Таңшолпан бағдарламасы



Кіріспе
1. ТАҢШОЛПАН БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Таңшолпан бағдарламасының тарихы
1.2 Таңшолпан бағдарламасының тележүргізушілер мектебі

2. ТАҢШОЛПАН БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢКӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
2.1. Таңшолпан бағдарламасының экрандағы тележүргізуші шеберлігінің кәсіби сипаты мен психологиялық аспектілері
2.2 Таңшолпан бағдарламасына 20 жыл

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Тарих қойнауында «көгілдір экран» деген атпен өмірге енген теледидар әлем халқының күнделікті көзі мен құлағына айналды. Телевизиялық жұқпалы дерт бүкіл әлемді тегіс жаулап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр. Бұл – бұлтартпас шындық.
1. Тұрсын Қ., ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ энциклопедиясы. Алматы: «Digikal Media Asia», 2011. – 640 бет.
2. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж., Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. Алматы. Білім; 2003.-380 бет.
3. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы. Қазақ университеті 2003.
4. ZamanҚАЗАҚСТАН. Диктор — телеарнаның бетке ұстар айнасы, 09.02 2012, (№6). – 7 б. сұхбатты жүргізген - Кәмшат Айдарханова,
5. АЙҚЫН. Ұят болмасын немесе эфирдегі қателіктер, 12.04.12. (№66). – 11 б. Әйгерім Бақытқызы
6. Дала мен қала. Эфир этикасы:тележүргізушілер неге «секс символға» айналуға құмар?, 2012.02.13 (№7). – 11 б.
7. «TIЛ» Журналы.Тіл мүгедектері қазақша естімегеннің қазақша тілі шықпайды…, 4 (21) мамыр | 2010ж.
8. Айқын. Didar TV. Телевизия тәрбиелеуші құрал ма?, 19.01.12.
9. Айқын. Отандық телеарнаның озық майталмандары кімдер?, 29.12.11.
10. Айқын. «Көк жәшік» басымдыққа ие,01.12.11.
11. Айқын. DIDAR TV, Құрманбек ЖҰМАҒАЛИ, «Хабар» арнасы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі: БАҚ-тың төртінші билік екенін ешқашан ұмытпауымыз керек, 17.11.11.
12. Айқын. Алтынай МАҒЗҰМОВА: Эфирге шығатын журналист өзіне-өзі сыншыл болуы керек, 14.07.11.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Таңшолпан бағдарламасының дамуының теориялық негіздері
1.1 Таңшолпан бағдарламасының тарихы
1.2 Таңшолпан бағдарламасының тележүргізушілер мектебі

2. Таңшолпан бағдарламасының КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
2.1. Таңшолпан бағдарламасының экрандағы тележүргізуші шеберлігінің кәсіби сипаты мен психологиялық аспектілері
2.2 Таңшолпан бағдарламасына 20 жыл

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

...Дауға салса алмастай қиған,
сезімге салса қырандай қалқыған,
ойға салса қорғасындай балқыған,
өмірдің кез-келген орайында әрі қару,
әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас,
отты да ойнақы Ана тілінен артық
қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?[1]
Нұрсұлтан Назарбаев
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Тарих қойнауында көгілдір экран деген атпен өмірге енген теледидар әлем халқының күнделікті көзі мен құлағына айналды. Телевизиялық жұқпалы дерт бүкіл әлемді тегіс жаулап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр. Бұл - бұлтартпас шындық. Ресей топырағында 74, Еуропада 70, АҚШ-та 67, Қазақстанда 48 жылдық қалың қатпарлы тарихы бар теледидар бүгінде шартарапты түгелдей жайлап, әлемдегі көрермені ең көп ақпарат құралына айналды. Оның себебі, әлемнің кез - келген қиыр шетіндегі оқиға сол сәтте, сол сағатта, сол күні жалпақ дүниеге тарап, жер тұрғындарын құлағдар етеді. Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлдем жаңаша сипатқа ие болып отыр. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық уақыт кеңістігінің еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Сол тұрғыдан алғанда, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда, теледидардың бірінші кезекке шығатыны ақиқат. Ал телевизиядағы аудиторияның, яғни халықтың жүрегін жаулап, көңілін баурап алатын тұлға - тележүргізуші. Экран эстетикасын, яғни көгілдір экрандағы әсемдік әлемін, бейнелі ақпараттың мәні мен айтылған ойдың дәнін жұртшылық тележүргізушінің көзі мен сөзі, сымбаты мен сипаты, болмысы мен бітімі, үні мен қылығы арқылы қабылдап алады. Әр таң сайын Қазақстан Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын Таңшолпан ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын бастады. Үш сағат бойы тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашатын Таңшолпанда биыл қандай өзгеріс бар?
