Несиелік қатынастардың құқықтық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.Несиелік қатынастардың құқықтық негіздерінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Несиелік қатынастардың түсінігі, құрамы және несиелеудің
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3. Несиелеудің түрлері және олардың өздеріне тән ерекшеліктері ... ... ... ..15

2. Қазқстан Республикасындағы несиелеудің құқықтық негіздері және оның
бүгінгі таңдағы мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1. Екінші деңгейдегі банктер негізгі несиелеуді іс.жүзіне асыратын ұйым ретіндегі қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Банк емес банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың несиелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3. Қазақстан Республикасында несиені қамтамасыз ету тәсілдері ... ... ... ..31

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Cоңғы жылдар ішінде еліміздің банк, кредит жүйесі айтарлықтай дамып, өркениетті елдердің банк, кредит жүйелерімен терезесі тең болып отырғанына көзімізді жеткіздік.
Кредит-банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Осы арқылы шаруашылық субьектілері мен халықтың үлкен мөлшердегі ақшалай есептері мен төлемдері жүргізіледі. Ол ақшалай қаражаттарды шоғырландырып, халықтың табысын активті жұмыс істейтін капиталға айналдырады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Қазақстан Республикасының 1998ж. 7 қазандағы ғ284-1 заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін.-Алматы: Жеті жарғы, 2005.
2. Тасыбаева А.С. Банкілік құқық.//Алматы:1999.-195 б.
3. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан – 2030/Алматы:1997.-176 б.
4. КөшеноваБ.А. Ақша.Несие.Банктер. Валюта қатынастары.// Алматы: Экономика,2000.-328 б.
5. М.Пессель М.А. Проблема разделения власти и банковская система.//Деньги и кредит. 2000.-ғ1-с. 65-67.
6. Кредиты. Мнвестиции.-М.:ПРИОР, 1995.-144с.
7. Банковское право. Ефимова Л.Г.//М.:1994.-360с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Несиелік қатынастардың құқықтық негіздерінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.1. Несиелік қатынастардың түсінігі, құрамы және несиелеудің
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.2. Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..12
0.3. Несиелеудің түрлері және олардың өздеріне тән ерекшеліктері ... ... ... ..15

2. Қазқстан Республикасындағы несиелеудің құқықтық негіздері және оның
бүгінгі таңдағы мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1. Екінші деңгейдегі банктер негізгі несиелеуді іс-жүзіне асыратын ұйым ретіндегі қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
2.2. Банк емес банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың несиелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3. Қазақстан Республикасында несиені қамтамасыз ету тәсілдері ... ... ... ..31

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

К І Р І С П Е

Cоңғы жылдар ішінде еліміздің банк, кредит жүйесі айтарлықтай дамып, өркениетті елдердің банк, кредит жүйелерімен терезесі тең болып отырғанына көзімізді жеткіздік.
Кредит-банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Осы арқылы шаруашылық субьектілері мен халықтың үлкен мөлшердегі ақшалай есептері мен төлемдері жүргізіледі. Ол ақшалай қаражаттарды шоғырландырып, халықтың табысын активті жұмыс істейтін капиталға айналдырады. Казакстан Республикасының Конституциясында "Республика кызметінің тубегейлі принциптері - қоғамдық татулык пен саяси турактылық; букіл халыктық игілігін коздейтін экономикалык даму..."- деп көрсетілген[1].
Қазіргі кездегі экономиканың ауыспалы кезеңінде біздің мемлекетіміздегі банк жүйесін басқарудың маңызы өте зор. Себебі, банктердің атқаратын функциясы мемлекеттің экономикалық құрлысымен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкілік қызмет саласындағы ақша-кредит саясаты қарқындап дамып келеді. Бұл мемлекетіміздің экономикасының біршама тұрақталуына, сонымен қатар нарықтық қатынастардың ілгері қарай жылжуына өз септігін тигізуде.
