Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар



Ашық алаңдарда да биологиялық күрес шарасы кең түрде қолданылады.
Қабыршақ қанаттыларға қарсы трихограмманы пайдаланады. Сорғыш және жапырақ кеміргіш зиянкестер кешенінен битоксибациллин жақсы тиімділік көрсетеді. Қырыққабаттың түнгі көбелегі мен күйе көбелегіне гомелин, дендрабациллин және энтобактерин биопрепараттары қолданылады. аса қауіп туғызатын аққанаттылар болғандықтан, осы зиянкеске қарсы күрес шараларын жүргізуге көп көңіл бөлінуі керек. Ол үшін химиялық әдістен басқа биологиялық тәсілді пайдаланады. Зиянкес ересектерінің пайда болуын сары желімді аулағыштарды қолданатын болса, зиянкестің алдын алу үшін энкарзияны жібереді. Көкөніс дақылдарын интегралды қорғау жүйесінде биологиялық белсенді заттар, яғни феромонды аулағыштар жақсы көрсеткіштерге ие болды. Олар химиялық өңдеудің қолайлы мерзімін анықтауға мүмкіндік туғызады. Мысалы, интегралды қорғауда қырыққабаттың зиянкестерін (түнгі көбелектер кешені және қырыққабат күйе көбелегі) есептеу үшін феромонды аулағыштар кеңінен пайдаланылады. Насекомдардың дамуын және өсімдіктің өсуін реттеуші заттардан димилин препараты көкөніс дақылдарын қорғауда қабыршақ қанаттылардың дернәсілдеріне қарсы жоғары тиімділік көрсетеді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
80-Ашық алаңдағы көкөніс дақылдарын зиянкестерден интегралды қорғау жүйесі?
Ашық алаңдарда да биологиялық күрес шарасы кең түрде қолданылады.
Қабыршақ қанаттыларға қарсы трихограмманы пайдаланады. Сорғыш және жапырақ кеміргіш зиянкестер кешенінен битоксибациллин жақсы тиімділік көрсетеді. Қырыққабаттың түнгі көбелегі мен күйе көбелегіне гомелин, дендрабациллин және энтобактерин биопрепараттары қолданылады. аса қауіп туғызатын аққанаттылар болғандықтан, осы зиянкеске қарсы күрес шараларын жүргізуге көп көңіл бөлінуі керек. Ол үшін химиялық әдістен басқа биологиялық тәсілді пайдаланады. Зиянкес ересектерінің пайда болуын сары желімді аулағыштарды қолданатын болса, зиянкестің алдын алу үшін энкарзияны жібереді. Көкөніс дақылдарын интегралды қорғау жүйесінде биологиялық белсенді заттар, яғни феромонды аулағыштар жақсы көрсеткіштерге ие болды. Олар химиялық өңдеудің қолайлы мерзімін анықтауға мүмкіндік туғызады. Мысалы, интегралды қорғауда қырыққабаттың зиянкестерін (түнгі көбелектер кешені және қырыққабат күйе көбелегі) есептеу үшін феромонды аулағыштар кеңінен пайдаланылады. Насекомдардың дамуын және өсімдіктің өсуін реттеуші заттардан димилин препараты көкөніс дақылдарын қорғауда қабыршақ қанаттылардың дернәсілдеріне қарсы жоғары тиімділік көрсетеді.
81-Жабық жайлардағы көкөніс дақылдарын зиянкестерден интегралды қорғау жүйесі?
Жылыжайларда өсірілетін көкөніс дақылдарын зиянды организмдерден қорғау келешекте негізінен биологиялық әдісті кеңінен қолдануды қажет етеді. Бірінші кезекте энтомогтарды пайдаланған жөн. Мәселен, өрмекші кенелерге қарсы фитосейлус, трипстерге қарсы амблисейлус, аққанаттыларға қарсы энкарзия, бітелерге қарсы галлица және афидиус қолданылады. Сонымен қатар физикалық әдісті де, аққанаттыларға қарсы күресу және олардың пайда болуын белгілеп білу үшін сары желімді аулағыштарды қолданады.
