Банк клиенттерінің әртүрлі төлемдерді орындауы үшін тіркелудің автоматты жүйесін жасау



Кіріспе 4
1. Аналитикалық шолу және есептің қойылымы мен мақсаты 6
1.1 Төлем түрлері мен қызметі 6
1.2 Биллинг жүйесі 8
1.3 БЖ құрылымы мен функциясы 9
1.4 Есептің қойылымы және мақсаты 11
2. Бірыңғайландырудің модельденген тіліне түсінік 12
2.1 Бірыңғайландырудың модельденген тілінің қолдану мақсаты 12
2.2 Microsoft Visio бағдарламасының маңызы. 15
2.3 Windows Server 2012 18
3. Java бағдарламалау тілінің теориялық негіздері 21
3.1 Java бағдарламалау тіліне кіріспе 21
3.2 Басқа тілдерден артықшылығы 22
4. Oracle негізгі түсініктемелері 26
4.1 Oracle Database 12c бұлтты ортадағы бірінші ДҚБЖ 26
4.2 Мәліметтерді сақтау жоғары дәрежелігі 28
4.3 Pl/sql өңдеу ортасы 30
4.4 Байланыс құру 31
5. Бағдарламаның баяндалуы 35
5.1 Динамикалық моделі 35
5.2 Бағдарламаның сипаттамасы 39
5.3 Бағдарламаның жұмысы 40
Қорытынды 49
Қолданылған әдебиеттер тізімі 50
А қосымшасы
Б қосымшасы
Менің дипломдық жұмысым «Банк клиенттерінің әртүрлі төлемдерді орындауы үшін тіркелудің автоматты жүйесін жасау».
Сенімді әрі қауіпіз төлемді жүйе мемлекеттің қаржы жүйесінде тұрақтылықты жоғарлатуға мүмкіндік береді. Жалпы қаржы ресурстарын тиімді қолдануға,сонымен қатар банк пен клиент арасындағы заманауи есептесуіне кепілдік береді. Төлемдер жүйесінің өркендеуі Қазақстан ұлттық банкіне маңызды приоритет, болашаққа дамушы дұрыс шешім. Банк клиенттері өз қажеттіліге қарай керекті төлемдерін жасай алады. Банк қызметіне бұл тиімді болып табылады.
1. Маклафлин Б., Поллайс Г., Уэст Д. “Обьектно-ориентированныйанализ и проектирование”. – СПб.:Питер, 2013. – 608с. (қаралған күні: 28.02.2015).
2. Герберт Шилдт «Полный справочник по Java»JavaSE 6 Edition.
7 –е издание. Издательский дом «Вильямс» Москава.Санк-Петербург-Киев 2007.-1035. (қаралған күні: 1.02.2015).
3. Джейсон Прайс “Oracle Database 11g Операторы SQL и программы PL/SQL”. Издательство «Лори», 2014.

Мерзімді шығарылымдар:
4. Саураб Гупта “OracleDatabsePL/SQL Руководство для разработчиков” Издательство «ЛОРИ»,2014. -464. Тираж 100.
5. Мартин К. Соломон., Нирва Мориссо-Леруа. Джули Басу. «OracleПрограммирование на языке Java». Издательство «Лори», 2007. -480. (қаралған күні: 18.02.2015).

Мақалалар тізімі мен мерзімсіз шығарылымдар:
6. Мақала[электронды ресурс]: URL:http://www.visa.com.kz/kz/ru-kz/personal/atm/overseas.shtml/ (қаралған күні: 18.02.2015).
7. Мақала [электронды ресурс]: URL:http://www.kakras.ru/doc/cards-bankomat.html(қаралған күні: 18.03.2015).

Мазмұны

Кіріспе 4
1. Аналитикалық шолу және есептің қойылымы мен мақсаты 6
1.1 Төлем түрлері мен қызметі 6
1.2 Биллинг жүйесі 8
1.3 БЖ құрылымы мен функциясы 9
1.4 Есептің қойылымы және мақсаты 11
2. Бірыңғайландырудің модельденген тіліне түсінік 12
2.1 Бірыңғайландырудың модельденген тілінің қолдану мақсаты 12
2.2 Microsoft Visio бағдарламасының маңызы. 15
2.3 Windows Server 2012 18
3. Java бағдарламалау тілінің теориялық негіздері 21
3.1 Java бағдарламалау тіліне кіріспе 21
3.2 Басқа тілдерден артықшылығы 22
4. Oracle негізгі түсініктемелері 26
4.1 Oracle Database 12c бұлтты ортадағы бірінші ДҚБЖ 26
4.2 Мәліметтерді сақтау жоғары дәрежелігі 28
4.3 Plsql өңдеу ортасы 30
4.4 Байланыс құру 31
5. Бағдарламаның баяндалуы 35
5.1 Динамикалық моделі 35
5.2 Бағдарламаның сипаттамасы 39
5.3 Бағдарламаның жұмысы 40
Қорытынды 49
Қолданылған әдебиеттер тізімі 50
А қосымшасы
Б қосымшасы

Анықтамалар

Берілген жұмыста келесi терминдер анықтамаларымен қолданылады:
UML - (Unified Modeling Language ) - бұл бaғдapлaмaлық жүйелеpді еpекшелендіpу, бұрыштaмa қою, констpукциялaу және құжaттaмaлaу, сондaй-aқ модельдеp бизнесі мен өзге де бaғдaрлaмaлық емес жүйелердің тілі болып тaбылaды.
Биллингті жүйе (БЖ) - бұл бухгaлтерлік жүйе, бағдарламалық қамтама, басқа сөзбен айтқанда софт, яғни арнайы операторларға арналып өңделген.
Деректер қорын басқару жүйесі(ДҚБЖ) - деректер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы.
MS Visio( Microsoft Visio) - бұл іскер графиканың қуатты редакторы, ол ішіндегі шаблондар, трафареттер мен стандартты жобалар көмегімен тез және тиімді қарапайым слайдтар мен схемаларға қоса, өте күрделі сызбалар мен диаграммалар құрады.
JDK ( Java Development Kit ) - ол Java бағдарлау тілі.
JVM ( Java Virtual Machine ) - Java интерпретаторы .class файлды оқып оны компьютерге түсінікті тілге аударады.
SQL Developer - Oracle корпорациясынан шыққан графикалық интерфейсті бағдарлама.
Банк автоматын кейде (ATM ағылшын тілінде Automated teller machine) - төлем картасын пайдаланып автоматты ақшаларды қабылдау және есептеп шығаруға арналған техника - программалық комплекс, сонымен қатар тауарларға және қызметтерге, құжаттарды құруға, керекті операцияны орындауға мүмкіндік береді.
Пароль (фр.parole - сөз немесе символ) - бұл жеке ақпаратты немесе иелікті растауға арналған құпия сөз немесе символдар жиыны. Пароль негізі жеке ақпараттарды заңсыз қол жеткізуіне жол бермеуге арналған. Көп жағдайда комбинациялық есептеу жүйесі қолданушыны растауға қоланады.
Белгілеулер мен қысқартулар:
АЕЖ (АСР) - автоматтандырылған есептеу жүесі.
АБЖ (ИБС) - ақпаратты биллингті жүйе.