Әсіресе, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері несие мәселесі үлкен проблемаларға айналуда. Алайда несиенің нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқаратыны айқын.
Біріншіден, несие қайта бөлу қызметін атқарады.
Екіншіден, несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есепшот пен салымдар қолма-қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымын жеделдетеді.
Үшіншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін айтарлықтай кеңейтті.
Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырландыруын тездету қызметін атқарады. [2].
Зертеу өзектілігі. Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті проблемаларға айналуды. Нарықтық экономикамыздың қалыптасуы және дамуы осы несие қатынастарымен байланысты. Қазақстанның нарықтық мемлекет ретінде дамуы жағдайында аса назар аударылатын ая мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыратын, сондай-ақ қоғамдық-экономикалық процестерге айтарлықтай ықпалын тигізетін өте қуатты құрал ретінде қарастыратын банктік қызмет аясы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында" - Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: "Экономиканы ілгерілету мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз"-деген болатын. [3]. Осыны қорыта келе біз, экономиканы жақсы, ілгері дамыту мақсатында несие қатынастарын жан-жақты дамытуымыз қажет.
Зертеу мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - банктік несиелеудің басылымды бағыттары мен даму жолдарын айқындап, тиісті мемлекеттік даму бағдарламасында көзделген қоғамдық мемлекеттік нәтижелерге қол жеткізу үшін жүзеге асырылатын обьективизациялау маңызы бойынша әлеуметтік және экономикалық тиімділіктері қатаң ескерілетін біржақты өктем ықпал ету.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуі тиіс мынадай міндеттер туындайды: нарықтық экономикаға өту жағдайында еліміздің банк, кредит жүйесін айтарлықтай дамытып, өркениетті елдер қатарына тең түсіп отыру және банктік - құқықтық нормалардың замана, нарықтық экономика талаптарына сай қабылданып, қалыптасуын айқындау.
Зертеудің ғылыми жаңалығы және практикалық құндылығы. Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы несиенің мәні мен алатын рөліне жан-жақты сипаттама беріліп, нарықтық экономикаға өту жағдайында осы категориялармен қатар банктердің маңызына аса көп назар аударылып отыр. Сондай-ақ, Банктердің тарихи тарихи дамуы және қарапайымнан күрделі құбылысқа айналуы тұрғысынан қаралып, қазіргі ақша-несие институттары ретінде көрсетіліп отыр. Сонымен қатар, еліміздегі қаржылық-құқықтық, банктік - құқықтық, ақша-несиелік реттеу, инвестицияны қаржыландыру және несиелеудің қамтамасыз етілу механизмдерінің сараланып, иалданып қарастырылуы, сонымен бірге, банктік, экономикалық қызметті және соның негізінде туындайтын әр алуан қоғамдық қатынастарды, халықаралық тиісті қаржылық-экономикалық институттардың талаптары мен бекіткен стандарттарын есепке ала отырып, жан-жақты несиелеуге байланысты теориялық негіздеулердің берілуі және диссертациялық жұмыс тақырыбының нақты мән-жайлары бұрын-соңды тереңдетілеп және мемлекеттік тілде зерттелмегенін айта кету қажет.
Жұмыстың көлемі және құрлымы. Жұмыстың құрлымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері және зерттеу деңгейіне байланысты кіріспеден, алты бөлімшеден құралатын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік - құқықтық актілер тізбесінен тұрады.

1.Несиелік қатынастардың құқықтық негіздерінің жалпы
сипаттамасы
0.1. Несиелік қатынастардың түсінігі, құрамы және несиелеудің қағидалары
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі, несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорыннан несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бөлініп, біреуінде артық қалған өніммен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болады. Бастапқыда ол, натуралды түрде берілетін ал, даму кезеңінде айырбас ақшалай түрде жүрді. Ұзақ уақыт бойы несие проценті өте жоғары өсімқор нысанда жүрді. Бұл кейінірек өсімқорлық несие деп аталды.
Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар.
