. Абу-Даби әмірліктердегі ең ірі және халық ең тығыз орналасқан қала болып саналады. Оны шығанақтың бақ қаласы деп атайды. Қалада қолдан жасалған бақтар мен саябақтар көп, олардағы әр ағаш пен бұта қолдан суарылады (суландыруға тұщыландыру құрылғылары қолданылады).
Зейд порты Дубайдағы Рашид пен Шардаждағы Мина-Халед сияқты теңізге қақпа қызметін атқарады. Халықаралық әуежай жұмыс істейді. Бірақ мұнаай өндіруші елдің басты қаласы бола тұра Абу-Даби рекреация мен арзан сауданың орталығы болып саналмайды. Бұл бәрінен бұрын елдің әкімшілік орталығы және президент резиденциясы. Абу-Даби жоғарғы технологиялық колледжінде мыңдаған студенттер оқиды, сонымен қатар қалада зерттеу институты мен үлкен спорт кешені орналасқан.
АльАйн Абу-Дабиден 160 км шығысқа қарай, Оманмен шекараға таяу жерде орналасқан. Аль-Айнға жол Мафрактан бастау алып жағалаудан Хаджар тауының етегіне дейін созылады және ол Абу-Дабидегі алғашқы басты тас жол болған. Жол бойында жуан ағаштар мен олеандр бұталары өседі де, 50 км деін қашықтықта сол жасыл желектің арқасында шөлде келе жатқандай сезім тумайды. Аль-Айн ең ірі және құнарлы Бурайми деп аталатын оазитің басты қаласы. Мұндағы орталықтағы қоғамдық саябаққа кешке қарай барған жөн, фонтан ағысының өрнегін көрген кезде бұрындары су тапшылығын көрген бұл елде бұл таңғажайып болып көрінеді. Мұнда бірнеше ескі форттар сақталып қалған - Аль-Джахили (қазір мұнда Аль-Айнның бай мұражайы бар), Шығыс, Мураиджиб, Мазияд және т.б.
Хили (Hili) қоғамдық саябағы - оазистің солтүстігінде орналасқан. Онда ыстық бұлақ көздері және елдің басты тарихи мұрасы - 3-4 мың жылдық жасы бар Хили Үлкен моласы бар. Ол 1974 жылы реставрацияланған. Бұл таңғажайып ашылудың тарихы 4 мың жылдан астам уақыттан асады. Хили моласының жасы Умм Аль-Нар (Umm al-Nar) аралындағы ескерткіштерімен бірдей десе болады. Осыған орай Хили мекенін б.з.д. 3 мың жылдықта адамдар қоныстанған. Хили саябағы (Hili Garden) мен Фан Сити (Fun City) сауықтыру парктеріне жақын жерден дөңгелек молалардың тұтас тобы табылған. Молалардың жанында екі үлкен кірпіштен құрастырылған мұнара мен сол дәуірдің бірнеше тас және кірпіш үйлері табылған.
Аль-Айндағы зообақ пен аквариум келушілерге дүние жүзінің барлық жерінің экзотикалық жануарларынан Аравияда ғана көруге болатын сирек кездесетін жануарларға дейін тамашалауға мүмкіндік береді.
Джебель Хафит (Jebel Hafit) жартасты тауы шөлдің ортасынан бой көтерген, оны Аль-Айн қаласынан да көруге болады. Оның шыңына дейін жүретін жолы бар, оған шығып жергілікті жердің көріктілігін тамашалауға болады.
Каттара (Qattarah Oasis) - Аль-Айнға таяу жердегі кішігірім орманды оазис. Құрма пальмасы мен жеміс ағаштарының көптігі және айналадағы шөл қарама-қайшылықты тудырады. Мұнда көптеген ежелгі жәдігерлік бұйымдардың үлгілерін кездестіруге болады, соның ішінде алтын зергерлік бұйымдары да бар. Оларды Аль-Айн мұражайынан көруге болады.
Аль-Айн Файдa (Al Ain Fayda) - елдегі ең жақсы курорттардың бірі. Демалыс үйі Джебель Хафит тауының етегінде табиғи ыстық су көзінің жанында орналасқан. Минералды судың емдік қасиеті бар.
Форттар. Аль-Айн территориясында бұрындары құнды болып саналған пальма трғайларына қорғаныс болған бірнеше ескі форттар сақталып, реставрациядан өткен болатын.
