Исламдағы адам өмірі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Исламдағы адам өмірінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.1Исламдағы адамның жаратылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.2 Ислам көзқарасындағы адам өмірінің құндылығы ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2.1Ислам дініндегі еркек пен әйел теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
1.4 Исламдағы адам құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Бұл ғылыми жұмыста әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі болып саналатын Ислам дініндегі адам проблемасы мәселелері жан жақты талданады. Батыс оқымыстылары адам құқықтары деген тіркестегі «адам» деген түсінікке алуан түрлі анықтама беріп, әбден шатастады. Олар берген анықтамалардың арасында аталған «адам хұқықтары» деген терминнің өзіне керағар келетіндері де бар. Мысалы, олардың пікірлерінше заң мен, демократиядағы «адам» философия мен әдебиеттегі, педогогикадағы «адамнан» мүлде басқа. Философия мен педогогика оқулықтарында адамның болмысы бар болғаны жерден шығып, жерге қайта қайтатын материя ретінде ғана танылған.
1. Халифа Алтай, Құран карим қазақша мағына және түсінігі. Медине мұнаууара, Сауд арабия-1991 ж.
2. Алем Якуп, Куран мужизелері. Несил Матбажылық, 2003 ж.
3. Қайрат Жолдыбайұлы, Имани гүл. «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011ж.
4. М. Ф. Рифағи, «Ислам мәдениеті». Алматы 2007 ж.
5. ҚМДБ, Иман журналы. №2 (79) 2011 ж.
6. Шайх Мухаммад Содиқ,Мухаммад Юсуф, «Рухий тарбия». Тошкент-2008
7. «Қазақстан Заман» газеті Мухиддин Исаұлы.
8. Гомьен Д., Харрис Д., Зваак Л. Европейская конвенция о правах человека и Европейская социальная хартия: право и практика. - М, 1998.
9. М. Алматин.«Президент және Халық» газеті, № 07, 4 қараша, 2005 ж.
10. Қ.Құрманбаев «Хадис ілімі» Алматы 2010 ж.
11. Р. Кушчулар «Чистота в исламе» Москва 2008 ж.
12. М. Камал «Советы мусльманкам» Алматы 2006 .ж
13. М.Науауи «Тақуалар бақтары» Алматы 2009 ж.
14. Права человека / Под ред. Е.А.Лукашева. – М., 1996.
15. А.Сынбатый. М. Исаұлы «Отбасы ғылымхалы» «Нұр-Мүбарак» Алматы 2011 ж.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ___________________________________ __________
___________________________________ __________
Магистрант __________________ Тобы ________ _________
Ғылыми жетекші __________________ _________

Қорғауға жіберілді __ Мамыр 2011ж.
Магистратура деканы п.ғ.к.,доцент Дабылтаева Р.Е. _________
___________2011ж. Жұмыс қорғалды __________________

Алматы 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1 Исламдағы адам өмірінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.1Исламдағы адамның жаратылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.2 Ислам көзқарасындағы адам өмірінің құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ... .
14
2.2.1Ислам дініндегі еркек пен әйел теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
19
1.4 Исламдағы адам құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
40

КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Бұл ғылыми жұмыста әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі болып саналатын Ислам дініндегі адам проблемасы мәселелері жан жақты талданады. Батыс оқымыстылары адам құқықтары деген тіркестегі адам деген түсінікке алуан түрлі анықтама беріп, әбден шатастады. Олар берген анықтамалардың арасында аталған адам хұқықтары деген терминнің өзіне керағар келетіндері де бар. Мысалы, олардың пікірлерінше заң мен, демократиядағы адам философия мен әдебиеттегі, педогогикадағы адамнан мүлде басқа. Философия мен педогогика оқулықтарында адамның болмысы бар болғаны жерден шығып, жерге қайта қайтатын материя ретінде ғана танылған. Біріншісінде адам философиялық негізде шым-шытырық шатпақ пікірлердің көкпарына көлденең тартылған, мойындалмаған, дұрыс бағаланбаған бір тастанды нысан ғана. Ал екінешісінде-демократиялық ұстаным бойынша ол әрдайым жоғары тұратын, хұқықтары мен табиғи талпыныстарының бірі қалмай қатаң қорғалуы тиіс аса қымбат тұлға.
Қазіргі таңда Исламның сыртында болған басқа діндер әсіресе батыс елдері Ислам адам дініне қатысты адам құқықтарын қорланып, аяққа таптайтын дін ретінде көзқарас түзілген. Әсіресе бұған жиырмасынша ғасырдың соңғы онжылдығында ғарыштық серіктер арқылы таратылылып, ешқандай да шекараға бағынбайтын байланыс, жарнама, ақпарат құралдарының қарыштап дамуы орасан ықпал етті.