Біріншіден, қарыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша. Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше несие алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленуісіне жағдай жасады.
Төртіншіден, өсім ақының шығу кезіне байланысты. Капиталистік несие үшін өсім ақының көзі жолданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, Өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі - құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.
Несиенің мәніне келсек, несиенің жеке экономикалық категория ретіндегі мәнін анықтау туралы сұрақ неғұрлым күрделі мәселелердің бірі болып табылады. В.С. Захаров және М.А. Пессельдің айтуынша "несие дегеніміз" - қарызға берілген құнның қозғалысы[5].
В.С.Захаров несиеге анықтама бергенде оны абстрактылы экономикалық категория ретінде сипаттайтын белгілерді есепке алады. "Несие дегеніміз - уақытша пайдалануға берілетін құн жөніндегі қоғамдық қатынас " дейді - ол.
Несие дегеніміз - ссудалық капиталдың мерзімділік, қайтарымдылық және ақылылық негізде іске асырылатын қозғалысы.
Несие экономикалық категория ретінде - ақша қаражаттарының жиынтығы емес, қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрі. Сонымен, несие деп кең мағынада - экономикалық серіктестіктер арасындағы келісімшарттар, ссуда нысанындағы, яғни мүлікті немесе аөшаны басқа тұлғаға процент төлеу және қайтарылудың мерзімін ұзарту шартында беру[6].
Ал, тар мағынада несие деп-ссудалық капиталдың қозғалысы, бұл қозғалыс жеделдіктің, қайтарымдылықтың және төлемдіктің бастауында жүзеге асады. Несиенің тар мағынасы тек ақша қарыздарын ұйғарады. Айналым процесінде босатылған фирманың ішкі құралдары несиенің қайнар көздері болып табылады.
Өндірісті кеңейту үшін, яғни табысты капитализациялау үшін, оны қажетті мөлшерде жинау керек, ал оған дейін оны несиеге беруге болады[7].
Несие айналымдағы нақты ақшаны несиелік ақшамен (банкнот) және несиелік операциямен ауысуына мүмкіндік береді, бұл айналым шығындарын қысқартады. Өндірістік процеске несиелік қатынас тараптарының біреуі несиені өндіріс мақсатына пайдаланатын қарыз алушы ғана қатыса алады. Несиені берушінің товар өндірісіне ешқандай қатысы болмайды. Несие ауыстыру сатысында пайда бола отырып, құнның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәмленің формасы ретінде болады.
Несие барлық уақытта белгілі бір шарттармен беріледі. Несиелеу шарттары дегеніміз - несиелік мәмленің пайда болуы және оны жүзеге асыру үшін қажетті қатынастардың жиынтығы.
Сол шарттардың ішінде маңызды екеуі бар. Біріншіден, несиелік мәмлеге қатысушылар ерікті болуы керек, яғни, атаулы субьектілер экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелерді орындай алатындығына материалдық кепілдік беру қажет. Екіншіден, несиелік қатынасқа қатысушылар рынок заңдарынан басқа мемлекет заңдарын да сақтауға міндетті. Несиелеу туралы заңдарды орындамау тараптарды әр түрлі мәселелерге әкеліп соғады.
Қазіргі уақытта банктер несиені тек өзінің қаражатынан ғана емес, шоттарда сақталатын, тартылған ақша қаражатынан, сондай - ақ, акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы шоғырландырылған ақша қаражаттары есебінде бере алады[9].
Несиелік қатынастар өндірістік қорлардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді, олардың қозғалысындағы үзілістерді жояды және нәтижесінде өндірістік процесті жылдамдатады[10]. Несие құрлымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмлеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субьектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәмле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер, банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады.
Несиелік қатынастың субьектілері ретінде қайта өндіру процесіне қатысушы әр түрлі тұлғалар бола алады. Екіжақты қатынастар мемлекет пен шаруашылық субьектісі, тұрғындар мен мемлекет, шаруашылық субьектісі мен тұрғындар жеке тұлғалар арасында болуы мүмкін. Несиелік қатынастар, субьектілеріне қарай, мемлекеттік немесе жеке меншік негізде жүзеге асырылады[11].
