Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы



Кіріспе
Ағымдағы жағдайға талдау
Табиғат әлеуеті
Өндірістік әлеует
Сыртқы экономикалық қызмет
Аграрлық сектордың әлеуеті
Қызмет көрсету және сауда саласы
Еңбек әлеуеті
Инфрақұрылым әлеуеті
Демографиялық және көші.қон процессі
Әкімшілік.аумақтық құрылысы және аумақтық дамуды басқару
Стратегияның мақсаты және басымдықтары
Стратегияны іске асырудың негізгі бағыттары
Облыстың өңірлік және әлемдік экономикадағы орны
Өңірді аумақтық ұйымдастыру, экономикалық даму және таратып орналастыру жүйесінің болашағы
3.2.1 . Нақты сектордың, әлеуметтік.инженерлік инфрақұрылымның дамуы
3.2.2. Өсу полюстерін қалыптастыру
3.2.2.1. Тірек қалаларды дамыту
3.2.2.2. Басым аудандарды дамыту
3.2.2.2.1. Шекаралық аумақтарды дамыту
3.2.2.2.2. Ауылдық аумақтарды дамыту
3.2.3. Жағдайы нашар аумақтардың проблемаларын шешу
3.2.4. Аумақтарды таратып орналастыру жүйесі және орналастыру
Аумақтарды экономикалық ұйымдастыру
3.3.1. Облыстың ресурстық әлеуетін ұтымды пайдалану
3.3.2. Республикалық, өңірлік және халықаралық еңбек
бөлінісінде облыстың бәсекеге қабілетті экономикалық
мамандануы
3.3.3. Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
3.3.3.1. Инновациялық инфрақұрылым
3.3.3.2. Көлік.коммуникациялық инфрақұрылым
3.3.3.3. Тіршілікті қамтамасыз етуші инфрақұрылым
3.3.3.4. Су шаруашылығы инфрақұрылымы
3.3.3.5. Әлеуметтік инфрақұрылым
3.3.3.6. Туристік.рекреациялық инфрақұрылым
Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту
Өңірлік дамуды институттық қамтамасыз ету
3.5.1. Өңірлік дамуды жоспарлау жүйесін жетілдіру
3.5.2. Инфрақұрылымды дамытуды реттеу тетіктерін жетілдіру
3.5.3. Облыстың әкімшілік.аумақтық орналастырылуын жетілдіру
Күтілетін нәтижелер
Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі даму
стратегиясын іске асыру жөніндегі 2007.2009 жылдарға арналған іс. шаралар жоспары
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары облыста әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтанды және бірқатар өсу беталысы бар.
Сонымен қатар өнеркәсіп өндірісінде, агроөнеркәсіп кешенінде қол жеткен оңды нәтижелер әлемдік экономиканың жаһандану, Қазақстанның алдағы уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында, қалалар мен аудандардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы әу бастан-ақ тек болашақта ғана емес бүгінгі күн талаптарын қанағаттандырмайды.
Шығыс Қазақстан облысының даму стратегиясы «Қазақстан 2030» даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы, Елбасының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»; «Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жыл сайынғы Жолдауларын, 2015 жылға дейінгі мемлекеттік аумақтық даму стратегиясын, Парламент палаталарының 2006 жылғы 18 қаңтардағы бірлескен отырысында Елбасы қойған міндеттерді, 2007- 2009 жылдарға арналған Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді және облыс тіршілік әрекет саласындағы жаңа өңірлік бағдарламаларды әзірлеу немесе қолданыстағы өңірлік бағдарламаларға түзету енгізу үшін негіз болып табылады.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2007 жылғы 16 қазандағы
№ 214-IV шешімімен бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының
2015 жылға дейінгі даму
стратегиясы

Өскемен қаласы
2007 жыл

Мазмұны
Кіріспе

3
1.
Ағымдағы жағдайға талдау
3
1.1.
Табиғат әлеуеті
3
1.2.
Өндірістік әлеует
5
1.3.
Сыртқы экономикалық қызмет
15
1.4.
Аграрлық сектордың әлеуеті
16
1.5.
Қызмет көрсету және сауда саласы
19
1.6.
Еңбек әлеуеті
21
1.7.
Инфрақұрылым әлеуеті
22
1.8.
Демографиялық және көші-қон процессі
31
1.9.
Әкімшілік-аумақтық құрылысы және аумақтық дамуды басқару
31
2.
Стратегияның мақсаты және басымдықтары
32
3.
Стратегияны іске асырудың негізгі бағыттары
33
3.1.
Облыстың өңірлік және әлемдік экономикадағы орны
33
3.2.
Өңірді аумақтық ұйымдастыру, экономикалық даму және таратып орналастыру жүйесінің болашағы
34

3.2.1 . Нақты сектордың, әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымның дамуы
34

3.2.2. Өсу полюстерін қалыптастыру
49

3.2.2.1. Тірек қалаларды дамыту
49

3.2.2.2. Басым аудандарды дамыту
50

3.2.2.2.1. Шекаралық аумақтарды дамыту
50

3.2.2.2.2. Ауылдық аумақтарды дамыту
51

3.2.3. Жағдайы нашар аумақтардың проблемаларын шешу
53

3.2.4. Аумақтарды таратып орналастыру жүйесі және орналастыру
53
3.3.
Аумақтарды экономикалық ұйымдастыру
55

3.3.1. Облыстың ресурстық әлеуетін ұтымды пайдалану
55

3.3.2. Республикалық, өңірлік және халықаралық еңбек
бөлінісінде облыстың бәсекеге қабілетті экономикалық
мамандануы
56

3.3.3. Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
58

3.3.3.1. Инновациялық инфрақұрылым
58

3.3.3.2. Көлік-коммуникациялық инфрақұрылым
60

3.3.3.3. Тіршілікті қамтамасыз етуші инфрақұрылым
62

3.3.3.4. Су шаруашылығы инфрақұрылымы
62

3.3.3.5. Әлеуметтік инфрақұрылым
64

3.3.3.6. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым
67
3.4.
Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту
68
3.5.
Өңірлік дамуды институттық қамтамасыз ету
70

3.5.1. Өңірлік дамуды жоспарлау жүйесін жетілдіру
70

3.5.2. Инфрақұрылымды дамытуды реттеу тетіктерін жетілдіру
70

3.5.3. Облыстың әкімшілік-аумақтық орналастырылуын жетілдіру
71
4.
Күтілетін нәтижелер
72
5.
Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі даму
стратегиясын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс- шаралар жоспары

