Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі



Республикамыздың экономикалық даму үрдісіне қарай Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бүгінгі күні халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен күнге жоғарлауда. Осы құбылысқа байланысты заман талабына сай орындалуын талап етеді. Күрделі құрылыс халық шаруашылығының маңызды саласы болып табылады. Ол материалдық өндірістің дамуына, өндірістік күштердің орналасуына және болашақта инвестициялық процестерді басқаруды жетілдіруге шешуші әсер етеді.
Құрылыстың сапасын және тиімділігін жоғарылату бойынша міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны өте зор. Соның ішінде, қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің ұйымдастырылу ерекшеліктері жеке қарастырылатын мәселе болып табылады.
Еңбекақы есебі ең басты жұмысшылардың жұмыс нәтижесінің өсімінің көрсеткіші. Және де ол қызметкерлердің ең басты және негізгі түсім көзі болып есептеледі.
19-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IAS 19)
«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» бойынша қызметкерлерге берілетін сыйақы - ұйымның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері. Қызметкерлерге берілетін сыйақы төмендегілерден тұрады:
- егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толығымен төленетін болса, қызметкерлерге келесідей қысқа мерзімді сыйақылар қарастырылады:
- жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы, еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар;
- жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс;
- пайда және сыйлықақыларға қатысу ;
- ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
- зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар:
- еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы(зейнетақы мен бір жолғы төлем); және
- еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
- басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар:
- жұмыс өтілі қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс;
- мерейтойларға арналған немесе ұзақ жұмыс өтілі үшін берілетін сыйақылар; және
- еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар; және сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылмаса, қызметкерлерге берілетін; және
- қызметті аяқтау жәрдемақылары.
1. Толпаков Ж.С. Финансовый учет-1: Учебник І -Караганда, 2013
2. Толпаков Ж.С Финансовый учет-1: Учебник. ІІ.- Караганда, 2013
3. 19 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
4. А.К. Бейсенбаева Құрылыстағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы – Алматы 2013
5. Кеулімжаев Қ.К. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. -Алматы: Экономика, 2008.
6. Учет в строительстве, диск: «Издательство Lem» 2010
7. Попова Л.А. Финансовый учет (план счетов бухгалтерского учета, основанный на Международных стандартах финансовой отчетности ) - Караганда, 2007 г.
8. Кеулімжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2009жыл
9. Баймұханова, С.Б. Қаржылық есеп.- Алматы, 2007
10. Баймуханова, С.Б. Финансовый учет:.- Алматы, 2008
11. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» - Астана 2007 год.
12. Международные стандарты финансовой отчетности
13. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет/ Под общ. ред.Н.К. Мамырова.- Алматы, 2008 г.
14. «Бухгалтерлік есеп негіздері» А.Ныйқанбаева, Л.Қуанышева, Астана 2008.
15. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2014 ж.
16. З.Н. Әжібаева. Аудит: Оқулық. – Алматы: 2006
17. Нұрсейтова Г.Б. Персоналды басқару: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
18. Основы организации, экономики и управления в строительстве [Текст]/А.Н. Бирюкова. – М. :Росстрой, 2012. – 426с. ISBN 978-5-7598-0645-2.
19. Аппакoва Г.Н. Cиcтема вoзнагpаждений pабoтникам как фактop пoвышения эффективнocти и иннoвациoннoгo pазвития гocудаpcтвенных opганизаций: теopия, метoдoлoгия и пpактика. Диccеpтация на coиcкание ученoй cтепени дoктopа филocoфии (PhD) Алматы, 2012. -175 cтp.
20. Дүйсенбаев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, Экономика 2001.
21 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық - Алматы 2006 жыл.
22 Мыpзалиев Б.C., Cәтмыpзаев А.А., Әбдішүкіpoв P.C.Бухгалтеpлік еcеп теopияcы және тәжіpибеcі: Oқу құpалы.-Алматы: Экoнoмика,2008. - 830б.
23 Управление затратами в строительстве [Текст] / под ред. д.э.н., профессора А.Н.Асаула. – СПб: ИПЭВ, 2009. -392 с.
24 Байбoлтаева Н.Ә. Бухгалтеpлік еcеп пpинциптеpі: Электpoнды oқулық. – Алматы, 2012.–355 бет.
25 Демеcінoв Т.Ж. Қаpжылық талдау, Алматы, 2011 ж
26 Абленoв Д.O. Қаpжылық бақылау және баcқаpушылық аудит: теopияcы, әдіcнамаcы ,тәжіpибеcі: Алматы ,2007 ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Республикамыздың экономикалық даму үрдісіне қарай Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бүгінгі күні халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен күнге жоғарлауда. Осы құбылысқа байланысты заман талабына сай орындалуын талап етеді. Күрделі құрылыс халық шаруашылығының маңызды саласы болып табылады. Ол материалдық өндірістің дамуына, өндірістік күштердің орналасуына және болашақта инвестициялық процестерді басқаруды жетілдіруге шешуші әсер етеді.
Құрылыстың сапасын және тиімділігін жоғарылату бойынша міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны өте зор. Соның ішінде, қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің ұйымдастырылу ерекшеліктері жеке қарастырылатын мәселе болып табылады.
Еңбекақы есебі ең басты жұмысшылардың жұмыс нәтижесінің өсімінің көрсеткіші. Және де ол қызметкерлердің ең басты және негізгі түсім көзі болып есептеледі.
19-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IAS 19)
Қызметкерлерге берілетін сыйақылар бойынша қызметкерлерге берілетін сыйақы - ұйымның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері. Қызметкерлерге берілетін сыйақы төмендегілерден тұрады:
- егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толығымен төленетін болса, қызметкерлерге келесідей қысқа мерзімді сыйақылар қарастырылады:
- жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы, еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар;
- жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс;
- пайда және сыйлықақыларға қатысу ;
- ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
- зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар:
- еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы(зейнетақы мен бір жолғы төлем); және
- еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
- басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар:
- жұмыс өтілі қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс;
- мерейтойларға арналған немесе ұзақ жұмыс өтілі үшін берілетін сыйақылар; және
- еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар; және сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылмаса, қызметкерлерге берілетін; және
- қызметті аяқтау жәрдемақылары.
