Әл-Фараби және Ақжан Машани (Қасым Аманжолов порталынан)



1971 жылы Мәскеуде өткен халықаралық конгрестің мәжілісінде әл-Фарабидің ЮНЕСКО ауқымында 1100 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі қозғалған кезде бүкіл әлем ғалымдарын таңдандырған оқиға болды. Батыс пен Шығыс ғалымдарының бәрі араб ғалымы деп білетін әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби арабтың да, түріктің де ғалымы емес, қазақтың тікелей бабасы болғаны бұлтартпастай дәлелденген еді. Бұл оқиға тек ұлы ғұламаның өмірі мен еңбегін тереңдеп білумен қатар, дүниежүзі зерттеушілері әлемде қазақ деген ұлт бар екенін, тіпті бүкіл адамзат өркениетінің бір бастауы көне қазақ жерінен таралғанын мойындап, таңғалысты. Сонда әл-Фарабидің қазақ бабасы екенін әлем ғалымдарына мойындатқан кім болды? Қазақ жұрты ғана емес, сол кезеңдегі Кеңес Одағы ғалымдары мұндай ірі зерттеуді жүргізген тарихшы да, рухани саланың ғалымдары емес, құжат бойынша геолог ғалым Ақжан Машани екеніне қанығып таңырқасумен болды. Ал осы айтулы тұлға Ақжан Машани деген кім? Бұл жөніндегі сауалға қазір қазақтың көптеген жастары жауап бере алмайтыны байқалады. Егер әл-Фарабиді зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған Ақжан Машани болса, Ақжан Машанидің өмірі мен еңбегін зерттеп, көптеген еңбектер жазған Сәтбаев атындағы ҚазақҰТУ-дың профессоры, педогогика ғылымдарының докторы, техника ғылымының кандидаты, «Ақжан Машани» халықаралық қоғамдық қорының президенті Шамшиден Абдраманмен сұхбатты жариялап отырмыз.

– Шәке, бүгінгі таңда қазақ жұрты әл-Фарабидің өмірі мен еңбегіне айтарлықтай қанық болса да, оны зерттеп, қазақтың бабасы екенін бүкіл әлем ғалымдарының алдында дәлелдеген және ұлы ғұлама туралы көптеген еңбектер жазған Ақжан Машани туралы жете білмейтіні аңғарылады. Сондықтан да Ақжан Машани туралы әңгімелеп берсеңіз?
– Ақжан Машанидің тұлғасын толық¬қанды тану үшін әуелі әл-Фарабидің қандай зор ғұлама екенін білу қажет. Сондықтан да мен Ақжан Машани жөнінде әңгімелемес бұрын әл-Фараби жөнінде айтып өткенім жөн болар. Ислам діні тарамай тұрған кезде Отырар өңірінің, Тұранның-Сарматтың көне мәдениеті жоғары болған. Ертедегі мәліметтерде Отырар жоғары мәдениетті, оның кітапханасы дүние жүзіндегі кітапқа бай орын болған. Осы жағынан ол Александриядан кейінгі екінші орын алады деп жазған Александрия ғалымы Птоломей.
Әл-Фараби бала кезінде Отырарда туған. Оның әкесі атақты, ауқатты, қолында билігі болған. Әл-Фараби сауатын балалық шағында өзінің елінде, өзінің ана тілінде алған. Ол 16 жасында (кейбір мәлімет бо¬йынша 12 жасында) керуенге ілесіп Бағдатқа оқуға келген. Ол кезде Бағдат халифасының се¬німді сарбаздарының көбі түркістандықтар-мамлюктер, яғни әл-Фараби елінен болған. Сол себепті әл-Фарабидің бұл жерден ғылым үйренуіне жағдай болды деп білеміз. Оның үстіне Бағдат Арун Рашид кезінен бастап ғылым, өнер қуған адамдарға қақпасын кең ашқан. Алғашқы кезде әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші, музыкант ретінде танытқан. Кейін ол ірі ғалымдардан дәріс тыңдап, сабақ алған. Оның алғашқы ұстаздары Александрия¬дан, Византиядан ығысып келген ғалымдар болған. Грек, араб тілдерін меңгерген соң, басқа шаһарларда тұратын ғалымдардан дәріс алады. Содан ол араб елдеріне келіп, еңбектерін араб тілдерінде жазып мәшһүр болды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби және Ақжан Машани Қасым Аманжолов порталынан

Бір күй бар...