Жылыжайларда аса қауіп туғызатын аққанаттылар болғандықтан, осы зиянкеске қарсы күрес шараларын жүргізуге көп көңіл бөлінуі керек. Ол үшін химиялық әдістен басқа биологиялық тәсілді пайдаланады. Зиянкес ересектерінің пайда болуын сары желімді аулағыштарды қолданатын болса, зиянкестің алдын алу үшін энкарзияны жібереді. Ауаның ылғалдылығы жоғарлаған кезде 1-2 жастағы дернәсілдерге қарсы ашерсония және вертициллин саңырауқұлақтарының споралы суспензиясымен жас өсімдіктерге бүрку жүргізеді. Ал аққанаттылардың сан мөлшері өте көбейген кезде химиялық препараттарды кезектестіріп қолдану қажет. Жылыжайларда қияр мен қызанаққа қарсы битоксибациллин (БТБ) құрғақ ұнтағы ұсынылады. Сонымен қатар жылыжайлардағы басты мәселе нематодалармен күресу. Оларға қарсы базамид (дазомет) нематициді топыраққа енгізіледі. Ал кеміргіштерге қарсы клерат және шторм родентицидтері қолданылады.

82-Жеміс дақылдарын зиянкестерден интегралды қорғау жүйесі?
Шаруашылықты ұйымдастыру және агротехникалық шаралар: жидек дақылдарын мұқият тегістелген, жақсы желденетін, ашық учаскелерде орналастыру; жидектерді жидек ауруларына шалдықпайтын алғы дақылдан кейін отырғызу; кеселден сау отырғызылатын материалдар және ауруға төзімді, аудандастырылған сорттарды енгізу. Жидек түптерін күзде, көктемде бұталап, ауруға шалдыққан өркендерді дер кезінде кесіп, өртеу. Мерзімінде, мөлшермен суару. Жидектердің қатар аралықтарын терең қопсытып, арам шөтерді жою. Дақылды уақтылы қоректендіру. Өсімдікті уақтылы қоректендіру. Жидек өнімін мезгілінде жинап, шірігендерін учаскеден шығарып, жою. Бұта ағаштарының түскен жапырақтарын жинап, жою. Антракноз, септориоз, тат және жапырақтың басқа да дақтылықтарына қарсы өсімдікті үш қайтара өңдеу қажет; біріншісі - ерте көктемде, өсімдіктің бүршік ату немесе одан да да ертедаму кезеңінде - 3-4% бордос сұйығымен (мыс купоросы бойынша); екіншісі - гүлдеу алдында; соңғысы - кейінгі өңдеуден 8-10 күн өткен соң 1% ,бордос сұйығымен бүрку.
83-Жидек дақылдары мен жүзімді зиянкестерден интегралды қорғау жүйесі?
Жүзімді зиянкестерден қорғауда өсімдіктің өсіп-дамуын жақсартау үшін жоғары агротехниканы сақтау. Жүзім сабағын күзгі кесуден кейін жапырақтарын жойып егістен шығару, өркендерін көктемгі және жазғы кесуден кейін тазарту. Жидек дақылдарын зиянкестерден қорғауда отырғызылатын материалдарды бүлдірген өсірілген плантациялардан жаңа орынға көшіргенде кенемен залалдануын тексеру. Отырғызылатын материалдарды термикалық немесе химиялық тәсілдермен зарарсыздандыру.
84-Астық дақылдарын аурулардан интегралды қорға жүйесі?
