Тінту мен алуға арналған қылмыстық іс жүргізу



Кіріспе

І. Тінтудің криминалистикалық түсінігі және тактикалық ерекшеліктері
1.1. Тінтудің түсінігі, мақсаты, негізі, түрлері және объектілері

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер
Менің тақырыбым тінту мен алуға арналған қылмыстық іс жүргізу бойынша анықтама, алдын ала тергеу жүргізілетін болғандықтан тінту мен алу тергеу әрекетінің алатын орны маңызды. Бұл тергеу әрекеттерін жүргізу қылмыстық іс бойынша қажетті дәлелдемелерді, іздеу және қылмыскерлерді, мәйіттердің бөліктерін табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қылмыстық іс дәлелдемелерінің 30-40 пайызға жуығы осы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында анықталады. Сол себепті менің тақырыбым өзінің өзектілігін байқатады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 жыл.
2. ҚР ҚІЖК
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. Алматы 2000 жыл, Дәнекер.
4. Жедел – іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы 15 қыркүйек 1994 ж.
Арнайы әдебиеттер:
1. Криминалистика. Белкин Р.С. Москва-1999г.
2. Криминалистикалық тактика. Е.Жәкішев. «Жеті жарғы» Алматы-1997ж.
3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. С.Е.Еркенов, С.И.Сұлтанов. Астана-2002ж.
4. Криминалистика негіздері. А.Ғ.Абуов «Жеті жарғы» Алматы-2004ж.
5. Быков В.М. Уголовно-процессуальный кодекс РК и проблемы раскрытия преступлений: Полемические заметки // Право и политека.-2002 №9-с.66-72

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

І. Тінтудің криминалистикалық түсінігі және тактикалық ерекшеліктері
1.1. Тінтудің түсінігі, мақсаты, негізі, түрлері және объектілері

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер

Кіріспе

Менің тақырыбым тінту мен алуға арналған қылмыстық іс жүргізу бойынша анықтама, алдын ала тергеу жүргізілетін болғандықтан тінту мен алу тергеу әрекетінің алатын орны маңызды. Бұл тергеу әрекеттерін жүргізу қылмыстық іс бойынша қажетті дәлелдемелерді, іздеу және қылмыскерлерді, мәйіттердің бөліктерін табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қылмыстық іс дәлелдемелерінің 30-40 пайызға жуығы осы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында анықталады. Сол себепті менің тақырыбым өзінің өзектілігін байқатады.
Тәжірибе барысында осы терегу әрекеті өз дәрежесінде дер кезінде жүргізбегендіктің салдарынан көптеген қылмыстық іс өз шешімдерін таппай жатады. Оған себеп, анықтаушының немесе тергеу тінту және алу тергеу әрекеттерін сауатсыз жүргізу, өз уақытынан кешіктіруі болып табылады. Қорытындысында қылмыстық іс бойынша көптеген дәлелдемелер жоғалып кетеді. Бұл аталып көрсетілгендер тақырып бойынша тінту және алу терегу әрекеттерінің өзектілігін жоғарылата түседі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекіткен олардың мемлекетпен кез келген қол сұғұшылықтан қорғалатындығына кепілдік береді. Сол құқықтардың бірі ретінде әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына өзінің жеке от басының құпиясы болуына, абыройы мен ар намысының қорғалу құқығы, сондай ақ жазылған хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің почта, телеграф арқылы және почта жолымен алынған хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар делінген. Алайда заңмен белгіленген ерекше жағдайларда бұл құқықтар белгілі бір, шекте шектелу мүмкіндігі де осы актімен қарастырылып және Қазақстан Республикасының өзге де зандарымен осы құқықтарды шектеу мөлшерімен жағдайлары реттеліп, нақты ашылып көрсетілген. Елімізде әлеуметтік және экономикалық қатынастарға өзгерістер еніп, ғылым мен техникалық жана жетістіктері іздестіріліп, оларды іс жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп жатқан қазіргі мезгілде құқық қорғау жүйесі қызметкерлерімен криминалистика жетістіктерің қылмыспен күресте кеңінен қолдануын талап етеді. Қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау жауапты іс. Олар материалдық бейнеленген іздерді, заттар, құралдар іздерін анықтауды, бекітуді алуды және сақтауды қамтамассыз етіп, тергеу мумкіндігін анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен күресті табысты жүргізү үшін, қылмыстың сөзсіз куәларын тез тауып сөйлете білуі керек. Бұл іспен айналысатын бірден бір ғылым ол криминалистика.