1971 жылы Мәскеуде өткен халықаралық конгрестің мәжілісінде әл-Фарабидің ЮНЕСКО ауқымында 1100 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі қозғалған кезде бүкіл әлем ғалымдарын таңдандырған оқиға болды. Батыс пен Шығыс ғалымдарының бәрі араб ғалымы деп білетін әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби арабтың да, түріктің де ғалымы емес, қазақтың тікелей бабасы болғаны бұлтартпастай дәлелденген еді. Бұл оқиға тек ұлы ғұламаның өмірі мен еңбегін тереңдеп білумен қатар, дүниежүзі зерттеушілері әлемде қазақ деген ұлт бар екенін, тіпті бүкіл адамзат өркениетінің бір бастауы көне қазақ жерінен таралғанын мойындап, таңғалысты. Сонда әл-Фарабидің қазақ бабасы екенін әлем ғалымдарына мойындатқан кім болды? Қазақ жұрты ғана емес, сол кезеңдегі Кеңес Одағы ғалымдары мұндай ірі зерттеуді жүргізген тарихшы да, рухани саланың ғалымдары емес, құжат бойынша геолог ғалым Ақжан Машани екеніне қанығып таңырқасумен болды. Ал осы айтулы тұлға Ақжан Машани деген кім? Бұл жөніндегі сауалға қазір қазақтың көптеген жастары жауап бере алмайтыны байқалады. Егер әл-Фарабиді зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған Ақжан Машани болса, Ақжан Машанидің өмірі мен еңбегін зерттеп, көптеген еңбектер жазған Сәтбаев атындағы ҚазақҰТУ-дың профессоры, педогогика ғылымдарының докторы, техника ғылымының кандидаты, Ақжан Машани халықаралық қоғамдық қорының президенті Шамшиден Абдраманмен сұхбатты жариялап отырмыз.

- Шәке, бүгінгі таңда қазақ жұрты әл-Фарабидің өмірі мен еңбегіне айтарлықтай қанық болса да, оны зерттеп, қазақтың бабасы екенін бүкіл әлем ғалымдарының алдында дәлелдеген және ұлы ғұлама туралы көптеген еңбектер жазған Ақжан Машани туралы жете білмейтіні аңғарылады. Сондықтан да Ақжан Машани туралы әңгімелеп берсеңіз?
- Ақжан Машанидің тұлғасын толық - қанды тану үшін әуелі әл-Фарабидің қандай зор ғұлама екенін білу қажет. Сондықтан да мен Ақжан Машани жөнінде әңгімелемес бұрын әл-Фараби жөнінде айтып өткенім жөн болар. Ислам діні тарамай тұрған кезде Отырар өңірінің, Тұранның-Сарматтың көне мәдениеті жоғары болған. Ертедегі мәліметтерде Отырар жоғары мәдениетті, оның кітапханасы дүние жүзіндегі кітапқа бай орын болған. Осы жағынан ол Александриядан кейінгі екінші орын алады деп жазған Александрия ғалымы Птоломей.
Әл-Фараби бала кезінде Отырарда туған. Оның әкесі атақты, ауқатты, қолында билігі болған. Әл-Фараби сауатын балалық шағында өзінің елінде, өзінің ана тілінде алған. Ол 16 жасында (кейбір мәлімет бо - йынша 12 жасында) керуенге ілесіп Бағдатқа оқуға келген. Ол кезде Бағдат халифасының се - німді сарбаздарының көбі түркістандықтар-мамлюктер, яғни әл-Фараби елінен болған. Сол себепті әл-Фарабидің бұл жерден ғылым үйренуіне жағдай болды деп білеміз. Оның үстіне Бағдат Арун Рашид кезінен бастап ғылым, өнер қуған адамдарға қақпасын кең ашқан. Алғашқы кезде әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші, музыкант ретінде танытқан. Кейін ол ірі ғалымдардан дәріс тыңдап, сабақ алған. Оның алғашқы ұстаздары Александрия - дан, Византиядан ығысып келген ғалымдар болған. Грек, араб тілдерін меңгерген соң, басқа шаһарларда тұратын ғалымдардан дәріс алады. Содан ол араб елдеріне келіп, еңбектерін араб тілдерінде жазып мәшһүр болды.
