Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Тарау Қазақ ресми . іс қағаздар тілінің даму тарихы ... ... ... ... .
1.1 Қазақ ресми.іс қағаздар тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми.іс қағаздарына тән тілдік элементтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 XV.XVIII ғасырлардағы қазақ ресми.іс қағаздарының тілі ... ... ... 18
1.4 XIX.XX ғасырлардың басындағы қазақ ресми.іс қағаздарының тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

II Тарау. Қазақ ресми . іс қағаздар стилінің тілі ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Стандарт тілдік бірлік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ..30
2.2 Стандарт тілдік бірліктердің грамматикалық ерекшеліктері ... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әдеби тілдің дамуы қоғамдық құрылыстың, оның экономикалық жүйесі мен негізгі саяси ұстанымдарының өзгеруімен, қоғамның ана тіліне деген көзқарасымен тығыз байланысты. XX ғасырдың тоқсаныншы жылдары бұрынғы кеңестік мемлекеттер кеңістігінде болған тарихи өзгерістер қазақ қоғамының болмысын өзгертті. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы функционалдық стильдердің сапалық үлес салмағына да өзгеріс әкелді, яғни, қазақ ресми іс қағаздар стилінің рөлі мен қызметіне мән беріліп, іс қағаздар тілін ғылыми негіздеу мәселесі көтерілді. Қазақ тіл білімі ғылымының алдында қазақ іс қағаздар тілінің лексикалық жүйесіндегі өзгерістер мен процестерді семантикалық, құрылымдық, стильдік тілдік, жанрлық ерекшеліктерді, оның жай-күйін, жалпы іс қағаздар тілінің көкейтесті мәселелеріне зерттеу, ресми қағаздар тілінің ғылыми-теориялық негізін жасау міндеттері тұр. Біз диплом жұмысымыздың тақырыбы көлеміне сай, осындай өзекті мәселенің бірі- қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілін талдауды жөн көрдік. Себебі қазақ тіл білімінде ресми-іс қағаздар тілін зерттеу мәселесі кенжелеу қалған. Қазір ресми-іс қағаздар стилінің функционалдық стильдердің басқа түрлерінен ара жігі ашылып, ғылыми тұжырымдамасы жасалынбағандықтан іс қағаздарының мәтіндерін орыс тілінің заңдылығына қарай қалыптастыру ресми қарым-қатынаста, іс қағаздарын жүргізуде, көркем әдеби, публистикалық стиль элементтерінде қолдану белең алып келеді. Осы себепті іс қағаздар тілін зерттеу өзекті тақырыптың бірі болмақ.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысында қазақ ресми-іс қағаздар тілінің сипаты, оны қалыптастыру тарихы негізінде таныту. Осы мақсаттарды орындауда төмендегідей міндеттер шешу көзделді:
- іс қағаздар тілінің тарихын қоғам тарихымен байланыста қарау;
- ресми- іс қағаздар тілінің зерттелуін жүйелеу;
- қазақ іс қағаздар тілінің арнасын анықтау;
- ресми- іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- әр кезең іс қағаздарына тән өзіндік қолтаңбаларды анықтау;
- іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктердің сипатын ашу.
Зерттеудің дереккөздері: Қазақ ресми-іс қағаздары стилінің тілін айқындауда тақырып мәнін ашатын көрнекті ғалымдар Ғ.Айдар, Ә.Құрысжанов, М.Томанов, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Ә.Қайдар, Б.Әбілқасымов, Ә.Сүлейменова т.б. ғалымдардың ғылыми тұжырымдары пайдаланылды.
Зерттеу әдістері: Салыстырмалы, сипаттау, стилистикалық, контекстік талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Диплом жұмысы нәтижелері Қазіргі қазақ тілі, Қазақ әдебиетінің тарихы, Стилистиканың теориялық мәселелерін оқытуда, ресми-іс қағаздар тілі, іс қағаздарын қазақша жүргізу, тіл мәдениеті т.б. мәселелерге қатысты семинар сабақтарын, зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ ресми-іс қағаз
- Кейбір лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері қазақ тіліне жақын, түсінікті болғанымен, кейбірінің қазақ тілінен алшақтығы байқалады;
- стильдердің әрқайсысының пайда болу, қалыптасу, қоғамға қызмет ету деңгейі әр түрлі;
- ресми-іс қағаздар тілінің кейбір мәселелері ғалымдар назарынан тыс қалмағанымен іс қағаздар тілін ғылыми зерттеу де жүйелі жүргізілуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Айдаров Ғ., Құрысжанова Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
2. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1986.
3. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. А.,1995.
4. Әбілқаев А., Өмірәлиев Қ. Қазақ тілі тарихи грамматикасының практикумы. А.,1973.
5. Әбілқасымов Б. XIX екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. А.,1982.
6. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1968.
7. Ерғазиева Н. Қазақ тіліндегі ресми-іс қағаздар стилінің қалыптасуы және дамуы. АКД., А.,1972.
8. Ибатов А. XIV ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі. А.,1990.
9. Құдасов С. Армян жазулы қыпшақ тілінің ескерткіші // Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері. А.,1989.
10. Құдасов С. Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дала хикар сөзінің тілі». А., 1990.
11. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А.,1998.
12. Қордабаев Т.Р. Тарихи синтаксис мәселелері. А., 1964.
13. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1825). М.,Л.,1940 т.ч.
14. Өмірәлиев Қ. VIII-XII ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. А.,1985.
15. Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А.,1975.
16. Печать и революция. М.,1926.
17. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А.,1993.
18. Сыздық Р. Сөз құдіреті. А.,1997.
19. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. Астана,2006
20. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. А.,1980.
21. Сыздықова Р. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы. А.,1984.
22. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А.,2002.
23. Дүйсембекова Л. Қазақ ресми-іс қағаздары. А., 2005.
24. Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. А., 2002./электронды оқулық/.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ тілі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы

Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..3

I Тарау Қазақ ресми – іс қағаздар тілінің даму
тарихы ... ... ... ... .
