Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы мәдени туризм модернизациясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ТУРИЗМІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мәдени туризм түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мәдени туризмнің қазіргі жай.күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
1.3 Мәдени туризмнің даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

2 МӘДЕНИ ТУРИЗМ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ МУЗЕЙ
2.1 Музей ұғымы, тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
2.2 Музей педагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... .76
2.3 Музейге салыстырмалы.статистикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...91

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 96

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...99
Қазіргі XXI ғасыр жоғары индустриалды ақпараттық қоғам. Ол даму жолында жаңару, өзгеру, бейімделуге негізделеді. Ақпараттық қоғамның технологиялық мәдениетімен жаһандану үрдісі Қазақстанның саясатында жаңа жағдайға бейімдеуге мәжбүр етеді. Бұл мәжбүрлік әлемдік саяси үрдістен туындайды. Әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан саясатының бағыт-бағдары туралы мәселелер Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде қарастырылған. Онда бұл мәселе жөнінде былай деп жазылған: «Әлемдік тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік экономикалық прогресс жолына біздің терең тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру–міне, табыстың кілті, міне, Қазақстанның тұрақты да гүлденіп көркейетін жолы » [1].
Жұмыстың өзектілігі: Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау – абыройлы міндеттің бірі. Әлем өркениеті «Ұлы Дала» деп атаған қазақ халқының кең – байтақ жерінде ғасырлар бойы өмір сүріп келген ата-бабаларымыздың тіршілік – салты бүгінгі ұрпақтары өмірімен жалғасын табуы тиіс. Осынау «Ұлы Далада» сан ғасыр өмір сүрген қазақ халқының әлемдік өркениет құндылықтары қатарына енген төлтума мұралары мен тарихи – мәдени ескерткіштері де мол. Қазіргі кезде Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты бұл мұраларға бұрынғы қай кездегімен салыстырғанда барынша назар аударыла түсіп, мемлекеттік қамқорлыққа алынуда. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев: «...Жоғымызды түгендеп, барымызды барынша насихаттау, қазақ халқының тарихы да, материалдық мұрасы да, тілі мен ділі де, өнері де аса бай екенін барша әлемге таныту, білдіру» деп Қазақстан музейлерінің қор – көрмелерінде сақталып, насихатталып отырған ұлт мұраларының ел өмірі мен тарихында алар орнын айқындап берді. Ғасырлар бойы жинақталған бұл мұралар, халқымыздың өзіндік дүниетанымы мен болмысын, тұрмыс – салтын, жеке тұлға мен қоғамның рухани ізденісін, халық даналығы мен өнертанымдылығын және салт – дәстүрлер жүйесінің өзіндік ерекшелігін сипаттайды. Ұлт мәдениетін жаңғыртып, бабалардан жеткен тарихи – мәдени мұраларды насихаттау Қазақстан музейлерінің абыройлы да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағытындағы мәдени туризм саласын ғылыми тұрғыда жүйелеу және оның теориялық негіздерін салыстырмалы тұрғыда зерттеу, мәдени туризм саласын модернизациялау және оның негізі ретінде музей ісін алға тарту, Қазақстан музейлерінің тарихын, қазіргі жай-күйін зерттеу және шетел музейлерімен салыстырмалы талдау жасау, қазіргі заманғы нарықтық қатынастар мен жаһандану кезіндегі музей ісінің маңыздылығы мен қажеттілігін, ұлттық келбетін айқындап, болашаққа бағдар беретін негіз екенін тұжырымдау.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негіздері. Диссертация жазу барысында жүйелі және салыстырмалы-тарихи, құрылымдық тәсілдер, обьективтілік қағидалары, себебтілік салдарлық байланыстар методологиясы қолданылды. Автор жұмысының теориялық негізінде көрнекті ғалымдар: Ө. Жәнібеков, Б. Сарыбаев, З. Жакишева,Ү. Мұңалбаева, С. Ердаулетов, Г. Дүйсен, т.б. осы саладағы еңбектерді негізге ала отырып ғылыми тұрғыда негіздеді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыстың теориялық мазмұны тарихи-мәдениеттанулық зерттеулер үшін әдістемелік негіз бола алады. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалыптасып келе жатқан мәдениеттану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай дамытумен байланысты. Зерттеу жұмысының нәтижесі ұсыныстар, пікірлер, гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын жасауда ғылыми теориялық маңызы зор.
1 Н.Ә. Назарбаев. Сындарлы он жыл. - Алматы: Атамұра, 2003. - 234б
2 Коссова И.М. Музей, образование, культура. Тенденции и перспективы на рубеже тысячелетий. - М, 1999. –200 с.
3 Мәдени мұра. - №6(17). – Алматы, 2012. – 5 б.
4 Мир музея. -№3(8). – М, 2012. – 13 с.
5 Ілиясова Р. Қазына. –Алматы, 2001. – 308 б.
6 Республика Казахстан ІІ. Социально-экономическое развитие. -Алматы, 2010. – 623 с.
7 Dennis M. McInerney, Martin L. Maehr, Martin Dowson. Motivation and Culture // Encyclopedia of Applied Psychology, 2004, Pages 631-639
8 Музей как феномен истории и современности. Сборник материалов Первого Международного форума музееведов в Казахстане. –Астана, 2011. -13б.
9 Мұңалбаева Ү.Д. Мұражай педагогикасы тарихы, теориясы, тәжірибесі. –Астана, 2012. 47-48 бб.
10 Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 6 Т. – Алматы, 2004. – 600 б.
11 Алматы тарихы. -1 Т. – Алматы, 2009. – 72 б.
12 Алматы сүйікті қала. –Алматы, 2008. – 33 б.
13 Алматы тарихы. -2 Т. – Алматы, 2011. – 368 б.
14 Алматы Қазақстан суретшілерінің шығармашылығында. – Алматы, 2012. – 154 б.
15 Романова Н.М, Дмитриев В.А. Музей как инструмент воспитания толерантности в современном обществе. - М, 2002. – 400 с.
16 Алматы туралы шығыс дерек көздері. –Алматы, 2010. - 3 б.
17 Жәкішева З.С. Өзбекәлі Жәнібек тағылымы. –Алматы, 2011. -3б.
18 Жәнібеков Ө. Жолайрықта. –Алматы, 1995. – 110 б.
19 Мәдени мұра. - №5(38). – Алматы, 2011. – 33 б.
20 Бейжанова А.Т. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы
маркетингтің дамуы. –Алматы, 2004.
21 Основы менеджмента туризма. –М, 2001.
22 Алтынбаева Б.А. Рынок туристических услуг. -Алматы, 1997. -125 с.
23 Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. -Минск, 1999.-144 с.
24 Сапрунова В.Б. Туризм: Эволюция. Структура. Маркетинг. -М, 1997. -89 с.
25 Экономика современного туримза. -М, 1998.
26 Пузикова Е.П., Честпиков В.А. Международный туристический бизнес. –М, 1997. -35 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
МАГИСТРАТУРА