Құрылыс ұйымдарында әрбір жұмысшының жалақысы орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады. Жұмысшылардың материалдық қызығушылығын күшейту үшін сыйақы жүйесі, жыл ішінде жұмыстың нәтижесі бойынша марапаттау және басқа да материалдық ынталандыру жүйелері енгізілуі мүмкін. Жалпы алғанда, құрылыс ұйымындағы еңбек және еңбекақы есебінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
oo Жеке құрамның және жұмыс уақытын пайдаланудың есебі;
oo Жұмысшылардың еңбек өнімділігінің есебі;
oo Еңбекақы есебі және еңбекақы қорын пайдалануды бақылау;
oo Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі.
Қарастырып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы - құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебін, аудитін және талдауды ұйымдастыру ерекшеліктері. Яғни, құрылыс ұйымындағы жеке құрамның және жұмыс уақытын пайдаланудың есебі, тарифтік жүйе, еңбекақы төлеуді ұйымдастыру, еңбекақы қорының құрамы мен сипаттамасы, еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі, еңбекақы төлеудің синтетикалық есебі бойынша мәселелер қарастырылады, толықтай ашылып көрсетілуі тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебін, аудитін және талдауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық аспектілерін зерттеп, оны Алматы қаласы, Многопрофильная компания Достар ЖШС-мысалында талдау, соның негізінде аудит жүргізу мен есебін жетілдіру жолдарын зерттеу, берілетін сыйақылар арқылы қызметкерлерді ынталандыру, еңбек өнімділігін арттыру мәселеріне зер салу.
Осы қойылған мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылады:
oo Қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің ұйымдастырылуына шолу жасау ;
oo Құрылыс ұйымындағы еңбекақы жүйелері, түрлері және нысандарын қарастыру;
oo Многопрофильная компания Достар ЖШС-қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама беру және есеп саясатын қарастыру;
oo Құрылыс ұйымында қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу;
oo Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің аудитін қарастыру;
oo Ұйымдағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебін талдау ерекшеліктері және оған әсер ететін факторларын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ─ Многопрофильная компания Достар ЖШС.
Диплoм жұмыcының құрылымы кіріспeден, үш бөлімнeн, қoрытынды жәнe пaйдалынылған әдeбиеттер тізімінeн тұрaды. Диплoм жұмыcының кіріспeсінде тaқырыптың өзeктілігі, мaқсаты, зeрттеу oбъектісі, тeoриялық жәнe әдістeмелік нeгізі қарaстырылған.
Бірінші бөлімде, қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі, аудиті және талдауының теориялық негіздері мен Достық жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымының қызметіне сипаттама береміз.
Екінші бөлімде, Многопрофильная компания Достар ЖШС-қызметкерлеріне берілетін сыйақылар есебінің ерекшеліктеріне, ұйымдастырылуына тоқталып зерттеп, ашып көрсетеміз.
Үшінші бөлімде, Многопрофильная компания Достар ЖШС-қызметкерлеріне берілетін сыйақылар есебінің аудиті мен талдауын қарастырамыз.

1. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР ЕСЕБІ, АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНЕ СИПАТТАМА

1.1 Ұйым қызметкерлеріне берілетін сыйақы есебінің мәні мен ерекшеліктері

Мекемеде еңбекті, еңбекақыны және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алу есеп жұмысының маңызды, жауапты және қиын учаскесі болып саналады. Мұнда еңбек және еңбекақы бойынша еңбеккерлердің саны, еңбек өнімділігі және еңбекке ақы төлеу қоры сияқты маңызды көрсеткіштерге ерекше бақылау қажет. Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебінде мынадай қатал көрсеткіштер көрсетіледі: еңбеккерлердің саны, олардың құрамындағы кәсіптері, мамандықтары және т.б . бойынша өзгерістер; еңбек уақытының шығындары (пайдалану) - еңбек жасалған жұмыс күндерінің саны (адам-күндер және сағаттар); еңбек тәртібін сақтау; орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі; төлемдер түрлері және еңбеккерлердің санаты бойынша еңбекақы төлеу қоры; еңбекке ақы төлеу қорынан тыс төленген сыйлықтар мен басқа да төлемдер; мекемеде қолданылатын еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелеріне сәйкес уақытында есептеу және әрбір еңбеккермен есеп айырысу; еңбекақыдан ұстап қалулардың заңдылығы және т.б. Бухгалтерлік есептің деректерінің негізінде экономикалық қорыту және талдау жүргізіледі, жұмыс күшін тиімді пайдалану және еңбекке ақы төлеу қорын ұтымды пайдалану жөнінде қорытынды жасалады. Бұл еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштерді жақсартуға бақылау жасауда бухгалтерлік есептің негізгі ақпараттық көзі ретінде маңыздылығын көрсетеді.
Еңбекке ақы төлеу бойынша еңбеккермен есеп айырысудың бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттерінің бірі белгіленген штат кестесін және еңбеккерлер санын, лауазымды кесімді жалақылар мен ставкаларды, еңбекке ақы төлеу мен сыйлық беру жөнінде бекітілген ережелерді, еңбекке ақы төлеу қорын дұрыс және ұтымды пайдалануға, белгіленген жұмыс ережесі мен еңбек тәртібін сақтауға есептің бақылау қызметін (функциясын) жүргізу болып танылады. Бұл бағытта бухгалтерлік есептің көрсетілген бақылау қызметін жүргізу мекеменің бас бухгалтерінінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, ол басқа бөлімшелермен (кадр бөлімі, жоспарлау бөлімі, еңбек және еңбекақы бөлімімен) бірлесіп орындалады. Штат кестесін, лауазымды, кесімді, жалақылар мен ставкалар үлгілерін бұзғаны үшін мекеменің жетекшісі мен бас бухгалтері жеке жауапкершілікпен жауап береді [13].