1. Қазақ ресми-іс қағаздар тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...5
2. Түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми-іс қағаздарына тән тілдік
элементтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... 9
3. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ресми-іс қағаздарының
тілі ... ... ... 18
4. XIX-XX ғасырлардың басындағы қазақ ресми-іс қағаздарының
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
II Тарау. Қазақ ресми – іс қағаздар стилінің
тілі ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Стандарт тілдік бірлік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ..30
2.2 Стандарт тілдік бірліктердің грамматикалық ерекшеліктері
... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 41

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әдеби тілдің дамуы қоғамдық құрылыстың,
оның экономикалық жүйесі мен негізгі саяси ұстанымдарының өзгеруімен,
қоғамның ана тіліне деген көзқарасымен тығыз байланысты. XX ғасырдың
тоқсаныншы жылдары бұрынғы кеңестік мемлекеттер кеңістігінде болған тарихи
өзгерістер қазақ қоғамының болмысын өзгертті. Қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебе алуымен байланысты мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін арттыру
мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы
функционалдық стильдердің сапалық үлес салмағына да өзгеріс әкелді, яғни,
қазақ ресми іс қағаздар стилінің рөлі мен қызметіне мән беріліп, іс
қағаздар тілін ғылыми негіздеу мәселесі көтерілді. Қазақ тіл білімі
ғылымының алдында қазақ іс қағаздар тілінің лексикалық жүйесіндегі
өзгерістер мен процестерді семантикалық, құрылымдық, стильдік тілдік,
жанрлық ерекшеліктерді, оның жай-күйін, жалпы іс қағаздар тілінің
көкейтесті мәселелеріне зерттеу, ресми қағаздар тілінің ғылыми-теориялық
негізін жасау міндеттері тұр. Біз диплом жұмысымыздың тақырыбы көлеміне
сай, осындай өзекті мәселенің бірі- қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілін
талдауды жөн көрдік. Себебі қазақ тіл білімінде ресми-іс қағаздар тілін
зерттеу мәселесі кенжелеу қалған. Қазір ресми-іс қағаздар стилінің
функционалдық стильдердің басқа түрлерінен ара жігі ашылып, ғылыми
тұжырымдамасы жасалынбағандықтан іс қағаздарының мәтіндерін орыс тілінің
заңдылығына қарай қалыптастыру ресми қарым-қатынаста, іс қағаздарын
жүргізуде, көркем әдеби, публистикалық стиль элементтерінде қолдану белең
алып келеді. Осы себепті іс қағаздар тілін зерттеу өзекті тақырыптың бірі
болмақ.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысында қазақ ресми-
іс қағаздар тілінің сипаты, оны қалыптастыру тарихы негізінде таныту. Осы
мақсаттарды орындауда төмендегідей міндеттер шешу көзделді:
- іс қағаздар тілінің тарихын қоғам тарихымен байланыста қарау;
- ресми- іс қағаздар тілінің зерттелуін жүйелеу;
- қазақ іс қағаздар тілінің арнасын анықтау;
- ресми- іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- әр кезең іс қағаздарына тән өзіндік қолтаңбаларды анықтау;
- іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктердің сипатын ашу.
Зерттеудің дереккөздері: Қазақ ресми-іс қағаздары стилінің тілін
айқындауда тақырып мәнін ашатын көрнекті ғалымдар Ғ.Айдар, Ә.Құрысжанов,
М.Томанов, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Ә.Қайдар, Б.Әбілқасымов, Ә.Сүлейменова
т.б. ғалымдардың ғылыми тұжырымдары пайдаланылды.
Зерттеу әдістері: Салыстырмалы, сипаттау, стилистикалық, контекстік
талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Диплом жұмысы нәтижелері
Қазіргі қазақ тілі, Қазақ әдебиетінің тарихы, Стилистиканың теориялық
мәселелерін оқытуда, ресми-іс қағаздар тілі, іс қағаздарын қазақша жүргізу,
тіл мәдениеті т.б. мәселелерге қатысты семинар сабақтарын, зерттеу
жұмыстарын жүргізуде қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ ресми-іс қағаз
- Кейбір лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері қазақ тіліне жақын,
түсінікті болғанымен, кейбірінің қазақ тілінен алшақтығы байқалады;
- стильдердің әрқайсысының пайда болу, қалыптасу, қоғамға қызмет ету
деңгейі әр түрлі;
- ресми-іс қағаздар тілінің кейбір мәселелері ғалымдар назарынан тыс
қалмағанымен іс қағаздар тілін ғылыми зерттеу де жүйелі жүргізілуді қажет
етеді.

I тарау. Қазақ ресми-іс қағаздары тілінің даму тарихы
Қандай құбылыстың болмасын өткенін, тарихи даму жолын білмей тұрып,
оның қазіргі күйін жете білу мүмкін емес. Мәселеге ғылыми тұрғыдан
қараудағы ең маңызды нәрсе – негізгі тарихи байланыс, яғни белгілі бір
құбылыс өзінің дамуында қандай басты-басты дәуірлерді өтті деген тұрғыдан
қарау. Р. Сыздықова "Қазақ әдеби тілінің тарихы" атты еңбегінде: "Тіл
тарихындағы жеке кезеңдер, соның ішінде әдеби тіл сипатын алу кезеңі
ешқашан тұтқиылдан тақыр жерден пайда болмайтыны белгілі. Олардың бастауы
қайнар көздері болуы шарт"- деп жазады. [17,27]. Қазақ іс қағаздары тілінің
тарихы сол тілдің иесі болып табылатын халық тарихымен, іс қағаздарын
қатынас құралы ретінде қолданған қоғам тарихымен тығыз байланысты екені
даусыз. Сондықтан қазақ іс қағаздар тілінің тарихын зерттеуде екі принцип
басшылыққа алынды. Бірінші принцип- қазақ іс қағаздар тілінің тарихын, оны
туғызған, тілдік қатынас ретінде пайдаланған қоғам тарихымен тығыз
байланыста, бірлікте қарау принципі. Өйткені тілдің дамуы қоғамның дамуына,
оның экономикалық мәдени өміріндегі өзгерістерге байланысты болады. Қоғам
өміріндегі елеулі өзгерістер тілінің негізін өзгертпегенімен оған өз әсерін
тигізбей қоймайды. Ал ол әсерінің мәнін жете түсіну үшін қоғам өмірінде
пайда болған құбылысты білудің маңызы бар. Ресми-іс қағаздар тілі тарихын
қоғам тарихымен байланыстыра қараудың қажеттігі де осыдан келіп шығады.
Екінші принцип – қазақ іс қағаздар тілінің қалыптасу кезеңдеріне кездесіп
отыратын түрлі тілдік фактілерді, тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ
тілімен салыстыра қарау принципі.