Алдымен студияға келетін қонақтан бастасақ: бұған дейін түрлі кәсіп иелері өз мамандығының қыр-сыры мен жеке басының әңгімесін айтумен ғана шектелетін. Енді біз оларды дәрежесі мен жас ерекшелігіне қарамастан жеребе арқылы кез келген өнер түрін көрсетуге мәжбүрлемекпіз. Таңшолпанның Толағайы атты жаңа айдарда кешегі тау көтерген алыптарымыздың ізбасарларын іздеуді мақсат тұтып отырмыз. Жер-жерде бұла күші бойына сыймай жүрген жас өрендеріміз болса көңіліне үміт отын жақсақ, спорт әлеміне бастар даңғыл жолға түсуіне себепкер болсақ деген ойымыз бар.
Біздің жылт еткен жаңалығымыз деп Таңшолпанның турнирін де айтуға болады. Ел алдында жүрген танымал тұлғалар, өнер адамдары, саясаткерлер ой жарыстырады, түрлі спорттық сайыстарға түседі. Қала, ғимарат, көше тарихынан сыр шертетін Таң-қала, саятшылық дәстүрді насихаттайтын Таң-сонар, сиқыр әлеміне жетелейтін Таңғажайып әлем, бүлдіршіндерге арналған Құлыншақ, ақындарға өлеңін өзі оқуға мүмкіндік беретін Таңғы жыр сияқты жаңа айдарлар да Таңшолпанға жаңа леп сыйлады. Бұған дейін өзін-өзі ақтаған, ел-жұрттан жақсы лепес естіген өзге де айдарлар қайта сұрыпталып, жаңа қырына аунап түсті. Қысқасы, жаңа маусымда таңғы бағдарламаның жаңа тынысы ашылды.
Түрлі ой маза бермей, әр тарапта жүрген ұл-қызының тағдыры тынышын алған ата-ананы; әр таңды сарыла тосып, елінің ертеңіне алаңдаған қаһарман ұлды; ай жарығына малынған, малынбаған мақпал қара түнде, кейде ғой жұлдызы жамыраған алқаракөк аспан астында ұйықтай алмай дөңбекшіген бозбала мен бойжеткенді; қаланың толассыз шуылы жағаға ұрып, ойын онға бөлген қалалықты; төрт түліктің дауысы жанына жайлылық сыйлаған алыстағы ауыл халқын - тәтті ұйқысынан Таңшолпан оятсын!
Курстық жұмыстың мақсаты: Таңшолпан бағдарламасының кәсіби деңгейін анықтау.

1. Таңшолпан бағдарламасының дамуының теориялық негіздері
1.1 Таңшолпан бағдарламасының тарихы

Әрбір қазақстандықты көтеріңкі көңіл күй, жайдары үнмен оята - тын Таңшолпан таңғы бағдарламасының эфирге жол тартқанына биыл тура жиырма жыл толды. 1992 жылы 14-жел - тоқ - санда тұңғыш рет қазақ көрермені қазақтың әуезді әні, тағылымды әңгімесімен көзін тырнап ашқан еді. Сол сәттен бері, Таңшолпан қазақтың негізгі һәм басты бағдарламасына айналды. Шынын айту керек, отандық телеарналарда 20 жыл - дық тарихы бар бағдарлама болған емес.
Тәуелсіздік алған жылдан бері, жаһандану дәуіріне, жанданған, гүлденген жаңа Қазақстанға дейінгі кезеңді түгел қамтыған бағдарлама да - Таң - шол - пан. Қазақтың тұңғыш таң - ғы бағдарламасының жарық - қа шығуына Шерхан Мұртазаұлы мұрындық болған. Ал Таңшол - пан таңғы ақпараттық-сазды бағдарламасы - ның ең алғашқы жетекшісі - тележурналист, Президент грантының лауреаты, Журналистер одағының сыйлығы мен Күміс жаршының иегері Иманбай Жұбаев.