Еңбекке ақы төлеу қорын дұрыс және ұтымды пайдалану көп жағдайда жеке құрамды, жұмыс істеген уақытты , орындалған жұмысты есепке алу бойынша жасалған бастапқы құжаттаманың сапасына байланысты. Сондықтан бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі еңбеккерлерге жұмыс істеген уақыты немесе орындалған жұмысы үшін еңбекақы есептеуге негіз болған құжаттаманы дұрыс жасап және бухгалтерияға уақытында түсуіне қатал бақылауды қамтамасыз ету болып есептеледі. Бұдан бухгалтерлік есептің келесі негізгі міндеті шығады - еңбекке ақы төлеудің әртүрлі нысандары мен жүйелерінде жұмсалған жұмыстың саны мен сапасына сәйкес әрбір еңбеккерге тиісті еңбекақыны, қосымша сыйлықтарды тиянақты есептеу және олардан қолданыстағы заңдарға сәйкес салықтар және басқа сомалардыдұрыс ұстап қалу. Бұнда бухгалтерлік есепте тізімдік құрам бойынша, сондай-ақ мекеменің штатында тұрмайтын тұлғалар бойынша негізгі және қосымша еңббекақыны жеке көрсетуді қамтамасыз ету қажет. Бұл есептік жұмыстың ең жауапты учаскесі, өйткені еңбекақы мен сыйлық қосымшаларды есептеу барысында еңбеккерлер өзінің еңбегінің нәтижесінде материалдық ынталану қағидатының тәжірибелік көрінісін табады. Сондықтан мұнда еңбекке ақы төлеу жөніндегі барлық қолданыстағы заң мен ережелер қатал сақталуы, ал еңбекақы бойынша бухгалтердің жұмысы ерекше ашық болуы керек.
Жоғарыда қарастырылған бухгалтерлік есептің міндеттерімен тікелей байланысты келесі маңызды міндет еңбек заңдарын қатал сақтағанда әрбір еңбеккермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды дұрыс және уақытында жүргізу болып танылады.Мекеменің бухгалтериясы бұл міндеттерін орындаумен қатар, әділ және уақытында мынандай есеп айырысуларды қаитамасыз еруге міндетті: бюджетпен еңбеккерлердің еңбекақысынан ұсталатын тиісті салықтар сомалары (әлеуметтік, жеке табыс салығы және басқалар); сауда мекемелерімен - олардың еңбеккерлерінің несиеге сатып алған тауарлары үшін кезекті төлемдері бойынша; басқа мекемелермен және тұлғалармен - сот мекемелерінің атқарушы құжаттары бойынша және т.б. Бұл сомалар пайдасына ұсталған тиісті мекемелер мен тұлғаларға уақытында аударылуға тиіс.
Мекемелердің жетекшілерімен қатар бас бухгалтерлер штат кестесіне лауазымды кесімді жалақыларының дұрыс белгіленуіне және штаттағы тізімдік құрамда жоқ еңбеккерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын ұтымды пайдалануға дербес жауапкершілікті алып жүреді.
Жұмысшылармен және қызметкерлермен әділ және уақытында есеп айырысу еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын және өнім өндіру немесе орындалған жұмыстарды ескеріп қамтамасыз етіледі.
Мекеменің шығындарында еңбеккерлерлердің еңбегіне еңбекақы түрінде өтеу шығындары ең үлкен бөлігін құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында еңбекақы жұмыс күшінің тауар ретіндегі бағасы болып саналады да, еңбек нарығында жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің мүдделерінің үйлестіруін қамтамасыз ету негізінде қалыптасады, жұмыс күшін белгілі бір уақыт-сағат, күн және т.б бойына пайдаланғаны үшін төлейді [5].
19-Қызметкерлерге берілетін сыйақылар IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес қызметкерлерге берілетін сыйақы - компанияның (әрі қарай мекменің- Ж..Т.). қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.
Қызметкерлерге берілетін сыйақыға мыналар жатады :
- жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауыруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету , ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер) сияқты қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
- зейнетақы, зейнетке шыққанннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
- жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге берілетін жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысу, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді өтемдер;
- шығу жәрдемақылары және үлестік құралдармен өтемақы төлемдері.
Қызметкерлерге төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақыларды танып бағалауымыз керек. Яғни, есеп беру кезең ішінде қызметкер ұйымға қызмет көрсеткен кезде ұйым осы:
- кез келген төленіп қойған соманы ұстап қалғаннан кейін міндеттемелер ретінде (есептелген шығыстың). Егер төленіп қойған сома төлеулердің дисконтталмаған шамасынан асып кетсе, ұйым осындай асып кету аванстық шығыстардың әкеліп соқтыратын шамасына қарай актив ретінде (аванс шығыстарының) тану керек, мысалы, болашақ төлемдерді қысқарту немесе қарызды қолданыстағы ақшамен қайтару; және
- активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты сол сыйақылар сомаларынесептемегенде шығыс ретінде (қараңыз: мысалы, 2 Босалқылар ХҚЕС (IAS) және 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ХҚЕС (IAS) қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.
Қызметкерлерге берілетін сыйақылар : қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сыйақылар болып екі түрге бөлінеді.
Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар - (шығу жәрдемақыларын қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы.
Қызметкеpлеpге беpілетін cыйақы мөлшеpінің жалпы тәpтібі әкімшілік пен еңбек ұжымы аpаcында жаcалатын еңбек келіcім-шаpтында тағайындалады. Cыйақы тағайындау туpалы еpежеде:
oo cыйақының көpcеткіштеpі мен нақты талаптаpы;
oo cыйақының көлемі, межеcі мен меpзімі;
oo cыйақы тағайындалатын opта;
oo cыйақы көздеpі қаpаcтыpылуы кеpек.
Ocы мәcелелеp cыйақы cаяcатын қалыптаcтыpу мемлекеттік мекемелеpдегі cыйақы жүйеcін дамытудың өте өзекті және пpактикалық маңызға ие екендігін көpcетеді.
Қазіpгі таңда қызметкеpлеpге беpілетін cыйақы cаяcаты ұғымын әзіpлеудің төpт түpлі ғылыми тәcілі анықталған [9]:
oo жүйелілік;
oo үдеpіcтік;
oo cитуациялық;
oo мақcатты-бағдаpламалық.
