Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар



Кіріспе

I.Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1 Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібене қарсы қылмыстардың ұғымы.
1.2 Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардын түрлеріне.

II.Айғақтарды және жедел іздестіру материалдарын бұрмалаудын түснігі.
2.1 Айғақтарды және жедел іздестіру материалдарын бұрмалаудын объективтік б елгілері.
2.2 Бұрмалаудың субъективтік белгілері.
2.3 Бұрмалаудың сараланған құрамдарынын сипаттамасы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Қылмыстарды тез және толық ашуда, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде және қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен бірге айғақтар және жедел іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес. Әдетте, қылмыстарды ашумен байланысты жұмыс осы айғақтар және жедел іздестіру қызметі арқылы басталады. Кейде айғақтар және жедел іздестіру әрекеттерін, әсіресе жасырын айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтау нәтижесінде қылмыстық іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу кезінде алу мүмкін емес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алынады.
1. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы // Справочная правовая система «Юрист». – 2009. - 6 наурыз
2. Яковлев А.М. Совокупность преступлений по советскому уголовному праву – М.: Гос. Юрид. Изда-во, 2007. – 120 с.
3. Ткешелиадзе Г.Т. Ответственность при совокупности преступлений по советскому уголовному праву: автореф. канд. дисс. - Тбилиси, 1985. - 25 с.
4. Уголовное право. Общая часть. - М., 2005. – 120 с.
5. Куринов Б.А. Научные основы квалификции преступлений – М.: Издательство МГУ, 2003. – 124 с.
6. Загородников Н.И., Стручков Н.А. Направления изучения советского уголовного права // государство и право – 2005. - №7. – С.10-14
7. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: оқулық – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 352 б.
8. Каиржанов Е.И. Уголовное право. (Общая часть) – Алматы: Арда, 2006. – 248 с.
9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: «Норма-К», 2008. – 172 б.
10. Уголовное право. Общая часть / Отв. ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамова. – М.: ИНФРА М – НОРМА, 2007. – 516 с.
11. Ткачевский Ю.М., Крылова Н.Е. Амнистия, помилование, судимость // Курс уголовного права. Общая часть. Том 2: Учение о наказании. - М.: «Зерцало», 2007. – 400 с.
12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі (өзгерістер және толықтырулармен) // Справочная правовая система «Юрист»
13. Курский Д.И. Избранные статьи и речи. – М., 1948. – 86 с.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I.Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1 Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібене қарсы қылмыстардың ұғымы.
1.2 Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардын түрлеріне.

II.Айғақтарды және жедел іздестіру материалдарын бұрмалаудын түснігі.
2.1 Айғақтарды және жедел іздестіру материалдарын бұрмалаудын объективтік б елгілері.
2.2 Бұрмалаудың субъективтік белгілері.
2.3 Бұрмалаудың сараланған құрамдарынын сипаттамасы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қылмыстарды тез және толық ашуда, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде және қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен бірге айғақтар және жедел іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес. Әдетте, қылмыстарды ашумен байланысты жұмыс осы айғақтар және жедел іздестіру қызметі арқылы басталады. Кейде айғақтар және жедел іздестіру әрекеттерін, әсіресе жасырын айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтау нәтижесінде қылмыстық іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу кезінде алу мүмкін емес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алынады.
Айғақтар және жедел іздестіру қызметі уақыты бойынша қылмысты табу сәтіне біршама жақын, негізінен ол дереу қылмыс ізіне түседі және оның міндетіне тек қылмысты табу, алдын-алу, жолын кесу және ашу ғана емес, сондай-ақ қылмысты дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған тұлғаларды табу және анықтау жатады.
Басқаша айтқанда, айғақтар және жедел іздестіру қызметінің нәтижелері бойынша қоғамға қауіпті әрекет фактісінің өзін, әрі оған қатысты тұлғаны анықтауға мүмкіндік пайда болады. Міне сондықтанда, айғақтар және жедел іздестіру қызметінің нәтижелері қылмыстық іс қозғаудың және соған сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің басталуының себебі мен негізі болады.
Анықтау органының, прокурордың, тергеушінің немесе соттың қылмыстық іс жүгізушілік қызметінің жүзеге асырылуы процесі барысында айғақтар және жедел іздестіру әрекеттері мен тергеу әрекеттерінің байланысын жоққа шығаруға болмайды. Тергеу барысында тергеу әрекеттері мен айғақтар және жедел іздестіру әрекеттері бір-бірімен ұйымдастырушылық шараларымен, басқарушылық және процессуалдық шешімдерімен тығыз байланыстырылады. Мысалы,
Қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыстылық, кәсіби қылмыстылық, экономикалық қылмыстылық, ұлтаралық қылмыстылық, тағы да сол сияқты қылмыстық құбылыстардың өршуі кезінде қылмыстардың алдын алу, оларды кесу және ашуда айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтауді кең қолдану заман талабы.
Айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтауді негізгі құқықтық реттейтін нормативтік-құқықтық акті - 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ Айғақтар және жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл Заң Қазақстанның құқық қорғау органдарының айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтауін реттейтін тұңғыш ресми жарияланған нормативтік-құқықтық актісі болып табылады. Бұрын бұған дейін айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтау тек ведомстволық, жарияланбаған нормативтік актілермен реттеліп отырған. Бірақ бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет құру қағидаларына қайшы келгендіктен, айғақтар және жедел іздестіру әрекеттерін реттеуші жоғарыда аталған заңды ресми қабылдауына әкеп соқты. Құқықтық мемлекетті құруда мемлекет мүддесінің алдында адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының басымдыққа ие болуы жария және жасырын айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтауге заңи шектеулер орнатуға әкелді. Бұрын соңды Кеңес өкіметі заманында МҚК-нің азаматтарға қатысты жүргізген жаппай айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтауді қайталанбайтындай етті.
Бұл Заңның қабылдануымен айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтау елде заңдылықты нығайтуға сөзсіз жәрдемдесетін орнықты құқықтық негізге ие болды.