Кіріспе

Менің дипломдық жұмысым Банк клиенттерінің әртүрлі төлемдерді орындауы үшін тіркелудің автоматты жүйесін жасау.
Сенімді әрі қауіпіз төлемді жүйе мемлекеттің қаржы жүйесінде тұрақтылықты жоғарлатуға мүмкіндік береді. Жалпы қаржы ресурстарын тиімді қолдануға, сонымен қатар банк пен клиент арасындағы заманауи есептесуіне кепілдік береді. Төлемдер жүйесінің өркендеуі Қазақстан ұлттық банкіне маңызды приоритет, болашаққа дамушы дұрыс шешім. Банк клиенттері өз қажеттіліге қарай керекті төлемдерін жасай алады. Банк қызметіне бұл тиімді болып табылады. Төлeм жүйeсi aппaрaттық жәнe бaғдaрлaмaлық құрaлдaр кeшeнi кiрeтiн күрдeлi тeтiк бoлa oтырып, хaлықтың, шaруaшылық жүргiзушi субъeктiлeрдiң, eкiншi дeңгeйдeгi бaнктeрдiң жәнe Ұлттық Бaнктiң aрaсындaғы өзiнe тән eрeкшeлiгi бaр бaйлaныстырушы буын бoлып тaбылaды. Төлeм жүйeсiнiң рөлi тұтынушының жәнe тaуaрлaр мeн қызмет көрсeтулeрдi жeткiзушiнiң aрaсындa уaқтылы жәнe тиiмдi aқшa aудaрымын қaмтaмaсыз eту бoлып тaбылaды, мұның өзi экoнoмикaлық жәнe қaржылық қызмeт нәтижeсіндe қaбылдaнғaн мiндeттeмeлeрдi уaқтылы aяқтaуғa ықпaл eтeдi. Сoғaн бaйлaнысты, қaржы нaрықтaрының жәнe экoнoмикaның бaнк сeктoрының жұмыс iстeуiнiң тиiмдiлiгi көп жaғдaйдa eлдe қaлыптaсқaн төлeм жүйeсiнe бaйлaнысты бoлaды.
Өзектілігі. Төлем жүйесіндегі операциялар оның құралдарын қолдану көмегімен жүзеге асырылатыны белгілі, соның ішінде, төлем, талап тапсырмалары, инкассалық өкімдер, карточкалар. Кез келген банк өз клиенттеріне тиімді жүйелерді ұсынады. Банк есебіне тіркелген клиент банк тарапынан көптеген мүмкіншіліктерге ие. Сол мүмкіндіктерді пайдалану үшін банк ішкі жүйесінде тіркеуде тұрады. Клиент төлем жүйесіне қосылуы үшін банкте активті шоты болуы тиіс. Жүйеде түпнұсқаландыруды растау үшін клиенттің әрбір пайдаланушысына логин мен пароль беріледі. Төлем жасауға қолжетімділігі бар клиенттің қызметкерлерінің саны жүйеде тіркелген пайдаланушылардың санымен шектелген. Жүйені қосу кезінде құрылған қолжетімділіктің түріне сәйкес, әрбір клиентке ұсынылатын логин мен пароль бойынша клиенттерді жүйеде автоматтандырылуға өтеді. Жүйеде клиенттер мен олардың пайдаланушылары жүргізетін барлық операцияларды түпнұсқаландыруды растау технологиясы.
Бұл жұмыстың маңызы клиент тек интерфейстері көре отырып қана төлемдерін орындайды, ал мұнда сол төлемдердің қалай іске асып жатқанын, дерек қорында қалай тіркеліп және сақталғанын көре аламыз. Әдетте дерек қорында болып жатқан жұмысты банк өңдеушілері мен операторлары ғана тексеріп отыратын еді. Мұнда ішкі жүйелерінің жұмыс жасау принциптерімен толығырақ таныс боламыз.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында биллинг жүйесін дайындауды, ендіруді және пайдалануды реттейтін біртұтас нормативтік құжаттар бар. Сондықтан осы мемлекеттік стандартты бекіту және әзірлеу өте маңызды. Биллинг жүйесі мен Есептеудің автоматтандырылған жүйелері ұғымдары синонимдес болып келеді. Биллингті жүйе - бағдарламалық жиынтық, қызметті қолданушы абоненттердің көлемді есептеуді орындайды, есептемені және ақшалай қаржыларын компанияның тарифімен сәйкестендіріп шығарады. Осы биллинг жүйесін пайдаланып жатқан ірі банк бөлімдері бар, мәселен, алғаш болып Казкомерцбанк жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының териториясында дамып келе жатқан Каспиий Банк осы жүйені қолдана отырып алға жылжып келеді.