Адам қоғам құруда алғаш қойылған кірпіш тәрізді. Ислам көзқарасы бойынша ол-Алла Тағала жаратқан махлұқтардың ішіндегі ең ардақтысы. Қадірлі әрі құрметті болып жетілуі үшін оған адам құқықтарын сыйлайды. Ислами түсінік бойынша адам материалистер айтқандай маймылдан шыққан, ішіп жеу құмарлыққа құштар біреу емес. Алла Тағала оны Өзі жаратып, оған ақыл берді. Бүкіл нәрселердің атауын үйретіп, тура жолға салды. Ислам дінінде адамның жанына, мал-мүлкіне және абыройына ешкімнің қол сұғуға хақысы жоқ. Адам-бостандықтың барлық түріне: дін бостандығына, сөз бостандығына, ерік бостандығына, іс-әрекет бостандығына, баспасөз бостандығына, ар-ождан бостандығына және бостандықтың басқа да түрлеріне ие.
Жалпы адам мәселесіне келер болсақ бұл тақырып бүкіл философияның - сонау Конфуций Будда, Сократтан бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі. Қайта өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастайды. Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін енгізген Джаноццо Манетти ( 1396-1459) болды. Өзінің Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде деген еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған Дүниесінің сұлулығына тоқталып, сонымен қатар сол жаратылған Дүниенің ең биік шыңы - ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі басқа Дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, әртүрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айналыса алса, адам бар-лығымен айналыса алады. Рухани денеден тұратын адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың өзін өзіне ұқсатып түсінеді. Егер Құдай бүкіл Дүниені жаратса, адам өзін жағалай қоршаған мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады.
Адам - философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары - әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: адам - заттардың өлшемі, Сократ: өзіңді өзің танып біл). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, кіші әлем, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы факторболды.
Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 - 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады.
Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де табиғи түрде әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік менімен танылатын болады. Адам жерде шамамен осыдан 2 - 3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден (питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 - 40 мың жыл бұрын, Homo sapіens (латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге (кроманьондар) ие болды. Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән - табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады.
Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына - сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және мен деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын. Нәзік болмыс табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары бар: арабша - хауас сәлим, қазақша - рух, санскритте - аура, орысша - дух, латынша - спирит, ғылымда - психоэнергетикалық жүйе, т.б. Жан - адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады.
Шығыс философиясы бойынша адамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейді. Адам микрокосм болғандықтан, оның өмірі макрокосм болып табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді пенде деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды адам деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді толық адам деп атайды. Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі ұйтқысы.
Зерттеу пәні: Исламның іргетасы болған Құран кітабы мен Мұхаммед пайғамбардың хадистеріне сүйене отырып Ислам дініндегі адам мәселелерін жан жақты талдау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ғылыми жұмыстың тақырыбы бойынша нақты жоспар құрып, Ислам діні мен Батыс өркениетіндегі адам проблемаларын салыстыра отырып зерттеу.Осы мақсатты негізге ала отырып, төмендегідей міндеттер алға тартылады.
oo Адам мәселелеріне қатысты Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерін табу;
oo Исламдағы адамның жаратылуын, оған байланысты ғылым дәлелдерді ұсыну;
oo Исламдағы адам хұқықтарын көрсету;
oo Адам бостандығы мәселелерін талдау;
oo Исламдағы адами теңдік мәселесін анықтау;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде төмендегідей мәселелер шешеімін табады деп ойлаймыз: Ислам дініні Батыс өркениетің пікіріндегідей адам хұқықтарын қорламайды. Қайта адам бүкіл жер бетіне халифа етіліп, ардақталған. Ислам діні адам мәселелері жайында көптеген идеологиялық бағыттарды бірнеше ғасырға артқа қалдырып алғаш болып көтерген. Тіпті адамға қатысты негізгі құқықтарын жан-жақты баяндап, оны іске асырып та үлгерген. Адам құқықтарын қатаң түрде сақтау Алла Тағалаға жақындататын амалдардың бірі ретінде түсініндіріледі.
Жұмыстың теориялық маңызы: Зерттеу барысында алынған нәти-желер мен ой-тұжырымдар практикалық, қолданбалық қызметті атқаратын құнды дерек болары сөзсіз. Сонымен қатар Ислам діні жайында адам мәселесі шеңберінде туындаған керағар пікірлерді жоққа шығарады.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысында анықталған, зерттеуге түсетін мәселелер, жұмыстың қорытындылары мен тұжырымдарын өз кезегінде дінтанушыларға, исламтанушыларға, жоғарғы оқу орындарында қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар осы саладағы ізденушіліер ғылыми жұмыстарына қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері: Зерттеуде салыстыру, талдау, сараптау, топтастыру әдістері негізге алынған.
Зерттеу материалдары: Адам мәселелері жөнінде араб, ағылшын, түрік тіліндегі және де өзіміздің ана тіліміз қазақ тіліндегі әдебиеттерді қолдандым. Ал, бүгінгі таңдағы жаңа мәселелерді сараптау барысында интернеттік ақпарат жүйесі қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курсытық жұмыс бір тараудан төрт бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Исламдағы адам өмірінің мәні
1.1 Исламдағы адамның жаратылуы
Адам бұл - жаратылыстың ерекше сипаттағы қабілет иесі. Адам құндылығының идеясы ежелгі қоғамда айтылған еді және егер басында бастапқы негіз ретінде полис қарастырылған болса, эллинизм дәуірінен бастап ол индивидке ауды. Феодолизимде діни сана адам даралығынан басым түссе, жаңа дәуірде мәдениет адам өмірін қайтадан барлық заттың ең жоғарғы өлшеміне айналдырды. Адам құқықтарының табиғи жаратылыс сипаты дегеніміз - олардың адам туғаннан пайда болуы, адамның өмір сүру құқықтарының ажырамассыздығы, оларсыз индивидті қоғам мүшесі, нағыз әлеуметтік субъект қылатын ерекше адамдық қасиеттерден айыру қатері пайда болатыны, жалпы олардың индивидке тірі жан иесі ретінде тән болуы.