1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ Айғақтар және жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы айғақтар және жедел іздестіру әрекеттеріне тұңғыш рет ресми анықтама берген және айғақтар және жедел іздестіру әрекеттерінің тізімін белгілеген. Сондай-ақ айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтау кезінде басшылыққа алынуы тиіс оларды жүргізу негіздері мен шарттарын белгілеген.
Айғақтар және жедел іздестіру әрекеттері тек қана айғақтар және жедел іздестіру қызметінде ғана емес, сонымен бірге қарсы барлау, сыртқы барлау қызметтерінде де кең қолданылады. Әсіресе, жария айғақтар және жедел іздестіру әрекеттеріне қарағанда жасырын айғақтар және жедел іздестіру әрекеттері қарсы барлау және сыртқы барлау қызметтерінде кең қолданылады.
Жария және жасырын айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтаудің өзіне тән ерекшеліктері бар және олардың арасында ортақ ұқсастықтарының бар екендігіне қарамастан, олар бір-бірінен ерекшеленеді.
Жария және жасырын айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалауды анықтауді ұйымдастыру мен тактикасы, оның әдіс-тәсілдері, құралдары мемлекеттік құпияны құрайтындықтан және олар жариялануға жатпайтын құпия ведомстволық нормативтік актілермен реттелетіндіктен, осы талаптың сақталуымен, яғни біз қарапайым қатардағы азаматтар заңнамамен рұқсат етілген шекте ғана жұмыс істей аламыз.
Мен осы Қылмыстық процестегі айғақтар және жедел іздестіру әрекеттері тақырыбын таңдау мақсатым - айғақтар және жедел іздестіру материалдарын бұрмалау әрекеттері қылмыстарды анықтау, ашу және тергеудің ірі және аз зерттелген саласы болғандықтан және Республикамызда заңдылық, әділеттілік қағидаларын орнатудың бір бөлігі ретінде құқық саласында 348 бап бойынша орын алғандықтан менің бойымда осы салада көп білуге құштарлық, қызығушылық сезімін тудырды.

I.Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1 Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібене қарсы қылмыстардың ұғымы.

Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әр жерде немесе бір мекеменің ішінде бөлек-бөлек орналастырылады. Топтастыру мен жекелендіру мақсаты Ереженің 67-тармағында белгіленген, онда былай делінген: Топтастырудың мақсаты мынада:
а) қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мінез-құлқының нәтижесінде теріс әсер ету қаупі мүмкін болғандықтан оларды бөлу;
ә) қамаудағыларды категорияға бөлу, оларды қоғам өміріне қайтару мақсатында олармен жұмыс істеуді жеңілдетеді.
Түзеу амалдарын даралап қолдану біртектес сотталғандарды топқа бөлуді қамтамасыз етеді. Мұндай бөлуді сотталғандарды топтастыру деп атау қабылданылған.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру, ол оларды тиісті белгілерімен тиісті топқа бөлу жазалаудың мақсатына жету үшін қолайлы жағдай жасау болады.
Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық-атқару құқығы принциптерінің бір түрі жазаны жекелендіруді бір ізбен іске асыру үшін жүргізіледі. Жазаны жекелендіру сот қылмыстық жазаны және оны орындауды белгілегенде жүзеге асырылады.
Жазаны орындауды жекелендіру -- ол еңбекпен түзеу құқығының нормалары белгілеген, әрбір сотталғанның жеке басын сипаттайтын мәліметін еске ала отырып жалпы режим ережесін қолдану және тиісті еңбекпен түзеу принциптерімен әсер ету.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру төмендегілерді қамтамасыз етуге арналған:
а) қоғамға қауіпті қылмыскерлердің, қауіпті деп күдік тудырмайтын сотталғандарға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмау мақсатында оларды әр түрлі топтарға бөлу;
ә) түзеу мекемелерінің тиімді жүйесін тұрғызу;
б) түзеуге әсер ету амалдары мен әдістерін жекелеп қатал қолдану;
в) жазалаудың мағынасын құрайтын қылмыстың және қылмыскердің, яғни жазалау шараларының қоғамдық қауіптілігінің дұрыс арақатынастығы;
г) жазаны атқаруға тиісті жағдай жасау.
Көрсетілген мәселелерді шешуді тек ғылыми негіздегі топтандыру қамтамасыз ете алады. Қазіргі кездегі күші бар қыл - мыстық қылмыстық-атқару заңдары бас бостандығынан айы - руға сотталғандарды ғана топтастыруды қамтиды. Сот әлі шешім қабылдамағандарды қылмыстық-құқықтық топтастыру мен сот қылмыстық жазаға сотталғандарды қылмыстық атқа - руға топтастырудың айырмашылығы бар деп есептеуге болады. Қылмыстық-атқару топтасуының негізі қылмыскерлердің қылмыстық-құқықтық топтасуы болып табылады. Қылмыстық-атқару мен қылмыстық-құқықтық топтасуларының өзара байланысы былайша түсіндіріледі; біріншіден, қылмыстық-құқықтықтоптасудың негізгі өлшемі істеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен қылмыстық жазаны өткергенде еске алынатын қылмыскердің жеке басы болады да, екіншіден, екі топтасудың міндеті -- жазаның мақсатына тиімді жетуін қамтамасыз етуде болады.
Сонымен бірге тікелей мақсатының айырмашылығы -- ол қандай оқиға үшін топтастырылуында, сондықтан қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару топтасулары деп бөледі. Қылмыстық құқықта қылмыскерлерді топтастырудың негізгі мақсаты -- ол жауапкерді қылмыстық жауапқа тартқанда және жаза шарасын белгілегенде қылмыстың сипаты мен істелген қылмыстық қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне және қылмыскердің жеке басына байланысты да, ол мәселені қарағанда әділ шешім қабылдауды қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айы - руға сотталғандарды топтастырудың негізгі мақсаты -- ол сотталғандардың әр түрлі топтарының жазаны даралап өтеуін және осы жазаның түрін барынша тиімді атқаруды қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар заң (құқық), пе - дагогика және психологиялық өлшемдерімен топтастырылады. Көрсетілген өлшемдер жиынтығы тағы екі өлшемге бөлінуі мүмкін: физиологиялык (биологиялық) және әлеуметтік.