73

КІРІСПЕ
Соңғы жылдары облыста әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтанды және бірқатар өсу беталысы бар.
Сонымен қатар өнеркәсіп өндірісінде, агроөнеркәсіп кешенінде қол жеткен оңды нәтижелер әлемдік экономиканың жаһандану, Қазақстанның алдағы уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында, қалалар мен аудандардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы әу бастан-ақ тек болашақта ғана емес бүгінгі күн талаптарын қанағаттандырмайды.
Шығыс Қазақстан облысының даму стратегиясы Қазақстан 2030 даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы, Елбасының Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында; Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы; Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жыл сайынғы Жолдауларын, 2015 жылға дейінгі мемлекеттік аумақтық даму стратегиясын, Парламент палаталарының 2006 жылғы 18 қаңтардағы бірлескен отырысында Елбасы қойған міндеттерді, 2007- 2009 жылдарға арналған Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді және облыс тіршілік әрекет саласындағы жаңа өңірлік бағдарламаларды әзірлеу немесе қолданыстағы өңірлік бағдарламаларға түзету енгізу үшін негіз болып табылады.

I. Ағымдағы жағдайға талдау
1.1.Табиғат әлеуеті
Жер ресурстары. Облыс аумағы 19 әкімшілік-аумақтық бірлікке, соның ішінде 15 аудан мен 4 қалаға бөлінген.
1995 - 2006 жылдар аралығындағы кезеңде жер ресурстарын бөлуде айтарлықтай өзгерістер болды. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің аумағы 2490,9 мың гектарға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 1305,9 мың гектарға және су қоры жерлері 193 мың гектарға ұлғайды. Оларды игеру нәтижесінде жер қорлары аумағы 2573,3 мың гектарға, елді мекендер жерлері 22,2 мың гектарға, орман қорлары 1189,4 мың гектарға, өнеркәсіп, көлік және байланыс жерлерінің көлемі 33,5 мың гектарға азайды.
Барлық жер қорлары құрылымындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 7037,4 мың гектарды құрайды, олардың 1110,1 мың гектары егістік жерлер, 5114,1 мың гектары жайылымдықтар, 378,2 мың гектары шабындықтар, 292,1 мың гектары тыңайған жерлер, 2 мың гектары көпжылдық егістіктер, 0,4 мың гектары бақшалар.
Облыс аумағының 24,8%-ын ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер, 79,9%-ын ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер құрайды.
Болған өзгерістер ауылдың экономикалық жағдайының жақсарғандығына, айналымға тыңайған жерлерді тартуға байланысты жыртылатын жерлер аумағының 289,2 мың гектарға артқандығын көрсетеді.

Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы

Суарылатын егістік жерлердің аумағы 2000 жылғы 76,7 мың гектардан 2006 жылы 219,1 мың гектарға дейін ұлғайды.
Облыста пайдаланылатын ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы аумағындағы ең үлкен үлес салмақты жайылымдықтар алады (88%). Жайылымдықтардың жартысынан артығы - 10498,7 мың гектары өнімділігі төмен шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтарда орналасқан.
Минералдық-шикізаттық ресурстар. Облыстың сан түрлі және бай минералдық-шикізат базасы облыстың ішкі қажеттілігін де, сондай-ақ көп құрамды полиметалл кендері оның басты байлығы болып табылатын өңірдің өсіп келе жатқан экспорттық мүмкіндіктерін де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыс аумағында мыс, қорғасын, мырыш, алтынның көптеген кен орындары белгілі, бұдан басқа жер қойнауында қалайы, тантал, титан, магний, никель және кобальттың кен орындары, цемент, шыны өндіру үшін шикізат, цеолит шоғыры, тұщы су мен минерал су қорлары бар. Көмір сутекті шикізаттан - тас көмір мен жанартас, мұнайдың ірі кен орындары кездеседі.
Облыс аумағында жалпы республикалық қордың 24% қорғасын, 40,7% мырыш, 45,2% мыс баланс қорлары шоғырланған. Республиканың жалпы ресурстарындағы қорғасынның болжамдалған ресурстық үлесі 17,3%, мырыштыкі - 37,2%, мыстыкі - 19,3% құрайды.
Түсті металдардың баланстық қорлары 25 кен орнында шоғырланған, олардың ішінде: Риддер- Сокольное, Тишин, Шубин, Малеев, Орлов, Николаев, Ертіс және Белоусов кен орындарының кендері қазымдануда. Кен орындарын қазымдауды Қазмырыш АҚ мен Қазақмыс корпорациясының Шығыстүстіметалл өндірістік бірлестігінің кен байыту комбинаттары жүргізуде.
Облыс аумағында қорлары мемлекеттік баланста есепке алынған 50, соның ішінде 27 негізгі және 23 шашыранды алтын кен орындары орналасқан.
Көкпекті ауданы аумағында 1998 жылы Сәтпаев кен орнының қоры В+С1 санаты бойынша 1 240 мың тонна құрайтын ильменит қорлары барланып, бекітілді. Батыс Қалба құрылымдық-металлогендік аймақ шегіндегі титан-ильменит шашыраңқыларының болжамдық ресурстары 7 млн. тоннаны құрайды.
Тұщы жерасты сулары. Тәулігіне 9 598,4 мың текше метрді құрайтын дебитпен есептелген және бекітілген жерасты сулары қоры бар.
Минерал сулары. Емдік мақсаттағы минерал су қорлары (Рақман қайнары, Барлық Арасан, Арасан-Талды) есептеліп, бекітілді. Емдік-асханалық минерал сулардың Жеменей су орны қоры барланды. Сыртқы емдеу үшін (Шілікті учаскесі), ішу және емдік мақсаттар үшін минералдық сулар (Еспе, Қара бүйрек, Шакелмес учаскелері), радон сулары (Жоғарғы Иван және Көксе учаскелері) анықталды.

