Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Әлеуметтік.экономикалық жоспарлау теориясының
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
2 Әлеуметтік.экономикалық жоспарлаудың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
3 Әлеуметтік.экономикалық жоспарлаудың методологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
4 Әлеуметтік.экономикалық жоспарлаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
5 Әлеуметтік.экономикалық жоспарлауды ұйымдастыру ... ... ... 39
6 Индикативтік жоспарлау . экономикны дамытудың
стратегиялық құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
49
7 Әлеуметтік.экономикалық жоспарлаудын шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бақалау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тест сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
52
61
62
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 68
Әр кәсіпкер мен өндірушінің жақсы жетістіктерге ұмтылып отырған нарық шарттарындағы экономикадағы жоспарлау жаңа қызметтерге иеленеді. Ол тек қана өнімнің өндірістік бәсекелестік үрдісін қамтып қана қоймай, сонымен қатар ресурстарды толық қамту, кірістерді дұрыс бөлу және өмір сапасының өсуін қамтамасыз ететін болды.
Экономикалық нарық шарттарында индикативтік жоспарлау әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге кешенді жүйелі құралдардың бірі болып саналады, ол мемлекеттің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тура араласпай, экономикаға жанама әдістер арқылы әсер етеді. Жапония, Оңтүстік Корея, Франция және Германия сияқты көптеген дамыған мемлекеттерде кең таралған әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспары соғыстан кейінгі жылдары оларға экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесіп жоғары даму шегіне жетуге көмектесті, сонымен қатар 70 жылдардағы энергетикалық дағдарысқа төзіп, оның әсерін біршама жеңілдетуге өз септігін тигізді.
«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» курсының негізгі мақсаты студенттерде қажетті арнайы мамандандырылған білімдерді беріп, есептік-аналитикалық қабілеттіліктерін жетілдіру, тауарлар мен қызметтерді өндірудің бизнес жоспарлары мен кәсіпорын дамуының әлеуметтік-экономикалық жоспарларының оптимальды нұсқаларын тандауға көмектесіп, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ететін іс-шаралар мен жоспарлы көрсеткіштерді қалыптастыруда және негіздеуде тәжірибелік біліктіліктерін жоғарылату болып саналады.
Оқу құралының материалдары әр түрлі экономикалық жүйе деңгейлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әр түрлі аспектілерін рет-ретімен ашып көрсететін 7 бөлімде көрсетілген.
Оқу құралы экономикалық оқу орындары мен экономикалық факультеттердің студенттеріне әлеуметті-экономикалық жоспарлаудың негіздерін тереңдетіп оқуға арналған.
1 Назарбаев Н. А. Пять лет независимости. – Астана : Казахстан, 1996. – 620 с.
2 Назарбаев Н. А. Казахстан–2030. «Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев». Послание Президента страны народу Казахстана. – Астана : Бiлiм, 1997. – 170 с.
3 Назарбаев Н. А. Рынок и социально-экономическое развитие. – М. : Экономика, 1994.
4 Анискин Ю. П., Павлова А. М. Планирование и контроллинг : Учебник. – М. : Омега-Л, 2003. – 280 с.
5 Байзаков С. Стратегическое планирование: опыт и проблемы. – Алматы : РИЦ ИПГС, 1997. – 9 с.
6 Басовский Л. Е. Прогнозирование и планирование в условиях рынка : уч. пособие. – М. ИНФРА, 2002. – 260 с.
7 Индикативное планирование: теория и пути совершенствования / Петров Ю. и др. – СПб., 2000. – 96 с.
8 Каренов Р. С. Индикативное планирование. – Караганда, 1998. – 128 с.
9 Кубаев Е. К., Нурмуханбетова А. А. Индикативное планирование в РК. – Астана, 2003. – 93 с.
10 Мамыров Н. К., Саханова А. Н., Ахметова Ш. С., Брузати Л. Государство и бизнес. – Алматы : Экономика, 1999. – 659 с.
11 Методические рекомендации по разработке стратегических планов для министерств и ведомств Республики Казахстан. – Алматы : Агентство по стратегическому планированию РК, 1997. – май. – 17 с.
12 Омаров Б. Р., Омаров К. Т. Организация и методология регионального планирования социально-экономического развития. – Астана : Экономика, 2000. – 70 с.
13 Указ Президента РК «О стратегии индустриально- инновационного развития РК на 2003-2015 годы» от 17.05.03., № 1096: БД Юрист U031096.
14 Платонова Н. А., Харитонова Т. В. Планирование деятельности предприятия. – М. : Дело и сервис, 2005. – 432 с.
15 Правила разработки и реализации государственных программ в РК. Утверждены Указом Президента РК от 02.06. 2003 г., № 1099.
16 Правила разработки и реализации отраслевых (секторальных) и региональных программ в РК. Утверждены постановлением Правительства РК от 26.02. 2004 г.
17 Правила разработки проектов республиканского и местных бюджетов. Постановление Правительства РК от 29.05. 2002 г., № 592.
18 Правила разработки среднесрочных планов социально-экономического развития РК. Утверждены постановлением Правительства РК от 14.06.2002 г., № 647 (с дополнениями и изменениями).
19 Прогнозирование и планирование в условиях рынка : уч .пособие для вузов / под ред. Морозовой Т. Т., Пикулькина А. В. – М. : ЮНИТИ-Дана, 2000. – 318 с.
20 Прогнозирование и планирование экономики / под ред. Г. А. Кандауровой и В. И. Борисевича. – Минск, 2005. – 358 с.
21 Стиглиц ДЖ. Ю. Экономика государственного сектора : пер. с англ. – М. : Изд-во МГУ, ИНФРА, 1997. – 720 с.
22 Сундетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рынка. – Алматы : Экономика, 2004. – 148 с.
23 Тумбай Ж. О. Международный опыт и отечественная практика индикативного планирования в Казахстане // Материалы международной научной конференции. – Алматы : КазЭУ, 2004.
24 Тумбай Ж. О. Некоторые вопросы метолдологии индикативного планирования // Вестник КазНУ, серия Международные отношения. – Алматы, 2005. – № 2.
25 Тумбай Ж. О. Становление индикативного планирования в Казахстане // Вестник КазНУ. Серия экономическая. – 2003. – № 2
26 Тумбай Ж. О. Эволюция индикативного планирования в Казахстане //Экономика и статистика. – 2003. – № 2
27 Тумбай Ж. О., Тумбаева З. Ж. Индикативное планирование как функция государственного управления. // Материалы международной научно-теоретической конференции «Государство и бизнес в ХХ1 веке». – Алматы : КазНУ им. Аль-Фараби, 2003.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Жоспарлау
Әр кәсіпкер мен өндірушінің жақсы жетістіктерге ұмтылып отырған нарық
шарттарындағы экономикадағы жоспарлау жаңа қызметтерге иеленеді. Ол тек
қана өнімнің өндірістік бәсекелестік үрдісін қамтып қана қоймай, сонымен
қатар ресурстарды толық қамту, кірістерді дұрыс бөлу және өмір сапасының
өсуін қамтамасыз ететін болды.
Экономикалық нарық шарттарында индикативтік жоспарлау әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді шешуге кешенді жүйелі құралдардың бірі болып
саналады, ол мемлекеттің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тура араласпай,
экономикаға жанама әдістер арқылы әсер етеді. Жапония, Оңтүстік Корея,
Франция және Германия сияқты көптеген дамыған мемлекеттерде кең таралған
әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспары соғыстан кейінгі
жылдары оларға экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесіп жоғары даму
шегіне жетуге көмектесті, сонымен қатар 70 жылдардағы энергетикалық
дағдарысқа төзіп, оның әсерін біршама жеңілдетуге өз септігін тигізді.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау курсының негізгі мақсаты
студенттерде қажетті арнайы мамандандырылған білімдерді беріп, есептік-
аналитикалық қабілеттіліктерін жетілдіру, тауарлар мен қызметтерді
өндірудің бизнес жоспарлары мен кәсіпорын дамуының әлеуметтік-экономикалық
жоспарларының оптимальды нұсқаларын тандауға көмектесіп, әлеуметтік-
экономикалық дамуды қамтамасыз ететін іс-шаралар мен жоспарлы
көрсеткіштерді қалыптастыруда және негіздеуде тәжірибелік біліктіліктерін
жоғарылату болып саналады.
Оқу құралының материалдары әр түрлі экономикалық жүйе деңгейлеріндегі
әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әр түрлі аспектілерін рет-ретімен ашып
көрсететін 7 бөлімде көрсетілген.
