Хань патшалығының көрші елдермен қатынасы



Хань империясы бірден, б.з.д. 207 жылы Цинь империясы өзінің өмір сүруін тоқтатқан соң, құрыла салған жоқ. Қытай бірнеше жылдар бойы бос қалған император тағына ие болу жолындағы аяусыз қырқысқан саяси күрестердің сахнасына айналды. Сян және Хань мемлекеттері арасындағы бәсекелестік күрестен император атағына ие болған Лю Бан еді. Лю Бан 206 жылы өзіне «Ханның уаңы» деген атақ алды. Ол өзін император деп жариялап, бұдан былайғы жаңа есіммен – Гао цзу деген атқа ие болды. Хань әулетінің билігі екі үлкен кезеңге бөлінеді: Батыс Хань немесе Ерте Хань әулеті( б.з.д. 202 – б.з. 8ж) және Шығыс Хань немесе кейінгі Хань әулеті ( 25-220жж).
Батыс Хань империясының сыртқы саясатының ең маңызды және алғашқы кезектегі міндеті – елді көшпелі ғұн тайпаларының үздіксіз шабуылдарынан қорғау болды. Ұлы Қытай қабырғасы ғұн шабуылдарының қаупін біршама әлсіретті. Бытыраңқы тайпалардың бірігіп, ғұн тайпалық одағын құруы Хань билігіндегі Қытайға үлкен қауіп төндірді. Ғұндардың ең жоғарғы көсемі - шаньюй Мөде (б.з.д. 200-174ж) дәстүрлі, жеңіл қаруланған атты әскермен қатар, әскерге ауыр қару-жарақтармен жарақтанған соғыс күштерін енгізді, сөйтіп ғұндардың әскери қуатын күшейтті. Мөде орасан зор жерлерді жаулап алды: солтүстікте Орхон өзенінен шығыстағы Ляохэ өзеніне дейінгі, батысында Тарим өзені бассейніне дейінгі жерді иеленді. Б.з.д. 205 жылы ғұндар Ордосқа ие болған соң олардың Хань империясының әскеріне шабуыл жасауы жиілей түседі. Б.з.д. 200 жылы ғұндар Пинчэң қаласы маңында Гао-цзу әскерін қоршауға алып, оны тұтқынға түсіруге әрекет жасайды. Бұл қауіптен әзер құтылған Гао цзу император б.з.д. 198 жылы қытайлық дипломатияның құйтырқы саясатынан келіп шыққан, «бейбітшілік пен туысқандыққа негізделген келісімге» қол қоюға мәжбүр болды. Осы келісім бойынша, Гао цзу император өзін іс жүзінде шаньюйдің бағыныштысы, яғни оған жыл сайын сыйлық әкеп тұрушы адамы ретінде мойындады. Келісімнің шарттары Қытай үшін өте ауыр болды және ол келер ұрпақ алдында мемлекеттің беделін түсірер масқара деп танылды. Бірақ бұл туысқандыққа негізделген келісім-шарт, дәл сол уақытта жас Хань мемлекеті үшін тиімді де болды, империяның өзінің айбарлы көршісімен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге, өзінен күшті жаудың қаупін уақытша болса да бейтараптандыруға, солтүстік шекараны тыныштыққа ұстауға мүмкіндік әперді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Хань патшалығының көрші елдермен қатынасы
Хань империясы бірден, б.з.д. 207 жылы Цинь империясы өзінің өмір сүруін тоқтатқан соң, құрыла салған жоқ. Қытай бірнеше жылдар бойы бос қалған император тағына ие болу жолындағы аяусыз қырқысқан саяси күрестердің сахнасына айналды. Сян және Хань мемлекеттері арасындағы бәсекелестік күрестен император атағына ие болған Лю Бан еді. Лю Бан 206 жылы өзіне Ханның уаңы деген атақ алды. Ол өзін император деп жариялап, бұдан былайғы жаңа есіммен - Гао цзу деген атқа ие болды. Хань әулетінің билігі екі үлкен кезеңге бөлінеді: Батыс Хань немесе Ерте Хань әулеті( б.з.д. 202 - б.з. 8ж) және Шығыс Хань немесе кейінгі Хань әулеті ( 25-220жж).