1.1. Қазақ ресми іс қағаздары тілінің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде ресми-іс қағаздар тілін зерттеуге арналған арнайы
еңбек болмағанмен қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты жазылған
зерттеулер мен жазба ескерткіштер тілін зерттеуге арналған еңбектердің бұл
тақырыпқа да қатысы бар екендігі даусыз. Бұл еңбекте ресми-іс қағаздар
тілінің тарихы көне түркі жазба ескерткіштері жазылған кезеңнен басталып
қарастырылатындықтан ескерткіштер тілін зерттеуге арналған Ғ.Айдаров,

Ә.Құрысжанов, М.Томанов [2] еңбегі, Ғ.Айдаровтың [3], М.Томановтың [22]
жеке авторлығымен шыққан еңбектердің түркі тілдері тарихын, оның ішінде
қазақ ресми-іс қағаздар тілінің тарихын зерттеуде өзіндік маңызы бар
екендігі сөзсіз. Қ. Өмірәлиев " VII-XII ғасырлардағы көне түркі әдеби
ескерткіштері " еңбегінде: " Кіші күлтегіннің" " Теңрі тег теңріде болмыш
түрк Білге қаған бу өдке олурдым. Сабымын түгеті есіткіл" деп басталуы мен
"Могилян хан" ескерткішінің " Теңри тег теңрі йаратмыш түрк Білге қаған
сабым" деп басталуы бергі XIV-XVI ғасырдағы хан жарлықтарына хаттарына
ұқсас" – деп жазса [14,29], "XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі"
еңбегінде жазбалар тіліне талдау жасай келіп, оны ауыз әдебиеті, басқа да
жанр нұсқаларымен салыстыру нәтижесінде ол ескерткіштер бір ғана стильде
жазылмағандығын анықтайды. Ғалым өз пікірін: "VII- ғасырдың басында
жазылған " Тоныкөк", " Күлтегін", " Могилиян" сияқты ескерткіштер жазба
әдеби нұсқалар. Олар – хан жарлықтары мен шежіренің алғашқы үлгі-нұсқалары"
–деп қорытады [14,45].
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін де өте құнды
деректердің бірі болып табылатын XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілін
зерттеуге арналған А. Ибатовтың " XVI ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі
" еңбегі де іс қағаздар тілінің қалыптасу кезеңін көрсететін, нақты
материалдарға ғылыми талдау жасалған құнды зерттеу жұмысы. А. Ибатов:
"жарлықтар сан жағынан өте аз және іс қағазы болғандықтан, көлем жағынан да
шағын болып келеді. Бірақ соған қарамай, онда қолданылған сөздер мен
олардың неше алуан өзіндік ерекшеліктері – қазіргі тілдердің қалыптасып
тұрақталу тарихын байыптап аңғару ісінде бірден-бір қажет материалдар"-
деп, жарлық мәтіндері тілінің қазіргі ресми-іс қағаздар тілінің қалыптасу
тарихын зерттеуге қажетті, құнды материал екендігін атап көрсетеді [8,3].
Ресми-іс қағаздар тілінің зерттелуіне қатысты құнды ғылыми еңбектердің
бірі –зерттеуші С. Құдасовтың "Армян жазулы қыпшақ ескерткіші " Дана хикар
сөзінің" тілі " деп аталатын монографиясы [10] мен " Армиян жазулы қыпшақ
тілінің ескерткіштері" мақаласы [9]. Зерттеуші армян-қыпшақтар тұрған жерде
қолданылып, сол кезеңде іс қағаздары жүргізілген тілді Алтын Орда дәуірінде
қолданыста болған әдеби тілдің заңды жалғасы деп таниды.
Т.Р. Қордабаевтың "Тарихи синтаксис мәселелері" атты еңбегі XV-XIX
ғасырлар арасындағы қазақ тілінің синтаксистік құрылысына жалпы шолу
жасаумен бірге қазақ би-сұлтандарының, ру басыларының XVIII ғасырда Ресей
патшалығымен жазысқан ресми хаттарының да синтаксистік құрылысын талдауға
арналған. Ғалым: "Тіліміздің синтаксистік құрылысы бұрыннан бар амал-
тәсілдердің, элементтердің, фактілердің бірден-бірге толығуы, жетілуі,
айқындала, дәлдене түсуі арқылы да, немесе олардың ескіріп жойылуы,
жойылғандардың орнына жаңа амал тәсілдің, конструкциялардың, элменттердің
бірте-бірте еніп, орнығуы, қалыптасуы арқылы да байып, жетіліп отырған" –
деп жазады [12.20]. Еңбекте XVIII ғасырда жазылған ресми-іс қағаздары
тіліндегі септік жалғауларының, шылаулардың, қызметі, сөйлем мүшелері және
олардың бір-бірімен байланысы талданып, құжаттардағы жай сөйлем және
құрмалас сөйлем синтаксисі қарастырылады. Ресми – іс қағаздар тіліне
байланысты ғылыми пікірлер мен тұжырымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Исаев,
Р.Сыздықов, Е.Жанпейісов, Б.Әбілқасымов т.б. ғалымдардың қазақ әдеби
тілінің тарихына қатысты жазылған еңбектерінде айтылады. "Қазақ әдеби
тілінің тарихы" еңбегінің авторлары М.Балақаев, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов
қазақ әдеби тілінің тарихына XVIII ғасырдан бастап талдау жасағанымен оған
дейін де қазақ әдеби тілін танытатын үлгілердің болғанын жоққа шығармайды.
Ол жөнінде: "XVIII ғасырдан бұрын да қазақ көркем әдеби тілін танытатын
үлгілер бар болғанын ескере отырып, әдеби тіліміздің тарихын әзірге
қолымыздағы талдау обьектісі боларлық материалдары бар XVIII ғасырдан
бастадық" – деп жазады [6,15]. Бұл еңбекте XVIII, XIX, XX ғасырлардағы
қазақ ресми-іс қағаздар тілін танытатын материалдарға талдау жасалады. Р.
Сыздықова еңбектерінің қазақ ресми-іс қағаздар тілінің даму, қалыптасу
кезеңдерін анықтап, талдау, ерекшелігін көрсету мақсатында жүргізілетін
зерттеу жұмыстары үшін маңызы зор. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың I
жартысындағы ресми қағаздардың тілі туралы: "Аталған кезеңдегі қазақ
даласына тіл тәжірбиесінің және бір түрі болды. Ол- қазақтың хан,
сұлтан, старшындарының орыс империясының әкімшілік орындарына және бір-
біріне жазысқан әр түрлі сипаттағы қағаздары мен хаттарының тілі болды.