1.2. Өндірістік әлеует.
Шығыс Қазақстан өнеркәсібі дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Облыстың өндірістік әлеуеті, бұл - өнеркәсіп пен аграрлық өндірістің көпсалалы құрылымы, тиісті өндірістік қуаттардың бар болуы.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің тұрақтануы және оның одан әрі өсуі 1998 жылдан басталды, бұған қолда бар қуаттарды оңалту және жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашу көмектесті. 2006 жылға тауарлы өнім өндіру көлемі 410,1 млрд. теңгеге жетті, бұл жалпы республикалық өнім өндіру көлемінің 6,2% құрайды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру серпіні, млрд.теңге

Экономиканың өнеркәсіптік саласындағы оңды беталыстар жоғары индустрияландыру нәтижесі болып табылмайды, себебі өңір өнеркәсібі, өкінішке орай, шикізатқа бағытталған, энергияны көп қажет ететін, салыстырмалы алғанда төмен технологиялы, техникалық және экологиялық қауіпсіз емес күйінде қалуда.
Осының нәтижесінде өндірілетін өнімге негізінен төмен қосымша құн (түсті металдар) және бәсекеге қабілетсіздік (машина жасау және басқа салалардың өнімдері) тән.
Біздің көзқарасымызша, мұның негізгі себебі ірі және орта кәсіпорындарда сапасы және тұтыну дәрежесі барынша жоғары өнім шығару мақсатында игерілген технологияларды жетілдіру немесе техникалық прогрестің соңғы жетістіктерін пайдалану жолымен өте жаңа технологияларға көшу тұрғысынан қажетті қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандырудың болмауында.
Облыс өнеркәсіп өндірісінің құрылымы мынадай түрде көрінеді: тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі - 18,7%-ды, өңдеу өнеркәсібі - 74%, электр энергиясын, газ және су өндіру және тарату 7,12%-ды құрайды.

Жалпы өнім өндіру көлемінің
салалар қимасындағы бөлінуі, %

Өңдеу өнеркәсібінде металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеудің үлесі 65%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу - 10%, машиналар және жабдықтар өндіру - 9%, құрылыс материалдарын өндіру - 6%, ағаш өңдеу өнеркәсібі - 1%, жеңіл өнеркәсіп - 1%-ды құрайды.
Өңір экономикасының негізгі ішкі саласы болашақта да өзекті болып қалатын түсті металлургия болып табылады. Шығыс Қазақстан республикадағы қорғасын, мырыш, тазаланған алтын және күміс өндірушілердің негізгісі, титан, магний, тантал, АЭС отынын өндіретін жалғыз болып табылады.

Өңдеу саласының негізгі ішкі салалар бойынша бөлінуі, %

Республиканың жалпы көлемінде облыста өндірілетін қорғасынның үлес салмағы - 84%, тазаланған күміс - 38,7%, тазаланған алтын - 62,5%, титан, магний - 100%-ды құрайды.

Түсті металлургия ішкі саласының 2003-2006 жылдар аралағындағы даму серпіні, млрд.теңге

Қазмырыш АҚ, Өскемен титан-магний комбинаты АҚ, Үлбі металлургия зауыты АҚ, Қазақмыс корпорациясы ЖШС ШығысҚазмыс бірлестігі саланың ірі кәсіпорындары болып табылады.
Бұл саланың кәсіпорындары заманауи техникамен, технологиямен және жоғары білікті кадрлармен жеткілікті деңгейде жарақтандырылған, бұл өндірілетін өнімге жүз пайызға жуық экспорттық бағыт беруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, олардың жұмыс істеген уақытынан бастап, егер тұтастай алсақ, өндірілетін өнім номенклатурасы көп өзгерген жоқ. Кәсіпорындардағы жаңару және жетілдіру жөнінде жүргізілетін шаралар өндірілетін өнімнің түрін өзгертусіз шекті сипатта, ал іс жүзінде республикадан тыс жерлерде шоғырланған кейіннен қайта өңдеу жүргізіледі және біздің өнімді қажетті кондицияға дейін, яғни, соңғы өнімге дейін жеткізеді. Сондықтан біздің өнімдерімізді тұтынушылар шеңбері шектелген, біз оларға өнім көлемі жағынан ғана емес, баға факторы бойынша да толық тәуелдіміз.
Өңір экономикасының маңызды секторлары облыстың өнеркәсіптік әлеуетіндегі үлесі 7% құрайтын машина жасау ішкі саласы, үлес салмағы 1% болатын целлюлоза- қағаз өнеркәсібі мен баспа ісін қоса алғанда ағаш өңдеу, одан өнімдер жасау ішкі саласы, 7 % - ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі ішкі сала, 7 % - бу және ыстық сумен қамтуды қоса алғандағы электр энергиясын өндіру және тарату ішкі саласы, 1% - резина және пластмасса бұйымдарын шығаруды қоса алғанда химия өнеркәсібі ішкі саласы, 1% - тері және бұйымдар шығаруды қоса алғанда тоқыма және тігін өнеркәсібі ішкі саласы, 4% - металл емес минералдық өнімдер (құрылыс материалдары) шығаратын ішкі сала болып табылады.
Облыстың машина жасау кешені АЗИЯ АВТО, Шығысмашиназауыты, Өскемен арматура зауыты, Семей машина жасау зауыты, Өскемен конденсатор зауыты, Георгиев ЖМЗ, Машиназауыты ЖШС, Қазэлектромаш сияқты акционерлік қоғамдар және басқалармен ұсынылған.

Машина жасау ішкі саласының 2003- 2006 жылдар аралығындағы даму серпіні, млрд.теңге