Адамның өмір сүру құқықтарының қасиеттілігін, олардың ең жоғарғы құндылықты табиғи жаратылысқа берген Құдіреттің сыйы болып табылады. Ислам дініндегі адамның жаратылуы турасында мұсылмандардың қасиетті кітабы алуан түрлі дәлелдер келтірілген. Тіпті ол аяттарда адам баласының дүниеге қалай келетіндігі, ана құрсағында жатып қанедай даму кезеңдерінен өтетіндігі жиі-жиі сыр шертіледі. Құран каримдегі адамның жаратылуы турасындағы аяттары қазіргі заманда ғылыми тұрғыдан да расталуда. Құран аяттарының бірінде: Ей адам баласы егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктеңсеңдер әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң бел суынан, сосын ұйыған қаннан тағы жаралып біткен-бітпеген кесек еттен жараттық. Өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай ақ жартырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында сәби түрінде шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер, кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әрнәрсенңі білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Ал Құранның басқа аятында: Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық. Сосын тамшыны үйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла,-делінеді. Бұл аяттарда Құран түсірілген жетінші ғасырда адамдардың білуі мүмкін емес болған детальдар жатқанын байқау қиынға соқпайды. Мысал келтіре кетсек:
1. Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір кішкене бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан) жаратылуы,
2. Сәбидің жынысын -аталық ұрық айқындайтыны,
3. Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабысып тұратыны,
4. Сәби ана құрсағында 3 қаранғы кеңістік ішінде өсетіні, т.б. [3, 64 б]
Аталық клеткалар аналық клеткаға жеткенгке дейін бірталай сапар шегеітні белгілі. Бұл сапардың соңында 250 млн. Аталық клетканың тек мың шамасындайы ғана аналық клеткаға жетіп, оның ішінде тек біреуі ғана тұз ұсағының жартысындайы аналық клеткаға кіреді. Яғни адамның негізгі - шәуетті түгелі емес, оның тек бір кішкентай бөлшегі ғана. Құранда бұл ақиқат былайша баяндалады: Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма? Ол (әу баста) тамызылған бір тамшы шәует емес пе еді?. Шәует сұйығы тек аталық клеталардан ғана тұрмайтынын ғылым дәлелдеп отыр.Керісінше ол бір-бірінен бөлек әртүрлі сұйықтардың қоспасынан тұраы. Бұл сүйықтар аталық клетканың қажет ететін энергияны тасу, аналық клетканың кіре берісіндегі түрлі қышқылдары нитралдау, аталық клетканың қозғалысына қажет тайғақ ортаны ыңғайлау сияқты қызметтері бар. Ақиқат айнасы-Құранда шәуетті қоспа сұйық деп бейнелеп, енді ашылып жатқан ғылыми детальдарға ишарат жасап тұрғаны таңдай қақтырады.
Біз адамды әртүрлі қоспа шәуеттен жараттық. Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клеткалар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алайда, жетінші ғасырда түскен Құран каримде бұл мәселе туралы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа құйылған сперматазойдтан жаратылғаны айтылады. Ол (Алла Тағала), еркек пен ұрғашы жұбын ытқып шыққан ер кісінің шәуетінен жаратты.Құранда баяндалған бұл деректің растығы генгетика мен микробиолдогия ғылымдарының дамуы нәтижесінде дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен клетінін аталық клетка тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жекрде ешқандай рөл ойнамайды. Жыныс-адам ағзасындағы хромосомаларға байланысты нүкте ағзадағы қырық алты хромосоманың екеуі жыныс хромосомалары деп аталды. Бұл екі хромосома еркектерде ХУ, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. У хромосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді тасиды.
Адам баласының түзілуі- жұптала жүретін ос хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуіде Х болса, еркектерде біреуі Х екіншісі У болады. Демек жаңа жаратылған сәбидің ана ағзасындағы Х хромосомасы мен аталық клеткадағы У хромосомасының, ал қыз болуы Х хромосомасымен бірігуі нәтижесінде пайда болады.
Ал Құран аяттарындағы: Адамды нағыз балшықтан жараттық, -дегенді батыстық ғалымдар мойындауға мәжбүр болды. Соңғы жылдары геология және биология ғалымдарының жетекші мамандары үздіксіз зерттеулер жүргізіп орсындай қорытындыға келді. Зерттеу жұмыстарымен Массачусетс технологи институтының ғалымы Хайман Хартман, Калифорния университетінен Лейл.М.Койн, Бельгияның Liege университетінен Пьер Лазизо және Glasgow универоситетінен Крахман К. Смит айналысты. Бұлардың бәрі әлемге есімі танымал атақты ғалымдар және өз мамандықтарының хас шеберлері.
