Әлемдік ғалымдардың пәтуаларын назарға ала отырып, ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері



Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекеті ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма екі жыл толды. Осы жылдар аралығында біздің қоғамымыздың барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық дәрежеде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарих тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Ислам шариғаты шынтуында қоғамға қатысты көптеген мәселелерді шешетіндігі жасырын емес. Жұмыстың бағыты Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері және Сауда-саттық мәселеріне кеңінен тоқталып өтеді. Жаңа техника мен технология қарыштап дамыса да, болашақта сауда-саттықтың маңызы біз ойлағаннан гөрі әлдеқайда жоғары болды. Жалға беру арқылы табыс табу адамның күнделікті өмірдегі қажеттілігі болғандықтан Исламда оның өзіндік орны бар. Алла тағала Құранда:
«Егер ажыраған әйелдер, сендер үшін бала емізсе, сонда олардың жалақыларын беріңдер. Өзара дұрыстықпен ақылдасыңдар егер (аз беріп көп тілесеңдер) бір біріңе ауырлық саласыңдар, баланы басқа айелге емізуге болады [1, 65/6].
Сонда екі әйелдің бірі ұялған түрде келіп: «Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады» деді. Мұса (ғ.с) Шұғайб (ғ.с) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайб (ғ.с): «Қорықпа! Залым елден құтыласың» деді. (25) Екі қыздың бірі: «Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалданған адамдардың хайырлысы да, күшті сенімдісі.» деді(26) (Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С ға): «Маған сегіз жыл жалға жүруіне орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табасың», - деді. (27) (Мұса Ғ.С): «Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасам да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл», - деді (28)[1, 28/25-28].
Хз. Шұғайб (ғ.с)-нің Мұса (ғ.с) ға сегіз жылдық істің тапсырылуын құран кәрімде хабар берілуі бір кісінің басқа бір кісі үшін жасалған еңбегінің ақысы ретінде нақты құнының табыс көзі болу үшін рұқсат етілгендігін білдіреді.
Сайд ибн Әлмусайбтің Сағд ибн Әбу Уаққастан (р.а) риуаят етілген хадисте «біз жердің жақсы өнім беретін жердің жалға беретін едік.
Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біздердің осылай істеуімізден тыйды және жалға беру алтын немесе күміс ақшасымен келісім жасауымызды бұйырды[4.117 - бет].
Сондай-ақ дипломдық жұмыста мынандай еңбектер жиі қолданылды, Мысалы: Хамди Дөндүреннің «Ислам Құқықы бойынша Сауда-саттықтың үкімдері» Абу Абдуллаһ Мухаммед бин Исмаил 1-8 томы, Әл-Касанидің «Бада-и уа сана-и» Ибн Қудама, Әл-Муғни атты еңбегі Әз-зухайлидің, Әл-фатхул ислам уа әдиллатуһу кітабы Дамаск қаласында басылған, және Халифа Алтайдың Құран кәрім қазақша мағнасы және түсінігі. Медине қаласында жарық көрген және Ибн Рушд, Абул уалид Мухаммад бин Ахмад Ал-Хафид, 520/1269 Бидәятул-мужтәһид, уа ниһаяту муқтасид және тағы басқа кітаптар кеңінен қолданылды.
Ислам адамзат өмірінің кез-келген қырларына араласатын иләһи (тәңірлік) дін. Адам бұл дүниенің есігін «іңгәләп» ашқаннан бастап Ислам оның тазалығын, құлшылығын, үйленуін, басқалармен қатынасын, тіпті дәретханаға қалай кіріп, қалай шығатындығына дейінгі кез-келген іс-әрекеттерін реттейді. Сондықтан да, дәрет алудан бастап жиһадқа дейінгі тақырыптарды кеңінен қамтыған ислам шариғаты Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері мәселесіндеде толық қанды түсінік берді. Сондықтан жұмыстың бағыты салафи ағымын даттау немесе жақтаудан бойымызды аулақ ұстап, Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдеріне рационалды баға беру.Жетістігін анықтау, қазіргі кездегі басты сипаттарын зерделеу болып табылады.
1 Халифа Алтай, Құран кәрім қазақша мағнасы және түсінігі, Медине қаласы, 1991 ж.
2 Ахмәд ибн Хәнбал, Мүснәд, III том 466- бет, Мысыр. Булақ 1313/1895.
3 Әл-Фадл ибн Сахл Әс-Сарахси, 15-ші том, 74-ші - бет, баспасы көрсетілмеген.
4 Алау әд-дин Әл-Касани, « Бада-и уа сана-и» 4-ші том, 173- бет, Кайр.
5 Әз-Зәбиди, Тәжриди сарих, аударған Камил Мирас, 7 басылым, Анкара 1984, VI, 370- бет.
6 Әл-майдани, Абдулғани Әл-лубаб, 2-ші том, 88-ші - бетте.
7 Бидәятул-мужтәһид, уа ниһаяту муқтасид IIІ т, Матбағатул Истиқома, 278 - бет, Мысыр 1933 ж.
8 Бухари, Мухаммад бин Исма‘ил Абу ‘Абдуллах аль-Джу‘фи аль- Бухари. Әл-жамиғу әс-сахих, 4-ші том.19 б, Бейрут 1972
9 Зайлаи Фахруддин Осман бин Али, 743/1342, Әл Әмерия баспасы, IV, Мысыр.
10 Ибн Қудәмә, әл-Муғни, Муафуддин Абдуллаһ бин Ахмед, 620/1223, Дарул-Манар, IV-Т., 246- бет, Каир 1970 ж.
11 Мұхаммад Амиин ибн Омар Ибнул Абидин, Дәрул-Мухтар, 5-ші том 1-бет, Дәрул Фикр Бейрут ,1992 ж.
12 Абдул Малик Ибн Хишам ибн Аюб Әл-Хамири әл-Мағари, Сира, 2-том, 333- бет, Шарика Мактаба, Бейрут 1955 ж.
13 Ибнул Хумам Ханафи Фатхул Қодир лил Камали ибнул Химам, 7-ші том, 174-ші - бет, Дәрул Фикр, Станбул, 2010 ж.
14 Муслим ибн Әлхаджжадж, Сахих әл-Муслим, дәрул Таииба, 117-ші - бет. Бейрут.
15 Майдани Абдулғани Ал-Ғаними Ал-Лубаб фи шархул китаб, Тыпкы баспасы Станбул, 162 б.
16 Мұхаммед Сәләм Мәдкүр, Әл Мұқасса фил Фиқхил Ислами, 152 б Дамаск.
17 Феридун Эргин, Иктисат, 533-536 - беттер, Истанбул 1964.
18 Хамди Дөндүрен, Ислам Құқығы бойынша Сауда-саттықтың үкімдері, 63 - бет, Балыкесир 1984.
19 Мұхаммед бин Ахмад бин әби Ахмад, әбу Бәкір әс-Самарқанди, Тухфатул Фуқаһа, Дәрул Китәб әл-ғаламия, Бейрут, III том, 39 б.1962.