Қазақстандағы жеңіл автомобиль жасайтын бірінші кәсіпорын Ресей Федерациясындағы АВТОВАЗ-бен бірігіп, Бипэк-Авто компаниясы Өскемен қаласында 2003 жылдың басында ашқан АЗИЯ АВТО зауыты болды. 2004 жылы кәсіпорын ISО 9001-2000 талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Бүгінгі сәтте кәсіпорында 11047 әр түрлі үлгідегі жеңіл автомобиль құрастырылды. Зауыттың өндірістік базасы жеңіл автомобильдердің кез келген түрін өндіруді бейімдеуге жарайтын VALMET AUTOMOTIVE фин жабдығымен жарақтандырылған. Бүгінгі таңда кәсіпорында Skoda автомобильдерін құрастыру жобасы іске асырылуда. 2006 жылы Super b сериялы Skoda автомобильдерін сериялық шығару іске қосылды. Кәсіпорын өндіріс көлемін жыл сайын 25% ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жеңіл автомобильдердің жаңа модельдері мен үлгілерін шығару жоспарда бар.
Теңдесі жоқ Шығысмашзауыт АҚ технологиялық кешені Қазақстан рыногының бұрғылау жабдықтарына, мысалы, жару және барлау ұңғымалары үшін қажетті қашау және бұрғытәжға болған сұранысын толық қанағаттандыра алатын өндірістік қуаты бола тұра, өзінің аса үлкен қуатын небары 40-50 пайыз ғана пайдалануда.
Мұнай өндіретін (көлік) компаниялар үшін құбырлық бекіткіш арқау және мұнай кәсібі жабдықтарын шығаратын Өскемен арматура зауыты серпінді дамуда. ФМСи Энерджи Системс француз компаниясымен бірігіп, АРІ стандарты бойынша арнайы жабдық өндірісін ашты. Сапа басқару жүйесі ISО 9001-2000 халықаралық стандарты бойынша сертификаты бар.
Өскемен конденсатор зауыты 2004 жылы AMADA (Германия) фирмасының қаңылтыр металлдан қаңылтыр ию және револьвер-баспақтарын өңдейтін аса жаңа жоғары технологиялық жабдықтарын сатып алды.
Бұл жабдық өте қысқа мерзімде металлдан түрлі өнімдер жасауға, шығарылатын өнімдерді тез жаңғыртуға және номенклатурасын өзгертуге мүмкіндік береді, осының нәтижесінде ұсынылатын қызметтердің ауқымы және түрлері кеңейеді. 2004 жыл кәсіпорын ISО 9001-2000 талаптарына сәйкестік сертификатын алды.
Машзауыт ЖШС іс жүзінде қара металдан, тот баспайтын алмастан және пластамассадан кез-келген бұйым дайындайды. Өнім түрлерінің ауқымы - атом реакторлары бөлшектерінен бастап, электр қозғалтқыштары және халық тұтынатын тауарларға дейін. Кәсіпорынның барлық өнімі сертификатталған және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. 2004 жылғы тамызда Машзауыт ЖШС-ға халықаралық сапа сертификаты берілді.
2006 жылы машина жасау ішкі сала кәсіпорындары 26,8 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді, бұл облыстың жалпы өнеркәсіп өнімі көлемінің 7% құрайды.
Машина жасау кәсіпорындары бүгінгі заманғы техникаға үлкен жетіспеушілік сезінуде, зауыттар кем дегенде 15 жылдан бері техника сатып алған жоқ.
Облыс машина жасау кешені жалпы республикадағы сияқты мынадай жағымсыз жағдайлардың әсерінде болып отыр:
салық жүйесінің фискальдық бағыттылығы, ол материалдық өндіріске инвестиция салуды қаржыландыру және ынталандыру мүмкіндігін тежеуде;
кіргізу кеден баждарының пысықталуы жеткіліксіз, олар отандық өнімнің бағалық бәсекелестік қабілетін төмендетеді;
банк кредиттерінің жоғары ставкалары;
жоғары білікті мамандар мен жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі.
Әлемдік өндірушілермен табысты бәсекелестікке үлкен кедергі болып отырған - отандық өнімдердің халықаралық стандарттарға сай болмауы. Облыста өндірілетін өнімнің сапасын арттыру мәселесі үнемі бақылауда. Облыс кәсіпорындарында ISО 9001 халықаралық сапа стандартын енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша сапа жүйесі сертификатын 61 кәсіпорын алды, 45 кәсіпорында енгізуге дайындық жүріп жатыр.
Облыстың тамақ өнеркәсібі (ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу) мынадай ірі және орта кәсіпорындармен ұсынылған: Семей ет- консерві комбинаты ЖШС (ет және етті-өсімдікті консервілер), Шем-Азат ЖШС (шұжық өнімдері), Өскемен құс фабрикасы АҚ (құс еті және жұмыртқа), Май АҚ (өсімдік майын өндіру), Швабский шұжықтары ЖШС (шұжық өнімдері), Эмиль ЖШС (сүт өнімдері және кондитерлік өнімдер), Кондитер+ ЖШС, Исток 1 ЖАҚ (сүт өнімін өндіру), Ұн тарту-қоспажем комбинаты ААҚ (ұн, жарма, мал азығын өндіру), Әділ ЖШС (алкоголь өнімдері), Тамила плюсЖШС (сыра өндіру), Шығыс Сүт корпорациясы (сүт өнімдері, сыра өндіру).
Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік- шаруашылық көрсеткіштері облыста өнідірілмейтін өнімдерді (күріш, қант, мұхит өнімдері, ерте пісетін көкөніс және жемістер) қоспағанда, облыста облыс тұрғындары үшін тұтыну стандарттарына қажетті мөлшерде негізгі азық-түлік тауарларын өндіру үшін шикізат ресурстарының да, сондай-ақ қайта өңдеу қуаттарының да бар екендігін дәлелдейді.
2006 жылы тамақ және қайта өңдеу салалары тауар өнімінің көлемі 29,8 млрд. теңгені немесе өсім 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,5% құрады. Бірақ өндірістік қуат 40-60 пайыз ғана пайдаланылады.

Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу ішкі саласының 2003-2006 жылдар аралығындағы өсу серпіні, млрд.теңге

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша 2002 жылдан бастап байқалған тауарлы өнім өндіру көлемінің өсу беталысы сақталуда. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 2006 жылы 113%, соның ішінде ет өнеркәсібінде 114,3%, сүт өнеркәсібінде 101,4%, қоспажем өнеркәсібінде 109,8%, ұн тарту өнеркәсібінде 122,9%, май-тоңмай өнеркәсібінде 122,9%, сусын өндіруде 103,9% құрады. Балық өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 73% азаюы байқалды.
Осыған қарамастан мыналар саланың қиындықтары болып қалуда:
* технологиялық жабдықтардың өте тозғандығы (50 және одан
да жоғары пайыз);
* ескі технологиялардың пайдаланылуы;
* салыстырмалы алғанда қол еңбегінің үлесі жоғары.
Құрылыс материалдарын өндіру саласы бүгінгі таңда мынадай ірі және орта кәсіпорындармен ұсынылған: Бұқтырма цемент компаниясы АҚ - портланд цемент, күшейткіш цемент өндіру, Семейцемент АҚ - портландцемент (шиферлік, тампонаждық, шлакопортланд), әр түрлі маркалы цемент өндіру, Силикат ЖШС - силикат кірпіш, Құрама темір бетон ӨБ - құрама құрылыс құрылғыларын, Кен емес материалдар комбинаты ЖШС - құм-қиыршықтас қоспалар, Ертісинтерқұрылыс ЖШС - күйдірілген балшықтан кірпіш, плиткалар және құрылыс бұйымдарын, Семей асбестцемент бұйымдар зауыты ЖШС - асбестцемент табақтарын және т.б. өндіру.
Облыс 65% цемент, 46% құрама құрылыс құрылғыларын, сондай-ақ силикат кірпіш және шифер өндіруден республика бойынша жетекші орындардың бірін алады.
Облыста соңғы жылдары күрделі құрылыс көлемі өсуінің байқалуы, құрылыс салушылардың инвестициялық белсенділігінің артуы құрылыс материалдарын өндіруге оңды ықпал етті. 2006 жылы 16,9 млрд. теңге сомада өнім шығарылды, өсім 2005 жылмен салыстырғанда 27% құрады. Саланың жалпы өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлес салмағы 4% болды.