20 жыл - дық мерейтойдың қар - саңында Иманбай ағаға жолығып, Таңшолпанның тарихы һәм бүгінгі қазақ телевидениесінің бет алысы жөнінде аз-кем сұхбаттасқан едік. Таңшолпанның дүниеге келуіне Шерағаң себепкер болды. 1992 жылы кор - порацияға басшылыққа келген Шер - хан аға бағдарламалар сеткасын, эфирді қарап отырып, күн сайын эфирдің екі сағат уақыты МаксТВ телеарнасының орысша бағдарламасымен толығып тұр - ғанын байқап, бұл қазақ өз тілінде оян - бай ма? деп шамданған болу керек. Ағамыз бірден шешім қабылдап, сол жыл - дың қараша айында мені телеар - наның бас директоры Рафаэль Бай - кен - ұлы шақырып, таңғы бағдарламаны да - йындауымды сұрады. Сөйтіп, 1992 жыл - дың 1 желтоқсанында Қазақстан мемлекеттік телерадио компаниясының, қазақ теледидарының Таңшолпан таңғы ақпараттық-сазды бағдарла - масы - ның Бас редакторы қызметіне кірістім. Ал Таңшолпан 1992 жылдың 14 жел - тоқ - санында, дүйсенбі, 7.00-9.00 аралы - ғында ашылды. Алғашқы хабарды өзім және жүргізуші Лаура Юсупжанова жүр - - гіздік. Міне, осы Таңшолпан бір жарым жылдың ішінде мыңдаған кө - рер - мендерге рухани қуаныш сыйлады. Бас редактордың орынбасары Бақберген Табылдиев, бөлім меңгерушісі Серік Есе - нов, бас режиссер Нұрлан Жұма - ниязов, режиссер Асыл Қаптағаева, ре - дакторлар - марқұм Кенжебай Жармұ - хамбетов, Ғалия Әженова, Азамат Қа - лымбетов, Мұхтар Түменбаев, Дархан Наушабаев, Қуат Борашев, Базархан Айтмағамбетов, Әміролла Саримов, Гүлмария Көптілеуова, Құдайберген Қа - зыбаев, Махамбет Сәрсенбиев, Ғазиз Тастаев, Балжан Баялиева, жүргізуші - лер - Ләззат Танысбай, Гүлмира Дайра - баева, Хадиша Жәмекова, Лаура Юсуп - жанова, Архат Садықов, Ругина Лоджу, Жасқылық Шүйтенов, ассистенттер - Сәулет Бекмағамбетова, Эльмира Шо - рабаева, көлік жүргізушісі Саят Шәй - мерден және басқалары бағдарламаның басы-қасында жүрді. Алғаш жарыққа шыққанда Таңшолпанның арнайы айдар - ларын жүргізгендер Зейнеп апайды тыңдасақ.. жазушы - Зейнеп Ахметова, Заң мен заман Мақсұт Нәрікбаев еді.
Жалпы, таңғы бағдарламаның басты мақсаты - халықты ұйқысынан оятып, қысқа да, нұсқа ақпараттар тарату. Ме - ніңше, Таңшолпан қазақ телеарна - сының кішігірім жинағы сияқты. Өйт - кені бағдарламада мәдениет те, әдебиет те, рухани-әлеуметтік, қоғамдық мәсе - ле - лер де қамтылады. Қазір жастар бағ - дарламаға араласып, бәрін өзгертті ғой. Қазір ұлттық арнада технологиялық жа - ғынан барлық мүмкіндіктер бар. Тек жұмыс істеу керек. Бағдарламаның әсер - лі шығуы журналистердің шебер - лігі, ойының ұшқырлығына байланыс - ты. Бірақ меніңше, қазіргі Таңшол - -
пан жылтырақ сияқты. Кемшілігі де осы болар. Тағы айтып өтетін жайт, өт - кенде ғана Таңшолпанның 20 жыл - дығына орай, дүркіреп кеш өтті. Сол кеш - тің қарсаңында бағдарламадан жас қыздар хабарласып, Аға, біздің бағ - дарламаның мерейтойы ғой, соған сізді қонақ ретінде шақырамыз деді. Бұл - жай ғана бүгінгі толқынның емес, бір - неше ұрпақтың бағдарламасы. 20 жыл - дықты жасап, дүркіретіп тойлауға Қа - зақстан телерадиокорпора - циясы - ның жетекшісі Нұржан Жалауқызы рұқсат беріп, қаражат бөліп отырғанда, тойды өз деңгейінде өткізу керек еді. Шы - ным - ды айтсам, бізден ақыл сұрап, былай жасасақ қалай болады? деген адам бол - ған жоқ. Телевидениеде әрбір бағдар - лама журналистің ішін жарып шыққан баласы іспеттес. 20 жылдық тарихы бар бағдарлама қазақ телевизиясында жоқ. Кеш барысында Таңшолпанның жа - рыққа шығуына ат салысқан азамат - тардың көзі тірісін құрметтеп, өмірден өткендерін еске алу керек еді. Тіпті бағ - дарламаның шығу тарихын баяндап, кешті жандандыруға да болар еді ғой.
