Батыр-Бауыржан



1. Кіріспе
2. Батыр.Бауыржан
3.Елі үшін жанын берген батыр аға
4.Жас ұрпаққа тәрбие берген
5.Қорытынды
6.Қолданылған әдебиеттер
Аты мен хаты бүкіл дүние жүзіне аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының дүниеден өткеніне де біраз жыл болып барады. Қырықтық қырқасына шығуға жақындаған кезде жазған бір өлеңінде ол:
“Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде”,-
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде,-
деп толғаныпты. “Салмақтайтын саналы ер табылса, Атаусыз неге қалсын менің атым!”деген сенімді оймен түйінделетін шумақтары да бар. Осының бәрі расқа айналып отыр. Тарихтың түкпірінен келгенде, Абай мен Ахмет, Мұхтар мен Қаныш секілді алыптар қатарында Бауыржанның аты аталуы тиіс. Батыр ретінде де, ақын-жазушы, әскери қолбасшы және шешен де көсем дана ретінде де ойтолғаныстарының орасан жақашылдығымен ол да ұлттық құбылысқа айналып кеткен Ренессанстық тұлға еді десек, ақиқатты айтқан боламыз. Себебі: Б. Момышұлы қазақ рухының ұзақ-ұзақ теперіштерден кейін қанды майдан даласында қайта тепсініп көрінген сесті де аруын сілкініс-бұлқынысы іспетті. Қарақыпшақ Қобыландыларының ел қорғаған ерлік хикаялары атадан балаға мирас болып қалған халық XX ғасыр ерлерін туғызбай тұра алмаушы еді.
1. “Совет Одағының қазақстандық батырлары”. “Қазақстан”баспасы. Алматы,1969
2. “Қазақтар.Казахи”. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. 2 – том. “Тарихи тұлғалар”
3. Қазақ Совет Энциклопедиясы

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р
1. Кіріспе
2. Батыр-Бауыржан
3.Елі үшін жанын берген батыр аға
4.Жас ұрпаққа тәрбие берген
5.Қорытынды
6.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Аты мен хаты бүкіл дүние жүзіне аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының дүниеден өткеніне де біраз жыл болып барады. Қырықтық қырқасына шығуға жақындаған кезде жазған бір өлеңінде ол:
"Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде",-
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде,-
деп толғаныпты. "Салмақтайтын саналы ер табылса, Атаусыз неге қалсын менің атым!"деген сенімді оймен түйінделетін шумақтары да бар. Осының бәрі расқа айналып отыр. Тарихтың түкпірінен келгенде, Абай мен Ахмет, Мұхтар мен Қаныш секілді алыптар қатарында Бауыржанның аты аталуы тиіс. Батыр ретінде де, ақын-жазушы, әскери қолбасшы және шешен де көсем дана ретінде де ойтолғаныстарының орасан жақашылдығымен ол да ұлттық құбылысқа айналып кеткен Ренессанстық тұлға еді десек, ақиқатты айтқан боламыз. Себебі: Б. Момышұлы қазақ рухының ұзақ-ұзақ теперіштерден кейін қанды майдан даласында қайта тепсініп көрінген сесті де аруын сілкініс-бұлқынысы іспетті. Қарақыпшақ Қобыландыларының ел қорғаған ерлік хикаялары атадан балаға мирас болып қалған халық XX ғасыр ерлерін туғызбай тұра алмаушы еді.