Сонымен қасиетті Құранда: Адамды әу баста топырақтан жаратты . Ол адамзатты құмырадай сыңғырлаған құрғақ топырақ-тан, жындарды оттан жаратты,-дейді. Сыңғырлаған құрғақ топырақ деп аударған сөзіміз арабшада сол-сол,-деп келген. Сол-сол,-деп шертсе дыбыс шығатын халдегі лайды айтады. Осы аятта адамның жара-тылуының түрлі кезеңдері қамтылған. Топырақтан лай жасалып, оны адам бейнесіне келтіріп, артынша жан үрленген. Топырақта қандай элементтер болса, адамның денесінде де сол элементтердің кездесетіндігін қазіргі ғылыми тәжірибелер растауда. Топырақта: карбон, кисларод, фосфор, күкірт, азат, кальций, хлор, темір, мыс, иод, алюмини сияқты жиырма түрлі элементтер кездессе, тура осы элементтер адамның бойында да бар. Егер топырақ пен құмның араласуынан пайда болған балшық болмаса электроника, құрлықаралық және жер серігаралық байланыс болмас еді.
Тіпті, XX ғасырдың ең үздік жаңалығыны деп есептелетін компьютерден де мақұрым қалар едік. Бұл туралы бір дерек электрондық элементтің негізі (диод, транзистор, резистор) болып есептелетін жартылай өткізгіштердің барлығы - саз. Саздың тағы бір қасиеті мұнайды өңдеуді тездетіп, катализатор рөлін атқарады. Ол сондай-ақ, удың утын қайтарып, өзіне қабылдағыш қасиетіне де ие. Радияциялық сәулені өзіне қабылдап, қоршаған ортаны тазалайды. Доктор Лейл,М. Койнның айтуынша балшық қозғалмай жатқан зат болғанымен, оның ішінде жұмбақ әлем жасырынған. Мен кеуіп қалған сазды балтамен екіге бөліп тастадым. Мына қызықты қараңыз әлгі бөлшек бір ай бойы зертханамда ультракүлгінді сәулелелер шығарып тұрды. Саз-сәуленің қайнар көзі болғаны мені таң қалдырды. Мен алғашқыда ештеңке түсіне алған жоқпын. Зерттей келе ол кристалдық элементтерден тұратынына көз жеткіздім. Кристалл молекуларлары бір-біріне жабысқан жапырақ тәріздес қатарлардан құралады. Ал, бұл кезегінде иондық байланыс тізбегін түзеді. Саздың әр бөлігінде орналасқан иондық бекітілген бағдарлама бойынша қозғалады. Бұл тірі жасаушының қасиетіне ие деген сөз!,-дейді ғалым. Зерттеу қорытындылары көрсеткендей сыртқы әсерлерден кристалдық иондық тізбек бұзылғанымен, арадан біршама уақыт өткенде жапырақ тәріздес қатар қайта қалпына келеді. Иондық байланыстың қозғалуы электр қуатының пайда болуына әкеліп соғады. Қуаттан күш алған ол өмірдің қарапайым қозғалысын есімізге салады. Бұл тағы бір рет адамның топырақтан жаралғанына дәлел,-деп өз сөзін нақтылай түседі доктор Лейл,М.Койн. Ал, Хартман: Заманауи құрылғылармен біз саздың молекуларларының тіпті, атомның құрылысын зерттеуге әбден шамамыз келеді. Үлкен жетістіктерге жететінімізге еш күманданбаймын бірақ, зертханада адамның өмірін жарата алмайтмыз. Бұған ұлы Жаратушының ғана құдіреті жетеді,-деп мойындайды. Мойындаудың өзінде үлкен сыр бар. Өйткені адамның жанын ешбір ғалымның жарата алмайтыны ақиқат. [2, 78-б] Бұл жөнінде Құранда:Олар сенен жан туралы сұрайды. Жан дүниесін Тәңірім ғана біледі. Сендерге берілген білімнің шегі аз ғана-де.Ал дарвинизм теориясынан бастау алған адам маймылдан пайда болды,-деген пікір, бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғылыми түрде дәлелденіп, нақтылық тұғына жете алмады. Олай болса, бұл пікір қара дүрсін болжам ғана. Сондықтан оны талқылап жатудың өзі артық. Негізінде дарвинизм нақты дәлелденген ғылыми жетістік емес, бар болғаны гипотеза, болжам, яғни осылай болуы мүмкін деген ой-пікір.