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
6М020400 - Мәдениеттану

Қорғау құқығында

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы мәдени туризм модернизациясы

Орындаған________________________ Ж.С. Бертаев __________2013 ж.

Ғылыми жетекші,
филос.ғ.д., профессор______________Ә.Р. Масалимова __________2013 ж.

Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
филос.ғ.д., профессор _______________________________А.Д. Құрманалиева

__________2013 ж.

Алматы 2013 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ТУРИЗМІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Мәдени туризм түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.2 Мәдени туризмнің қазіргі жай-күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
0.3 Мәдени туризмнің даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

1 МӘДЕНИ ТУРИЗМ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ МУЗЕЙ
0.1 Музей ұғымы, тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
0.2 Музей педагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... 76
0.3 Музейге салыстырмалы-статистикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..91

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 96

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..99

ГЛОССАРИЙ

Музей - (грек. museon - муза сарайы) - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме

Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.

Индустрия - (лат. іndustry - ынта, жігер) халық шаруашылығының өндіргіш күштерге және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін аса маңызды сала.

Инновация - (лат.innovation - жаңару, өзгеру) белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiредi.

Құндылық - танымның, белгілі бір обьектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылық философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық обьектінің адам үшін көптегн маңыздылығын айқындайды.Құндылыққа ешқандай күмән келтіруге болмайды.

Модернизация - (франц. modern - жаңғырту) артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясаты.

Туризм - (франц. tourіsme, tour - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі.

Мұраның өзектілігі - мәдени және табиғи мұра нысандарының әлеуметтік мәдени рөлін өзекті ету және түсіндіру арқылы заманауи мәдениетке қосылуына және сақталуына бағытталған қызмет.

Антиквариат - (лат. antiquus - көне, ескі) жоғары құндылыққа ие әр түрлі көне заттардың деңгейін сипаттауға арналған көркемдік-тарихи ұғым.

Аукцион - (лат. аuctio, auctionis) ашық сауда барысында адамдардың әлеуметтік-мәдени қызметінің (өнер туындыларын, антиквариат, мемориалдық заттар, құжаттарын және т.б.) және табиғи нысандардың өнімін көпшілік алдында сату тәсілі.

Көрме - музейдің коммуникативті мүмкіндіктерін кеңейту, музейдің түрлі мақсатты аудиторияларының сұраныстарын қанағаттандыру, мұраны өзекті ету мақсатында уақытша қызметістейтін музей экспозициясы.

