Қазақ боксы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Бокс тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 1.Салмақ дәрежелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.Қазақ боксының жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Бокс техникасы ептілік дағдыларын игерген, өзін қорғау әдістерінің жиынтығы.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Лондон олимпиадасының жүлдегерлері және жергілікті спортшылар ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..
Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді.Жалпы бокстың осы кезге дейін дамуыда бірнеше кезеңдермен ерекшеленеді.
Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен «шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету» декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған.
1. Матвеев Л.П. Спорт жаттықтырушының негіздері М. 1987 ж.
2. Матвеев Л.П. Спорттың жалпы ілімі М. 1997 ж.
3. Романов В., Жасөспірім боксшыларды дайындау М, Д және С, 1979 ж.
4. Чудинов В.А. Бастаушы боксшының дене тәрбиесі М., Д және С, 1986.
5. Қазақ боксшылары (Тарих деректі басылым) Ер-Дәулет, Алматы-1999ж.
6. Остьянов В.Н. Гайдамак И.И. Бокс. Оқу мен жаттығу. Киев,
7. Олимпиадалық әдебиет. 2001 ж.
8. Бокс. Энциклопедия. М., 1998 ж.
9. Сафьянов Н. Цхвирашвили Б. Қазақстан Рингінің жұлдыздары. Алматы «Қаржы-қаражат», 1998 ж.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Бокс тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. 1. Салмақ дәрежелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Қазақ боксының жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Бокс техникасы ептілік дағдыларын игерген, өзін қорғау әдістерінің жиынтығы.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Лондон олимпиадасының жүлдегерлері және жергілікті спортшылар ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Бокс (ағылшынша box - қорап) - арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді.Жалпы бокстың осы кезге дейін дамуыда бірнеше кезеңдермен ерекшеленеді.
Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын дүйсенбілік бокс кездесулері ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса, Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар аралығында бокс Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған. Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі Темп спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің Динамо, Спартак, Медик пен Қарағандыдағы - Угольщик спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан. Бокс бұрыннан келе жатқан ойындардың бірі, бұл қазақ елінің бірнеше қалаларында әлемдік деңгейге дейін жетіп, жеңіс туын желбіреткен.

1. Бокстың шығу тарихы
Бокс ерте Грек елi -- Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал қолғап иесi -- Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы -- теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы -- Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен. Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген.Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған. Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi. Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Майк Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады. Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi -- Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған. Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі. Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел -- АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар -- венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.
Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері атағын иемденген Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен Алматыда жеке-топтық біріншілік ұйымдастырылып, аталған жиынға 4 спорт қоғамдастықтан 50 жуық былғары қолғап шеберлері қатысқан. Осы чемпионат бокстың дамуына түрткі болып, еліміздің басқа да өңірлерінде спорттық үйірмелер көптеп бой көтере бастаған. Қазақ жеріндегі бокстың дамуы соғыстан кейін қайта жанданды. Жұдырық шайқасындағы негізгі даму бағыты 1946 жылы басталып, ҚазССР мен Орталық Азия мемлекеттерінде түрлі біріншіліктер мен жарыстар көптеп ұйымдастырылған. Бокс Қазақстанның көптеген қалаларында дами бастаған. Ш. Бөлтекұлы, Г. Кирнштейн, М. Хайрутдинов, Д. Муллаев А. Инфланда тағы да басқа спорт шеберлері мен жаттықтырушылар аянбай еңбек етіп, қазақ боксының негізін қалауына үлес қосқан. 