Қызметкеpлеpге беpілетін cыйақы cаяcатын әзіpлеудің біpінші жүйелілік тәcілі бoйынша: үдеpіc, құpылым, ұйымдаcтыpушылық, түp еcкеpіледі. Мыcалы, мемлекеттік ұйымдаpдағы cыйақы cаяcаты oның кадp мәcелеcінің біp бағыты pетінде қаpаcтыpылады, oл өз кезегінде мемлекеттік ұйымдаpдың экoнoмикалық cаяcатын көpcетеді.
Екінші үдеpіcтік тәcілде өтемақылық cаяcат баcқаpу қызметін pетімен жүзеге аcыpуды көздейді.
Үшінші cитуациялық тәcілде өтамақылық cаяcаттың баcқаpу паpаметpлеpін нақты жағдайға байланыcты еcепке ала oтыpып, қажетті тетіктеpді таңдайды. Мұндай паpаметpлеpге: ішкі және cыpтқы фактopлаp алынуы мүмкін. Ұйымның ішкі фактopлаpына: еліміздегі экoнoмиканың жалпы жағдайы, cалалаpдың даму тенденцияcы мен жағдайы, еңбек наpығының cалааpалық жағдайы, еңбек аяcындағы заңнамалық актілеpдің өзеpуі немеcе жаңадан пайда бoлуы және т.б. жатады. Ішкі фактopлаp: мемлекеттік ұйымдаpдың қаpжылық жағдайының өзгеpуі, ұйым қызметкеpлеpінің ынталандыpылуы, кәcіби құpамына байланыcты және т.б. құpылым қызметінің даму кезеңдеpі бoйынша анықталады.
Нақты анықтауды бoлжайтын төpтінші мақcатты-бағдаpламалық тәcілде іc-әpекет бағдаpламаcын жүзеге аcыpу және қалыптаcтыpу мақcаты нәтижеге бағытталады. Кез-келген жүйені қoлданудағы негізгі мақcат кіpіc және шығыc матеpиалдаpының бoлуы бoлып табылады. Қызметкеpлеpге беpілетін cыйақы cаяcатын баcқаpу жүйеcінде мұндай матеpиалдаp ұйым қызметкеpлеpін еңбек жағдайында ынталандыpу мен cыйақы жүйеcі бoлып еcептеледі. Еcеп cаяcатындағы негізгі кoмпoнент құpылым екенін еcте ұcтау қажет. Cтpатегиялық құpылымда бұл - мақcатты, ұйымдаcтыpушылық, қoлданбалы және баcқа да қызметкеpлеpдің құpылымы cыйақы cаяcатының ныcаны pетінде қаpаcтыpылады.
Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:
- жұмысшыларға және қызметкерлерге төлентін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар ;
- қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде болжанатын демалыс жағдайында қысқа мерзімді төленетін демалыс (жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс сияқты);
- қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;
- осы уақыттта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетін ақшалай емес нысандағы сыйақы (медициналық қызмет көрсету , үймен , автокөлікпен, тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету сияқты).
Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақыларын қоспағанда).
Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары - ұйымның қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тиісінше төлейтін сыйақыларға жасалған ресми немесе ресми емес келісімдері.
Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті емес қызметкерлерге берілетін сыйақы.
Демалыс жәрдемақылары :
- қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін ұйымның шешімімен жұмыстан шығарса; не
- қызметкердің өз еркімен осындай сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар.
Жоспарларды сыныптаумен байланысты анықтамалар:
Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары - ресми немесе бейресми түрде келетін жоспардың аясындағы кәсіпорынның бір немесе одан да көп қызметкерге төлейтін еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары.
Белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарлары - егер ұйымның белгіленген жарнаны бөлек қорға төлеуді жүзеге асыруын және қосымша жарналар төлеу бойынша қандай да болмасын заңды және жүктелген міндеттемелері болмаса, белгіленген жарнасы бар сыйақы жоспарларынан ерекшеленетін сыйақы жоспарларын қамтамасыз етуді болжайтын сыйақымен қамсыздандыру жоспары.
Белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары - белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарларынан айырмашылығы бар сыйақымен қамсыздандыру жоспары.
Жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарлары - бұл:
- жалпы бақылауда тұрмайтын әртүрлі ұйымдар енгізген активтерді біріктіретін; және
- сыйақы жарнасы және көлемі сыйақыны алушы қызметкердің қандай ұйымда жұмыс істеуіне тәуелсіз анықталу шартымен бірнеше ұйымдардың қызметкерлерін сыйақымен қамсыздандыру үшін бұл активтер пайдаланылатын белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарлары (мемлекеттік сыйақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары (мемлекеттік сыйақы жоспарларынан басқа) [3].
Жұмыс беруші мен еңбеккердің арасындағы еңбек қатынастары нормативтік - құқықтық кесімдер мен заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек , ұжымдық келісім - шарттармен реттеледі.
Жеке еңбек келісім - шарт - бұл жұмыс беруші мен еңбеккердің арасындағы жазбаша жасалған келісім , онда еңбеккерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары және міндеттемелері анықталған, соның ішінде еңбеккер еңбек міндеттерін адал орындауға , еңбек тәртібін сақтауға міндеттенеді, ал мекеме еңбеккерлерге қажетті еңбек жағдайларын жасау, нормативтік - құқықтық кесімдермен (актілермен) қарастырылған өзге де төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.
Жеке еңбек келісім-шарт жасау үшін мекеме жетекшісі еңбеккердің еңбек қызметін растайтын құжаттар , жеке куәлігі (төлқұжат) , әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік (ӘЖК) , зейнетақы келісім-шарты, білімі, кәсіби дайындығы туралы құжат және заңдармен қарастырылған өзге де құжаттарды талап етуге құқығы бар.
Жеке еңбек келісім - шарты белгісіз бір мерзімге және белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша жоқ еңбеккердің орнын баса
тұру уақытына жазбаша түрде жасалады. Егер жеке еңбек келісім шартында оның қызмет мерзімі айтылмаса, онда келісім - шарт белгісіз мерзімге жасалған болып саналады. Жеке еңбек келісім - шарты кем дегенде екі данада жасалады да, оған екі жақ қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрған еңбеккерге беріледі.