- 90-жылдары телевидениеде бағ - дар - ламаның редакторы әрі жүргізушісі бір адам болатын. Мәтінді де бір адам жазады, жазған мәтінін өзі оқиды. Сол кезде талантты жігіттер көп болатын. Кейін келе, бағдарламаға жастарды тар - та бастадық, бірақ әр жүргізушінің қасында бір редактор болды. Қазір де сондай шығар. Жалпы, қазір телеви - де - ниеге жүргізушілерді сұлу деп іздемей, оның ішкі жан дүниесіне, журналис - тикаға деген икеміне қарау керек. Ру - хани азығы әлсіз адам мәтінді жай ғана оқумен шектелсе, бағдарламаның мәні де болмайды.
Ток-шоу жанры Америкадан бас - тау алып, Ресейге жетті, одан біздің елімізге келді. 1992 жылдан 2002 жылға дейін қазақстандық телеарналарда ток-шоу атымен болған жоқ. Сол заматта ток-шоуды пікірталас деп алатынбыз. Мәселен, Сағат Әшімбаевтың Қарыз бен парыз деген бағдарламасы болды. Бұл бағдарламада ток-шоудың элемент - тері болды. 2000 жылдары Заман сауал деген бағдарлама 31 ар - надан бастау алды. Сол жылдары Гүл - жан Ерғалиева - ның Общественная по - зиция деген ток-шоуы болды. Өкі - ніш - ке қарай, бағ - дарлама жабылып, қазақ тілінде ток-шоу ашу қажеттігі туындады. Сөйтіп, Сорос Қазақстан қоры ар - қы - лы қар - жы - ландырылып, Бар мен жоқ эфирге жол тартты. Бар мен жоқ тұң - ғыш рет интерактивті режимде эфир - ге шық - ты. Тағы бір ерекшелік, бағдар - лама ба - рысында иә немесе жоқ деп кө - рер - мен дауыс беретін. Одан кейін эфирге Дода шық - - ты. Қазір телеарналардан ток-шоу - лар көптеп берілуде. Бірақ ток-шоуды жүргізетін журналистің білімі, зерек - ті - гі болу керек. Байқасаң, соңғы кездері кей ток-шоуларда екі жүргі - зу - ші жүр - гізеді. Бұл дұрыс емес. Ток-шоу - дың бір жүргізушісі болу керек. Екі жүр - гізуші бір-бірін тыңдамай, кейде өзін ғана көрсетуге талпынады да, бағ - дар - ла - маға келген қонақтың пікірі мен сөзі еске - ріл - мей қалады.
- Қазір атын шығарғысы келе ме, рейтинг жинағысы келе ме, журналис - тикаға қатысы жоқ адамды тарту дағ - дыға айналды. Әрбір журналистің, теле - жүргізушінің ішкі білімі терең, кә - сібіне деген ыстық махаббаты болу ке - рек. Қолында дипломы жоқ, бірақ та - лантты журналистер бар. Бірақ кә - сіпке қатысы жоқ адамды тарту дұрыс емес. Теле - жүр - гізушілерді тарту әрбір те - леарнаның, компанияның басшы - ла - рының ер - кінде. Бірақ қазір жас теле - журналистке бағыт, нұсқау көрсете - тін кітапшалар әлі күнге жоқ. Осыдан 33 жыл бұрын біз университетке қабыл - данғанда, сюжет дегеннің не екенін біліп келетінбіз. Ал қазір тележурна - листерге қалай жұмыс істеу керектігін, сюжет дайындау, пікір алудың жол - дарын үйретер кітапшалар жоқ. Том-том кі - таптар шығарылып жатыр, бірақ нақты тәжірибеге бағыттар оқулықты шаммен іздеп таппайсың.
- 1992 жылы заң бойынша коммер - циялық телеарналар ашылды. Алғаш - қы коммерциялық телеарна КТК, одан соң 31 арна шықты, Таң бар. Ком - мериялық арналардың ішінде алда келе жатқаны - 31 арна, онан соң - КТК. Жалпы, ақпараттық бәсекенің болуы жақсы. Өйткені бәйгенің ал - дында кім келе жатқанын аңғара ал - майсың. Тіпті мемлекеттік арналар да бәсекелес келе жатыр. Әрине, мемле - кет - тік арнаға бөлінер қаражаттың кө - лемі де жаман емес. Бір қуантарлығы, қазір қазақ телеарналарында ойы ұш - қыр, зерек жас журналистердің шо - ғыры қалыптасты. Тек жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру керек. Қазір тәртіп солай ма, белгісіз, біздің кезімізде жас маман алдымен редактор болады, содан та - ланты мен талабы болса, екі-үш жыл - дан кейін аға редактор атанады, ары қарай бөлім меңгерушісі болады. Барлық қызметті бір редакцияда меңгеретін. Ал қазір журналистиканы бітіріп келген адам, бірден бастық болады. Қазақ те - леарналарының кемшілігі де осы шығар. Жастардың бойында өзім білемін деген амбициясы басым сияқты. Сосын телеарнаны жандандыру үшін, әсіресе, мемлекеттік телеарнаға өзге телеар - налардағы білікті, білімді журналистерді тартып, қолайлы жағдай жасаса, те - леар - наның сапасы арта түсер еді. Кіл мық - тылар жиналған жерден сапа да, сан да шығады.