1947 жылы алғаш рет КСРО-ның жеке-топтық біріншілігі ұйымдастырылып, аталған шараға бүкіл Кеңес Одағының құрамына енген мемлекеттерден келген спортшылар қолғап түйістірген. Бұл чемпионатқа біздің де саңлақтар аттанған болатын. Жарыс төрт салмақ дәреже бойынша ұйымдастырылып, чемпионаттың қорытындысы бойынша алматылық Махмут Омаров 51 келіге дейінгі дәрежеде қола медальға қол жеткізген. Геннадий Рожков (63,4 кг) 1953 жылы ұйымдастырылған КСРО чемпионатының финалисті атанып, Бухарестте өткен халықаралық студенттік ойындарында қола медальді қоржынына салған. Осылайша, Геннадий Рожков шет елде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық боксшысы атанды. Ұзақ уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде үздік нәтиже көрсете алмай, күміс пен қола алқаларын қанағат тұтқан болатын. Көп күткен алтын қазақ жеріне де бұйырды. 1959 жылы алматылық Анатолий Кадетов (81 кг дейін) КСРО чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілген. 1992 жылға дейінгі КСРО мен ТМД чемпионаттарында Қазақстанның боксшылары 167 медаль еншілеген (36 алтын, 44 күміс пен 77 қола). Бұл 17 федерациясы бар бүкілодақтастықтағы бесінші нәтиже. Әлемнің алты чемпионатына қатысқан қазақ боксшылары қоржындарына екі алтын, екі күміс медаль салған. Олимпиада ойындарында біздің боксшылар ортақ қоржынға бір қола мен үш күміс медаль салған. КСРО бокс тарихындағы мына саңлақтардың есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Атап айтқанда, Валерий Рачков - 1978 жылдың әлем чемпионы, Игорь Ружников - 1989 жылдың Еуропа мен әлем чемпионы, Серік Қонақбаев - Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогі иегері мен 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті. Осы спортшылар КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері мен тағы басқа жоғары атақтарға ие. 1989 жылғы әлем чемпионатының финалисті Александр Мирошниченко 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында КСРО қоржынына соңғы қола медальді салған болатын. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі құлдыраған болатын. КСРО құрамына енген мемлекеттер тәуелсіздіктерін алып, жаңа саясат пен жаңа боксшыларға бейімделу керек еді. Осылайша 1992 жылы Қазақстан Республикасының әуесқой бокс Федерациясы АИБА-ға мүше ретінде еніп, Азия құрлығындағы әуесқой ассоциациясының толыққанды мүшесіне айналған. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы алғаш рет 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің саңлақтар бір алтын, бір күміс, екі қола медаль еншіледі. Бейресми топтық сынақта біздің команда үшінші орынды еншілеп, Америка мен Куба мемлекеттеріне қарағанда босаңдық танытты. 1996 жылғы ойындарда Василий Жиров бұрын -сонды болмаған нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, құрметті сый - Вал Баркер Кубогін жеңіп алды. Олимпиада ойындарының тарихында бұл сыйлыққа тек 8 спортшы ғана қол жеткізген болатын. 1996 жылғы Олимпиада ойындарында Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ыбырайымов қола медаль еншілеген. Төрт жылдан кейін біздің спортшылар Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында бұдан да жақсы көрсеткіштерге ие болған. Қазақ жеріне алтын медальді құрамамыздағы ең жас спортшы Бекзат Саттарханов әкелген. Бекзат сонда 20-да еді. Ермахан ағамыз жүзден жүйрік атанып, жеңіс тұғырынана көрінсе, Б. Жұмаділов Атлантадағы көрсеткішін қайталаған болатын. Ал ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков Сиднейдегі Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілген. Греция жерінде өткен Олимпиада ойындарында да біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын қорғаған болатын. Тараз қаласында дүниеге келген Бахтияр Артаев Олимпиада ойындарында алтын медальді еншілеп, бокс тарихындағы ең құрметті сый - Вал Баркер Кубогіне қол жеткізген екінші қазақ боксшысы. Қарағандылық Геннадий Головкин күміс алқа тағынса, Серік Елеуов қола медальді қанағат тұтты. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізсе, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салған.

1.1.Салмақ дәрежелері
Қазіргі кезде кәсіпқой бокста 17 түрлі салмақ дәрежесі бар. Бүкіләлемдік Бокс Кеңесі (ағылш. 'WBC') енгізген салмақ дәрежелері
Санат
Салмақ
Бірінші ауыр салмақ -- крейсер салмағы
(ағылш. 'cruiserweight')
190 фунт (86,2 кг); ақырында төменгі шегін 200 фунтқа немесе 90,7 кг-ға дейін көтерген, кейде super cruiserweight -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда спорт және дене тәрбиенің дамуы
БАҒЫС ЖШС ҚАЗАНДЫҒЫМЕН АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ЛАСТАНДЫРУ КӨЛЕМІН ТӨМЕНДЕТУІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ
Copy құбырларының сораптағы кавитацияға әсері
Мұнай өнімдерін автоматты құю үрдісінің кешенін басқару
Жас боксшыны ұрысқа дайындау
Геннің экспрессиясы
Лондон Олимпиадасы
Ахмет бейнесі
Ірі қара малын және шошқаны союға қажетті қондырғылардың жұмыс жасау принціпі
Қарақойын мұнай айдау стансасындағы резервуарлық паркті қайта жаңарту
Пәндер