Психология ғылымы жайында



Психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп айтқанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, дамуы және көрніс беруі заңдылықтары туралы ғылым.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдап-ашып көрсету, яғни солар арқылы психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарын ашып, анықтаумен шұғылданады.
Психология ғылымының зерттеу пәні – психика
Психика туралы түсінік. Психика – материя қасиеті, мидың қызметі болуы мен психика дамуының алғы шарты, бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, біріншіден, қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден, осы негізде адам қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру. Психика деп әркім өз тәжірбиесінен жақсы білетін; сезім, елестету, ой талап, сол сияқты адамның қызығуы мен қабілеттерін, темпераментін, және мінез-құлықтарын айтады. Психология пәніне субъектінің табиғатпен, әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі жатады.
Психология пәнін қалайша анықтауға болады?
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын кезеңдерді басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Психология ғылымына кіріспе

Психология пәні,зерттеу мәселелері

Психологияны дербес тәжірибелік ғылым ретінде қарау

Психологиялық зерттеу әдістері

Психология - жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп айтқанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, дамуы және көрніс беруі заңдылықтары туралы ғылым.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдап-ашып көрсету, яғни солар арқылы психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарын ашып, анықтаумен шұғылданады.
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Психика туралы түсінік. Психика - материя қасиеті, мидың қызметі болуы мен психика дамуының алғы шарты, бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, біріншіден, қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден, осы негізде адам қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру. Психика деп әркім өз тәжірбиесінен жақсы білетін; сезім, елестету, ой талап, сол сияқты адамның қызығуы мен қабілеттерін, темпераментін, және мінез-құлықтарын айтады. Психология пәніне субъектінің табиғатпен, әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі жатады.
Психология пәнін қалайша анықтауға болады?
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын кезеңдерді басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Оның биологиялық компоненттері жануарларда да кездеседі (ортаны сезіну, жүріс-тұрыс мотивациясы, инстинктивтік және жүре пайда болған). Бірақ адамның психикалық ұйымдасуы оның биологиялық формаларынан әлдеқайда өзгеше. Әлеуметтік мәдени өмір сүру адамның санасын оятады. Адамаралық қатынастар тіл арқылы сөзбен немесе өзара әрекеттесу барысында, индивид өзін басқа адамдарға қарау арқылы психикалық өмірдің субъектісі екендігін тани алуға қабілеттенеді. Алдын ала мақсат қою, оны әрекетке айналдыру, өзіндік жүріс-тұрысты іштей жоспарлайды. Осындай жоспардың барлық компоненттері саналы тілге ауыса алмайды. Бірақ бұл аймақты біз санадан тыс аңғарылмайтын өріске жатқызамыз. Бұл да психологияның пәнін анықтауға көмек береді, мысалы: елігулердің қайда және неліктен пайда болатындығын анықтауға көмек береді. Аңғарылатын және аңғарылмайтын психикалық фактілер нейрогуморальдік механизмдермен жүзеге асады, бірақ физиологиялық заңдылықтармен емес, психологиялық заңдармен жүреді. Тарихи тәжірибенің көрсетуі бойынша психологияның пәні туралы білімдерді біз бұл ғылымның басқа ғылымдармен байланысынан, яғни әлеуметтік, техникалық, жаратылыстану ғылымдарынан аламыз.
Психологияның негізгі ұғымдарын түсіну 3 категорияны біріктіреді: психикалық процестер, психологиялық қалыптар, психологиялық қасиеттер немесе жеке адам ерекшеліктері.
Психологиялық процестерге әрқашан танымдық процестері жатады: түйсіну, қабылдау (сезімдердің пайда болуы, олардың динамикасы қажеттіліктердің қанағаттануына тәуелді) .Психологиялық қалыптарға сезімдерді сезіну (көңіл-күй, аффектілер), зейін (жинақталған, шашыраңқы), ерік (сенімділік, сенімсіздік) және т.м.м. психологиялық қасиеттерге немесе жеке адамның ерекшеліктеріне ми санасы, ойы, ерік тұрақтылығының ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, қабілеттілігі, сезім қасиеттері (қызбалылық, синтементалдылық немесе аяушылық) және т.с.с. жатады.