20 Хасан Басри Чантай 1385/1966, Кураны Хаким уә Меали-Керим1-3т., 110/728 Станбул 1965.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекеті ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма екі жыл толды. Осы жылдар аралығында біздің қоғамымыздың барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық дәрежеде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарих тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Ислам шариғаты шынтуында қоғамға қатысты көптеген мәселелерді шешетіндігі жасырын емес. Жұмыстың бағыты Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері және Сауда-саттық мәселеріне кеңінен тоқталып өтеді. Жаңа техника мен технология қарыштап дамыса да, болашақта сауда-саттықтың маңызы біз ойлағаннан гөрі әлдеқайда жоғары болды. Жалға беру арқылы табыс табу адамның күнделікті өмірдегі қажеттілігі болғандықтан Исламда оның өзіндік орны бар. Алла тағала Құранда:
Егер ажыраған әйелдер, сендер үшін бала емізсе, сонда олардың жалақыларын беріңдер. Өзара дұрыстықпен ақылдасыңдар егер (аз беріп көп тілесеңдер) бір біріңе ауырлық саласыңдар, баланы басқа айелге емізуге болады [1, 656].
Сонда екі әйелдің бірі ұялған түрде келіп: Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады деді. Мұса (ғ.с) Шұғайб (ғ.с) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайб (ғ.с): Қорықпа! Залым елден құтыласың деді. (25) Екі қыздың бірі: Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалданған адамдардың хайырлысы да, күшті сенімдісі. деді(26) (Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С ға): Маған сегіз жыл жалға жүруіне орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табасың, - деді. (27) (Мұса Ғ.С): Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасам да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл, - деді (28)[1, 2825-28].
Хз. Шұғайб (ғ.с)-нің Мұса (ғ.с) ға сегіз жылдық істің тапсырылуын құран кәрімде хабар берілуі бір кісінің басқа бір кісі үшін жасалған еңбегінің ақысы ретінде нақты құнының табыс көзі болу үшін рұқсат етілгендігін білдіреді.
Сайд ибн Әлмусайбтің Сағд ибн Әбу Уаққастан (р.а) риуаят етілген хадисте біз жердің жақсы өнім беретін жердің жалға беретін едік.
Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біздердің осылай істеуімізден тыйды және жалға беру алтын немесе күміс ақшасымен келісім жасауымызды бұйырды[4.117 - бет].
Сондай-ақ дипломдық жұмыста мынандай еңбектер жиі қолданылды, Мысалы: Хамди Дөндүреннің Ислам Құқықы бойынша Сауда-саттықтың үкімдері Абу Абдуллаһ Мухаммед бин Исмаил 1-8 томы, Әл-Касанидің Бада-и уа сана-и Ибн Қудама, Әл-Муғни атты еңбегі Әз-зухайлидің, Әл-фатхул ислам уа әдиллатуһу кітабы Дамаск қаласында басылған, және Халифа Алтайдың Құран кәрім қазақша мағнасы және түсінігі. Медине қаласында жарық көрген және Ибн Рушд, Абул уалид Мухаммад бин Ахмад Ал-Хафид, 5201269 Бидәятул-мужтәһид, уа ниһаяту муқтасид және тағы басқа кітаптар кеңінен қолданылды.
Ислам адамзат өмірінің кез-келген қырларына араласатын иләһи (тәңірлік) дін. Адам бұл дүниенің есігін іңгәләп ашқаннан бастап Ислам оның тазалығын, құлшылығын, үйленуін, басқалармен қатынасын, тіпті дәретханаға қалай кіріп, қалай шығатындығына дейінгі кез-келген іс-әрекеттерін реттейді. Сондықтан да, дәрет алудан бастап жиһадқа дейінгі тақырыптарды кеңінен қамтыған ислам шариғаты Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері мәселесіндеде толық қанды түсінік берді. Сондықтан жұмыстың бағыты салафи ағымын даттау немесе жақтаудан бойымызды аулақ ұстап, Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдеріне рационалды баға беру.Жетістігін анықтау, қазіргі кездегі басты сипаттарын зерделеу болып табылады.
Жұмыстың бағыты. Қоғамға, әлеуметке, ғылымға, ұлтаралық тұрақтылыққа пайдасы болса анықтау, кері әсері болса ашықтау басты мақсат.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам баласы ішіп-жеуін, баспанасын және басқа да қажеттіліктерін әрдайым өзі жасап шығарған нәрселермен қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, қажеттіліктер әр түрлі және адамның өндіру ауқымы да шектеулі. Сондықтан адамдар сонау ерте ғасырлардан бастап тауарды тауармен айырбастай бастаған. Мәселен, қолында бидайы бар адам мұны арпа, мата яки мұқтаж болған бір тауармен алмастырған. Сондай-ақ қойы бар кісі, сиырға қажеттілік туындағанда оны қоймен айырбастап мұқтаждығын өтеген. Алайда, уақыт өте келе тауарды тауармен айырбастау жеткіліксіз саналып, әрдайым тауарды тауармен айырбастаудың орнына, кейбір құнды металдардың сауда-саттықтың төлемі ретінде қолдану кезеңіне ауысады. Осылайша ақшалы экономика дәуірі басталады. Хз. Пайғамбардан (с.а.с) қандай табыстың абзал екендігі сұралғанда, ол былайша жауап берген: Кісінің қол еңбегімен тапқан және дұрыс жасалған (мәбрур) сауда-саттық[2, 4466 - бет] Жалған ант және өтірік араласпаған сауда келісіміне мәбрур сауда-саттық делінеді. Басқа бір хадисте былай баяндалады: Ешбір адам өз еңбегімен тапқан табыстан артық тағам жемеген. Шүбәсіз Алла тағаланың елшісі Дәуідте (а.с) сауыт жасап, өзінің тапқан қол еңбегінің жемісін жейтін[3, 633-536- бет].
Жоғарыдағы хадистерден нақты белгілі болғандай, ең қайырлы табыс, кісінің өз маңдай терімен тапқан табысы. Имам Мәуарди (қ. 4501058 ж), әл-Ахкамус-султанийя атты еңбегінде табыс көздерін егін шаруашылығы (зираъат), сауда-саттық (тижәрат) және қолөнері (санъат) деп үшке бөлгеннен кейін, Имам Шәфиғидің (қ. 204819) сауда-саттықты басқаларынан артық көргендігін, алайда өзі егін шаруашылығын тәуекелге ең жақыны деп білгендіктен ең абзал табыс көзі ретінде санағандығын айтады. Ислам сауданың кез келген түрінде адал болуға шақырады. Бұл жайында құранд Алла тағала былай дейді:
Ей, иман келтіргендер. Бір-бірлеріңнің мал-мүліктеріңді әділетсіздік жолмен жемеңдер (алмаңдар). Тек қана өзара ризашылықпен жасалған сауда саттық арқылы (алуларыңа рұқсат)[1, 429]. Тағы бір аятта былай делінген: Алла сауданы халал етіп, өсімді харам етті[1, 2275].