Заң өлшемімен топтастыру -- ол барлық бас бостандығы - нан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстын қоғамға қауіптілік дәрежесіне және қылмыскердің жеке басынын қоғамға қауіптілігіне байланысты топтарға бөлуді айтады.
Барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандар бұл белгіге лайықты былай бөлінеді: а) өмір бойы бас бостандығынан айы - руға және тез өткеруші адамдарға; ә) бұрын бас бостандығы - нан айыруды өткерген адамдармен оған бірінші рет сотталған - дар; б) әр түрлі ауыр дәрежеде қылмыс жасаған адамдар: в) қылмысты қайталап істеп сотталған (рецидив) адамдар мен қайталанған аса қауіпті қылмыс және т.б.
Физиологиялық (биологиялық) өлшеммен топтастыру -- бүл барлык бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байланысты бөлу.
Бұл белгімен бас бостандығынан айыруға сотталғандар бы - лайша бөлінеді: а) ерлер және әйелдерге; ә) кәмелетке жеткендер (18 жасқа толғандар) және кәмелетке толмағандар (14-тен 18 жасқа дейінгілер); б) еңбекке жарамдылар мен мүгедектерге; в) дендері сау мен ауыр науқасы барларға; г) әйел - дерге, аяғы ауыр және 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге.
Педагогикалык өлшеммен топтастыру -- бұл бас бостанды - ғынан айыруға сотталғандарды тікелей педагогиканың міндетіне байланысты, қандайда болмасын топтың біреуінде шешуге тура келетін, сондай-ақ педагогикалық әсер етудің тиісті амалдары мен әдістерін қолданудың орындылығымен белуге болады.
Бұл өлшемнің негізінде сотталғандарды, олардың оған дейінгі және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке қатынасы (еңбекті адал ниетімен істейді немесе жалқау), түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқы мінез-құлқы үлгілі немесе қаса-қана режим ережесін бұзушы) және т.б. байланысты белуге болады.
Психологиялық өлшеммен топтастыру -- бұл әр адамның қасиетіне байланысты топқа бөлу. Мұндай белу жалпы және пенитеншарлык психологиянын мінез-құлык түрін топтасты - ру мәліметтеріне сүйенуі тиіс.
Түзеу мекемелерінде тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін бұлармен бірге жеке басыньщ да қасиетін білу тиіс.
Психологиялық өлшемге байланысты төмендегілерді айыра білген орынды сияқты:
а) аса қауіпті мемлекеттік қылмысқа сотталғандарды және басқа әр түрлі қылмыстарға сотталғандарды;
ә) қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда істелген қылмысқа сотталғандарды;
б) өмірге, денсаулыкқа, адамның денесіне қол сұкпаушылығына қауіп төндіргені үшін сотталғандарды;
в) пайдақорлық қылмыс үшін сотталғандар;
г) бұзақылығы үшін сотталғандар;
д) пайдақорлығы үшін емес, қызметін немесе мамандык функциясын орындауға байланысты жасалған қылмысы үшін сотталғандар;
е) басқа да қылмыстар үшін сотталғандар. Сотталғандарды топтастыру тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды, себебі ол сотталғандардың бір тобыньщ екіншісіне жағымсыз, кері әсерін тигізбеуге және оларға жеке-жеке амал қолданып әсер етуге мүмкіндік береді.
Заңда қабылданғандай сотталғандарды топтастыруға сәйкес түзету мекемелер жүйесі құрылады. Осындай заңдарға лайықты мұңдай мекемелер жүйесі заңдық (құқықтық) және физиологиялық (биологиялық) өлшемдерге негізделген.
Педагогикалық және психологиялық өлшемдер түзеу ме - кемелер жүйесінің қызметін бейнелемейді. Сонымен қатар түзеу амалдарын пайдаланып жеке-жеке істеу үшін және сотталғандардың әр біреуімен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға әсер етеді.

Есепке алу мемлекеттің барлық саласында, соның ішінде қылмыспен күресу саласында болып жатқан процестерді жалпылама және үздіксіз бақылаудың маңызды құралы.
Қылмыспен күрес жүргізетін құқық қорғау орындары жүйесінде, әсіресе түзеу мекемелеріңде есептеу және бақылау маңызды орын алады. Бұл бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны атқаруды басқару функциясының бірі болып есептеледі. Соның көмегімен түзеу мекемелерінде болып жатқан құбылыстар мен процестердің сыр-сипаты жинақталып талданады және қорытындыланады.
Болжау міндетін шешкенде, басқарғанда шешім қабылдауда, статистикалықталдау жасағанда, алдын ала, яғни сонан соң да оперативті түрде бакылау және талдау жүргізу үшін қылмыстың өзгеруін, сотталғандардың ауысып отыру козғалыс процесін, оларды түзету мен тәрбиелеудің қорытындысын байқап отыру үшін керек.
Мұңдай көрсеткіштер төмеңдегі дей болуы мүмкін: сотталғандардың тізімдегі саны; нақтылы қылмыс түрлеріне сотталғандар, олардың жынысы, жасы; білім деңгейі, мамандықтары барлары, жалпы білім беру мектептері мен мамандық алу жүйесінде оқып жүргендер; режимді бұзу түрлері, бұзған уақыты мен орны; сотталғандар жасаған қылмыстың саны мен құрамы; әр түрлі құқықтық негізде жазадан босатылғандар саны және т.б. Әрбір түзеу мекемелерінде мұндай есеп жүргізудің қажеттілігі нақтылы түзеу мекемелері қызметінің жеке бағытын сипаттайды, оның көрсеткіштер жүйесі статастикалық есеп құрудың бастапқы сатысы болып есептеледі де нәтижесінде барлық түзеу мекемесінің облыстық тіпті бүкіл ел көрсеткішін құрайды.
Тиісті түрде ұйымдастырып сотталғандарды есепке алу, түзеу мекемелері әкімшілігіне нақты мекемеде жазаны өтеп жатқан сотталғандардың саны туралы мәлімет болуы, заңда көрсетілгендегідей соттың үкімін, ұйғарымын, қаулысын орындау жөнінде әрекет жасап белгіленген мерзімде нақтылы орындауға, сотталғандарға рахымшылық немесе кешірім жасау ту - ралы актіні орындау, әр түрлі құқықтық негізде түзеу мекемелерінен сотталғандарды уақытында босатуға жағдай жасайды.