...ресми документтерді қазақтың сол тұстағы көркем әдебиеті үлгілерінен
бөліп қарау қажеттігі даусыз, өйткені, біріншіден, бұлар әдебиеттің өзге
жанрына жататын болса, екіншіден, тілі мен стилі жағынан өзгеше болып
келеді" – деп атап көрсетеді [17,167]. Ғалымның тілдік норма, тіл
мәдениеті, функционалдық стилдер т.б. да мәселелерге арналған еңбектерінде
де ресми-іс қағаздарының тілі мен стиліне қатысты мәселелер сөз болады
[18,19,20]. Б.Әбілқасымовтың "XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби
тілі" атты еңбегінде ресми-іс қағаздар үлгілеріне әкімшілік орындарының
бұйрық –жарлықтары, қазақша жазылған заң жинақтары мен ережелер, кейбір
эпистолярлық стиль материалдары жатқызылады. Ғалым: "Жалпы іс қағаздарының
сыртқы формасы мен стильдік жүйесі дүние жүзінің бірсыпыра тілдерінде, оның
ішінде көршілес елдер тілдерінде, өзара ортақ болатын тәрізді. Сондықтан
қазақ тіліндегі ресми-іс қағаздарының қалыптасуына негіз болған көне
түркілік іс қағаздары үлгілері мен орыс тіліндегі іс қағаз үлгілері бірін-
бірі жоққа шығарған жоқ"- деп іс қағаздарына тән ерекшелік – олардың
негізгі баяндау формасы мен стиль тұрақтылығы, дәстүр жалғастығы
сақталатындығын атап көрсетеді [5,115]. Қазақ ресми-іс қағаздар тілін
қалыптастыруда алғашқы қазақ баспасөзінің зор маңызы болғаны мәлім. Ресми
–іс қағаздар тіліне байланысты ғылыми пікірлер ғалымның "Алғашқы қазақ
газеттерінің тілі" еңбегінде де айтылады.
Қазақ ресми-іс қағаздар тіліне қатысты алғашқы зерттеу жұмысы
Н.Ерғазиеваның " Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздар стилінің қалыптасуы және
дамуы" атты кандидаттық диссертациясы. Зеттеуші өз жұмысында ресми -іс
қағаздар лексикасының, оның ішінде ресми-іс қағаздары терминдерінің
қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөледі. Жұмыста ресми-іс қағаздары
терминдерінің лексика-семантикалық топтарына талдау жасалып, ресми-іс
қағаздар стилінің құрылымдық –морфологиялық ерекшеліктері анықталады [7].
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты іс қағаздарын
қазақша жүргізу мәселесі қолға алынып, ресми-іс қағаздарының тілін
зерттеуге де ден қойыла бастады. Оның кейбір мәселелері соңғы жылдары қазақ
тілінде жазылған бірнеше кандидаттық диссертацияның зерттеу нысаны болды.
Ресми-іс қағаздар тілінің зерттелуіне жасалған шолу соңғы жылдарға
дейін ресми-іс қағаздар тілі арнайы зерттеу объектісі ретінде алынбаса да
жоғарыда аталған еңбектер оның тарихына, стиліне қатысты кейбір
мәселелердің ғалымдар назарынан тыс қалмағанын байқатады. Қазақ тілінің
қоғамдық қызметіне байланысты 1990 жылдарға дейін ресми-іс қағаздар тілін
зерттеу мәселесі өзекті болған жоқ. Қоғам дамуының ықпалына, мемлекеттегі
қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге, тіл саясатына байланысты соңғы жылдары
қазақ тіл білімінде функционалдық стильдер проблемасына қатысты мәселелер
көтеріліп, оның жеке тармақтарын зерттеу қажеттігі туып отыр. Қазіргі іс
қағаздары тілінің қалыптасу, даму барысын ғылыми сараптау елегінен өткізіп,
қазіргі іс қағаздар тілінің даму тенденциясын анықтау қазақ тіл біліміндегі
бүгінгі өзекті мәселелердің бірі.

1.2. Түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми- іс қағаздарына тән тілдік
элементтер
Өз алдына жеке бір халық болып қалыптасқанға дейін қазақ халқы да
ыдырап бөлшектенудің, қосылып бірігудің талай кезеңдерін бастан
кешіргендігі талас тудырмайтын шындық. Қазақ халқының көне замандағы тарихы
дегеніміздің өзі- сол дәуірдегі Қазақстан территориясын мекендеген
тайпалар, қауымдар тарихы. Қазақ халқының құрмына енген бірқатар
тайпалардың, рулардың қазіргі Қазақстан территориясы орналасқан жерде
болған Батыс түрік, Түркеш, Қарлық сияқты бірлестіктердің, қағандықтардың
құрамында болғаны тарихтан белгілі. Егер тіл тарихын сол тілді туғызған,
оны қатынас құралы ретінде қолданған қауым тарихынан бөліп қарауға болмайды
деген қағиданы ұстанатын болсақ қазақ тілінің көне тарихына жоғарыда
аталған тайпалар одағы заманынан сақталған жазу нұсқалары тілінің қатысы
барлығын жоққа шығара алмаймыз. Олардың түркі тілдерінің көпшілігіне, оның
ішінде қазақ тіліне де қатысы бар ортақ материал екендігі ғылымда
дәлелденген. Қазіргі қазақ тілінің түп тамыры ертедегі тайпалық, рулық
тілдерде екендігі, тарихи себептерге байланысты ол тілдердің бірге немесе
бөліне дамуының нәтижесінде пайда болғандығы күмәнсіз. Р.Сыздықова "Қазақ
әдеби тілінің тарихы" атты еңбегінде Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілін
қазақ әдеби тілінің бір арнасы ретінде қарастырады [21,41].
Академик Ә. Қайдар " Қазақ тілінің өзекті мәселелері " атты еңбегінде
әлі күнге дейін арнайы зерттелмеген, бірақ зерттеуді қажет ететін
проблемалардың бірі ретінде қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі Қазақстан
жерін мекендеген ру-тайпалардың тілін және олардың өзара қарым-қатынасын
анықтау екендігін атап көрсетеді. Ғалым:" Қазақ тілінің шығу тарихын сөз
еткенде біз оны тек XIV-XV ғасырдан басталды деп айта аламыз: оның шығу
тарихы мен дербес тіл болып қалыптасу дәуірлері әлдеқайда әріден басталса
керек"-деп жазды [11,54]. Әрине біз көне түркі жазба ескерткіштері тілін
негізге ала отырып, қазақ ресми-іс қағаздар стилі сонау ерте заманда
қалыптасты деген тұжырымға келе алмаймыз, бірақ көне түркі жазба
ескерткіштері тілінде ресми стильдің белгілері, іс қағаздар тілінің
элементтері кездеседі. Мәселен, көне жазба нұсқаларының тасқа қашалған
мынадай сөз кездеседі:"Түркі бектері мен халық мұны естіңдер. Қандай
сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер,
ұғыңдар" [3,31]. Бұл сөздер әрине түркі халқының кейінгі ұрпағына арналған.
Мазмұны, құрылымы жағынан қазір біз өсиет деп атап жүрген іс қағазына
сәйкес келеді.