Әл-Фараби ғұмырының соңын Сирия-Шам елінде өткізген. Өйткені, сол кезде Сирияның мәдени өркендеу деңгейі басқа араб елдеріне қарағанда жоғары болған. Әл-Фарабидай ұлы дананы атақты әмір Сайф ад-Даула Хамдани құрмет тұтқан. Мұның бір себебі, қыпшақ батырлары Бағдат әмірлері болған. Олармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін, олардың ағалары қыпшақ ғұламасына ерекше қасиет көрсетуді мақсат етеді. Сөйтіп, әл-Фарабиді арнайы шақыртады. Салтанатты кешке келген ғалымның сәлемін ерекше ілтипатпен қабылдаған әмірге әл-Фараби: Тақсыр сіздің көрсеткен жеріңізге отырайын ба, әлде өзімнің қалаған жеріме барып отырайын ба? дейді. Оны сынамақ болып: Қалауыңыз білсін дейді әмір. Әл-Фараби жұртты айналып өтіп, тақтың қасынан әмірмен тізерлей келіп жайғасады. Мұндайды ұната қоймаған әмір, тақ күзетшісіне тек қана өздері түсінетін тілде: Мына қарт әдепсіздік көрсетті. Егер мәжілісті гүлдендіре алмаса оны қалай жазалауды ұмытпаңдар дейді. Әлбетте тақсыр дейді олар. Әл-Фараби сол тілде: Сабыр түбі сары алтын, істің ақырын күткен дұрыс дейді. Патша сасып қалады: Бұл тілді сіз де білетін бе едіңіз? дейді. Таңданбаңыз, мен жетпіс тіл білемін дейді баба.
Отырғандар ғұламаға бірінен соң бірі сұрақ қойып, көп жайттан қанығады. Араларынан қыңыр сұрақ қойып, ғалымды сүріндірмекшілер де табылады. Бірақ ғұлама бәріне дұрыс жауабын беріп, жөнін айтып отырады.
Сол кездегі әдет бойынша, яғни қазіргі кезде келелі кеңесте жүргізілетін стенограмма тәрізді сол әмір мәжілісінде әл-Фарабиға қойылған 46 сұрақ пен оған берілген жауап - тары сақталғанын Ақжан Машани нақты білген.
Ақжан Машани 1970 жылы Жазушы бас - пасынан шыққан әл-Фараби тарихи романында сол әмір өткізген мәжілістегі оқиғаны нанымды түрде көркем тілмен жазған еді. Жалпы Ақжан Машани үш көркем шығарма жазды. Бірі - жастарды ғылымға баулитын ғылыми-фантастикалық романы Жерастына саяхат, екіншісі - ұлы ғұламаның азаматтық бейнесін сомдаған Әл-Фараби тарихи деректі романы, үшінші - қазақтың дүниетанымына арнаған Табу романы.
Сол, Сирия әмірі ұйымдастырған мәжілісте өнер керсеткендерге әл-Фараби түрлі музыкалық аспаптардың мақамын дұрыстап беріп отырады. Әл-Фарабидің музыкаға бейім екендігін көріп, байқаған әмір ғалымның күй тартуын қалайды.
Әл-Фараби өзімен алып келген аспабын ала салып, күй тартып, тындаушыларды тәнті етеді. Музыканы қатты ұнататын Сайф ад-Дау музыка жөнінде кітап жазып беруді тапсырады. Әл-Фарабидің артында өлмес мұрасының бірі болған Музыканың үлкен кітабының жазылу себебі осы еді.
Әмір әл-Фарабиге ризалығын біл - діріп тұрып, қандай тілегі болса, соны орын - дайтындығын айтқанда, тек түстік асына қажет 4 дихраммен қанағаттанатындығын білдіреді...
- Әл-Фараби қазаққа алғаш қалай әйгілі болды?