Есептеуді іске асыру үшін есептеу аппаратынын дұрыс жүйесі құрылған. Олар орталық және жергілікті болып бөлінеді. Орталыққа -- ІІМ-нің ақпарат орталығы кіреді, оның құрамында, қылмыс жасап жазасын өтеп жүрген адамдарды есептейтін анықтама бөлімі бар.
Есептеу жөніндегі ақпарат орталығының негізгі міндеттері:
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардын қызмет әрекетін әдістік басқару және есептеп-тіркеу, статистикалық, ақпарат-анықтама жұмыстарын бақылау.
Орталық есептеу аппаратына, сонымен бірге ІІМ-нін Қылмыстық-атқару департаментінің арнайы бөлімі кіреді. Ол түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің, тергеу қапастарында отырған адамдардың сандық есебін жүргізеді, түзеу мекемелеріне сотталғандарды қабылдаудың, орналастырудың және босатудың нормативтік актісінің жобасын дайындайды, бас бостандығынан айыру орындарында отырғандардың заң-дылығын, босату, мерзімін өзгерту туралы сот шешімінің орындалуын бақылайды және басқа да сотталғандарды есепке алу жөніндегі функциясын орындайды.
Жергіліті есептеу аппараттарына облыстардың ішкі істер басқармасының ақпарат орталығы, облыстық ІІБ-ның қылмыстық-атқару жүйесіндегі арнайы бөлімдер, түзеу мекемелерінің арнайы бөлімшелері (бөлімдері) кіреді.
Облыстардағы ІІБ-ның ақпарат орталықтары осы облыстағы түзеу мекемелерінде отырған сотталғандардың әрқайсысынын жеке басынын есебін жүргізеді, сондай-ақ анықтау карточкасының жұмысын ұйымдастырады.
Облыстардағы ІІБ-ның қылмыстық-атқару жүйесі басқармаларының (бөлімдер) арнаулы бөлімшелері түзеу мекемелерінін, тергеу қапастарына, бас бостандығынан айыру орындарының емдеу мекемелеріндегі арнаулы бөлімшелерге басшылық жүргізіп отырады. Олар оған қоса бұл мекемелерде қамалғандардың, сотталып отырғандардың санының есебін жүргізіп оты - рады. Бұл есепке алу сотталғандардың қозғалымы жөніндегі жергілікті бас бостандығынан айыру орындарынан түсетін күнделікті мәліметтерден тұрады және белгіленген статистикалық есеп беру үлгісімен жүргізіледі.
Түзеу мекемелерінің айрықша бөлімдері басқа да функцияларымен қатар бұл мекемеде отырған сотталғандардың жеке басының және жалпы санының есебін жүргізеді, сотталғандар - дың саны, құрамы және қозғалымы жөнінде мәлімет құрастырады, облыстардың ІІБ-ның ақпарат аппаратына жіберу үшін есептеу-тіркеу материалдарын дайындайды. Түзеу мекемеле-рінің арнаулы бөлімдері өз жұмысында ІІМ-нің арнаулы нұсқауларын басшылыққа алады. Оларда түзеу мекемелерінде жүргізілетін есепке алу түрлерімен оны іске асыру тәртібі белгіленеді.
Статистика теориясында бухгалтерлік, оперативтік және статистикалық есеп жүргізу түрлері қабылданған. Түзеу мекемелерінде сотталғандардың есебін жүргізу үшін статис - тикалық және оперативтік есептеулер қолданылады.
Оперативтік есептеу -- ол түзеу мекемелерінің күнделікті әрекетіндегі әр түрлі оқиғалар мен дәлелдердін тіркеу жүйесін белгілейді. Есептеудің бұл түрі әкімшілікке түзеу мекемесінің іс әрекетінің барлық бағытынан уақытында тиісті мәліметтер алып отыруға, күн сайын үздіксіз бақылауға, жазаны өтеудің барысын жан-жақты, яғни терең таңдауға және тікелей әсер етудің тиімділігін көтеруге, түзеу мекемелерінің алдында тұрған мақсатты орындауда кемшіліктерді болдырмау үшін мүмкіндік туғызады. Оперативті есеп жүргізу ең алғашқы жалғыз-жарым дәлелдің пайда болу кезінде тіркеу жүйесіндегі (жазудың) есепке сүйенуі болып табылады. Бұл тіркеу әр түрлі үлгілерде, яғни журналдарда, карточкаларда және т.б. жерлерде жазылады.
Алғашқы және оперативті есептер жүргізудің негізінде статистикалық есеп құрылады, ол ІІМ-нің арнайы үлгісімен жүргізіледі.
Сотталғандарды есептеуді екі бағытта топтастыруға болады: сотталғандар туралы мәліметтің шоғырланған жеріне байланысты (жергілікті және ортақтандырылған есептеулер): сотталғандар жөнінде қандай мәліметтер талдап қорытындылануына байланысты (сандық немесе жеке басын есепке алушылық). Өз кезегінде жергілікті және ортақтандырылған тіркеулер сандық та жеке басылық та болуы мүмкін.
Жеке басын есепке алу -- ол есептегі құжаттарда әрбір сотталған туралы жеткілікті толық әлеуметтік-демографиялық және криминологиялық мәліметтердің болуы. Ол түзеу мекемелерінін сотталғандарды есепке алу, ауысып қозғалып тұру, тіркеу журналдарында, олардың жеке ісінде, есеп және дактилоскопиялық карточкаларында, мезгілін бақылау карточкасында, ал тәрбиелеу колонияларында және бақылау карточкасында жүргізіледі. Есептеудің мұндай түрі әр түрлі көрсеткіштерді топтауға, сотталғандар туралы анықтама дайындауға ыңғайлы.
Сандық есеп -- ол есептеу құжаттарында бірнеше есептеулерді біріктіріп тіркеу, яғни оған әр түрлі мекемелерде жазаларын өтеп жүрген сотталғандар санымен бірге әр кезде келген немесе босатылғандар, тиісті білім деңгейі бар сотталған - дар саны және тағы басқалар да кіреді. Мұндай есептеуден әр сатыдағы аппарат сотталғандар санын ғана біледі. Мекемелердін арнайы бөлімдері сандық есептеуді он күндік мәліметтер арқылы және белгіленген статистикалық есеп беру үлгісімен жүргізеді.