1. Аналитикалық шолу және есептің қойылымы мен мақсаты

0.1 Төлем түрлері мен қызметі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстын Республикасының заңнамасына сәйкес төлемдер жүйесінімен қызметтерін қамту Қазақстан ұлттық банкінің негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады. Төлемдердің жұмыс жасау жүйесі меншік иелік ететін субьект пен төлемді орындайтын, немесе ақша аударатын минималды қатерге ие сипатталушы (клиент) арасында өз уақытындағы есептесуді қамтамасыз ету 1991 тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бұл жүйе Ұлттық Банктың бастамасымен құрылған болатын. Қазақстан териториясында жиырма жылдан бері орындалған қортындыларда, сәтті жұмыс жасайтын және ұлттық екі төлемдер дамуда: Банк аралық ақша тасымалдау жүйесі (Межбанковская система переводов денег (МСПД)) және банк аралық клирингтті жүйе. Сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымдарының мамандары, Қaзaқстaнның төлeмдeр жүйeсi қayiпсiз төлeмдeр oрындaғaндa жәнe aқшa aудaрымдa жoғaры тиiмдiлiккe иe деп бірнеше рет атап көрсеткен.
Төлем - банк клиенттеріне алған заты үшін төлеуге және мейрамханадағы қызметтерге, кинотеатрдағы көрсетілімге, сауда орталықтарында,онлайн-дүкендерде, жеке шоттарды төлеуде, ақша жіберуге және қабылдауға мүмкіндік береді.
Кeлтiрiлгeн жaғдaйлaр тaңдaлғaн тaқыpыптың өзeктiлiгiн aйқындaйды, өйткeнi бaнктeрдiң төлeм систeмaсындaғы бaнктiк кaртoчкaлaрды жeтiлдiру aйырықшa мaңызды бoлып oтыр.
Негізгі төлемдердің түрлері:
1. Лездік төлемдер төлемдік жүйеге қолсылған қолданушылар үшін өте тиімді. Төлем түрлеріне кіретіндер коммуналды төлемдер, ұялы телефон төлемдері, интернет, жекешеленген телеарналарға және т.б. Жалпы мұндай төлемдер міндетті түрде абоненттің қандай да бір көмегіне жүгінеді.
2. Интернет-дүкендердегі төлемдер. Мұндай төлемдер интернет-дүкендерінде қолданылады, сатып алушы электорнды ақшасын төлем арқылы орындай отырып қалаған затқа ие бола алады. Төлемді жүйені қолданатын ұйымдарда төлем шлюздерін қолданады.
Кез келген жағдайда төлем алуға келген эмиттен электронды ақшасын ала алатын төлем құралдары болуы тиіс, яғни өзара келісім электронды ақша операторлық жүйесі тура немесе төлем жүйесі жақтан немесе төлем шлюздерімен орындала алады. Бұл төлеу мүмкіндіктерін шектеп отырады. Мақсатымыз төлем терминалалдар желісін көбейту және Банк клиенттерін жоғары дәрежеде қызмет түрлерін ұсыну (аппаратты-бағдарламалы комплекс төлем терминалдарын өзі игере алатындай басқару және төлем операцияларын орындау). Бағдарламалық қамтамыз етуші мамандандырылған Британ компаниясы NеtShift Systems таңдалған болатын, яғни әлем нарығында 14 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан озық бағдарламалық қамтамасыз етуімен танымал. Әлемнің көптеген компаниялары осы өнімнің бағдарламаларын қолданып келеді.
Қазіргі таңда Ұлттық Банк 1500 ден астам төлем терминалдарына қызмет көрсетеді, Қазақстанның барлық териториясында орнатылған бұл қызмет түрі өте тиімді болып келеді. Біздің елімізде банктердің төлем карталарына қатысты іс-әрекеттері толық еркіндікте. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, клиенттердің банк өнімдеріне сұраныстарын қамтамасыз ету, олардың қаржы нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, жеке тұлғаларға қызмет көрсету жүйесін жаңарту қажеттігі жөнінде мәселелер ғылыми ортаның көптен бері көңіл бөліп келе жатқан тақырыптарының бірі. Соның ішінде, жеке тұлғаларға төлем карталарымен банктік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру күн тәртібінде тұрған маңызды зерттеу бағыты. Осы карточкалар нарығында қалыптасқан жағдай жөнінде мәліметтер төменде берілген.
Электронды ақшалай есеп айырысулар жүйесін түрлендіру процесінде Батыста ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA, Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады. Қaзaқстaн Pеспубликaсындaғы екiншi дeңгeйдeгi бaнктep дeбeттiк жәнe крeдиттiк кaртoчкaлapдың oтaндық жәнe хaлықapаық түрлeрiн кeңiнeн қoлдaнудa. Oлaрғa American Express, Master Card, VISA, Altyn, Maestro жәнe т.б. жaтaды. Төлем карточкаларын пaйдaлaну eрeкшeлiктeрi мынaдaй:
- бiр жaғынaн тәуeкeлдiң төмeндeуi (өзiңмeн бiргe көп aқшa ұстaудың
кeрeгі жoқ), aл бiр жaғынaн сaудaғa сoл сәттe төлeу мүмкiндiгi;
- вaлютaны aйыpбaстaу турaлы қaм жeмeугe бoлaды. Бұны бaнк iстeйдi;
- кaртoчкaны жoғaлтқaн жaғдaйдa бaнкке тeк қaнa хaбaрлaу жeткiлiктi,
бaрлық eсeп aйырысулaрды жaуып тaстaйды;
- бүкiл әлем бoйыншa бaнкoмaттaр жүйeсiнiң тәулiгiнe 24 сaғaт, eш дeмaлыссыз қызмeт көрсeтуi;
- жaлaқыңызды төлeм кaртoчкaсы aрқылы сізгe ыңғaйлы уaқыттa aлу;
- Internet жүйeсi aрқылы сaудa жaсaу т.б. [9].
Республикамыздағы төлем жүйесінің қызметі уақыт талабына сай банктер мен қаржы нарығына қатысушылардың сұранысын қамтамасыз етуге, ақша-несие саясатын тиімді іске асыруға, мемлекеттік бюджеттің атқарылуына септігін тигізеді. Бүгінгі күні Қазақстaнның төлeм жүйeлeрі қaржы ұйымдaры дaмығaн eлдер қoятын бaрлық тaлaптaрға сaй кeлeді. Осы ретте төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі жетілдіріліп отыратынын айта кету керек. Нoрмaтивттiк құқықтық бaзaны жeтiлдiру, қaзiргi зaмaнғы жaбдық пeн бaғдaрлaмaлық қaмтaмaсыз eтудi oрнaту қaғaз тaсымaлдaуыштaрмeн рaстaуды қaжeт eтпeйтiн элeктрoндық төлeм тaпсырмaлaрымeн жұмыс iстeугe мүмкiндiк бeрдi.