Батыр-Бауыржан

Ал ол 1910 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Жамбыл облысында, Жуалы ауданы Көлбастау ауылындағы Мұңбұлақ шатқалында дүниеге келіпті. Әуелінде ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Сосын Бурное станциясындағы Евгеньевна селолық орыс мектебінен бастауыш білім алып шығады. Бұдан әрі Аса кентіндегі , Шымкент қаласындағы интернаттарда тәрбиеленіп, 1928 жылы жетіжылдықты бітіреді. Одан кейін ауылда екі жыл мұғалім, үш жылдай аудандық атқару комитетінің хатшысы, аудандық милиция бастығы болған.
Ол туралы замандастарының жазғандары мен өзінің шығармаларындағы ой-толғаныстары Батырдың тұлғасын әр қырынан түсінуге мүмкіндік береді. Бұл кісінің бойында қазақтың әйгілі үш биінің даналығы бас қосқандай сезіліп тұратын. Оның қандай адамгершіл өмірлік принциптерді идеал тұтқанын: "Намысты нанға сатпа," "Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық", "Ар өмірден қымбат, масқаралық пен абыройсыздық өлімнен жаман", "Адамның адамгершілігіне мақтаныш сезімі тірек болады", "Өтіріктің балын жұтып тір жүргенше, Шындықтың уын ішіп өлген артық"... деген төл тума даналық пікір-пайымдарынан парықтауға болады. Батыр әсіресе парыз сезімі туралы көбірек көкейкесті сыр шертіп кетер еді. Өйткені ол парыз сезімін жеке бастың, Ұлттың, Отанның мақтанышы деп ұғатын - ды.
Момышұлы 1931 жылы Шымкент қаласында банк қызметкері боп істегенін көп адам біле бермейді. 1932 жылы әскер қатарына алынады да, сонда жүргенде кіші командирлер курсын тәмәмдап, елге оралған соң, аға экономист ретінде банк қызметін атқарған ғой. Ленинград Қаржы академиясы жанындағы бір жылдық курсты үздік бітірген ол 1936 жылдың наурызына дейін банктің экономист-консультанты болып істейді.
Ол өмірде бәрін шотқа қағып отыратын есепшіл кісі емес; оның өзіндік рухани есеп- қисабы болды. Ол өз халқын шексіз сүйді, халық ұлы болды, Отанын туған үйім, Армияны өз отбасым деп атайтын. Отбасында кішінің үлкенді ізеттеуін талап етті, өзара қамқор көңіл үстемдігін аңсады. Әскердегі тұрақты қалыптан ауытқу нышандарын алдымен сезінгендердің бірі еді, әйтпесе, былай деп өкінішті сыр шертпеген болар еді: 1932 жылы қарашада ол армия қатарына шақырылды. Ол кезде оларды "Қызыл әскер жолдас түгенше" деп атайтын. Ол "жолдас қызыл әскер" болып жүргенде командалық құрам арасынан солдаттың жер-жебіріне жететін бірде-бір есерсоқты да, дөрекіні де кездестірмеген.
1936 жылы наурызда Бауыржан Момышұлы Қазақ Республикасының Әскери Комиссарияты шақырып, шұғыл Ташкентке жөнелтеді де, мұнда ол жаңадан жасақталған полктың взводын басқаруға бұйрық алады. Осы қызметте бес жылын өткізген Бауыржан Момышұлы 1940 жылы аға лейтенант шенінде әскери қызметін одан әрі жалғастыруға Украинаның Житомир қаласына келіп, 406-полк штабы бастығының бірінші орынбасарлығына тағайындалады. Сосын тағы да Қазақ Әскери Комиссариятына оралып, 1941 жылы қаңтарда аға нұсқаушы міндетін атқаруға кіріседі.
Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ, генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың шақыруымен 316-атқыштар дивизиясын жасақтауға белсене қатысады,батальон басқарады. Ол нақ осы дивизиямен бірге Москва түбіндегі шайқастарда көзге түсіп,ерлігі елге кең тарағаны мәлім.
Бес рет жау қоршауында қалып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы табан тірескен ұрыс жүргізе отырып, дұшпан шебін аман-есен бұзып шыққан бұл ер-жүрек батальонды генерал Панфилов ендігі жерде дивизия командирінің резерві етіп ұстауға ұйғарады. Аты аңызға айналған генерал Панфилов ерлікпен қаза тапқан соң, 316-атқыштар дивизиясы Совет Одағының Батыры генерал-майор И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия атағын алады. Туған дивизиясында Бауыржан 1973-полкты басқарады. 1944 жылы қазанда К.Е.Ворошилов атындағы Жоғары әскери Академияның жанындағы Білім жетілдіру курсын полковник дәрежесінде бітірген ол майданға оралып, Курляндияда ұрыс жүргізіп жатқан 9-гвардиялық дивизияның командованиясін қабылдап алады.
Соғыс біткесін гвардия полковнигі Б.Момышұлы К.Е.Ворошилов атындағы 1-дәрежелі Суворов орденді Жоғары әскери Академияның толық курсын үздік бітіреді.

