Біріңғай кеден одағы



Беларуся, Ресей және Қазақстан Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының институттық жүйесінің жасалуын, жаңа экономикалық кеңістік, еркін тауар айналымы, өзара ұлттық өнім тауар саудасындағы кедендік рәсімді жою үшін құрылған.
Бұдан басқа Кеден одағының іс шарасында арнайы қорғанысты, демпинге қарсы және өтемақылық әдістерден бөлек кеден баж салығы мен экономикалық сипаттағы шек қою қолданылмайды. Кеден одағы аясында бірегей кеден тарифы және басқа да үшінші мемлекеттер тауарларымен сауданың бірегей қадағалау әдістері қолданылады.
2007 жылдың қазанында Душанбе қаласында Кеден одағының Комиссиясы туралы шартқа Беларуся, Ресей және Қазақстан қол қойды. Бұл ұлттық органнан жоғары, үш мемлекеттің өкілі мүше болатын, шешімі үш мемлекет территориясында міндетті болатын орган. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Комиссия өз қызметіне толығымен кірісті. Комиссия отырысы әр ай сайын өткізіледі.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Біріңғай Кеден одағы
Беларуся, Ресей және Қазақстан Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының институттық жүйесінің жасалуын, жаңа экономикалық кеңістік, еркін тауар айналымы, өзара ұлттық өнім тауар саудасындағы кедендік рәсімді жою үшін құрылған.
Бұдан басқа Кеден одағының іс шарасында арнайы қорғанысты, демпинге қарсы және өтемақылық әдістерден бөлек кеден баж салығы мен экономикалық сипаттағы шек қою қолданылмайды. Кеден одағы аясында бірегей кеден тарифы және басқа да үшінші мемлекеттер тауарларымен сауданың бірегей қадағалау әдістері қолданылады.
2007 жылдың қазанында Душанбе қаласында Кеден одағының Комиссиясы туралы шартқа Беларуся, Ресей және Қазақстан қол қойды. Бұл ұлттық органнан жоғары, үш мемлекеттің өкілі мүше болатын, шешімі үш мемлекет территориясында міндетті болатын орган. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Комиссия өз қызметіне толығымен кірісті. Комиссия отырысы әр ай сайын өткізіледі.
Кеден одағы Комиссиясының төрағасы - Шувалов Игорь Иванович;
Қазақстан Республикасының Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары - Шукеев Өмірзақ Естаевич;
Кеден одағы Комиссиясының Жауапты хатшысы - Глазьев Сергей Юрьевич.
2009 жылдың басынан бастап Кеден одағы Комиссиясының 8 отырысы өтті:
- Бірінші отырыс (2009 ж. 4 ақпанында)
- Екінші отырыс (2009 ж. 26 ақпанында)
- Үшінші отырыс (2009 ж. 18 наурызында)
- Төртінші отырыс (2009 ж. 22 сәуірінде)
- Бесінші отырыс (2009 ж. 29 мамырында)
- Алтыншы отырыс (2009 ж. 25 маусымында)
- Жетінші отырыс (2009 ж. 12 тамызында)
- Сегізінші отырыс (2009 ж. 25 қыркүйегінде).
Қазақстан Республикасында бірінші кезектегі 38 техникалық регламенттердің лифтке, бидайға, жанармай және дизель отынына байланысты регламенттері өңдеуден өтуде.
Трактор, ауылшаруашылық машинасы мен орман шаруашылығына арналған машина, ғимарат пен құрылыс, дөңгелекті көлік құралдары, жарылыс қауіпі бар орталардағы жұмысқа арналған құрылғы, құрылыс материалдары мен өнімдері, электромагниттік үйлесімдік, ас өнімдерін этикеттеу және маркілеу, медицинаға арналған өнім, байланыс құралы, ойыншыққа, парфюмерлі-косметикалық өнім, буып-түюге арналған техникалық регламенттердің жобасы өңделуде.
Беларус Республикасы ЕврАзЭС мүшесі ретінде жоғарыда аталған техникалық регламенттердің бесеуіне: төменгівольтті құлылғы қауіпсіздігіне, ойыншықтарға, буып-түюге, парфюмерлі-косметикалық өнімге және электромагнитті үйлесімге өңдеу жасауда.
Аталған техникалық регламенттер өнім қауіпсіздігіне және аймақтық сауданы жеңілдетуге, техникалық бөгеттердіжоюға ықпалын тигізеді.