Кіріспе

Қазіргі XXI ғасыр жоғары индустриалды ақпараттық қоғам. Ол даму жолында жаңару, өзгеру, бейімделуге негізделеді. Ақпараттық қоғамның технологиялық мәдениетімен жаһандану үрдісі Қазақстанның саясатында жаңа жағдайға бейімдеуге мәжбүр етеді. Бұл мәжбүрлік әлемдік саяси үрдістен туындайды. Әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан саясатының бағыт-бағдары туралы мәселелер Н.Ә.Назарбаевтың Сындарлы он жыл атты еңбегінде қарастырылған. Онда бұл мәселе жөнінде былай деп жазылған: Әлемдік тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік экономикалық прогресс жолына біздің терең тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру - міне, табыстың кілті, міне, Қазақстанның тұрақты да гүлденіп көркейетін жолы [1].
Жұмыстың өзектілігі: Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау - абыройлы міндеттің бірі. Әлем өркениеті Ұлы Дала деп атаған қазақ халқының кең - байтақ жерінде ғасырлар бойы өмір сүріп келген ата-бабаларымыздың тіршілік - салты бүгінгі ұрпақтары өмірімен жалғасын табуы тиіс. Осынау Ұлы Далада сан ғасыр өмір сүрген қазақ халқының әлемдік өркениет құндылықтары қатарына енген төлтума мұралары мен тарихи - мәдени ескерткіштері де мол. Қазіргі кезде Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты бұл мұраларға бұрынғы қай кездегімен салыстырғанда барынша назар аударыла түсіп, мемлекеттік қамқорлыққа алынуда. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев: ...Жоғымызды түгендеп, барымызды барынша насихаттау, қазақ халқының тарихы да, материалдық мұрасы да, тілі мен ділі де, өнері де аса бай екенін барша әлемге таныту, білдіру деп Қазақстан музейлерінің қор - көрмелерінде сақталып, насихатталып отырған ұлт мұраларының ел өмірі мен тарихында алар орнын айқындап берді. Ғасырлар бойы жинақталған бұл мұралар, халқымыздың өзіндік дүниетанымы мен болмысын, тұрмыс - салтын, жеке тұлға мен қоғамның рухани ізденісін, халық даналығы мен өнертанымдылығын және салт - дәстүрлер жүйесінің өзіндік ерекшелігін сипаттайды. Ұлт мәдениетін жаңғыртып, бабалардан жеткен тарихи - мәдени мұраларды насихаттау Қазақстан музейлерінің абыройлы да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағытындағы мәдени туризм саласын ғылыми тұрғыда жүйелеу және оның теориялық негіздерін салыстырмалы тұрғыда зерттеу, мәдени туризм саласын модернизациялау және оның негізі ретінде музей ісін алға тарту, Қазақстан музейлерінің тарихын, қазіргі жай-күйін зерттеу және шетел музейлерімен салыстырмалы талдау жасау, қазіргі заманғы нарықтық қатынастар мен жаһандану кезіндегі музей ісінің маңыздылығы мен қажеттілігін, ұлттық келбетін айқындап, болашаққа бағдар беретін негіз екенін тұжырымдау.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негіздері. Диссертация жазу барысында жүйелі және салыстырмалы-тарихи, құрылымдық тәсілдер, обьективтілік қағидалары, себебтілік салдарлық байланыстар методологиясы қолданылды. Автор жұмысының теориялық негізінде көрнекті ғалымдар: Ө. Жәнібеков, Б. Сарыбаев, З. Жакишева,Ү. Мұңалбаева, С. Ердаулетов, Г. Дүйсен, т.б. осы саладағы еңбектерді негізге ала отырып ғылыми тұрғыда негіздеді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыстың теориялық мазмұны тарихи-мәдениеттанулық зерттеулер үшін әдістемелік негіз бола алады. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалыптасып келе жатқан мәдениеттану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай дамытумен байланысты. Зерттеу жұмысының нәтижесі ұсыныстар, пікірлер, гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын жасауда ғылыми теориялық маңызы зор.
Көтерілген мәселелердің ұлттық ойлау жүйесінің, дүниетанымдық қалыптасу заңдарын, ерекшеліктерін анықтаумен оларды түсіндіруде қосар өзіндік үлесі айтарлықтай.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
oo Қазақстанның мәдени туризм саласының негізгі әсер етуші фактор ретінде музей ісі алынып, ғылыми тұрғыда зерттелді.
oo Қазақстан музейлеріне салыстырмалы-статистикалық зерттеу жүргізілді.
Диссертация құрылымы оның мақсаттары мен міндеттеріне сай негізделген. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшелерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі - 100 бет.

Кестелердің жалпы саны - 4.
Суреттердің жалпы саны - 0.
Қолданылған әдебиеттердің жалпы саны - 85.

Қысқартылған сөздер:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖООБ - Жоғары Оқу Орындарының Басқармасы
ДТҰ -Дүниежүзілік туристтік ұйым
БТҰ - Бүкіләлемдік туристтік ұйым
ОТК - Орыстың туринг-клубы
ОТҚ - Орыстың тау қоғамы
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ТЭҚҰ - Туризм мен экскурсиялар қоғам ұйымы
ТЭБ - Туристтік экскурсиялық басқарма
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйым
1 Қазақстанның мәдени туризмі дамуының теориялық негіздері

1.1 Мәдени туризм түсінігі

Елдің қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің құрылысымен тең.
ҚР Президенті Н. Назарбаев