1.2 Биллинг жүйесі

Биллинг сөзі ағылшын тілінде bill шот деп аударылады (басқа аударымдарда: вексель, бакнота). Billing сөзінің толық аударылуы шотты жазғызу. Жалпы мағынасы, биллингтің интеграциясы кірістерді басқару (ағылшын тілінде Billing and revenue management ) кепілдікпен кірісті алу деген функцияны орындайды (ағылшын тілінде profitablity management), абоненттің айлакерлерін бақылауға алады (ағылышын тілінде fraud management).
Бұл әрбір клиент үшін байланыс қызметінің бағасын есептеп отырушы және барлық тарифтер туралы ақпарат сақтаушы және т.б. яғни телекоммуникациялық операторлардың абонентердің орындалған шотын шығаруға қолданады, сонымен қатар басқа шотаралық қызметті қолданушы биллингті деген атқа ие; олардың орындалып жатқан барлық операциялары биллинг көмегімен орындалады.
Биллингті жүйе (БЖ) - бұл бухгалтерлік жүйе, бағдарламалық қамтама, басқа сөзбен айтқанда софт, яғни арнайы операторларға арналып өңделген. БЖ қарапайым операторлар байланысына (стационарлы, тұрақты сымдарға) қолданылады. Мәселен, шағын офистерде биллинг телефонын жүргізуге (кім қоңырау шалғанын және қанша уақыт сөйлескенін анализдеуге) мүмкіндік береді. Интернет провайдерлерге де биллинг жүйесін қолданады. Мысалы шотты құруға, трафиктерді есепке алуға. Кез келген биллингті жүйенің негізігі деректер қорының басқару жүйесімен жүзеге асырылады (ДҚБЖ). Әлемде көптеген биллингті жүйлері ДҚБЖ Oracle негізінде құрылған. Биллингті жүйелердің атаулары: BIS, Flagship, CBOSS, Arbor, Bill-2000-prepaid.
Биллингті жүйенің бірнеше атаулары бар: АЕЖ (АСР) және АБЖ(ИБС). Биллингті жүйенің біріден бір сапалығы оның иілгіштігі, яғни кез келген өзгерген жағдайдаларда бейімделіп кету қабілеті. Иілгіш жүйе оператордың жылдам сұраныстарына жауап беруге тырысады. Сонымен қатар басқа да қабілеттері бар бағытталғыштығы, үлгішеңдігі және ашықтылығы кез кезген тапсырманы шешеуге мүмкіндік береді. Жүйеде жөндеу мүмкіндіктері көп болған сайын жақсы.
Үлгішектік (модульност) дегеніміз - бұл принцип әрбір жүйе жеке модульдерден құралады, кірпіштерден құралған үй секілді. Биллингті жүйе мәліметтерді өңдейтін ішкі жүйеден тұрады, клиенттің шартын орындау үшін ішкі жүйе биллингтің басқарумен орындалады. Билилнгті жүйе осындай модульдерден тұрады, яғни ішкі жүйе.
Операторға өңдеушінің көмегінсіз өнімнің бағдарламалық шығыс кодтарын өзгерте және басқара алады, болашақта өз бетінше қамтамасыз етуге және жүйені модульдеуде маңызды.
Жүктемелік ауқымдылығы. Абоненттік база көбейгенде, қосымша қызметтер пайда болғанда, БЖ бағдарламасын өзгертуге немесе бағдарламалық бөлігін өңдуге болмайды. БЖ мүмкіндіктер жүйенің аппаратық бөлігінің модернизациялау арқылы жасауға болады. Көп мәліметті өңдеуге арналған ДҚБЖ қолдану керек. ДҚБЖ әр түрлі компьютер платформаларымен сәйкес келуі керек, яғни көппроцессорлы жұмыс режимін қамтып жұмыс жасау үшін.
Сенімділігі - кез келген жүйе үшін қойлатын негізгі талаптардың бірі. БЖ сенімділігі ДҚБЖ арқылы анықталады және жүйені құрудағы технологияға байланысты.
Көп тілді - ақпаратты көрсету үшін, әр түрлі тілді орнатуға мүмкіндік береді.
Көп валюталы - кез келген валютамен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Кейінге қалдырылған биллинг - бұл биллинг түрі қоңырау соғылғаннан кейін есептеуді орындайды.
Оңтайландырылған биллинг - БЖ операторларлық жетілідіруі және жақсаруы.
Үлкен БЖ - бұл жүйе көп операторларға қолданылады.
Постинг биллингі - биллингтің есептеу қорытындысын тіркеу; есептелінгеннен кейін нәтижесі қолданушыға қол жетімді болады (таралады, басылып шығады).