Оқу құралы экономикалық оқу орындары мен экономикалық факультеттердің
студенттеріне әлеуметті-экономикалық жоспарлаудың негіздерін тереңдетіп
оқуға арналған.

1 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау теориясының пәні

Нарықтық қарым-қатынастар жеке меншіктің өндіріс құралдары мен тұтыну
заттарына, тұтынушылардың еркін қызметіне, еркін бәсекелестік пен баға
белгіленуге, адамның өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ететін қызмет
түрінің еркін тандалуына, экономиканың ашықтығына негізделеді.
Ортақтандырылып басқарылып отырған экономикаға тән сипаттар келесідей:

- өндіріс құралдарына деген мемлекеттік меншік;
- халықтық шаруашылық жүесінің барлық деңгейлерін қамтуды
ортақтандырып жоспарлау;
- өндіріс бәсекелестігінің жоғары деңгейі және оның мемлекеттік
кәсіпорындарда монополизациялануы;
- өндірістік қызметтің халықтық шаруашылық әсерлілікке деген бағыты;
- адамның жан-жақты дамуындағы қоғамның жоғарғы мақсаты ретіндегі
декларациялау;
- еліміздің ортақ халықтық шаруашылық кешенінің жабық болуы.
Қазіргі заманғы цивилизацииның даму тәжірибесі топтық-әкімшілік,
бюрократиялық жүйемен салыстырғанда нарықтық қарым-қатынастар жүйесі
қоғамның барлық өмір суруге қажетті аспектілерінің әсерлі қызмет етуіне өз
септігін тигізетінің анық көрсетеді. Сонымен қатар бұл тәжірибе басқа да
қорытындыға келуге тағы негіз бола алады, яғни, нарықтық экономикалық
жүйені ұстанатын барлық елдер әр түрлі мақсаттарда, қоғам өмірінде болып
жатқан әлеуметтік-экономикалық үрдістерді мемлекеттік реттеу әдістерін
кеңінен қолданады.
Қазіргі заманғы нарықтық шаруашылық, әдетте, адамның көп қырлы
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Сол уақытта көптеген
өндірістік дамыған елдерде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық үрдістерге
араласуының негізінде (жасалып отырған жағдайды бөліп қарау, салықтық
саясат, құқықтық қамтамасыз ету және т.б.) өз азаматттарының жоғары
қорғаныштық деңгейін қамтамасыз етіп тұрады. Бұл әлеуметтік-нарықтық деген
шаруашылық түрін анықтауға негіз болды.
Әлеуметтік нарықтық шаруашылық – бұл шаруашылық түрі өз алдына еркін
бәсекелестік қағидаларымен, тұтыну заттарын еркін тандаумен, тұлғаның еркін
ашылуы мен гүлденуіне негізделеді (Л. Эрхард Благосостояние для
всех, 1960 ж.). Ол тәртіпке, капитал салушылыққа, тұтынуды кеңейтуге деген
дайындықпен сипатталады. Нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік мағынасы
келесіде, яғни экономиканың қандай да бір жетістігі, жетілдірудің кез
келген шыны, еңбектің өндіргіштігінің барлық жоғарғы жетістіктері барлық
халықтың игілігіне, тұтынушылардың қажеттіліктерін жоғары дәрежеде
қанағаттандыруға жасалынады – деп жазды Л. Эрхард.
Әлеуметтік нарықтық шаруашылық мемлекет саясатының концепциясы сияқты
еркін, экономикалық әсерлі, мықты, экономиканың, жалпы қоғамның әлеуметтік
және әділ құрылуына бағытталған. Сонымен, әлеуметтік нарықтық шаруашылық
нарықтық экономиканың бір моделі бола отыра, әлеуметтік-экономикалық жүйе
болып табылады, ал өз кезегінде меншіктің барлық түрлерінің алуандығы,
азаматтардың экономикалық еркіндігі негізінде, тауарлар мен қызметтерді
өндірушілердің еркін бәсекелестігі мен баға қалыптастыру ретінде қызмет
етеді, әр азаматтың шынайы еңбек кірісін қатаң түрде сәйкестендіріп, ұлттық
өнімді мемлекет көмегімен әділ бөлуді, және де қоғамның қорғалмаған
қабаттарына әлеуметтік кепілдіктер берумен сипатталады.
Әлеуметтік нарықтық шаруашылыққа берілген анықтамадан, мемлекеттің өз
азаматтарының әлеуметтік мәселелерін шешуге беретін көмегі орасан зор
екенін байқауға болады. Сонымен, мемлекеттің негізгі амалдары келесідей
болмақ:
- мемлекеттегі сенімді тәртіпті қалыптастыру және қолдау;
- сыртқы және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік инфрақұрылымның кешендерін дамыту (білім беру, денсаулық
сақтау, ғылым және өнер, қоғамдық көлік және т.б.);
- бәсекелестік түрлері бойынша заңнамалардың ұстануға деген бақылауды
жүргізу;
- қоғамның өте әлсіз мүшелеріне еңбектік құқық аймағында кепілдіктер
мен әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғауға деген нарықтық ынталарды жетілдіру,
талаптарды, шектеулерді іске асыру және оларды пайдалану;
- нарықтық және әлеуметтік құқық аймағындағы, және де сыртқы
экономикалық қатынастағы ортақ ойын тәртіптерін анықтау;
- мүмкін боларлық нарықтық шаруашылық шегіндегі әлеуметтік-
экономикалық үрдістерді макроэкономикалық басқару.
Қазақстан Республикасының экономикасының нарыққа өтуі мемлекеттік
реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі мен орның қайта қаруды талап етті.
Отыз жыл бойы көптеген экономистер жоспар және нарық түсініктеріне қатысты
көп айтысты. Нарықтық қарым-қатынастар шындыққа айнала бастағанда, жоспар
мен нарықтың бір біріне қарама-қайшы емес екендігі белгілі болды, керісінше
олар экономикалық жүйенің сыбайлас толықтырушы элементтері болып шықты.
Ақша-несиелік, нарықтық, кедендік саясат ортақ мемлекеттік жоспарлардың
байланыстылығының болмауының негізінде өз-өзін ақтап шыға алмайды. Осыдан
Қазақстандағы 1990 жылдардың бірінші жартысындағы экономикалық
реформалардың сәтсіздіктерінің мемлекеттің көптеген ұйымдастырушылық-
шаруашылық қызметтерден, соның ішінде ортақ ұлттық жоспарлаудан бас
тартуының салдарынан болды деп айтуға болады.
Әлеуметті нарықтық шаруашылықта мемлекетің осы мәселелерін табысты
шешілуі келесідей мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
а) қоғам өмірінің сапасы мен деңгейінің жоғарылауына;
б) бағалардың тұрақты деңгенін қамтылуына;
в) жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейін;
г) әлеуметтік әділдікті, және әлеуметтік қамтылудың әсерлі қызмет
етуші жүйесін қолдау.
Экономиканы және әлеуметтік қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу
ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша және оларды
өндірудің қажетті қарқының қамтамасыз ету, еркін тауар өндірушілердің
қызмет етуіне жақсы ортақ (саяси, құқықтық, экономикалық) жағдай жасап,
оларға әлеуметік қолдау бар екендігіне кепілдеме беру мемлекеттің
бағытталған қызметі болып табылады,
Мемлекеттік реттеудің негізгі түрлері:
а) құқық нормалары;
б) бюджеттік – салықтық тетіктер (салықтық саясат, мемлекеттік
бюджеттің шығындары, амортизацияланған саясат, есептік саясат, минималді
резервтер саясаты, ақша эмиссиясын басқару, ашық нарықта операциялар
жүргізу, өз еркімен келісу);
в) несиелік-ақшалық құрал-жабдықтар
г) стратегиялық жоспарлау.
Болжау – бұл экономикалық жүйенің болашақ параметрлеріне қатысты
дәлелдендірілген мүмкіндіктер (сапалық және сандық түрде көрсетілген)
кешені. Болжау амалы – бір немесе басқа шарттарда мүмкін болатын жайттарға
объективті, шынайы болжам жасау. Бұл амалды шешу үшін ізденгіш болжам
жасалынады, ол экономиканың дамуының (немесе оның бір қабатының), оған
деген мемлекеттік әсер мінезі өзгеріссіз қалады деген шартта, қандай
екенің көрсетуі мүмкін. Сонымен ізденгіш болжам теріс үрдістерді жеңуге
бағытталған мемлекеттің бірінші болып араласуын талап ететін экономиканың
қабаттарын көрсетеді.
Болжау болашақта мүмкін болатын жайттардың пассивті рөліне ғана
сүйенбейді. Мақсатты болжаулар да жасалынып жатыр. Олар мемлекеттің
экономика алдына қойған мақсаттарын және оларға жетудегі мүмкін жолдарын
анықтайды.