Шығыс форты 1910 жылы Сұлтан бен Заид Шейхтың басшылығымен кірпіштен тұрғызылған болатын. Форт таңертеңгі уақытта келушілерді қабылдайды. Дөңгелек мұнаралар мен тісті қабырғаларға шығуға болады. Фортқа жақын жердегі жаңа ғимаратта оның мұражайы орналасқан. Мұнда осы фортта және әмірліктің басқа жерлеріндегі қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған заттар қойылған.
Джахили форты (Jahili) Аль-Айн фортынан бірнеше километр қашықтықта орналасқан. 1898 жылы Заед бин Халиф Шейхтың басшылығымен негізі қаланған. Осы жерде 1915 жылы БАӘ президенті Заид бен Сұлтан Аль Нахаян Шейх дүниеге келген.
Аль-Джахили форты (Al Jahili) 17 ғасырға жатады. Мұнда Аль-Айн мұражайы орналасқан. Мұнда археологиялық қазба нәтижелері, соның ішінде мыс қарулар көрмеге қойылған. Мұражай бұл аймақта адам баласы бес мың жылдам астам уақыт бұрын тіршілік ете бастағанының дәлелін көрсете алады. Аль-Джахили фортында сонымен қатар Аль-Айнның туризм департаментінің бөлімі орналасқан.
Төртбұрышты форт Аль-Айн әуежайының жанында өткен ғасырдың 40 жылдары тұрғызылған. Ал Мураиджиб (Muraijib) форты 1830 жылы тұрғызылған оазистің ең ескі қорғаныс құрылысы болып табылады. Мазияд (Mazyad) форты Джебель Хафиттің (Jebel Hafit) оңтүстігінде орналасқан және көріктілігімен ерекшеленеді.

2.1 Қонақ үйлер

Интерконтиненталь (БАӘ, Абу-Даби әмірлігі Халидия Стрит) жаңа заманға сай делюкс класстағы бес жұлдызды отелі. Номерлердің саны - 330. Отель шығанақ жағалауын бойлай созылған жеке меншік жағажайдағы саябақтық зонада орналасқан. Қала орталығы отельден бірнеше минуттық жерде орналасқан.
Милленниум (БАӘ, Абу-Даби әмірлігі Халифа Стрит) отелі Абу-Дабидің жүрегінде іскери астананың орталығында өте ыңғайлы жерде орын тепкен. Номерлер саны - 293. Қала әуежайы отельден шамамен 35 км қашықтықта, автокөлікпен 35-40 минуттық жерде орналасқан.
Ле Роял Меридиан (БАӘ, Абу-Даби) бес жұлдызды жаңа заманғы делюкс класстағы отель. Қала орталығында орналасқан отель жағажай мен сауда орталықтарына өте жақын жерде. Номерлер саны - 153.
Бич Ротана (БАӘ, Абу-Даби қаласы Турист Клаб Эрия) бес жұлдызды жаңа заманғы делюкс класстағы отель, номерлер саны - 241. Қаланың іскери, сауда көшелеріне жақын орналасқан Бич Ротана отелі теңіз жағалауындағы Турист Клаб Ареада (Tourist Club Area) өз ақ құмды жағажайын иеленеді. Абу-Даби қаласының әуежайынан 30 минуттық жерде орналасқан. Отель ішінде әр түрлі әлемдік атақты бренд дүкендері, мультиплекс-кинотекатр және басқа да сауықтыру түрлері шоғырланған беделді Abu Dhabi Mall сауда орталығымен бірлескен.
Краун Плаза (БАӘ, Абу-Даби қаласы Шейх Хамдам Стрит) бес жұлдызды ең жоғарғы деңгейлі бірінші классты жаңа заманғы отелі. Номерлер саны - 236. Отель астананың орталығында коммерциялық және сауда көшелеріне жақын жерде орналасқан. Қала әуежайынан 30 минуттық жердегі отельде орналасу бизнес-сапарларға, шоп-турларға және демалуға өте ыңғайлы.
Новотель (БАӘ, Абу-Даби қаласы Шейх Хамдан Стрит) төрт жұлдызды бірінші класстағы дәстүрлі отель. Номерлердің орташа саны - 215. Абу-Даби халықаралық әуежайынан 25 минуттық жерде қала орталығында орналасқан.