1.3 БЖ құрылымы мен функциясы

0.1 - сурет. БЖ құрылымы

Биллинг ұйымдастыру схемасы қиын емес: байланысқаны жайында ақпарат және олардың коммутаторға жазылып жалғасуы және өңделіп болған нәтиже кері есептелу жүйесіне қамтуы. Есептелу жүйесінде тарифтер белгілі. Ол шақырылғанды сәкестендіреді және керекті есептеулерді жүргізеді, абоненттің шотын құру арқылы. Негізінде жүйенің жадысында тарифтер, нормативтер және ақпараттық қызметтер сақталып қоймай, сонымен қатар клиент жайлы толық ақпарат болады, оның төлемдері, шоттағы алым-салымдары, абонетпен өзара келісім шарттары.
Биллингтің функциясы үш негізгі топтардан тұрады: есептеуіш операциялар, ақпаратпен қамтамасыз ету және қаржымен қамтамасыз ету.
Бұл жүйенің артықшылығы:
Банк үшін:
Жеке тұлғалардан төлем қабылдауда шығындардың санын азайтады;
Төлемді қабылдау үшін желідегі бар банкоматты қолдануға мүмкіндік береді;
Үлкейтілген спектрлі төлем қабылдау барысында коммисионды кірістің өсуі;
Жеке тұлғаның әр түрлі төлемдеріне сапалы және жаңа қызмет көрсету дәрежесі;
Төлем қабылдайтын пунктердің тәулік бойы қызмет көрсету мүмкіндігі.
Қызмет етуші операторлар үшін:
Ақпаратты қағаз арқылы жеткізуден құтылу, яғни есептеуіш кітапшалар қолданылмайды, төлемдер жайлы қолмен жасалатын жұмыстардың санын мүмкіндігінше үнемдемделеді;
Ақша аударымдары жайлы барлық ақпараттың болуы;
Төлемді қабылдау кең желісі - клиенттер үшін өте ыңғайлы;
Орындалған төлемдерді online режимінде ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Клиент үшін:
Қызметтер үшін есептеу кітапшасыз және квитанциясыз төлемді орындау;
Төлемді кез келген ыңғайлы уақытта жасай беруге болады;
Жылдам төлемді орындағаннан кейін қызметті қолдана беру;
Кез келген төлем қабылдаушы орындардан тарифтердің өзгергені және қарыздары жайлы ақпарат біле алады.
Биллингті жүйенің толыққанды функциясына қарастырмай тұрып, оның жұмыс жасау қызметін анықтап алайық:
қолданылатын қызметтер туралы ақпарат жинап алу (аккаунтинг);
абоненттерге аутентификация және авторизация жасау;
абоненттердің шотындағы қаржыларын бақылауға алу және ол қаржыны сәйкесінше тариф торының іс әрекетіне қарай есептен шығару;
абоненттің шотын толтыру;
тарифитерге өзгертулер енгізу;
операциялармен статистиканы көрсету (клиенттік және операторлық бөлікті) [10].

1.4 Есептің қойылымы және мақсаты

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты банк клиенттернің әр түрлі төлемдердерін орындағанда тіркеуді компьютерлік технологиялар арқылы автоматтандыру. Яғни банктің ішке жүйелерінің жұмыс жасау принциптерін бақылай отырып жүзеге асырамын. Банк клиенттері өз төлемдерін кез келген уақытта орындайды, сол себепті жұмыс кестесінен тыс жұмыс орындамау үшін автоматтандырылған тіркеу құрамыз. Бұл тіркеу банк клиенттернің қай уақытта және қанша қаржы жұмсағанын, яки есеп шотына түскенін тіркей алады. Бұл тіркеу жұмыс жасау үшін алдымен банк төлемдернің түрлерін енгіземіз, клиенттің қол жетімділігін қамтамасыз етеміз және ішкі жүйеде сақталып қалуға мүмкіндік жасаймыз.
Дипломдық жұмысымды бастау үшін ең әуелі UML диаграммаларын құрамын. UML диаграммалары банк клиентінің төлемдері мен тіркеу арасындағы байланысты көрсетеді. Жүйе оңай әрі қол жетімді болу үшін диаграммалар арқылы байланыс орнатамыз.
Банк клиентернің төлемдерін тіркеу үшін негізгі критерийлерді қарап өтетін болсақ:
oo Бірінші, клиент төлемдерді орындамас бұрын, тіркеуде болуын алдын ала қамтамасыз ету керек. Сол клиентті базаға тіркеу үшін операторға ыңғайлы интерфейс қажет.
oo Екіншісі, базада бар клиенттің төлемдері орындалып жатқанын анықтап отыру үшін деректер қорын құрамыз. Бұл деректер қоры клиент жайлы толық мәліметті бере алады.
oo Үшіншісі, тіркелген клиенттің төлемдерін автоматтандырылған жүйесін жасау керек.
Міне, осы критерийлерді орындау үшін UML diagram, Java тілі, Oracle 12c технологиялары қолданылады.

1. Бірыңғайландырудың модельденген тіліне түсінік

Бірыңғайландырудың модельденген тілі (Unified Modeling Language -UML) - бұл бағдарламалық жүйелерді ерекшелендіру, бұрыштама қою, конструкциялау және құжаттамалау, сондай-ақ модельдер бизнесі мен өзге де бағдарламалық емес жүйелердің тілі болып табылады.