Индустриялды-инновациялиқ даму дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты [2]. Қазақстан Республикасының Индустриалдық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Президентінің Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын. 2003-2015 жж. еліміздегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, нарықтық экономика жүйесі шарттарында тұрақты және тиімді қызмет етуге және осының негізінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты - кәсіпкерлік ахуал, бәсекелестік орта қалыптастыру, жеке меншік секторды қосылған құны жоғары өндірістер құруға ынталандыратын қоғамдық институттар құру. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемді жаһандану процесінің орын алуы, еліміздің ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып отыр. Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. 2015 жылға дейін қарқынды индустрияландыру саясатының негізгі бағыты экономиканың экспортқа бағытталған секторларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер тудыру болмақ. Қарқынды индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі құралы Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы болып табылады. Бүгінгі таңда Индустрияландыру картасына құны 8,3 триллион теңге болатын 469 жоба, 167 мың - уақытша, 141 мың тұрақты жұмыс орны қамтылған. 2011 жылы 4 шілдеде Елбасының қатысуымен Көрме орталығында Қуатты Қазақстанды бірге құрайық! іс-шарасы өткізілді, сонымен бірге 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылған Индустрияландыру картасы жобаларының тұсаукесері болып өтті [3].
Елбасы өзінің биылғы Жолдауында республикада кейінгі жылдары қолға алынған республикалық бағдарламалардың өз жемісін беріп отырғандығына тоқталып, соның ішінде мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың қазірдің өзінде ел игілігі үшін жұмыс істеп отырғанын, мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туғызып, тауарлар, өнімдер, жұмыстар мен қызметтер бойынша қазақстандық үлестің барынша артуына ықпал еткенін егжей-тегжейлі айтып өтті. Сонымен бірге, алдағы кезде осынау берері мол бағдарлама ауқымындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін еске салды. Мемлекет басшысы өз жолдауында: Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс. Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды. Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмендемеуге тиіс. Үкіметке инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаржы қарастыруды тапсырамын, деген болатын. Алматы облысында индустрияландыру картасы аясында екі жылда жиырма инновациялық жоба пайдалануға беріліп, бүгінде халық игілігі үшін қызмет етуде [сонда].
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектегі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық - бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы.
Соңғы кездері туризм саласы кеңінен дамып келеді және жаппай әлемдік кеңістікте әлеуметтік-экономикалық көріністерімен ерекшеленуде. Оның осылай кеңінен қанат жаюы мемлекеттерге, халыққа саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени салаларына көмек ретінде үлкен үлес қосады. Туризмді қазіргі уақыт феномені деп те атайды. Бұл дұрыс пайым, себебі туризмнің арқасында бүкіл әлемдегі барлық елдер бір-бірімен араласып, өз елінің тарихын, мәдениетін көрсетіп, басқа елдермен қарым-қатынастарын түзету барысында екі ел бір-біріне саяси көмек көрсету арқылы әр мемлекеттің өзіндік саяси, мәдени, әрі экономикалық жағдайы өзгеріп отырады. Сол себепті туризм саласы бүкіл әлемде тек алғашқы орынға қойылады.
Көптеген адамдар, туризм саласын тек демалу, жаңа мағлұматтар үйрену, таңқаларлық жағдайлар мен рахаттану деп түсінеді. Туризм қазіргі заман талабына сай, адамның ойынан шығатындай дәрежеге жетті. Адам көзі көрмеген жер жоқ, әлемнің келесі шетінде қандай елді мекен бар екені, олардың дәстүрі мен әдет-ғұрпы қалай екенін, басқа елдердің ас түрлерін үйрену, табиғат ескерткіштері, тарихы мен мәдениетін үйренуде өте маңызды рөл атқарады.
Туризм - әуестену немесе сән ғана емес, бұл көптеген адамдардың өмірлік қажеттігі. Әртүрлі уақыт пен түрлі кезеңдерде оларды туризмнің бір ғана нәрсесі қызықтырды: романтикалық саяхат, яғни әдеттегі жағдайды өзгерту, ең бастысы бейресми қарым-қатынасты орнату. Туристік саяхатқа қатысушы әрбір адам өзін алғашқы ашушы және жаһанкез ретінде сезіне бастайды. Жаңа өзгерістердің арқасында туризм өмірді одан да қызықты ете отырып, қоғам мен табиғаттағы күтпеген жаңа бастамаларға жетелейді. Туристік саяхат адамды рухани және физикалық тұрғыдан шыңдайды.
Дегенмен де, жалпы туризм дегеніміз - ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша кетуі. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді [сонда]. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 миллион бірлікті құрайды. Бұл шаруашылық саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің негізі болып табылады. әлемдік экономикаға (қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3,5 трлн долл. (1993 ж) бағаланады.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В. Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде. Бұл еңбекте К.Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:
1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм;