Кез келген деңгейдің не болмаса, кез келген территориядағы өндіріс,
кешен тірлері мен мәселердің болжамы мүмкін және қажет болып табылады.
Болжамдардың келесідей жүйелері перспективті болуы мүмкін:
- мемлекеттегі және шет елдердегі мүмкін боларлық жайттардың
қорытындысын болжау;
- жеке орталардың, экономика кешендерінің, өндірістің нақты
түрлерінің, аймақтың дамуын болжау;
- демографиялық болжау;
- саяси болжау;
- әлеуметтік болжау;
- ғылыми-техникалық болжау;
- сыртқыэкономикалық болжау;
- экологиялық болжау.
Болжамдар жекеленіп жасалынса да, өзара бір-бірімен тығыз байланыста
болады. Олардың негізінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының
ортақ болжамы жасалынады.
Нарықтық экономика жағдаында кез-келген болжамды жасау барысында
келесі жайттар ескеріледі:
1) материалдық ағындарды ұйымдастыру түрлері. Өнімнің барлық
түрлерінің негізгі бөлігі еркін түрде іске асырылады. Осыған байланысты кез-
келген өндірісте өнімділікті арттырудың нақты болжамын жасау, тауар
нарығының конъюнктурасыны туралы нақты ақпарат алынғаннан кейін ғана жүзеге
асырылады;
2) ақша ағымдарын қалыптастыру әдістері. Басты бөлігінің қаржылық
ресурстары тура мемлекеттік реттеу ортасынан шығып қалды. Сондықтан да жеке
капиталдың қандай көлемде алынып, және оның қайда жіберілетіндігін анықтау
маңызды болып табылады.
3) баға динамикасы, оның өндіріске деген әсері, және де оны бөлу.
Қазіргі уақытта баға коньюнктурасын білмей өндіріс бойынша бірде бір нақты
болжамдық баға алу мүмкін емес;
4) теңгенің ішкі конвертирациясы. Валюта қандай кешендерде
табысталынады, және қандай кешенде импортқа жіберіледі екені белгілі.
Болжам оның қозғалысын, яғни бір меншіктен екіншіге өтуін анықтап отырады.
Болжау жоспарлаумен тығыз байланысты, жоспарлы есептердің қажетті
сілтемесі болып табылады.
Жоспарлау – бұл мемлекеттің, басқару органдарының, мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын жасау бойынша шаруашылық
субъектілердің, аймақтардың, кешендердің, меншіктің барлық түрлеріндегі
кәсіпорындардың мақсатты бағытталған қызмет түрі.
Болжау директивтік, индикативтік, келісімшарттық және кәсіпкерлік
болып өз ішінде бөлінеді.
Директивтік жоспарлау мекен-жайлық тапсырмаларды бекіту бойынша және
жоспарды орындаушылардың арасында оларды орындау үшін қажетті ресурстарды
бөлумен сипатталады. Мемлекеттік меншіктің монополиялық шарттарында
өнеркәсіптің негізгі заттарын жоспарлау қоғамның өмірлік шенінің барлық
жақтарына түгелдей таратылады. Директивті жоспарлаудың негізгі рычагі
ретінде бюджеттік қаржыландыру, капиталдық салымдардың лимиттері,
материалды-техникалық ресурстардың қорлары, мемлекеттік тапсырыстар болып
табылады.
Индикативтік жоспарлау дегеніміз нарықтық субъектілердің паритеттік
тең бастамаларда мемлекетпен даму бағдарламаларының жасалуын және іске
асыруын өзіндік қызықтыру әдісі болып табылады. Ол экономикалық рычагтардың
пайдаланудың тауарөндірушілерге, сатып алушыларға, және жалпы нарықтың
өзіне әсерлесуге негізделеді, сонымен қатар мемлекет және жеке капиталдың
қызығушылықтарын үйлесімді реттеуге мүмкіндік береді.
Келісімдік жоспарлау нарық субъектілерін коммерциялық қарым-
қатынастарын реттейді, ол қатынастар өз кезегінде еркін немесе өзара пайда
негізінде өнеркәсіптер арасында, бірлестіктер, банктер, басқару және билік
органдары арасында құрылады. Келісімдік қарым-қатынастар тұрақты өндірісті-
экономикалық байланыстарды, өзара міндеттерді, оларды орындау шарттары мен
нарықтық жағдайда жоспарлылықтың кепілдік шаруашылық механизмін
қалыптастырады.
Келісімдік жоспарлар келісім түрінде, жеткізу туралы контракт түрінде,
қатысу жүйесі және басқа да түрлері бойынша іске асырылады. Келісімдік
жоспарлауды қамтамасыз етуде сәйкесінше экономикалық және құқықтық
сілтемелер келтіріледі: заңнамалық нормалар, тәуелсіз сот жүйесі және т.б.
Кәсіпкерлік жоспарлау дегеніміз әсерлі даму жолдарын негіздеуге және
тандауға бағытталған қаржылық қызметтің және өндірісті-шаруашылық қызметтің
барлық субъектілерінің, кәсіпорынның, фирмалардың қызметі болып табылады.
Оның негізі әртүрлі жеделдікпен орындауға тиісті фирмаішілік жоспарлар,
яғни жедел түрде шешуге қажетті, ағымдағы және стратегиялық амалдардан
тұрады.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мемлекеттің қызметі болып табылады.
Заңға сәйкес, мемлекеттік жоспарлау ҚР әлеуметтік-экономикалық даму
бағыттары туралы ғылыми-негізделген ұсыныстар жүйесін құрайды, ол өз
кезігінде нарықтық шаруашылық заңға негізделген. Сондықтан, заң
жоспарлауды нарықпен байланыстырады. Бұл мемлекеттік кәсіпорын өзінің
мемлекетпен қарым-қатынасын бекітілген жоспарлы көрсеткіштер негізіне
сүйеніп құратынын, ал мемлекеттік меншікте емес өнеркәсіптер және
ұйымдармен нарықтық шаруашылық қағидалар негізінде құратынын білдіреді.
Бұл жағдайларда оларға да мемлекеттік жоспарлау тәртібі жүргізіледі.
Жоспар дамудың қандай да бір негізді нұсқасын ұсынады, алдын-ала
белгілі қорытындыға жетуге бағыттайды, ол – қажетті барлық ресурстар бар
болған жағдайда іске асырылуға жетекші және орындалуға міндетті болады,
бірақ барлық құнмен емес. Қандай орындалмау қатерлерін ескеріп, қайсысынан
алшақ болуды, барлық жағдайларда жоспар өзі шешеді
Стратегиялық, перспективалық, ағымдағы, жедел жоспарларды іске
асырады.
Стратегиялық жоспарлаудың басты амалы дегеніміз ұзақмерзімді
бағдарламаларды іске асыру негізінде болашақта бәсекелестікті, жоғары
әсерлілікті қамтамасыз ету болып табылады.
Стратегиялық жоспар болашақтағы дамуларға, мүмкіндіктер мен мақсаттар
арасындағы сәйкестіктерге, сыртқы ортаға бейімделуге, ресурстарды тиімді
пайдалануға бағытталған.
Даму жоспары мүмкіндіктердің техникалық-экономикалық есептеріне, жаңа
технологияларды еңгізу есібімен дамытуға, ресурстарды тиімді пайдалануға
бағытталған.
Ағымдағы жоспарлау қызметтің нақты бір бағытының анықтамасы мен
негіздемесіне сүйеніп, қаржыландыру көздерінің алдағы 1 жылдың кезеңіндегі
күтілетін қорытындыларын реттеуге бағытталған.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың қажеттілігі келесідей
жайттармен байланысты, яғни:
- ауқымды мәселелерді (экология, ресурстардың азаюы) тек қана ұзақ
мерзімді дамуда, ортақ ұлттық масштабта ғана шешуге болады;
- қоғамдық (ұжымдық) тұтыну бөлігі объективті жоғарылайды, ал оны тек
мемлекеттің көмегімен ғана әсерлі реттеуге болады;
- нарықтың макроэкономикалық балансы мен тұрақтылықты қамтамасыз ете
алмайды;
- қоғам масштабтағы экономиканың әсерлілігін жоғарылату жоспарлаусыз
мүмкін емес;
- басқарудың бір түрі сияқты жоспарлаудың жоқтығы анархияға тең
келеді.
Нарықтық экономика шарттарында жаспарлау жүйесіне бір-бірімен тығыз
байланысқан екі бағыт кіреді.