Басқа да металл емес минералдық өнім өндіру ішкі саласының 2003-2006 жылдар аралығындағы даму серпіні, млрд.теңге

Осыған қарамастан күрделі құрылыс кірпіш, кен емес материалдар, құрама темірбетон құрылма сияқты және тағы басқа материалдар тапшылығын сезінуде. Облыс құрылыстары бүгінгі заманғы қаптамалық, орама шатырлық материалдарға, керамзит түйіршіктасқа, минерал мақта плиталарына және басқа да материалдарға тұрақты тапшылық көруде. Мынаны атай кеткен жөн, осындай өнім шығаратын кәсіпорындардың көпшілігі моралдық және табиғи тозған технологиялық желілерді пайдаланады. Салада негізгі қорлардың тозуының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі - 63% байқалады, ескі және энергияны көп қажет ететін жабдықтар пайдаланылады.
Құм, гипс, алебастр, кремикадан жасалған өнімдер, шатырлық және қаптамалық материалдар, шпатлевкалар, бітеуіштер, боялар мен лактар, еден тақтайшалар, линолеум, тұсқағаздар және т.б. шет елден әкелінеді. Облыста әлемдік стандарттарға және тұтынушылардың жоғары талаптарына сәйкес келетін бүгінгі заманғы құрылыс және әрлеу материалдарының көптеген түрлерінің жолға қойылған өндірісінің жоқтығынан мұндай өнімге сұраныс негізінен импорт есебінен қанағаттандырылады.
Ағаш өңдеу саласында қиын жағдай қалыптасып отыр. Облыста Қазақстан Республикасы орман қорларының 70%-дан артығы шоғырланғандығына қарамастан ағаш өңдеу кәсіпорындары толықтай тоқтап қалу жағдайында тұр.
2006 жылы ағаш өңдеу кәсіпорындары өндірген өнеркәсіп өнімі көлемі 3,6 млрд. теңгені, соның ішінде ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасауда 0,8 млрд. теңге (2005 жылғы деңгейден 22,5 пайызға төмен), целлюлоза- қағаз өнекәсібі және баспа ісінде 2,8 млрд. теңге (2005 жылғы деңгейден 9,7 пайызға жоғары) құрады. Соңғы 7-8 жылда бұл сала бойынша жылдық өндіріс көлемі 2 млрд. теңгеден артқан жоқ, яғни бар әлеуетке қарамастан ағаш өңдеу өнеркәсібінің облыста өндірілетін жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі 1%-дан артық болған жоқ.
Ағаш өнеркәсібі кешенінің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 3-3,5% құрайды. 1990 жылға дейін ЖІӨ-гі ағаш өнеркәсібі кешенінің үлесі 2,7%, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 4,7%-ға жететін.

Ағаш өңдеу, одан бұйым өндіру ішкі саласы бойынша, целлюза-қағаз өнеркәсібін және баспа ісін қоса алғанда 2003-2006 жылдар аралығындағы даму серпіні, млрд.теңге

Облыстың ағашты қайта өңдеу саласы 4 ірі кәсіпорын - Ертіскөлікойл ЖШС (АЖП зауыты), ЖаңаСемейшпалзауыты АҚ, Өскемен Иннотекс ЖШС, Өскемен жиһаз комбинаты ЖШС ұсынылған. Сала кәсіпорындарының үлкен бөлігін шағын бизнес субъектілері (110 кәсіпорын тіркелді) құрайды, олар ағаш материалдарын, жартылай дайын өнімдер, үй салу үшін цилиндрлендірілген бөрене, терезе және есік блоктарын, жиһаз өндіруге маманданған. 2004 жылғы желтоқсанда Ертіскөлікойл ЖШС арнайы өңделген ағаш жаңқалары плиталарын өндіру желісі іске қосылды. Бірақ, зауыт шикізат тапшылығынан 22% өндірістік қуатпен жұмыс істеуде. Зауыт технологиялық регламентті бұзып, жас жапырақты сүректі қоспай, Семей қарағайлы орманының өрттен қалған қалдықтарын ғана пайдаланады, бұл шығарылатын өнімнің сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуде.
Саланың инвестициялық тартымдылығының болмауы оны қалпына келтіруге кедергі болуда. Кредит берудегі жоғары ставкалар кәсіпорындарға банк кредиттерін пайдалануға мүмкіндік бермеуде. Өз кезегінде, банкттер де қауіпке сілтеме жасап, сала кәсіпорындарын кредиттеуге бармай отыр.
Ағаш өңдеу саласын дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының ағаш өңдеу саласын дамытудың 2007- 2015 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 6 қазандағы № 19288- ІІІ шешімімен бекітілді.
Шығыс Қазақстан облысында ағаш дайындаудан ламинатталған ағаш- жоңқа плиталар мен жиһаз шығаруға дейінгі өндіріс технологиясымен орман өнеркәсібі кешенінь ұйымдастыру жобасын шикізаттық қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалған. Қазіргі кезде объектінің бірінші кезегі іске қосылуға дайындалуда.
Облыстың маңызы аз емес салаларының бірі жеңіл өнеркәсіп болып табылады. 2006 жылы саланың жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлес салмағы 1% құрады, бұл ақшалай алғанда 2 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде тоқыма және тігін өнеркәсібінде 1,6 млрд. теңге, тері, теріден бұйымдар өндіруде, аяқ киім өндіруде 0,4 млрд. теңге құрайды.
Өндірістің жылдан-жылға жалғасып келе жатқан құлдырауын туғызған негізгі себептер республикадағы жалпы экономика жағдайы көлемінде объективті сипатқа ие. Бұл, ең алдымен, сала кәсіпорындарының басым көпшілігінің қаржы- экономикалық қабілетсіздігі, рыноктың барынша арзан импорттық тауармен толығуы, салық саясатының жетілдірілмегендігі.

