Ұзақ мерзімді активтер есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Ұзақ мерзімді активтер есебі және оның аудитінің теориялық негізі
1.1Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Ұзақ мерзімді активтер аудитінің маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2. Ұзақ мерзімді активтер бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылғанәдебиеттертізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Курстық жұмыстың мақсаты: тақырыпты аша отырып ұзақ мерзімді активтердің есебі мен теориялық негіздерін түсіндіру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: курстық жұмыс екі бөлімнен және бірнеше тармақтардан тұрады. Сондай-ақ курстық жұмыс кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңы.
2. Аудиторлық қызмет туралы заң Алматы, 2006 жылғы 5 мамырдағы №139-III.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің «Акционерлік қоғамдар туралы» 1998 жылғы 10-шілдедегі №2811 заң күші бар Жарлығы.
4. Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары 2006ж.
5. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. Алматы, 1996-2003ж.
6. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. «Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыру» Т.1. Алматы, 2001ж.
7. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. Алматы: «Бико»,2004ж.
8. Абленов Д.О. «Аудит негіздері», Алматы: Экономика,2003ж.
9. Аренс А., Лоббек Дж. «Аудит»: Қаржы және статистика, 1995 ж.
10. Ажибаева З.Н. «Аудит» - Алматы: Экономика, 2004г.
11. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» - Алматы: АЙАН, 2001ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Ұзақ мерзімді активтер есебі және оның аудитінің теориялық негізі
1.1Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Ұзақ мерзімді активтер аудитінің маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2. Ұзақ мерзімді активтер бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
0.1 Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты: тақырыпты аша отырып ұзақ мерзімді активтердің есебі мен теориялық негіздерін түсіндіру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: курстық жұмыс екі бөлімнен және бірнеше тармақтардан тұрады. Сондай-ақ курстық жұмыс кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
- экономикалық өсуді ынталандыру;
- кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;
Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп - ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп және теңдіктерді қамтамасыз ете отырып, қазіргі уақыттағы басқарудағы экономиканы реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді.
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
oo отандық экономиканың нақты секторының мәселелерін ашып көрсету;
oo осы мәселелерді шешудің жолдарын активтердің мүмкіншіліктерімен ұштастыра отырып шешудің жолдарын ұсыну.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
oo ұйымның активтер есебінің даму ерекшелігін ескере отырып, оны экономиканың нақты секторын белсендіруде толық пайдалануды анықтау;
oo ұйымның экономикасын қаржыландырудағы барлық мүмкіншіліктерін пайдалануды көздеуді қарастыру.
Осыған орай, әдістемелік нұсқаулар ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, яғни бухгалтерлік есеп соның ішінде талдау мен аудит ұйымдастырудың жетілдіру бірегей органды құру, оның құқықтық мүмкіншіліктерін анықтау, құзыретін бекіту, мемлекетпен өзара байланысын көрсету, реттеу тетіктерін белгілеу, оның қызметтер мен өкілеттіктер шеңберін айқындауы құрайды. Талдау үшінші бөлімде қарастырылған, онда шетелдік тәжірибе негізге ала отырып, отандық нарыққа сәйкестендірілген нұсқаулар көрсетілген.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшіп, даму жолында нарықтық қатынастардың реттелінуі мемлекеттің белгілі бір реттеуімен жүзеге асырылып отырды және бүгінгі таңға дейін асырылып келеді.
Осы айтылғандарды есепке ала отырып, активтерді талдау мен аудиті дегеніміз - ұйымның қаржылық жағдайын реттеуге байланысты шығарылған және шығарылатын барлық заңнамалық актілердің жиынтығының негізінде активтерге аудитті талдау әдістерін пайдалана отырып жүргізу деуге болады. Ұйымның активтері экономиканың нақты саласын белсендірудегі реттелінуі халықтың - салымшылардың мүддесін, құқықтарын, тәуекелдік қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіменен сипатталынады.