А) ежелдегі туризм;
Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;
В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырлардағы туризм;
2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы - екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм;
3. Қазіргі заманғы туризм.
Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мыңжылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған.
Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.
Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды, ұзындығы 3 мың киллометр. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар керуен-сарайлар орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды [4].
Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді.
Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар аударды. Оның ойынша бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрған жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырылып отырған.
Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.
Сірә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі Олимпиялық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын.
Ойын - сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиадаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.
Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естуге мүмкіншілік алды.
Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.
Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.
Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Ортағасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.
Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.
Туристік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрыңғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар қалалардың күйреуі. Біздің заманның тек ІІІ және IV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды.
Ортағасырлардың соңы мен жаңа замандарға дейін туристік қозғалыстың ауқымды бөлігін діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен қоса қайта өрлеу кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы арта бастайды, алайда олардың бір бөлігін ғана туристік саяхаттарға жатқызуға болады.
Ортағасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай керуен сарайлардың саны күрт өседі.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең қалаулы ел - Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.
ХVІ ғасырдың соңынан Англияда гранд-тур әйгілі бола бастады-бұл ауқатты адамдардың континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады.
ХVІІ ғасырда Еуропада таза туризм формасы пайда болды. Бұл, К. Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды [5].
ХVІІІ ғасырдың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын саяхаттар әдетке айнала бастады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға, аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып, саяхат grand-tour, ал қатысушылар tourist деп аталды.
Бұл атау қысқа мерзім ішінде Флоренцияда, ал кейіннен еуропаның басқа да елдерінде кеңінен тамыр жайды.
Ағылшындардың континентке сапарлары мен альпілік туризмнің тарихы егжей-тегжейлі байланысты. 1741 жылы ағылшын саяхатшылар тобы экскурсия барысында Женевадан Шамониге дейін жетіп, соңғысы бүкіл Еуропада әйгілі болды.
Бұл кезеңде альпілік туризмнің дамуы Еуропадағы индустриалдану және урбанизация процестерімен тығыз байланыста болды.
ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді аристократтық туризм деп те атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында туристік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 1-ші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:
- көлік құралдарының дамуы;
- өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы;
- урбандалудың дамуы;
- бос уақыттың артуы;
- қоғамның мәдени деңгейінің жоғарылауы;
- туризм жөніндегі мемелекеттік саясат [6].
Өткен ғасырдың 20-шы, әсіресе 30-шы жылдары көптеген елдердің туристік карталарында елеулі өзгерістер пайда болады, бұл саяхаттар автомобильді көліктің барлық жерде қолданыла бастауынан туындайды. Мысалы, 1938 жылы автомобильдер мен туристік автобустарда Швейцарияға 762,2 мың шетелдіктер, бүкіл шетелдік туристердің 47,8 % құрады.
Туристік белсенділіктің артуын саяхат бюроларының ашылуына әкеп соқты, ал олар уақыт өте келе, туристтік индустрияның маңызды тірегіне айналды. Негізінен ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясы Лейстер - Лафборо деген 18 км трассада мейрамдық поезді еңгізуге үгіттеуінен басталады.
Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды.
Томас Кук Египетке, Палестинаға, Америкаға тұрақты саяхаттарды ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық компаниялармен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса бастады. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның еңбегін ұлы мен компаниондары жалғастырды. Қазіргі уақытта Томас Кук атындағы халықаралық туристік компания - барлық континенттегі туристік іс-әрекетпен айналысатын әлемдегі ең ірі компания. Қазір Томас Кук компаниясының 12000 туристік агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн. туристке қызмет көрсетеді.
Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджер және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады [7].