1.2 Таңшолпан бағдарламасының тележүргізушілер мектебі

Таңшолпан бағдарламасы қазіргі таңда аптасына 5 рет шығады. Дүйсебіден жұма күнге дейін. Студияда бағдарламаны тұрақты үш жұп жүргізеді. Бұл баңдарлама тікелей эфирде өткенімен, 3 сағаттық бағдарлама үшін кем дегенде 9, ал ұзын саны 12 - 15-ке дейін жетіп жығылатын тақырыптық сюжеттер әзірленеді. Әр сюжеттің орташа ұзақтығы 2,5 - 3 минутты құрайды. Сюжеттерді қатардағы тілшілер алдын-ала әзірлейді. Ал журналист-редакторлардың мәндеті сол сюжеттер мен әнбаяндарды әрі келген қонақтармен болатын сұхбаттарды бірімен-бірін байланыстырып, қалың көрерменнің назарына ұсыну. Екі жыл көлемінде Ұлттық арнадағы аталмыш бағдарламада редактор-жүргізуші қызметін атқаратын Берік Көшербекұлы Есенбаев әр сағат басындағы жаңалықтар уақытын шегергенде жалпы 2 сағат 40 минут жүретін бұл бағдарлама үшін орта есеппен алғанда 20-беттей сценарий қажет екендігін айтты. Алайда, бұл баңдарлама сценарийінің ерекшелігі мұнда операторға немесе әуенмен көркемдеушілерге қатысты ескертулер қамтылмайды. Жүргізушілер нақты студияда болатын екеу-ара немесе қонақпен бірге болатын әңгіме мен репликалардың мәтінін қағазға түсіреді. Өзіміз білетіндей, әр күні түрлі тақырыпта өрбитін бұл таңғы бағдарламаның тақырыптық сценарийлерінің проблемалық тұстары туралы қойылған сұраққа Берік Көшербекұлы былай деп жауап берді: Біздің сценарийіміз әр күні әр қалай ғой. Тақырыпқа байланысты. Мысалы, бір күні Отбасы - шағын мемлекет деген тақырып болса, бұл жерде аса бір фактінің қатты қажеті жоқ та. Өйткені, бұл жерде тәрбиелік мәні бар, ұлағатты сөздерден құралған сценарий болады. Ал бір хабарымызға ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы қызметі деген тақырыпты алдық. Бұл жерде енді мүлдем басқа жағдай. Жалпы, ЮНЕСКО ұйымы деген не, қай жылы құрылған, оның құрамында қанша мемлекет бар, қандай шараларды қолға алып жатыр деген сияқты, осындай нақты фактілерден құралған сценарий әзірлеу сол күнгі жүргізуші-редактордың мойынында.
Журналистика саласында 3,5 жылдай жұмыс істеп келе жатқан Берік Көшербекұлынан 20-беттік сценарий жазуға қанша уақыт жұмсайтындығын сұрағанымызда ол былай деді: Әр түрлі болады. Уақыт болған кезде, екі күн бұрын. Ерте бастасаңыз, шыны керек, сценарийдің сапалы болып шығатындығы рас. Ал кейде жұмыстың ыңғайына қарай мүмкіндік болмай қалады. Таңертең жұмысқа келіп, сценарийді бастап, кешке дейін бітіріп, ертеңгі күн эфирге шығып кететін де кездер де болды. Ол кезде асығыс жазылады. Бірақ сапасы мүлдем болмайды деп айтуға болмас, қолдан келгенше мәлімет іздеп, сапалы жазуға тырысасың. Дегенмен де, күні бұрын дайындағн сценарийдің сапасының әлде-қайда жоғары болатындығына осы уақытқа дейін көзім жеткен. Өйткені, Асыққан - шайтанның ісі дейді ғой.
Таңғы бағдарламаның тікелей эфирдегі жүргізушісі Берік Көшербекұлы пікірінше, эфирдің сапасына әсер ететін 4 фактор деп мыналарды атауға болады:
:: Сценарийдің сапасы;
:: Сол сапалы сценарийді студиядағы жүргізушінің тыңдармандарға тұшымды әрі түсінікті етіп жеткізе білуі;
:: Жүргізушінің жеке көңіл-күйі;
:: Шақырылған қонақтың көңіл-күйі.