Пайғамбарымыз (с.а.с.)да саудамен айналысқан. Сира (пайғамбарымыздың өмірбаяны) кітаптарында оның (с.а.с.) Хадиша анамызбен (Алла оған разы болсын) үйленбей тұрып оның тауарларын сатқандығы айтылады. Тауарды шектен тыс жарнамалап ел-жұртты алдау Мұхаммедтің (с.а.с.) үмметіне жараспайтын іс. Алла Тағаланың қиямет күні сөйлеспейтін, назар салмайтын, күнәларын кешірмейтін және күйзелтуші азапқа тастайтын үш адамының бірі - тауарын жалған ант ішіп жарнамалаған адам, - деген[4, 117 - бет].
Қоғамдағы түйткіл меселенің шешу жолымен қатар, оның себебтерін де зерделеу өзекті мәселе. Қазіргі таңда бұл мәселелерді зерделеу-зерттеу, ел болашағы дұрыс өмір сүріп Алланың мейіріміне бөлену, ғылыми жұмыстың басты мақсаты. Олай болса Ислам фиқһындағы жалға беру тақырыбын қозғаудадағы, әлемге әйгілі мұсылман ғалымдарының да еңбектерін ақтардық. Әлемдік ғалымдардың білімі мен тәжірибесіне сай ұсыныстар мен елімізде атқарылып жатқан шараларды ортаға салдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Хамди Дөндүреннің Ислам Құқығы бойынша Сауда-саттықтың үкімдері Абу Абдуллаһ Мухаммед бин Исмаил 1-8 томы, Әл-Касанидің Бада-и уа сана-и Ибн Қудама, Әл-Муғни атты еңбегі Әз-зухайлидің, Әл-фиқһул ислам уа әдиллатуһу кітабында және Абул Уалид Мухаммад бин Ахмад Ал-Хафид, 5201269 Бидәятул-мужтәһид, уа ниһаяту муқтасид бұл тақырыптар кеңінен жазылып зертелген. Отандық ғалымдардың арасында дінтанушы Смайыл Сейтбектің Сауда-саттық әдебі атты кітабының жарыққа шығуы отандық ғалымдардың да бұл тақырыптарда да кенде емес екендігін білдіреді. Қазақстандық дінтанушы ғалымдар соңғы онжылдықта, қоғамның сұранысына сәйкес, терең зерттеуге кірісті. Бұл тақырып Исламның алтын ғасыры саналатын алғашқы үш ғасырда өмір сүрген Имам Ағзам Абу Ханифалардың заманында, одан бері де көптеген Ислам ғұламалары талқылаған. Соңғы дәуір ғалымдары да бұл тақырыптардан қалыс қалмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Біздің зерттеу еңбегіміздің мақсаты-әлемдік ғалымдардың пәтуаларын назарға ала отырып, ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері мәселелерін ашықтап, Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттерді алдымызға қойдық:
oo Исламдағы сауда тарихын зерттеу.
oo Сауданың дүниелік және ақыреттік пайдаларын зерттеу;
oo Ижар жалға беру терминінің тілдік және шариғи мағналарын анықтау;
oo Жылжитын немесе жылжымайтын мүліктен табыс табу мақсатымен келісім жасалатын жалға беру түрлерін анықтау;
oo Ижар (жалға беру) келісім шартының негізгі рүкіндері(шарттары) мен түрлерін айқындау;
oo Сауда-саттық келісім шарты мен үйлену келісім арасындағы айырмашылық;
oo Ижар жалға беру ижаб (ұсыныс) және қабылдың (қабылдау) сипаттарын зерттеу;
Тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстан Республикасы кеңестік кезеңде қалыптасқан қазақстандық қоғамның көпұлттылығымен бірге және демократиялық түрлендірулер барысында түзілген мультиконфес сионалдылығымен келісілген ұлттық және діни сана сезім көрінісінде терең саяси трансформациялармен сипатталатын дамудын жаңа тарихи сатысына аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басылымдылықтары ретінде Қазақстан - 2014 стратегиясында атап айтылған ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның консолидациясы сияқты сәйкес келетін стратегияларды таңдау мен негізгі мақсаттарды дұрыс анықтаған ел билігі жоспарлаған саясаттың арқасында саяси тұрақтылықты сақтаудың және ашық қақтығыстардан бой тартудың сәті түсті.
Біз зерттегелі отырған Ислам фиқһындағы жалға беру тақырыбы, конфессияаралық қарым-қатынасқа сызат түсіртпеу мақсатында жітік зерттеп зерделеу. Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды параметрлер қатары бойынша ел бірлігіне іріткі салуы мүмкін ағымдарды зерттеудің рөлі, әлеуметтік - педагогикалық талдауын теориялық және практикалық өзектілігін анықтайды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері мәселесіндеде мынадай тақырыптарды егжей-тегжейлі зерттей отырып, біз төмендегідей тұжырымға келдік:
1.Исламдағы сауда тарихы, сауданың дүниелік және ақыреттік пайдасын жан жақты талқылап өттік.
2.Жалға беру мәселелерін зерттеуде аят шариф пен Мұхаммед (с.а.с.) хадистеріне сүйеніп, ислам ғұламаларының жауаптары арқылы, әрі логикалық түсіндірмелер арқылы халыққа жеткізе беретіндігіміз анықталды.
3.Исламға дейінгі діндерде сауда-саттық және экономикалық өмір болғандығы белгіленді.
4.Ислам ғалымдарының көпшілігі жалға беру мерзімі ұзақ немесе қысқа уақыт ішінде деп, мерзімді қоюлары қажет.Ұзақ мерзімге жалға беру жасала береді. Алайда мемлекет мүлкіне (уақф) ұзақ мерзімді келісім жасалмайды.
5.Ислам ғалымдарының жалға беру тақырыбында мәзһаб имамдарының қисынды пікірлерімен дәлел-дәйектері анықталды.
6.Көпконфессионалды және көпұлтты Қазақстан жағдайында тұрақ-тылықты сақтау үшін қолданылып отырған айрықша саяси стратегияға қайшы тұстарын сыни түрде талдау қажет.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ислам фиқһындағы жалға беру адамдардың өзара ынтымақтасуы, жалпы Ислам әлеміндегі таралу деңгейі мен халық санасына қаншалықты сіңгендігі, зерттеу нысанына айналды.
Зерттеудің теориялық және тәжірбиелік мәні. Жобалық ғылыми зерттеудің нәтижелері әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, салыс-тырмалы антропологиялық, исламтану ғылымындағы алатын орны, ел арасындағы жалға беру мәселесіндегі олқылықтарды туғызған түйткілді мәселелеріне қатысты айтарлықтай бос кеңістердіктің орнын толтырады.
Зерттеу әдістері. Зерттелудегі еңбекті жазу барысында хадис және Құран аяттарын пайдаланып, салыстырмалы зерттеу әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе бөлім, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі берілді.