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм орталығына айналып отыр. ХVІІІ ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әртүрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі. Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізіледі. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.
ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне 40 - шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рұқсат етілді.
Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғасырдың соңында пайда болып құрылса, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп 20 - шы ғасырдың феномені атағына ие болды.
Бұрыңғы КСРО-да туризмнің даму этаптары ұлттық туризмнің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы және кемелдену процестерінің сатысы.
Негізінен 5 саты көрсетілген:
1) Ағартушылық (1890 жылға дейін);
2) Кәсіпкерлік (1890-1927 жж.);
3) Ұйымдастырушылық-ортылықтанған (1927 ж-1960 ж. соңы);
4) Әкімшілік-нормативті (1969-1990 жж.);
5) Өтпелі (1990 ж. бастап).
Ресейде туризмнің пайда болу уақыты жөнінде бірдей пікірге әлі де келген жоқ. Мүмкін оның дамуының алдындағы жайт ХVІІІ ғасырдың басына жатады, бұл кезде І Петр 1718 жылы 12 ақпандағы жарлығы бойынша, Ресейдегі өлкетанудың негізін қалады. Бұл жарлығында барлық қызықты табылған зат немесе ашылулар жөнінде хабар беріп отыру керектігі айтылды. Көп ұзамай Петербургке алғашқы өлкетану музейі - кунсткамера ашылды. Петр І өзі қызу саяхатшы еді. 1697-1698 жж. өзінде ол Еуропа бойымен өзінің бірінші саяхатын жасаған. 1716-1717 жылдары Петр І Голландия, Германия және Францияға екі жылдық сапар шекті.
Негізінен, Ресейдегі саяхат сүйгіштердің ең бірінші қамқоршысы Екатерина II болды деп сепетелінді.
1775 жылы Екатерина II Ресей бойымен танысу саяхаттары дәуірін ашты. Князь Григорий Потемкиннің ұсынысымен Екатерина II уәзірлері мен шетелдік емшілері империяның бүкіл батыс бөлігін кесіп өтіп, Днепр өзені бойымен жүзіп, салынып жатқан Херсон және Севастополь қалаларын көріп шықты [8].
Алайда, зерттеулердің көбі ұйымдасқан туризмнің басын 1777 жылға - Мәскеуде Веньямин Геншеннің Бөтен елге көзделетін саяхаттың жоспары атты басылымның жылына балайды. Себебі бұдан ертерек Ресей бойымен немесе шетелге жасалған ұжымдық саяхаттар жөнінде ешқандай құжаттық дәлелдер табылмаған.
Генштің жоспары жас дворяндар кішігірім тобының неміс, итальян немесе француз университеттерінің біріне жас адамның игілігі үшін қажетті және пайдалы болуы мүмкін нәрселерді үйренулері үшін саяхатын қарастырды.
Университеттерді көргеннен кейін Швейцария, Италия және Франция бойымен өтетін маршрутпен ол елдердің өнері мен фабрикалық жұмысының құрылымымен танысу үшін жүріп шығу көзделді.
Қатысушылардың әрқайсысы Геншке шараны ұйымдастырушы ретінде контракт бойынша сыйақы төлеуге міндетті еді.
Қалай болса да В. Генштің жоспары ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегіндегі шетелге ұйымдастырылған туристік саяхаттар бойынша ең алғашқы ұсыныс еді. Әрине, мұндай іс-әрекеттің ең алғашқы жарияламасы да осы Жоспар болды.
Жол сілтегіштердің пайда болуы - Ресейде ХVІІІ ғасырдың соңында туризмнің пайда болуының дәлелі.
Ресейде ең алғашқы туристік ұйымдар Кавказда құрылды. Бұл өз кезегінде кездейсоқ жағдай емес, көне дәуірлердің өзінде Кавказға саяхатшылар келуші еді. Оларды өзіне еліктететіні, ең бастысы, порттық қалалар болды. Кавказдың теңіз маңы қалалары: Батус (Батуми), Фазис (Поти), Гионос (Очамчира), Питнус (Пицунда), Григлиф (Гагра), Бата (Новороссийск), Горгиппия (Анапа), Диоскурия (Сухуми), және т.т. Ең көп басқарылатыны Фазис пен Диоскурия болды [сонда].
Ортағасырларды Кавказ аудандарына кеңінен саяхаттар жасалып, олардың мақсаттары тек діни және сауда болып қана қоймай, танымдық мақсаттар да көзделеді. Олар үшін арнайы керуен жолдары салынды. Олардың бірі Индияға жол атымен көне замандардан бері белгілі. Бұл жол Қара теңіздің жағалауынан басталып (қазір Сухуми ауданынан), Кавказ жоталарын кесіп өтіп, Албания арқылы (Әзірбайжан) алыс Үндістанға алып барды. Армения, Әзербайжан, Дағыстан және Кавказдың басқа да жерлерінде транзиттік жолдар бойында қонақ үйлер мен керуен сарайлар салынды.
1877 жылы Тифлисте Кавказ жаратылыстану қоғамы жанында Ресейде алғаш альпілік клуб ашылады. Бұл клубтың белсенді қатысушысы әйгілі Кавказ зерттеушісі А.В. Пастухов болды, оның атымен эльбруста 500 м биіктікте орналасқан тасты алаң - Пастухов панасы аталған.
1888 жылы Тифлисте ең алғаш рет Кавказ бойымен жол көрсеткіш жасалып, суреттер мен карталар безендірілді.
Оны құрастырушы Е. Вейденбаум кітабында Кавказ өлкесінің толық сипаттамасын жасап, 9 маршрут бойындағы басты қоныстану пунктері, қалалары, табиғи және тарихи ескерткіштердің сипаттамасын жасады.
Бұл кезеңде Ресейде алғашқы туристік фирмалар пайда болды. Осылайша, 1885 жылы Петербургте Леопольд Липсонның кәсіпорны ашылады. Фирма туристерді саяхат кезінде барлық көрікті жерлермен таныстыруға міндеттенді [сонда].
ХІХ ғасырдың соңында ресейліктер арасында екінші таулы аудан - Қырым әйгілі бола бастайды. Ол кезде Қырымның емдік климаты демалу жүйесінде ауруы бар адамдар үшін онды және шипалы қасиеттерге ие болды. Осы қасиетіне байланысты Қырым Ресейдің ең көп барылатын жеріне айналды.