2.1 Бірыңғайландырудың модельденген тілінің қолдану мақсаты

UML бұдан бұрын да үлкен және күрделі жүйелерді модельдеу кезінде ойдағыдай қолданылып жүрген инженерлік әдіс-тәсілдердің бірлестігін көрсетеді. UML-дің құрамалы бөлігі болып OCL табылады (Object Constraint Language - объектілерді шектеу тілі).
Көптеген компаниялар үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің стратегиялық маңызы өсіп отырғандығына байланысты, индустрия бағдарламалық қамтамасыз етудің өндірісін автоматтандыру әдісін, оның сапасын көтеру. Бұл әдістер құрауыш технологияларға, көрсетушілік бағдарламаландыру, үлгілерді (pattern) және инструменттік (құрал-жабдық) ортаны (framework) пайдалануға негізделеді.
UML бұл бағдарламалық жүйелердің артефактілерін көрсету, спецификациялау, конструкциялау және құжаттандыру тілі.
UML - бірыңғай модельдендіру тілі. Оны құруға индустрияның қандай да бір дәрежесінде болмасын барлық салалары қатысты болғандықтан, "UML -бұл бағдарламалық жүйелердің артефактілерін көрсету, спецификациялау, конструкциялау және құжаттандыру, сондай-ақ бизнес-процесстердің және бағдарламалық емес жүйелердің тілі. UML міндеттерінің тізбесіне басты назарды аудара кетейік. Спецификацциялау, көрсету, конструкциялау және құжаттандыру - бұлардың барлығы да жоғары деңгейлі жобалауға тікелей қатысты болып отыр. Ал жоғары деңгейлі құрал - саймандар қолданудың бір-бірегей аспектісі болуы мүмкін емес, сондықтан, UML анықтамасын келесідегі көп аспектілі интерпретациямен толықтыруға болады:
1. UML әдіс есебінде жүйелердің қозғалысын тану үшін пайдаланылады;
2. UML тіл есебінде пәндік аймақ туралы білімді есептен шығару үшін пайдаланылады;
3. UML модельдендіру тілі ретінде жүйелердің байланысу заңдылықтарын түсіну үшін (және мүмкін формальдауда) пайдаланылады;
4. UML бірыңғайландыру түрі ретінде құрастырушылардың қызметін үйлестіру үшін пайдаланылады.
Көптеген программисттердің көзқарасы көрсетіп отырғандай, жобаны іске асыру мәселесі бойынша ойтолғаулар шамамен оған код жазу үшін балама болып отыр. Кейбір заттар бағдарламаландырудың қандай да бір болмасын кодында тікелей алғанда өте жақсы мәнерленеді, себебі программаның мәтіні - бұл алгоритмдерді және өрнектерді жазу үшін өте қысқа және қарапайым жол.
Бағдарламалық құралдарды шығаратын компания, орындалатын кодпен қатар басқа да артефактілерді шығарады, соның ішінде келесілер:
- жүйеге қойылатын талаптар;
- архитектура;
- жоба;
- бастапқы код;
- жобалау жоспарлары;
- тесттер;
- прототип;
- болжам нұсқамалары және т.б.
Өңдеу жөнінде қабылданған әдістемеге байланыссыз бір жұмысты орындау басқаларға қарағанда ресмиірек жүргізіледі. Айтылған артефактілер -бұл жобаның құрамалы бөлігінің жеткізушілері ғана емес, олар басқару үшін, нәтижені бағалау үшін, сондай-ақ жүйені жасау және оған өрбіту жасап болған соңғы уақытта ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынас құралы есебінде қажет.
UML жүйелік архитектураны және барлық оның бөлшектерін құжаттандыру жөніндегі проблеманы шешуге мүмкіндік береді, жүйеге қойылатын талаптарды тұжырымдау және тесттерді анықтау үшін тілді ұсынады, және соңында жобаны жоспарлау және болжамдарды басқару кезеңінде жұмыстарды модельдендіру үшін құралдарды ұсынады.
UML тілі біріншіден бағдарламалық жүйелерді жасауға арналған. Оны пайдалану келесідегі салаларда әсіресе тиімді болмақ:
кәсіпорын көлеміндегі ақпараттық жүйеде;
банктік және қаржы қызметтерінде;
телекоммуникацияда;
транспортта;
қорғаныс өнеркәсібінде, авиацияда және космонавтикада;
бөлшектеп сату саудасында;
медициналық электроникада;
ғылымда;
үлестірілген Web-жүйелерде.
UML қолдану аясы бағдарламалық қамтамасыз етуді модельдендірумен шектелмейді. Оның мәнерлілігі заң жүйесіндегі құжаттандыру айналымын, ауруханалардағы емделушілерге қызмет көрсету жүйесінің құрылымын және қызмет көрсетуін, аппарат құралдарына жобалау жасауды модельдендіруге мүмкіндік береді.
UML жасауда басты болып келесідегі мақсаттар танылған:
1. Пайдаланушыларға мағыналы модельдерді жасауға және олармен алмасуға мүмкіндік беретін, модельдендіруді көрсетушіліктің мәнерлі тілін қолдануға дайын етіп ұсыну;
2. Базалық тұжырымдаманы кеңейту үшін кеңейту және мамандандыру механизмдерін қарастыру;
3. Бағдарламаландырудың нақты тілдерінен және жасау процестерінен тәуелсіз болуын қамтамасыз ету;
4. Модельдендірудің осы тілін түсіну үшін формальды негізін қамтамасыз ету.
UML патенттелген құрал болып табылмайды және барлығы үшін ашық. Ол өзі негізделіп жасалған әдістерді пайдаланудың тәжірибе жүзінде расталған ғылыми қоғамдастықтары мен тұтынушыларының қажеттілігін қанағаттандыру үшін тағайындалған. Методология бойынша көптеген мамандар, ұйымдар және инструменталды құрал-жабдықтарды тасымалдаушылар бұл тілді пайдаланамыз деп міндеттеме алған. UML Бучтың, ОМТ, OOSE әдістемелерінде және басқа да озық әдістерінде пайдаланылуы сияқты, сондай-ақ UML және кең қауымдастық серіктестерінің ұсыныстарын енгізетіндіктен, семантиканың және нотацияның негізінде құрылғандықтан бұл тілді мойындап, қадірлеу кең, жаратынды түрде болуы тиіс.
UML атауындағы бірыңғайлау эпитетінің екі аспектісі бар. Біріншіден, ол модельдендірудің ертеректегі әдістерінің тілдері арасындағы маңызды емес көптеген ерекшеліктерді іс жүзінде жоққа шығарады. Екіншіден, мүмкін аса ерекше шығар, ол жүйелердің көптеген түрлі түрлерінің болашағын, жасау фазаларын (талаптарды талдау, жобалау және іске асыру) және ішкі тұжырымдарды бірыңғайластырады (олармен байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді емес, бизнесті).
Банк пен клиенттер арасындағы орындалатын процесс алдымен диаграммалармен көрсетеміз. Әрбір банк өз клиентін тіркеуге алғаннан кейін ғана төлем жолдарын ұсына алады. Әрбір ағын дерек қорына сақталады.

2.1 - сурет. Use Case диаграммасы

Диаграмма (diagram) - арнайы семантика жазылатын байланысқан граф, төбелері және қабырғалары түрінде үлгі элементтері жиынтығын графикалық көрсету. Канондық диаграммалар нотациясы - UMLтілінде үлгілерді құрудың негізгі құрылғысы. UML тілі нотациясында канондық диаграммалардың келесідей түрлері анықталған: Қолдану нұсқалары (use case diagram) кластар (class diagram) кооперациялар (collaboration diagram) бірізділік (sequence diagram) жағдай (statechart diagram) қызмет (activity diagram) бөліктер (component diagram) күшейту (deployment diagram) [1].