Журналист-жүргізуші кез келген ақпараттың қандай еңбекпен жасалатынын жақсы біледі. Сондықтан дайындықты сол өзі оқитын ақпаратты зерттеп, зерделеуден бастайды. Байқаған адамға қазір қоғамда кез келген оқиғаның өзі тез өрбиді. Соған ілесіп жүрудың өзі қиын. Академик Мұрат Жұрынов деген ағамыз бір әңгімесінде: Адам мақсат қойғанда идеялист, ал оны орындағанда реалист болуы керек, -- деп айтқан еді. Шынында, дәл осы қағиданы ұстанған жан нағыз кәсіби маман болады. Тікелей эфирдің түсінігін қазақ тележәшік шықпай тұрып-ақ беріп кеткендей. Айтылған сөз - атылған оқ дейді. Дегенмен, бұл айтылған сөздің мағынасы, оның қоғамда тудыратын пікірі туралы болса керек-ті. Қазіргі эфирде қатып қалған қағида жоқ. Еркін жүргізіп, ең бастысы -- айтар ойыңды жеткізу. Кей кезде сөзден жаңылған сәттер болып жатады, бірақ ондайда қайтара түсіндіріп кеткен дұрыс. Кейбір сыншылар: Жүргізуші қателесіп қалды, не деген сұмдық! -- деп жатады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Жүргізуші робот емес, адам. Солтүстік Кореяның жүргізушілерін көріңіздер, жаны жоқ адам, не қуыршақ сияқты. Тастай қатып, аузы ғана жыбырлап отырған адам бірдеме жеткізеді деу қиын. Ал жаңалықтардың эфирі тікелей жүріп жатқанда, кәсіби тұрғыдан немесе техникалық жағынан кейбір қателіктер болады, бірақ ол көрермендерге байқала бермейді. Жалпы, ұсақ-түйек қателік орын алып жатса, тігісін жатқызып жіберуге, көзге ұрып тұрғаны болса кешірім сұрауға болады.
Шекарасыз репортерлер халықаралық ұйымы сөз бостандығы жағынан 179 елдің ішінен Қазақстанды 154 орынға қойыпты. Біздің журна-листер Батыспен салыстырғанда өз функциясын адал атқарады. Неге десеңіз, Еуропада немесе АҚШ-та ақпарат құралдары тиісінше белгілі бір мақсатпен ғана жұмыс істейді. Араб елдеріндегі ақпараттық қақтығысты қалай жүргізгенін көрдік. Осы тұрғыдан есептегенде, біз бір табан шындыққа жақын жүреміз. Сондықтан қазақ журналистикасы әзірге өз кәсіби міндетінен айырылған жоқ.
Тікелей эфир - қас-қағым сәт. Эфир барысында айтылған сөзді өзгертуге немесе қателікті түзеуге болмас, әсте. Тікелей эфирдің ерекшелігі де сол. Әлемдік теленарықта тікелей эфир барысында сан түрлі қателікке бой алдырған тележүргізушілер жетерлік. Біреу мәтіннен жаңылса, енді біреу ебедейсіз қылық танытады. Ал енді біреуі адамды тірідей жерлей салады. Өз қылықтары үшін кешірім сұраған тележүргізушілерді тізбектесек...
Ресейлік ТВК телеарнасы тікелей эфирде Владимир Путинді жерлейді. 27 қаңтарда тележүргізуші Мария Бухта Владимир Лениннің жерлеуі туралы сюжетте Владимир Путинді жерлеу керек пе? деп қойып қалады. Алайда өз қателігін түсінген тележүргізуші дереу кешірім сұрайды. Жұрт тележүргізушіге қатысты қандайда бір жазалау шаралары қолданылады деп шулап жүр. Не үшін жазалауымыз керек? Оның үстіне, Мария тікелей эфирде кешірім сұрады. Мұндай әңгімелердің желдей есіп жүруі - халықтың әлі де қорқыныш сезімімен өмір сүретінін дәлелдеп отыр дейді қоластындағы қызметкердің қателігі туралы ТВК телекомпаниясының бас директоры Вадим Востров. Аталмыш видеобейне YouTube сайтында 320 мың рет көрсетілген. Осыны ескерген Востров: Тележүргізушіге мұндай промоушен үшін керісінше, сыйақы тағайындау керектігін тілге тиек етеді. Әлбетте, тележүргізушінің қателігі телеарнаның абы - ройын түсірген жоқ, керісінше, көрерменін арттыра түсті.