Біріншісі – бұл мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік
индикативтік жоспарлау, оған ғылыми болжамдар, бағдарламалар, тауарлар мен
қызметтерді өндірушілерге бағытталған басқа да жоспарлы құжаттарды жасап
өндіру жатады. Индикативтік жоспарлау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
дамуының мақсаттары мен дамуынан, параметрлер жүйесінен (индикаторларынан),
осы мақсаттар мен артықшылықтардан, сәйкестіктерден және оларға қол жеткізу
тәсілдерінен тұрады.
Екіншісі – бизнестің шаруашылық (фирмаішілік) жоспарлануы, яғни ол
мемлекеттік бағдарламаларды, болжамдарды, тұтынушының шаруашылық
субъектілік қызығушылықтарына, оның өнімдері мен қызметтеріне нақты
бағытталған қызметті ұйымдастырудың бағытталған көрсеткіштері мен орындаушы
қызметтерін қанағаттандырады.
Макро деңгейдегі халықтық шаруашылық немесе әлеуметтік-экономикалық
жоспар келесілерді анықтайды:
- алдағы 20–25 жылға (болжам) болашақтағы ғылыми жетістіктерге көз
жүгірту;
- өндірістің мақсатты бағыты, ҒТП-ның кешенді бағдарламаларына
қоғамдық болжамдық баға беру және іске асырудың әлеуметтік-экономикалық
қорытындылары, негізгі бағыттар мен ғылым концепциялары, ұзақ мерзімге
деген республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы (15–20 жылға);
- өндірістің технологиялық мен құрылымдық қайта құрылуының іске асыру
басымдықтарын тандау, 5, 10, 15 жылға арналған инвестициялық және сыртқы
экономикалық саясат;
- ағымдағы кезеңдердегі (1, 2, 5 жылға) өндірістік, ғылыми-техникалық,
инвестициялық және интелектуалдық шаманы әсерлі қолдану.
Нарықтық қарым-қатынастарға ауысу шарттарында макро деңгейдегі
жоспарлау ұсынушылық сипатқа енеді. Мемлекет өз кезегінде экономиканы
реттеу мақсатында макроэкономикалық көрсеткіш ретіндегі индикаторлар жиының
жасап шығарады. Мұндай экономикалық реттеушілер (льготтар, лицензиялау,
квота беру, бюджеттік субсидиялар және дотациялар және т.б.) өзара
байланысты болып, индикативтік жоспарда қарастырылған мақсаттарға қол
жеткізуге бағытталу керек.
Кәсіпорын (микродеңгей) өз қызметін өз еркімен жоспарлап, келесі
жағдайларға қарап даму перспективаларын анықтайды, яғни, шығарылатын
өнімге, жұмысқа, қызметтерге сұраным бар болған жағдайда, кәсіпорынның
өндірістік және әлеуметтік дамуының қажеттілігі туындағанда, олардың
қызметшілерінің жеке кірістері жоғарылаған жағдайларда. Жоспарлардың
негізін өнімнің, қызметтің, жұмыстың тұтынушыларымен бекітілген келісімдер
құрайды, соның ішінде материалдық-техникалық ресурстармен қамтитын
мемлекеттік органдармен де келісімдер жасалынып жатады.
Микро- және макроэкономикалық болжам және жоспарлау объектілері
Макроэкономикалық жоспарлау мен болжаудың субъектілері болып, орталық
жоспарлаушы органдар болып табылады.
Микродеңгейде жоспарлау мен болжаудың объектісі болып ұлттық экономика
саналады.
Макродеңгейде болжамдық есептер жасалынады, экономиканы дамытудың
қандай да бір әсерлі нұсқасы анықталады, құрылымдық, инновациялық, құндық,
әлеуметтік, аймақтық, сыртқы экономикалық саясаттың шаралары жасалынады.
Макроэкономикалық болжамның маңызды объектілері болып ұлттық өнімнің
көлемі, жұмыспен қамтылу деңгейі, халықтың кірістері мен жинақтары,
жұмыссыздық көрсеткіштері және т.б. табылады.
Микродеңгейде жоспарлау мен болжаудың объектісі болып фирмалардың
өндірістік-шаруашылық қызметі саналады. Зерттеу объектілері болып сұраныс
пен өнім көлемі, өндірістік ресурстарға деген қажеттілік өндіріс шығындары
мен баға және т.б. табылады. Кәсіпорынның негізгі жоспарлы құжаты болып
бизнес-жоспар табылады.
Жоспарлау мен болжаудың субъектісі — кәсіпорынның жоспарлы-қаржылық
органдары, маркетингті және техникалық бөлімдер болады.

2 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі

Жүйе термині грек сөзінен шыққан, мағынасы – толық, бөлшектерден
және қосындылардан құралған дегенді білдіреді.
Жоспарлау жүйесі негізінде ұйымдастырушылық үлгілер мен әдістердің
жиынтығын құрайды, олардың негізінде қоғамның экономикалық заңдарының
талаптары іске асырылады.
Ол өз құрамына мерзімі бойынша барлық деңгейдегі әлеуметтік-
экономикалық дамудың болашақтағы және ағымдағы жоспарларын құрайды. Бұл
жоспардағы амалдар, оларды жасау әдістері, оларда қолданылатын
көрсеткіштері өзара шартталған.
Теорияда және тәжірибеде құрамына, мағынасына, орындалу мерзіміне және
тағы да басқа да белгілері бойынша жоспарлардың көптеген түрлерін ажыратуға
болады:
1) мағынасы бойынша экономикалық саясат және кәсіпкерлік қызмет
аспектілерінде:
- стратегиялық жоспарлау, онда мемлекеттік саяси-экономикалық
саясатты іске асыру бағыттары мен әдістері, дамуы бойынша шаруашылық
субъектілердің мақсатты амалдары, ұзақ кезендік уақыттағы қызметтің қайта
бағытталу модификациялары негізделеді. Ол жаңа мүмкіндіктерді іздеуді
талап етеді;
- тактикалық жоспарлау, онда нарықтың өзгермелі коньюнктурасын
есепке ала отыра қысқа мерзімді даму амалдары шешіледі. Ол белгілі
мүмкіндіктерге сілтемелерді анықтайды;
- жедел жоспарлау, өте қолайлы қысқа мерзімдегі (жыл, мезгіл, ай,
декада) бар мүмкіндіктердің іске асырылуы.
2) қамту деңгейі бойынша:
- жоспарлау, осы мәселеге қатысты барлық аймақтар мен көлемдер
(кешенді, халықтық шаруашылық);
- бөдшектеп жоспарлау (белгілі бір аймақтар мен көлемдер,
территориялық- аймақтық);
- кәсіпорын деңгейінде (фирма).
3) орындалу мерзімі бойынш:
- қысқамерзімді (жедел) жоспарлау (жарты жыл, квартал, мезгіл, ай,
апта); 2. ортамерзімді (тактикалық) жоспарлау ( 1-ден 5 жыл аралығында).
4) жоспарлау тереңдігі бойынша:
- ауқымды;
- контурлық;
- шектеулі;
- бөлшектік.
5) қызмет ету аймақтары бойынша – жоспарлау бөлінеді:
- өндірісті жоспарлау;
- қызметкерлерді жоспарлау;
- қаржыны жоспарлау;
- инновациялық жоспарлау;
- дайындалған заттар мен шығындарды жоспарлау.
6) мәліметтердің өзгеруі бойынша: қатты (жоспарды орындау барысындағы
көрсеткіштердің өзгермеуі); иілгіш (шарттардың өзгеру есебіндегі
көрсеткіштерді кезеңдік дұрыстау);
7) уақыт реті бойынша: тәртіптендірілген, ағымдағы (мерзімі өтуі
бойынша – жаңа жоспарлар);
8) уақытша бейімделу бойынша:
- реактивті (тек қана өткенге мақсатталған);
- инактивті (тек қана қазіргі уақытқа бейімделетіндер);
- преактивті (тек қана болашаққа қарауды қалайтындар);
- интерактивті (жоспарлаудың барлық жақсы идеяларының өзара
әсерлесуіне бағытталған).
9) жоспарлау тәсілдері бойынша: астынан үстіне (прогрессивті тәсіл);
үстінен астына (ретроградты тәсіл); айналмалы тәсіл (қарсы жоспарлау).
Жоспарлау жүйесі мақсаттары мен амалдарына байланысты өзіне
болжамдарды ұйымдастырудың әр түрлі түрлері мен әдістерін қосады.