Аурулардан аса зияндысы - тамыр шіріктері; сабақ, қоңыр, сары таттар; қатты, тозаңды, сабақ және ергежейлі қара күйелер; септориоз; ақ ұнтақ. Жаздық бидайдың тұқымында түрлі қоспа болмауы тиіс және септориоз, гельминтоспориозбен инфекцияланған тұқым мөлшері 7-10% аспауы керек. Себуге арналған тұқымды қара күйелерден (тозаңды, қатты, сабақ, ергежейлі), жапырақ гельминтоспориозы, тамыр шіріктері және септориоз ауруларынан зарарсыздандыру үшін міндетті түрде қолданылатын шара тұқымды дәрілеу (37% витовакс). Тұқымды дәрілеу алдында оның негізгі патогендерін және зең саңырауқұлақтарын анықтау қажет. Мысалы, қара күйе түрлерінің залалдану шегі 1 тұқымдық дән үстінде 100-200 телиоспора, ал тозаңды қара күйеде - 0,1-0,2% жеткенде тұқымды дәрілеу керек. Тұқымды дәрілеу екі әдіспен жүргізіледі (құрғақ, ылғалдап). Ылғалды өңдеуде пестицидтің тұқым үстіне жұғуы жақсырақ болады және еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартады. Бұл әдісте судың мөлшері 8-10 лт.

85-Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді аурулардан интегралды қорғау жүйесі?
Суармалы аудандарда тұқымдыққа жоңышқаның бірінші шабынын қалдыру қажет, себебі бірінші шабындық ақ ұнтақ, тат ауруларымен аз залалданып, қандалалар, жоңышқа жуанаяқтыларымен және т.б. зиянкестермен зақымдалуы төмен болады. Аскохитоз, арамсояумен (повелика) залалданған егістікті тұқымдық ретінде қалдыруға болмайды. Топырақты өңдеу. Бірінші жылғы жоңышқа арамшөптерге өте сезімтал келеді, сондықтан егінді себер алдында топырақты өңдеу арамшөптермен күресудің негізгі әдісі болып табылады. Сонымен қатар топырақты өңдеу өсімдіктің өсіп - өркендеуіне қолайлы жағдай жасап, зиянкес және ауру қорларының жойылуына әсерін тигізеді. Зиянкестер санын, ауру қорын төмендету үшін және арамшөптермен күресуде ерте көктемде терең культивация жүргізіп, себер алдында қайталап, бірден қопсытып тырмалау қажет. Өсімдікті ерте көктемде фосфор, калий тыңайтқыштарымен қоректендіру - азықтық шөптердің аскохитоз, қоңыр дақ, татпен залалдануын және зиянкестермен зақымдалуын 2-3 есе төмендетеді. Күзде сүдігер жырту немесе ерте көктемде культивация алдында (рН байланысты) топыраққа әк енгізу - жоңышқаның тамыр шірігімен, фузариозды солуымен, рак және т.б. аурулармен залалдануын, сымқұрттар санын төмендетеді.

86-Күнбағыс, мақта және темекі дақылдарын аурулардан интегралды қорғау жүйесі?-лекцияда жок жазылмаган

87-Қант қызылшасын аурулардан интегралды қорғау жүйесі?
Қызылшаның кең таралған аурулары: тамыр жегі, тамыр шіріктері, церкоспороз, фомоз, пероноспороз, ақ ұнтақ, тат, кагат шіріктері, туберкулез, рак, ризомания - вирусты ауру және т.б. Фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу өсімдіктің ауруларға төзімділігін арттырады. Тамыржегі және тамыржеміс шіріктері қоздырғыштары қышқыл ортада жақсы дамиды. Сондықтан қышқыл топыраққа сыдыра жырту алдында әк енгізу, жоғарыда аталған аурулардың дамуын тежейді. Тамыржемістің құрғақ шірік ауруының дамуын төмендету үшін топыраққа бор тыңайтқыштерын енгізу қажет. Қант қызылшасы өсімдігінің тамыржегімен залалданудан қорғау шараларына егінді оптималды мерзімде (температурасы 5-60 C, ылғалды топыраққа) егу.Топырақ қызбай, ерте егілген немесе құрғақ топыраққа кеш егілген жағдайда аурудың дамуы (тамыржегі) өршиді.Сонымен қатар аурудың өскіндерде дамуына тұқымды себу тереңдігі (3-4 см), өсімдік жиілігі (1 метрге 15-18 дана тұқым) әсерін тигізеді. Қант қызылшасының өнімділігіне және онда аурулар мен зиянкестердің дамуына егістікті суарудың әсері зор.