Батыс Хань империясының сыртқы саясатының ең маңызды және алғашқы кезектегі міндеті - елді көшпелі ғұн тайпаларының үздіксіз шабуылдарынан қорғау болды. Ұлы Қытай қабырғасы ғұн шабуылдарының қаупін біршама әлсіретті. Бытыраңқы тайпалардың бірігіп, ғұн тайпалық одағын құруы Хань билігіндегі Қытайға үлкен қауіп төндірді. Ғұндардың ең жоғарғы көсемі - шаньюй Мөде (б.з.д. 200-174ж) дәстүрлі, жеңіл қаруланған атты әскермен қатар, әскерге ауыр қару-жарақтармен жарақтанған соғыс күштерін енгізді, сөйтіп ғұндардың әскери қуатын күшейтті. Мөде орасан зор жерлерді жаулап алды: солтүстікте Орхон өзенінен шығыстағы Ляохэ өзеніне дейінгі, батысында Тарим өзені бассейніне дейінгі жерді иеленді. Б.з.д. 205 жылы ғұндар Ордосқа ие болған соң олардың Хань империясының әскеріне шабуыл жасауы жиілей түседі. Б.з.д. 200 жылы ғұндар Пинчэң қаласы маңында Гао-цзу әскерін қоршауға алып, оны тұтқынға түсіруге әрекет жасайды. Бұл қауіптен әзер құтылған Гао цзу император б.з.д. 198 жылы қытайлық дипломатияның құйтырқы саясатынан келіп шыққан, бейбітшілік пен туысқандыққа негізделген келісімге қол қоюға мәжбүр болды. Осы келісім бойынша, Гао цзу император өзін іс жүзінде шаньюйдің бағыныштысы, яғни оған жыл сайын сыйлық әкеп тұрушы адамы ретінде мойындады. Келісімнің шарттары Қытай үшін өте ауыр болды және ол келер ұрпақ алдында мемлекеттің беделін түсірер масқара деп танылды. Бірақ бұл туысқандыққа негізделген келісім-шарт, дәл сол уақытта жас Хань мемлекеті үшін тиімді де болды, империяның өзінің айбарлы көршісімен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге, өзінен күшті жаудың қаупін уақытша болса да бейтараптандыруға, солтүстік шекараны тыныштыққа ұстауға мүмкіндік әперді. Б.з. І-ші ғасырда өмір сүрген тарихшы Бань Гудің айтуынша Лю Бан ғұндармен жасасқан бұл келісімі арқылы шекаралық аймақтарды тыныштыққа ұстауға қол жеткізді. Бірақ б.з.д. 198 жылғы бұл келісім ғұндардың шабуылын тоқтата алған жоқ. Ғұндар әскерлері Хань мемлекетінің ішкері аймақтарына дейін еніп, елдің астанасы Чанъань қаласына де қауіп төндірген. Кейіннен У-ди императорбұл жағдайды бір жөнге келтіруге шешім қабылдады. Ол ірі атты әскер құрамын жасақтайды және ол ғұндарға қарсы күштің негізі болады. У-дидің әскери реформасы нәтижесінде темір өндіруге монополия енгізіледі. Б.з.д. 133 жылы ғұндармен жасасқан келісім шартты бұзып, У-ди олармен шешуші шайқасқа кіріседі. Көшпелілерге олардың өздерінің тұтқиылдан шабуыл жасау әдісін қолданады. Б.з.д. 127 жылы Хань әскерлері ғұндарды Ордостан әрі ығыстырады. Осы б.з.д. 127-119 жылдардағы әскери жорықтар хань әскерлеріне алғашқы жеңістер әкеледі.