ІІМ-нің нормативтік актісіне сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған әр адамға тергеу қапасына келісімен, бірақ 48 сағаттан кешіктірмей, есептеу карточкасы мен дактилоскопиялық карта жасалады. Мұндай құжаттарды жасаудың негізі заңды күшіне енген сот үкімі болады. Есептеу карточкасына барлық мәліметтер үкімнен енгізіледі. Үкімде қайшы келетін мәліметтер табылса, онда үкім шығарушы сотқа оны түзету жөнінде сұрату жібереді.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталғандарды тергеу қапасынан түзеу мекемелеріне түрлі себеппен бір айдан астам уақыт жіберуге кешігіп қалса немесе сотталған жазаны өтеуге бұл облыстан тысқары жіберілген барлық жағдайда тергеу қапастарының арнаулы бөлімдері сотталған жөнінде бір данадан хабарлама-қағаз толтырып, тұрған жеріндегі ІІБ-ның ақпарат орталығына сотталғанның уақытында есеп-мәліметін көрсе - ту үшін немесе аударғаны жөнінде хабарлайды.
Түзеу мекемелеріндегі сотталғаннын жеке басына есеп жүргізу арнаулы бөлімнің мекемеге келген сотталғаннын әр қайсысын есептеу-қозғалу журналына жазудан және жеке істерінде тіркеуден бастайды. Журналда мекемеден сотталған - ның кету себептерін көрсеткен (босатылған, басқа түзеу мекемесіне ауысу) есебі де жүргізіледі.
Мекеме әкімшілігі үкім шығарған сотқа, онын орындалғаны туралы және сотталғанның жазаны атқарып жүрген орнын жылдам хабарлайды.
Әр сотталғанды журналда тіркегеннен кейін оның жеке ісінің материалынан мекеменің арнайы бөлімі алфавиттік тіркеу карточкасын және тіркеу-мерзім карточкасын толтырады. Алфавит-есепкарточкасында сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, қашан, қандай сот соттаған, қылмыстық Кодекстің қай бабы, жазалау мерзімі, оның. басталу және аяқталу кезеңі, бұрын сотталғандығы жазылады. Карточканың сырт жағында жазаланған мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қарауға немесе жазаны жеңілдеу түріне ауыстыруға болатын кезі көрсетіледі. Бұл мәселелерді қараудың қорытындысын жазатын орын қалдырылады және түзеу мекемелерінен сотталғандардың кеткені, оның негіздері және басқа мекемелерден (ТК, ТМ-ден) келгендер жазылады.
Егер де сотталған некеге отыруына байланысты фамилиясын өзгертсе, онда оған жаңа фамилиясымен ескерту карточ - касы толтырылады. Есепке алу карточкасында жаңа фамилияға ескерту карточкасы барлығы жазылады. Сотталғанмен некені бұзып, оған бұрынғы фамилиясы берілгенде ескерту карточ - касы тиісті белгі жасағанан кейін мұрағат карточкасын толты - рып, мұражайға тапсырылады. Алфавиттік есептеу карточкалары фамилиясынын бірінші әрпімен дәлмедәл орналастырылып, алфавит карточкаларын құрайды.
Түзеу мекемесінен сотталған кеткеннен кейін алфавиттік есептеу карточкасы алфавит картотекасынан алынып мұражай картотекасына салынады.
Бас бостандығынан айыру орнынан үстіміздегі жылы босатылуға тиісті әрбір сотталғанды кезінде босатуды бақылап отыру үшін мерзімін бақылау карточкасы толтырылады. Ол мерзімін бақылау карточкасына жазаны бітірудің айына, күніне қарап салынады.
Тәрбиелеу колонияларында әрбір сотталғанға бақылау кар - точкасы толтырылады, онда ол қашан 18 жасқа толатыны көрсетіледі. Бұл карточкалар бақылау картотекасында алфавитпен емес, кәмелеттікке толатын уақытына байланысты орналастырылады. Бұл картотека сотталғандарды түзеу колонияларына ауыстыру мәселесін уақытында қарауға мүмкіндік береді.
Түрмелерде көрсетілген құжаттардан басқа қапас карточкасымен келгендердің тіркеудің тәуліктік тізімі толтырылады. Оларды түрме бастығының кезекші көмекшісі толтырып арнайы бөлімге тапсырады.
Ортақтандырылған есептеу орнына сотталғанды қою үшін түзеу мекемелерінің арнайы бөлімдерінің қызметкерлері есеп - теу карточкасынан басқа әрбір келген сотталғанға тиісті үлгідегі хабарлама қағаз толтырады. Онда қысқаша өмірбаянының мәліметтері, қамауға алынған және сотталған күндері, жасаған қылмыс сипатының мәліметтері, жаза мерзімі т.б. Барлық есептеу құжаттары анық толтырылады, қойылған сұрақтарға толық жауап берілуі тиіс, фамилиясы, аты мен әкесінін аты баспа әріптерімен толтырылады.
Одан басқа бұрынғы үкім езгергенде, бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатып сотталғанда сотталғанды түрмеде немесе тергеу қапасында шаруашылық жұмысына қалдырғанда, қашып кеткенде, сондай-ақ өлу себептеріне байланысты, түзеу мекемесінен босатқанда сотталғандарға хабарлама-қағаз толтырылып тиісті ақпарат аппараттарына жіберіледі.
Түзеу мекемесінің арнайы бөлімі есептеу карточкаларын, дактилоскопия картасын және сотталғандардың қозғалымы туралы мәлімет жазылған хабарлама-қағазды бағынышты бір ақпарат аппараттарына жібереді.
Сотталғандардың қозғалымы туралы сандық есеп күнделікті және бес күндік мәліметтерден, соңдай-ақ статистикалық есеп беру үлгісімен жүргізіледі. Түзеу мекемелеріңде барлық сотталғандардың қозғалымы туралы мағлұмат күн сайын, өткен тәуліктің 24 сағатындағы есепте тұрған адамдармен соңғы тәулікте келген, кеткендер мәліметі негізінде жасалады. Алынған мәліметтер мекеменің бақылау қызметінің қорытындысымен салыстырылады. Бұл мәліметтер сотталғандар қозғалымы мен әрбір өткен тәуліктегі тіркеу журналында жазылады.