Еңбеккердің еңбек қызметін орындауының басталуы болып жеке еңбек келісім - шартта көрсетілген жұмыс басталатын күні есептелінеді. Жеке еңбек келісім - шарт жасалғаннан кейін мекеме жетекшісі жұмысқа еңбеккерді қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті және бұйрық еңбеккерге қол қою арқылы жеткізіледі.
Жеке еңбек келісім - шарт жасағанда еңбекақы төлеудің бастапқы шарттары - еңбекақы мөлшерлері (ставкалар) жүйесі, кесімді еңбекақылар, еңбек мөлшерлері (нормалары) (өнімділік мөлшерлері, қызмет көрсету уақыты) , еңбекақы нысандары мен жүйелері , кепілді және өтемді төлемдер болып табылады. Мұнда әрбір мекеме қаржылық жағдайын есепке алып, қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелеріне , аймақтағы жұмыссыздық деңгейіне , еңбекақының мемлекеттік реттелуіне қарай еңбекақы төлеуде өздерінің шарттарын дербес әзірлеулері керек.
Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырғанда еңбектің саны мен сапасына сәйкес еңбекақы төлеудің қағидаттарын (принциптерін) қатал сақтау өте маңызды, себебі олар еңбеккерлердің еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруға және мекеме жұмысының сапасын жақсартуға материалдық ынталануын тудырады.
Қазіргі кезде еңбекақының нысандары мен жүйелерін жасау мен қолдануда , жалақы қорын бөлу және пайдалануда мекеменің құқығы мен дербестігі елеулі кеңейтілді, еңбекке ақы төлеудің мөлшеріне шектеу қою жойылды [8].

1.2 Қызметкерлерге берілетін сыйақының түрлері және құжат арқылы рәсімделуі

Еңбеккердің еңбекақысы жұмсалған еңбек санымен және сапасымен анықталады. Еңбек өлшемі болып не жұмсалған еңбек уақыты, не шығарылған немесе өткізілген өнім (тауар) есептеледі.
Еңбекті төлеу қорына келесі төлемдер енгізілмейді де, жеке есепке алынады: уақытша еңбекке жарамсыздық, екі қабат болу және туу, бала туғанға және жерлеуге беретін жәрдемақы; оқу орындарын бітіргеннен кейін жас мамандарға берілетін жәрдемақы; іссапар шығындарын төлеу; жұмыстан босатылғанда берілетін жәрдемақы; емізетін аналардың жұмысындағы үзілістерді төлеу; әскерге кетердегі берілетін жәрдем; мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға кеткен жұмыс уақытын төлеу; еңбеккердің басқа жерге ауыстырғанда және жібергенде төленетін тәуліктік және көтерме ақша беру; мүгедектік бойынша жәрдемақы және т.б.
Қазіргі кезде іс жүзінде еңбекке оның саны мен сапасы бойынша ақы төлеуді ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады - мерзімді және кесімді.
Еңбекке мерзімді ақы төлеу - бұл еңбеккерге белгіленген тарифтік ставка бойынша немесе оның мамандандырылғанын есепке алып нақты жұмыс істеген уақыты үшін есептелген еңбекке ақы төлеу нысаны. Бұл нысан еңбекке жай мерзімді және мерзімді - сыйлық ақы төлеу жүйелері болып бөлінеді.
Жай мерзімді жүйе кезінде еңбеккерге еңбекақы оған берілген тарифтік ставка немесе нақты істеген уақыты үшін кесімді жалақы бойынша есептеледі. Еңбекке ақы төлеудің жай мерзімді жүйесі жұмыстың немесе шарттың белгіленген нақты сандық және сапалық көрсеткіштерді орындағаны үшін сыйлық берумен толықтырылғанында еңбекке мерзімді - сыйлықақы төлеу жүйесі деп аталады. Бұл жүйе бойынша мекеменің жетекшілері, басқару аппараты мен қызмет көрсететін басқада қызметкерлердің еңбегі төленеді , егер олардың еңбегін санмен өлшеу өте қиын немесе тіпті мүмкін болмаса [7].
Еңбекке кесімді ақы төлеу - бұл нақты орындалған жұмыстың көлемі мен оның әрбір бірлігіне (тонна, килограмм және т.б) белгіленген кесімді бағалау негізінде еңбекке ақы төлеу. Еңбекке ақы төлеудің бұл нысаны еңбеккерлердің өндірілетін өнімнің (тауар оралымының) көлемін көбейтуге үлкен ынталылығын тудырады, өйткені оның көлемінен еңбекақының мөлшері тікелей байланысты.
Еңбекке кесімді ақы төлеу нысаны келесі жүйелер түрінде қолданылады: тікелей кесімді, кесімді-сыйлық, кесімді үдемелі (прогрессивті), жанама кесімді, аккордтық.
Тікелей кесімді жүйесі еңбекақы төлеуді өнімнің әрбір бірлігі бойынша бағасын қою (бағалау) арқылы белгілейді.
Кесімді-сыйлық жүйесі негізгі кесімді бағалау (баға қою) арқылы есептелген еңбекке ақы төлеуден басқа қосымша сыйақы алдын-ала белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштер мен шарттарды орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлық төлеуді қарастырады.
Кесімді үдемелі (прогрессивті) еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбеккерлерге негізгі мөлшерлер (нормалар) шегінде өндірген өнім үшін дағдылы (тікелей кесімді) бағалау бойынша еңбекке ақы тоөлеу, ал негізгі мөлшерден (нормадан) артық өндіргені үшін көтеріңкі (үдемелі, прогрессивті) баға қою бойынша еңбек ақы төлеуді қарастырады. Бұл жүйе шектелген мерзімге және өндірістің негізгі учаскесінде қолдануға болады.
Жанама кесімді еңбекке ақы төлеу негізінде қызмет көрсететін және қосалқы жұмыстармен (көлік құралдарын жүргізушілер, жөндеушілер, жинақтаушылар және т.б.) шұғылданатын еңбеккерлер үшін пайдаланылады. Олардың еңбекақыларының мөлшері олар қызмет көрсеткен еңбеккерлердің жұмысының нәтижесіне байланысты қойылады.