Ал VII ғасырдағы Күлтегін ескерткішіндегі мына жолдарға көз
жүгіртейік: Тәңірідей тәңіріде болған түркі Білге қаған бұл кезде отырдым.
Сөзімді түгел есіткін: соңымдағы іні-жиенім, ұлым, бір-екі жақын руым,
халқым, оңымдағы уәзір ұлық бектер, солымдағы тарқан бұйрық бектер, отыз
тоғыз оғыз бектері, халқы, бұл сөзімді жақсы есіт, қатты тыңда! Ілгері күн
шығыста оң жақта күн ортасында, кейін күн батыста, сол жақта түн ортасында
соның ішіндегі халықтың көбі маған бағынды, халықты осынша көп еттім
[3,168]. Ескерткіштердің сол замандағы ірі тарихи тұлғаларға арналғандығын,
бұл сөздердің авторы да жеке адам болғанымен, ел бастаушы, қол бастаушы
тұлға екендігін ескерсек, мұны қазіргі ел басылардың халыққа жолдауы,
арнауы, үндеуі түрінде жарияланатын ресми құжат үлгісінің алғашқы нұсқасы
ретінде де қарастыруға болады. Ескерткіш тілінің қалыптасқан сөздік
құрамымен қатар өзіндік мәнерінен қазіргі функционалдық стильдерге тән
ерекшеліктерді кездестіруге болатындығына ескерткіш тілін қазіргі іс
қағаздар тілімен салыстыра талдау барысында көз жеткізуге болады.
Күлтегін ескерткішіндегі жазу үлгісінің мазмұны, мақсаты, құрылымы
және стилі қазіргі ірі қоғам қайраткерлері қайтыс болғанда орталық газет
беттерінде жарияланатын көлемді қазанамаларға көбірек ұқсайды. Себебі
қазіргі жарияланатын қазанамада қоғам қайраткерлерінің елге сіңірген
еңбегі, жоғары бағаланатын қасиеттері кей жағдайда мемлекеттің қандай қиын-
қыстау кезеңінде еңбек еткені, сол кезде сіңірген еңбегімен іскерлік,
басшылық қабілеті ел, жер, мемлекет жағдайымен байланыстыра жазылады.
Мәселен, мына жолдарда сол кездегі елдің жалпы жағдайы да, саяси жағдайы да
сөз болады: 3. Ол емті анығ йоқ. Түрк қаған Өтүкен йыш олурсар, ілте буң
йоқ. Ілгерү Шантуң йазықа тегі сүледім, талуйқа кічіг тегмедім. Біргерү
Тоқуз Ерсенке тегі сүледім. Түпүтке кічіг тегмедім. Қурығару Иынчу үгүз
кече. 4. Темір қапығқа тегі сүледім. Ирғару Иір Байурқу йіріңе тегі
сүледім. Бунча йірке йортдым. Өтүкен йышда йіг іді йоқ ерміс, іл тутсық йір
Өтүкен йыш ерміс. Бу йірде одурып, табғач будун бірле түзелтім. 3.Ол енді
кексіз. Түркі қағаны Өтүкен қойнауында отырса, елде мұң жоқ. Ілгері Шаңтұң
жазыққа дейін соғыстым, Тибетке кішкене жетпедім. Кері қарай Сырдария
өзенін кешіп өтіп 4. Темір қақпаға дейін соғыстым. Терістікте Вайырға
жеріне дейін соғыстым. Сонша жерге жүргіздім. Өтүкен қойнауында игі ие жоқ
еді. Бұ жерде отырып, Табғаш халқымен дұрысталдым [13,168-189].
Соңында туған-туыстарына, ғалым болса сол ғылым саласына қарата немесе
қайраткер болса халыққа қарата көңіл айтылып, қатты қайғыратындықтарын
білдіріп жатады. Үлкен Күлтегін жазуы мәтінінің соңында жазылған төмендегі
жазу да қазіргі қазанама соңында жазылатын жазу үлгісімен үндес, мазмұндас,
құрылымдас:Анча сақынтым. Көзде йаш келсер, өті де көңілте сығып келсер.
Иантуру сақынтым. Екі шад улайу іні-йігүнім, оғланым, беглерім, бугуным
көзі, қашы йаблақ болтачы тіп сақынтым. Иуғчы-сығытчы қытан, татабы будун
башлайу. 52. Улар сңүн келті. Табғач қағанта ісйі Лікең келті. Бір түмен
ағы алтун, күмүш кергексіз көлүрті. Түпүт қағанта Бөлен келті. Қурыйа күн
батсықдақы Соғд, Б ерчеркер, Буқарақ улыс будунта Нең сеңүн оғул тарқан
келтіі 53. Он оқ оғлым, түргіс қағанта Макрач тамғачы,и Оғуз Білге тамғачы
келті. Қырқ аз қағанта тардуш Ынанчы Чор келті. Барқ ітігүчі, бедіз
йаратығма бітіг таш ітігүчі табғач қаған чықаны Чаң сеңүн келті. Күлтегін
қой йылқа йіті йегірміке учды. Тоқузынч ай йіті отузқа йок ертүртіміз.
Барқын, белізін, бітіг ташын бічін йылқа йітінч ай йіті отузқа қоп
алқадымыз. Күлтегін өліп қырқ артуқы йіті йашың булун Таш ... бунча
бедізчіг тойғун, елтебер келурті. 51.Сонша қайғырдым. Көзге жас келсе,
көңілге жылау келер. Қайта қайғырдым, қатты қайғырдым. Екі уәзір ілескен
іні-жиенім, ұлдарым, бектерім, халқымның көзі, қасы жаман болар деп
қайғырдым. Жылаушы-сықтаушы қытан, табы халқын бастап 52. Удар сеңүнкелді.
Табғаш қағанынан ісйі Лікең келді. Он мың сый алтын, есепсіз күміс әкелді.
Тибет қағанынан Бөлен келді. Теріскей күн батыстағы Соғд, Бершеркер, Бұхара
ұлыстары халқынан Нең сеңүн тарқан ұлы келді. 53. Он оқ ұлы, түргеш
қағаннан Макраш таңбалы келді.Қырық аз қағаннан тардұш Ынаншы Шор келеді.
Жай орнатуға, өрнек салынған жазулы тас қоюға табғаш қаған жарлысы Чаң
сеңүн келді. Күлтегін қой жылы он жетінші күні өлді Тоғызыншы айдың жиырма
жетісінде көптеп бітірдік. Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді. Тас...
мұнша өрнекшілерді әйгіледі, елтеберлерді келтірді [3,168-189].
VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштер тілінде қазіргі
қазақ тіліне тән элементтер мен құрылымдық ұқсастықтар, ресми-іс қағаздар
стилінің өзінді белгілері, қазіргі іс қағаздар тілінде қолданылатын кейбір
реквизиттер бар. Қазіргі қолданылып жүрген іс қағаздарының аттары аталмаса
да құрылымдық, мағыналық аспектіде қарастырғанда қазіргі іс қағаздар
үлгілерінің терең тамыры VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба
ескерткіштерінде жатқандығын байқауға болады. Қазақ іс қағаздар тілінің
тарихы VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінен басталады.
Бұл ретте Ә. Қайдаровтың: ″бүгінгі қазақ тілінің тегі жайында, тарихи даму
сатысы мен басқа тілдерге қатыстығы жайындағы жорамал ретінде әдетте мынаны
айтуға болар еді: оның арғы тегі сонау хун, көне түркі дәірінен басталып,
түп-төркіні көне үйсін, қаңлы, қыпшақ тайпаларының тілдік дәстүрінен өрбіп,
Орхон-Енесей ескерткіштер тілімен ортақтығын сақтай келе, М. Қашқаридың
″Диуаны" мен Ю. Баласағунидың ″Құдатғу білігі″ тілімен жалғаса түсіп,
туыстығын кейінгі дәуірдегі қыпшақ тілдерінен тапқан- дербес түркі
тілдерінің бірі. Сондықтан қазақ тілін әрі көне, әрі жаңа тілдер санына
қосуға толық негіз бар. Оның базистік лексикасында баба тілі, көне түркі
элементтері көптеп сақталған″- деген пікірін келтіре кеткен орынды болар
[11,54].
Құжаттағы кейбір сөз қолданыстарына тоқтала кетейік. Танұқ-куә
мағынасында қолданылған, нішән-белгі, мөр мағынасында, өзүм бітідім-өзім
жаздым, түші біле- түсімімен. Құжаттағы іл йаңінча тіркесіндегі іл-ел
мағынасын беретіндігі ғылыми әдебиеттерден белгілі. Мәселен, М. Томанов ″V-
VIII ғасыр жазбалары тілінде е-і сәйкестігі болған. Бір ғана сөз бірде е,
бірде і дауыстысымен айтылған. Мұның өзі әлгі екі дыбыстың бір буынды
сөздер құрамында тайпа тілдерін бір-бірінен ерекшелейтін белгі болғанын
көрсетеді″-деп жазады. Бұған көне түркі ескерткіштеріндегі ел, халық,
мемлекет мағынасында берілген ел сөзінің, іл нұсқасы да кездесетіндігі
дәлел бола алады, йаңынча сөзі мәтін аудармасында салтынша деп
берілгенімен, біздің ойымызша заңынша деген сөз сияқты. М. Томанов түркі
тілдеріндегі дыбыс сәйкестіктерінің тарихы жайлы айта келіп:″Соңғы
сәйкестіктің даму жолы р›з›й, яғни з арқылы жүрген, бірақ орталық звено
біздің тілімізде сақталмаса керек. Қазақ тіліндегі жар, жаз, жай тәрізді
бірен-саран фактілер дыбыс өзгерістерінің сондай жолын дәлелдейді. Бұл
ретте тек р мен з емес, кейде р, з, й-дің де бір ғана фонеманың көріністері
екенін байқаймыз"- деп жазады [22,69]. Яғни, құжаттағы іл йаңынча –ел
заңынша деген тіркес қазір іс қағаздар тілінде тұрақты түрде дайын тілдік
бірлік ретінде қолданылатын заң бойынша деген құрылымның көне түркілік
нұсқасы.
Төмендегі мәтін тышқан жылы алтыншы айдың жиырма бірінде Куус Темүр
есімді адамның жер сатып алғаны туралы:
Күскү ( тышқан) иыл бір игірмінч ай алты йаңықа біз Толу Қара, Мысыр
Улуғ, Енч Қара... бір аңыз йір-ін Қуус Темур бақсы-тун усын қары (ұзын
қары:кез) біле одуз тас (отыз тай) бөз елігде (қолынан) алып, тоғуру-
томлуду (тура тәртіпті) садтымыз.
Бу йір садығы (бағасы) отуз тас бөз-ні бітіг қылмыс күн үзе ( қағаз
қылған күн үстінде) мен Қууз Темір түгел біртім.
...Мен, Чатыр бу бітекі... Енч Қара інче (дәл) айыдып (айтып) біті-гіл
тіміс-ке бітідім.
Бу нысан (мөр) мен- тануқ (куә) Буйан Қараның ол.
Бу йір садығы, яғни бұл жер бағасы, одузтан бөзні- отыз тас бөзді,
елігде алып- қолынан алып, тоғуру томлуду- тура тәртіпті, садтымыз- саттық.
Одан ары қарай жер бағасы отыз тас бөзді бітіг қылмыс күнүзе, яғни тура
аударсақ-қағаз қылған күн үстінде, қазіргі іс қағаздар тілінде қалыптасқан
үлгі бойынша айтсақ, құжат рәсімделген кезде бердім деп жазылған. Бұл
құжаттың соңында да куә атты жазылып, мөр басылған.
Құжат қазіргі кезде жиі жасалатын сату және сатып алу келісім-шартымен
сәйкес келеді. Тіпті жалпы мазмұны мен құрылымында көп өзгешелік жоқ.
Құжатта бірнеше адамның аты-жөні көрсетілген. Олар: сатушы, сатып алушы,
куә және құжатты жазушы. Қазіргі келісім-шартта да сатушы, сатып алушы,
құжатты рәсімдеуші нотариустың аты-жөндері көрсетілетіндігі белгілі.
Айырмашылығы қазіргі сату-сатып алу келісім шартында куә көрсетілмейді.
Куәнің болуы қазір де кез келген мұндай жылжымайтын ,мүлік туралы
құжаттардың заңдық күшін арттыра түспесе, кемітпейтіні анық.
Көне түркі ескерткіштеріндегі құжат мәтінінің бір тармағы мен қазір
қолданылып жүрген сату-сатып алу келісім-шартының бір тармағын салыстырып
көрейік.
Бу йір садығы отыз тас бөз-ні бітіг қылмыс күн үзе мен Қуус Темүр
түгел біртім (Бұл жер бағасы отыз тас бөзді жазу қылған күн үстінде мен
Қуус Темүр түгел бердім) [9,36].
Қазіргі келісімшарт үлгісінде: Аталған жер учаскесі Сатып алушы
Сатушыға келісім-шартқа толық қол қойылғаннан кейін төлеген 2480000000 (екі
миллион төрт жүз сексен мың) теңге сатылды.