Несие обьектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалды жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне-өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материаларды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер азықтар және басқа да материалдық құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады.
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу прициптері келетін болсақ, негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастардың ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
1. Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
* несиенің мақсаттылығы;
* несиенің дифференциялдығы.
2. Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
* несиенің мерзімділігі;
* несиенің қайтарымдылығы;
* несиенің төлемділігі;
* несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе де болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несиелеу уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциалануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып үйренубарысында потенциалдық қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілуі сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциалануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік- белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тіртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды. Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылып ерекшелігімен сипатталады. Қайтарыммайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық-несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Қс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы түрінде беріледі.Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады[12].
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
* орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
* банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
* өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
* банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
* несиеге деген сұраныс;
* несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
* еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

1.2. Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі, несие есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы, екіншісі-несие қаржы институттарының жиынтығы.
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Бантер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен балабақшалардың және халықтың уақытша ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзінде капиталға айналдырады.
Н.Эрашвили "банк жүйесі орталық банктік, кредиттік ұйымдардан, шетелдік банктердің филиалдары мен өкілдерінен тұрады дегенң бұрыннан белгілі жаңдайды білдірген[13].
Ал, В.В.Крунов "Қазіргі заманғы мемлекеттік кредиттік жүйе банк жүйесінен және мамандандырылған банктік емес кредиттік қаржылық институттардың жиынтығынан құралады. Банктің өзі ақша-редит институты болып табыладың-деп өз ой пікірін білдірген[14].
Нарықтық экономикада несие - банк жүйесі маңызды роль атқарады. Жоғарыда айтылғандай, ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі. Ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай - ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелер мен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың байланысын анықтайды[15]
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең меғынада несие жүйесі ұғымын құрайды.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықытық формаларын ұйымдастыруы арқылы сиаптталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие - қаржы мекемелері[16].
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиентеріне көрсететін қызметтерінің жүктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:
- орталық банк;
- коммерциялық банктер;
- мамандандырылған несиелік мекемелер;
Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші орган - Орталық банк болып табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай - ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша - несие институты болып табылады. Орталық банк - бұл банктердің банкі . Ол заңды және жеке тұлғалар мен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай - ақ үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие - қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді. Оның қызметіне: банкнот шығару, мемлекеттік алтын-валюта резервін сақтау, басқа мекемелердің, әсіресе коммерциялық банктердің резерв қорын сақтау, экономиканы ақшалай-несиелік реттеу, коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету, есеп жүргізу және аударым операцияларын жүргізу, несиелік мекемелердің қызметіне бақылау жасау кіреді[17].
Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізіне белгілі бір принциптер жатады.
Несие жүйесін құрудың өзіне тән негізгі принциптері:
* елдегі ақша - несие саясатының бірлігі;
* несиелік мекемелер торабын барынша дамыту;
* оларды қызмет көрсету орындарына жақындату
* мемлекеттік валюталық монополия;
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің автономиясы болып табылады.
Қазіргі әлемде несие жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар әр типті банктер арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік қызметтің дамуына жол ашуда.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді[2].

1.3. Несиелеудің түрлері және олардың
өздеріне тән ерекшеліктері
Несие қатынастарының нақты бір көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несие экономикалық категория ретінде белгілі бір формаларға ие болады. Форма әр уақытта қандай да бір обьектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Несиенің мазмұны мен түрі диолектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оны қолданылатын түрін өзгертеді. Экономикалық әдебиеттерде несиенің негізгі екі формасы қарастырылған: коммерциялық несие және банкілік несие деп. Бұл екі несие бір - бірінен несие субектілері, құрамы, қарыз обьектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады[18].