Аль Маха Ротана (БАӘ, Абу-Даби қаласы Шейх Хамдан Бин Мохамед Стрит) төрт жұлдызды жоғарғы деңгейлі бірінші класстағы отель. Номерлер саны - 212. Отель іскери және сауда орталықтарына жақын, өте ыңғайлы орналасқан орнымен мақтанады.
Аль Рауда Ротана (БАӘ, Абу-Даби қаласы Олд Айрпорт Роуд) коммерциялық, сауда орталықтары және банктер орналасқан ыңғайлы ауданда орналасқан. Номерлерінің жалпы саны - 82. Отель халықаралық Абу-Даби әуежайынан 30 минуттық, ал Көрме Орталығынан 10 минуттық жерде орын тепкен.
Голден Тюлип Далма Сьютс (БАӘ, Абу-Даби қаласы Шейх Хамдан Стрит) төрт жұлдызды жоғарғы деңгейлі бірінші классты жаңа заманғы отель. Номерлердің жалпы саны - 114. Қала орталығында Алтын Базарына қарама-қарсы және жағажайға жаяу баратын жерде орналасқан. Бизнес-сапарлар және демалыс үшін өте ыңғайлы.
Гранд Континенталь (БАӘ, Абу-Даби) төрт жұлдызды жоғарғы деңгейлі бірінші класстағы отель. Номерлердің жалпы саны - 128. Отель қала орталығында жағажайға жақын орналасқан. Жобалнуы бойынша тамаша Парсы шығанағы мен Халифа Бақтарын (Khalifa Gardens) кең әрі ыңғайлы люкстер мен нөмірлерден шықпай-ақ тамашалауға мүмкіндік бар.
Интернешнл Ротана Инн (БАӘ, Абу-Даби) үш жұлдызды бірінші класстағы отелі. Номерлер саны - 103. Отель Абу Даби Сити Центрінде (Abu Dhabi City Centre) орналасқан. Демалыс орындары мен мейрамханаларға таксимен немесе автобуспен жетуге болады.
Аль Диар Мина (БАӘ, Абу-Даби қаласы Мина Роуд) үш жұлдызды бірінші классты отель. Салам Стрит көшесінде қаланың бизнес және коммерциялық орталықтарына жақын орналасқан. Номерлердің жалпы саны - 105.

2.2 Дубай әмірлігі

Дубай - көлемі бойынша екінші орындағы әмірлік. Көлемі - 3900 км кв. Халқы шамамен 1,4 млн. адамды құрайды. Ол жергілікті халық Араб шығанағы деп атайтын Парсы шығанағының жағасында орналасқан. Дубай ең либералды және космополиттік әмірлік болып саналады. Мұнда әлемдік барлық діндердің өкілдерінен құралған 130 ұлт тіршілік етеді. Дубай контрастқа толы, бір күннің ішінде жартасты таулар мен маңғаз құм төбелерді, құм жағажайларды және күтілген жасыл саябақтарды көруге болады. Жел мұнаралары бар көне үйлердің жанынан фешенебельді тұрғын жайлар мен бүгінгі күнге сай ең жаңа сауда орталықтарын кездестіруге болады.
Дубайдағы туризмнің дамуын Дубай үкіметінің туризм мен коммерциялық маркетинг департаменті қадағалайды. Ол екі бағытта жұмыс атқарады: әлемдік аренада Дубайдың туризм сферасы мен іскерлік ынтымақтастыққа қызығушылығын қорғау мен дамытуды қамтамасыз ету және әмірліктегі туризм индустриясын дамытып, қадағалайтын және жоспарлайтын негізгі мекеме.
Дубай қаланы екі бөлікке бөлетін айлақ жағасында орналасқан: солтүстігінде - Дейра, оңтүстігінде - Бар Дубай. Екі жағада да көрікті мешіттер, шулы базарлар, қоғамдық ғимараттар, қонақ үйлер мен сауда орталықтары көп шоғырланған.
Дубайлық айлақ (бухта). Айлақты Дейра базарынан Бар-Дубайға дейін жүзіп баратын судағы такси абра бортында тұрып су бетінен тамашалаған ыңғайлы. Дейра бөлігінде айлақты бойлай аль-Рас мүйісінен кеме жөндейтін верфке дейін созылатын жақсы жарықтанған корниш жағасы орналасқан. Онда қазіргі күнге дейін ескі сауда жолдарымен Үндістанға, Шығыс Африкаға кемелер жүреді.
