Мұнайдың төгілуі және оның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Мұнайдың төгілуі және оның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері ... ... ... 3
Мұнайдың төгілуі құрлықта және сулы акваторияларда ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Мұнайдың өсімдіктер мен жануарларға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Мұнай - газ кен орындарын өндіру, өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан алынатын шикізаттың көбі әртүрлі қалдықтар түрінде жоғалады және қоршаған ортаны ластайды. Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында, яғни геологиялық барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады. Мұнайгазды өндіру өте үлкен жер аумағын қажет етеді.
1. Г. Е. Панов, Л. Ф. Петряшин, Г. Н. Лысяный: « Охрана окружающей среды на предприятиях нефтяной и газовой промышленности»,Недра 1986.
2. Нұрсұлтанов Ғ. М, Абайұлданов Қ. Н «Мұнай мен газды өндіріп өңдеу» Алматы Альманах – 1999
3. Журнал «Нефт и газ» 2007. №2
4. Журнал «Oil and gas» 2008 ж.
5. Журнал «Нефтяное хозяство» 2009 ж.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2
Мұнайдың төгілуі және оның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері ... ... ...
3
Мұнайдың төгілуі құрлықта және сулы акваторияларда ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
6
Мұнайдың өсімдіктер мен жануарларға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15

КІРІСПЕ
Мұнай - газ кен орындарын өндіру, өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан алынатын шикізаттың көбі әртүрлі қалдықтар түрінде жоғалады және қоршаған ортаны ластайды. Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында, яғни геологиялық барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады. Мұнайгазды өндіру өте үлкен жер аумағын қажет етеді. Онда көптеген мұнайды зерттеу, өндіру, игеру, өңдеу және тасымалдау сиқты объектілері орналасады. Мысалы оған ұңғыны, технологиялық сыйымдылықтарды, резервуарлар, электр желілері, тазалау қондырғылары, компрессорлар, лақтыру желілері, мұнай жинау пунктері, мұнай мен газды дайындау қондырғылары, блокты шоғырланған сорап станциялары, мұнай тасымалдаушы станциялар және тағы басқаларды айтуға болады. Сондықтан мұнай өнеркәсіптерінің балансында жер көлемі басқа тау-кен өнеркәсіптерімен салыстырғанда көп болады. Бұл объектілердің әрқайсысы қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиянды әсерін тигізуі мүмкін.

1. Мұнайдың төгілуі және оның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері.
Мұнай газ кен орнындарын өңдеуде гидросфераның (жер асты сулары мен ашық су жиналатын ашық керлер), атмосфера мен литосфераның (сыртқы жер қабатының) ластануы айтарлықтай қатер тудырады. Құрамында әртүрлі химиялық заттар бар қатты қалдықтар, сондай-ақ үстіртін ағынды сулар, жер үсті суларын, жерді, топырақты ластап, олардың санитарлық-гигиеналық жағдайы мен биологиялық өнімділігін төмендетеді.
Мұнай кен орнының топырақ өсімділік қабаты адамның әсерінің нәтижесінде айтарлықтай дәрежеде бұзылады.
Жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау бойынша негізгі шаралар:
- нормативтік актілерімен заңдарды сақтау;
- жануарлар және құстар тіршілік ететін жерлерге жақындауды шектеу;
- ұңғымаларды сынауды күндізгі уақытта жүргізу;
- бондық қоршаулардың болуы;
-көліктердің жылдамдығын шектеу және олардың нақты айналым бойынша жүруі;
- жер қойнауына, өсімдіктер әлеміне зиянды әсері бар химиялық реагенттерді, мұнай өнімдерін және т.б. қалдықтарды тастауды қадағалау;
- жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау және аң аулауға тыйым салу үшін әкімшілік, құқықтық және экономикалық шаралар қабылдау;
- мониторинг жүргізу.
Құрылыс жұмыстары нәтижесінде жер бетінің өзгеруі және грунттың жойылуы үрдісі жүрген. Бұл өсімдікті құртудағы ең күшті факторлардың бірі, оның үстіне шөлді аймаққа жер бетінің өсімдік қабатты өте аз.
Жолдың ізі бойынша өсімдік толығымен жойылады. Кен орындағы пайдалану жағдайында өсімдіктің жойылу үрдісі уақытша және ұзақ мерзімді қолданылған жолдарды салудын талапқа сай болмау салдарынан жыл сайын арта түскен, ал жоғарыда айтылған факторға байланысты техногенді шөлейттену аймағының арттуына әкеп соғады. Жер бетінің топырақ - өсімдік жабынының ластануы мұнай және мұнай-газ кен орындарын игеру үрдісі кезінде топырақ мұнаймен, мұнай өнімдерімен, әр түрлі химиялық заттармен және жоғарғы миниралданған сулармен ластануы мүмкін. Қазіргі кезде кен орын аумағында сақталған өсімдіктер мына ластаушы заттардың әсеріне ұшырауда, мұнай-газ және олардың жану өнімдері. Мұнай төгілген аймақтарда өсімдіктер толығымен жойылған. Оларды қалпына келтіру үшін жерді қайта өндеу бойынша арнайы іс-шаралар қолдану арқылы ғана жүзеге асырлады. Мұнаймен ластанған аймақтан тыс орналасқан өсімдіктермен де жер бетінің ерітінділері және грунт суы арқылы сезінеді. Соған байланысты, ластанбағанына қарамастан олардың бойында да айтарлықтай көлемде мұнай көмірсутектері жиналады.
Мұнайгазды өндіру өте үлкен жер аумағын қажет етеді. Онда көптеген мұнайды зерттеу, өндіру, игеру, өңдеу және тасымалдау сиқты объектілері орналасады. Мысалы оған ұңғыны, технологиялық сыйымдылықтарды, резервуарлар, электр желілері, тазалау қондырғылары, компрессорлар, лақтыру желілері, мұнай жинау пунктері, мұнай мен газды дайындау қондырғылары, блокты шоғырланған сорап станциялары, мұнай тасымалдаушы станциялар және тағы басқаларды айтуға болады. Сондықтан мұнай өнеркәсіптерінің балансында жер көлемі басқа тау-кен өнеркәсіптерімен салыстырғанда көп болады. Бұл объектілердің әрқайсысы қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиянды әсерін тигізуі мүмкін.
Мысалы өндіру жұмыстарының ең басындағы бұрғылау жұмыстары қоршаған ортаға тигізетін зардабы мол. Бұрғылау жұмытарының ішінде ең қауіптісі бұрғылау сұйықтықтары. Оның құрамы өте күрделі әр түрлі химиялық және механикалық қосылыстардан тұрады. Оларға бұрғылау шламын, мұнай қоспасын, аэрленген су, саз-балшық және тағы басқа әр түрлі заттарды айтуға болады. Бұл заттар бұрғылау сұйықтығымен бірге жер асты, жер үсті суларын ластап, ондағы өсімдіктер мен сол жерде мекендейтін жануарлаға да зияны әсерін тигізеді. Себебі қабат суымен қоректенетін өсімдіктер сол қабат суының ластану әсерінен және жер бетіне төгілген ақаба суладың әсерінен жойылады. Сонымен қатар осы өсімдіктермен қоректенетін жануарлардың да жойылуына немесе миграциясына әкеледі. Ал бұл ақаба сулардың су қоймаларына немесе кішігірім өзен мен көлдерге құйылуы сол өзен, көлдердің балық және сол жердегі суын ішетін жануарлардың жойылуына әкеледі.
Сонымен қатар мұнай мен мұнай өнімдерінің ұңғы сағасндағы арматуралардың кәсіпшілік резервуарлар паркінің, топтық және жекелеген мұнайды жинау қондырғыларының герметизациялылығының бұзылуы салдарынан қоршаған ортаға төгілуінен болады.
Негізгі газ мөлшері (30%) компрессорлық станцияларда жоғалтылады, ал мұнай құрамындағы жеңіл газдар (30%) ұңғымалардың ашық мерниктерінде және топтық қондырғыларда, технологиялық және тауарлық
резервуарларда, дайындау мен тұзсыздандыру пунктерінде ұшып кетеді. Бұл газдар мен мұнай өнімдері, ақаба сулар жергілікті су қоймаларын, ауаны ластап өсімдіктер мен жануарларға кері әсерін тигізеді.