Болжамдар типологиясының маңызды белгілері болып болжам масштабы,
уақыты, объект кескіні, болжам қызметі табылады
Масштабы бойынша болжамды келесідей ажыратады:
- макроэкономикалық (халықтық шаруашылық) және құрылымдық (салааралық
және аймақаралық) болжамдар;
- халықтық шаруашылық кешендерді дамыту болжамдары (жанармай-
энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық, өндірістік инфрақұрылым,
халыққақа қызмет көрсету орталықтары және т.б.);
- салалық және аймақтық болжамдар, халықтық шаруашылық жүйелердің,
яғни кәсіпорындар, өндірістік бірлестіктердің, сонымен қатар жекеленген
өндірістер мен өнімдердің алғашқы түйіндерін болжау.
Алдын-ала уақыты бойынша болжамдар бөлінеді: жедел, қысқа мерзімді,
орта мерзімді, ұзақ мерзімді, алыс мерзімді. Жедел болжамның орындалу
кезеңі – бір айға дейін, қысқа мерзімді – бір айдан бір жылға дейін, орта
мерзімді – бір жылдан бес жылға дейін, ұзақ мерзімді – бес жылдан жоғары
болғанда.
Жоғарыда көрсетілген болжам түрлері зерттелетін мәселелерге баға беру
келбеті және өзінің мағынасы бойынша бір-бірінен ажыратылады.
Жедел болжамдар бойынша болжанып отырған кезеңде ешқандай өзгерістер
болмайды, және зерттелетін объектіде сандық және сапалық өзгерістердің
болмайтынынан негізделеді. Оларда күтілетін жайттардың сандық бағалануы
басым болады.
Қысқа мерзімді болжамдар тек қана сандық өзгерістерге сүйенеді.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар – зерттелетін объектіде
сандық қана емес сапалық өзгерістерге де бағынышты болады. Орта мерзімді
болжамдарда баға сандық-сапалық болса, ұзақ мерзімді болжамда керісінше
сапалық-сандық болады.
Зерттелетін объектінің мінезіне байланысты болжамдардың бөлінуі
өндіргіштік үрдістің әр түрлі аспектілерімен байланысты болады.
- өндіргіш күштер мен өндіргіштік қарым-қатынастардың дамуы,
әлеуметтік-экономикалық алғышарттар және ҒТП қорытындылары;
- халықтық шаруашылықтың өсу динамикасы, темпі, факторлары және
құрылымы, еңбек ресурстарын өндіру, табиғат ресурстарын экономикалық
тұрғыда пайдалану, негізгі қорлар мен капиталдық салымдардың қайта
жасалынуы;
- халық өмірінің деңгейі, қаржылық қарым-қатынастар, кірістер мен
бағалар, сыртқы экономикалық байланыстар.
Келтірілген бағыттардың әр қайсысының өз мағынасы бар және де өз
негізіне сүйеніп жасалына алады. Сонымен қатар олардың арасында әдістемелік
бірлік бар, ал ол жалпы халықтық шаруашылықтың болжамына ғылыми негізді
қамтамасыз етеді.
Экономикалық болжам болжамның басқа түрлерімен бірігіп жұмыс істейді.
олар: әлеуметтік, саяси, демографиялық, ғылыми-техникалық, табиғи
ресурстарды болжау. Бұл болжамдардың қорытындылары халықтық шаруашылық және
экономикалық болжамның басқа да түрлерінде ескеріледі. өз кезегінде,
экономикалық болжам – басқа да барлық қоғамдық үрдістердің дамуының жоспары
мен болжамын құрайды. Болжамның әр түрлі түрлерінің байланысы оларды жасау
ретінде де айқын байқалады. Сонымен, экономикалық болжамдар ғылыми-
техникалық болжамдардан кейін , табиғи ресурстар және демографиялық
үрдістерден кейін жасалынады.

3 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың методологиясы

Жоспар мен болжау методологиясының ғылыми негіздері
Методология – бұл қазіргі нақты жағдайды мойындау және қайта
қалыптастыру мақсатында зерттелетін әдістердің жиынтығы болып табылады. Ол
ортақ философиялық әдіспен бірге, нақты ғылым әдістерін де қосып алады.
Философиялық әдіс диалектиканы қосып алады, оның негізін табиғаттың және
қоғамның дамуының ортақ заңдары, сонымен қатар ғылыми ойлау қағидалары
құрайды. (индукция, дедукция, талдау, синтез, аналогия, салыстыру,
эксперимент).
Формальды, математикалық заңдармен қатар диалектикалық логикадағы
заңдар да қолданылады. Нақты жетістіктерге жетуге қажетті формальдық логика
дедукцияның логикалық жүйесін құруға мүмкіндік береді. Математикалық
логика, формальдық логиканың даму кезеңі бола тұра, белгілер мен
формулалардың арнайы тілімен қаруландырады, оның көмегімен логикалық
есептер, бағдарламаландырулар жүргізіледі. Диалектикалық логика білім мен
ойлаудың ортақ әдісі болып табылады. Өзара өткізе алатын қарама-
қайшылықтарды тіркейтін логикалық категориялар жүйесі абстрактыдан нақтыға,
қарапайымнан күрделісіне қарай өтуге мүмкіндік береді. Танып білу теориясы
болып жатқан жайттарды ойлауға көрсеткіш үрдіс түсіндіріледі.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау экономикалық теориямен
қалыптасатын объективті түрде қызмет ететін заңдар және заңнамаларды біліп
және пайдалануға тәуелді. Экономикалық ғылым жоспарлы қызметтің
объектілерін зерттейді және сәйкес түсініктер, категориялар мен заңдарды
қалыптастырады.
Заң қатаң тәуелділікті, экономикалық жайттар арасындағы себепті-тергеу
шарттылықты көрсетеді. Заңнама тенденция түрінде, белгілі деңгейлер мен
байланыс тығыздығымен сипатталады. Болжам мен жоспарлаудың методологиясының
негізін ортақ заңдармен қатар, қоғамдық өнімді өндірудің ерекшелігінің
экономикалық заңдары да құрайды.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарлау және болжау
методологиясының әлемдік тәжірибеде екі түрі қалыптасқан.
Біріншісі кең өндірілетін маркстік теорияға негізделген.
Екіншісі – кейнстік, монетарлық және басқа да теориялар.
Біріншісінде командалық-әкімшілік жүйе шарттарындағы жоспарлау
(директивті жоспарлау) байқалады.
Ал екіншісі нарықтық экономикасы бар мемлекеттердегі болжау мен
жоспарлаудың негізі болып табылады. Бұрынғы социолистік мемлекеттердің
нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты ортақ біріңғай методология
қалыптасады.
Экономиканы жоспарлауды болжау мен жоспарлаудың методологиясы
болжанатын және жоспарланатын есептердің негізгі қағидалары мен әдістерін
анықтайды, болжамдар мен жоспарларды қалыптастыру логикасы мен оларды
орындаудың амалдарын ашып сипаттайды.
Қағидалар – бұл жоспарлау мен болжаудың негізін қалаушы тәртіп, яғни
ол дегеніміз, олардың нақты бағыттылығының, жүйелігінің, құрылымының,
логикасы мен ұйымдастыру тарапынан жоспарларды болжау және негіздеуді
қалыптастырудың алғашқы күйі. Басқаша айтқанда бұл болжам мен жоспарды
жасаудағы негізгі талаптар болып саналады.
Әдістер – бұл болжамдарды, жоспарларды, бағдарламаларды жасауда
қолданылатын әдістер, тәсілдер. Олар болжау мен жоспарлаудың методологиялық
қағидаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.
Логика – болжамдық есептер мен негізделген жоспарлы шешімдерді
келтірудегі ісәрекеттердің тәртіпті реті.
Методологияны құраушы негізгі бөлігі болып методика қарастырылады. Ол
өз алдына жеке Она носит частный характер и находится в соподчинении с
методологией.
Методика – нақты болжамдарды немесе жоспарлы есептерді жүргізу үшін
қолданатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығын айтады. Оған мысал ретінде
макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау бойынша Халықаралық валюталық қор
методикасы немесе ғылыми-техникалық іс-шараларды еңгізу әсерлігін анықтау
методикасын және микродеңгейдегі көрсеткіштер деңгейін келтіруге болады.
Әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеуге ортақ методологиялық
ықпал диалектикалық әдісті анықтайды, олар зерттелу объектілеріне жататын
зерттелетін жайттар мен фактілереге жетік енуді, олардың арсындағы
байланысты құруды қамтамасыз етеді. Ал ол зерттеудің ортақ ғылыми
әдістерінің негізімен қатар ерекшеліктерімен бірге іске асырылады.