Б.з.д. 121 жылы 10 мыңдық атты әске Циляньшань тау жоталары бойымен көшпелілер даласына жорық бастайды, олар ғұндарға соққы беріп, бұл жерді басып алады. Осы жерде және жаңа басып алынған Ордоста шекаралық округтер құрылады. У-ди оларды әскери плацдарм ретінде пайдаланды, ғұндарға қарсы жедел қимылды өршітеді. Осылайша біртіндеп соғыстың сипаты өзгереді: алғашқы кезінде қорғаныш сипатындағы әрекет енді Хань империясы үшін жаңа жерлерді одан әрі бағындыру соғысына айналды. Шаньюдің өзінің астанасын Гоби шөлінің солтүстігіне көшіруге мәжбүр етеді. Ғұндарға қарсы әскери жорық кезеңімен Ханьннің батыс аймақ - Сю юй елдерімен ( қазіргі Шыңжаң мен Орта Азия территориясын қытайлықтар осылай атаған) алғашқы байланыстарын орнатқан кезеңі сәйкес келеді.Ғұндармен соғысқа әзірленіп жатқан У-ди б.з.д. 138 жылы Чжан Цянь (б.з.д.192-120) деген елшісін ғұндармен жауласушы даюэчжи (массагет) тайпасын іздеуге аттандырады. Ол тайпа ғұндардан соққы жеп, Ганьсуден батысқа қоныс аударған еді. Жол-жөнекей Чжан Цянь ғұндардың тұтқынына түседі, одан 10 жыл өткен соң қашып шығып, өзінің сапарын жалғастырады. Юэчжи тайпасы бұл кезде Орта Азияда өмір сүріп жатқан болатын және олар Бактрияны бағындырып алған еді. Өзінің саяхаты кезінде ол Даваньда ( Ферғана), Канцзюеде (Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы яғни Ортаазиялық Амудария мен Сырдарияның ұштасар жерінде) болып, бір жылдай уақыт Дася (Бактрияда) жерінде тұрып қайтты. Жергілікті саудагерлерден Чжан Цянь Шэньду (Индия) және батыстағы алыс елдер жайлы, соның ішінде Аньси (Парфия), Ферғана мен Орта Азияның басқада елдерә туралы және бұл аталған елдердің Қытайды Жібек елі деп білетінін, саудагерлер бұл елдерге Қытайдан жібек маталар әкеліп сататынын білді. Әлемге әйгілі болған Ұлы Жібек жолының аты осыдан келіп шыққаны белгілі болды. Чжан Цянь астанаға 13 жыл өткен соң ғана оралды, алайда ол осы сапарында алдына қойған мақсатына толық жете алмайды. Бірақ оның бұл сапарының тарихи маңызы өте зор болды. Чжан Цяньнің арқасында ежелгі қытайлықтар өздеріне осыған дейін беймәлім болып келген әлемді ашты: олар алғаш рет Бактрия, Парфия, Ферғана және басқа Орта Азия мемлекеттері туралы мәлімет алады.Чжан Цяньнің б.з.д. 119 жылы болған көпшілігімен байланыс орнатады. Бұл байланыстардың тек саяси ғана маңызы болып қана қойған жоқ, олар мәдени жетістіктердің жылдамалауынада ықпал етті. Дәл осы уақытта Қытайға Орта Азиядан бұрын оларға таныс емес ауыл шаруашылық өнімдері - жүзім, бақша жемістері, сондай-ақ музыка аспаптары, кейбір тұрмыстық бұйымдар енеді. Кейінірек батыс аймақ арқылы Қытайға Индиядан буддизм діні енді. Осы уақыттан бастап, Хань императорларының сыртқы саясаттағы басты мақсаты - империяның бұл елдермен арадағы сауда жолдарына ие болу, осы елдермен тұрақты байланыс орнату болды. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін ғұндарға қарсы жорықтың орталығы болып, Ганьсу белгіленді, себебі бұл жерден батықа баратын сауда жолы атақты Ұлы Жібек Жолы өтетін еді. Б.з.д. 121 жылы хань әскерлері ғұндарды Ганьсуден ығыстырыпе оларды одақтасы цяньдерден бөліп тастайды. Сөйтіп Хань империясы Шығыс Түркістанға шабуыл жасауға мүмкіндік жасалды. Басып алынған бекіністерге әскери және азаматтық қоныстар салынды. Ганьсу бұдан былай Ұлы Жібек Жолына ие болу үшін болатын шайқастарға плацдарм болды. Осы кезден бастап, Ганьсуге мықты бекінген Қытай саудагерлері Чанъяннан керуен саудасын күшейтті. Керуен жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Хань империясы Ұлы Жібек Жолы бойына орналасқан Шығыс Түркістанның оазистік қала-мемлекеттеріне өз ықпалын жүргізу үшін дипломатиялық және әскер әдістердіде кеңінен пайдаланды.