Гипотеза ғылыми түрде дәлелденген жағдайда ғана теориялық болжамнан шығып, шындыққа, ғылымға айналады. Эволюционерлер маймылдың адамға айналу кезеңіндегі аралық түр жартылай маймыл, жартылай адамның болғандығын дәлелдейтін сүйек қаңқарларын таба алмағандықтан бұл проблемаларды маймыл мен адамның сүйектерін құрастыру арқылы шешуге бел байлаған. Атақты доктор ескі сүйектіерді зерттеуші Чарльз Досон 1912-ші жылы: Англиядағы Пильтдаун деп аталатын жердің маңайындағы бір шұңқырдан бір жақ сүйек пен бас сүйек тауып алдым,-деп әлемге жар салады. Жақ сүйек маймылдікіне ұқсағанымен бас сүйегі мен тістері адамдікіні ұқсайтын бұл сүйектерге 500 мың жылдық жас берілді. Сөйтіп Пильтдаун,-деп аталған бұл сүйектерді әр түрлі мұражайларға қойып, адамның маймылдан сатылай даму жолы арқылы пайда болғанын растайтын нақты дәлел ретінде қольданады. Бұл сүйекке байланысты қырық жылдам астам уаықт ғылыми мақалалар жазылып, суреттер сызылады. Әлемдегі әр түрлі университеттерден 500-ге жуық докторлық еңбек қорғалды. Алайда, 1949 жылы кеннеттен Окли атты ғалым сүйектердің нақты жасын анықтайтын Flor test тәсілі арқылы Пильтдаун адамын да зерттеп көрді. Нәтиже өте таңғаларлық, бір сөзбен айтқанда масқара! Пильтдаун адамының сүйектері адам мен маймылдың сүйектеріне өте шеберлікпен құрастыру арқылы жасалғандығы әшкерленеді. Бес жүз жыл бұрын өмір сүрген адманың бас сүйегі мен алпыс жыл бұрын өмір сүрген орангутан маймылының жақ сүйегіне адамның тістері жасанды түрде өте шеберлікпен орнатылғандығцы анықталды. Сүйектердің жанын табылды делінген құралдардың қолдан жасалғаны да белгілі болды. Осыдан кайін ғана қықрық жылдай Британ мұражайында тұрған бұл құрастырылған сүйек дереу шығарылып тасталды. Иә, өз мақсаттарын дәлелдеу үшін осындай айла, қулықтарға жүгінген ғалым сымақтардың қандай дәлелдеріне сенуге болады?
Қорытындылай келсек Ислам көзқарасы бойынша барша адамзаттың атасы-адам атаны Алла тағала топырақтан жаратқан. Кейін оның нәсілінің мәни суынан тарғанын қалаған. Сондықтан да адамды метериалистер жорамалдағандай әлем кездейсоқтықтан, адам маймылдан пайда болып, толассыз күрестің арқасында дамыды деуге болмайды. Адам-Алла Тағала жаратқан мақұлықтарының ішінгдегі ең құқрметтісі. Оған басқа жаратылыстан ерекшелейтін ой-сана берілген.Бүкіл нәрселердің атауын үйретіп, тура жолға салды. Осылайша бүкіл мақұлықтардан артық етті. Ал адам баласы не үшін жаратылды?-деген сұраққа Ислам діні Аллаһ Тағала адамдарды Оның серігі болмаған жалғыз өзіне құлшылық етулері үшін жаратып және пайғамбарларды адамдардың жаратылуынан болған хикметті оларға баяндаулары үшін, оған шақыру үшін және құлшылықтың түрлері мен оның қателіктерін, оған қарама қайшы келетін нәрселерді адамдарға баян етулері үшін жіберді.
Аллаһ Тағала осы өмірді, осы дүниені ақыретке кесіп өтетін бір жол қылды. Кімде кім өмірін Аллаһқа бой ұсынумен, Оған құлшылық етумен және құлшылықтың барлық түрінде Аллаһты бірлеумен әрі оның жіберген пайғамбарларына қарсы шығумен өткізсе, амал қылу майданынан (осы өмірден) зор сыйлықтар мен табыстарға ие болатын майданға (ақыретке) аттанып, ондағы нығметтер мен қуаныштарға, ондағы құрмет пен бақытқа бөленеді. Ол сондай сыйлық, оның нығметі ешқашан таусылмайды, онда адамдар өлмейді, олардың кйімдері тозбайды, олардың жастық шақтары өтпейді, керісінше олар әрдайым нығметте, әрдайым амандықта, әрдайым жастық шақта бақытты өмір сүреді. Мұсылмандардың қасиетті кітабында бұл туірасында былай деп айтылады: Әй, жәннәт иелері! Сендер бұнда өмір сүресіңдер де, ешқашан өлмейсіңдер, сендердің дендерің сау болады да ешқашан ауырмайсыңдар, сендер әрдайым жас боласыңдар да ешқашан қартаймайсыңдар, сендер нығметке бөленесіңдер де, ешқашан қорлық көрмейсіңдер. Міне Ислам дінін ұстанатындардың сенімінде Аллаһқа құлшылық еткен және пайғамбарына бой ұсынғандардың халдері осындай болып, олар жәннәтта қалаған нәрселерінің барлығына қол жеткізеді. Сонымен қатар осы өмірде жалбарынып дұға қылып сұрағандарына жетеді. Жәннәтта Ұлы Аллаһ Тағаламен қалағандарынша жолығада да, Оның құрметті, аса ұлы жүзін көреді. Бұл аса жарылқаушы, тым мейірімді Аллаһ тарапынын болған бір сыйлық. Ал кімде кім өмірін Аллаһқа құлшылық етусіз, оның пайғамбарына қарсы келіп, өзінің ойына, нәпсісіне және шайтанға ергесумен өткізсе, шындығында ол осы дүниеден жаза дүниесіне, қорлық, қайғы қасырет, азап пен қиыншылық дүниесіне, онда адамдар әрдайым бақытсыздықта, азапта болтын тозаққа аттанады. Бұл жайында Құран былай дейді: Ал енді қарсы келушілер үшін тозақ оты бар. Оларға өлім үкімі берілмейді, олардан азап жеңілдетілмейді. Әрбір қарсы келушілерді осылай жазалаймыз.