Ал Рен ТВ телеарнасының жүргізушісі Татьяна Лиманованың қателігі кешірілген жоқ. Тіпті арна басшылары эфирде анайы қылық көрсеткен тележүргізушіні жұмыстан шығарып тастады. Рен ТВ телеарнасында түскі жаңалықтарды жүргізу барысында Татьяна Лиманова Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Азиялық-Тынық мұхит елдерінің саммитіне қатысқандығы туралы сюжетті көрерменге таныстырды. Жаңалықты оқып отырып тележүргізуші Дмитрий Медведевтің Азиялық-Тынықмұхит елдерінің экономикалық ынтымақтастық ұйымының төрағасы болып сайланғанын айтады. Бұл тізгін бұған дейін Барак Обаманың қолында болғанын айтқан тележүргізуші мәтіннің соңын іле-шала ортаңғы саусағын көтереді. Лиманованың бұл қылығы ғаламторда тікелей эфирдегі қателік ретінде бір-екі көрсетіліп, жылы жабылар ма еді?! Бірақ тележүргізушінің оғаш қылығына батыстық бұқаралық ақпарат құралдары наразылық білдіріп, шулай жөнеледі. Мен АҚШ президенті Барак Обаманы сыйлаймын. Және менің қылығым оның жеке басына бағытталған жоқ деген Лиманова: Мен әлі кадр сыртындамын деп ойлайдым. Қағаздағы мәтінді оқып, суфлерге қаратып мәтінді жоғары көтеруін саусағыммен көтеріп, өтінген болатынмын. Өкінішке қарай, оғаш қылық көрсеткенімді өзім түсінбей қалдым. Сөйтсем мен кадрда екенмін деп ақталады. Аталмыш қылығымен тек өзін ғана емес, тұтастай телеарнаны ұятқа қалдырған тележүргізуші қателігін мойындап, қызметінен босатылды.
Әлгіндей қылық тек ресейлік телеарналарда ғана емес, Би-Би-Си секілді алып телеарналарда да қайталанған. Мәселен, телеарнаның ауа райын таныстыратын жүргізушісі Томаш Шафернакер эфирге дайындалу барысында кадр сыртында тұрып, жүз пайыз дұрыс ауа райы деген жаңалықтар жүргізушісі Симон Маккоға ортаңғы саусағын көрсетеді. Дәл осы сәтте камера Томаш Шафернакерге бағытталған болатын. Өзінің қылығын байқаған тележүргізуші дереу қателігін түземекші болады. Бірақ тым кеш еді. Аталмыш қылық миллиондаған көрерменге жайылды. Тележүргізушінің анайы қылығы үшін Би-Би-Си телеарнасы көрермендерінен кешірім сұрады.
Ал польшалық TVN телеарнасының журналисі Бартек Венглярчик тікелей эфирде украиналық әйелдерді поляктардың үй роботына теңеді. Таңғы бағдарлама барысында журналист үй шаруасын шешудің төте жолы украиналық әйелдер үй шаруасын реттеуге көмек бере алады деп тікелей эфирде украиналық әйелдердің ар-намысына нұқсан келтіреді. Бір ауыз сөз екі ел арасындағы дауға себепкер болған. Алайда TVN телеарнасы Украина халқынан ресми түрде кешірім сұрады.
Бір адамның оғаш қылығы тұтастай телеарнаны ұятқа қалдырып, халықаралық даудың басты себепкері болуы әбден мүмкін. Себебі телевизия - алып күшке ие. Тікелей эфир барысында қателікке жол беріп, оны оңай жуып-шаю мүмкін емес. Жасыратыны жоқ, кейде қазақстандық тележүргізушілер де бірқатар қателіктерге бой алдырады. Әрине, тележүргізушілеріміздің кемшілігі халықаралық даудың басы болмас. Десек те, эфир этикасын сақтау, көрермен мен ұжымға сыйластықпен қарау - әрбір тележүргізушінің міндеті екенін отандық тележүргізушілер ұғынса, құба-құп болар еді.
Біздің бұл тақырыпты қозғаудағы мақсатымыз осы тележүргізушілер мен дикторлардың арасын ажыратып алу және бүгінгі ақпарат нарығында қайсысының қажеттілігін анықтау, тележүргізушілердің журналистік қабілеті, қарымы, білігі, тілі, этикасы.