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталаистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып капиталистік несие жүйесінің негізін қалады.
Өнекәсіптің дамуы кезінде оған сұраныс пен ұсыныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндірумен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғайады. Осыдан банктік несиенің екі нақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдасына, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты түрде мұндай екі бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қарыздардың капитал несиесін алғаны[19].
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 303 бабына сәйкес ипотека - кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ал, ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді - жерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алуы туралы ипотекалық банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы қоры, негізінен банктер мен корпороциялардың ипотекалық облигациялар шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады[20].
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет оргондарының облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан алуы. Қазіргі уақытта, бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие жеке адамның несие беруінен айтарлықтай өзгеше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл несие бойынша процес өндіріс процесіндегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдерінің есебінен төлейді.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас
ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы - диалектика категориясы болып
табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде
түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
1. Мерзімдері бойынша: а) қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін) б) орта мерзімді ( 3 - 5 жылға дейін ); в) ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары );
2. Несиелеу обьектілері бойынша: а) негізгі қорларға берілетін несие; ә) айналым қорларына берілетін несие.
Несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу; ә) айналым бойынша несиелеу. Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы - өткізуші ұйымдар несиеленеді,ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Несиелеу обьектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
1. Экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық - кез келген мақсат үшін пайдаланылыды;
2. Несие субьектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
3. Мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Несие үшін төлем. Несие ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай болып бөлінуінің себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие алушы оны өзінен өзі өсетін құн ретінде қолданып, қайтару уақыты келгенде қарызға алған сомасын прцент түріндегі өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан несие ақылы құн категориясы.
Қорыта айтқанда, әлемдік банктік іс-тәжірибеде несиенің басқа көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін несие, жеке және заңды тұлғаларға берілетін несие жән тағы басқалар.

2. Қазқстан Республикасындағы несиелеудің құқықтық негіздері және оның бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері
2.1. Екінші деңгейдегі банктер негізгі несиелеуді іс-жүзіне асыратын ұйым ретіндегі қызметінің құқықтық негіздері
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу туралы ережесі туралы Қазақстан Ұлттық Банкі туралы 1999ж 11 тамыздағы ережесіне сәйкес және ҚР "ҚР Ұлттық Банкі туралы" және " ҚР Банктер және банкілік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңдары мен банктердің жұмысын инспекциялау және банк жүйесіндегі кредит тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жүктелген функциясын орындауға талаптарын қамтамасыз ету мақсатында несиелеу жөніндегі құжаттаманы жүргізуге байланысты ҚР - ң Екінші деңгейдегі банктеріне және кредиттік серіктестіктерге қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы ережелердің мақсаттары үшін мынандай ұғымдар пайдаланылады:
* "негізгі борыш", "кредит сомасы" - банктің кредитке берген ақша сомасы,
* "кредит бойынша сыйақы" - берілген кредиттің негізгі борышқа қатысына қарай банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшерінен есептеп шығарылған, процентпен көрсетіліп белгіленген ақысы;
* "кредиттің өтелуі" - кредиттің және сол бойынша сыйақының ставкасының сомасының қайтарылуы;
* "кредиттің шарттары" - кредит беру шарттары бұған сыйақының мөлшері, қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету туралы шарттар, кредитті өтеу мерзімі, сондай - ақ осыларға сәйкес әрбір жеке кредит бойынша тәуекелді төмендетуге бағытталған айрықша шарттар жатады, сондай - ақ кредит - банктің заем, лизинг, факторинг операцияларын жүзеге асыруы жатады;
тұтынушылық заем - тұрғындарға тұтыну тауарларын алуға берілетін қысқа мерзімді заем.
Банк өзінің ішкі кредиттік саясатына және заем операцияларын өткізудің жалпы шарттарына сәйкес кредит береді.