8.2 Microsoft Visio бағдарламасының маңызы

Microsoft Visio - бұл іскер графиканың қуатты редакторы, ол ішіндегі шаблондар, трафареттер мен стандартты жобалар көмегімен тез және тиімді қарапайым слайдтар мен схемаларға қоса, өте күрделі сызбалар мен диаграммалар құра алады.
Visio-да құрылған диаграммалар көмегімен, әдеттегі текст пен цифрлар көмегімен ала алмайтын, берілгендерді көзбен көретіндей етіп, ықшам және түсінікті етіп көрсетуді қамтамасыз етуге болады. Нақты ұйымның талабына сәйкес, жаңартылған диаграммалар құру мен күйді сақтап тұру үшін, Visio берілгендер көзімен тікелей үйлестірудің көмегімен, берілгендердің визуалды көрсетілуін автоматтандырады.
Microsoft Visio 2013 Professional көмегімен локалды және глобалды желілерді жобалау ыңғайлы, соның ішінде, коммутационды панельдер мен серверлер үшін бөлме жоспарлау. Соған қоса диаграмма құру үшін, жаңа желілік технология қоржынынан объектілер қолданылады.
Деректер қорының диаграммасын құру деректер қорының құрылымын көзбен елестетуге және бұл құрылым қалай көрінетіндігін басқаларға түсіндіруге көмектеседі. Онан басқа, Microsoft Visio 2013 Professionall Edition өнімінің көмегімен web - түйіндері мен бағдарламалар схемаларының жан - жақты орталарын құрастыруға болады.
MS Visio-ның бір өлшемді және екі өлшемді фигураларды салатын, көшіретін, жоятын және орын ауыстыратын аспаптары бар. Сонымен қатар ол тексті, сызықтарды форматтауға және стильдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. MS Visio сызба парақтарымен операциялар орындайды, үнделмесе парақта сызба элементтерін орналастыру мен қосу; сызба парағын бұру; сызбаны басып шығаруға дайындау, басып шығару алдында парақты алдын ала қарап шығу мен басып шығару параметрлері.
MS Visio-да жаңа трафаретті құрастыру, трафареттерге шеберлерді қосу, шаблондарды құру қарастырылған.
Microsoft Visio - диаграмма құруға арналған бағдарлама, яғни ақпаратарды байланыстыруға, оңтайландырылған, бөлісуге жылдам мүмкіндік береді. Microsoft Visio мықты интерфейспен қамтылған көптеген жекеленген әдістермен қамтылған ақпараттық ұйым ортасы деп айтсақ болады.
Visio диаграммаларының мүмкіндіктері өте қөп:
oo Visio Professional, drag-and-drop және мастерлердің фигураларын қолдана отырып сіз жылдам және оңай түсінікті түрде және ақпаратты диаграммалар құра аласыз;
oo Visio жаңа бизнес-шаблондарын қолдана отырып оңай үлкейте аласыз. Ақпарат көздерін өзгерте, сақтай аламыз немесе сақтаушы шаблондар түрлерін қолдана аламыз;
oo UML шаблондар көмегімен UML диаграммаларының статикалық құрылымын немесе Visio 2003 Reverse Engineer Wizard арқылы кері жобалауды орындай аласыз.
Microsoft Visio бағдарламасы арқылы банк клиентерінің негізгі жүйесін көрсетсек. Мәселен, әрбір банк төлемдерін орындаушы, яғни клиент алдын ала банкта тіркеуде болады. Содан жаңа бір төлем орындау үшін өзінің жеке пинін енгізіп кіреді, ал егер пинді енгізгенде процесс жалғаспаса немесе Сіздің картаңыздың мерзімі аяқталды деген хабарлама шықса клиент қайта тіркеуден өтуі тиіс, ал процесс орындалып төлем түрін таңдайтын экран шықса жалғастыруына болады. Төлем түрін таңдағыннан соң биллинг жүйесі автоматты түрде іске қосылып дерек қорынан осы клиент туралы барлық мәліметтерді тексере бастайды. Клиент расталғаннан соң керек операциясы орындалады. Ал кері жағдайда қате жайында хабарлама шығарады да, процессті қайталауын немесе ақша туралы мәліметті көрсетеді экранда. Егер клиент төлем картасы орындалмаса, қолданушының жеке мәліметтеріне сұраныс жібереді және қайтадан жаңа id номер мен пинге сұраныс барады, оны база өзі реттеп керек жаңа номерді мен пинді береді. Барлық талаптар орындалғаннан кейін осындай номердегі колданушы бар ма жоқ па, қайта тексереді. Егер бар болған жағдайда қайта тіркеуге жібереді. Барлық мәлімет дұрыс жазылғаннан соң қарапайым алгебралық тапсырманы шешеді. Бұл жеке шотын аштырып жатқан адамның ақыл есі дұрыс екенін білуге қажет. Бұл мәліметтердің барлығы толық біткеннен соң биллинг арқылы базаға жүктеліп, ақпарат сақталады. Тіркеу сәтті аяқталғаннан соң клиент қайта бастапқы төлем түрлерін таңдайтын бетке өтеді. Кез-келген төлемді таңдай отырып өзінің керекті төлемдерін орындай береді. Бұл деректерді автоматты түрде тіркеп, сақтап отыруға мүмкіндік беретін биллинг жүйесі. Банк орталық деректер қорына клиенттің төлемдерінің түрін, соммасын, орнын, сақтап отыратын мәлімет ағыны бар.