1 САТЫП АЛУ, САТУ ТЕРМИНДЕРІ, ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУҚЫМЫ

1.1 Сауда-саттық тарихы

Адам баласы ішіп-жеуін, баспанасын және басқа да қажеттіліктерін әрдайым өзі жасап шығарған нәрселермен қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, қажеттіліктер әр түрлі және адамның өндіру ауқымы да шектеулі. Сондықтан адамдар сонау ерте ғасырлардан бастап тауарды тауармен айырбастай бастаған. Мәселен, қолында бидайы бар адам мұны арпа, мата яки мұқтаж болған бір тауармен алмастырған. Сондай-ақ қойы бар кісі, сиырға қажеттілік туындағанда оны қоймен айырбастап мұқтаждығын өтеген. Алайда, уақыт өте келе тауарды тауармен айырбастау жеткіліксіз саналып, әрдайым тауарды тауармен айырбастаудың орнына, кейбір құнды металдардың сауда-саттықтың төлемі ретінде қолдану кезеңіне ауысады. Осылайша ақшалы экономика дәуірі басталады.
Осы сауда-саттық төлемдері темір, мыс, қола, күміс және алтыннан жасалған металл ақшалар болып, бұрынырақ кесек, шеңбер яки шыбық (сабақ) түрінде қолданылған. Бұлардың ішінде алтын мен күмістің құны, салмақтарына қарай анықталып, кесектер (ақша) пішін жағынан стандарт күйге келтіріліп, - беттеріне салмағы мен өлшемдерін білдіретін белгілер қойыла бастаған.
Кесек, шыбық яки шеңбер түріндегі металл бөлшектері жалпақ және дөңгелек пішінге өзгерісімен, қолдануға ыңғайлылығы, айлакерліктің артқандығы, алып жүруге әрі сақтауға жеңілдігі байқалған. Осылайша дөңгелек пішіндегі таңбалы алтын және күміс ақша кезеңіне өткен[19, 63 - бет].
Міне тауарды тауармен айырбастау болсын, яки тауарды ақшаға сату әдісі болсын адамзат ықылым заманнан бері қажеттілігін өтеу және табысқа қол жеткізу мақсатында жүгінген жол.
Хз. Пайғамбардан (с.а.с) қандай табыстың абзал екендігі сұралғанда, ол былайша жауап берген: Кісінің қол еңбегімен тапқан және дұрыс жасалған (мәбрур) сауда-саттық[2, 466 - бет]. Жалған ант және өтірік араласпаған сауда келісіміне мәбрур сауда-саттық делінеді. Басқа бір хадисте былай баяндалады: Ешбір адам өз еңбегімен тапқан табыстан артық тағам жемеген. Шүбәсіз Алла Тағаланың елшісі Дәуідте (а.с) сауыт жасап, өзінің тапқан қол еңбегінің жемісін жейтін[8, 19- бет].
Жоғарыдағы хадистерден нақты белгілі болғандай, ең қайырлы табыс, кісінің өз маңдай терімен тапқан табысы. Имам Мәуарди (қ.4501058 ж), әл-Ахкамус-султанийя атты еңбегінде табыс көздерін егін шаруашылығы (зираъат), сауда-саттық (тижәрат) және қолөнері (санъат) деп үшке бөлгеннен кейін, Имам Шәфиғидің (қ.204819) сауда-саттықты басқаларынан артық көргендігін, алайда өзі егін шаруашылығын тәуекелге ең жақыны деп білгендіктен ең абзал табыс көзі ретінде санағандығын айтады. Нәуәуиге (қ.6761277 ж) қарағанда егін шаруашылығы мен қолөнері сауда-саттықтан алдын тұрады, себебі бұлардың алғашқы екеуі кісінің тікелей бейнетіне тиесілі. Бұл екеуінің ішінде егін шаруашылығы қолөнерден жоғары тұрады, өйткені қоғамға келтіретін пайдасы көбірек, яғни адамдар мен жануарларды қамтиды. Бүкіл жаны бар нәрселер егін шаруашылығына мұқтаж[5, 370- бет].


1.2 Сатып алу, сату терминдері және олардың ауқымы

Сату келісім-шартының анықтамасы:
Арапша бәйъ сөзі сату және сатып алу мағыналарын білдіретін қарама-қайшы мағыналы сөздерге жатады. Шира сөзі де осылай. Бәйъ сөздікте бір нәрсені басқа бір нәрсенің орнына беру дегенге саяды. Көпше түрі буюъ. Сату түрлерінің көптігі әрі әрқайсысының өзіне тән жеке үкімдері болғандықтан, классикалық фиқһ қайнар көздерінде Китабул-буюъ (сауда-саттық кітабы) тақырыбы көпше түрде қолданылған.
Бәйъ сөзі Құран Кәрімнің алты аятында сауда-саттық мағынасында жекеше түрде келген[5, 35- бет]. Сауда-саттық жасаған уақыттарыңда куәгер тағайындаңдар[1, 3410-11]. аятында бұл сөз тәфаъул қалыбында дәл сол мағынада қолданылған. Шира сөзі де мына екі аятта сатты мағынасында қолданылады: Юсуфты төмен бағаға бірнеше дирһамға сатты[1, 21.80], Әттең, өздерін қарымы ретінде сатқан нәрсенің неткен жаман екендігін білгенде еді![1, 1220]. Алайда бұл екі етістіктің сатып алу мағынасын білдіруі үшін көбінесе ифтиъал қалыбы таңдалып, араб тілінде қолданылған. Иштәра (сатып алды) және ибтәъа сияқты.
Сату келісім-шартына термин ретінде былайша анықтама берілген: Тауардың тауармен арнайы түрде алмастырылуы. Қол жеткізуді қалаған бір тауарды, ақысына нақты түрде ауысу[6, 155 - бет]. Әл-Маусилидің (қ. ж 6831284) анықтамасы мынадай: Құнды (мутақаууим) бір тауарды екінші бір құнды тауардың төлем ақысы ретінде иелік құқықтарымен қоса табыс ету арқылы ауыстыру[7, 278- бет]. Мутақаууим тауар; бағалы әрі шариғи тұрғыдан пайдалануға жарамды тауар деген сөз. Ибн Қудама (қ.ж 6201223) сатуда иелік құқын табыс етуді негізге ала отырып былайша анықтама берген: Бір тауарды басқа бір тауармен, иелік құқын табыс ету және қарсыдағы тауардың иелік құқын қабылдап алу мақсатында ауысу.
Ханафи мәзһабы бойынша тауар; адам табиғаты қызығушылық танытқан және қажеттілік мақсатында қолда жинақтаған нәрселер. Бір нәрсенің тауар саналуы үшін барлық адамның яки бірқатар адамдардың оған қызығушылық танытуымен анықталады.
Адами құқықтың сату келісіміне берген анықтамасы мынадай: Сату - бұл бір келісім-шарт болып, онымен сатушы сатылған тауарды алушының мойнына алған ақының өтемі ретінде алушыға тапсыру және иелік ету құқығын оған табыс ету борышын жауапкершілігіне алады[19, 282 - бет].
Мәжәллада сату келісіміне тауардың тауармен ауыстырылуы деп анықтама берілгеннен кейін (105-бап), келісімнің жүзеге асуы үшін қабылдап алудың (қабд) шарт болмағандығы былайша белгіленген: Сатқан кезде қабылдап алу шарт емес. Алайда, келісім-шарттан кейін, алдымен сатып алушы тауардың ақысын сатушыға, ал сосын екінші болып сатушы сатылған тауарды сатып алушыға беруге борышты болады[9, 246 - бет].
Сондай-ақ Мәжәлла, жасалған сауда келісім-шартын нәтижеленіп-нәтижеленбеуі тұрғысынан мунъақид және ғайру мунъақид деп екіге бөлген. Мунъақид-нәтижеленетін сату келісім-шарты болып; сахих, фасид (негізі Ислам дініне сай болып, сипаты сай болмаған келісім-шарт), нафиз (дереу іске асатын) және мауқуф (қолданылуы басқасының рұқсатына тәуелді болған) келісім-шарт түрлеріне бөлінеді. Ғайру мунъақид - батыл (діни тұрғыдан қажетті шарттар толықтай яки бірнешеуі болмаған сауда-саттық) келісім-шарт саналып, жарамсыз келісім-шарт түріне жатады[10, 1-бет].