Ортақ техникалық регламенттер өнімге, сәйкестікті өту рәсіміне талап орнатып мемлекет арасындағы сауда бөгетін алуға көмегін тигізеді.
Техникалық қадағалау, санитарлық және фито-санитарлық шара бағытында Кеден одағы Комиссиясының құрамында жұмыс тобы құрылған.
Мынадай құжат жобалары өңделген:
Кеден одағының кедендік территориясында міндетті түрде сәйкестік бағалауына жататын өнім айналымы туралы Келісім.
Сертификат органдары мен сәйкестікті растайтын сынақ зертханаларының акредитацияларын бірегей мойындау туралы Келісім
Сәйкестік сертификат мазмұнын және Кеден одағының мүше-мемлекеттерінің сәйкестік декларацияларына талап туралы Ереже.
Техникалық қадағалау, санитарлық және фито-санитарлық шара саласындағы ЕврАзЭС Ақпаратты жүйесінің құру және жүргізу Тәртібі.
ЕврАзЭС-тің техникалық регламенттерді өңдеу Тәртібі.
Міндетті түрде сәйкестікті растайтын өнім тізімінің ақпаратты жинағы дайындалуда.
2009 жылдың 25 қыркүйегінде болған Кеден одағы Комиссиясының 8-ші отырысында Кеден одағының кедендік территориясында міндетті түрде сәйкестік бағалауына жататын өнім айналымы туралы Келісім және сертификат органдары мен сәйкестікті растайтын сынақ зертханаларының акредитацияларын бірегей мойындау туралы Келісім қабылданды. Бүгінгі күнде Келісімдер жобасы қол қоюға қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді өтуде.
Еуразиялық экономикалық қауымдастығының Мемлекетаралық кеңесінің 2008 жылдың 12 желтоқсанының № 405 шешімімен Кеден одағының барлық территориясында іске жарайтын 32 техникалық регламенттерді өңдеуді қажет ететін Еуразиялық экономикалық қауымдастығының алғашқы кезектегі техникалық регламенттерінің өңдеу кестесін қабылдады.
Техникалық қадағалау аясындағы келісімге қол қою:
1. Кеден одағы территориясының құрамындағы мемлекеттерде қазақстандық тауарлардың еркін айналымын қамтамасыз етеді. Өйткені, бір Жақтың уәкілетті органының берген лицензиясы, сертификаты, рұқсаты басқа жақтарменде мойындалып бірдей заңды күшіне ортақ кеден территориясында енеді.
2. Қауіпсіздікке талап қоятын ортақ техникалық регламенттер есебінде Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасы шекарасынан үшінші мемлекеттер өнімінің басып кіруінен ішкі нарықты қорғау туғызады.
3. Үндестіру заңдылығы техникалық қадағалау мен тарифті саясат саласында Бүкіләлемдік сауда орталығының аясында үйлесімді қозғалысты іске асырады.
Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдер (тауарлар) Біріңғай тізімінің жобасы құрылуда.
Ветеринариялық қадағалауға жататын өнімдер (тауарлар) Біріңғай тізімінің жобасы құрылуда.
Ішкі шекара мен Кеден одағының біріңғай кедендік территориясында ветеринариялық қадағалаудың біріңғай тәртібі жүзеге асуда.

02.03.2010 14:59
Кеден одағы: түйткілдер мен шешімдер
АСТАНА. Наурыздың 2-і. ҚазАқпарат Кенжеболат Жолдыбай -2010 жылғы 1-ші қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан, Ресей және Беларус арасындағы Кеден одағы төңірегінде түрлі әңгімелер мен сан-қилы пікірлер легі толастар емес. Ол түсінікті де. Өйткені, нарық та, адамдар да өздеріне белгісіз әрі түсіне бермейтін жағдаяттарды көбіне бастарына төнген қауіп ретінде қабылдайды. Бұл енді, адамдардың ішкі жан дүниесіне байланысты нәрсе.
Психология ілімінде, егер белгілі бір мәселе төңірегінде нақты деректер аз болған жағдайда, бірінші кезекте, адамдар оны жағымсыз жағынан қабылдауға бейімірек тұрады.