Ұлы сөзде ұяттық жоқ, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс продюсер мырзалар жаңа толқынмен бірге келген тележүргізушілерге қойылатын басты талаптардың бірi ретінде секс символ қасиетіне еге болу қажеттілігін енгізді. Өтпелі кезеңнің адам шошырлық көп жаңалығының бірі. Сөйтіп, мемлекеттің маңызды жаңалықтарын жеткізуші ханымдардың жылтыраған бет аузымен, бұлтыңдаған ернінің аяқ астында қалған эфир этикасы көзден бұл-бұл ұшқан заман да болды. Ең ғажабы, бұрынғы дикторлардың орнын басқан қазіргі тележүргізушілердің өзара атауы ауысқаны болмаса, жүргізушілердің көптеген арналарда күні бүгінге дейін дайын диктовканы оқып беруден аспайтын дикторлық қалыппен шектелумен келе жатқаны ұят. Әрине, бүгінде де, дикторлар әлі де болса бар. Бірақ, дикторлардың телеарнаның да, радионың да ақпараттық толқынынан ысырылып түсіп қалуының сырының өзі қазіргі журналистиканың талабы дайын мәтінді немесе жобаны оқып беру арқылы жеткізуді қажет етпейтіндігін көрсетеді. Себебі, дикторлар қатып қалған форматтан шыға алмайды, жүргізушілер секілді еркін қимылдай алмайды. Бүгінгі күн үшін әр жобаны, мәтінді өз мазмұнына сай жеткізуде үлкен шеберлік қабілеттілік қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, ақпараттың аудиторияға тек 90 пайызы жетеді екен. 100 пайыз жету үшін жүргізушілерге журналистік те, әртістік те қабілет керек. Қысқасы, қазіргі заман бір тележурналистің бойынан жан жақтылықты талап етіп отыр. Демек, уақыт өткен сайын бір жоба сайын бір жүргізуші, бір редактор, бір сценарий авторы, бір режиссерлiк сценарий авторы, бір продюсер, сосын бәрінің үстінен қарайтын тағы бір продюсер, бір идеяның авторы, бір жобаның жетекшісі секілді таланты мен білігі жетсе бірнеше ғана адамның жасай алатын дүниесіне жеке-жеке жалшыларды жалдаудың қажеттігі азая түсуге тиісті. Бұндай үрдіс негізі қазақстандық радиода 90-жылдардың ортасына қарай жақсы қалыптасқан еді. Және бұл оңтайлылық тұрғысында дұрыс та. Бірақ, тележурналистерге осы талаптың қойылмай отырғаны өкінішті. Тележүргізуші болу үшін көзің ойнап, жүзің жайнап тұрса болды, кім болса сол меңгеріп кететіндей жұлдыз болудың ең оңай тәсіліне айналып кеткені, тележүргізушілік арқылы карьера жасауға ұмтылушылық қазіргі тележурналистикадағы тоқырауға алып келген басты себептердің бірі болып отыр. Сонымен қазіргі тележүргізушілікті жоғары кәсіптік деңгейге шығарып отырған әлемдік журналистикада оларға қойылатын талаптар мыналар екен: өзінше ойлап, қорытып жеткізе білу қабілеттілігі; сауатты сөйлеу және сауатты жазу; шығармашылық топпен жұмыс істей білу; көрермен алдында өзін-өзі ұстай білуі; жаңаша ойлау және шығармашылық қабілет. Енді, осы талаптарды кез келген өзін танымал тележүргізушімін деп жүргендер өз бойынан іздеп көрсін. Өз басым, өзгелердің қырғын еңбегімен дайындалған жобаны оған саусағының да ұшын тигізбей-ақ, ағасы мен көкесінің немесе күлім көз, оймақ еріннің арқасында эфирді жаулап алатын, сосын сол эфирден атасының мұрасы секілді түспей қоятын тележұлдыздардың эфирге алып шыққанын көрермен ретінде қабылдай алмаймын. Тіпті, көргім де келмейді. Мен ол жобаның ыстық-суығымен бірге күйіп-пісіп жүрген, оның қыры мен сырын менен жақсы білетін автормен, редакторымен экран арқылы сырласқым, сөйлескім келеді. Мәселен, әлдебір қоғамдық-саяси жаңалықтар немесе оқиғалар туралы одан бейхабар жүргізуші маған нанымды ақпарат бере алмайды. Рас, журналистік зерттеу, тіпті 5 минуттық сюжеттің өзі шығармашылық топтың сом еңбегінен тұрады. Бірақ, қазіргі тележүргізушілердің талайы бір ауыз сөйлем құрай алмайтыны анық. Ендеше, ол журналист ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Сервис саласындағы кәсіпорынның менеджмент ерекшеліктері»
Сервис саласындағы кәсіпорынның менеджмент ерекшеліктері туралы ақпарат
Телевизия – синтетикалық өнер
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 100 орынды асхана қызметін
Мектеп жасына дейінгі балаларды арифметикалық амалдарды шешуге үйрету
50 орынды диеталық асхналық өндіріс жұмысын жоспарлау
Математика сабығына балалардың қызығушылығын арттырудың жолдары
Егемен Қазақстан газетінің, Ақиқат, Таңшолпан журналдарының материалдарына талдау жасау
Мәліметтер үлгілері
Көкөніс цехтары
Пәндер