Кеме жөндеу орнының жанында есте қаларлықтай қазіргі заманғы биік ғимараттар тобы шоғырланған. Etisalat телекоммуникациялық компаниясының биік ғимаратының үстінде глобусқа ұқсайтын үлкен шар бар. Ол түнгі жарықтандыру кезінде ерекше көзтартарлық әсер береді. Дубай Ұлттық Банкінің зәулім ғимараты одан да мықты әсер етеді. Оның беткі шыны мен болаттан жасалған шығыңқы бөлігі күнге шағылысқан Дубай айлағы суының сәулесін көрсетеді. Жақын арада Дубай айлағы бойынша 10 су автобусы жүріп тұратын болады. Олар бір экскурсиялықты қосқанда бес маршрут бойынша қызмет атқарады (Шиндага станциясынан Аль-Сиф станциясына дейін). Туристер 25 дирхамға 45 минуттық саяхат ұйымдастыра алады.
Дубайлық мешіттер. Дубайда сәулетті мешіттер көп. Джумейра мешіті Фитимид халифаты кезіндегі ортағасырлық стилде тастан қаланған және қазіргі заманғы ислам архитектурасының айбынды нұсқасы болып табылады.
Бар-Дубай ауданындағы Үлкен мешіттің қаладағы ең биік 70 метрлік мұнарасы, сонымен қатар түстерінің үйлесімі оны ұлы архитектуралық ескерткішке айналдыратын 9 үлкен және 45 кіші күмбезі бар.
Дубайда сонымен қатар Ибрагим Аль-Калиль, Үлкен мешіт және Рашид Госпиталі мешіті орналасқан. Мұсылман еместерге мешітке кіруге тиым салынған. Мешіттерге баруды ұйымдастыру үшін Мохаммад Шейхтың мәдени орталығына бару керек.
Саид Шейхтың үйі. Саид Шейхтың үйі 19 ғасырдың аяғында билеушінің кемелердің қимылын бақылап отыруына ыңғайлы боуы үшін теңіз жағасында тұрғызылған. Жел мұнаралары және ішкі ауланы қоршаған бөлмелер анфиладалары құрылысты жергілікті архитектураның тамаша нұсқасы етеді.
Дубай мұражайы. Қаланың көрікті жерлерінің ішінен Дубай мұражайын атап өткен жөн. Ол Аль-Фахиди әдемі фортында орналасқан. Форт 1778 жылы қаланы теңізден қорғау үшін тұрғызылған. Әр түрлі кезеңде мұнда сарай, казарма, абақты болған. 1971 жылы форт реконструкцияға ұшырап, мұражайға айналды. Мұражайдан Дубайдың мұнайға дейінгі кезеңдегі өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік бар. Залдарынан айлақтың, дәстүрлі араб үйлерінің, мешіттердің, базар, шөл тұрғындарының өмірінің көріністерін, сондай-ақ інжу жинаушылардың мүсінімен су асты панорамасын тамашалауға болады.
Бастакия және Шиндага. Дәстүрлі Дубай жайлы толығырақ ақпаратты тар көшелері мен әлі де жұмыс істейтін биік жел мұнаралары бар Бастакия ауданы береді. Мұнда дәстүрлі құрылыстағы үйлер көп шлғырланған. Ежелде мұнаралар үйлерді салқындататын жалғыз құрал болып саналды. Бүгінде бұл аудан өз мұражайы, мәдени орталығы және өнер галереясымен ескі қонақ үйі бар кішігірім туристік елді мекенге айналды.
Көршілес Шиндага ауданында 30 ғимарат қайта жөнделіп, осылайша жел мұнаралары мен тар көшелі тұтас ескі квартал қалпына келтірілген.
Бани Яс алаңы. Дейра орталығындағы Бани Яс алаңының ансамблінде басты орынды жаңа архитектуралық стиль мен жанындағы болған құрылысты үйлестірудің алғашқы әрекеті болған Дейра Мұнарасы алады. Мұнара жобасының мақсаты жазғы ыстық климаттың онда орналасқан дүкендер, офистер мен тұрғын үйлерге әсерін азайту болған. Көршілес айлақ жағасында аспанға бағытталған фасад аркаларымен Аль-Увайс көп қабатты зәулім ғимараты орналасқан.