Елі үшін жанын берген батыр аға
Совет армиясы қатарында қала отырып, ол қазіргі Тверь, бұрынғы Колинин қаласындағы әскери академияда профессор дәрежесінде тактикадан сабақ берді. Бауыржан сол жылдары жаңа-жаңа білініп келе жатқан қауіпті бейруханилық нышандар түбінде неге әкеліп соқтыратынын бүкіл жан-тәнімен алдын ала сезсе керек. Армия мен мемлекетті байланыстырып тұрған саяси жүйенің сыр бере бастауы қолбасшыны қобылжытқаны сөзсіз. Сол жылдары жоғары командывание атына айтылған сын үшін әділетсіз қуғын-сүргінге ұшырау әдетке айнала бастаған. Генералитеттің бір бөлегі тарапынан жасаған қысым-қыспақ нәтижесі оның Краснояр өлкесіндегі дивизия командирінің орынбасары болып тағайындалуынан анық.
Үнемі қаңқу-саңқу, өсек-аяқ, жолсыз жазғыру төзгісіз жағдайға ұрындырғаны соншалық, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының қайсыбір офицерлердің, генералдар мен маршалдардың дәрменсіздігі туралы, Армиядағы кемшіліктер туралы және әскери шовинизм хақында өз пікірін көпшілік алдында ашық та батыл айтуға, ал бұл әрекеті 1956 жылы оның "денсаулық жағдайына байланысты" деген желеумен запасқа кетуіне мәжбүр етті.
Ол солдат туралы жазғанда, сол кездегі елдің қарапайым азаматтарын көз алдына ұстай отырып толғанған сияқты: "Солдат болу, әскери адам болу оңай емес. Себебі, біріншіден, қызмет бойынша солдаттың ешқандай домекратиялық құқығы жоқ. Қатарда тұрғанда қимыл еркіндігі жеке өмір, өзін билеп-тастау құқығы болмайды.
Адам қара жердің қойнына кіргенше қоғамдық тәрбиені қажет етеді. Ересеке тәрбие керегі жоқ деп есептейтіндер қателеседі. Солдат ересек адам, бірақ қоғамдық жағдайы оны төменгі дәрежеге қояды, ал армиядағы бұл ахуал ол турасында болғын бозбаладан бетер қамқор қарым-қатынас пен ойлы көзқарасты талап етеді. Солдат жаны қатып қалған тас емес, ол да ет пен сүйектен жаратылған адам, сондықтан адамзатқа тән нәрсенің бәрі оған тән. Ұлттық мақтаныш - жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң әрі қасиетті сезім. Кімде-кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса, ол адам - сөзсіз арамза, қаңғыбас. Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білу тиіс.
Совет Одағының Батыры, генерал Петр Вершигораның: "Бізге Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері белгілі. Жазушы болып, ол екінші ерлік жасады. Екі ерлігі де, менің түсінігімше, бір-бірінен кем соқпайды", - деген пікірін көптеген адамдар ұмытқан жоқ.
Бауыржан Момышұлы десеңіз болды - ешқандай атақ-марапатын, шен-шекпенін шетінен тізіп жатпай-ақ - оның батырлық пен арлылықтың, ақиқатшылдық пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы туралы деректер
Бауыржан Момышұлы туралы хикая
Бауыржан Момышұлының қаламынан туған көркем шығармаларының жазылу тарихын, көркемдік стильдік ерекшелігін талдауды негіздеу
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982)
Бауыржан момышұлының өмір жолы
Қазақ халқының мақалдары
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Бауыржан Момышұлы: тарихи тұлға және көркем образ
Бауыржан Момышұлының өмірбаяны
Пәндер