Психиканың көрінісі осындай үш категорияға бөлінуінің өзі шарт. Психикалық процесс ұғымы психологиямен қойылған процессуалдық фактінің динамикасын айқындайды, немесе психикалық қасиеттер ұғымы психикалық фактінің тұрақтылығын, яғни жеке адам құрылымындағы қайталану және тұрақталуын көрсетеді.Мысалы, аффект, яғни уақытқа созылған эмоцияның шашылуы, ол толық қайталануы болуы мүмкін, оны психикалық процесс деуге болады (өйткені сезімдер динамикасы көрінеді, олар бірін-бірі басатын стадиялар арқылы көрінеді) және психикалық қалып ретінде де (өйткені ол психикалық әрекет белгілі бір уақытқа созылған) және адамдық психикалық ерекшеліктерінің көрініс ретінде (өйткені мұнда адамның қызбалылығы, ашушаңдығы, ұстамсыздығы көрінеді). Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері, болғандықтан дүниедегі барлық ғылымдар жүйелерінің зерттеу объектісі адам, сондықтан психология, ғылымдар жүйесінде ең маңызды және ортанғы орын алады. Психология физиалогиямен, тарих, экономика этнография, әлеуметтану, өнертану, педагогика, заң және т.б зерттеулеріндегі пробламалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Психологияның басты салалары: жас ерекшелік және педагогикалық психология, әлеуметтік психология.
Психология ғылымының дүниеге келуі 1879 ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады.Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді :
1. Психология жан туралы ғылым.
2. Психология сана туралы ғылым.
3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.
4. Психология психика туралы ғылым.
Шетелдердегі психологиялық ағымдыр (мектептер): бихевиоризм, гештальтпасихология, фрейдизм немесе психоанализ, генетикалық психология, гуманистік психология. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы. Әбу Насыр Әл Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин; С.Торайғыровтың ойлары.
Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде психика жөнінде көзқарастар болған. Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуге, өз денесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Б.д.д. бірнеше мыңдаған жылдар бұрын заттың материалдық құбылыстарды (заттар, табиғат, адам) және заттық емес құбылыстарды (бейнелер, ойлар, адам және еске түсіру, қайғыру және т.с.с.) анықтап, мойындап, олардың тәуелсіз қоршаған ортадан бөлек екендігін айтқан.
Ерте заман ойшылдары Жан деген не?, оның қасиеттері және функциялары қандай, жан мен тән арақатынасы деген сұрақтарға жауап іздейді.
Ерте заманның философы Демокрит (б.д.д. 5,6 ғғ.) психиканы, яғни жанды оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады, сонымен қатар психиканың адам тәнінің қызметі деген бір материалистік түсінікті тудырды. Тәннің өлуімен жан да өледі деген. Сол заманның тағы бір өкілі ғұлама ойшыл Платон (б.д.д. 427-347 жж.) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді деген, ол психикалық түсіндіруде иделистік бағытты ұстанған.. Ең бірінші жан туралы жазған Аристотель (б.д.д. 384-422 жж.) Трактоз о дүние бұл еңбек бірінші психологиялық әдебиет болып саналады. Шығыстың ұлы ойшылы әбу-Нәсыр әл-Фараби (870-950 жж.) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді. Жан денеден бұрын өмір сүрмейді, 1 денеден 2 денеге барып, орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан қарастырды.
17 ғасырдың басында жан психологиясының орнына сана психология-сы келді. Жанды сана деп түсіне бастайды, ми жұмысымен тығыз байланыстырады, жан психологиясының айырмашылығы, ол тек бос сөз ғана емес сана психологиясында негізгі білім көзі болып өзін-өзі бақылау өзінің ішкі әлемін сезіну. Мұны интроспекция әдісі деп атайды.
Осы кезде психологиялық бас көтеруі мына ғалымдармен байланысты. Рене Декорт (1595-1650 жж.), Б.Спиноза (1632-1677 жж.), Д.Локк (1637-1704 жж.) және т.б..
Әрі қарай ғылымдардың дамуына Ч.Дарвиннің (1809-1882 жж.) эволюциялық білімдері көмек болды.
Фундаментальдік зерттеулер сезім мүшелерінің жұмысына байланысты (И.Маллер, Э.Вебер, Г.Гельм-Гольц және т.б.). Экспериментальдік психологияның дамуына Э.Вебер еңбектері үлес қосты, мысалы, қарапайым тітіркендіргіштермен қатар түйсіну мәселелеріне байланысты. Бұл зерттеулер жалғасы Г. Фехнермен математикалық талдауға жалғасты. 1879 жылы Германияда бірінші психологиялық лаборатория ашылды (В.Вунд), Ресейде (В.Бехтерев). Эксперименттер жалғасып үдей түсті, ал психология дербес тәуелсіз экспериментальдік ғылым болып қалыптаса бастады.
Осы кезде жан, саналы және санадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пәні
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Педагогика ғылымының міндеттері
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу орындарының педагогикасы
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы
Педагогика ғылымы жайлы
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Пәндер