- Әл-Фарабидің қыпшақ перзенті екендігін замандастар арасында алғаш әйгілеген құжат А. Машанидың Қазақ ҚСР ҒА президенті Қаныш Сәтбаевқа жазған хат демекпіз. Егер Ақжан ағаның сөзімен айтсақ, бұл FA-да әл-Фараби еңбегін кеңінен баяндаған құжат. Сонан соң Ақаңның 1961 жылы Академияның №5 хабаршысында жарияланған әл-Фараби еңбектері туралы мақаласы болды. Мақалада әл-Фарабидің 1100 жылдығын атап өту жөнінде мәселе қозғағанда, оның қолында сол кезде-ақ көптеген деректер жинақталғанын көрсетеді.
Сол мәліметтерге қарағанда әл-Фараби еңбектерінің жалпы саны жүзден асады. Зерттеушілердің айтуынша әл-Фараби еңбектерін бөлек-бөлек қағаздарға жазып, көрінген шәкірттеріне бере салады екен. Соның салдарынан оның еңбектерінің арабша көп нұсқасы жоғалып кеткен. Бірақ арабша нұсқасы жоғалып кеткен еңбектерінің біразы латынша, еврейше аудармаларда сақталған. Оның бұл еңбектерін Еуропа ғалымдары кең түрде пайдаланған. Ал араб ғалымдары әл-Фараби тірі кезінде де, өлгеннен кейін де оны өздерінің ұстазы деп білген. Әсіресе, оның еңбектерін Орта Азия ғалымдары жоғары бағалаған.
Әл-Фараби еңбектерінің кейбіреулері неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылған. Шығыс елдерінде әл-Фараби туралы жазылған еңбектер көп. Солармен бірге Айқап, Шора журналдарында әл-Фараби жөнінде аздаған мәліметтерге дейін Ақжан жинастырыпты.
Әбу Насыр әл-Фараби еңбегі алғаш рет қазақ тілінде атты мақаласына А.Машани белгісіз суретші салған ұлы баба суретін қоса берген еді. Омырауы ашық, қыпшақ шапанның ішінен кісе белбеу буынған бабаның түрегеп тұрған күйінде оң жақ қолымен үстелге сүйенген бейнесі салынған. Ал үстел үстінде адам құшағына әзер сиятындай орта ғасырлық кітап жатыр. Үстелді оң қолымен таяна тұрып, сол қолымен кісесін ұстаған бабамыздың мына келбеті, өзінің қыпшақ нәсілі, дала перзенті екендігін мақтан еткендей әсер қалдырады. Қаба сақал баба басындағы бөрікті де араб бас киіміне ұқсату қиын, ол қыпшақ бөркі. Тек аяғына іле салған шәркейі ғана ұлы бабамыздың ыстық өлкедегі ғұмырын елестетеді.
Суреттің үстіңгі жағында бабаның есімі, туған, қайтқан араб әріпімен берілгендігіне қарап, белгісіз уақыттағы бұл сурет әл-Фараби дүниеден өткен соң салынған деуге болады.
Дегенмен, бұл суреттің тым ертеде салынғанын байқауға болады. Бірақ, оны кім салды? Бұл жөнінде Ақаң да ауыз ашпады, мен де сұрамаппын. 1961 жылдың аяғында сол мақаламен бірге осы сурет Білім және еңбек журналында жарияланған болатын.
− Олай болса біздің тұңғыш теңгемізде, әл-Фарабиге қойылған ескерткіштерге осы сурет нұсқасы емес, басына сәлде ораған бейнесі жасалғаны қалай?
- Бұл намаз оқитын діншіл ғалым Ақжан еңбегіне мән бермеудің салдары болса керек.
− Ал енді Ақжан Машанидің әл-Фарабиді қалай зерттегені жөнінде әңгімелеп берсеңіз?
− Әл-Фараби мұрасын іздестіру А.Машани ұстанған жол болды. Бірі - кітап - ханааралық абоненттік байланыс арқылы әлемнің ірі-ірі қалаларындағы кітапханаларға хат жолдау. Екіншісі - шетелге шығу. Үшіншісі - өз елінен табылар-ау деген қалаларға бару.
Лондон, Каир, Париж, Берлин, Лис - сабон, Бейрут тәрізді, қалалардағы ірі деген кітапханаларға жолданған хаттар сол 1958 жылдары басталып, үзіліссіз жалғасып жатты.