Базарлар. Айлақтың екі жағындағы базарлар тек тауарларымен ғана емес, сондай-ақ экзотикасы мен суретке түсіруге арналған сюжетімен де тартымды. Базардың тар өтетін жерлерінен көнеліктің колориті мен атмосферасын сезінуге болады. Әрбір дүкеншенің алдында хош иісті дәмдеуіштер, раушан гүлінің жапырақтары және дәстүрлі дәрілік құралдар толтырылған қаптар тізілген.
Одан әрі Алтын базардың кеңірек бөлігі басталады, мұндағы әр дүкен алтын әшекейлерге толы. Кешке қарай жұмыс белсенділігі артып, аудан араның ұясына ұқсайтын болады. Көрші көшелерде наргиле (кальян) және араб кофейниктерін (дала) сатады. Осы жерден үлкен және ыстық таба нан даярлайтын дәстүрлі пештері бар (тандыр) наубайшыларды кездестіруге болады. Жақын жерде әйелдерге арналған кестеленген жамылғылар және кең шалбарлар, 1001 түн кейіпкерлерін еске түсіретін ұзын көйлектер сатылады. Айлақтың екінші жағасындағы Бар-Дубайда жібек пен мақта маталарын сататын дүкендер көп. Дейрдегі балық базары өте тамаша. Бұл жерден теңіз алабұғасын (жергілікті атауы хамур), барракуданы, тунец, лангуст, краб, патшалық ас шаянды, теңіз табан балығын, кальмар, акуланы, макрель, сардины және басқа да балық түрлерін сатып алуға болады.
Тарихи-этнографиялық елді мекен. Айлаққа кірерге таяу жерде келушілер әмірліктің осыған дейінгі өмірімен, архитектурасының, інжу терудің, теңіздің тарихымен таныса алатын тарихи-этнографиялық елді мекен орналасқан. Мұнда Дубайдың түрлі аудандарының стилінде тұрғызылан дәстүрлі араб үйлерін көруге болады. Олардың ішінде қысқы және жаздық үйлер мен құрма пальмасының діңі мен бұтақтарынан тұрғызылған бедуиндердің үйлері де бар. Елді мекен территориясында сувенирлер сататын дүкендер, қыштан бұйымдар жасаушылар мен тігіншілер өз заттарын сататын әр түрлі қолөнер дүкендері бар. Мұнда б.з.д. 2500-500 жылдарға жататын археолагиялық қазба нәтижесінде табылған заттар қойылған кішігірім мұражай бар. Ол аталған кезеңде көршілес елдермен белсенді теңіз саудасы болғанын дәлелдейді. Демалыс күндері мұнда ұлттық фольклорлық ансамбльдардың орындаулары жиі өтеді, ал Дубай Сауда Фестивалі кезінде бедуиндік үйлену тойының тұтас қатарлы этнографиялық қойылымы көрсетіледі.
Дубай зообағы. Джумейрде орналасқан зообақ үлкен танымалдыққа ие. Мұндан Аравияның жануарлар әлемінің көптеген түрлерін көруге болады, соның ішінде бұрынғыдай табиғатта мүлдем еркін кездеспейтін аравиялық қасқырды, Гордон жабайы мысығын, әлемдегі сокотрлық су құзғындарының еріксіз өмір сүріп, көбейетін жалғыз орнын айтса болады. Үлкен торлы қорада аймақта кездесетін жыртқыш құстар тіршілік етеді. Сонымен қатар мұнда ірі мысықтардың 9 түрі, приматтардың 7 түрі бар.
Саябақтар мен бақтар. Қаланың шуы мен әбігершілігінен демалуға қаланың барлық жеріндегі жасыл оазиске ұқсаған көптеген саябақтары көмектеседі. Олар әсіресе отбасылық демалыс пен пикникке өте ыңғайлы, ал балалар үшін онда аттракциондары бар алаңдар жабдықталған. Дубайда екі жасыл жағажайлық саябақ бар - Jumeirah Beach Park және Mamzar Beach park. Jumeirah Beach саябағының территориясында барбекюге арналған орын, волейбол мен балалар алаңы, кафе бар және жағажайы жақсы жабдықталған. Мұнда әр уақыт құтқарушы қызметі тобы кезекшілік етеді. Mamzar Beach саябағы түбекте орналасқан және барлық жағынан жағажайлармен қоршалған. Сол жағында шығанаққа шығатын жағажайлар орналасса, оң жағында - Дубай мен Шарджа арасындағы бұғазға шығатын жалғыз жағажай орналасқан.Бұл бұғаз скутермен серуендеп, су шаңғысын тепкенді сүюшілердің жақсы көретін орны. Jumeirah Beach саябағы дүйсенбі күндері тек әйелдер мен балалар үшін ашық болады.