1.3 Сауда-саттық келісім - шартының сүйенген дәлелдері

Шарттарына сай жасалатын сауда-саттықтың шариғатқа сай болуы кітап (Құран Кәрім), сүннет және ижмаъ дәлелдеріне сүйенеді.
А) Құрандағы дәлелдер:
Құран Кәрімде сауда-саттыққа қатысты әр алуан аяттар бар. Кейбіреулері мыналар:Әй мүміндер!Өзара малдарыңды тура болмаған жолдармен жемеңдер! Алайда, өз ризалықтарыңмен сауда-саттық арқылы жеулерің адал[1, 429]. Негізінен Алла сауда-саттықты адал, ал өсімқорлықты арам еткен[1, 2275]. Өзара саудаласқанда, куәгер тағайындаңдар (Қажылық маусымында сауда-саттықпен айналысумен) Раббыларыңнан кеңшілік талап етулерің сендерге ешқандай күнә емес[1, 2439]. Өлшегенде және таразыға тартқан кезде қулық жасайтындарға қатысты былай айтылады: (Өлшеу мен таразыдан) ұрып қалушыларға өлім болғай! Олар адамдардан (бір нәрсені) өлшеп алған уақыттарында толық етіп алатын, оларға өлшеп немесе (таразыға) тартып берген уақыттарында болса, кемейтіп беретіндер[1, 282], Басқа бір аятта да белгілі мерзімге берілген қарыздарды жазып қою керектігі айтылады.
ә) Сүннеттегі дәлелдер:
Хз. Пайғамбардың (с.а.с) сауда-саттық пен экономикалық өмірге қатысты бірқатар сөздері мен іс-әрекеттері яки мақұлдаулары (тақрир) бар.
Алла Елшісінен (с.а.с) қайсы табыстың ең таза екендігі сұралғанда былай деп жауап берген: Кісінің қол еңбегімен тапқан және дұрыс жасалған (мәбрур) сауда-саттық[14, 117-бет]. Жалған ант және өтірік араласпаған сауда келісіміне мәбрур сауда-саттық делінеді.
Туралықтан айырылмаған қолөнерші мен саудагердің ақыреттегі дәрежесі былайша баяндалған: Сөзі мен қарым-қатынасы тура саудагер, қиямет күнінде аршының көлеңкесінде болады[14, 188- бет ]. Басқа бір хадисте Ислам қоғамы қолжетімді бағамен сауда-саттыққа жасауға ынталандырылып былай айтылады. Кімде-кім азық-түліктерді жинап, сол уақыттың қолжетімді бағасымен сататын болса, оны кедейлер мен мұқтаж кісілерге тегін таратқандай сауап алады[14, 177 - бет].
Алла Елшісі (с.а.с) бір жолы қолөнерші мен саудагерге былайша ескерту жасаған: Ей, саудагерлер қауымы! Сауда-саттыққа бос сөз бен жалған ант су ішу көп араласқандықтан мұның орнын садақаларыңызбен толты-рыңыздар[8, 19- бет].
Сондай-ақ сөзі мен ісінде турашыл болған саудагердің ақыретте бірге болатын тұлғалар былайша баяндалған: Турашыл, сөзі мен ісінде сенімді болған саудагер, пайғамбарлар, шыншылдар және шейіттермен бірге болады[8, 18. - бет].
Хз. Пайғамбардың өзі де сауда-саттық жасаған, қарызданған, кепілдеме берген, ортақтасып жұмыс істеген. Адамдар түрлі сауда келісімдерін жасап жүрген уақытта ол пайғамбар ретінде жіберілген әрі олардың сауда-саттықтарына еркіндік берген. Алайда, сауда-саттықта пайыз, астыртын биржа, жалған айтушылық, қулық жасау, таразыдан жеу және зиянды сауда-саттық сияқты әділетсіз табысқа жетелейтін жайттарға тыйым салынып, құқылы кісінің ақысын ала алатын және әділетсіздік жасаушыларға жол берілмейтін экономикалық жүйе қалыптасты[17, 533-536бет].
б) Ижмағ және ақыл дәлелі:
Мұсылмандар сауда-саттыққа шариғат тұрғысынан рұқсат етілгендігі турасында ортақ көзқараста. Ақылда осыны қажет етеді. Өйткені, адам кейде басқасының қолындағы нәрсеге мұқтаж болады. Ол адамның бұл тауарды әрдайым тегін беруі мүмкін емес. Осы жайт адамдарды тауарды тауармен айырбастауға итермелейді. Адам баласы жаратылыс тұрғысынан мәдени қарым-қатынастар жасауға бейім. Бірқатар мәмілелер іспетті сауда-саттық та қоғам халінде өмір сүру үшін қажетті нәрсе.
Сауда-саттықта негізгі нәрсе оның дұрыс болуы. Кітап (Құран) пен сүннетте нақтылай тыйым салынбаған мәселелерде сауда-саттық жасау рұқсат етілген. Бұл жерде екі жақтың разылығы мен сауда келісім-шарттарына сай болса болғаны. Мына аяттардың жалпы мағынасы да осыны меңзейді: Алла сауда-саттық адал қылды[1, 2275], Алайда, өз ризалықтарыңмен сауда-саттық арқылы жеулерің адал[1, 429] сонымен қатар жер мен көктегі барлық нәрсенің адам баласы үшін жаратылғандығын[1, 430]. және Алла Тағала адал еткен нәрселердің арам саналмайтындығын хабар берген аяттардың [18, 63бет]. жалпы мағынасы да тыйым салынбаған мәселелерде негізгі принциптің мүбаһтық екендігін көрсетеді.