Шынтуайтына келгенде, Кеден одағының, мәселен, бизнеске әсері қай дәрежеде болатыны жәйлі толық сараптама оның не жекелеген салалары, не жекелеген тауарлары мен қызмет көрсету сапасы бойынша күні бүгінге дейін жоқтың қасы. Бұл туралы таяуда Парламент мәжілісінде арнайы айтылды да. Мысалы, автокөліктердің бағасы өседі дейді. Бірақ ол неге және қаншалықты өсетіні жәйлі, әрі оның себептеріне жете мән беріп жатқандар әзірге шамалы. Осындай жағдай 2009 жылы ақпан айында теңгені девальвациялау кезінде орын алған еді. Сол бір тұста доллардың құны 180, тіпті 200 теңгеге дейін барады, инфляция өсімі 25 пайызды құрайды екен деген тәрізді алып-қашты әңгімелер елді дүрліктіргені есімізде. Енді қарасаңыз, нақты жағдай мүлдем өзгеше: инфляция деңгейі өткен жылдың қортындысы бойынша 6,2 пайызды құрап отыр, ал екінші қайтара болады деген девальвация сол бір сөз күйінде қалды. Негізінен алғанда, бағаның қымбаттауы жөнінде нақты әңгіме айту қиын. Оның себебі тауарлардың көптеген түрлері бойынша әлі тарифтер анықталған жоқ, бұл болашақ келіссөздердің еншісіндегі нәрсе.

Осы орайда, тұтынушылық бағаның төмендеуі болатынын да ескерген жөн. Айталық, біздің сүт өндіруші зауыттарымыздың дені Ресей мен Беларустан әкелінетін құрғақ сүтпен жұмыс істейтіні белгілі. Бұрындары бұл импорт кедендік рәсімдеуге жатса, ендігі жерде барлық кедергілер алып тасталады. Яғни, сүт өнімдерінің бағасы едәуір арзандай түседі деуге толық негіз бар. Немесе, Қазақстанға Ресей аумағы арқылы әкелінетін Беларустың тракторларын алайық. Мұнда да кедендік кедергілер болмағандықтан, бұл тракторларды арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік туары анық. Азаматтардың еркін жүріп тұруына, өзіне керекті сапалы әрі бағасы төмен тауарларды таңдау құқына ие болуына да жол ашылмақшы. Әрине, Кедендік одақтың қызметіне бірыңғай баға беру әлі де ертерек, өйткені оның негізгі тетіктері әзірге толығымен іске қосылған жоқ.
Жалпы алғанда, Елбасының Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты биылғы Жолдауында атап көрсетілгендей, Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. Кеден одағының құрылуы - бұл қазақстандық барлық интеграциялық бастамалардың серіппелілігі. Елімізде интеграцияға, әсіресе экономикалық интеграцияға, барынша ден қойылуы кездейсоқ емес. Экономикалық интеграция дербес тәуелсіз мемлекеттер жағдайында бірден бір ішінара тығыз экономикалық ынтымақтастық орнатудың ең жоғарғы әрі барынша мүмкін үлгісі болып есептелінеді. Сондықтан да, әлемнің көптеген мемлекеттерінің аймақтық экономикалық интеграцияға ұмтылуы объективті әрі заңды үрдіс.
Әлемдік тәжірибеде интеграция төрт деңгейден тұрады. Ең алғашқысы еркін сауда аумағы десек, оның шеңберінде Ресеймен де, Беларуспен де біз бұған дейін жұмыс істеп келдік. Келесі - енді іске кіріскелі отырған Кедендік одақ. Бұл жерде тек кедендік тарифтерді рәсімдеу ғана емес, сонымен қатар сыртқы шекаралары сенімді қорғалған, 170 миллиондай халқы бар кеңістікте тауарлардың қозғалуы жеңілдетілген ортақ кедендік аймақ құру көзделеді. Мұның өзі түптеп келгенде бізге молынан инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Өйткені, бірлескен кәсіпорын құрғысы келген кез келген батыстық инвесторға сол өз кәсіпорны шығаратын өнімдерді мейлінше көп тұтынатын ортаның болуы барынша тиімді. Интеграцияның үшінші деңгейіне Біртұтас экономикалық кеңістік жатады. Мәселен, бүгіндері Парсы шығанағындағы және Анд тобына кіретін мемлекеттер осы принципті ұстанады. Капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілетін интеграцияның бұл түрі 2012 жылғы 1-ші қаңтардан бастап Беларус, Ресей және Қазақстан арасында қалыптасатын болады. Ал енді интеграцияның ең жоғары сатысы ретінде Экономикалық одақ танылады десек, оның бірден бір үлгісі Батыс Еуропа болып отыр.