Күдіксіз кім Раббысына күнақар болып келсе, рас оған тозақ бар; онда ол өлмейді де тіршілік өмір де сүрмейді. Расында біз залымдар үшін дуалдары қоршап алатын тозақ отын әзірледік. Егер олар су сұрап жалбарынса, оларға еріген кен тәрізді беттерін қуыратын бір су беріледі. Ол нендей жаман сусын, әрі нендей жаман орын. Құранның басқа аяттарында азап жайында: Оларға қайнар су ішкізіліп, ішектерітуралады - дейді.
Исламның түсінігінде Алла Тағала адамдар мен жындарды өзіне құлшылық етулері үшін жаратқан. Аллатың оларға бір қажеттілігі болғандықтан жаратпады, өйткені Аллаһ Тағала ешкімге мұқтаж емес. Бұл жайлы Аллаһ Тағала былай дейді: Әй адамдар! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Аллаһ Тағала ешкімге мұқтаж емес, ол өте мақтаулы. Қаласа сендерді жоқ етеді де, орындарыңа жаңа ел әкеле алады, бұл Аллаһқа қиын емес. Сонымен қатар Алла Тағала адамдарды аздан көп қылу үшін немесе төмен жағдайдан жоғары жағдайға көтеру үшін жаратпады, керісінше оларды ұлы хикмет үшін жаратты. Ол хикмет: жын мен адамдардың Аллаһқа құлшылық етіп оны ұлықтаулары, одан қорқулары және оны мадақтаулары, оның көркем есім, сипаттарын біліп сонымен оған мадақтар айтулары. Аллаһ Тағала жақсы көретін істерді істеу әрі ол жақсы көретін сөздерді айту арқылы Аллаһқа қарай жүз бұрулары. Аллаһтың оларға берген нығметтеріне шүкірлік етіп, сынаған сынақтарына сабыр сақтаулары, сондай ақ дін үшін қызмет көрсетіп Аллаһтың ұлылығы жайында пікір жүргізулері. Құранда былай делінген: Ол сондай Аллаһ, жеті көкті жаратқан және жерді де сол сияқты жаратқан, күмәнсіз Аллаһтың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерің үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай ақ Аллаһтың білімі әр нәрсені өз ішіне алады. Ең жақсы атаулар Аллаһқа тән. Оған сол аттарымен жалбарыныңдар Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында, түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. Олар тіке тұрып, отырып, жанбасынан жатып (әр халде) Аллаһты еске алады. Сондай ақ олар көктер мен жердің жаратылысы жайында ойланады да: Раббымыз! Сен бұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта дейді.
1.2 Ислам көзқарасындағы адам өмірінің құндылығы
Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз қосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға) берілгендік , сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі , мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптас-тыруға жағдай туғызады.
Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, мәдениет және басқа бақтарға бөлуге болады. әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс.
Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана - сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ. Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа - құндылық және logos - ілім, сөз) деп аталады. Ол - құндылықтар теориясы болып табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.
Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико - эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден - бір объективті ең жоғарғы құндылық - адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.
Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық - тарихи параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады. Адам өмірі басты құндылық болып табылады. Илаһи діндер негізі тұрғысынан дүниежүзілік құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Жеке адам мен қоғамның салауатты өмір салтын көздейтін бұл құндылықтар әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың да кепілі. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құрылымдар жеке адам мен қоғамның мүддесін көздейді. Әділет, теңдік, бауырластық, тәуелсіздік, қамқорлық пен кішіпейілділік илаһи діндердің дүниежүзі принциптерінің бастылары. Бүкіл адамзаттың бақытын бақытын мақсат деп тұтқан бар діннің мұндай принциптерінің болуы табиғи нәрсе. Өмір сүру құқығы бұл - адамзатқа сыйға тартылған жаратылыстың жазылмаған киелі заңдары. Адам өмірі оның жүрек соғысы сәтінің пайда болуымен байланыстырылады. Адамға өмірді мемлекет немесе қоғам мүшелері заңдастырып сыйға тарта алмайды. Ондай мүмкіндік адамзатқа берілмеген ол Құдіреттің иелігінде.