І. Тінтудің криминалистикалық түсінігі және тактикалық ерекшеліктері

1.1. Тінтудің түсінігі, мақсаты, негізі, түрлері және объектілері

Қылмыскер өзінің және қылмысқа қатысушылардың әшкереленбеуі үшін қылмыс құралдарын, қаруларын, қылмысты айқындайтын іздерді, құжаттарды және қылмыстық жолмен табылған заттарды мұқият жасыруға тырысады. Ал бұл заттардың толық және дер кезінде табылуы қылмыстық іс бойынша дұрыс, яғни әділ шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.
Тінту тек қана жеткілікті негіздер болған жағдайда ғана прокурормен санкцияланған тергеуші немесе анықтамашының шығарған қаулысы бойынша жүргізіледі. Жеткілікті негіздер деп тергеу кезінде анықталған немесе жедел-іздестіру шараларын жүргізгенде алынып, кейін процессуальдық жолмен тексерілген мәліметтерді айтамыз, яғни бір адамда немесе бір жерде қылмыс қарулары мен құралдары, құжаттар, заттар мен бағалы заттар және басқа да іс бойынша маңызы бар объектілер болуы мүмкін деп ойлайтындай мәліметтер жеткілікті көлемде болғанда ғана жүргізіледі.
ҚР ҚІЖК-нің 230-шы бабында бұл тергеу әрекеті келесідей сипатталады: тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізіледі.
Тінту жүргізуге аталған заттардың немесе құжаттарды белгілі бір үй- жайда немесе өзге орында, не нақты адамда болуы мүмкін деп болжауға жеткілікті деректердін болуы негіз болып табылады. Тінту іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін - деп көрсетілген. Е.Жәкішевтін Криминалистикалық тактика- деген оқулығында тінту жүргізу тактикасына келесідей сипаттама берілген. Қандай қылмыс жасаса да қылмыскер осы қылмыстың ашылуына оның ізің жасыруға әр турлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізің суытып, айғақ заттарды тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті,-қалай болғанда да қылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді,айғақ заттарды тез арада тауып алу. Осындай айғақ заттарды тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекеттерінің бірі-тінту.
Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Жанында егер істің мән жайына байланысты айғақ затарды қылмыскер не басқа адамдар оз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп қана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады.
Тінту дегеніміз - үй- жайды, қора- ауланы еріксіз турде қарау арқылы іске қатынасы бар айғақ заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, занда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.
Тінтудің мақсаты - әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.
Тінтудің басты міндеттері төмендегідей болып келеді:
1. Дәлелдемелерді табу және тәркілеу. Мұндай дәлелдемелер қатарына:
* Қылмыс заты (атыс қаруы, улы зат, есірткі т.с.с.);
* Қылмыс іздері бар заттар (жалған жасалғаны көрінуі мүмкіннемесе өзгеру іздері бар құжаттар, жәбірленушінің киімдері, заттары т.с.с.);
* Қылмыс бағытталған объектілер (ұрланған бағалы заттар және т.б.);
* Қылмыстық жолмен табылған ақшалар, бағалы заттар мен бұйымдар т.с.с..
* Қылмысты ашуға, дәлелдеуге, айыпталушыларды анықтап, жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын түрлі құжаттар мен заттарды табу.
2. Затты тәркілеу жолымен алу арқылы қылмыспен келтірілген материалды шығынның орнын заңды түрде алу арқылы толтыру.
3. Құқық қорғау органдарынан қашып жүрген қылмыскерді анықтау, жоғалып кеткен адамды, мйітті не оның бөлшектерін табу.
4. Азаматтар арасында қолданылуы заңмен шектелген заттарды табу және тәркілеу (атыс қаруы, суық қару, есірткі заттар, қымбат металл өнімдерің жарылғыш заттар және т.б.).
Тінту барысында көрсетілген жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін. Тінту басында зат табылған жағдайда заттың иесінен қолдануға не сақтауға болады деген рұқсат қағазын талап ету қажет, ол болмаған жағдайда зат тәркіленуге жатады. Тінтудің өзге тергеу әрекеттерінен өзгешелігі бар. Себебі, тінтудің мақсаты тергеу қарауының мақсатына қарағанда әлдеқайда кең, өйткені қаралып жатқан объект толығымен тексеріледі.
Тінтудің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы - оның еріксіздігі.
Тінтудің бірнеше түрлері болады:
* жеке адамды тінту;
* тұрғын үйді;
* жеке бөлмені тінту;
* ауланы немесе басқа ғимараттар мен объектілерді тінту.
Кейбір авторлар қандай обьектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы: қылмыс жасауда қолданылған қару, жалған құжаттар, қылмысердің киген киімі тағы басқа. Бұлардың бәрін іске керекті айғақ заттар деп тұжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудін ұқастығы- осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір обьект не пәтер қаралып , айғақ заттар ізделеді.
Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден олардың жургізілу әдісінен көрінеді. Оқиға болған жерді қарау оқиғаның қалай болғаның, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің
жасағаның анықтауға бағытталады. Тінтудің мақсаты әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған айғақ заттарды арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу. Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел- іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел- іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты - тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару барма, жоқпа, тінтуді жүргізүге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел- іздестіру жұмыстарын тінтумен тұтас күйде қарауға болмайды.тнтудің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы еріксіз түрде жүргізілуінде.
Әрқашан, белгілі бір тергеу әрекетін жүргізер алдында тергеуші оған дайындық жұмыстарын жүргізеді. Тінту жүргізер алдында да солай, біріншіден ол тінту жүргізілетін обьект және үйі тінтілетін адам жөнінде қажетті бағдарлау мәліметтерін жинап алу керек .Тінтілетін және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыстың қай қатарда жасалғаны, онда телефон барма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, иті барма, жоқ па, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын - ала анықталып болған соң тінту жүргізіледі.
Тінтілетін адам жөнінде-оның мінез-құлқы, қаруы болуы мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқада мәліметтерді жинап алу керек. Екіншіден, жедел тергеу тобын құрған кезде алдын- ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек. Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық темірден не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау керек. Дайындық жұмыстары толық бітісімен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосынан, күтпеген мезгілде келу үшін де жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы обьектіге жан жақтап жеке- жеке келуі керек. Үйге жақындар алдында үйдің манайында бөтен адамдар барма, жоқ па соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қатарлы болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Есік жабық болса , қағып не қонырау беріп, егер жөн сұраса бір басқа себеппен келгенің айту керек, коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не басқа бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп тұрғаның алдын- ала білмеуі керек. Ереже бойынша тінту күндізгі уақытта жүргізілүі керек, тек кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда ғана өзгеруі мүмкін. Олардың қатарына қылмыс үстінде ұстау, қылмыскерді ізін суытпай қуған кезде, және оның іске қатысты дәлелдерді жою қаупі бар деген кезде, әр уақытта тінту тергеу әрекеті тергеушіден ұйымдастыру шараларын және тактикалық әдістін дұрыс қолдануын қажет етеді. Қылмыстарды тергеу кезінде тінту қажеттілігі өте жиі пайда болады. Тінтудің оң нәтижелері тергеу барысына өте қолайлы түрде әсер етуі мүмкін. Қылмыстық әрекеттердің көптеген категориялары бойынша қылмысты ашу тінту жүргізусіз мүмкін емес. Мысал келтіретін болсақ ұрлықты тергеу кезіңде, тінту көмегімен ұрланған заттарды немесе қылмыстық жолмен алынған өзге де құндылықтарды анықтауға болады. Адам өлтіру жөнінегі істерді тергеу кезіңде іске қатысты заттарды немесе киімді, жәбірленушінің заттарын немесе құндылықтарын, атыс не суық қаруды, ұландыратын заттарды және тағы басқа., табуға болады. Істерді тергеу кезіңде тінту қалай болатыны барлық қылмыс категорияларын атап көрсету мүмкін емес. Бірақ әр нақты іс бойынша тергеуді жүргізетін орган, жоспарлау мәселесін шешуі тиіс. Тінтудің сәттілігі криминалистиканы білу мен, тергеушінің тәжірибесінің деңгейімен операцияның барынша жоспарланғандығымен және дайындалғандығымен, тергеушінің бақылаушылдығымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тінтудің міндеттері
Тінту тергеу әрекетінің жалпы сипаттамасы
Тергеу кезіндегі тінту жүргізудің құқықтық және теориялық негіздері
Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі, құрылымы және өкілеттілігі
Тінтудің криминалистикалық түсінігі және тактикалық ерекшеліктері
Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
Ғимаратта тінтуді жүргізудің тәсілдері
Хат-хабарға тыйым салу, хабарламаларды жол-жөнекей ұстау, сөйлескен сөздерді тыңдау және жазу
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Пәндер