Банктің талап ету құқығы болған немесе әлі бар әрбір кредит бойынша құжаттаманың есебі кредиттің түріне, қарыз алушының санатына, талап ету құқығын сатып алу әдісіне қарамай осы ережелерге сәйкес жүргізіледі[21].
Егер ҚР - ң заңдарында басқаша көзделмесе, банк кредитті лизинг шарты немесе ақша талабын басқаға беру арқылы қаржыландыру негізінде береді.
Банктік заем шартында міндетті түрде мыналар болуы тиіс:
* кредиттің мақсаты;
* берілетін кредиттің жалпы сомасы;
* кредиттің валютасы;
* кредитті өтеу мерзімі;
* кредитті қамтамасыз ету;
* сыйақының ставкаларының мөлшері;
* заемшы заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебінің түрлірі мен мерзімдері.
Банк жорамалдаған қарыз алушыдан банктің ішкі құжаттарына сәйкес кредитке байланысты құжаттаманы жүргізуге қажетті қосымша ақпарат тапсыруын сұратуға құқылы.
Кредит беруге, міндеттемелерді қарыз алушының орындауын қамтамасыз етуге, талапты біреуге беруге немесе кредит бойынша борышты аударуға байланысты банк жасаған әрбір шартта шарт жасалғанға дейін банктің заң қызметшісі жетекшісінің оның түрін немесе мазмұнын ҚР заңдарының нормаларына сәйкестігін растайтын қолы қойылуға тиіс.
Берілген кредит жөнінде құжаттаманы жүргізу тәртібі.
Берілген әрбір кредит бойынша банкте кредит папкасы арналуға тиіс, ол банктің заем шартына қол қойылған немесе оны бекіткен күні ашылып, Ережелерде көзделген реттерде болмаса, қолданылуы тоқтатылған сәтте ғана жабылады.
Кредит папкаларын жүргізу және сақтау банктің жауапты қызметкеріне тапсырылуға тиіс, банктің кредит папкаларындағы құжаттардың толықтығын және олардың амандығын қамтамасыз ету жөніндегі міндет соған жүктеледі.
Ұлттық Банк екініші деңгейдегі банк жұмысын инспекциялаған кезде инспекторларға банктің филиалдары берген кредиттер бойынша папкаларды қосқанда, олар сұратқан барлық кредит папкалар берілуге тиіс.
Әрбір кредиттік папкада соның ішінде тұрған құжаттардың жеке тізбесі болуға тиіс.
Кредит папкасындағы бланк кредиттері бойынша кез келген кредитті берген кезде талап етілетін қажетті құжаттаманың балуы жеткілікті.
Егер берілген кредит жылжымайтын мүлік ретінде кепілмен қамтамасыз етілген болса, онда кредит папкасы жөніндегі қосымша құжаттамада мыналар болуы тиіс:
* ипотека туралы жасалған, мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы белгісі бар шарттың түп нұсқасы;
* кепілге салынған мүліктің рыноктық құнын растайтын және дәлелдейтін бағасы туралы құжат;
* кепілге салынған мүліктің, егер кредит осы мүлікті сатып алу үшін берілген болса, сатып алу бағасын растайтын құжаттар.
Жылжымалы мүліктің кепілдігі түріндегі қарыз алушының міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етілетіндей жағдайда берілген кредиттер бойынша кредиттік папкаға негізгі құжаттамадан басқа кепілдік туралы шарт, кепілге салынған зат және оның құнын анықтау әдісі туралы ақпарат қоса беріледі.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы, ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 ж. 1 тамыздағы қаулысының 3 - тарауына сәйкес,
егер банк кредитке байланысты құқықты сатып алса, онда ақша талабын басқаға беру арқылы қаржыландыру шартына қол қойған немесе ипотекалық куәлік бойынша құқықтың берілгені тіркелген сәттен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері
Банкілік құқық құқық саласы ретінде
НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ
Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Сыртқы экономикалық келісімдер
Қаржы құқығы
Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Ұлттық Банктің несиелері
Пәндер