Дубайдың танымал демалыс саябақтарының ішінен тамаша бақтарымен, экзотикалық өсімдіктерімен және түрлі сауықтыруларымен (балалар темір жолы, мини-гольф, волейбол және т.б. ойындарға арналған алаңдар) ерекшеленетін Мушриф паркі, Крик сайд, Сафа парк танымал. Территориясында фонтандар мен жасанды көлдер орналасқан.
Аквапарктер. Дубайда екі аквапарк бар: Жабайы вади (Wild Wadi) және Ғажайыптар Әлемі (Wonderland).
Жабайы вади -бұл Джумейра Бич курортының бөлігі болып табылатын таң қаларлық жаңа заманғы аквапарк. Мұнда он алтысы тармақтар мен су төбешіктері арқылы бір кешенге біріктірілген 24 аттракцион бар. Әр аттракцион атақты саяхатшы Синдбад пен оның достары және олардың теңіз саяхаты кезіндегі кеме апаты жайлы аңызбен байланыстырылады. Ең атақты аттракциондардың бірі - сарқырамасы, тік жартастары және шомылуға арналғанжері бар Жасырын лагуна.
Қатты әсер алғанды ұнататындарға 33 метрлік жылдамдығы жоғары, тік бұрылмалы, қалауынша жылдамдықты 80 кмсағ дейін жеткізуге болатын Jumeirah Sceirah аттракционын ұсынуға болады. Master Blasters сериялы аттракциондар - бұл айтарлықтай жылдамдықтағы бір және екі орынды дөңгелектерде сырғанайтын құбырлар түріндегі 8 түрлі төбешіктер. Whitewater Wadi және Flood River Flyer аттракциондарында қатты су тармағы сізді 15 метрлік биіктікке көтерсе, Summit Surge зеңбірегі сізді бассейнге лақтырады, ал Rushdoun Ravine төбешігі жылғамен 170 метрлік саяхатымен еліктіреді.
Таяу Шығыс үшін ғажайып болып саналатын тағы бір аттракцион бар. Ол қатты әсер алғанды ұнататындарға тақтаймен шамамен 2,5 метрлік биіктікке дейін жететін толқындардың үстінде серуендеу.
Wonderland аквапаркі және сауықтыру паркі. 18 гектар жерді алып жатқан Wonderland (Ғажайыптар Әлемі) отбасылық демалыс паркі 3 зонаға бөлінеді: Басты көше, аттракциондар паркі және аквапарк. Басты көше Карибтік қала стилінде ұйымдастырылған. Мұнда музыка ойнап, клоундар мен сиқыршылар өнерін көрсетеді. Family Entertainment Center ғимаратының ішінде кафетерии және кішкентай балалар үшін көптеген аттракциондар бар, соның ішінде төбелі жермен кішкентай жүк машинасымен серуендеуді атап өтсе болады. Тақырыптық аттракциондар паркінде ересек балаларға арналған аттракциондар шоғырланған. Мысалы, өзенді бойлай бөренемен серуендеу. Басқа сауықтырулардан - картинг, әткеншек, автодром, ал ең батылдарға - Space Shot аттракционы - сізді шамамен 7 м ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб елдері Лигасы және Қазақстанмен қарым-қатынасы
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Туризмдегі ЭКСПО көрмесінің маңызы
ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ ТЕК ХАНАФИ МАЗХАБЫН МЕЙЛІНШЕ БЕКЕМ ҰСТАНУЫМЫЗДА ҒАНА ЖАТЫР!
Өзіндік туризмді дамыту
Геосаяси жағдай
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Брондау және резервтеудің заманауи жүйелері
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Экспо көрмесі – Қазақстанның әлеуетін көрсетудің мүмкіндігі
Пәндер