Ортақ ықпалдардың ішінен келесілерді ажыратып көрсетуге болады:
тарихи – оның мағынасы әр жайттың оның тарихи үлгілерімен өзара
байланыста болуымен түсіндіріледі;
кешенді – өзара байланыстағы жайттарды қарап, оның басқа да
үрдістермен, жайтттармен байланысын көрсетеді;
жүйелі-құрылымды – бір жағынан дамушы тұтастықтың экономикалық жүйесін
қараушы болса, екінші жағынан жүйенің өзің құраушы элементтеріне және
онымен әсерлесушілерінің мүшенленуін айтады.
Кешенді ықпалдың өз шегінде келесі түрлері бөлінеді: генетикалық және
мақсатты ықпалдар. Генетикалық ықпалдың мағынасы даму заңдылықтарын
зертеуді анықтау және шыққан деңгейіне баға беруге сүйеніп, болашақтағы
дамуының кезеңдері мен мүмкін бағыттарын қадағалап отырумен сипатталады.
Бұл ықпал өткен шақта болған, қазіргі екпінді жайттарды, сонымен қоса
болашаққа әсер ететіндерді толыққанды ескереді. Осы ықпалды іске асыру
барысында құбылыстардың реті өткен және қазіргі жайттардан болашаққа
өтетіндігі қарастырылады. Генетикалық ықпал объектіні жан-жақты қарап,
олардың даму тенденцияларын және осы объектіге әсері тимейтін мүмкін
боларлық шешімдерді анықтайды.
Мақсатталған ықпалда мақсат анықталады, және оған жетудің мүмкін
боларлық жолдары белгіленеді, яғни ол келешекте іске асырылатын нақты
қорытындыдан шығады. Бұл ықпалда жайттардың байланысы келешектегіден
қазіргіге дейін қарастырылады.
Бұл екі ықпал бір-бірімен өзара тығыз байланыста болғанда
пайдаланылады, себебі объект туралы мәлімет алып отыру керек, оған еш
әрекет етпестен, және де мақсат қоя отыра, оған қол жеткізу жолдарын
анықтау керек.
Жоспар мен болжаудың методологиясының ғылыми негізі болып қоғамның
даму заңдары мен экономикалық теория жатады. Болжамдық қызметтерді
диалектика заңдары орындайды: қарама-қайшылықтардың бірлігі және олармен
күрес заңы, сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысым заңы, теріске
шығару заңы. Экономиканың болашақ дамуы бойынша ғылыми қөзқарастардың
қалыптасуының теориялық негізі болып экономикалық теория саналады.
Кейнстік, монетарлық және маркстік теориялардың маңызды қырларын
қарастырайық, олар экономикалық және әлеуметтік үрдістердің болжау және
жоспарлау методологиясына бағынады.
Кейнстік теория жиынтықтық шығындар (жиынтықтық сұраныс) мен оларды
құраушыларға бекінеді. Кейнстік теңдіктің негізгі құраушылары:

C + G + I + (E~ М) = Y,

мұнда С – жеке сектордағы ішкі сұраным, қолданыс;
G – мемлекеттік шығындар;
– инвестициялар;
Е – тауарлар мен қызметтер экспорты;
М – тауарлар мен қызметтер импорты;
У – аралық пайдалануды алып тастағандағы тауарлар мен
қызметтердің көлемдері.
Теңсіздік жағдайында сол жақ бөлігі (жиынтықтық шығындар) он жақ
бөлікке (мемлекеттегі өнім көлемене) тең болады. Экономикалық өсудің
кейнстік моделі балансты өсуді қамтамасыз ететін сұраным роліне
негізделеді. Осы модельде ҮҰӨ есептеу методикасы, мүмкін боларлық
инвестициялық ағымдар, тауарлар мен өнімдердің экспорты мен импорты көрініс
табады.
Монетарлық теорияның негізін қалаушы М. Фридмен болып табылады. Осы
теорияға сәйкес тұрақтандырылған саясаттың негізгі параметрі болып, ақша
ұсынысының көлемі саналады, яғни осыдан монеторизмнің басты бағыты ақшаға
негізделеді. Негізін қалаушысы – айырбас теңдігі болады

MnV = PQ,
мұнда МД – ақша ұсынысы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Р – бағалар деңгейі;
Q – өндірілген тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемі.
Монетарлық саясат – ақша ұсынысына әсер ететін ақшалы-несиелі жүйенің
мүмкіндігіне, сәйкесінше процент ставкасына сүйенетін негізгі
макроэкономикалық құралдардың бірі болып табылады.
Маркстік теорияның негізгі күйлерінің ішінен келесілерді ажыратып
көрсетуге болады: қоғамдық өндірісті екі сфераға бөлеміз, біріншісі –
материалдық өндіріс сферасы, онда материалдық игіліктері мен қызметтері
өндіріледі, ал екіншісі өндірістік емес сфера, ол өз кезегінде әр түрлі
материалдық емес қызметтер көрсетеді, яғни өндірісті сфераны екіге бөліп
қарастырады:
I бөлімі – өндіріс құралдарының өндірілуі,
II бөлімі – тұтыну құралдарының өндіру; жиынтықты қоғамдық өнімге
және өндірілген өнімнің (тауар) кез-келген түрінің бағасы бойынша екі
бөлікке бөлінеді: пайдаланып кеткен өнім заттарының құны (с) және жаңа
құрылған құн (v + т), мұндағы v –қажетті өнімнің құны және т – қосылатын
өнімнің құны; q жағдайы қосылатын өнім жиын көзі ретінде, және жиын туралы,
ол кең көлемдегі өнім көзі ретінде болады. Бұл жайттар болжанатын
(жоспарланған) кезеңдегі ортақ экономикалық сәйкестіктердің қалыптасу
барысында үлкен маңызға ие болады. Солардың негізінде приоритеттері, яғни
артықшылықтары бөлінеді, тұтыну қорлары және жинақтар арасындағы, өндіріс
пен тұтынушы арасындағы және басқаларының қарым-қатынасы қалыптасады.
Болжам мен жоспарлаудың методологиялық қағидалары
Болжам мен жоспарлардың жасалынуы методологиялық қағидаларына
негізделеді. Болжамның негізін қалаушы қағидалар келесілер:
Альтернативтік қағида, ол көп нұсқалық болжамдық жасалымдарды
(альтернативаларды) талап етеді. Осы қағидаға сәйкес, негізгісі болып осы
екеуінің ең жақсы нұсқасы немесе бірнеше мүмкін нұсқалары алынады. Бұл
қағида болжамның бар мінездерінен шығады, және де экономиканың дамуының
мүмкіндіктерімен, сонымен қатар оның әр түрлі траекториялар бойынша
буындарына байланысты болады.
Болжамның, және де жоспарлаудың маңызды методологиялық қағидаларына
келесілерді жатқызуға болады: жүйелілікті, үздіксіздікті, кешенділікті,
баламалықты, мақсаттылықты және приоритеттілікті, оптимальділікті;
бірегейлікті және қарама-қайшылықты, әлеуметтік бағытталушылықты,
жоспарлаудың кешенді және аймақтық аспектілерінің бірлестігін айтуға
болады.
Жүйелілік қағидасы экономикалық жүйелердегі сандық және сапалық
заңдылықтарды зерттеуді түсіндіреді, логикаға сүйенсек, мұндай зерттеу
тізбегін құрудың өзі жүйенің ортақ мақсаттық анықтамасынан кез-келген
шешімді жасау және негіздеу үрдісінен шегіну керектігін және де барлық жүйе
бөлімдерінің қызметін алға қойған мақсатқа жетелеу керектігін көрсетеді. Ол
кез-келген жүйені көптеген жүйе бөлімдеріне мүшелеуге мүмкіндік береді
(экономика кешендерге бөлінеді, ал кешендер – кешен бөлімдеріне жәнек
т.б.). Бұл қағида 38 моделдік әдісі бойынша көрсеткіштер жүйесін құрады,
және олар әр объектінің мағынасына сай келіп, оның дамуының тұтас бейнесін
құруға мүмкіндік береді.
Экономикалық дамудың үздіксіщдігіне байланысты ғылым мен техниканың
даму деңгейіндегі өндірістің жаңдануында жоспарлаудың үздіксіздік қағидасы
сақталауы керек, яғни болжамдар мен жоспарлардың ауыспалылығы. Осы қағидаға
байланысты әр түрлі уақытша аспектідегі болжамдар мен жоспарлар жасалынуы
керек және өзара байланыста болу керек. Сонымен, орта мерзімді жоспарлар
ұзақ мерзімді жоспарларда көрініс табатын перспективті бағыттардың
негізінде жасалынуы керек, ал қысқа мерзімділер – сәйкесінше орта мерзімді
жоспарлардың көрсеткіштеріне сүйену керек. Ұзақ мерзімді жоспарлар түзетуге
жарамды болу керек, және қажетті сәйкес кезеңге ұзартылып отыруы тиіс. Бұл
қоғамның жаңа қажеттіліктерінің пайда болуымен, техникадағы үлкен
өзгерістердің болуымен және басқа себептерге байланысты болады.