Аккордтық кесімді еңбекке ақы төлеу жүйесі өнеркәсіптегі апаттық, тиеу және түсіру жұмыстарының жиынтығы үшін іріленген мөлшерлер (нормалар) мен бағалау (баға қою) бойынша еңбекақы төлеуді қарастырады. Бұл еңбекақы төлеу жүйесі құрылыстың негізгі жұмыстарына кеңінен қолданысқа ие болады. Мұнда бригада немесе жеке жұмысшылар топтары алдын-ала тиісті белгіленген көлемде жұмыспен, материалдармен, қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етіледі де, олар өз кезегінде берілген жұмысты белгіленген уақытқа орындауға міндеттенеді. Оларға бұл жиынтық жұмыс үшін төленетін сомасы алдын-ала хабарланады да, ол жұмысшылардың арасында шеберлік дәрежесі (разряды) мен нақты жұмыс істеген уақытқа сәйкес бөлінеді. Жұмыстарды мерзімінен бұрын және сапалы орындағаны үшін аккордтық еңбекақыдан тыс сыйақы төлену тәртібі қарастырылады. Бұл жүйе еңбек тәртібін күшейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыстарды мерзімінен бұрын және сапалы орындауға жұмысшылардың да, әкімшіліктің де материалдық ынталылығын және жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.
Еңбекақы төлеудің жоғарыда қарастырылған жүйелері өз кезегінде еңбекті ұйымдастыру нысандарына байланысты жеке және ұжымдық болып бөлінеді [10].
Мекемелердің қаржылық - шаруашылық қызметінің тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыруда еңбеккерлердің материалдық ынталылығын күшейту үшін сыйлық, жыл соңында жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы төлеу жүйелері және басқа да материалдық марапаттау нысандары енгізілуі мүмкін, олар мекемелердің және еңбек, ұжымдық келісім - шарттарымен және нормативтік кесімдермен анықталады.
Сыйлық беру еңбеккерге жұмысы бойынша жеткен жетістіктерін марапаттау және оның одан әрі өсу қарқынын ынталандыру мақсатында ақшалай сомаларды төлеу деп танылады.
Еңбеккерлерге сыйлық берудің жалпы түсінігі екі тар түсінікке бөлінеді: еңбекке ақы төлеу жүйесімен қарастырылған марапаттау ретінде ағымдағы сыйлық беру; еңбекке ақы төлеу жүйесінен тыс ерекшеленген еңбеккерлерді марапаттау ретінде бір жолғы сыйлық беру.
Еңбекке ақы төлеудің сыйлық беру жүйесі сыйлық берудің белгіленген нақты көрсеткіштері мен шарттары негізінде еңбеккерлерге сыйлық төлеуді болжайды. Марапатталатын еңбеккерлер, сыйлық берудің көрсеткіштері мен шарттары, сыйлықтың мөлшері (әрбір мамандық, лауазым бойынша нақты немесе олардың шекті мөлшерлері) мекеменің жеке еңбек ұжымдық келісім шарттарда және басқа нормативтік кесімдерде қарастырылады. Сыйлық берудің негізгі көрсеткіштері ретінде мекемелердің жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруға және қаржылық - шаруашылық қызметінің түпкілікті нәтижелерін жақсартуға көмектесетін еңбеккерлердің негізгі қызметтеріне қойылатын талаптарды алуға болады. Бірақ сыйлық беру үшін негізгі көрсеткіштердің саны 2-3 көрсеткіштен аспауы керек. Осындай көрсеткіштер өнім көлемі және оның өсуі, өнім сапасы, еңбек өнімділігі, шығындарды үнемдеу, табысты көбейту, өндірістің түпкілікті нәтижелерін жақсарту және т.б. бола алады. Мынаны ескеру керек, сыйлық берудің көрсеткіштері мен шарттарының көптігі еңбектің ең жақсы нәтижелеріне жетуге деген еңбеккерлердің ынталылығын төмендетеді.
Мекеме жұмысының жылдық жалпы нәтижелерін жақсартуда еңбеккерлердің материалдық ынталылығын арттыру, ұжымның түпкілікті нәтижелерін жақсартуда еңбеккерлердің жеке еңбек үлесін ең толық қамтамасыз ету, еңбек тәртібін нығайту және кадрлар тұрақсыздығын түсіру мақсатында ағымдағы сыйлық беруден басқа жыл соңындағы жиынтық бойынша жұмыстың жалпы нәтижелері үшін сыйақы төлем жүргізіледі. Бұл үшін сыйақы төлеудің тәртібі мен шарттары туралы ереже әзірленеді де, ол күнтізбелік жылдың басталуына дейін бір айдан кешіктірмей мекеме жетекшісі кәсіподақ комитетімен бірлесіп, еңбек ұжымының пікірін ескере отырып бекітеді.
Мекемелер еңбекке ақы төлеудің қай нысандары мен жүйелерін пайдаланатынын дербес ұжымдық келісім шарттармен және жұмыс берушінің басқа да нормативтік кесімдермен анықтайды. Әрбір нақты жағдайда еңбеккерлердің еңбегінің өнімділігін арттыруға, мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға әң үлкен дәрежеде мүмкіндік туғызатын еңбекке ақы төлеудің нысаны мен жүйесін қолданулары керек [1].
Еңбеккерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды есепке алу үшін есептік және төлем тізімдемлері, сондай-ақ жұмыскерлер мен қызметкерлердің жеке шоттары пайдаланылады, сондықтан онда жазулар жүргізу үшін келесі бағандар қарастырылған: тегі, аты, әкесінің аты; табельдік номері; жұмыс істеген сағаттарының саны; есептелген еңбекке ақы төлеудің барлық түрі; қолданыстағы заңдарға сәйкес жүргізілетін ұсталымдар мен шегерімдердің барлық түрлері; еңбеккердің берешегі; берілетін сома.