2. Мұнайдың төгілуі құрлықта және сулы акваторияларда.
Мұнайдың төгілуі құрлықта және сулы акваторияларда болады. Құрлықта мұнайдың төгілуі көбінесе тасымалдау құбырларының тесілуінен, фонтанды ұңғымалардағы апаттық жағдайларға байланысты мұнайдың атқылап төгілуі және тағы басқа төгілу аумағы онша үлкен емес болып келетін жағдайларды айтуға болады. Топыраққа төгілген мұнай жерге сіңіп белгілі тереңдікке жеткенде тоқтайды. Бұл тереңдік қабаттың өткізгіштік қасиетіне тағы басқа жағдайларға байланысты әр түрлі болады. Топырақ құрамында мұнайдың болуы экологиялық жағынан өте қауіпті. Зерттеулер көрсеткендей өсімдіктердің мұнаймен ластанған топырақта тіршілік ету мүмкіншілігі өсімдіктердің тамырының қаншама тереңдікке кетуі мен жапырақтарын қаншама тез ауыстыру жылдамдығына байланысты болып келеді екен. Топырақ та мұнайдың болу ондағы микроорганизмдердің көбеюіне әкеледі, ол өз кезегінде топырақтағы азот мөлшерін азайтып өсімдіктердің өсуіне қолайсыз жағдай туғызады. Өсімдіктердің азаюы ондағы жануарлар санының азаюына да өз әсерін тигізеді. Топырақтың құрамында мұнайдың болуы қорек тізбегі арқылы адам денсаулығына да кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сулы акваториялардағы мұнайдың төгілуі құрлықтағымен салыстырғанда ластау аумағы жағынан өте үлкен территорияны қамтиды. Сондықтан оның әкелетін экологиялық зардаптары да зор болады. Мұайдың ең көп төгілу жиілігі мен аумағы жағынан алдыңғы орында теңіз акваториялары орын алады. Өзен мен көлдерде мұнай төгілу аздаған мөлшерде болады.

Oiled Pelagic Cormorant

Oiled Horned Grebe North Skan Bay

Oiled Sea Otter*

Oiled Sea Otter*
*It is important to note that the dark, slick appearance of the ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
Маңғыстау облысының географиялық орны
Қоршаған ортаның мұнаймен ластануын сипаттау
Өсімдік экологиясы өңдеу
Мұнай мен ауыр металдың тірі ағзаларға әсерлері
Маңғыстау өлкесінің экологиялық проблемалары
КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
ҚР қоршаған ортасының қазіргі күнгі күйі. Физикалық, химиялық, биологиялық әсерді шекті мәнге дейін азайтуға бағытталған білім мен дағдыларды қоғамның пайдалана білуі. Сыртқы әсерлерді азайту
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластануы
Мұнай, газ және су ашу сипаттамасы
Пәндер