Былғары және одан жасалатын өнімдерді қоса, тоқыма және тігін өнеркәсібінің 2003- 2006 жылдар аралығындағы даму серпіні, млрд.теңге

Шығыс Қазақстан облысының жеңіл өнеркәсібі мынадай кәсіпорындармен ұсынылған: НИМЭКС-Тоқыма ЖШС (мата өндіру), Семей былғары-тері комбинаты ЖШС (былғары және былғарыдан өнімдер өндіру), Тон- тері комбинаты ЖШС (киім шығару: тері илеу және бояу), Роза ЖШС (басылған киіз өнімдері), Семарнайықамтамасыз ету ЖШС, Рауан ЖШС (тігін өнімдері), Қазталшық ЖШС (жүнді қайта өңдеу), Икар ЖШС (арнайы аяқ киім шығару), Техбытсервис ЖШС, Тыныс- V ЖШС.
Қазіргі уақытта орта және ірі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында 1981 адам жұмыс істейді.
Сала проблемаларының бірі - технологиялық артта қалушылық. Өндірістік- техникалық базасының жағдайы да ойдағыдай емес. Негізгі қорлардың ескіру беталысы байқалады.
Жеңіл өнеркәсіп ішкі рынокқа бағытталған, бірақ өнімнің кейбір түрлері республикадан тыс жерлерге де сатылады. Өнімдердің мүйізді ірі қараның терісі, аң терісінен киімдер, жуылмаған жүн, мата, киіз, трикотаж өнімдері, бас киім сияқты түрлері экспортқа шығарылады. Негізгі тұтынушылар - жақын шет елдер: Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстан.
Облыста ірі ғылыми- зерттеу, жобалау ұйымдары мен оқу мекемелері шоғырланған. 2 ірі ғылыми- зерттеу институты - Шығыс түсті металлургия ғылыми- зерттеу институты (ВНИИцветмет) және Қазгипроцветмет маңызды ғылыми құрамдас бөлігі болып табылады.
2004 жылы Алтай өңірлік ғылыми- технологиялық паркі құрылды. Технопарк құрылған күннен бастап мынадай әзірлемелер мен жобалар өндіріске енгізілді:
1. Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығында технологиялық процесстердің төмен әлеуетті жылуын пайдалану арқылы жылу сорғы қондырғыларын қолданып, тиімді энергия үнемдейтін технологияны әзірлеу және енгізу.
2. Кендерде және оларды технологиялық қайта өңдеу өнімдерінде асыл металдарды анықтау үшін рентгенофлуроресценттік талдау спектрометрін әзірлеу және құру. Жобаны қаржыландыру және спектрометрді көп сериялы шығару өндірісін құру басталды.
3. Мұғалім компьютері терминалдық серверінің жұмысына жақын деңгейде жұмыс істеуге мәжбүрлеу және машиналардың табиғи жұмыс мерзімін ұзартуға ықпал ететін терминалдық шешім қолдану есебінен компьютер сыныптарындағы ескірген есептеуіш машиналарды жаңарту. Облыстың 31 мектебінде компьютер сыныптарын жаңарту жүргізілуде.
4. Ультрадыбыспен құю әдісімен бериллий оксидінен керамика бұйымдарын алу технологиясын әзірлеу, Альтрейд ЖШС өндіріске енгізілді.
5. Күкірт құрамды қалдықтарды қосып, асфальтты бетон және құйма асфальтты бетон қоспасын дайындау технологиясын әзірлеу. Жоба аясында 100 м. тәжірибе- сараптамалық учаске салынды, Жарма ауданы Георгиевка кенті ауданында жол учаскесін одан әрі салатын ұйым анықталды.
6. Мультимедиа технологиясы бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік және орыс тілдерінде 30- дан астам мультимедиялық электрондық оқулықтар құрылды.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларын іске асыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау өңірлік бағдарламасының іс-шараларын орындау нәтижесінде негізгі көрсеткіштердің оң серпіні байқалады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар шығарған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 19,4% өсіммен 86,1 млрд. теңгені құрады, соның ішінде заңды тұлғалар 42,5 млрд. теңгеге, жеке кәсіпкерлер 28,2 млрд. теңгеге, шаруа қожалықтары 15,4 млрд. теңгеге өнім өндірді.
2007ж. 01.01. шағын бизнестің 10668 кәсіпорны тіркелді, соның ішінде жұмыс істейтіндері - 7662. Тіркелген кәсіпорындардың саны 2003 жылмен салыстырғанда 21,5% өсті.
Шағын бизнестің жұмыс істейтін кәсіпорындарының 916-сы (жалпы санының 12%) өнеркәсіп өндірісі саласында, 1028-і (13,4%) - құрылыста, 287 (3,7%) - көлік және байланыс саласында, 3473-і (45,3%) саудада жұмыс істейді, 1958 кәсіпорын (25,6%) қызметтің басқа түрлерімен шұғылданады.
Сауда, автомобиль, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдалану заттарын жөндеу саласының үстем жағдайына қарамастан шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары біртіндеп экономиканың басым салалары - ауыл шаруашылығына, құрылысқа қайта бағыттала бастады. Айталық, құрылыста жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 19,1%, өнеркәсіптің тау-кен саласында - 13,9%, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында 10,6% құрады, ал саудада ол 2,1% болды.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың басты бағыттарының бірі қаржылық-кредиттік қолдау болып табылады.
2005 жылы облыстық бюджеттен: Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін кредит беру бағдарламасы бойынша - 20 млн. теңге, Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілеріне кредит беру бағдарламасы бойынша 110 млн. теңге бөлінді.
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары 2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 1,5 есе өсіммен 70,9 млрд. теңге сомада кредит берді.
2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен барлық деңгейдегі бюджеттерге түскен түсімдердің жалпы көлемі 2005 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 39,3% өсіммен, 14,4 млрд. теңгені, соның ішінде жергілікті бюджетке 25,6% өсіммен 3,7 млрд. теңгені құрады.

2003-2006 жылдардағы шағын кәсіпкерлік субъектілері (заңды тұлғалар) шығарған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер)
серпіні, млрд. теңге

1.3. Сыртқы экономикалық қызмет.
2006 жылы сыртқы сауда айналымы 2535,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2005 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есе артық. Экспорт көлемі импорт көлемінен 1,5 есе асып түсіп, белсенді сальдомен 563 млн. АҚШ долларын құрады.