Мақсатты бағытталған және артықшықты қағидалар әр жоспардың мақсатты
болуын талап етеді, басқаша айтқанда нақты мақсатқа жетуді көздеу керек, ал
артықшылық ретінде экономика салалары мен әлеуметтік-экономикалық мәселелер
бөлінеді, олардың дамуынан және шешілуінен жалпы экономиканың дамуының
қандай деңгейде екенін білуге болады. Осы қағида ресурстарды экономиканың
дамуының басты бағыттарына, жалпы мемлекеттік мағынасы бар мәселелерді
шешуге жетелейді.
Артықшылық қағидасы кешенділік қағидасымен тығыз байланыста іске
асырылады, ол зерттеудің барлық жақтарын қарастырып, оның басқа үрдістер
және жайттармен байланысының тәуелділігін көрсетеді. Маңызды кешендердің
дамуында артықшылықты қамтамасыз етуде оның басқа да кешендердің сай дамуы
қарастырылады. Оы қағидалармен бірге әлеуметтік бағитталған қағида да тығыз
байланыста іске асырылу керек, ол әлеуметтік мәселелердің артықшылығының
шешілуін қамтамасыз етеді.
Экономиканың жүзеге асырылуының ең бір әсерлі дамуын қамтамасыз ету
мақсатында, ең қолайлы қағидасы сақталу керек. "Оптималді" термині ең күшті
деген мағына береді, яғни барлық мүмкін боларлық нұсқалардың ішінде ең
күштісі, ең әсерлісі. Оптималділік әрине өнімділіктің әсерлілігінің
жоғарылауымен байланысты болады. Оптималділік – бұл экономиканың мынадай
бір түрі: халықтық шаруашылық пен қоғамның бар ресурстарын, оларды тиімді
пайдалануын ескере отыра керекті қажеттіліктерді максималды түрде
қанағаттандырумен сипатталады. Бұл қағида оптималды жоспарлауды дамыту
жоспарларымен, яғни ЭЕМ пайдалануға негізделумен, экономикалық-
математикалық моделдеумен, БЖА (басқару жүйесін автоматтандыру) шегіндегі
оптималдық амалдарды шешумен іске асырылады.
Адекваттылық қағидасы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің жасалынуында
көп жағдайда міндетті түрде қарастыру мақсатты болып саналады. Экономиканың
дамуын болжауда және тиімді жоспарлауда үрдісінде қолданылатын экономикалық-
математикалық моделдеулер барабар болуы тиіс, яғни шынайы үрдістерді
көрсетуі тиіс. Барлық жоспарлық және болжамдық есептердің шешімдері көп
жағдайларда осыған байланысты болады.
Экономиканың бірегей және үйлесілімділіктің дамуы бірегей және
үйлесілімділік қағидасының жоспарлары мен болжамдары жасау үрдісін есептеу
барысында ғана мүмкін болады. Бұл қағиданың өмір шендігі көрсеткіштердің
бірегейлік байланысымен, үйлесілімділікті құрумен, оларды сақтауды қамтумен
байланысты болады.
Барлық үйлесілімділіктердің келбеті және мағынасы жағынан бірнеше
топтарға бөлінеді:
- ортақ экономикалық;
- аралық және ішкі салалық;
- аймақтық;
- сыртқы экономикалық.
Нарықтық қарым-қатынастарға өту кезеңінде аса үлкен көңілді ортақ
экономикалық үйлесілімділіктерді қалыптастыруға және оларды орындауды
қамтамасыз етуге бөлуіміз керек. Ортақ экономикалық үйлесілімділіктерге
келесі қарым-қатынастарды жатқызуға болады: сұраныс пен ұсыныс арасындағы,
тұтынушылық және жинақталушылық арасындағы, мемлекеттің кірістері мен
шығыстары арасындағы, ақша массасы мен тауар ресурстарының арасындағы,
өнеркәсіп өнімдерін өндіру және тұтыну өімдерін өндіру арасындағы, еңбек
өндіргіштігінің өсуі және жалақы арасындағы және т.б. айтылған қарама-
қайшылықтарың бұзылуы экономикада теріс көрініс табады (инфляция,
өндірістің төмендеуі және сол сияқты).
Экономиканың әр түрлі салаларының арасындағы қарым-қатынасты
көрсететін сала аралық үйлесілімдіктер де маңызды. Олар сала аралық
баланстың көгімен құрылады.
Ішкі салалық үйлесімдер біріккен өндірістердің жекеленген түрлерінің
арасындағы қатынастарға байланысты болады.
Мысалы, жеңіл өндірістегі, жіпті иіру өндірісі (иіру), маталар
(тоқымашылық) мен оларды өндеу өндірістері арасындағы қатынас.
Аймақтық үйлесімдер өңірлер арасындағы қатынасты көрсетіп, мемлекет
территориясы бойынша өндірісті орналастыруды реттеп отырады.
Сыртқы экономикалық үйлесімдер – бұл мемлекет ішіндегі өндірілетін
өнім мен тауарлардың экспорты мен импорт көлемінің арасындағы қатынас.
Жоспарлаудың салалық және аймақтық аспектілерінің үйлесімдік қағидасы,
чсалалық жоспарлардың белгілі бір аймақтың қызығушылықтарын ескере отры
жасалуын және жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануын қадағалап отыруды
талап етеді. Салалық жоспарлау әр салада бірыңғай техникалық саясатты
жүргізуге, сала өніміне сұранысты анықтауға, қажетті үйлесілімділіктерді
қолдауға (сала ішілік, сала аралық), берілген тәжірибені пайдалануға және
тағы да басқа амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Өңірлердің
шаруашылығының кешенді дамуын, өндірістің тиімді орналасуын, әлеуметтік
және экологиялық мәселелерді шешуде аймақтық жоспарлаудың маңызы өте зор.
Осы қағиданы ұстану қоғамық өндірістің, халық жағдайының және қоршаған
ортаның жағдайының жақсаруының әсерлігін жоғарылатады.
Жоспар-болжам көрсеткіштер жүйесі
Экономиканың дамуын көрсеткіштер жүйесі сипаттайды, ал олардың құрамы
мен қатарын болжамдар және жоспарлар мағынасы анықтайды.
Көрсеткіш – экономикалық котегорияның, үрдістің немесе құбылыстың
сандық түрдегі үлгісін көрсетеді.
Көрсеткіштер жүйесіне сонымен қоса нормативтер және лимиттер қосылады.
Нормативтер – қатысты көріністегі көрсеткіштер.
Лимиты – бекітілген соңғы қорытындыларға жету үшін шығынның барынша
мүмкін шамасы көрсетітінресурстық көрсеткіштер.
Көрсеткіштер жүйесі блоктардан құралады, олар кең өндірілудің әр түрлі
аспектілеріне сай келеді. Экономикалық және әлеуметтік үрдістердің болжам
және жоспарлау көрсеткіштерінің негізгі блоктары болып саналады: өндіріс,
еңбек ресурстарының, негізгі және сыртқы қорлар, капиталдық салынымдар,
табиғи ресурстар, ғылыми-техникалық прогресс, қаржы және ақша айналым,
халықтың әлеуметтік дамуы және деңгейі, сыртқы экономикалық байланыстардың
көрсеткіштері.
Экономиканы басқару деңгейіне байланысты оны макроэкономикалық
көрсеткіштері бойынша салалық және аймақтық деп ажыратады. Көрсеткіштердің
бір бөлігі өтпелі сипат алады, олар барлық деңгейлерде қолданылады, мысалы
қоғамдық өндірістің әсерлі көрсеткіштері (көп заттылық, қор алушылық, еңбек
өнімділіг). Басқа көрсеткіштер салалық және аймақтық ерекшеліктерді
анықтайды.
Болжау мен жоспарлаудың көсеткіштері есеп және статистика
көрсеткіштерімен тығыз байланысты бола тұра әдістемелік бірлік және
салыстырушылықты игеру керек. Көрсеткіштер жүйесі кешенді болу керек, яғни
тек қана экономикалық қана емес, сонымен қоса әлеуметтік үрдістерді де
көрсете білу керек.
Барлық көрсеткіштер бөлінеді: табиғи және құнды, абсолютті және
қатысты, сандық және сапалық, бекітілген, индикативті және есептік.
