Кенесары қасымұлы бас қолбасшы және оның реформалары



Жоспары:
I. Кіріспе
Ата жолын жалғаған текті батыр
II. Негізгі бөлім
а)Халықтың бір т ұтастығын өз мүддесінен жоғары қойған қайраткер
б)Шебер әскери қолбасшы.
в)Ақылды саясаткер, ашуын ақылға жеңдіре білген билеуші.
III. Қорытынды бөлім
Қысқа ғана ғұмырын азаттық жолына арнаған, есімі ел есінде сақталған ержүрек азамат
Атақты Шыңғыс ханның 27 ұрпағы, Абылай ханның немересі, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847ж аралығындағы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі,Қазақ хандығының соңғы ханы, төре тұқымынан шыққан К Қасымұлы қазақ тарихынан ойып тұрып орын алған қайраткер. Ол өзінің өмірін ата жолын жалғауға арнаған. Жастайынан өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып төрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсаттарына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесары Қасымұлы үш жүзді толық қамти отырып, қазақ елінің Абылай хан тұсындағы териториялық тұтастығын дербестігі қалпына келтіруді өз күресінің ең басты мақсат-мұраты етіп жоғары қойды. К Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа патша үкіметінің 1822ж “Сібір қазақтары туралы жарғының” қалыптасқан хандық құрылымды дәстүрлі билік үлгілерін жоюы қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеген жымысқы саясаты негіз болды. Әуелі бұл саясатқа өз көзқарасын қарт сұлтан Қасым төре білдірген. Патша үкіметінің жерді отарлау саясаты қазақ халкының наразылығын тудырды. Бұл саясатқа алғашында Ғұбайдолла сұлтан қарсы шығады, кеиін оның орнын Саржан сұлтан басты. Алайда қоқан хандығының сатқындығынан 1836ж Саржан сұлтан өлтірілді. Ал 1840ж Қасым төре қаза болады. Осы кезде тарих сахнасына Кенесары мен Наурызбай шығып, қалың қазақ елі Кенесарының соңынан ерді. Кенесарының:” Патшаның ұрдажық сарбаздары тартып алған жерлерді қайтарамкыз!” ұраны қарапайым халықтың ойынан дәл шығып , олардың жүрегіне жерін қайтарып алуға деген үміт отын ұялатты.
“Ұлттық энециклопедия” 5-том
“ Ұлы Тұранның ұлдары ” А. Асқаров. Алматы 1998ж
“Қазақстан тарихы ” журналы № 3мамыр 2009ж
“ Қазақстан тарихы” очерктер
“ Егемен Қазақстан” газеті №461 9 қараша 2010

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кенесары Қасымұлы бас қолбасшы және оның реформалары
Жоспары:
I. Кіріспе
Ата жолын жалғаған текті батыр
II. Негізгі бөлім
а)Халықтың бір т ұтастығын өз мүддесінен жоғары қойған қайраткер
б)Шебер әскери қолбасшы.
в)Ақылды саясаткер, ашуын ақылға жеңдіре білген билеуші.
III. Қорытынды бөлім
Қысқа ғана ғұмырын азаттық жолына арнаған, есімі ел есінде сақталған ержүрек азамат

Кіріспе
Атақты Шыңғыс ханның 27 ұрпағы, Абылай ханның немересі, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847ж аралығындағы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі,Қазақ хандығының соңғы ханы, төре тұқымынан шыққан К Қасымұлы қазақ тарихынан ойып тұрып орын алған қайраткер. Ол өзінің өмірін ата жолын жалғауға арнаған. Жастайынан өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып төрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсаттарына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесары Қасымұлы үш жүзді толық қамти отырып, қазақ елінің Абылай хан тұсындағы териториялық тұтастығын дербестігі қалпына келтіруді өз күресінің ең басты мақсат-мұраты етіп жоғары қойды. К Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа патша үкіметінің 1822ж "Сібір қазақтары туралы жарғының" қалыптасқан хандық құрылымды дәстүрлі билік үлгілерін жоюы қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеген жымысқы саясаты негіз болды. Әуелі бұл саясатқа өз көзқарасын қарт сұлтан Қасым төре білдірген. Патша үкіметінің жерді отарлау саясаты қазақ халкының наразылығын тудырды. Бұл саясатқа алғашында Ғұбайдолла сұлтан қарсы шығады, кеиін оның орнын Саржан сұлтан басты. Алайда қоқан хандығының сатқындығынан 1836ж Саржан сұлтан өлтірілді. Ал 1840ж Қасым төре қаза болады. Осы кезде тарих сахнасына Кенесары мен Наурызбай шығып, қалың қазақ елі Кенесарының соңынан ерді. Кенесарының:" Патшаның ұрдажық сарбаздары тартып алған жерлерді қайтарамкыз!" ұраны қарапайым халықтың ойынан дәл шығып , олардың жүрегіне жерін қайтарып алуға деген үміт отын ұялатты.

Нгізгі бөлім.
Кенесары алғашында қантөгіссіз , барлық жағдайларды дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ол Николай патшаға, орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскииге, Сібір генерал- губернаторы П.Д.Горчаковке хат жолдап, тиісті талаптар қойды. Ол Батыс Сібір генерал-губернаторына жазған хатында: "Ақтау, Ортау, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Өлкеиек, Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында тартып алынып, қаптаған бекіністер салып, халықтың зығырданын қайнатып отырсыздар. Бұл біздің болашағымыз үшін ғана емес, бүгінгі тірлігіміз үшін де қатерлі. Менің тілегім - екі жақтың да халқы мизамшуақ өмір сүруі", - деді.
Кенесары Қасымұлы 1837ж желтоқсанда Николай патшанын өзіне де осындай мазмұнда хат жазады. Алайда заңды талап-тілегі орындалмай, өтініші аяққа басылып , елі мен жерінің біртұтастьығына қатты қауіп төнгендіктен, Кенесары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады. Ақылды саясаткер және шебер қолбасшы ретінде ол соғысқа жан - жақты дайындалды. Жасағына қару-жарақ соғу, соның ішінде зеңбірек құю үшін орыс және өзге ұлт шеберлерін де өзіне тартып, оларға жақсы жағдай жасады. Көп ұзамай Кенесарының қол астына 20мыңға жуық сарбаз жиналып, олардың ішінде Орта жүздің арғын, қыпшақ руларымен бірге Кіші жүздің де шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы тағы да басқа руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат тағы да басқа руларының сарбаздары болды. Кенесары ұлт-азаттық көтерілісінде Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай, Мыңжасар тәрізді батырларға арқа сүйеді.
1838жылдың бас кезінде Ақмола округтік приказынан патша қызметіндегі жансыздар Жақан Көпин мен Сасық Көпенбаевтар сыйлық өкелген болып Кенесары ставкасына кіріп, қысқы қимылдарға дайындалып жатқан жасақтың жайымен танысқан ғой. Кейін олар өз мәлімдемелерінде: "Қазақтардың барлығы да қаруланған. Кенесарының қос тігуді бұйыруы мұң екен, қас қағым сәтте екі жүздей қос тігілді, бұған қоса қардан отызға тарта баспана жасалды да, солардың іші түгел қазақтарға толды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVII – XVIII Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыс
XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы
Қазақ шаруалары
Кенесары Қасымұлы - Қазақ хандығының соңғы ханы
Кенесары Қасымұлы өмірі
Кенесары Қасымұлы
Кенесары - төре тұқымынан шыққан әйгілі қолбасшы
Орыс бақылаушысы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Пәндер