80-ші жылдардың соңында Ялтада Табиғат, таулы туризм және Кырым тауларын сүйгіштердің үйірмесі ашылды. Ол туризм мен саяхаттардың дамуына көп үлес қосты. 1890 жылдың 25 қаңтарында оның негізінде Қырым тау клубы құрылды.
Қырым мен Кавказ тұзды сулармен қатар, Сочидің де атағы әйгілі бола бастайды, онда 1909-шы жылы алғаш пансионат құрылады.
Осылайша, ХІХ ғасырдың соңында - ХХ ғасырдың басында Ресейде кейбір еуропалық мемлекеттер үлгісімен алғашқы туристік ұйымдар құрылып, Кавказ, Қырым тауларымен танысу, зерттеулердің басын ашып берді. Олардың іс-әрекеттері кең қанат жаймағанымен, туристік - экскурсиялық жұмыстың тұрақтауына септігін тигізді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде бірқатар туристік және экскурсиялық қоғамдар пайда болады. Олардың мүшелері тек өз өлкесінің табиғи байлықтарын өздері зерттеп қана қоймай, сонымен қатар табиғатпен қызығушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырды.
Көтеріліске дейінгі кезеңнің Ресейдегі ең бұқаралық сипатты туристік ұйымы орыстың туринг-клубы болды.
Бұл клубтың пайда болуының себебі ХІХ ғасырдың соңында кеңінен тараған екі дөнгелекті велосипедтер болды, олар сол кезеңде қозғалудың жайлы құралына айналып, ұзақ қала сырты серуендер үшін жиі пайдаланыла бастады. Біртіндеп Орыстың туринг-клубы (ОТК) Ресейлік туристер қоғамына айналып, іс-әрекеті бөлімшелері арқылы Ресейдің көптеген аймақтарына дейін жетіп отырды. Қоғамның басты мақсаты жалпы туризмнің және велосипедтік туризмнің дамуына көмектесу болды. ОТК өзінің гулдену жылдарында 5 мың адамның басын қосты.
Осылайша, Ресейдің тау қоғамы және туристер қоғамы құрылады. Петербургте, Мәскеуде, Владикавказда, Пятигорскіде, Сочиде, Верныйда Ресейдің туристер қоғамының бөлімшелері болды. Оны құрышулар әлемге әйгілі ғалымдар Д.Н. Анучин, В.И. Вернадский, П.П. Семенов-Тянь-Шанскийлер болатын.
1901 жылы Мәскеуде Орыстың тау қоғамы (ОТҚ) ашылып, оның Владикавказ, Пятигорск, Сочиде бөлімшелері болды, қоғамның мақсаты таудағы, әсіресе Кавказдағы саяхаттарды дамыту еді.
1902 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Сочиде Кавказдың тау клубының бөлімшесі жұмыс істей бастайды.
Бір уақытта туризм мен экскурсиялардың жаңа ұйымдық нысандарын іздеу басталды. Кейбір мекемелерде қала сыртында экскурсиялар мен туристік жорықтарды өткізуге міндетті бөлімшелер ашылды.
Алғашқылардың бірі болып бұл жұмысты ағарту ісінің халық комиссариатының мектептен тыс бөлімшесі (Наркомпрос) 1917 жылы қараша айында бастады. Оны Н.К. Крупская басқарады.
Кеңестік Ресей кезінде жаппай туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізген В.И. Лениннің өзі қолын қойған декреттер болды, жеке алғанда: 8 - сағаттық жұмыс күнін енгізу төленетін демалыстар, денсаулық сақтау және курорттар жүйесін құру (наурыз, 1919 ж), сондай-ақ демалыс үйлерін ашу (мамыр, 1921 ж.) [9].
1919 жылдың наурызында В.И. Ленин жалпы мемлекеттік маңызды емдік орындар туралы декретке қол қойып, бұл емдік туризм мен шипалы бұлақтарға, ұйымдастырылатын экскурсиялардың дамуына септігін тигізді.
1920 жылы Наркомпрос жанында Бірлескен лекциялық-эскурсиялық бюросы - қазіргі туристтік-экскурсиялық мекемелердің бейнесі құрылып, мақсаты - пролетарлық туризм мен экскурсиялардың кеңінен насихатталуы.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының басында туризм мен экскурсияға деген қызығушылық арта бастады. Экскурсияларға, сапарлар мен саяхаттарға мыңдаған жұмысшылар қамтыла бастады. Солайша, Наркомпростың тек бір экскурсиялық секциясы 1921 жылы ай сайын 400-ден астам топтық экскурсияларды өткізіп отырды. 1923 жылдың өзінде Наркомпрос және мектептен тыс жұмыс әдістерінің Институты туристік топтардың (2,5 мың) оқытушы топ жүргізушілерін оқытты. Білім беру жүйесінің басқа қаладағы жұмысшыларының 10 күндік семинарларын өткізді.
Наркомпростың орталық үйіндегі экскурсиялық үйірмелері мен семинарында және оның Мәскеудегі аудандық үйлерінде мұғалімдер мен комсомолдық белсенділер біліктілігін арттырды. Олар негізінде, кеңестік туризмдегі ең 1-ші кәсіптенген кадрлар болып саналды.
1937-1940 жж. туризмнің құрылымының кешенді қайта ұйымдастырылуы өткізілді. Оның негізіне капитал салымдарын, кадрларды, рекреациялық іс-әрекет географиясын қатаң мемлекеттік-партиялық жоспарлау алынды. Жоспарлы туризмді іске асыру ВЦСПС-тің 25 туристік-экскурсиялық басқармасына, 16 туристік-экскурсиялық бюроға, 165 туристер үйіне, 50 турбазаға, 12 туристік қонақ үйге, 24 стационарлық лагерьге, 19 туристік-альпинистік приютке және жүздеген маусымдық шатырлық тұрақтар мен кемпингтерге жүктелді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында туристік - экскурсиялық іс-әрекет түгелімен тоқтатылды. Соғыс аяқталғаннан кейін күйреген халық шаруашылығымен қатар, туристік-экскурсиялық мекемелер жүйесі де қалпына келтіріле бастады.
1950 жылы Мәскеулік туризм клубы ашылып, кейіннен елдің саяхатын өз күшімен ұйымдастыратын туристердің орталығы болды.
1965 жылы барлық одақтың республикаларында және көптеген автономдық республикаларда, өлкелер мен облыстарды туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестер ұйымдастырылып, жаңа туристік маршруттар құрастырылып, игерілді.