Б.з.д. 115 жылы Чжан Цянь екінші рет сапарға шығып, ол бастаған елшілік үйсіндерге аттандырылды. Бұл елшілік Ханьдік Қытайдың Орталық және Орта Азиямен сауда және дипломатиялық байланысын дамытуда зор рөл атқарды.Өзінің үйсіндерге келген кезінде Чжан Цянь сол жерлерден Даваньға, Канцзюйге, Юэчжиге және Дася, Аньси, Шэньду мен басқа да елдерге Қытай елінің атынан елшіліктер жіберді. Бұл өкілдер ежелгі Қытайдың бұл елдерге келген алғашқы елшіліктері болды. Б.з.д. 115-111 жылы жылдары осының нәтижесінде Хань империясы мен Бактрия арасында сауда байланысы орнатылды. Ұлы Жібек Жолы ханьдардың астанасы Чанъяннан солтүстік-батысқа, Ганьсу жері арқылы Дуньхуанға дейін, осыдан әрі қарай жол екіге айырылып Лобнор көлінен солтүстікке және оңтүстікке қарай жүре отырып, Қашғарға апарды. Қашқардан сауда керуендері Ферғана мен Бактрияға одан әрі Индия мен Парфияға әрі қарай Жерорта теңізіне қарай өтетін. Қытайдан сауда керуендері темір, никель, алтын, күміс, бояу заттарды, айна және басқада қолөнер бұйымдарын, әрине ең алдымен жібек маталарын әкелетін. Ал Қытайға сирек кездесетін аңдар мен құстар, өсімдіктер, ағаштардың бағалы тұқымдары, бағалы терілер, дәрі-дәрмек, хош иісті косметикалық бұйымдар, зергерлік бұйымдар, қымбт тастар мен бағалы заттар, әншә-бишілер және құлдар әкелінді. Хань территориясының оңтүстік-батысқа қарай кеңеюі Индияға жол іздеумен байланысты болды. Батыс аймақтағы саяхаты кезінде Чжан Цянь Үнді елі туралы оның байлығы туралы хабардар болады. Саудагерлердің әңгімелерінен ол өзінше қорытынды жасап, Хинду мемлекеті оңтүстік-батыс варварлар деп ежелгі қытайлықтар қазіргі Юньнань және Сычуаннің оңтүстігін мекендеген тайпаларды атаған. Б.з.д. ІҮ-ІІІғ. Бұл жерде бірнеше ірі тайпалар пайда болады. Олардың ішіндегі ең ірісі - Дянь мемлекеті болды. Император У-ди б.з.д. 111 жылы екі рет бұларға қарсы жорық жасайды . Индияға апаратын жол табылмағанымен осы сапардың нәтижесінде Хань империясына көптеген жерлер қосылды. Хань империясының шабуылына ұшыраған тағы бір жер - Корея түбегі болды. Б.з.д. 109 жылы У-ди Кореяның Чосон мемлекетіне екі жақтан соққы береді: біріншісі - Ляодун түбегі, екіншісі - Бохай шығанағы жағынан. Басып алған кореялықтардың жерінде хань билігіндегі округтер құрылды. Юэ тайпасымен соғысқа Хань империясының үлкен күш жұмсауына тура келді. Бұл тайпа Қытайдың оңтүстік-шығыс теңіз жағалауларына жақын жерді мекендеді. Юэ тайпасының ішкі қайшылықтарын шебер пайдаланған У-ди б.з.д. 111 жылы оған қарсы өз әскерлерін аттандырды. Хань әскері осы тайпаның оңтүстік бөлігі - наньюэні жеңіп, нәтижесінде Гуандуннің үлкен бөлігі империяның құрамына қосылды. Осылайша б.з.д. ІІ ғасырдың екінші жартысында Хань мемлекеті өзінің шекарасын біршама кеңейтті. Солтүстік-шығыста Хань империясы Корей түбегіне дейін созылды, солтүстігінде - Ұлы қабырғаға дейінгі жер, батысында - қазіргі Ганьсу жері, оңтүстігінде - Гуандун мен Вьетнамның солтүстік бөлігі оның құрамына кірді. Осылайша Хань империясы Парфия мен Риммен қатар, ежелгі дүниенің аса қуатты державасының біріне айналды.
Ұлы Жібек Жолы Қиыр Шығыс пен Орта және Таяу Шығыс, сондай-ақ Жерорта теңізі маңындағы елдер арасындағы дипломатиялық, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуында орасан зор роль атқарды. Бірақ Ұлы Жібек Жолы арқылы Чанъянға әкелінгеннің бәрі хань императоры және оның төңірегіндегілер варварлардың сый-сияпаты деп қарады және жат жерлерден келген елшіліктердің әкелген сыйлықтарының өзін олардың Хань императорына бағыныштылығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай және оның заманы туралы
Үйсіндердің этникасы
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Тәуекел хан туралы
Қаңлылар туралы
Үйсін тайпалары және Қаңлы елі
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Қаңлы тайпасының шығу тарихы
Ежелгі қазақ хандары мен билеушілері
Пәндер