88-Картопты аурулардан интегралды қорғау жүйесі?
Картоп дақылын түрлі кеселдерден қорғау жүйесі ұйымдастыру және аурудан сау тұқымдық материалдар өсіруге негізделген. Белгілі экологиялық аймақтарда кездесетін ауру түрлеріне байланысты картоптың төзімді сорттарын сұрыптау. Ауыспалы егістікті сақтап, танапқа картопты 3-4 жылдан кейін қайта егу. Картоптың жақсы алғы дақылдары астық, дәнді-бұршақ, көп жылдық шөптер, қызылша, қырыққабат сонымен қатар сүрі жер. Жоғарыда аталғандар инфекция қорын төмендетіп, картопты қажетті қоректі заттармен қамтамасыз етеді. Тұқымдық және азықтық картопты отырғызуда танаптардың ара қашықтығын сақтап, алқа тұқымдас көкөністерден (қызынық, бұрыш, баклажан) кемінде 500 м алшақ огрналастыру. Өсімдіктің өсіп-өну кезінде тұқымдық картопты вирусты және бактериялы аурулардан 3 қайтара: біріншісі- өсімдік 10-15 см биіктікке өскенде; екіншісі- жаппай гүлдену кезінде; үшіншісі- гүлденуден үш апта кейін фитотазарту жүргізіп, ауру өсімдіктерді түінідерімен бірге егістіктен шығарып жою. Фитофтороз, альтернариоз және макроспариоз ауруларына қарсы 68% ридомил Голд МЦ, с.ұ. - 2,5 кгга; метаксил, акробат мц, антракол, браво, дитан, купроксат фунгицидтерін тізімге сәйкес қолдану. Фитофтороз инфекциясының түйінге көшуінен сақтау үшін, өнімді жинаудан бұрын картоп пәлегін орып егістіктен шығару. Өсімдік қаладықтарын жинап, жойып, терең сүдігір жырту.
89-Ашық алаңдағы көкөніс дақылдарын аурулардан интегралды қорғау жүйесі?
Ашық алаңда қияр ауруларына қарсы қолданылатын агротехникалық және химиялық шаралар:Ауруларға төзімді сорттарды шығарып, енгізу. Ғылыми негізделген ауыспалы егістікті сақтап, дақылды танапқа 3-4 жылдан кейін егу, алғы дақылдарды іріктеу. Жылыжайлардан және асқабақ тұқымдас өсімдіктерден қияр егістігін кемінде 1000 м қашықтықта орналастыру. Тұқымды 80% ТМТД, с.ұ. (4 кгт) препаратының сулы ерітіндісімен (10 млкг) ылғалдау әдісімен немесе 24 сағат 76-78[0]С температурада қыздырып, микроэлементтердің (MnSO4, ZnSO4, CuSO4) 0,05% ерітіндісімен өңдеу. Жоғары агротехниканы сақтау, яғни қолайлы мерзімде себу, ұсынылған мөлшерде тыңайтқыштар енгізу (фосфор, калий тыңайтқыштарын қажет болған жағдайда үстеме беру), өсімдікті күтіп-баптау - отау, қопсыту, түптеу, уақтылы суару. Аурулардың алғашқы белгілері біліне бастағанда фунгицидтермен бүрку: бактериоз бен пероноспорозға қарсы - бардос сұйығы (БС) - 6-10 кгга; 90% мыс хлороксиді - 2,4 кгга; 68% ридомил гольд МЦ, с.ұ. - 2,5 кгга; 34,5% купроксат қойыртпағы - 5 лга. Ақ ұнтаққа қарсы 25% байлетон, с.ұ. - 0,2-0,6 кгга; 10% топаз 100, к.э. - 0,125-0,15 лга; 19% сапроль, к.э. - 0,5-1 лга; каратан ФН - 57, с.ұ. - 1-3 кгга. Фитофтороз, қоңыр дақ, макроспориоз, септориоз ауруларының белгілері біліне бастағанда бордос сұйығымен (100 г мыс купоросы мен 100 г әктің 10 л судағы ерітіндісі) немесе 30% мыс хлороксиді, с.ұ. - 2,4 кгга; 34,5% купроксат қойыртпағы - 5 лга ерітінділерімен бүрку.