Экономиканың нақты секторын белсендірудегі активтерді талдау мен аудитті жүргізуді ашып көрсету мәселесі өте маңызды болып табылады. Себебі қысқа мерзімді активтермен кәсіпорындар өздерінің міндеттерін өз уақытында өтеген жағдайда кәсіпорындар өтімді болып табылады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты - экономика саласына өзінің алатын орны ерекше екендігін көрсету. Және де ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебі мен талдау атты тақырыпты жазу себебім, серіктестіктердің негізгі құралдарды мен материалдық емес активтер иммобильдық құралдар, қысқа мерзімді активтеріміз мобильдік қорлар болып табылатындықтан, осы құралдарсыз өндіріс жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қорыта айтқанда, экономиканың нақты секторын белсендірудегі және пайда табу көздерін ұлғайтудың негізі активтердің айналымдылығын жетілдіру мен қаржыланудың жолдары меншікті және тартылған капитал тарапынан, әр түрлі қоғамдық ұйымдар бухгалтерлік есептің стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді қажет ететін мемлекеттің жүзеге асыруға міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.
Осымен бұл дипломдық жұмыс 3-бөлім және бөлімшелерден тұрады. Бұл бөлімдерде тақырып толық ашылатын болады. Тақырыпты толық ашуда заң, стандарттар, оқулықтар пайдаланады. Және де Crocus Multimedia Services ЖШС-нің жылдық есеп беру нысандарын пайдаланып жазылады.

1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері

Ұзақ мерзімді активтер деп - кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.
Мысалы, сатып-өткізу үшін жасалынған жазу столы оны жасаушы кәсіпорын үшін айналым құралы болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне пайдалану үшін сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін құрайды.
Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:
oo Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)
oo Материалдық емес активтер.
Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, құрал-жабдықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу есептелінеді. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің барлығы осы тауардың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.
Шоттар жұмыс жоспарынан үзінді
кесте-1.1
2010
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
Ұзақ мерзімді қаржылық қарыздар
2020
Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар
2040
Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер
2110
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
Сатып алушылар мен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі
2150
Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2160
Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2170
Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
2180
Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2310
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар
2320
Инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы
2410
Негізгі құралдар
2411
Жер
2412
Ғимараттар
2413
Машиналар мен жабдықтар
2414
Көлік құралдары
2415
Компьютерлер, перифериалық қондырғалар және деректі өңдеу жөніндегі жабдық
2416
Кеңсе жиһазы
2417
Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтар
2420
Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
2421
Тозуы
2422
Ғимараттардың құнсыздануы
2423
Машиналар мен жабдықтардың тозуы
2424
Машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы
2425
Көлік құралдарының тозуы
2426
Көлік құралдарының құнсыздануы
2427
Компьютерлер мен перифериалық қондырғылардың тозуы
2428
Кеңсе жиһазының тозуы
2429
Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтардың тозуы
2730
Материалдық емес активтер
Өзге материалдық емес активтер
2740
Өзге материалдық емес активтердің тозуы
2741
Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануы
2810
Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер
2910
Өзге ұзақ мерзімді активтер
Берілген ұзақ мерзімді аванстар
2920
Алдағы кезеңдердің шығыстары
2930
Алынбаған құрылыс
2940
Өзге ұзақ мерзімді активтер

Ұзақ мерзімді активтер - бұл компанияның ресурстары, оларды пайдаланудан болатын экономикалық пайданы, ұзақ кезең ішіндегі алу көзделген және олар сату үшін емес, кәсіпорын қызметінде пайдалану үшін алынады. Қысқа мерзімді активтерден ұзақ мерзімді активтер өмірлік циклді ұстанады, бірақ қысқа мерзімді активтердің бөлігі болып табылмайды.
Ұзақ мерзімді активтер мынадай категорияларға бөлінеді:
1. Материалдық активтер - физикалық субстанциясы бар. Ғимарат және құралдар өндірілген және офистік құралдар амортизациясына жатады., демек материалдық активтертердің құнын мерзім ішінде пайдаланған кезде бөлу. Жер амортизацияға жатпайтын жалғыз материалдық актив болып табылады, себебі оның пайдаланылуы шексіз.
2. Табиғи ресурстар пайдалы қазбаларды тапқандықтан, жерден айырмашылығы бар. Табиғи ресурстар әлсіреуге негізделеді, себебі ресурстарды пайдаланғанда тауысуы басталады.