2003-2006 жылдардағы ШҚО сыртқы сауда айналымының серпіні, млн. АҚШ доллары

Облыстағы экспортқа бағытталған базалық өнім түрлері түсті және сирек металдар, уран, тантал және бериллий өнімдері болып қалып отыр.
Сонымен қатар, экспорт құрылымында дәстүрлі өнім түрлерімен бірге машиналар мен жабдықтар, электр аппаратурасын, өнеркәсіптік құбыр арматурасын, қағаз бен картонды шығару деңгейі артты.
Импорттық түсімдердің тауар құрылымында өнеркәсіптік және өнеркәсіптік- техникалық мақсаттағы өнімдер - машиналар, жабдықтар мен механизмдер, электртехникалық жабдықтардың, минералдық өнімдердің, химия өнімдері үлесінің жыл сайын артып отырғаны байқалады, бұл ең алдымен экономиканың нақты секторында белсенділіктің артуымен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңғыртумен және жаңартумен байланысты.

1.4. Аграрлық сектордың әлеуеті. Облыс агроөнеркәсіп кешенінде 15681 ауыл шаруашылық құрамалары, 328,2 мың тұрғындардың жеке шаруашылығы және саяжай телімі жұмыс істейді. Өнеркәсіп әлеуеті 1189 қайта өңдеу салалары кәсіпорындары және тамақ өнімдерін өндіретін шағын цехтармен ұсынылған.
Облыста, әсіресе мал шаруашылығы саласында негізінен ұсақ тауарлы шаруашылық дамыған. Нәтижесінде еттің 72%, сүттің 82,3%, жүннің 62,8% тұрғындардың үй шаруашылығында өндіріледі. Облыста небәрі 77 ірі және орта шаруашылық бар.
Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен оны қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2006 жылғы жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 80,3 млрд. теңгені құрады немесе 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда 6,9% ұлғайды, жалпы өнімнің табиғи көлем индексі төмендеп, 97,8% құрады. Мал шаруашылығында 6,3% өсім болғанда ауа- райының қолайсыздығынан өсімдік шаруашылығында 14,5% төмендеу болды.

Жалпы ауыл шаруашылық өнімін өндіру серпіні, млрд.теңге

Жалпы өндіріс құрылымында мал шаруашылығы саласының үлесі өсуде. Егер 2002 жылы ол 49,5%-ды құраса, 2006 жылы оның үлесі 65,2%-ға тең болды.

Жалпы ауыл шаруашылық өнімі көлемінің өнім түрлері бойынша бөлінуі, %

2006 жылы тірідей салмақта 172,9 мың тонна ет өндірілді, өсім 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда 7,2% құрады, 660,8 мың тонна (4,2%) сүт, 282,4 млн. дана (0,6%) жұмыртқа, 3,5 тонна (2005 жылғы деңгей) жүн өндірілді.

Мал шаруашылығы өнімін өндірудің 2003 - 2006 жылдар аралығындағы серпіні, мың тонна (млн. дана)


Бірқатар аумақтарды тізімнен шығаруға және түсімділіктің төмендеуіне әкеліп соққан ауа- райының қолайсыздығынан, 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда дәнді дақылдар өндіру 8% азайып, 516,4 мың тоннаны құрады, күнбағыстың майлы тұқымы 6% (158,9 мың тонна), картоп 14,9% азайып, 312,8 мың тоннаны құрады.
Өсімдік шаруашылығында егістік алқаптарын оңтайландыру, егістіктерді жоғары рентабелді бұршақ, қарақұмық дақылдарымен ұлғайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа агротехнологияларды (ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің ылғал сақтайтын технологияларын) өндіріске енгізу жөнінде жұмыстар басталды. 2006 жылы осы технология бойынша 20 мың га аумақта дәнді- дақылдар өсірілді. 2007 жылы 72 мың га аумақта.

Өсімдік шаруашылығы өнімін өндірудің 2003-2006 жылдар аралығындағы серпіні, мың тонна

Соңғы жылдары инвестициялар айтарлықтай ауыл шаруашылығы өндірісін техникалық жарақтандыруға бағытталуда.
Мал шаруашылығында асыл тұқымдастыру ісіне ерекше назар аударылуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар малдардың құнды генофонын сақтауға шоғырландырылды. 2006 жылы 8 асыл тұқымды шаруашылықтар аттестацияланды. Облыста барлығы 47 асыл тұқымды шаруашылықтар аттестацияланды.
Бірақ асыл тұқымды малдардың жалпы мал басындағы үлес салмағы төмен күйінде қалуда: ол ірі қара мал бойынша барлығы 5,3%, қойлар бойынша - 4,4%, жылқылар бойынша 1,5% және шошқа бойынша 7,0% құрайды. Облыста малды қолдан ұрықтандыратын 80 пункт құрылды. Жыл сайын облыстың ауыл шаруашылық кәсіпорындарына өндіргіш бұқалардың 70 мың мөлшердан артық ұрығы сатылады.
Осыған қарамастан салада мынадай проблемалар бар:
- технологиялық жабдықтардың тозу дәрежесі 50 және одан да артық пайызды құрайды;
- ескірген технологияларды қолдану;
- шикізатты қаптау, тиеу, мүшелеу кезінде қол еңбегін пайдалану.
Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыруға 6,8 млрд. теңге, соның ішінде, республикалық бюджеттен 4962,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен 98 млн. теңге, басқа көздерден 1758,3 млн. теңге жұмсалды.
АӨК кәсіпорындарына ауылдық кредиттік серіктестіктер арқылы кредит беру сияқты қаржы институты одан әрі даму алды. Бүгінгі таңда облыста 14 ауылдық кредиттік серіктестік құрылды. Олардың кредиттік жүйесі 2007ж.1.01. 1087,3 млн. теңгені құрады. 2006 жылы олар АӨК дамытуға 580 млн. теңге сомада кредит берді.
Ауыл тұрғындарына микрокредит беру бағдарламасы іске асырыла бастады. Осы бағдарлама бойынша 2006 жылы республикалық бюджеттен 160 млн. теңге бөлініп, игерілді.
2006 жылдан бері ауылдық тұтыну кооперативтерін құру бағдарламасы іске асырылуда. Барлығы 3 АТК құрылды, олар технологиялық жабдықтар және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға 228 млн. теңге кредит алды.
1.5. Қызмет көрсету және сауда саласы.
2007 жылғы 1 қаңтарға облыста 11 421, соның ішінде қалалық жерлерде 6 978, ауылдық жерлерде 4 123 сауда нысаны жұмыс істейді.
Құрылымы бойынша: сауда үйлері- 122; азық- түлік кәсіпорындары- 3 660; өндірістік тауарлар- 1 030; мамандандырылған- 282; аралас тауарлар ассортиментімен - 2 835; қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары- 1 770; басқа да сауда кәсіпорындары- 793; сауда базарлары- 97 (58 қалалық, 39 ауылдық).
1 108 тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істейді.
2006 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 150,2 млрд. теңге. 2005 жылғы деңгейге қарағанда өсім 12,6% болды.