Мекеменің лауазымды тұлғаларының және басқа қызметкерлері мен жұмыскерлеріне есептелген еңбекақылары 3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек шотына есепке аынады да, мекеменің шығындарын салалары бойынша есепке алатын әртүрлі шоттарға (тиісті 2930 Әкімшілік шығыстар, 8110 Негізгі өндіріс, 8210 Өз өндірісінің жартылай полуфабрикаттары, 8310 Көмекші өндірістер, 8410 Үстеме шығыстар шоттарына) жатқызылады, сондықтан шоттарда бухгалтерлік жазуларды жеңілдету мақсатында есеп айырысу-төлем тізімдемелерін мекемелерінің жеке әкімшілік-басқару қызметкерлері және басқа да қызметкерлер мен жұмыскерлер бойынша жүргізу қажет.
Есеп айырысу-төлем тізімдемелерінің жиынтық сомалары № 10 журнал - ордер мен оның № 5 тізімдемесіне жазылады. Айдың бітуіне қарай № 10 журнал- ордер мен № 5 тізімдеменің барлық бағандары бойынша деректер есептеледі де, тексерілген жиынтық көрсеткіштер Бас кітапқа көшіріледі.
Еңбекке ақы төлеу бойынша еңбеккерлермен есеп айырысуларды есепке алуды компъютеризациялаған жағдайда есеп айырысу-төлем және төлем тізімдемелері автоматты түрде жасалады. Қазіргі уақытта еңбекке ақы төлеуді есепке алуды автоматтандырудың үлкен әртүрлі бағдарламалары бар жағдайда мекемелер олардың қажеттісін және ыңғайлысын өздері таңдайды.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес еңбекке ақы төлеу бойынша еңбеккерлермен есеп айырысуларды есепке алу үшін 3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек пассивтік шот арналған.
Көрсетілген шоттың кредиті бойынша есептелген еңбекақы мен сыйақының барлық түрлері, зейнетақылар, жәрдемақылар және жұмыскерлер мен қызметкерлерге тиесілі есептелген барлық төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Есептелген еңбекақылар мен сыйақылар мекеменің өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығындары мен әкімшілік және басқару шығындарының және басқару шығындарының және құрылыс пен өндірістік шығындары құрамында есепке алынады.
3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек шотының дебеті бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес жүргізілетін ұсталымдар мен шегерімдердің барлық түрлерінің, жұмыскерлер мен қызметкерлерге кассадан қолма-қол ақшамен берілген еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы және басқа төлемдердің барлық сомалары, сондай-ақ еңбеккерлердің уақытында алмаған еңбекақы көрсетіледі.
Еңбекке ақы төлеу бойынша еңбеккерлермен есеп айырысудың негізгі операцияларын бухгалтерлік шоттарда жазулар жүргізуде төлем мен есеп айырысу-төлем тізімдемелер негіз болады.
Еңбеккерлердің жыл сайынғы еңбек және басқа демалыс күндерін төлеу, жыл сайынғы көп жылдық сіңірген еңбегі үшін сыйақы төлеу шығындарын жыл бойына мекеменің шығындарына дұрыс және біркелкі енгізу үшін қор құрылады. Оның мөлшері еңбеккерлердің демалыс күндерінің орташа ұзақтығына байланысты мекеменің есептік саясатымен анықталады.
Еңбеккерлердің еңбек және басқа демалыстарымен, жыл сайынғы көп жылдық сіңірген еңбегі үшін сыйақы қорын есепке алуды 3430 Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері шотында жүргізуге болады, тек бұл шотта субшот ашу қажет [2].

1.3 Достық ЖШС қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама және есеп саясаты

Многопрофильная компания Достар ЖШС-ның жалпы ұйымдық экономикалық сипаттамасы
Серіктестік орта бизнес субъектісі болып табылады. Серіктестіктің құрылтайшысы Омаров Уваидилда Жинакбаевич, 10 ақпан 1951 жылдың тумасы, компанияның Бас директоры. Құрылыс саласындағы жұмыс өтілі - 37 жыл. Техникалық директоры Айдарбаев Алтынбек Рахымкулович, құрылыстағы жұмыс өтілі - 21 жыл.
ЖШС-нің қызмет түрлері:
1. Құрылыс - монтажды жұмыстар (сейсмикалық емес аудандарда немесе 7 не одан да көп баллдағы сейсмикалық аудандарда)
2. Салмақ түсетін және қоршау конструкциялары, сыртқы және инженерлік желілер, конструкциялар мен жабдықтардың қорғау қабатына құрылыс-жөндеу жұмыстары, ғимараттар мен үйлерді қайта құру және нығайту.
3. Инженерлік - техникалық зерттеулер, жобалық - сметалық құжаттарды дайындау, құрылыстық, жөндеу, монтаждық және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау.
4. Тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік ғимараттардың құрылысы.
5. Ортақ коммерциялық, сауда-сатып алу, сауда- делдалдық қызметтер.
6. Құрылыс материалдарын өндіру мен сату.
7. Кафе, дүкен, мейрамхана, асханаларды ұйымдастыру.
8. Жылжымайтын мүлікті жалға алу, сату, сатып алу, делдалдық қызметтер.
Компанияның негізгі қызметі құрылыс саласындағы тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік және қоғамдық ғимараттың кез келген күрделілігіне байланысты құрылыс жұмыстарының сенімді кепілмен атқарылуы болып табылады. Өзіндік өндірістік-техникалық базаның, өзіндік автобазаның болуы, құрылыс материалдары мен құрал жабдықтарды жеткізуші ірі мердігерлермен жөнге келтірілген қарым қатынаста болуы, озық ғылыми зерттеулер негізінде өндірісті тиімді ұйымдастыру жоғары сапа, икемді баға саясатын және жұмыстардың қысқа мерзім аралығында орындалуына кепіл бере отырып құрылыс қызметінің кең жиынтығын ұсынады.
Кез-келген ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізу және оны тиімді ұйымдастыру осы ұйымда құрастырылған есеп саясаты мен салық саясатына тікелей байланысты болады. Есеп саясаты - бухгалтерлік есеп принциптері бойынша ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Есеп саясаты - бұл Многопрофильная компания Достар ЖШС-нің есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай - ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Многопрофильная компания Достар ЖШС-нің есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері:
- Многопрофильная компания Достар ЖШС-нің қаржы - шаруашылық қызметін объективті көрсету;
- ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру.