3. Материалдық емес активтер - физикалық субстанцисы жоқ, бірақ амортизацияға жатады. Материалдық емес активтердің құны пайда тапқанда кезеңдерге бөлінеді. Материалдық емес активтерге авторлық құқық, сауда маркалары, патенттер, франшизалар, ұйымдық шығындар мен істің деңгейі жатады [1, 142 бет]
Ұзақ мерзімді активтерге сонымен қатар инвестициялар, капиталдық салымдар және ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар жатады. Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу процесінде қолданылмайтын активтер ұзақ мерзімді активтер категориясына жатады. Егер жерді пайдаланудың негізгі мақсаты спекуляция болса, онда оны инвестиция ретінде қарастырғаны жөн. Егер жерді қайта сату мақсатында пайдаланса, онда ол запас ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда ғимарат пайдаланылмаса, онда ол инвестиция ретінде көрінеді. Комбайн көлікқұру зауытында запас ретінде көрінеді, ал есепті кезеңді оны негізгі құрал ретінде қарастырады. Пайдаланылмаған жер мен ғимарат, сонымен қатар материалдық емес актив гудвилл амортизацияға емес, құнсыздануға жатады.
Осы жерде айта кету керек ұзақ мерзімді активтер ішіндегі материалдық емес активтер мен негізгі құралдарға ғана амортизациялар есептелуіне байланысты біз негізгі құралдар мен марериалдық емес активтерге толығырақ тоқталып кетуді жөн көрдім
Жалпы негізгі құралдар дегеніміз - бұл материалдық өндіріс сферасында және өндірілмейтін сферасында ұзақ мерзім кезінде жүргізілетін, жалға беруге қолданылатын материалдық активтер. Негізгі құралдардың маңызды сипаттамасына мыналар жатады:
1) олар қайта сату мақсатында емес, шаруашылық қызмет үрдісінде пайдалану мақсатында алынады.
2) ұзақ кезең ішінде қолданылады және амортизацияланады
3) материалды түрде болатын физикалық дене
Құн түрлері:
Бастапқы құн - негізгі құралдарды алу немесе салу кезіндегі төленген ақша қаражаттарының сомасы немесе олардың орнына берілген басқа активтердің әділ құны.
Ажырату құны - активтің өзіндік құны немесе басқа сала, ликвидтік құнды шешу.
Амортизация - экономикалық өмірдегі жүйелі және рационалдық құн активтерді бөлу.
Құн қалдығы - көлемді көрсететін, амортизацияны шығарған кезде және жиналған шығындардың құнсыздандырылғаннан кейін активтер мойындалады.
Пайдалы қолданыстағы есептік мерзім - мерзім кезеңімен сипатталатын активтерді қолдану үшін экономикалық пайданы алу. Құнды шығару - бұл қосымша шығын ету, қаржылық немесе салықтық шығынды қоспағанда, активтердің шығуымен тікелей байланысты. [7, 81-97 бет]
Әділ құн - бұл бір біріне тәуелсіз активтердің айырбасталу соммасы.
Құнсызданудан шығын - активтердің баланстық құны оны қайта қалпына келтіретін құнды көтеретін көлем болып табылады. Қайта қалпына келтіретін құн - активтің жоғарғы таза бағасы және пайдалы құны болып табылады.
Бір біріне байланыссыз жіберу - белгілі бір бағытқа активтерді немесе қызметтерді жіберу, мысалы басқа компанияның басшысына немесе басқа компаниядан басшыға жіберілуі. Ақшалық емес операциялар - үлкен емес қаржылық активтер мен міндеттемелердің қатысуы немесе қатыспауындағы айырбас.
Негізгі құралдар есебінде төрт басты сұрақтар бар:
- Активтер табылғандағы бастапқы енгізетін сома
- Активтердің құны болашақ мерзімі бойынша бөлінетін тозу ставкасы
- Пайдаланғаннан кейін құнның өзгеруі және оның шоттағы көрінісі
- Активтердің шығарылуын енгізу [2, 36 бет].