Көрсеткіштерді табиғи және құнды деп бөлу еңбектің екі жақты сипатынан
туындайды, және тауарлы-ақшалы қарым-қатынастардың бар болуымен байланысты
болады.
Табиғи көрсеткіштер қайта өндірудің заттық аспектісін көрсетеді. Олар
физикалық және шартты бірлік өлшемімен бекітіледі: тонналарда, метрмен,
данамен, банктің шартты мыңдығымен, жанармайдың шартты тоннасымен және т.б.
Құндық көрсеткіштер ақша үлгісінде анықталады. Олардың көмегімен
өнімді өндірудің ортақ мөлшерлері, өндіріске жіберілген шығындар,
кәсіпорынның және мемлекеттің кірістері мен шығындары және тағы да
басқалары есептелінеді.
Көрсеткіштерді сандық және сапалық етіп бөлу өндіріс масштабының
сипаттамасы және оның интенсификациясының қажеттілігімен байланысты.

Көрсеткіштер абсолюттік сипатта, және қатысты сипатты есеп алысады.
Біріншісі – көрсеткіштердің жиытықтық абсолюттік көлемін көрсетсе, екіншісі
– өсу қарқыны мен өсу барысын, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы сәйкес
көлемдердің динамикасы туралы мәлімет береді.
Экономиканың төменгі звеноларының жоғары деңгейлерімн қарым-қатынасы
бекітілген, индикативтік және есептік көрсеткіштерінің жүйесінде көрініс
табады.
Бекітушілік көрсеткіштерге жоғары дәрежелі органдармен бекітіліп,
төмеңгі дәрежелілерге тапсырма түрінде берілетін көрсеткіштерді айтамыз,
мысалға, өнімді жеткізу туралы немесе табиғи ресурстарды пайдалануға шектеу
қоюлар сияқты және т.б. Оларға, сонымен қатар экономиканы реттеп отыратын
реттеуіштер түрінде қолданатын экономикалық нормативтерді жатқызуға болады.

Индикативтік көрсеткіштер ақпараттық сипатта болады. Олардың көмегімен
мемлекет шаруашылық субъектілерін қажет етілетін экономикалық саяат туралы
ақпараттандыра алады. Олар бизнес-жоспарларды жасау барысында негіз бола
алады.
Есептік көрсеткіштер басқаларымен салыстырғанда, қосалқы, көмекші
түрінде болады.
Экономиканың төменгі звеноларының өз бетінше қызмет етуінің кеңейюімен
байланысты нарықтық қарым-қатынастарға көшуде бекітілетін көрсеткіштердің
шеңбері тез қысқарған, соның салдарынан индикативтік көрсеткіштер айналасы
кеңейген.
Қазіргі уақытта бекітетін көрсеткіштерге мыналар жатады: мемлекеттік
тапсырыс, олжа лимиттері мен табиғи ресурстарды ортақтандырылған
мемлекеттік инвестицияларды, экономиалық нормативтер (монополистік
кәсіорындар үшін тиімділік нормативтері, салықтар ставкасы, минимальды
тұтынушылық бюджет, минимальды жалақы және т.б.).
Мемлекеттік тапсырыс экономиканы реттеуші ролін атқарады. Ол шет
елдерде (АҚШ, Жапония, Франция және т.б.) және ТМД елдерінде кеңінен
қолданады.
Шет елдерде ол ертеден пайдаланып келеді. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік
тапсырыс 1933 жылы алғаш бекітілген. Бұрынғы КСРО елдерінде ол ең алғаш рет
1988 жылдың әлеуметтік эәне экономикалық дамуының мемлекеттік жоспарының
құрамында құрылған болатын.
Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында келесідей қағидалар
сақталу керек: оны конкурстық негізде орналастыру; тапсырыстың орындалуын
ынталандыру; екі жақтың бірегейлі жауапкершілігі, сәйкесінше, орындаушы мен
тапсырыс берушінің.
Мемлекеттік тапсырыстың құрамына мемлекеттік қажеттілікті
қанағаттандыру үшін қажетті маңызды өнім түрлерін жеткізу, өндірістік
күштер мен ортақ мемлекеттік мағынасы бар объектілерді ске қосу, маңызды
мәселелерді шешу бойынша ғылыми-техникалық бағдарламарды іске асыру, ғылым
мен техниканың жаңа жетістіктерін өндіріске еңгізу кіреді, осылардың
барлығы алдағы уақытта маңызды әсер береді.
Мемлекеттік тапсырысты орындауды ынталандырудың шаралары ретінде
жеңілдіктік шарттардағы несиелер пайдаланады:салық бойынша және бюджетке
түсетін басқа төлемдердің жеңілдіктері; мақсатты дотациялар және
субсидиялар; заттық ресурстарды ортақтандырып бөлуді басты қамтьамсыз ету
және тағы да басқа жеңілдіктер.

4 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістері

Система методов прогнозирования и планирования
Экономиканы болжау және жоспарлау өте күрделі көп сатылы және
қайталамалы үрдіс, оның жүзеге асырылу барысында көптеген әлеуметтік-
экономикалық және ғылыми-техникалық мәселелердің кең шеңбері қарастырылады,
сонымен қоса көптеген әр қилы әдістердің жиынтығы пайдаланады. Соңғы
жылдардағы жоспарлау қызметінің теориясы мен тәжірибесінде болжау мен
жоспарлауды жасаудың әр түрлі әдістерінің маңызды түбегейлі жиыны жиналған.
Ғалымдардың айтуы бойынша, болжамның 150-ден аса әр түрлі әдістері бар, ал
тәжірибеде тек негізгісі болып 15–20 ғана пайдаланылады. Ақпараттандыру
мен есептеуіш техникасының құрылғыларының дамуы пайдаланып жүрген болжам
мен жоспарлаудың әдістерін кең ауқымын құруға мүмкіндік береді.
Қалыптасу деңгейі бойынша экономикалық болжау әдістерін интуитивтік
және қалыптасқан деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Интуитивтік әдіс интуитивтік-логикалық ойлауға сүйенеді. Оларды
мынадай жағдайларда қолданады: болжау объектісінің аса күрделілігіне
байланысты көптеген факторлардың әсерін ескеру мүмкін емес болғанда немесе
объект тым қарапайым болып, үлкен есептерді қажет етпеген жағдайларда.
Мұндай әдістерді болжамдардың нақтылығын жоғарылату үшін қалыптасқан
әдістермен бірге басқа да жағдайларда да пайдалану мақсатты болады.
Интуитивтік әдістердің ішінде эксперттік баға беру әдісі кең таралымға
ие болды. Олар тек біздің елде ғана емес, шет елдерде де өндірістің дамуына
болжамдық баға беру барысында, ғылыми-техникалық үрдісте, ресурстарды
пайдалану әсерлілігінде және тағы да басқа жағдайларда кенінен қолданылады.
Сонымен қоса тарихи аналогия әдісі мен үлгі бойынша болжау әдістері де
кең көлемде қолданады. Бұл жерде өзіндік бір экстраполяция байқалады.
Болжау техникасы жоғары дамыған жүйенің )мемлекет, аймақ, сала) бір және
соған жақын деңгейдің , ал ол болса осындай жүйенің шамалы дамыған
деңгейінде болады, осы айтылып отырған үрдістің даму тарихына сүйенетін
болсақ, жоғары дамыған жүйеде шамалы дамығандары үшін болжам жасалынады.
Тәдірибе көрсеткендей, осындай аналогияны жаңа саланың және жаңа техниканың
(ЭВМ жасау, телевизорлар және т.б.) даму жолдарын, өндіріс құрылымдарын,
тұтынушылықтарды және тағы басқаларды анықтауда пайдалануға болады. Әрине
осындай жолмен алынған үлгі – ол тек болжамның алғашқы сатысы. Ал шешуші
қорытындыға жету үшін ішкі шарттарды және даму заңдылықтарын анықтау
барысында ғана келуге болады.
Қалыптасқан әдістерге экстраполяция әдісі мен моделдеу әдістері
жатады. Олар математикалық теорияға негізделеді.
Экстраполяция әдістеріңің арасында ең кіші квадраттар әдісінде (ККӘ)
негізделетін қызметтерді тандау әдісі кең таралымға ие болды. Қазіргі
замандық жағдайларда ККӘ модификациясына мән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың мәні, пәні, объектісі
Жоспарлау функциясының әдістері және түрлері
Экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастардан талдау және қорытындылау экономикалық аймақты ұлттық экономикалық кеңістіктің бөлігі ретінде анықтау
Әлеуметтік - экономикалық стратегиялық жоспарлау
Қазақстан Республикасы деңгейіндегі орта мерзімді жоспарлау мәселелері
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі
Пәндер