Түзеу мекемелерінін арнайы бөлімі сотталғандардың қозға - лымы туралы мағлұматты бес күнде бір рет есеп карточкасы мен сотталғандарға хабарлама-қағазбен бірге ақпарат орталығына жібереді.
Сандық есеп көрсеткіштері жеке бас есебі құжаттарының саны және түзеу мекемесінде нақты отырғаңдар есебімен сәйкес келуітиіс.
Сотталғандардың жеке басы және сандық есептерден басқа түзеу мекемелерінің арнайы бөлімдері, сотталғандардың кейбір категорияларының мәліметтерін анықтауға мүмкіңдік беретін бірқатар көмекші есептер жүргізеді. Есептің ондай түрлеріне кіретіндер: уақытша пайдалануға берілген сотталғандардың жеке басы ісінін есебі; қайтыс болған сотталғандар есебі; кешірім сұрау туралы өтініш есебі; қапас тәріздес жайда отырған сотталғандардың есебі және т.б.
Көмекші есептерді басқа бөлімдер мен қызметтердің адамдары, олардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін жүргізеді. Мысалы, қашуға бейім сотталғандардың есебін оперативтік бөлім, сотталғандарды киім-кешекпен қамтамасыз ету (арматура карточкалары) интендент қызметі бөлім жүргізеді және т.с.с.
Жеке басы есебінің құжаты сотталғанның жеке басының ісі болып есептеледі. Сотталғанның жеке басының ісі 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: анкета, дактилокарта, үкімнің көшірмесі, ұйғарым көшірмесі мен үкімнің заңды күшіне енгендігі жөніндегі соттың анықтамасы, сотты болған-дығы немесе болмағандығы туралы анықтама, медициналық картасы болады. Екінші бөлімде: мінездемелер, қылмыстық-аткару жүйесі қызметкерлерінің сотталғандарға жазаны өтеу кезіндегі түскен мәліметтері, қызметкерлердің мәлімдемелері, сотталғандардың өтініштері, мадақтау немесе жазалау туралы қаулы т.б. болады. Сотталғанның құжаттары төл құжат, еңбек кітапшасы, туу және неке туралы куәліктері, оқу орындарын бітіргені туралы диплом мен аттестат, танитын фотосуреті мен оның негативі жеке ісіндегі конвертте болады. Жеке бас ісінің бір томы 250 парақтан аспауы тиіс, ал егер де жалғастыру керек болса екінші том ашылады, онда тек қана екінші бөлім құжаттары тігіледі.
Сотталғандарды жазадан босатқаннан кейін (немесе жаза өтеп жүргенде қайтыс болғаннан кейін) жеке басының істері ІІБ қылмыстық-атқару жүйесі басқармасынын (бөлім) мұражайына босатылғаннан (өлгеннен) соң бір айдан кешіктірмей жеке бас істері алфавит тәртібімен жазылған тізіммен мұражайға тапсырылады.
Бұрын айтылғандай, карантиннен кейін түзеу мекемесінін әкімшілік комиссиясы сотталғандарды, олардың жұмысқа жарамдылығына, мамандығына, жеке басынын психологиялық және басқа да өзгешеліктеріне қарай жасақтарға бөледі. Мұнымен бірге есепке алынатыны жасақтардың толтырылуы, ол жататын орындардың жету-жетпеушілігіне байланысты.
Ведомствоның нормативтік актілерінде жасақтардағы сот-талғандардың саны, негізінен 60 адамнан аспауы тиіс. Тәрбиелеу колонияларында жасақтар 25 -- 30 адамнан тұратын бөлімшелерге бөлінеді.
Комиссияның сотталғандарды жасақтарға бөлу туралы шешімі мекеме бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Жаңадан келгенге жасақ бастығы онын жеке басымен жүргізу жұмыс үшін арнайы дәптер ашады. Онда сотталғанның жеке ісінен алынған мәліметтер енгізіледі де жекелей танысып жүргізген әңгімесінің негізгі мазмұнын жазады. Келешекте жасақ бастығы барлық әңгімелескенінің мазмұнын кемінде аптасына бір рет жазып отырады. Дәптерде сонымен қатар сотталғанды мадақтаған және жекелеген шаралары белгіленеді. Үздіксіз тәрбие жұмысын сипатталғанмен жүргізу мақсатыңда оны басқа жасаққа немесе мекемеге аударғанда бұл дәптер болашақта жазаны өтейтін жерге жіберіледі.
Түзеу мекемелерінін ішінде сотталғандарды жасақ жүйесіне бөлу 1957 жылы енгізілген. Ол өзін жақсы жағынан көрсете білгендіктен жаңа қылмыстық-атқару заңына сәйкес жазаны өтеу тәжірибесінде пайдаланылатын болады.
Жасақтың қызметін реттейтін нормативтік актілерге сәйкес оның негізгі мақсаты -- әрбір сотталғанмен жеке тәрбие жұмысын жүргізуге жағдай жасау. Жасақ -- әрбір сотталғанды заңдарды, қоғам. тұрмысының ережелерін қатаң сақтауға, адал еңбек етуге тәрбиелеуге бағытталған жұмыстын орталығы болып саналады.
Жасақ өндірістік принципте біріктіріледі. Олар біртектес жұмыс орындайтын сотталғандардан немесе жиынтық жұмыс атқарушылардан (мысалы, әр түрлі мамаңдықтағы құрылысшылар) тұруы мүмкін.
Жасаққа сотталғандарды кіргізу түзеу мекемесі бастығының бұйрығымен жүргізіледі. Бір жасақтан екіншіге аудару тек қана ерекше жағдайда рұқсат етіледі де оған мекеме бастығы дәлелденген бұйрық береді. Уақытша айып немесе тәртіп қапасына, сондай-ақ қапас тәріздес бөлмеге қамалғанмен сотталған жасақтан шығарылмайды.