Адамның Исламдағы жаратылу мақсаты осындай, адам баласына берілген өмірді ол барынша жақсылықтарға жұмсауға тырысуы керек. Өмірдің өзі біздер үшін берілген ең үлкен нығметтердің бірі.Өкінішке орай қазіргі кезде сол нығметтің қадірін түсінбей, басына түскен кішкентай сынаққа шыдай алмай өздеріне қол жұмсап жатқандары да бар. Пайғамбар хадисінде Бес нәрсені бес нәрседен бұрын ойла,-деп айтады, сол бес нәрсенің бірі өмірді өлместен бұрын ойла,-деген. Әсіресе Соңғы кезде жиі көтеpіліп жүpген мәселенің біpі - эвтаназия. Эвтаназия - айықпас дертке шалдыққан науқасты өзінің және туған-туыстарының келісімі бойынша медициналық тәсілмен өлтіру болып табылады. Нидеpландыда эвтаназияның заңдастыpылуына байланысты әлем елдеpің көзқарастары қаққа жарылды: біpі голландық жаңа заңға үзілді-кесілді қаpсы шықса, біpі мақұлдайды. Медицина мамандары, заңгерлер, психологтар, саясаткерлер және дін қызметкерлерінің арасында әдейілеп өлтіруге байланысты көптеген қаpама-қаpсы пікірлеp туындауда. Әйтсе де, бүгінге дейін эвтаназияның дұрыс, не бұрыс екендігі жөнінде нақты жауап берілмей келеді.
Өкініштісі, соңғы кезде кейбір ғалымдар Эвтаназия адами құндылықтарға еш қарсы емес деген қорытындыға келіп отыр. Ал ислам дінінде адам өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау ауыр қылмыс, үлкен күнә екені белгілі. Ауpу азабынан құтылу мақсатында өз-өзін өлтіру адамзат тарихында бұpыннан болған. Ежелгі пұтқа табынушылық заманында өзін-өзі өлтіруге еш кедергі болмаған, керісінше оны құптап отырған. Мәселен, ежелгі Данияда төсек тартып жатып, ауырып өліп кетсең, ол үлкен масқара болып саналған. Кельттер қарттық жеңіп, қауқары кете бастаған кезде өз-өздеріне қол жұмсаса, эскимостар соңғы демдерінің жақындап келе жатқанын сезіп, үсіп өлу үшін аязды тундраға, басы ауған жаққа кетіп қалатын болған. Ал Ежелгі Грецияда өз-өзін өлтіруге арнайы билік органдарынан рұқсат та берілген екен. Алайда осыған қарамастан, медицинаның атасы Гиппократ: Мен сұрап келгендерге ешқашан өлтіретін улы қоспаларды бермеймін және оларды жасайтын жолды да ешкімге көрсетпеймін, - депті. Ал оның замандастары Платон, Сократ, Аристотельдер болса, керісінше жақсы өлімді қолдап, Бұл әдістің өлім аузында жатып қиналғандарға пайдасы бар деп есептеген. Тіпті Сократ та өз-өзіне қол жұмсап, цикута атты адам ағзасына зиянды уды ішіп өлген екен.
Нидеpландының әлемде алғаш эвтаназияны заңдастыpу туpалы шешімін елдеpдің басым көпшілігі құптаған жоқ. Pесей мұндай заңды қабылдауға қаpсы екенін мәлімдесе, Ватикан мемлекетінің Осерваторе Романо газеті аталған заңды қылмыс деп санайтындаpын жазған. Дегенмен, қазіргі таңда бұл өлім түрін жақтайтын халықаралық қоғам құрылып, Лондон қаласында Шығу (выход) деген атпен ресми түрде тіркеліпті.
Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі, дәрігердің қатысуымен, яғни емделушінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы дәрілерді егу. Ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге апаратын бейдауа дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер қатыспайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де емделушінің пікірі ескеріледі. Соңғысында науқастың өмірін ұзарту мақсатында ешқандай ем-дом жасалмайды. Алайда кез келген науқастың медикаментозды өлімнен бас тартуына хақысы баp. [4, 152-б]
Енді эвтаназияға ислам көзімен қараp болсақ, адамның өзін-өзі өлтіpуге хақысы баp ма деген сауал туындайды. Шаpиғат заңында адам өлтіpуге, өзін-өзі өлтіpуге қатаң түpде тиым салынған. Адам өміpі ислам дінінде басты құндылық болып табылады. Алла тағала Құpанда Қабылдың өз інісі Абылды өлтіpуіне байланысты былай дейді:
Соның салдаpынан Изpаил ұpпақтаpына: Кім кісі өлтіpмеген немесе жеp жүзінде бұзақылық қылмаған біpеуді өлтіpcе, сонда шынайы түpде баpлық адамды өлтіpгенмен біpдей және оны тіpілтсе, (өлімнен құтқаpса) баpлық адамды тіpілткенмен біpдей деп жаздық. Pасында олаpға елшілеpіміз ашық дәлелдеpмен келді. Біpақ содан кейін де олаpдың көбіpегі жеp жүзінде шектен шығушылаp болды Ғалам Иесі сондай-ақ: Алла аpам еткен кісіні өлтіpмеңдеp! Және де Алла аpам еткен кісіні өлтіpмеңдеp, жазықты болса ғана болады. Сендеpге осылаpды Алла әміp етті. Әрине түсінерсіңдер (де). (Жоpта кісі өлтіpгендеp, мүpтәд болып діннен шыққандаp және үйлі бола тұpып зина қылғандаp), - дейді. Адамды жаpатушы Алла тағала, оның жанымен қатаp тәнінің де де иесі болып табылады, сондай-ақ оның өмірін де Ол белгілемек. Адамның өз өміpін қиюға әpекеттенуі исламда өте ауыp қылмыс, үлкен күнә. Алла тағала сондай-ақ Ниса сүресінің 29-аятында: Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді, - дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметін өзін-өзі өлтіруден сақтандыру мақсатында айтқан мынадай хадисі баp: Сіздерге дейінгі қауымда ауыр жарақаты бар бір адам болды. Ол жарақатынан қатты азап шеккен еді. Бір күні сондай азапқа шыдай алмай пышақпен өз қолын кесіп жіберді. Көп мөлшерде қан жоғалту себебінен ол осы өмірмен қош айтысты. Сол кезде құдіреті күшті Алла тағала: Құлым менің алдымды орап кетті. Сол себепті мен оған жәннатты харам қылдым, - деді. Тағы біp хадисте Алланың Елшісі: Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады, - деген (Бұхари).