1.4 Сауданың дүниелік және ақыреттік пайдасы

Бұрынғы өткен ғасырлардан бері адамдардың қажеттіліктері түрлі қолөнер мен мамандықтардың пайда болуына ұйытқы болған. Алғашқы адамзат және алғашқы пайғамбар Адамның (а.с) тоқымашылық өнері, Ыдырыс (а.с) пайғамбардың тігіншілік, Ибраһимнің (а.с) мата саудасы, Нұх (а.с) және Зәкәрия (а.с) пайғамбарлардың ағаш шеберлігі, Хз. Исаның (а.с) аяқкиім тігіншілігі мамандықтарының алғашқы көшбасшылары болғандығы баяндалған. Сондай-ақ Мұсаның (а.с) Шұғайыб (а.с) пайғамбарға 8-10 жыл шопандық қызметін атқарғандығы, бірқатар пайғамбар мен Аллатың сүйген құлдарының мал шаруашылығымен айналысқандығы айтылады [5, 338- бет].
Темір өнеркәсібінің алғашқы құрушысы Дәуід (а.с) пайғамбар. Темірді қалыпқа құйып, пішін беру өнері оған Алла Тағала тарапынан уахи етілген. Құран Кәрімде былайша бұйырылған: Расында Дәуідке өз жанымыздан ізгілік бердік: Әй, таулар, құстар! Онымен бірге тәсбих етіңдер, - дедік. Және оған темірді жұмсақ қылдық. Біз Дәуідке: Кең сауыттар жаса! Оны тоқығанда мөлшерлі әрі берік қылып істе, - деп уахи еттік. Дәуідке және оның отбасына былай дедік: Салиқалы амалдар жасаңдар! Өйткені, мен сендердің істегендеріңді толық көрушімін. Біз Дәуідке сендерді соғыста қорғау үшін сауыт жасау өнерін үйреткен едік. Сонда сендер шүкір етесіңдер ме? [1, 2827]
Хасан әл-Басри (қ. ж 110728) және Қатадә (қ.ж 117735) Дәуід (а.с) темірді отқа салып, оны балғамен ұруға қажетсін бегендігін, оның темірді қолымен жіп сияқты қалаған бейнеге игендігін айтқан. Сауыттың жіңішке әрі қатты сыммен өрілгендігін алып қарайтын болсақ, темірге мөлшерлі cу қосу, оны қалыпқа құйып, пішінге келтіру өнерінің сол дәуірде қаншалықты жоғары деңгейде болғандығын байқаймыз. Дәуід (а.с) әрі пайғамбар әрі патша.
Сүлейменге (а.с) Ұлы Алла тарапынан орасан зор мәдениет пен патшалық берілген. Мұғжиза ретінде жел оның әміріне беріліп, әрі оған жындарды қызметші етіп қолдану мүмкіндігі табыс етіліп, көздің жауын алатын зәулім сарайлар тұрғызу оның патшалығының символы болған. Расында Саба патшайымы Бәлқистың Йеменнен Құдыс (Палестина) аймағына көзді ашып жұмғанша әкелінуі бұл мәдениеттің жоғары дейгейде дамығандығын көрсетеді.
Құран Кәрімде сол ұлы патшалық жайлы былай баяндалады: Желді Сүлейменнің әміріне бердік. Ол жел тұрғанда таңертең бір айлық жол жүріп, кешқұрын бір айлық жолдан қайтатын. Сүлеймен үшін еріген мысты қайнар көзінен су сияқты ағыздық. Раббыңның бұйрығымен жындардың бір бөлігі оның әмірінде қызмет ететін. Олардан кім әмірімізден ауытқитын болса, оған жалындаған азаптан таттырамыз. Жындар Сүлейменнің қалағанындай сарайлар, мүсіндер, үлкен хауыздарға ұқсас шұңқыр ыдыстар және алып жүруі қиын қазандар жасайтын[1, 912-13]
Алла Тағала сауда этикасы бұзылған, өлшеп таразыға тартқанда қулық жасаған Мәдиян халқының жағдайын мысал ретінде береді. Мәдиянға пайғамбар ретінде жіберілген Шұғайыб (а.с) былай дейді: Әй, елім! Аллақа құлшылық қылыңдар. Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Сондай-ақ өлшеуді, таразыны кемітпеңдер. Расында мен сендерді молшылық ішінде көрудемін[1,1085]. Әй елім! Өлшеуді, тартуды әділ орындаңдар, адамдардың заттарын кемітпеңдер! Сондай-ақ жер - бетінде бұзақылық жасамаңдар[1, 1184].
Мәдиян халқы пұтқа табынатын қоғам болатын. Шұғайыб (а.с) оларды таухид сеніміне шақырды. Олар өлшеп, таразыға тартқан кезде, жазуы өшіп кеткен, ескі әрі салмағы кем ақшалармен халықты алдайтын. Ардақты сахаба Зәйд бин Әсламның (р.а) риуаяты бойынша, Мәдияндық саудагерлер алтын (динар) және күміс (дирхам) ақшаны халыққа жан-жағын кесіп алып, санап өткізетін болса, халықтан алғанда осы ақшаларды таразыға тартып алатын[12, 333-бет]. Мәселен, төрт грамдық алтын ақшаның шетінен жарты грамм шамасындай алынғанымен, санмен берілсе де ол толық алтын ақша ретінде саналады. Алайда, қайтарып алатын кезде, таразымен өлшеп алғандықтан, сатып алу күші жарты грамм кеміген болады. Мұндай ақша нарқының дүкенші мен саудагердің пайдасына әділетсіз табыс келтіретіндігі анық. Ал бұл инфляцияға ұқсас бір жайт.
Шұғайыбтың (а.с) ескертулеріне құлақ аспаған Мәдиян халқының басына келген пәлекетті Құран Кәрім былай түсіндіреді: Шұғайыб: Әй халқым! Қолдарыңнан келгенін істеңдер, мен де істеймін (міндетімді атқарамын). Жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және кімнің өтірікші екенін білесіңдер. Енді күтіңдер! Әрине мен де сендермен бірге күтемін, - деді. Азап әміріміз келген сәтте, Шұғайыбты және онымен бірге иман келтіргендерді рақымдылығымызбен құтқардық. Сондай-ақ зұлымдық қылғандарды бір қорқынышты дауыс бастыра кетті де, олар тұрған жерлерінде ет- беттеген бойда жығылды[1, 1193-94 ]. Тіпті ол жерде ғұмыр кешпегендей іздері де қалмады. Естеріңде болсын! Сәмуд халқы Аллатың мейірімінен аластатылғандай Мәдиян халқы да одан мақұрым қалды [1, 1495].
Қорыта келгенде Мәдиян халқының басына келген пәлекеттің екі себебі бар еді:
1. Алла Тағалаға серік қосқан болатын.
2. Сауда-саттықтарында қулық жасап, халықты алдайтын.
Құран Кәрімде зұлымдық пен әділетсіздіктің символы ретінде көрсетілген Қарун да қоғамдық мәселелерге мән бермейтін және кедейлерге қол ұшын созбайтын байларға мысал бола алады. Қарун Мұсаның (а.с) қауымынан болып, үлкен қазына-байлыққа ие бір саудагер еді. Қазына-байлықтарының кілттерін тек қалың көпшілік қана алып жүретін. Қарун: Бұл қазына-байлық маған тек қана ілімімнің арқасында берілді, - деп барлық нығыметтер мен қазына-байлықтардың Алла Тағаланың рызыққа берекет бергендігінен екендігін ойламайтын[15, 162- бет].Қарун көз тартарлық сән-салтанатымен халқының құзырына шыққан уақытта, дүние тіршілігін қалағандар: Әттең! Бізге де Қарунға берілгендер сияқты берілгенде ғой! Расында ол, зор ырыс иесі, - деген болатын [16, 152-бет]. Ал өздеріне ілім берілгендер болса, қоғамға пайдасы жоқ, тек қана басқалардың алдында тәкаппарлану, зұлымдық пен әділетсіздік жасау үшін жиналған мұндай байлыққа қызықпау керектігін айтатын[17, 533-536-бет].
Қарунның соңғы сәті былайша баяндалады: Ақыр соңында оны да үйін де жерге жұтқыздық. Аллатан өзге оған жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек те жасалмады. Кеше оның орнында болуды көксегендер: Сірә, Алла құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін молайтып, тарылтады екен. Егер Алла, бізге қамқорлық қылмағанда, әрине бізді де жерге жұтқызар еді. Айтқандайын, кәпірлер құтылмайды, -деп айта бастады[1, 2881].
Юсуф пайғамбарда (а.с) Мысыр патшасының қаржы және экономика қызметтерін атқару үшін тағайындалған болатын. Құран Кәрімде баяндалғандай патша мынадай түс көрген еді: Патша (бір күні): Түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын және жеті жасыл масақ пен жеті құрғақ масақ көрдім. Әй, мырзалар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар, -деді[1, 1243]. Басқалар жори алмаған бұл түсті Юсуф (а.с) былай жорыды: Мысыр және оның төңірегінде жеті жыл молшылық болады, оның артынша жеті жыл тапшылық белең алады. Юсуф (а.с) осы экономикалық дағдарыс жылдарынан сүрінбей өту үшін, молшылық жылдарында артық өнімнің қоймада сақталуын, әрі дағдарыс жылдарында жүйелі түрде осылармен қажеттіліктерін өтеу керектігін айтқан болатын[20, 15-бет]. Бұған қоса патшаға мынадай ұсыныс тастаған еді:Мені мемлекет қазынасының басшысы қыл. Өйткені, мен (оларды жақсы) сақтайтын әрі (басқару жұмыстарын) жетік білетін кісімін, - деді[1, 12, 21]. Шындығында Юсуф пайғамбар (а.с) шамамен ширек ғасыр жалғасқан осынау қиын-қыстау уақытта әділетті экономикалық жүйе қалыптастырып, қоғамды дағдарыс жылдарында үнемдеуді үйреткен. Сол себепті ол байлық пен кедейлік, молшылық пен тапшылық арасындағы салыстырмалы экономикалық модельді іске асырушы саналады.
Тіпті кейбір экономика тарихшылары артында стандарт құны жазылған алғашқы қағаз ақшаның қолданылуын миладтан бұрын(осы жыл санақтың алдыңғы кезеңі) 1600 жылдарында Мысыр аймағындағы кейбір тәжірибелерге апарып тірейді. Ал бұл Юсуф пайғамбардың (а.с) дәуіріне сәйкес келеді. Экономика тарихшысы Дж. Добретсбергер[20, 12- бет] Мысырда миладтан бұрын 1600 жылдарында банкнот қолданылғандығын алға тартады. Бұл өлкеде мемлекеттік қазына және қоймалардың аманат қабылдауы негізінде бар нәрсе еді. Бұқара халық қолындағы алтын, әшекей заттары мен дәнді-дақылдарды сақтау үшін аталмыш орындарға тапсырып, сосын оларға аманатқа қалдырылған нәрселерінің құнын білдіретін квитанция берілетін. Қолында осындай квитанциясы бар кісі, құжатта көрсетілген түрдегі және мөлшердегі тауарды қалаған уақытында ала алатын. Саудамен айналысатындар осы квитанцияларды тауар мен ақшаның орнына қабыл ететін. Тіпті бұл құжаттар Фенике мен Мезопотамияда да қолданылатын[20, 110-бет].
Сонымен қатар экономикалық өмірде қауіп-қатер тепе-теңдігі мен өзіндік құн негіздеріне нұқсан келтіріп, әділетсіз табыстарға жол бастайтын пайыздың да Исламға дейінгі қоғамдарда пайда болғандығы әрі яһуди қоғамына тыйым салынғандығы айтылады[20, 155-бет].
Түйіндейтін болсақ, Құран Кәрімнен кейбір мысал ретінде келтірілген бұрынғы өткен қоғамдардың сауда және экономикалық өмірі қазіргі таңымызға жөн сілтеуде. Себебі экономикада қоғам тепе-теңдіктері қауіп-қатер, әділетсіз табыс, өлшеп-тартқанда қулық жасау, алдау, экономикалық күшін теріс бағытта пайдалану сияқты Ұлы Аллатың ризалығынан алшақтататын жағдайлар кез-келген дәуірдің экономикалық проблемалары саналады. Уахиға сүйенген діндер тыйым салған бұл жайттарға мән беріп, әмір етілген нәрселерді жүзеге асыру уахи мен сүннеттің осы мәселелерге алып келген негіздерін білуді қажет етеді. Басқа тақырыптардағы сияқты сауда және экономикалық мәселелерге қатысты негіздерден хабардар болу да адал табыс үшін маңызды. Сондықтан біз төменде жалға беру тақырыбына қатысты мәселелердің ең ауқымды бөлігін құрайтын негізгі бөлімі тақырыбын қарастырамыз.