Байқап көргеніміздей, қандай да бір мемлекет жабық есік жағдайында өмір сүруге мүдделі емес. Мемлекет қарқынды дамып отыру үшін оның ішкі нарығымен қоса сыртқы экономикалық байланыстары да кеңейе түсуі қажет. Әсіресе, жерінің аумағы аса зор, ал халқы 16 миллион ғана Қазақстанға бұл өмірлік қажеттілік. Сондықтан, Елбасы өзінің биылғы Жолдауында Үкіметке Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетін жағдайларда Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруға арнайы тапсырма берді. Президент Н.Назарбаев сондай-ақ, қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу аса маңызды екендігін де ескертті. Осы орайда, Елбасының бәсеке жоқ жерде ұйқың жақсы, бірақ та өмірің нашар деген ұтқыр сөзін қазақстандықтар қаперде ұстағаны жөн деп білемін. Өйткені, кез келген адамның жақсы жағдайда өмір сүргісі келетіні анық қой. Сондықтан, осы мақсатты жүзеге асыруға күш салу қажет. Оған толық мүмкіндік те бар. Мәселен, Ата мекен Одағы ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А.Перуашевтің келтірген деректеріне қарағанда, отандық астық өндірушілер ұн экспорты бойынша үшінші жыл қатарынан әлемдік көшбасшы атанып келеді, қазақстандық Меланж және TextyLine тоқыма кәсіпорындары өзінің өнімдерін әлемнің ондаған елдеріне, оның ішінде тоқыма экспортының алпауыттарының бірі - Түркияға экспорттайды. Рахат кондитерлік фабрикасы болса, өнімдерін Еуроодақ және Азия мемлекеттеріне өткізіп отыр. Мұндай кәсіпорындар үшін Кедендік одақ, әрине, айналымдарын ұлғайтуға жақсы мүмкіндік. Өйткені, Кедендік одақ шеңберінде нарық 11 есе артады (ҚазАқпарат, 10 ақпан 2010 жыл).
Жалпы, шетелдік сарапшылардың бағалауынша, біртұтас кедендік кеңістіктің құрылуы арқасында 2015 жылы Кедендік одақтың әрбір мүшесі өздерінің Жалпы ішкі өнімін 14 - 17 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік алады, ал ортақ табыс 400 млрд долларды құрайтын болады. Сондықтан Кеден одағына қатысушылардың ешқайсысы ұтылыста қалмайды. Мұның сыртында, Кедендік одақтың өзін бақылайтын арнайы ұлтүстілік комитет құрылып отыр. Ол үш елдің үкіметінің тарифке байланысты өзара келісілген межеден шығып кетпеуін қадағалайтын болады. Түйінді мәселе туындаса, ол үш мемлекеттің премьер-министрлерінің орынбасарлары деңгейінде шешілуі тиіс. Олар да бір келісімге келе алмаса, онда мәселе мемлекет басшыларының қарауына беріледі. Мұндағы шешім тек толық консенсус жағдайында ғана қабылданады: біреу қарсы болса, ештеңе де шешілмейді. Яғни, Қазақстанның мүддесі кез келген шешім қабылданар тұста да толық ескерілетін болады.
Әрине, әрбір жаңа іс тәрізді, Кедендік одақта да түрлі кемшіліктердің орын алуы, небір қиыншылықтардың болуы әбден мүмкін. Мәселен, үшінші елдерден тауарлардың импортымен айналысатын кәсіпкерлер айтарлықтай ауыртпалықтар көретіні рас. Тіпті олар бұл саладан кетіп бизнестің басқа бір саласына ауысуға мәжбүр болуы әбден мүмкін. Дүкен сөрелері Ресей мен Беларус елдерінен келетін арзан тауарларға толып, отандық өндірушілер бәсекеге қабілетсіз болып қалмай ма деген қауіп те бар. Одақтың Кедендік кодексі мен ұлттық кодекстеріндегі сәйкессіздіктерге байланысты мәселелер түйткілге айналуы кәдік. Бюрократиялық кедергілердің орын алмасына да толық сенім жоқ. Қалай болғанда да, интеграцияның жаңа деңгейіне өтуге байланысты, әсіресе бастапқы кезде, жекелеген қиыншылықтардан бірден құтыла алмаймыз. Алайда, олардың оңтайлы шешім табатынына ешбір күмән жоқ. Оған саяси жігер де, экономикалық негіз де және адами ресурстарымыз да жеткілікті. Бұл туралы осы жылғы 26-шы ақпанда өткен ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің бірінші пленарлық мәжілісінде Елбасымыз Н.Назарбаев ерекше атап өтті. Ол кісі халқымызға, өзімізге сену әрі лайықты бағалау керектігіне, сөйтіп елді индустрияландыруға жұмыла кірісуге назар аудара отырып, Қазақстанның әлем елдерінің сапалық тізімінде жоғары тұратынына толық сенім білдірді.