16 ХҚЕС сәйкес актив тек мынадай жағдайда актив ретінде мойындалады:
- осы объектіге байланысты кәсіпорын болашақ экономикалық пайданы алу мүмкіндігі бар;
- объектінің құны сенімді түрде өлшенуі мүмкін.
Көбіне, негізгі құралдар компанияның активінің заттық белгісін құрайды, сондықтан да олар қаржы жағдайында мағынасы зор. Шығындарды актив негізінде анықтауы кәсіпорынның жағдайын көрсетеді.
16 ХҚЕС Негізгі құралдар сәйкес актив сыртқы ортаны қорғау және қауіпсіздік мақсатында қолданылады. Бұл жағдайда мұндай активтерді пайдаланатын болашақ экономикалық пайда болуы мүмкін емес. Ал, егерде оларды басқа активтер ретінде пайдаланса, болашақ экономикалық табыс әкелуі мүмкін [3, 72 бет].
Кәсіпорынның негізгі құралдарының құрамындағы активтер қайта жұмыс істейтін кәсіпорынның зиянды заттардан қорғануының ең басты мағынасы болып табылады. Зиянды заттарды өндірістен тоқтату, бұл активтерді мойындауға шек қояды.
Мойындаудың екінші шарты жеңіл жетілдіріледі, себебі айырбас операциясында активтерді сатып алған кезде олардың құны көрсетіледі.
16 ХҚЕС Негізгі құралдар анықталуы бойынша негізгі құралдар объектісі, бастапқы құн бойынша бағаланып актив ретінде мойындалуы тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құнына кіретіндер:
- сатып алу бағасы саудалық жеңілдіктер және дисконттар есебінен импорт және салықтар мен сатып алу бойынша төлеу;
- активтің жайғастыруға және демонтажға кеткен бастапқы бағасы және көлемді қалпына келтіру, бұлар осы ағымдағы запасы болып табылады.
- қандай да бір тіке шығындар, олар активтерді жеткізумен және мақсатқа бағытталған жұмыстың жағдайына қолдану; Негізгі құралдардың бастапқы құнына кіретін тіке шығындар мынадай болуы мүмкін:
- негізгі құралдар объектісін пайдаланғаны үшін, жұмысшыларға сыйақы ретінде берілетін шығындар [5, 33 бет];
- әкелгені және жөнелткені үшін шығындар;
- алаң дайындау үшін шығындар;
- орнату және жинау үшін шығындар;
- активтің жұмысын тексеру үшін шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құнына кірмейтін шығындар:
- жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулер енгізгені үшін шығындар;
- жаңа технологиялық немесе өндірістік құралдардың ашылуына кеткен шығындар;
- жаңа орында шаруашылық жүргізуге кеткен шығындар немесе персоналды дайындауға және оқытуға кеткен шығындар;
- әкімшілік және басқа да шығындар. Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дүрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал - жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) [6, 68 бет]. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші-қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе акшалай түріндегі өнімді көрсетеді. [1, 142 бет]
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. [1, 142 бет]
Пайдалану сипатына қарай негізгі кұралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) жөне кор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың корлар бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық кұрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады [7, 77 бет]. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады; үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады; ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір кызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады; өткізгіш тетіктер (қондырғылар) -- электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар).

1.2 Ұзақ мерзімді активтер аудитінің маңызы мен мәні

Ұзақ мерзімді активтер - бұл өндірістік, әкімшілікмақсаттар немесе арендаға тапсыру үшін қолданылатын, бір жылдан аса пайдалы қызмет мерзімі бар активтер. Негізгі құралдар келесі категорияларға бөледі: жер, ғимарат және құрылыс, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және категориялар мәліметтеріне кірмеген басқа негізгі құралдар.
Ұзақ мерзімді активтерді бағалау үшін алғашқы, ағымдағы, баланстық, өтімділік құны және жетілдіру құны қолданылады.
Материалдық емес актив - бұл физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілетін ақшалай емес актив.