1.5 Сауда-саттық шарттарында мәзһабтардың ортақ келіскен және қосылмаған тұстары

Сауда-саттық келісім шартын жасайтын тараптардың тәмуиз (пайдалы мен зияндыны ажырата алатын қабілет) ерекшелігіне ие болуы керектігі мәселесінде ортақ пікір бар. Ал балиғатқа толу шарты жайында әртүрлі көзқарас білдірілген. Ханафилар мен Мәлики мәзһабы бойынша бойынша балиғатқа толу сауда-саттық келісім шартының қолданысқа енуі үшін (нәфәз), ал Шафиғилар мен Ханбали мәзһабы бойыншалар бойынша толық болуы (инъиқад) үшін шарт. Сауда-саттықтың екі тараптың еркін қалауларымен жасалуы керектігі қағидасы Ханафи мәзһабы бойынша қолданысқа ену шарты, ал көпшілік фақиһтар бойынша толық болу шарты саналады. Осы қағида бойынша Ханафилар мәжбүрленген кісінің (мукрәһ) сауда-саттығына, рұқсат етілгенге дейін қолданысқа ене алмаған (мәуқуф) бір келісім шарт ретінде қараса, көпшілік мужтәһидтер мұндай сауда-саттықты батыл (негізсіз) деп есептеген. Мәлики мәзһабы бойыншаде ең дұрыс деп саналған көзқарас бойынша, мәжбүрленген кісінің сауда-саттығы міндеттілікті білдірмейтін келісім шарт ретінде есептеледі[18, 335- бет].
2. Ижаб (ұсыныс) пен қабулдың (қабыл ету) арасында үзіліс болмастан келісім шарт мәжілісінің бір жерде болуы, ұсыныс пен қабыл етудің бір-біріне сәйкес түрде айтылуы, айтылған сөздің естілуі, сауда-саттықтың басқа бір нәрсеге тәуелді етілмеуі және уақытпен шектелмеуі сияқты ерекшеліктерде мужтәһидтер арасында ортақ пікір бар[19, 27- бет].
3. Cауда-саттықта сатылған нәрсенің шариғи тұрғыдан өзінен пайдалану мүбах болған бағалы (мутақаууим) бір тауар болуы яки таза болуы, бар болуы, тапсыруға жарамды, ерекшеліктері белгілі болып, беймәлім тұсының болмауы қажет. Міне осы аталған шарттар жайында ортақ пікір бар. Алайда сауда-саттық келісім шартында беймәлімдік Ханафи мәзһабы бойынша сауда-саттықты фасид етсе, көпшілік бойынша батыл қылады. Мәселен; несие сауда-саттығында төленетін мерзімі белгіленбеген жағдайда, бұған дейін бұл мәселеде екі жақтың да қолданған әдет халіне айналған бір әдет-ғұрып та болмаса, сауда-саттық келісім шарты Ханафи мәзһабы бойынша фасид, ал көпшілік бойынша батыл болады. Сатылған тауардың сатушының иелігінде болуы Ханафилар мен Мәлики мәзһабы бойынша бойынша қолданысқа ену (нәфәз) шарты, Шафиғилар мен Ханбали мәзһабы бойынша толық болу (инъиқад) шарты саналады. Бұған қарағанда құқы жоқ кісінің (фудули) сауда-саттығы алдыңғы екеуі бойынша мәуқуф, ал соңғы екі мәзһаб бойынша батыл ретінде қабылданады.
Сондай-ақ кепілдемедегі тауардың яки жалға берілген жердің сатылуында болғандай, сатылған тауарда сатушыдан басқаның ақысы болмауы Ханафи мәзһабы бойынша қолданысқа ену (нәфәз) шарты, ал көпшілік бойынша толық болу (инъиқад) шарты саналады. Олай болса кепілдемедегі тауарды яки жалға берілген жерді сату алғашқы екі мәзһаб бойынша ақы иелерінің рұқсатына тәуелді (мәуқуф), ал қалған екі мәзһаб бойынша батыл болып есептеледі.