Қазіргі іс қағаздарына тән негізгі реквизиттер дата, қол, мөр, мәтін,
құжатты жасаушының, негізгі адресат пен адресанттың аты-жөні болса бұлардың
барлығы дерлік ескерткіш мәтінінен келтіріп отырған құжатта бар.
Келтірілген тілдік фактілерді талдау қазіргі қазақ іс қағаздар тілінің
тарихы көне түркі дәуірінен басталады деген тұжырымға алып келеді.
Орта түркі жазба әдеби тілі бұрынғы қарлұқ, оғыз, қыпшақ тілі
топтарының құрамындағы түркі тілдерінің бәріне ортақ болған. Бұл ортақ
жазба әдеби тіл XI ғасырдан бастап XV-XVI ғасырларға дейін, яғни олардың
әрқайсысының жігі ажырап ұлттық тіл дәрежесіне жеткенге дейінгі уақытты
қамтыған. Орта түркі әдеби тілінде жазылған мұралар қарлұқ, оғыз, қыпшақ
тілі тобының құрамында болған қазіргі қазақ әдеби тіліне әрине тікелей
қатысы бар. XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарын да қазіргі қазақ іс
қағаздар тілімен тікелей тарихи байланысы бар мұра ретінде қарастыруымыз
керек. Бұл жөнінде А. Ибатов: "Жарлықтар тексі болса, сол орта ғасыр жазба
әдеби тілінің стильдік бір тармағы ретінде, іс қағаздарының стилімен
жазылған мұралар қатарында танылуы қажет"- деп жазады [8,7].
XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана.
Бұлардың үшеуі XIV ғасырдың аяқ шенінде жазылған Тоқтамыстың екі жарлығы
мен Темір Құтлұғтың жарлығы орта түркі жазба әдеби тілінде жазылса, жетеуі-
Мангу-Темір (1342), Узбек, Бердібек (1357), Атулақ (1379) жарлықтары және
Тайдулы ханшаның (1357) үш жарлығы орыс тілінде жазылған.
Құжаттың үшеуі де жарлық деп аталғанымен олардың мазмұн мақсаты әр
түрлі. Жарлық сөзінің мағынасы әмір беру, бұйыру, бұйрық беру сөздерінің
мағынысына өте жақын. Көне замандағы хан, қаған жарлықтары да, қазіргі
үкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғана
емес, көпшілік халыққа берілетін, жалпықалықтық сипаттағы әмір, бұйрық.
Жарлықтың бұйрықтан негізгі айырмашылығының өзі оның барлығына
жарияланатын, барлығын орындауға, бағынуға, назарға алуға тиісті құжат
екендігінде. Ал Тоқтамыстың бірінші жарлығы қазіргі халықаралық қатынасты
реттеу, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында бір елдің екінші елге
делегация жіберу, ресми хат жіберу процесіне ұқсас жағдай. Тоқтамыс бұл
жарлықты XIV ғасыр тілімен айтқанда елшілер арқылы, қазіргі қалыптасқан
норма бойынша айтсақ делегация арқылы жіберіп отыр. Бұл жарлық мәтінінде
былай берілген: емді бу йарганы аңлату Асан Тулу Хоже башлы елчілеріне
ійттүк-енді осының жөнін білдіріп Асан, Тұлы-Қожа бастаған елшілерді
жібердік [8,13]. Жарлық мазмұнында жоғарыда айтылғандай жалпыхалыққа
қатысты, орындалуға тиісті мәселе жайлы емес, поляк князі Ягайламен жақсы
қарым-қатынас жасап тұру ниеті жайында жазылған. Жарлық мазмұнында Темірдің
(Ақсақ Темір) Тоқтамыс Ордасына шабуыл жасамақ ниеті бар екендігі айтылады,
яғни Тоқтамыс бұл жарлықты жазу арқылы Ягайланы өзіне жақтас санайтындығын,
егер Темір тарапынан жаугершілік бола қалса өзінің Ягайла көмегінен бас
тартпайтынын, оған сенетіндігін білдіргісі келген. Яғни бұл құжат мазмұны,
стилі, құрылымы, жазылу мақсаты жағынан жарлықтан гөрі ресми хатқа көбірек
ұқсайды.
Ал екінші құжат- Темір Құтлұғтың жарлығы. Жарлық ата-бабасынан бері
тархан болып саналатын Мұхамедке берілген. Онда Мұхамедтің де балалары
Тархан дәрежесінде саналу қажет екендігі және олардан ешқандай алым-салық
алуға болмайтыны жайында айтылған. Құжат бойынан қазіргі анықтама, куәлік,
рұхсат қағаз, қызметтік хат, жарлық, қаулы сияқты іс қағаздарына тән
элементтер кездеседі. Жарлықтағы: Оң қол сол қолның оғланларыға түман едгу
башлық мың йүз он бекларіге ічкі кептларнің қази муфтиларыға машаих
софыларыға диуан бітігчіларіга тамғачы тартнақчыларыға йортыр ішланчі
йолаучыларға букаул туткаулларға йамчы сусунчылар кушчы барсчыларға кемачі
көбрукчіларға базарға турғанларға (Оң жақ, сол жақтың ұландарына өлкенің
игі басшылары мың (басы), жүз (басы), он (басы) бектеріне, ішкі қалалардың
қазы, муфтыларына, машайық, сопыларына, мекеме хатшыларына, баж алымын
жинаушыларына, таразышыларына, жортуылдаушы жолаушыларға, әскери төрелер,
алым-салық жинаушыларға, почта бастықтары, аспазшылар, құсшы аңшыларға,
кемеші, көпіршілерге, базарда тұрғандарға) [8,21,22] деген құрылым
біріншіден, құжаттың кімге арналғандығын, яғни, қазіргі іс қағаздар тілімен
айтқанда адресатын көрсетсе, екіншіден, бұл жарлықты кімдердің орындауы
керектігін немесе Мұхамедтің мұны қай жерге көрсете алатындығын, Мұхамедтің
құқын көрсетеді, яғни, қазіргі іс қағаздар тілімен айтқанда құжаттың заңдық
күші мен жарамдылық радиусын көрсетіп тұр. Қазіргі іс қағаздардың
рәсімделуі, жазылуы, заңдық күшінің жарамдылық радиусының көрсетілуі әрине,
XIV ғасырда жазылған құжаттармен салыстырғанда әлдеқайда жетілген. Қазір
жоғарыда құжаттан келтірілген үзіндіде көрсетілгендей бәрін санамалап
отырмайды, егер белгілі бір ведомстволық мекеме берген жеңілдік болса ол
әрине сол мекеме ішінде ғана жарамды, ал облыстық әкімшілікке қарайтын
мекеме берсе сол қала көлемінде, республикалық деңгейдегі мекемелерден
берілсе республика көлемінде заңдық күші бар екендігі өзінен-өзі белгілі
болып тұрады.