Бөлшек сауда айналымының өсу серпіні

2006 жылы сауда айналымы облыстың бір тұрғынына орта есеппен 105,2 мың теңгені құрады.

Бір адамға сату

Толайым сауда 2006 жылы 222 млрд. теңге болды, 2005 жылға қарағанда өсім 31,6% құрады.
Толайым сауда айналымы

2006 жылы халыққа 2005 жылғы деңгейге қарағанда 1,9 есе өсіммен 3435 млн. теңгенің қызметін көрсетті.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің өсу серпіні

1.6. Еңбек әлеуеті.
Облыс тұрғындары санының азаюына қарамастан, экономиканың негізгі салаларындағы тұрақтану 2003 жылдан бастап еңбек ресурстары санының азаю қарқынын тоқтатуға көмектесті. 2003 жылы олар 1144 мың адамды немесе орташа жылдық тұрғындар санының 78,3% және 2006 жылы 1148,2 мың адамға артты және олардың орташа жылдық тұрғындар санындағы үлесі 80,4% болды. Еңбек ресурстарының өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі, түсті металлургия, машина жасау, жеңіл және қайта өңдеу өнеркәсіптерін қалпына келтіру есебінен қамтамасыз етілуде. Еңбек ресурстарының құрылымында экономикалық белсенді халықтың үлесі 2003 жылғы 65%-дан 2006 жылы 65,9%-ға дейін өсті және экономикалық белсенді емес халық үлесі 2003 жылғы 35,0%-дан 2006 жылғы 34,1%-ға дейін төмендеді.
Экономикалық белсенді халықтың өсуі экономика салаларында жұмыспен қамтылған адамдар санының өсуі және жұмыссыздар санының азаюы есебінен болуда. Экономикадағы экономикалық тұрақтылық, инвестицияларды тарту, жаңа өндірістер ашу, шағын және орта бизнесті кредиттеу экономика салаларында жалданып жұмыс істейтіндердің санын 2003 жылғы 61,4%-дан 2006 жылы 65,1% дейін өсуіне мүмкіндік берді. Абсолют шамада экономикалық қызмет түрлері бойынша жалданып жұмыс істейтіндер санының өсуі 2003 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға өсіммен 9,8 мың адамды құрады. Еңбек ресурстарының экономика салалары арасында бөлінуі 2004 жылы мынадай пропорцияға жетті: өнеркәсіп пен құрылыс - 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылықтары - 14,2%, қызметтер - 54,5%.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың азаю беталысы байқалады. 2003 жылы олардың саны 266,3 мың адам, 2006 жылы 245,8 мың адам деңгейінде қалыптасты. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар саны адамдардың кәсіпкерлік қызметке ұмтылуы есебінен азаюда және негізінен ауыл шаруашылығындағы еңбекпен, саудада, көлікте жеке жалданумен шұғылдануға бағытталған.
Жұмыссыздық деңгейі 2003 жылғы 7,3%-дан 2006 жылы 6,9%-ға дейін азайды.

1.7. Инфрақұрылым әлеуеті:

Көлік- коммуникация инфрақұрылымы.
Автомобиль көлігі. Облыстағы жолаушылар (99,99%) және жүктердің (94,3%) көбі автомобиль көлігімен тасымалданады.
Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау 320 тұрақты жүріп тұратын маршруттар, солардың ішінен 165-қала ішіндегі, 128-облыс ішіндегі, қала аралық және қала маңындағы маршруттар, 14-облыс арасындағы, 13-халықаралық маршруттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл маршруттар облыстың елді мекендерін Ресей Федерациясының: Барнаул, Новосибирск, Омск, Томск, Рубцовск, Горняк, Красноярск, Новокузнецк, Углы, Змеиногорск қалаларымен байланысын қамтамасыз етеді. Тасымалдаушылар қызмет ететін маршрут тораптарының жалпы ұзындығы 44024,8 шақырым.
Облыс халқына көрсететін қызметтің сапасын көтеру үшін, 2006 жылы Зайсан-Алматы және Өскемен - Талдықорған облыс аралық маршруттары бойынша жолаушылар қатынасы ашылды, облыс ішіндегі жеті маршрут бойынша көліктің тұрақты жүруі ұйымдастырылды, үш бұрын болған тұрақты маршрут қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта облыста аудан орталықтарында және елді мекендерде орналасқан 3 автовокзал және 27 автобекет жұмыс істейді. Жолаушыларды тасымалдау, жол жүру билеттерін алдын ала және күнделікті сатылуын ұйымдастыру, жолаушыларға автобусты тосу үшін жағдай жасау диспетчерлік басқару саласындағы бәсекелік ортаны дамыту мақсатымен автобекеттер және автовокзалдар тораптарын кеңейту бойынша шаралар қолдануда.
Жол шаруашылығы. Облыстағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 8409,5 шақырымды, солардан қатты жамылғысы бар автомобиль жолдарының ұзындығы - 7647 шақырым, соның ішінен республикалық маңыздағы-3351 шақырым. Әр түрлі ақау жамылғылары бар жол учаскелерінің ұзындығы 1500 шақырым, солардың ішінен 420 шақырым автожолдарына жедел күрделі жөндеу қажет. Жалпы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарында 235 көпір бар, солардан 60-ында әр түрлі ақаулар бар, соның ішінен 28-іне күрделі жөндеу қажет. 3998 су өткізетін құбырлардың 109-на жөндеу қажет.
Темір жол көлігі. Семей тасымалдау бөлімі Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Келесі бағыттар бойынша темір жол тасымалдары жұмыс істейді:
Риддер - Астана, Риддер - Барнаул, Защита - Алматы, Семей - Алматы; әлеуметтік маңыздылығы бар облыс ішіндегі маршруттар: Защита - Зырян, Защита - Риддер, Защита - Серебрянск.
Бар инфрақұрылымның жаңғырту көлемінде Шар станциясы - Өскемен қаласы жаңа темір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясат
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Стратегиялық жоспарлау бөлімдері
Облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеу
Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Пәндер