90-Жабық жайлардағы көкөніс дақылдарын аурулардан интегралды қорғау?
Жабық алаңдарға арналған нұсқау бойынша қиярды өсіру технологиясына сәйкес органикалық және минералды тыңайтқыштарды топыраққа енгізу, әсіресе азот тыңайтқышын мерзімінде мөлшермен беру, себебі оның артық мөлшері өсімдіктің ауруларды қабылдағыштығын, ал торф керісінше тамыр шірігіне төзімділігін арттырады. Тамыр шірігінің әсерінен солу белгісі біліне бастағанда, өсімдікте қосымша тамыр пайда болу үшін, оны байлауынан 2-3 буынаралығына төмендетіп, 2 см топырақ пен құм қоспасын үйіп, 50% фундазол, с.ұ. ерітіндісімен (2 гл) әр тамырға 0,5 л есебімен немесе 1% калий қышқыл марганецпен өңдеу. Вирус ауруларына қарсы сұйытылған сүт (1:10) ерітіндісімен немесе майы айрылған сүтпен өсімдіктерді бүрку және инфекцияны таратушы сорғыш насекомдармен ұдайы күресу. Қоңыр дақ ауру дами бастағанда, ауа ылғалдылығын төмендетіп, ауруға шалдыққан өсімдіктерді жылыжайлардан шығарып, жою. Склеротиниоздың алғашқы белгісі біліне бастағанда, ауруға шалдыққан бөліктерді саңырауқұлақ жіпжумағы мен ауру ұлпалардан тазалап, оған әк немесе ағаш көмірі ұнтағын себу. Өсімдік айналасындағы топыраққа ағаш күлін немесе торф себу, залалданған сабақ бөлігіне бор немесе әктің 50% ровраль, с.ұ. қоспасын (2:1 немесе 1:1) жағу. Пероноспороз, қоңыр дақ, ақ шірік (склеротиниоз), аскохитоз ауруларының алғашқы белгілері біліне бастағанда бордос сұйығымен (100 г мыс купоросы мен 100 г әктің 1 л судағы ерітіндісі), 34,5% купроксат қойыртпағымен - 5 кгга немесе 90% мыс хлороксиді, с.ұ. - 2,4 кгга ерітіндісімен әр 7-10 күн сайын өңдеу. Ақ ұнтақ ауруының белгісі біліне бастағанда 25% байлетон, с.ұ. (0,2-0,6 кгга); 10% топаз, э.к. (0,5-0,75 кгга) фунгицидтерімен әр 7-15 күн сайын өңдеу. Ұсынылған фунгицидтер Қазақстан Республикасында рұқсат берілген пестицидтердің тізіміндегі мөлшеріне және мерзіміне сәйкес қолданылады.

91-Жеміс-жидек дақылдарын және жүзімді аурулардан интегралды қорғау жүйесі?
Жеміс дақылдарын қорғау жүйесі агротехникалық, санитарлық, профилактикалық және химиялық шаралардан тұрады. Зиянкестерге қарсы ағаштың жансызданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс сабақты ұйымдастыру әдісі
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Биология сабақтарында мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру
Электрондық оқу құралдарын дайындау мәселелерI
Бақша дақылдарының аурулары
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Тест сұрақтарының саны
Ауыл шаруашылық дақылдардың аурулары
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері
Пәндер