Жасақты оның бастығы басқарады, ол сотталғандардың тәрбиешісі болады да тәрбиелеу әсерінің әр түрлі әдістері мен үлгілерін пайдалана отырып, оларды түзеуге жауап береді.
Сотталғандардың бір жасақтағылары әдетте бір тұрғым бөлмеде орналастырылады. Жасақ бастығы әр сотталғанға жа - татын орын белгілейді.
Жасақ бригадаларға бөлінеді де, ол өндірістік-тұрмыстық белгілерден құралады. Мекеме бастығының бұйрығымен бри - гадир сотталғандардың ішінен тағайындалады немесе орнына алынады. Ол тәртіпке, бригададағы ішкі тәртіпті сүйемелдеуге, кұрал-саймандар мен заттардың сақталуына, өндірістік тапсырманың орындалуына және оның саласына жауап береді. Бригадир тікелей жасақ бастығына, ал өндірісте одан басқа бригаданы билейтін лауазыды адамға бағынады.
Тәрбиелеу процесінің дұрыс қорытындысын бекіту мақсатында сотталғанның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе басқа да жағдайларға байланысты қылмыстық-атқару заңдарымен сотталғандарды колония ішінде, сондай-ақ басқа мекемеге аудару мүмкіндігі ескерілген. Сотталғандарды колония ішінде аударудың түрлері:
а) сотталғанды ұстаудың басқа түріне аудару;
ә) қапас тәрізді орында ұстаудан кәдімгі тұрғын орынға ауда - ру немесе керісінше (айрықша режим колонияларында);
б) айып, тәртіптік қапасқа немесе қапас тәріздес бөлмеге орналастырғанда;
в) бір жасақтың екіншіге ауыстырғанда және т. б.
Басқа мекемеге аударулар:
а) түзеу мекемелерінін жалпы күшейтілген және қатаң режимдерінен қоныстану-түзеу колониясына және керісінше аудару;
ә) түзеу мекемелерінің жалпы, қатаң және ерекше режимдерінен түрмеге және керісінше аудару.
Сонымен қатар қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес аударуға рұқсат етілмейтіндер де бар. Мысалы, қоныстандыру ко - лониясына төмендегідей сотталғандар ауыстырылмайды.
1. Қайталап аса қауіпті қылмыс істеп сотталғандар;
2. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар - ды кешірім ретінде тиісті мерзімге бас бостандығынан айыруға өзгерткенше сотталғандарды;
3. Өлім жазасына сотталғандарды кешірім ретінде бас бостандығынан айыруға өзгерткен сотталғандарды;
4. Міндетті емделуден өтпеген сотталғандарға және де жабықтүрдегі медицина мекемелерінде арнайы емдеуге тиістілер;
5. Қоныстандыру колониясына ауысуға жазбаша түрде келісімін бермеген сотталғандар.
Ұстау жағдайын өзгерту сотталғанның мінез-құлқына тығыз байланысты. Сотталғандардың мінезінің түзелуіне жағдай жасау мақсатымен қылмыстық-атқару заңында олардың жағ - дайын жақсартумен нашарлату қарастырылған. 1991 жылдан бастап жүргізіліп келетін Шымкент тәжірибесінің қорытындысы сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарында тәртіп қолдану тәжірибесі ретінде кезең-кезеңмен ұстау керектігін көрсетіп отыр.

1.2 Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардын түрлеріне.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1- бөлімінде көрсетілген мән-жайлар қылмыстық жауаптылық пен жазаны келесідей жағдайларда ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымының) құрамында қылмыс жасау;
г) қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару;
д) айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;
е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;
з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;
и) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрі жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтынатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау;
л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;
м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп тануға құқылы;
н) адамдардың өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы;
о) қылмыскердің қызметі жағдайына немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы;
п) өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.
Осы жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі Қылмыстық Кодекстің 53-бабының 1-бөліміндегі көрсетілген мән-жайлармен салыстырмалы тұрғыда қарағанда, Қылмыстық Кодекстің 54-бабының 1-бөліміндегі көрсетілген мән-жайлар түпкілікті және нақтырақ болып табылады. Өйткені, сот жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде заңда көрсетілген басқа да мән-жайларды соттың есепке алуына болады. Яғни, бұл дегеніміз - соттар жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде Қылмыстық Кодекстің 54-бабының 1-бөліміндегі көрсетілген мән-жайлардан басқа қылмыс құрамын ауырлататын мән-жайлар ретінде тани алмайды дегенді білдіреді және бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасында гуманизмнің бар екендігіне тағы да бір куәлік етеді. Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда соттарға мына төмендегі көрсетілгендей құқықтар беріледі: а) Белгілі бір қылмыс құрамында санкциясы баламалы болған кезде, осы қылмыс құрамында көрсетілген санкциясының ең қатал жазасын тағайындауға; б) Айыпкердің істеген іс-әрекетін саралағанда Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдарының санкциясындағы ең жоғарғы жазаға теңестіріп не соған жақынырақ етіп жаза тағайындауға; в) Қылмыстық Кодекстің 55-бабын қолдану мүмкіндігін алып тастауға; г) Шартты түрде соттауды қолданбауға құқылы болып табылады. Қылмыс белгісі ретінде көзделген ауырлататын мән-жайлар жаза тағайындаған кезде қайталап ескерілмеуі керек. Сонымен қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар дегеніміз - жазаны ауырлататын жағдайлар жасалған қылмыстың және кінәлінің жеке басының жоғарғы қауіпті екендігін дәлелдейтіндіктен соттарға тағайындалатын жазаларды күшейтуге негіз береді. Жазаның мөлшерін көтеруге әсер ететін ауырлататын жағдайлар болған кезде соттар нақты қылмыс сараланып отырған бап санкциясы шегіндегі ең қатал жазаны немесе жазаның жоғарғы мерзімін тағайындайды. Заңда көрсетілген бұл ауырлататын жағдайлар сотқа кінәлінің жеке басы мен ол жасаған қылмысты ескере отырып жазаны жеке даралауға мүмкіндік туғызады.