2 ИЖАР ТЕРМИНІНІҢ ТІЛДІК, ШАРИҒИ МАҒЫНАСЫ, РҮКІНДЕРІ, ЖАЛҒА БЕРУ ТҮРЛЕРІ МЕН КЕЛІСІМ ШАРТТАР

2.1 Ижар жалға беру терминінің тілдік және шариғи мағынаcы

Ижар сөзінің тілдік мағынасы араб тілінде жалға беру, бір затты пайдаға асыру мақсатымен сату деген мағынаны білдіреді. Табыс көзі үшін мүбаһ болған бір заттың бағасы белгілі бір мерзімге дейін табыс көзін жасау барысында жалға беру мәселесі нақты айқын болуы керек.
Ижар атауын екі түрлі мағанада қолданады.
Біріншісі: Көрсетілген қызметке төленетін ақының орнына бір кісінің қызметін пайдалануын (жалға алуды) білдіреді. Іс беруші тұлға мустаъжир іске жалданған тұлға ажир деп аталады. Мысалы: А есімді тұлға өз жүктерін аэропортқа жеткізу үшін жүкшінің қызметін пайдаланса А мустаъжир, жүкші ажир болады. Екі тараптың арасындағы қарым қатынас Ижара деп аталады. Ижараның бұл түрі бір кісі екінші бір кісінің қызметін пайдаланғандағы әр қандай жағдайды өз ішіне алады. Ол дәрігер, заңгер, оқытушы, ісші немесе белгілі бір қызметке ие болған өз қызметін көрсететін әр қандай кісі болуы мүмкін.
Екінші: Ижараның бұл түріне адамдар қызметіне емес активтер немесе мүліктер қызметіне байланысты. Біреудің мүлкінен немесе сыйақысынан пайдалану құқығына байланысты. Мұнда ижара белгілі бір мүліктен пайдалану құқығын басқа біреуге төленетін төлем (ижара) жалға беру ақысына беруді білдіреді. Бұл жағдайда Ижара атауы ағылшын тіліндегі лизинг сөзіне сәйкес келеді. Мұнда жарлға беруші муъжир, ал жалға алушы мустаъжир деп аталады. Ижараға төленетін төлем ақы Ужра деп аталады. Ижараның екі түрі де ислам ғұламаларының әдебиеттерінде анық баян етілген. Жалға берудің екі түрінде де өз шарттарымен ережелері бар. Біздің заманымызда ижараның екі түрі де бар, бірақ екінші түрі маңызды. Өйткені қазіргі заманда экономикалық мәсәлемен қамтамасыз ету сонымен қатар қаржыландыру моделі сипатында қолданылады. Жалға алудың екінші түрі сауда ережелеріне ұқсап кетеді. Саудамен ижара қарым қатынасында басқа тұлғаға белгілі бір құн ақысына өткізіледі. Ижарамен сауда арасындағы жалғыз айырмашылық, саудада мүлікті кәдеге жарату құқығы бүтіндей сатып алушыға өтеді, ал ижара қарым қатынасында болса мүлікті кәдеге жарату құқығы мүлік иесінде қалады, жалға алушыға тек қана мүліктен пайдалану құқығы беріледі.
Ижар сөзінің дұрыстығына қатысты құран мен сүннетте келген және ижмағ яғни ғұламалардың бір ауыздан келіскен дәлелдеріне сәйкес егжей - тегжей баяндап өтсек:
Алла Тағала құранда: Егер ажыраған әйелдер, сендер үшін бала емізсе, сонда олардың жалақыларын беріңдер. Өзара дұрыстықпен ақылдасыңдар егер (аз беріп көп тілесеңдер) бір-біріңе ауырлық саласыңдар, баланы басқа әйелге емізуге болады[1, 656].
Және тағы бір аятта сонда екі әйелдің бірі ұялған түрде келіп: Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады - деді. Мұса (ғ.с) Шұғайб (ғ.с) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайб (ғ.с) : Қорықпа! Залым елден құтыласың - деді. (25) Екі қыздың бірі: Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалданған адамдардың хайырлысы да, күшті сенімдісі - деді. (26) (Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С ға): маған сегіз жыл жалға жүруіне орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табасың - деді. (27) (Мұса Ғ.С): Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасам да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл - деді. (28) [1, 2825-28]. Демек қасиетті Құран бұл мәселені айналып өтпегенін жоғарыдағы аяттардан түсінеміз. Мұса (ғ.с) ға сегіз жылдық істің тапсырылуын Құран Кәрімде хабар берілуі бір кісінің басқа бір кісі үшін жасалған еңбегінің ақысы ретінде нақты құнының табыс көзі болу үшін рұқсат етілгендігін білдіреді.
Хз. Пайғамбарымыздын (с.а.с.) мына хадисі Сайд ибн әлмусайбтің Сағд ибн Әбу Уаққас (р. а.) дан риуаят етілген хадисте Біз жердің жақсы өнім беретін жерін жалға беретін едік. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с) біздердің осылай істеуімізден тыйды, және жалға беру алтын немесе күміс ақшасымен келісім жасауымызды бұйырды[4, 173- бет]. Бұл хадистен түсінгеніміз жалға берудін шариғатқа сай келсе, оны атқару дұрыс болып саналғанын байқаймыз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы
Ислам құқығы пәнінен лекция тезистері (1 лекция)
Ахли сунна уа-л жама-адағы фықых ғылымы
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Араб халифатының құрылуы
Ислам құқығы (фикх әдістемесі)
Ислам мен дәстүр бір-біріне қайшы ұғымдар емес
Ислам құқықтық мәзһәбтары (мектептері) және методтары
Әбу Ханифа және оның ханафиліктің құрылуындағы рөлі
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Пәндер