Хаттар жазудың нәтижесінде Ақаңның қолына әл-Фарабидің Музыканың үлкен кітабы (Китаб эл-мусихи аль-Кабир) тиді. Мұның Ақаңда арабша нұсқасы жоқ болатын. Кітап 1930 жылы үлкен том болып, француз тіліне аударылып Парижде басылған. Шет жұрттарға баруға қаражат та, уақыт та көтермейтіндігі белгілі. Мұның алдында Мәскеу, Ленинград кітапханаларынан табылған баба жайлы аздаған деректердің ішінде неміс тіліндегі екі, ағылшын және түрік тілдеріндегі бір-бірден табылған әл-Фараби еңбектерінің библиографиялық тізімі шетел кітапханаларынан баба мұрасының көшірмесін сұратып алуға түрткі болады. Сөйтіп, Ақжан ағаның қолында 1958-60 жылдары әл-Фарабидің оншақты шығармасы және оның еңбегін зерттеушілердің дүниелері болып еді.
- Әл-Фарабиді өзбек ғалымдары өздерінің бабасы етуге тырысып, Ақжан Машанимен айтысып-тартысқаны рас па?
- Түркі тарихын өзіне меншіктеп алуда алдына жан салмайтын өзбек ағайындары - ның әдеті Ақаңа таныс. Әл-Фарабиді қазақ етер қазықты қағып алған соң да ташкенттік әріптестерінің әрекетінен қорғану А.Машаниға оңайға түскен жоқ-ты...
Ақаң Ташкентте Бируни атындағы Шығыстану институтына әдейі барып, әл-Фараби туралы ешқандай деректің жоқ екендігіне көзі жетеді. Өзбек ағайындары әл-Фараби есімін мүлде естімеген болып шықты. Институт директорының орынбасары Мұзафар Хайруллаевтың Ақаң жинаған әл-Фараби тұрғысындағы азды-көпті мәліметтеріне таңырқауында шек болмады. Оның болашақ докторлық диссертация тақырыбының тағдырын да сол жолы анықтауға Ақаң себепкер болды. Баба хақындағы қолындағы материалмен бөлісті, әл-Фарабиге көз алартпаңдар дегендей өзінің мақаласы жарияланған Академия хабаршысы мен Білім және еңбек журналдарын сыйға тартты.
Әйтсе де, Ақжан ағаның бұлтартпас дәлелді құжаттарын көре тұрса да, өткен ғасырдың алпысыншы жыдарының басында: Мына сәлде киген молда кім өзі, қазақ болса руы кім екен, еңбегін неге арабша жазған? деп казақ ғалымдары жаппай қарсы шығып мойындамай жүргенде ит-тартыспен 3-4 жыл өтеді. Әл-Фарабидің өзбек тілінде бірнеше мұрасы жарық көріп, бұл кезде Хайруллаев Ақаң ақыл берген тақырыпты игеріп, әл-Фараби философиясынан докторлық диссертация қорғап алып, енді ұлы бабаны өздеріне еншілей бастаған-ды. Осындай әңгімені Ақжан әл-Бирунидің 1000 жылдық мерейтойына барған жолы естиді: Ақжан-ака, әл-Фараби заманында қазақ-өзбек еншісі бөлінбеген ел еді ғой, оны қазақ тумасы деп бөле тартпай, өзбек халқына да ортақтастыра бермейміз бе? - дегенде, Машани: Түрік тумаларын бөліп-жару қазақтан басталған жоқ еді ғой, ағайын. Науаи, әл-Бируни, әл-Хорезми туған кездерде де қазақ пен өзбек еншісі ортақ емес пе еді? Қазақ жері Отырарда туған әл-Фарабиді ортақ еткілеріңіз келсе, онда өздеріңіз жеріне қарай еншілеп алған өзге даналарды да ортақтастырайық деген-ді... Сол кезде Қазақстандағы фарабитану жөнінде Машани бастамасынан хабардар Мұзафар: Хуп, әл-Фараби қазақ болсын, Ақжан-ака. Бірақ сіз Ташкентке келіңіз, бабаңды тануға сізге барлық мүмкіншілік тудырылады деп қазақ ғалымдарының арасыңдағы баба мұрасына қарсы көзқарастан хабардар Мұзафар әл-Фарабиді өзбек етудің енді басқа бір айласын ұсынған болатын. М.