Ал енді сонымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөліміндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың топтастырылуына тоқталсақ:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің "а" тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде - Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы - Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде Қылмыстық Кодексте бұл көрсетілген мән-жайды екі түрлі қайталанбалы көптік қылмыстар ретінде қарастырады. Көптік қылмыстардың басында көрсетілгендей қылмыстың қайталануы деп - егерде кінәлі адамның бірінші істеген қылмыстық іс-әрекеті бойынша қылмыстық - құқықтық жауапкершілігі жойылмаған болса, яғни қылмыстың жауапкершілігі бойынша ескіру мерзімі өтпеген болса және жойылмаған болса немесе соттылығы алынып тасталмаған болса, сонымен қатар тұлға өзінің бірінші қылмысы бойынша сотталған болса. Тұлғаның бірінші рет істеген қылмыстық іс-әрекетінің қылмыстық-құқықтың жауапкершілігі, - егер кінәлі адам шын жүректен өкінуіне байланысты, жәбірленушімен татуласуына байланысты, сонымен қатар жағдайдың өзгеруіне байланысты болатын болса қылмыстық іс қысқартылып, қылмыстық жауапкершіліктен басталады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату - бұл ешқандай шарттсыз орындалады және де сонымен қатар бұл істеген қылмыстық әрекетпен бірге пайда болған қылмыстық-құқықтық қатынастың субъектісінің құқықтарымен міндеттерінің тоқталуын білдіреді [47,11-12 б.]. Бұл қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай екі бір-біріне ұқсас ауырлататын жағдайлар бір топқа біріктірілген, олардың екеуі де кінәлінің аса қауіпті екендігін көрсетеді және оның оған қолданылған қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу сипатындағы шаралардан кейінде заң тыңдаушының өмірлік кейіпіне қайта оралғысы келмейтіндігін куәландырады. Солай бола тұра, заң сотқа айыпкердің алғашқы жасаған қылмысының сипатына байланысты бұл жағдайды ауырлататын жағдай ретінде ескермеу құқығында береді. Көбіне бұл жағдай егер кінәлінің алғашқы және одан кейінгі қылмыстары абайсыздықпен жасалған не қасақана жасалғанымен ауырлығы онша емес қылмыс қатарына жатқызылған болса да ауырлататын жағдай ретінде де қолданылуы мүмкін. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы жөніндегі түсініктер Қылмыстық Кодекстің 11-бабында, ал қылмыстардың қайталануы 13-бабында берілген.
Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының 1994 жылғы 27- мамырда қабылданған №1 Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарастыру тәжірибесі туралы Қаулысында бұрын болған соттылықтар, бұған дейін тағайындалған және шын мәнінде өтелген жазалар, жазадан босатылу негіздері туралы мәліметтерді жан-жақты және мұқият тексеріп, сонымен қатар, сотталушының жеке басы туралы басқа да деректерді анықтап, білу керектігін атап көрсетті [48,10 б.].
Жоғарыда аталғандай егер бұрынғы жасалған қылмысы үшін кінәлінің соттылығы өтелген не жойылған болса не ескіру мерзімі өтіп кетсе жаңа жасалған қылмысы үшін жаза тағайындау кезінде қылмыстарды әлденеше рет жасау немесе қылмыстардың қайталануы деп қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде тани алмайды.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1-бөлімінің "б" тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде - Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру - Қылмыстан келтірілген зардаптың ауыр не жеңіл екендігін сот нақтылы істі қарау кезінде келтірілген зардаптың сипатын бағалай отырып анықтайды. Мұндай шешімге қол сұғушылық объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның мөлшері сияқты жағдайлар әсер етеді. Сонымен қатар ауыр зардап салыстырмалы белгі болып келеді. Сондықтан да сот әрбір нақты жағдайда істің мән-жайын есепке ала отырып істі шешеді. Ауыр зардаптар келтіру тек қасақана қылмыстарға ғана тән белгі емес, сонымен қатар абайсыздықпен де жасалған қылмыстарда да кездеседі және де жазасын ауырлатуы мүмкін. Сондықтан кінәнің нысанына қарамастан бұл жағдай ауырлататын жағдай ретінде танылуы мүмкін. Бұл үшін сот жасалған әрекет пен келтірілген зардап арасындағы себепті байланысты анықтауыға міндетті. Сонымен қатар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің бірқатар баптарында ауыр зардап келтіру қылмыстың белгісі ретінде танылғандықтан жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде қарастырылмайды. Ал Қылмыстық Кодекстің кейбір баптарында ауыр зардаптар келтіру қылмыс белгілері болып табылмайды, алайда бұл қылмыстарды жасау нәтижесінде ауыр зардаптар туындайды. Мұндай жағдайларда сот осы қылмысты жасау нәтижесінде ауыр зардап келтіргені үшін ауырлататын жағдай ретінде тануға құқылы. Ал кейбір авторлар мысалы, Л.Л.Кругликов ауыр зардаптардың анықтамасын былай деп ашып көрсеткен: Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың бір түрі ретіндегі ауыр зардаптар деп қылмыс құрамынан тыс тұрған, қылмыспен келтірілген қоғамдық қарым - қатынастардағы залалды өзгерістерді (мүлік, дене күшін, моральдық немесе басқа да сипаттағы) ұғыну қажет [49,123 б.]. Қылмыстың ауырлық дәрежесі көп жағдайда келтірілген зардаптардың ауырлығына байланысты болып келеді. Зардап қаншалықты ауыр болса жауаптылықта сәйкесінше қатаң болуы тиіс. Мысалы, ұрлық қылмыстары бойынша әрқашанда материалдық зардап келеді және де материалдық зардап, сонымен бірге қылмыс құрамының аяқталған белгі нышаны болып табылады. Сонымен бірге ұрлық қылмысын материалдық зардаптың соммасынан тәуелсіз бір нормамен саралаған кезде, соңғысының ауырлығы жаза тағайындау кезінде міндетті түрде ескерілуі тиіс. Ауыр зардаптар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің диспозицияларында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі керек. Сонымен қылмыс арқылы ауыр зардаптар қылмысты қасақана жасалған қылмыстарда да және абайсыздықта да жасау салдарынанда пайда болуы мүмкін. Қылмыс арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің жүйесі
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар туралы
Қылмыстық кодекстің 346 - бабында екі бірдей қылмыс
Өз ақыл-ойын тәрбиелеу
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйелері
Пәндер