Атап айтқанда, 1960-шы жылдары елімізде туризмді халыққа қызмет ететін үлкен бір салаға айналдыруға мүмкіншіліктер туды. Туристік саяхаттар кеңестік тұрғындардың ең сүйікті демалыс түріне айналды.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары кәсіподақтардың туристік-экскурсиялық ұйымдары 13 мыңнан астам сызықтық, шеңберлік, радиалдық маршруттар құрастырды. Бүкілодақтық және жергілікті маршруттар бүкіл елді қамтып, Кеңес Одағынаның ең қызықты қалалары мен жерлерімен танысуға мүмкіншілік берді. Олардың ішінде бірегей қиын барылатын жерлер - Камчатка, Курилдық аралдар, Франц Иосиф жері және т.б.
80-шы жылдары туризм жүйесінің кемелденуі жалғасады. 80-ші жылдардың І-ші жартысында кеңестік кәсіподақтар туристік-экскурсиялық істің сәтті перспективалық дамуы үшін көп еңбек сіңірді. Оның 1990 жылға дейін кемелденуінің басты сызбасының негізі жасалды. Бұл әрине, материалдық-техникалық базаның қайта жаңартылуын да қарастырды және туристік-экскурсиялық мекемелер торының ары қарай құрылымдық кеңеюі мен кадрларды дайындау, сонымен қатар туризм мен экскурсиялардың нәтижелілігін арттыру да маңызды мәселенің біріне айналды.
1960-70 жылдардың шегінде КСРО-дағы туризм халыққа қызмет көрсетудің ірі саласына айналып, халық шаруашылығының әртүрлі салаларымен тығыз байланыста болды.
Туризм шынымен де бұқаралық сипатқа ие болды. 80-90жылдары шегінде КСРО-ның территориясында 800 туристік клубтар, 40 мыңнан астам қоғамдық комиссия іс-әрекет етіп, олардың жұмысына 700 мыңдай туристер қатысты.
Туризм мен экскурсиялар бойынша орталық кеңес автотуристер үшін бүкілодақтық маршруттар ұйымдастырды. Жолдамаға туристік кемпингке және қонақ үйде ақысыз автотұрақтарды қолдану, тамақтану және экскурсиялық қызмет енді. 1935 жылы осындай 5 маршрут қызмет етті, олар : Ростов - на - Донудан Әскери-Грузиндік жолдан Гаграға дейін; Смоленск - Киев - Львов - Каролино - Бұғаз; Мәскеу - Харьков - Алушта; Новгород - Псков - Пярну; Ростов - на - Дону - Нальчик - Махачкала - Дербент [10].
1985 жылы Кеңес Одағында 17 атаулы маршрут Алтайда, Онтүстік Уралда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде және тағы басқа аймақтарда жұмыс істеді. Бірқатар жерлерде веломаршруттар пайда болды. Иркутск кеңесі Ольхон аралы бойымен, ал Ленинградтық кеңес Карельдік мойнақтың көлдері бойымен, Қазақ кеңесі - Қарқаралық таулы-орманды оазис бойымен велосипедтік маршруттар ұйымдастырды. Пензалық, Пермдік, Түрікмендік және басқа да кеңестер жоспарлы велосипедтік туризмді дамыта бастады [сонда].
Жергілікті жоспарлы маршруттар қатарына көліктік саяхаттар да жатты: теплоходтық (өзендік және теңіздік), темір жолдық және авиациялық.
Өзен кемелеріндегі саяхат Кеңес Одағының барлық басты өзендерімен өтті: Волга және оның салалары - Кама мен Ока, Солтүстік Двина және Сухона, Онеждік және Ладождік көлдерімен және Нева өзенімен, Төмеңгі Дон, Днепр мен Киевтен, Обь бойымен Новосибирскіден Диксонға дейін, Лена бойымен Усть-Куттан оның Лаптевые теңізіне құяр жеріне дейін және Амур бойымен Благовещенскіден Николаевск-на-Амуреге дейін.
Қара теңіз бойымен теңіздік экскурсиялар да ұйымдастырылды: шығыста Жапон және Охот, солтүстікте Ақ, Баренц және Карск теңіздері бойымен.
80-шы жылдары 150-ден астам өзендік және теңіздік теплоходтар жыл сайын туристік мақсатта қолданылып отырды.
Жоспарлы темір жол саяхаттары 60-шы жылдардың басынан белсенді дамыды және 80-ші жылдардың соңына қарай бүкіл республикалық өлкелік және облыстық туризм бойынша кеңестерінің темір жол көлігін қолданатын маршруттары болды. Бұл мақсатпен арнайы туристік-экскурсиялық поездар - атап айтқанда, денсаулық поездары құрылды. 1986 жылы 2600 туристік - экскурсиялық поезд болды.
Темір жол маршруттарының бағдарламасы құрастырылғанда экскурсиялық орталықтар арасында жүру мезгілі түнгі уақытқа сәйкес келетіндей құрастырылды.
80-шы жылдары әуе туристік маршруттар да бұқаралық сипатқа ие болды. Статистикалық көрсеткіштер бойынша, қалалар мен аудан орталықтарының 160-тан астам саяхат және экскурсия бюролары авиация қызметтерін жоспарлы туристік саяхаттарды ұйымдастыру үшін қолданған.
Жоспарлымен қатар өз күшімен ұйымдастырылған туризм де дамыды. Туристер өздігімен демалыс күнгі жорығынан жоғары категориялы қиындықты спорттық жорықтарға дейін өздері құрастырып отырды. Статистика мәліметтері бойынша, демалыс күнгі жорықтар мен көп күндік саяхаттарға 80-ші жылдары 20 млн. кеңестік азаматтар қатысты.
1990 жылы КСРО туристі белгісі 250 мың туристке, туризм бойынша спорттық разрядтар 80 мың туристке, спорт мастері атауы 124 туристке берілді. Миллионнан астам оқушы туристік жорықтарға қатысты.
КСРО-ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді түрде дами бастады.
Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.
ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясында болды. Жетісудің ең бірінші туристі деп казак А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К.И. Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды. Олармен бірге Мушкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы көліне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Туристік ресурстарды дамыту
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Астананың туристік имиджін дамыту
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау
РАЗВИТИЕ ТУРИЗМА
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Үндістан экономикалық модернизациясының теориялық-концептуалды негіздері
Пәндер