Мен Нұрсұлтан Әбішұлының мұндай байламын халқының бойындағы ерекше мүмкіндік пен қасиетті көре білгендігінің нәтижесі деп қабылдаймын. Академик Ф.Байымбетовтың мына бір деректеріне көз жіберейікші. Белгілі ғалымның пайымдауынша, біздің мемлекетте дәл бүгінгі таңда халықтың сауаттылығы ең жоғары деңгейде. Тіпті АҚШ, Германия, Франция секілді мемлекеттердің өзі сауаттылық жағынан Қазақстаннан жоғарыдамыз дей алмайды. Бұған қоса біздің елде ірі ғылыми әлеует бар. Оған мына мысалдар куә. Бүкіл дүниежүзі бойынша көмірден жанармай алу 300 атмосфералық қысым жағдайында болуына қол жеткізілген болса, оны біздің химиктер 100 атмосфералық қысым жағдайында ала алады. Кеніште уранды сілтілеп алу технологиясын қолданып жүрген еліміздің ядролық энергетика саласындағы қызметін халықаралық сарабдал сыншы МАГАТЭ ұйымының сарапшылары да мойындады. Тантал ұнтағын өндіруден өмірге қазақстандық жаңа технология енгізілді. Бұл енді әлемде теңдесі жоқ ғылыми жаңалық әрі Қазақстан ғылымының меншігі. Біз термоядролық ғылыми жұмысы бойынша да көп елдерден оқ бойы озып келеміз.
Яғни, қажет болған жағдайда біздің азаматтардың қандайда бір сынға дайын екендігіне, кез келген бәсекелестікке төтеп бере алатынына сенім мол. Ал, Кеден одағы барлығымызды көп жұмыс істеуге және оны ақылмен әрі зор ықыласпен атқаруға, сөйтіп шығынды азайтып, өнімділікті арттыруға үйретеді. Ендеше, іске сәт делік!
Кеден одағы - ықпалдастықтың жаңа жолы
Авторы: Admin2 уақыты: 24-желтоқсан, 2009bul makala 574 ret okyldy, 1 ret bugin Бөлімі: Ғалам және Қазақстан
бағдар
Бүгінге дейін Ресей, Белорусь, Қазақстан арасында Кеден одағының құрылатынына сарапшылар мен саясаттанушылар түгілі одаққа кіретін мемлекет басшылары да күмәнмен қарап келген-ді. Себебі, соңғы жиырма жылда ТМД кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастыққа талпыныс жасаған қадамдар сәтті бола қоймады. Дегенмен де 27-қараша күні үш ел басшысылары Кеден кодексіне және бірыңғай кеден тарифы келісіміне қол қойған болатын. Ал, 19-желтоқсанда Алматы өңіріндегі "Ақбұлақ" кешенінде өткен ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінде: Біздің үш мемлекеттің құрамында 2010 жылдың қаңтарының 1-нен бастап жұмыс істейтін Кеден одағының құрылғанын мәлімдейміз, - деп, Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері бірлескен мәлімдеме жасады. Демек шешімнің қабылдануы посткеңестік мемлекеттер арасында қуатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағы іштегі өндірушілерді сырттағы бәсекелестерден қорғауды көздейді
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Тауар номенклатурасының мәнi мен маңызы
ҚР-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері
Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Экономикалық интеграция (экономикалық бірігу)
Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны
Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен кеден ісін қалыптастырудың алғы шарты ретінде
Қазақстан Республикасының Кеден қызметі: маңызы, мақсаты және міндеттері
Пәндер