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері мыналардан тұрады: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу; талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары Многопрофильная компания Достар ЖШС-нің есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Многопрофильная компания Достар ЖШС-нің филиалдарының , еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелеоінің өзіндік бухгалтерлік есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
Многопрофильная компания Достар ЖШС-де бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер мен кассир атқарады. Бас бухгалтер кәсіпкердің тоқсандық, жылдық есептілігін, салық есептілігін және статистикалық есепті дайындайды және дер кезінде тиісті салық комитеті мен сатистика агенттігіне тапсырып отырады. Сонымен қатар Многопрофильная компания Достар ЖШС - нің бас бухгалтері есеп және салық саясатын дайындайды, заңдылықтар мен заң күші бар нормативтердің өзгеруіне байланысты есеп сасатына өзгерістер енгізеді. Ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысы автоматтандарылған.
Ал кассир касса операцияларын, банктік операциялар мен есеп айырысу операцияларын жүргізетін болса, қойма меңгерушісі негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар, шикізат, дайын өнім есебін жүргізеді.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастыратын уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
oo негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері;
oo материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
oo шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) есептеу әдістері;
oo өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляцияла жүйесі;
oo жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
oo дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
oo аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
oo материалдық қорларды бағалау есептеу әдістері;
oo негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;
oo курстық айырманы есептеу;
oo тағы да басқалар.
Многопрофильная компания Достар ЖШС-нің қаржы-шаруашылық жағдайын бағалау үшін, баланс активтері мен олардың қалыптасу көздерімен қатар, олардың технико-экономикалық көрсеткіштері арқылы талдау орынды. Сонымен, зерттеу жүргізілген Многопрофильная компания Достар ЖШС-нің мәліметтері негізінде оның технико-экономикалық көрсеткіштерін 1 кесте арқылы талдау жүргізе аламыз.

1- кесте
Многопрофильная компания Достар ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер
Өткен жыл
2013
Есепті жыл
2014
Ауытқу, мың теңге

сома
%
1
Қызмет көрсетуден түскен табыс, мың тг.
98224
290128
79779
15,2628
2
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны адам
799
709
90
88,7
3
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
25562
24285
-1277
-5,2583
4
Қысқа мерзімді активтердің орташа жылдық құны
86549
133165
46607
53,4196
5
Еңбек өнімділігі
749,8
1204,6
751,6
12,55324
6
Қор қайтарымдылығы
13,46
17,79
4,33
32,16939
7
Қор сыйымдылығы
0,074
0,056
-0,018
-24,3243
8
Өткізілген өнім мен қызметтің өзіндік құны
376900
444057
67157
16,16851
9
Жалпы кіріс
66023
78645
12622
-3,84647
10
Кезең шығыстары
55093
59675
4582
8,316846
11
Салық салынғанға дейінгі табыс
2445
28200
-312
-40,4145
12
Корпоративтік табыс салығы
-
-
-
-
13
Таза табыс
2445
244
5
1,098901
14
Дебиторлық берешек
61517
107363
45846
74,52574
15
Ағымдағы активтердің айналымдылығы(14жол)
3,11
2,28
-0,82
-26,5372
16
Сату рентабельділігі, %
0,17
0,15
-0,02
-11,7647
17
Активтер рентабельділігі (Таза табысАктивтер), %
0,53
0,35
-0,18
-33,9623
18
капитал рентабельділігі, %
-14,73
-11,39
3,34
-22,6748

Ескерту - кестені Многопрофильная компания Достар ЖШС көрсеткіштері бойынша автор құрастырған.

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, кәсіпорынның өткен жылғы көрсеткіштерін ағымдағы жылмен салыстырғанда, ұйым қызметі оңға басып, ұйымның табысы көбейген. Мәселен, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2013 жылы компанияның табыс деңгейі 12,55%-ға артқан. Есепті жыл ішінде жұмысшылар саны өзгеріссіз қалған.
Өткен жылғы деректермен салыстырғанда қысқа мерзімді активтердің айналымдылығы -26,53%-ға, ал активтердің рентабельділігі -33,96%-ға кеміген, оған қысқа мерзімді активтер санының кемуі ықпал етуі мүмкін. Ал капитал рентабельділігі өткен жылмен салыстырғанда 22,6%-ға артып отырғанын байқай аламыз.

2. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Құрылыс ұйымында қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің ұйымдастырылуы

Еңбекақы жүйесі жұмысшылардың материалдық қызуғышылығын қамтамасыз етуде еңбектің сапалық және сандық нәтижелерін жақсартуға бағытталған, яғни жоспарлы тапсырманы орындау, өнім (жұмыс, қызмет) бірлігін өндіру шығындарын төмендету, технологиялық үдерістерді жетілдіру, еңбекке жауапкершілік пен жасампаздықпен қарау.
Многопрофильная компания Достар ЖШС-да еңбекақы төлеу атқарылатын жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігіне, қызметкердің жалпы және мамандырылған білім деңгейіне, қойылған міндеттерді орындау барысындағы қызметкердің жауапкершілігі мен өзіндік орындау деңгейіне байланысты жүзеге асырылады.
Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақы есебін ұйымдастыру біріншіден ұйым қызметкерлерінің құрамы мен кадрлық әлеуетін бағалаудан, зерттеуден басталады.
Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жүйесінің күрделілігі көбіне қызметкерлер санына байланысты болады.
Төмендегі кесте көрсеткіштерінің талдауына қарасақ қызметкерлер санының кемуін байқаймыз. 2014 жылы қызметкерлер саны 709 адам, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 69 адамға кем. Төмендеу негізінен өнеркәсіп қызметкерлерінің қысқару нәтижесінен туындаған. Жұмысшылар саны 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 44 адамға кеміген және 439 адамды құрап отыр. Мамандар саны 2014 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
«Шымкент май» ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны хқес -на сай жүргізу
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиттің құжаттары мен аудит жүргізу көздері
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі
Пәндер