Хайруллаевтың әл-Фарабиді ташкенттік еткісі келген пиғылы 1971 жылы Мәскеуде өткен халықаралық конгрестің 13-ші мәжілісінде, ұлы бабаның ЮНЕСКО тарапынан 1100 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі сөз болғанда айқындалған болатын. Осының кесірінен ұлы бабаның мерейтойын өткізу мәселесі қыл үстінде қалып еді. Оқиға былай болды: М. Хайруллаев сөз алып: әл-Фарабидің мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция тек Ташкентте өткізілуге тиісті, әрі баба мұрасы марксизм тұрғысынан әділ бағаланды дегенде, мәжілісті басқарушы Египет ғалымы үстелді қойып қалып, орнынан атып тұрған-ды: Ислам ғылымының алы - - бы әл-Фарабиді марксизмге жүндетуге бе - ре алмаймыз. Ғұламаның мерейтойы өзі ғұ - мыр кешкен араб елінде өтеді дейді. Осындай сәтте Алланың құдіретін мойындатар сөзді араб тілінде айтып, А.Машани төрағадан сөз сұрайды. Өз тілінде тілек еткендігінен бе, төраға сабасына түскендей болып, Ақаңа сөз береді. Әл-Фарабидің туған қаласы Фараб-Отырар, елі Қазақстан екенін дәлелдеп, қазақ ғалымдарының баба мұрасын игерудегі жұмыстарын баян етеді. Сөйтіп, ұлы ғұламаның отаны Қазақстан екені нақты айқындалады. Көне заманда әйгілі ғұлама Птоломей мұны нақты жазып, карта жасап, Отырарды әл-Фарабидің туған жері деп бұлтартпай кеңінен дәлелдегені мәлім болады. Әл-Фараби ұлы ғалымдар қатарында халықаралық тізімге кіргізілсін, оның 1100 жылдық мерейтойы КСРО-да, отаны Қазақстанда тойлансын деген қаулы қабылданған еді. Сөйтіп, әл-Фарабиге арналған халықаралық форум 1975 жылы 8-13 қыркүйекте Мәскеуде басталып, Алматыда аяқталды. Бұл қазақ ғылымын - дағы ұлы жеңіс, бүкіл әлем жұрты қазақ өркениеті, ғылымы мың жылдан ары басталғанын мо - йындады.
- Әл-Фараби еңбектерімен Абай қалай таныс болған?
- Кезінде қазақ зиялылары білім алған Ғалия медресесінің кітапханасы Уфа мешітінің қарамағында баяғы қалпында сақталған екен. Ақаң содан әл-Фарабидің үш кітабын бірден тапты. Оның бірі неміс аудармасы, ол өзінде бар-тұғын. Ал 1907 жылы Каир - де шыққан екі кітапта ұлы бабаның он екі
еңбегі және өмірбаяны жинақталыпты. Мешіттің имамы Камал Башари қази әл-Фарабидің қазақ-қыпшақ тумасы екендігін естіп қуанып, сол кітаптың бірін Ақаңа сыйға тартып, Қазандағы Маржани медресесінде, кезінде әл-Фараби логикасы (мантих) жеке дәріс ретінде оқытылғандығы туралы
айтады. Шынында да Шоқанның замандасы әрі досы Шағабутдин әл-Маржани әл-Фараби еңбегін жоғары бағалап, медреседе оның мұрасынан арнаулы дәріс оқытқан-ды. Соның арқасында әл-Фараби есімі Қазан-Уфа ғалымдарына мәлім болған. Ендеше Ш.Маржани арқылы Абай мен Шәкәрім әл-Фарабиді білгені анық. Сол жолы Қазаннан іздегенін тауып, ең бастысы кезінде Құнанбай салдырған Қарқаралы мен Семейдегі мешіттерде Қазан-Уфа медресесін бітірген имамдар ұстаздық еткендігін білетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философские трактаты
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Ақжан Әл – Машани және Геомеханика
Ақжан Машанов ғибраты
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Ақжан Әл-Машанидің ғылыми-танымдық публицистикасы
Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары. Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың өмір асулары
Пәндер