Ұйымдар ғылыми немесе техникалық білімдер, жаңа процестер мен жүйелерді әзірлеу немесе енгізу, лицензиялар, интеллектуалдық меншік, нарық білімі және тауар белгілері (тауар маркалары мен баспа құқықтарын қосқанда) сияқты материалдық емес активтерді сатып алу, әзірлеу, қызмет көрсету немесе нығайту кезінде ресурстарды жиі жұмсайды. Осындай ауқымды санаттар қамтитын баптардың кеңінен тараған үлгілері болып компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, авторлық құқықтар, кинофильмдер, клиенттердің тізімі, ипотекаға қызмет көрсету құқығы, балық аулау лицензиялары, импорттық квоталар, франшизалар, клиенттермен немесе жеткізіп берушілермен қарым-қатынастар, клиенттердің икемділігі, нарықтың үлесі және өткізу құқықтары болып табылады.

Құндық өлшемі бар және шаруашылық процесіне бірнеше рет қатысатын мүліктерді, активтер деп атайды.
Шауашылықтың тиімділігі едәуір дәрежеде осы активтердің ұтымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Кәсіпорын қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Айналым капиталы өндіріс сферасында (өнімді шығару шығыстары) және айналым сферасында болуы мүмкін. Айналым капиталы ақшалай да, заттай да қызмет ете алады. Сондықтан талдау процесінде бірінші кезекте, оның құрамы мен құрылымының өзгерістерін зерттеу қажет. Қаржылық есептің маңызды элементі болып табылатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. [8, 51 бет]
Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Ұзақ мерзімді активтер жалпы қаржылар сомасында анағұрлым үлкен үлес салмақ алады. Оларды тиімді пайдалану және өндіріс айналыс сферасында дұрыс енгізу кәсіпорынның крістілігіне өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпорынның қабілеті мен қаржылық жағдайы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, лоар қандай кіріс әкелетіндігінен тәуелді. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.
Олардың құнының азаюы, яғни есептен шығуы тозуы немесе сатылуы себебінен болуы мүмкін.
Актив баптарын шартты түрде келесі белгілері бойынша топтастыруға болады:
1. Өтімділігі бойынша: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер.
2. Пайдаланылуы бойынша: ішкі айналыстағы және сыртқы айналыстағы
(дебиторлық берешек, қаржылық салымдар, банк шоттарындағы ақша).
1. Инфляциялық процестерге шалдығуына байланысты: монетарлық және монетарлық емес активтер ажыратылады. Монетарлық активтер қайта бағалауға жатпайды, олар ағымдық ақшалай бағадағы актвитер - ақша қаражаттары, депозиттер, есеп айырысуларындағы қаражаттар, т.б. ал монетарлық емес активтер құны уақыт өтуіне қарай өзгеріске ұшырайтын, сол себепті қайта бағалауды қажет ететін активтер - негізгі құралдар, запастар, аяқталмаған өндіріс, т.б.
1. Өндіріс үрдісі бойынша: айналыс капиталы (запастар, аяқталмаған өнді-ріс, болашақ кезең шығыстары).
5. Айналыс үрдісіндегі капитал (дайын өнім, ақша қаражаттары, қаржылық салымдар, тауарлар, т.б.)
Баланс мәліметтері бойынша ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады. Ал жалпы активтер сомасындағы олардың үлес салмағы есепті жыл басында 7,7%-ды құраса, жыл аяғында 5,7%-ды құрап, салыстырмалы түрде қарасақ 2%-ке төмендеген. Ұзақ мерзімді активтердің ішінде тек негізгі құралдар орын алғандықтан. Олардың пайдалану тиімділігі мен техникалық жағдайына әсер ететін негізгі көрсеткіштерді атап өткеніміз дұрыс болар.
Негізгі құралдарды талдау WASABI -- ында олардың техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер зерттеледі.Оларға жататындар:
1. Тозу коэффициенті (Ктозу).
Негізгі құралдардың тозу сомасы
Ктозу= ; (2)
Негізгі құралдардың бастапқы құны
1. Жарамдылық коэффициенті (Кжарамдылық).
Негізгі құралдардың қалдық құны
Кжарамдылық= ; (3)
Негізгі құралдардың бастапқы құны
1. Амортизацияның жинақталу коэффициенті (Камор.жинақ).