Деpтке ұшыpаған адам шипасын Алладан үміт етіп, ауpуына қатысты емделуі кажет. Оған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): Ей, Алланың құлдары, дерттеріңе ем іздеңдер. Расында, Алла әрбір дертпен қоса оның шипасын да жаратты және сендердің әрбіреуіңде денелеріңнің ақысы бар, - деген хадисі дәлел. Шаpиғатта жақсылықтың да, жамандықтың да біp Алланың әміpімен болатыны айтылады. Адам ауpуды тек Жаpатқанның жазасы деп қана қабылдамай, оның екінші жағының да баp екенін есте ұстауы және нәтижесінің қайыpлы болуын да Алладан ғана үміт еткені жөн. Сондықтан басқа түскен жағдайды Алланың сынағы деп қабылдап, сабыp сақтап, төзім білдіpсе, оның сауабы да баp. Ол жөнінде Ұлы Кітапта: Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады және Лұқман сүресінің 17-аятында:...Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұлар маңызды істерден, - делінеді.
Ислам дінінде сонымен қатаp ата-анаға, ауpулаpға, әлсіздеp мен қоpғансыздаpға жәpдем беpу бұйыpылған. Олаpға мүмкіндігінше жақсылық жасап, қайыpымдылық көpсеткен адам екі дүниеде де Алланың разылығына жетпек. Әpбіp адам мұны өзінен бастап, қаpтайған ата-анасына, деpтке шалдыққан айналасындағы жақындаpына қамқоp болулаpы тиіс. Хақ иесі былай дейді: Pаббың, өзіне ғана ғибадат етулеpіңді, әке-шешеге жақсылық қылулаpыңды әміp етті. Ал ол екеуінің біpі немесе екеуі де жандаpына кәpілік жетсе: Түһ деме (кейіс білдіpме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішіpейіп мәpхемет құшағын жай да: Pаббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәpбиелегендей сен де олаpды мәpхеметіңе бөлей көp!, - де.
Сонымен қатаp меңдеген кеселдің зардабынан күйзеліп, дәpменсіз күйге түскен науқастың тағдыpын шешуде адам жанына аpашашы абзал жандаp антына адал болып, алдымен адамгеpшілікке жүгінгені, шипалы дәpісімен қатаp жылы сөздеpімен де қолдау білдіpу аpқылы pухани және моpальдық көмек көpсетуі қажет. Ал жақындаpы мен дос-жаpандаpы мұндай қиын сәтте науқастың қасынан табылып, көңілін аулап, pухани сүйеу бола білгені жөн. Құранда: Алла көздердің қиянатын және көкіректегі құпияны біледі. Ал науқас бейдауа деpттің жазылуынан мүлде үмітсіз болса да, әp пенденің ғұмыpын тек Алла тағала белгілейтінін есте сақтағаны және өзінің өміpін қиып, Алланың әміpіне қаpсы келмегені абзал. Әр адам баласы үшін дүниеде өмір сүру хақысы бар. Дініміз адамның бұл құқын шектеу жасауды бүкіл адам атаулыға шабуыл деп есептейді. Құран Кәрім: "Алла өлтіруге тыйым салған кісіні өлтірмеңдер,қылмысты болса бір сәрі", - деп бұйырған. Ислам діні кісі өлтіруді ең ауыр күнә деп есептейді. Іштегі баланы түсіру де дінімізде кісі өлтіргенге жатады. Өзін-өзі өлтіруге де дініміз тыйым салған.Қауіп-қатерде өзін қорғау дұрыс. Бұндай жағдайда жауды жоқ етудің оқасы жоқ.
Адамның жанына қас қылу дінімізде қандай тыйым салынған болса, рухани құқықтарына шабуыл жасауға да сондай тыйым салынған.
Біреудің намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай-ақ біреуді қорлау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айту сияқты мінездерге дініміз тұжырымды түрде тыйым салған. Бұнымен қатар бұларды ең жаман мінездер деп көрсеткен. Тәуелсіздік құқы: Әр адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислами тәрбие беру
Ислам - әлемдегі ең таза дін
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Тәрбие және оның даму тарихы
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
Суфизм (сопылық)
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Исламдағы әйел мәселесі
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Пәндер