2.2 - сурет. Төлемнің орындалуы

2.3 Windows Server 2012

Қазіргі заманғы АТ- жүйeлeрнiң дaмуындaғы бeтбұрыстaрдың aса eлеулiсi бұл "бұлтты eсептeулeргe" aуысу бoлып тaбылaды. Бұлтты плaтфoрмалaрдың ыңғaйлығы мeн иекемділігі қатар ақпараттық технологияларды қызмет ретінде қолданудың баға артықшылықтары аталған бағыттың соңғы жылдардағы дaмуына aйтарлықтaй әсeр eтті , сoғaн қaрaмaстан , oның дaму мүмiндiктeрi әлi сaрқыла қoйған жoқ. Өз кeзeгіндe , Microsoft Қaзaқстан қызмeткeрлeрі өз мiндeттeрін түсiнуге тaпсырыс бeрушiлeргe жaңa тeхнoлoгиялардың мүмкiндiктeрін түсiнугe көмeктeсуге жәнe қoлдaнушылaрдың "бұлтты " eсeптeулерге қaуіпсіз түрдe aуысуына ықпaл eту дeп қaрaстырады. Бұл бaршаға қoлжетімді "бұлтты" жүйeлерге қoсылу aрқылы бoла мa, әлдe құпия мәлiметтермeн жұмыс жасaуғa aрналған жекeленген жeргіліктi "бұлттaрды" құру нәтижeсiнде iске aсaды мa - aса мaңызды eмес. Eң мaңыздысы - тeк нәтижe - деп атап өтті Microsoft Қазақстан бас директоры Гюнтер Дам.
Бұлтты құжатты сақтау - бұл құжат сақтау моделі, интернетте ақпаратты көптеген серверлерге құжаттарды бөліп сақтау арқылы өзінің тұтынушыларна қалаған уақытта құжатпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл құжатты сақтау жүйесінде сіздің ақпаратыңыз бір серверді жалға алу немесе сатып алып меншіктеп сақтау емес. Бұнда сіздің құжаттарыңыз көптеген серверлерге бөліп сақталынады. Ақпарат әр түрлі серверде сақталғанымен, бірақ тұтынушы түсінігінде үлкен бір виртуалды серверге жинақталып ақпарат өңделініп, құжатыңыз сақталынып отырады.

2.3 - сурет. Бұлтты ортаның есептеулері

Бұлтты технологины пайдаланудың тиімді жақтары:
Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, бағдарламаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады.
Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта интернетке қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен жұмыс істей алады. Тұтынушы копьютерлік құрылғының осалдығына немесе сынып бұзылуына немесе жұмыс істейтін бағдарламаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды. Тұтынушы өз деректерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дерек көздерімен бірігіп жұмысын жалғастыра алады. Жеке компьютердегі бағдарламалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер тегін, немесе бағалары айлық жарнақы ретінде өте арзан келеді.
Кейбір жобаларды бұлтқа шығарудың әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы - ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді админмистрациялауға, қолдануға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Осы бұлтты есептеулер арқылы кез келген қиындықты шешуге мүмкіндік береді. Microsoft компаниясы 2012 жылы 4 қыркүйек айында жаңа серверлік технологияны іске қосты. Қаізгі таңда бұл жоғары сұранысқа ие бағдарламалардың бірі болып отыр. Менің сұранысты жеңіл ету мақсатында бұлтты серверлік технологиясын пайдалана отырып жүзеге асырамын.
Windows Server 2012 - бұл соңғы шығарылған сервелік операциялық жүйе, яғни көптеген мәліметтерді өңдейтің үлкен орталықтарға кез келген көлемде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бірегей жүйе. Windows Server 2012 IT виртуализациялық ортасында мыңдаған жаңа функцияларды тасымалдауға мүмкіндік береді және IT- на шашылатын шығыннның бұлтты есептелуі арқылы үнемдеуге мүмкіндік береді және де бизнестің маңыздылығын арттырады. Windows Server 2012 виртуализация ортасында, желілік технологияда, сақтау жүйелерінде және жұмыстың ыңғайлы етуіне қарай жақсы дамытушы ретінде қабылдайды. Нәтижесінде, Microsoft компаниясы 3 жылдық еңбегінің арқасында жаңа операциялық жүйені ойлап тапты ол, арине Windows Server.

2.4 - сурет. Windows Server-дің көрінісі

Интеграциялық бұлтты сервистеріне Hyper-V 3.0 жақсартылған гипервизорлар көптеген мүмкіндіктерге ие. Hyper-V Replica арқылы компанияның админмистраторы және IT жұмыскерлері басқа есептеуіш аумақтарынан жаңа есептеуіш виртуалды машинаның түп нұсқасына ие бола алады. Желілік адаптерлерді біріктіретін функция (NIC Teaming). MetroModern UI. Бұл платформаның негізіне Internet Information Services 8 орнатылған.WebSocket протоколына кіріспе ретінде клиент пен сервер арасында 2 бағыттағы қауіпсіз байланысу.
Server Name Indication (SNI). Жаңа физикалық байланысты автоматты түрде орнататын SSL- сертификатын қамтиды. FTP Network Security.Windows Server 2012 бұл 4 редакциядан тұрады - Standard, Datacenter, Essentials және Foundation. Алғашқы екеуі виртуализациялау ортасына қарай ажыратылады. Essentials және Foundation реадакциясы - кіші бизнес үшін ең оңтайлы шешім болып келеді.

1. Java бағдарламалау тілінің теориялық негіздері

3.1 Java бағдарламалау тіліне кіріспе

Java бағдарламалау тілі - бұл Internet желісінде істейтін Java тілі обьектілі- бағытталған, платформалы-тәуелсіз, желі ішінде жұмыс істейтін тармақталған қосымшалардың өңдеуіне қолданылатын программалау тілі. Java жобасы 1995 жылы Sun Microsystems бірлестігінің арқасында көрсетілген болатын. Java бағдарламалау жүйесі кішкене интерактивті қолданбалы программалар - апплеттерді таратуға World Wide Web (WWW) жүйесін қолдануға мүмкіндік береді. Олар Internet серверлерінде орналасып, таратылады, клиентке желі арқылы тасымалданады, автоматты түрде орнатылады және WWW құжатының бөлігі ретінде орнында орындалуға жіберіледі. Апплетке клиент компьютері қорларына қолжетімділігіне шек қойылған, сондықтан да ол жанама мультимедиялық интерфейсті бере алады және дискіде сақталған мәліметтерге ешқандай ақау келтірместен күрделі есептеулер жүргізе алады.
Бағдарламалардың басқа түрі ретінде Java қосымшаларын алуға болады. Олар кез келген компьютерде, тіпті оның архитектурасына қарамастан орындалатын тасымалдана алатын кодтарды көрсетеді. Осы кезде генерацияланатын виртуалды код виртуалды Java машинадағы (JVM - Java Virtual Machine) виртуалды код интерпретаторында орындалатын нұсқаулардың жиынтығы болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚ БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
Шетел валютасымен операциялар
Банктік қарыз тартуды басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде меншікті несиелік қабілетін бақылау
Қазақстан Республикасының банк жүйесі және банк жүйесінің сенімділігі
Банктік қызмет көрсету шарты
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
Банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығы
Қаржылық мекемелердің шоттары
Пәндер