XIV ғасыр іс қағаздарының тілдік сипаты мен лексикалық ерекшелігіне
келетін болсақ, талданып отырған жарлықтар мәтіні жағынан шағын, шамамен
бір бет көлемінде болып келеді. Зерттеуші А. Ибатовтың пікіріне сүйенсек,
жарлық мәтіндерінде шамамен 350-дей түбір және туынды сөз қолданылған
[8,27].
Жарлықтардың құрылымы мен мазмұнына талдау жасай отырып, XIV ғасырда
іс қағаздарының әлі де мазмұны мен мақсатына, қызметі мен формасына қарай
бөлініп, жүйеленбегендігін, олардың жеке іс қағазы ретіндегі атауларының
қалыптасып, сараланбағандығын байқауға болады. Себебі, біріншіден, қай
жарлықтың болмасын мәтінінде түрлі топтағы іс қағаздарына тән грамматикалық
ерекшеліктер араласа беріліп отырған. Мәселен, бір жарлықтың өзінде
анықтамалық-ақпараттық құжаттарға тән ерекшелік- баяндауыштың бұйрық рай
формасында келуі т.б. Екіншіден, бұл құжаттарды мақсат-мазмұны мен
құрылымына қарай куәлік, анықтама, бұйрық, жарлық деп саралауға болса да
сол кезеңдегі іс қағаздар тілінің, іс қағаздарын жүргізу, жазу
мәдениетінің әлі де қалыптаса қоймағандығынан олардың барлығы жарлық деп
аталған.

1.3. XV-XVIII ғасырларлағы қазақ ресми –іс қағаздар тілі
Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII ғасырда-ақ
қалыптасқан. Армиян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттар тілін
Алтын Орда дәуірінде қолданыста болған әдеби тілдің зерттеушілер еңбегінде
хан жарлықтарының тілі деген атпен беріліп жүрген іс қағаздар тілінің
жалғасы деп тануға болады. Сондықтанда бұл құжаттарды бір ғасыр бойы хатқа
түсіп, ресми-іс қағаздарына тән өзіндік стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс
қағаздары үлгісі ретінде бағалау керек.
Яғни қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII
ғасырларда –ақ қалыптасқан. XV-XVII ғасырларда жазылған армиян жазулы
қыпшақ тіліндегі осы мұраларды жан-жақты зерттеу қазақ ғалымдары алдындағы
келелі міндеттердің бірі болуы керек.
Қазақ іс қағаздар тілі негізгі көздерінің бірі – XVIII ғасырда
жазылған іс қағаздары. Бұл дәуірде жазылған іс қағаздарының, атап айтқанда
Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа байланысты жазылған құжаттардың
көпшілігінің Ресей архивінде сақталып, кейінен жинақ болып баспадан шығуы
сол кездегі іс қағаздар тілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының,
батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік
орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына,
қазақ-орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси
құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол
кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен
қатар, XVIII ғасырда қазақ іс қағаздары тілі қандай болғанын да көрсете
алады. Олар:
Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы
мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.
Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу
туралы өтініш жасап император I Петрге жазған хаты. 1718 жыл, 10 желтоқсан.
Орынбор комиссиясының бас командирі И. И. Неплюевтің Әбілқайыр ханмен
және жоңғар қонтайшысы Галдан- Цереннің елшілері Кашкамен, Бурунмен кіші
жүздің бодандығы туралы келіссөз кезінде жүргізілген хаттамадан қысқаша
мазмұндама. 1742 жыл, 27 қыркүйек.
Нұралы ханның Е. Пугачевқа хаты. 1773 жыл, 18 желтоқсан.
Кіші орда старшындарының барон О. А. Игельстромға хабары. 1786 жыл, 14
тамыз.
Орынбор шекара істері экспедициясының Сырым батырды байұлы ұрпағының
Бас старшыны етіп бекіту туралы жарлығы. 1781 жыл, 23 қазан.
Сырым батырдың Императрица II Екатеринаға хабары. 1790 жыл, 11
қыркүйек.
Сырым батыр мен қазақ старшындарының Симбирск және Уфа наместнигінің
генерал-губернаторы А. А. Пеутленгке хаты. 1792 жыл, 11
қыркүйек.
Жетісудың бас старшинасы Тіленшінің Шерғазы сұлтандарға жазған ағләм
намасы. 1793.
Қазақ сұлтандары мен старшиналарының Екатерина II-ге жазған ғарыз
намасы т.б.
Құжаттардан төмендегідей іс қағаздары атауларының
қолданылғандығын көруге болады. Жоғары орындардан немесе лауазымды
адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздары ғарыз, ғарыз
наме, ғарыз ахуал, ғараз хал деп аталған. Ал, бір жағдайды хабарлау,
оқиғаны баяндау, бір нәрсені білдіру үшін жазылған іс қағаздары ағлам наме,
ғарзе наме деп аталған. Қазір біз іс қағаздарына қолданылып жүрген хат
термині жоғарыда аталған құжаттарда мәктәбә, күтабтү, күтаб, және хат
түрінде кездеседі. Яғни хат сөзімен қатар осы ұғымды білдіру үшін күтабтү,
кәтаб, мәктәбә сөздері қатар қолданылған. Әкімшілік орындарынан шағын
бұйрық, жарлық мағынасындағы іс қағаздары ярлұқ, әмір ярлұқ, фарман деп
аталған. Қазір бұл қолданылып жүрген жарлық, бұйрық, қарар, қаулы сөздері
бұл құжаттарда кездеспейді. Ярлұқ- түркілік сөз, біз оны жарлық түрінде
қолданамыз. Ал әмір ярлұқ сөзі хан, сұлтандар тарапынан берілетін жарлық
мағынасында қолданылған. Мұндағы әмір –араб сөзі.Фарман сөзінің қолданылуы
қазіргі бұйрық сөзінің қолданылу аясымен сәйкес келеді.Лексиканың нормалану
белгілерінің бірі – белгілі бір ұғымда бір сөздің қалыптасуы, сөздердің
тіркесу типтерінің тұрақталуы десек, аталған кезеңде іс қағаздар
атауларының нормалана қоймағандығынан, тіркесу типтерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем әдебиет тілінің стилі
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық тілі
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
Іс қағаздарының қоғамда алатын орны
ХХ ғасырдың басыңда оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер
Ресми іс қағаздары мен стиль түрлері
Пәндер