Негізгі құралдардың + Материалдық емес активтердің
тозу сомасы тозу сомасы
Камор.жинақ= ; (4)
Негізгі құралдардың + Материалдық емес активтердің
бастапқы құны бастапқы құны
1. Мүлікті нақты құн коэффициенті (Кнақты құн). Кәсіпкерлік қызметтің ауқымын сипаттайды. Егер бұл коэффициент теоретикалық мәнінен төмен болатын болса, онда компанияға ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тарту қажет.
Негізгі құралдардың қалдық құны
Кнақты құн= = 0,5 (4)
Мүлік құны (баланс валютасы)
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдағаннан кейін негізгі құралдардың қолдану көрсеткіштері оқылады. Кез келген акционерлік қоғамдағы негізгі құралдардың тиімділігі келесі көрсеткіштерімен сипатталады:
oo Қор қайтарымдылығы коэффициенті;
oo Қор сыйымдылық коэффициенті;
oo Интегралды көрсеткіш коэффициент.
Бухгалтерлік есептің 28 Матреиалдық емес активтердің есебі стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):
- Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;
- Егер активтің құны дұрыс анықталса.
Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың көбеюіндегі рөлі анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес актив пен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.
Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және шектес құқықтар объектілеріне, электрондық есептеу машиналарының бағдарламаларына және тағы басқаларға авторлық басқа келісім-шарттардан туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, белгілері (таңбалары), лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл (фирма бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер учаскелерін, табиғат ресурстарын, су, қазба байлықтар және т.б.) пайдалану құқықтары жатады.
Төменде материалдық емес активтердің кейбір түрлерінің анықтамасын келтіремін.
Авторлық куәлік (құқық) - ғылыми туындыны, әдеби, музыкалық шығарманы, көркем туындыны басуға, шығаруға, орындауға және басқадай пайдалануға құқық береді.
Патент - оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді немесе процестерді пайдалануға, өндіруге және сатып-өткізуге құқық береді. Патент авторға не болмаса автордың көрсетуімен жеке немесе заңды тұлғаға беріледі. Өндіріс, сауда немесе кәсіп ету құқықтарына патент берілген кезде патенттік алым есептелінеді.
Өндірістік үлгілерге берілетін құқық өнімнің сыртқы түрін айқындайтын көркемдік және конструкторлық шешімдерді (дизайнды) қолдануға ерекше құқық береді.
Тауар белгілері (таңбалары) - белгілі бір субъектінің өндірістік өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі біртекті тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер. Тауар белгісі оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметін сол таңбамен белгілеу үшін ерекше құқық береді. Әдетте, тауар белгісі өндірістік немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның атына тіркеледі.
Лицензиялық келісімдер - патент иесінің өзінің контрагентіне патенттік құқықтарының белгілі бір пайдалануға, қандай да бір өнімдерді сатып-өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт. Яғни, лицензиялық келісімдерге лицензиялық келісім-шартпне өндірістік меншік объектісінің өзі емес тек оны пайдалану құқығы беріледі.
Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиат белгілі бір мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем-заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы меншікті коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын төлемі.
Бағдарламалық жабдықтауға электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға авторлық құқықпен жеке тұлға болып табылатын авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына мүліктік құқығы авторлық келісім-шартпен рәсімделген бағдарламалық өнімдерді жатқызу керек. Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе таратушылардан сатылып алынған (дискеттегі) данасына шығарылған шығындар және оларды орнатуға байланысты шығындар материалдық емес активтер құрамына есепке алынбайды, ондай шығындар кезеңдік шығындарға жатады.
Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім-шарт жасау арқылы тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу келісім-шартпен расталуға тиісті.
Ноу-хау - субъектінің практикалық (тәжірибелік) қызметінде пайдаланылатын, бірақ әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық, өндірістік, коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің жиынтығы. Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен қатысушылары оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді.
Гудвилл (фирма бағасы) - фирманың іскерлік репутациясы. Фирма бағасы жұмыс істеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СЧЕТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Қаржылық қорытынды есебі
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі
Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға
Сатуға арналған айналымнан тыс активтер
Қаржылық құралдардың есебі жайлы
Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы
Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері
Пәндер